100%200%
Жамбыл ауданы әкімі аппаратының
ақпараттық порталы

    Жамбыл ауданы әкімінің аппараты Жамбыл ауданы бойынша жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілері арасында бос мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымдарға орналасуға ішкі конкурс туралы хабарландыру жариялайды 17.08.18ж

    Конкурс туралы хабарландыру мәтініне  персоналды басқару қызметі жауапты

    Жамбыл ауданы әкімінің аппараты Жамбыл ауданы бойынша жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілері арасында бос мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымдарға орналасуға ішкі конкурс туралы хабарландыру жариялайды

                Ішкі конкурс қатысушыларына арналған ортақ біліктілік талаптар:

               

    Е-3 санаты үшін: жоғары білім;

    жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

    1) мемлекеттік қызмет өтілі бір жарым жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе В-6, С-5, C-O-6, C-R-4, D-5, D-O-5, Е-4, E-R-4, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

    2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жарым жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе B-6, C-5, C-O-6, C-R-4, D-5, D-O-5, Е-4, E-R-4, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

    3) B-6, C-5, C-O-6, C-R-4, D-5, D-O-5, Е-4, E-R-4, E-G-1 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана,  аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі бір жарым жылдан кем емес;

    4) мемлекеттік қызмет өтілі екі жарым жылдан кем емес, оның ішінде орталық, облыстық немесе қалалық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;

    5) жоғары және жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы.

    Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

     

    Е-G-1 санаты үшін: жоғары білім;

    жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

    1) мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе C-R-5, E-5, E-R-5, E-G-3 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

    2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда C-R-5, E-5, E-R-5, E-G-3  санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе  Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

    3) C-R-5, E-5, E-R-5, E-G-3 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;

    4) мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының орталық, облыстық, қалалық немесе аудандық деңгейдегі немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;

    5) жоғары және жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы.

    Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;

     

          Әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің лауазымдық жалақылары

     

    Санаты

     

     

    Лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарын есептегенде
    теңгеден теңгеге дейін
    Е-3 102437 138248
    E-G-1 122425 164899

           

    Жамбыл облысы Жамбыл ауданы әкімінің аппараты,  Аса ауылы, Абай көшесі 123, №206 кабинет, индекс 080200, анықтама үшін телефондар: 8 (726)33 2-25-02, факс 2-24-35 электрондық пошта: zhambуl_asa_akim@mail.ru, Жамбыл ауданы бойынша жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілері арасында бос тұрған «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға ішкі конкурс жариялайды.

    Жамбыл ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық             

    бөлімшесінің басшысы «Е-3» санаты 1 бірлік (№01-04-01)

    Функционалдық міндеттері: Бөлімше жұмысын жоспарлау, ұйымдастыру. Аудан әкімінің қабылдаулары мен кездесулерінің жұмыс жоспарының жобасын әзірлеу, аймақтық, салалық бағдарламалардың орындалуына талдау жасау, олардың орындалуы жөнінде аудан әкіміне анықтамалар, есептер дайындау. Аудан әкімдігінің, әкімінің актілері мен баяндамаларын әзірлеу. Аудан әкімінің қатысуымен өтетін кеңестердің, жиындардың материалдарын әзірлеу, хаттамалау, аудандық іс-шаралардың өткізілуін ұйымдастыру, аудан әкімінің, жоғарғы органдардан түскен тапсырмаларды жүзеге асыра отырып, орындалуын бақылау. Аудан әкімі аппаратының, әкімдік жұмысын жоспарлау, қаралатын сұрақтар бойынша материалдардың дайындалуын қамтамасыз ету, аудан әкімі орынбасарларының жұмысын жоспарлау, оларды ақпараттық материалдармен қамтамасыз етуді ұйымдастыру. Сайлаулар, референдумдар өткізуге дайындық пен өткізу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру, аудандық аумақтық сайлау комиссиясымен байланысты жүзеге асыру. Аудан әкімі аппаратының аудан аумағындағы, барлық меншік нысанындағы мекеме – ұйымдарымен, өзара іс-қимыл жасауын ұйымдастыру. Мемлекеттік органдармен ұсынылатын мемлекеттік көрсету бойынша есептіліктерді ұйымдастыру және жоғары тұрған органдарға ұсыну. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасына ішкі бақылауды жүргізу. Аудандағы сайлаушылар санының есебін жүргізу және тоқсандық салыстырудан өткізу. Аудан әкімінің және аппарат басшысының тапсырмаларын орындау. Аппарат басшысы болмаған жағдайда орнын алмастыру. Бөлімшеге жалпы басшылық жасайды. Қазақстан Республикасының заңдарын, ҚР Президенті мен  Үкіметінің актілерін, облыс, аудан әкімдерінің шешімдері мен өкімдерінің орындалуына бақылау жасайды. Аудан көлемінде өткізілетін іс-шаралар жұмыстарының орындалуын үйлестіреді.

    Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

    Білімі-білім саласындағы немесе құқық саласындағы немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласындағы немесе ауылшаруашылық ғылымдары саласындағы немесе техникалық ғылымдар және технологиялар саласындағы немесе гуманитарлық ғылымдар саласындағы немесе жаратылыстану ғылымдары саласындағы немесе қызмет көрсету саласындағы.

    Мамандығы-білім саласындағы (жалпы) немесе құқықтану немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласындағы (жалпы) немесе ауылшаруашылық ғылымдары саласындағы (жалпы) немесе техникалық ғылымдар және технологиялар саласындағы (жалпы) немесе гуманитарлық ғылымдар саласындағы (жалпы) немесе жаратылыстану ғылымдары саласындағы (жалпы) немесе жерге орналастыру немесе көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру немесе туризм немесе әлеуметтік жұмыс.

