100%200%
Жамбыл ауданы әкімі аппаратының
ақпараттық порталы

    Жамбыл ауданы әкімінің аппараты Жамбыл ауданы бойынша жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілері арасында бос мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымдарға орналасуға ішкі конкурс туралы хабарландыру жариялайды 26.06.2019 ж.

    Конкурс туралы хабарландыру мәтініне  персоналды басқару қызметі жауапты

     

                Ішкі конкурс қатысушыларына арналған ортақ біліктілік талаптар:

               

    Е-3 санаты үшін: жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

    жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

    1) Мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

    2) Осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;

    3) Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі бір жарым жылдан кем емес;

    4) Мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде орталық, облыстық немесе қалалық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында 1 жылдан кем емес;

    5) Жоғары және жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

    6) Ғылыми дәрежесінің болуы;

    7) Кеңесші және көмекші лауазымына жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

    Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;

     

          Әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің лауазымдық жалақылары

     

    Санаты

     

     

    Лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарын есептегенде
    теңгеден теңгеге дейін
    Е-3 112730 152017

               

    Жамбыл облысы Жамбыл ауданы әкімінің аппараты,  Аса ауылы, Абай көшесі 123, №206 кабинет, индекс 080200, анықтама үшін телефондар: 8 (726)33 2-25-02, факс 2-24-35 электрондық пошта: zhambуl_asa_akim@mail.ru, Жамбыл ауданы бойынша жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілері арасында бос тұрған «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға ішкі конкурс жариялайды.

     

    Жамбыл ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық   бөлімшесіндегі аудан әкімінің бас инспекторы

    «Е-3» санаты 1 бірлік (№01-03-04)

    Функционалдық міндеттері: Аудан аумағында азаматтық қорғаныс пен төтенше жағдайлар жөніндегі бейбітшілік және соғыс кезеңіне жұмыс жоспарын жасап, оның орындалуын қамтамасыз ету. Апаттық-құтқару және басқа да шұғыл жұмыстарға басқару органдары, күштер мен құралдардың, қажетті техникалар мен жеке құрамның дайындығын қамтамасыз ету. Аудандық аумақтық қорғаныс шараларының орындалуын қамтамасыз ету. Осы бағытта аудан әкімінің қаулылар жобаларын дайындау. Су ресурстары, орман шаруашылығы, аң аулау шаруашылығы, балық шаруашылығы, жер қойнауын пайдалану мәселелері және  коммуналдық кәсіпорындар («Жамбыл су қоймалары» КМК-нің «Жамбыл-Жуалы» бөлімшесі, «Казсушар» РМК Жамбыл филиалының «Аса» өндірістік бөлімшесі, Жамбыл ормандары және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мекемесі) бойынша мемлекеттік, аумақтық, облыстық және аудандық бағдарламалардың аудан көлемінде орындалуына мониторинг жүргізу, талдау материалдарын күнделікті және ай сайын аудан әкімінің қарауына ұсыну.

    Аудан әкімі және аппарат басшысының, ұйымдастыру-инспекторлық бөлімше басшысының тапсырмаларын орындау. Мемлекеттік органдардағы іс-шаралар жоспарының орындалу барысын зерделеу. Аудан әкімі аппаратының аудан аумағындағы коммуналдық, шаруашылық субъектілермен, инфрақұрылымдық қызмет көрсету кәсіпорындарымен өзара іс-қимыл жасауын қамтамасыз ету. Аудан көлемінде өткізілетін іс-шаралар жұмыстарының орындалуын   үйлестіреді.

    Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

    Білімі – Құқық саласындағы немесе білім саласындағы немесе техникалық ғылымдар және технологиялар саласындағы немесе ауылшаруашылық ғылымдары саласындағы немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласындағы немесе жаратылыстану ғылымдары саласындағы немесе қызмет көрсету саласындағы немесе гуманитарлық ғылымдар саласындағы.

    Мамандығы – құқықтану немесе білім саласындағы (жалпы) немесе техникалық ғылымдар және технологиялар саласындағы (жалпы) немесе ауыл шаруашылық ғылымдары саласындағы (жалпы) немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласындағы (жалпы) немесе жаратылыстану ғылымдары саласындағы (жалпы) немесе жерге орналастыру немесе гуманитарлық ғылымдар саласындағы (жалпы).

    «Қазақстан-2050» Стратегиясын, Қазақстан Республикасының «Рұқсаттар және хабарламалар туралы», «Азаматтық қорғау туралы» заңдарын,  «Еңбек кодексін»,  функционалдық міндеттеріне сәйкес салалардағы басқа да Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу.

     

    Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

    1) «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу Қағидаларының 2- қосымшаға сәйкес нысандағы өтініш;

    2) тиісті персоналды басқару қызметімен құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде расталған қызметтік тізім.

    Құжаттардың толық емес пакетін немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

    Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

    Құжаттарды қабылдау мерзiмi ішкі конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінің келесі жұмыс күнінен бастап 3 жұмыс күнінің ішінде, жоғарыда көрсетілген мекенжай бойынша орналасқан Жамбыл облысы Жамбыл ауданы әкімінің аппаратына тапсырылуы тиіс.

    Конкурс комиссиясының қарауына құжаттарды қабылдау мерзімінде ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын электронды түрде «Е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына тапсырған құжаттары қабылданады.

    Конкурсқа қатысу үшін құжаттар электронды түрде мемлекеттік органның электрондық почтасы арқылы берілген жағдайда олардың түпнұсқасы әңгімелесу басталғанға дейін бір сағаттан кешіктірілмей беріледі. Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

    Құжаттарды қабылдау аяқталғаннан кейін, құжаттарды қарау қорытындысы бойынша әңгімелесуге жіберілген кандидаттар әңгімелесуге жіберілгені туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде Жамбыл облысы Жамбыл ауданы Аса ауылы, Абай көшесі 123, (2-қабат)  206 бөлме мекенжайда орналасқан Жамбыл ауданы әкімінің аппаратында әңгімелесуден өтеді.

    Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

    Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұрғын жай жалдау, тұру, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.

    Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар конкурс комиссиясы шешiмiмен келіспеген жағдайда шешім қабылданған күннен бастап бес жұмыс күн ішінде уәкiлеттi органға немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде шағымдана алады.    

     

     

    Б» корпусының мемлекеттік

    әкімшілік лауазымына

    орналасуға конкурс өткізу

    қағидаларының 2-қосымшасы

    Нысан

    __________________________

    (мемлекеттік орган)

    Өтініш

    Мені________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

    бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

    «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.

    Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

    Қоса берілген құжаттар:

    _____________________________________________________________________________

    _____________________________________________________________________________

    _____________________________________________________________________________

    _____________________________________________________________________________

    _____________________________________________________________________________

    _____________________________________________________________________________

    _____________________________________________________________________________

    _____________________________________________________________________________

    _____________________________________________________________________________

    Мекен жайы және байланыс телефоны ___________________________________________

    _____________________________________________________________________________

    ______________                                      ____________________________________________

    (қолы)                                                        (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))

     

    «___»_______________ 20 __ ж.

    © 2015 Информационный портал аппарата акима Жамбылского района