100%200%
Жамбыл ауданы әкімі аппаратының
ақпараттық порталы

    Жамбыл ауданы әкімінің аппараты Жамбыл ауданы бойынша жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілері арасында бос мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымдарға орналасуға ішкі конкурс туралы хабарландыру жариялайды 26.11.2019 ж.

    Конкурс туралы хабарландыру мәтініне  персоналды басқару қызметі жауапты

                Ішкі конкурс қатысушыларына арналған ортақ біліктілік талаптар:

    Е-3 санаты үшін: жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

    жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

    1) Мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

    2) Осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;

    3) Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі бір жарым жылдан кем емес;

    4) Мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде орталық, облыстық немесе қалалық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында 1 жылдан кем емес;

    5) Жоғары және жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

    6) Ғылыми дәрежесінің болуы;

    7) Кеңесші және көмекші лауазымына жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

    Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлану, өзгерістерді басқару;

    Е-R-3 санаты үшін: жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

    жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

    • мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
    • осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
    • Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі бір жарым жылдан кем емес;
    • мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының орталық, облыстық, қалалық немесе аудандық деңгейдегі немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;
    • жоғары және жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
    • ғылыми дәрежесінің бар болуы.

    Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлану, өзгерістерді басқару;

          Әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің лауазымдық жалақылары

     

    Санаты

     

     

    Лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарын есептегенде
    теңгеден теңгеге дейін
    Е-3 112730 152017
    Е-R-3 106359 142815

            

    Жамбыл облысы Жамбыл ауданы әкімінің аппараты,  Аса ауылы, Абай көшесі 123, №206 кабинет, индекс 080200, анықтама үшін телефондар: 8 (726)33 2-25-02, факс 2-24-35 электрондық пошта: zhambуl_asa_akim@mail.ru, Жамбыл ауданы бойынша жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілері арасында бос тұрған «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға ішкі конкурс жариялайды.

    Жамбыл ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық   бөлімшесіндегі аудан әкімінің бас инспекторы «Е-3» санаты 1 бірлік (№01-03-03)

    Функционалдық міндеттері: Діни экстремизм және терроризмге қарсы күрес бойынша тиісті шараларды үйлестіру. Аудан әкімдігімен және аудан мәслихатымен шешім қабылдап әзірлеу үшін, аудан аумағында діни экстремизм және терроризмге қарсы күрес бойынша нормативтік-құқықтық актілерді дайындау. Аудандық терроризмге қарсы комиссияның отырысын ұйымдастыру және өткізу. Аудандағы діни бірлестіктермен өзара әрекет ету. Аудандық терроризмге қарсы комиссия отырысының хаттамалық тапсырмасын орындау бойынша мәліметті толықтыру, Жамбыл облысы әкімдігіне жоғарыда көрсетілген бағыттағы атқарылған іс-шаралар бойынша есеп беру және Қазақстан Республикасы министрліктерінің аумақтық бөлімдерінен және аудан әкімдігінің бөлімдерінен діни экстремизм және терроризмге қарсы  алдын алу және діни жағдай бойынша мәлімет алу. Аудан аумағында орналасқан ведомстволық бағынысты кәсіпорындар мен мекемелерде тәуелсіз меншік нысанына қарамастан Қазақстан Республикасының діни экстремизм және терроризмге қарсы күреске қатысты заңнамалық актілер талаптарының орындалуын бақылау.

    Аудан әкімінің қарауына аудан аумағына орналасқан объектілердің инфрақұрылымын және өмір-тіршілігін  жетілдіру және қауіпсіздігін күшейту бойынша ұсыныс дайындау. Аудан әкімінің қарауына ауданның шекара маңында орналасқан елді мекендерінің аумағы мен тұрғындарының қауіпсіздігін күшейту және жетілдіру  бойынша ұсыныс дайындау. Аудан аумағында дағдарыс жағдайы туындаған жағдайда қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша өкілетті мемлекеттік органдардың бірлескен іс-әрекеттеріне қатысу. Аудан әкімі және аппарат басшысының, ұйымдастыру-инспекторлық бөлімше басшысының тапсырмаларын орындау. Аудандағы терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабтардың материалдық-техникалық және тылдық қамтамасыз ету топтарының жұмыстарын үйлестіру. Аудандағы сайлаушылар санының есебін жүргізу және тоқсандық салыстырудан өткізу.

    Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

    Білімі: Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласындағы немесе техникалық ғылымдар және технологиялар саласындағы немесе ауылшаруашылық ғылымдары саласындағы немесе әскери іс және қауіпсіздік саласындағы немесе құқық саласындағы

    Мамандығы: Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласындағы (жалпы) немесе техникалық ғылымдар және технологиялар саласындағы (жалпы) немесе ауылшаруашылық ғылымдары саласындағы (жалпы) немесе әскери іс және қауіпсіздік саласындағы (жалпы) немесе құқықтану.

    «Қазақстан – 2050» Стратегиясын, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы», «Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы» заңдарын, «Еңбек кодексін», функционалдық міндеттеріне сәйкес салалардағы басқа да Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу.