    «Қазақстан–2050» Стратегиясын, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы», «Рұқсаттар және хабарламалар туралы»  заңдарын, «Еңбек кодексін», функционалдық міндеттеріне сәйкес салалардағы басқа да Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу.

     

    Айшабибі ауылдық округі

    әкімінің орынбасары «E-G-1» санаты 1 бірлік  (№1-01)

     

    Функционалдық міндеттері: Округ әкімі аппаратының жұмысын ұйымдастыру. Әкім болмаған кезде оның міндетін атқару. Ауылдық округі әкімінің нормативтік-құқықтық актілерінің жобасын дайындау. Азаматтарды жеке сұрақтарымен қабылдауды жүргізу. Округ әкімі жанынан құрылған комиссиялар мен кеңестердің жұмыстарын ұйымдастыру. Жоғарғы органдар құжаттарының орындалуын қадағалау. Округ әкімі қабылдаған актілердің орындалуын, аппарат қызметкерлерінің орындаушылық және еңбек тәртібін бақылау. Округ тұрғындарымен өткізілетін жиындардың құжаттарын дайындау. Шаруашылық, кәсіпкерлік субьектілерімен тиісті жұмыстар жүргізу. Идеология және көрнекі үгіт-насихат жұмыстарын қамтамасыз ету. Әкімнің басқа да тапсырмаларын орындау.

    Қазақстан Республикасы Президенті Жарлықтарының, Үкімет Қаулыларының, облыс, аудан әкімдерінің шешімдері мен өкімдерінің  орындалуына бақылау жасайды.

    Округ аумағындағы, меншік түріне қарамай, барлық мекеме-ұйымдармен әкімнің актілері мен тапсырмаларын орындауда өзара іс-қимыл жасау.

    Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

    Білімі-білім саласындағы немесе құқық саласындағы немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласындағы немесе техникалық ғылымдар және технологиялар саласындағы немесе ауыл шаруашылық ғылымдары саласындағы немесе гуманитарлық ғылымдар саласындағы немесе қызмет көрсету саласындағы немесе ветеринария саласындағы жоғары.

    Мамандығы-білім саласындағы (жалпы) немесе құқық саласындағы (жалпы) немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласындағы (жалпы) немесе техникалық ғылымдар және технологиялар саласындағы (жалпы) немесе ауыл шаруашылық ғылымдары саласындағы (жалпы) немесе гуманитарлық ғылымдар саласындағы (жалпы) немесе қызмет көрсету саласындағы (жалпы) немесе ветеринария саласындағы (жалпы).

    «Қазақстан – 2050» Стратегиясын, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы», «Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары туралы», «Халықты жұмыспен қамту туралы», «Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы», «Мемлекеттік сатып алу туралы», «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңдарын, Қазақстан Республикасының «Еңбек кодексі», «Кәсіпкерлік кодексі», «Жер кодексі», функционалдық міндеттеріне сәйкес салалардағы басқа да Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу.

     

    Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

    1) «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу Қағидаларының 2- қосымшаға сәйкес нысандағы өтініш;

    2) тиісті персоналды басқару қызметімен құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде расталған қызметтік тізім.

    Құжаттарды қабылдау мерзiмi ішкі конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап 3 жұмыс күнінің ішінде, жоғарыда көрсетілген мекенжай бойынша орналасқан Жамбыл облысы Жамбыл ауданы әкімінің аппаратына тапсырылуы тиіс.

    Конкурс комиссиясының қарауына құжаттарды қабылдау мерзімінде ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтардың  өздері  қолма-қол тәртіпте немесе почта арқылы (қоса тіркелген құжаттардың тізбесі көрсетілген құжат тігілетін папкада орналастырылған) не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы тапсырған құжаттары қабылданады.

    Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды электронды түрде электрондық почта не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы берілген жағдайда азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін екі сағаттан кешіктірілмей беріледі. Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

    Құжаттарды қабылдау аяқталғаннан кейін, құжаттарды қарау қорытындысы бойынша әңгімелесуге жіберілген кандидаттар әңгімелесуге жіберілгені туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде Жамбыл облысы Жамбыл ауданы Аса ауылы, Абай көшесі 123, (2-қабат)  206 бөлме мекенжайда орналасқан Жамбыл ауданы әкімінің аппаратында әңгімелесуден өтеді.

    Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

    Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұрғын жай жалдау, тұру, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.

    Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар конкурс комиссиясы шешiмiмен келіспеген жағдайда шешім қабылданған күннен бастап бес жұмыс күн ішінде уәкiлеттi органға немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде шағымдана алады.    

     

    «Б» корпусының мемлекеттік

    әкімшілік лауазымына

    орналасуға конкурс өткізу

    қағидаларының 2-қосымшасы

    Нысан

    __________________________

    (мемлекеттік орган)

    Өтініш

    Мені________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

    бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

    «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.

    Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

    Қоса берілген құжаттар:

    _____________________________________________________________________________

    _____________________________________________________________________________

    _____________________________________________________________________________

    _____________________________________________________________________________

    _____________________________________________________________________________

    _____________________________________________________________________________

    _____________________________________________________________________________

    _____________________________________________________________________________

    _____________________________________________________________________________

    Мекен жайы және байланыс телефоны ___________________________________________

    _____________________________________________________________________________

    ______________                                      ____________________________________________

    (қолы)                                                        (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))

     

    «___»_______________ 20 __ ж.

    © 2015 Информационный портал аппарата акима Жамбылского района