     

    Жамбыл ауданы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің сектор меңгерушісі «E-R-3» санаты 1-бірлік (№02-02) (уақытша негізгі қызметкердің оқу демалысы уақытына)

    Функционалдық міндеттері: Жеке және заңды тұлғалардан бөлімге түскен арыз-шағымдарды тіркеу, тиісті құжаттарын толтыру, оларға мерзімінде жауап берілуін қадағалау, арыз-шағымдар бойынша ай сайын және тоқсандық есептер тапсырылуына жауапты. Азаматтардың арыз-шағымдарымен жұмыс жүргізу, бөлім басшысының азаматтарды жеке қабылдауының құжаттарын жүргізу. Атқарып отырған мемлекеттік әкімшілік лауазым құзыреті шегінде азаматтармен жұмыс жүргізу. Бөлімдегі іс жүргізуді қамтамасыз ету: кіріс-шығыс құжаттарын тіркеу, олардың орындалу мерзімін қадағалау. Бөлім қызметінің тоқсандық, жылдық жоспарларын дайындау, орындалуын бақылау. «Е-қызмет» ықпалдастырылған ақпараттық жүйесімен жұмыс жасау. Бөлімнің техникалық қызметкерлерінің кадрлық құжаттарын, жеке ісқағаздарын, еңбек кітапшаларын жүргізу. Кәсіподақ және ұжымдық келісім-шарт құжаттарын жүргізу. Бөлімнің мұрағат құжаттарын жүргізу. Облыс әкімдігінің ішкі саясат басқармасымен, аудан әкімі аппаратымен, ауыл әкімдері мен мемлекеттік органдармен ұйымдастырушылық және ақпараттық байланыс жасау. Бөлімнің құзыретіне енетін мәселелер бойынша материалдарын дайындау, қаулы жобасын жасау. Бөлім басшысының басқа да тапсырмаларын орындау.

    Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

    Білімі: Білім саласындағы немесе құқық саласындағы немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласындағы немесе гуманитарлық ғылымдар саласындағы

    Мамандығы: білім саласындағы (жалпы) немесе құқықтану немесе халықаралық құқық немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласындағы (жалпы) немесе гуманитарлық ғылымдар саласындағы (жалпы).

    «Қазақстан – 2050» Стратегиясын, Қазақстан Республикасының «Қоғамдық бірлестіктер туралы», «Мемлекеттік жастар саясаты туралы», «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы», «Саяси партиялар туралы», «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Заңдарын, «Еңбек кодексін» функционалдық міндеттеріне сәйкес салалардағы басқа да Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу.

    Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

    1) «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу Қағидаларының 2- қосымшаға сәйкес нысандағы өтініш;

    2) тиісті персоналды басқару қызметімен құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде расталған қызметтік тізім.

    Құжаттардың толық емес пакетін немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

    Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

    Құжаттарды қабылдау мерзiмi ішкі конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінің келесі жұмыс күнінен бастап 3 жұмыс күнінің ішінде, жоғарыда көрсетілген мекенжай бойынша орналасқан Жамбыл облысы Жамбыл ауданы әкімінің аппаратына тапсырылуы тиіс.

    Конкурс комиссиясының қарауына құжаттарды қабылдау мерзімінде ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын электронды түрде «Е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына тапсырған құжаттары қабылданады.

    Конкурсқа қатысу үшін құжаттар электронды түрде мемлекеттік органның электрондық почтасы арқылы берілген жағдайда олардың түпнұсқасы әңгімелесу басталғанға дейін бір сағаттан кешіктірілмей беріледі. Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

    Құжаттарды қабылдау аяқталғаннан кейін, құжаттарды қарау қорытындысы бойынша әңгімелесуге жіберілген кандидаттар әңгімелесуге жіберілгені туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде Жамбыл облысы Жамбыл ауданы Аса ауылы, Абай көшесі 123, (2-қабат)  206 бөлме мекенжайда орналасқан Жамбыл ауданы әкімінің аппаратында әңгімелесуден өтеді.

    Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

    Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұрғын жай жалдау, тұру, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.

    Басқарушы лауазымдарына үміттенген кандидаттар конкурс комиссиясымен айқындалған тақырыптар тізімінен бір эссені жазады. Эссе осы Қағидалардың 4-қосымшасында белгіленген параметрлерге сәйкес Комисиямен бағаланады. Эссені жазу уақыты 45 минуттан аспау керек.

    Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар конкурс комиссиясы шешiмiмен келіспеген жағдайда шешім қабылданған күннен бастап бес жұмыс күн ішінде уәкiлеттi органға немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде шағымдана алады.    

     

     

     

     

     

    «Б» корпусының мемлекеттік

    әкімшілік лауазымына

    орналасуға конкурс өткізу

    қағидаларының 2-қосымшасы

    Нысан

    __________________________

    (мемлекеттік орган)

    Өтініш

          Мені________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

     бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

          «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.

          Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

    Қоса берілген құжаттар:

    _____________________________________________________________________________

    _____________________________________________________________________________

    _____________________________________________________________________________

    _____________________________________________________________________________

    _____________________________________________________________________________

    _____________________________________________________________________________

    _____________________________________________________________________________

    _____________________________________________________________________________

    _____________________________________________________________________________

    Мекен жайы және байланыс телефоны ___________________________________________

    _____________________________________________________________________________

    ______________                                      ____________________________________________

    (қолы)                                                        (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))

     

    «___»_______________ 20 __ ж.

    © 2015 Информационный портал аппарата акима Жамбылского района