100%200%
Жамбыл ауданы әкімі аппаратының
ақпараттық порталы

    Жамбыл ауданы әкімінің аппараты барлық мемлекеттік қызметшілері арасында бос мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымдарға орналасуға ішкі конкурс туралы хабарландыру жариялайды 11.02.2020 ж

    Конкурс туралы хабарландыру мәтініне  персоналды басқару қызметі жауапты

                 Ішкі конкурс қатысушыларына арналған ортақ біліктілік талаптар:

               

    Е-R-1 санаты үшін: жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім.

    Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

    1) мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-4, C-R-3, D-4, D-O-3, Е-3, E-R-3, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда өтілі бір жылдан кем емес;

    2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-4, C-R-3, D-4, D-O-3, Е-3, E-R-3, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда өтілі бір жылдан кем емес;

    3) А-5, B-5, C-4, C-O-4, C-R-3, D-4, D-O-3, Е-3, E-R-3, E-G-1 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;

    4) мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының орталық деңгейдегі лауазымдарында немесе облыстық, қалалық немесе аудандық деңгейдегі басшылық лауазымдарында, немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының басшылық лауазымдарында екі жылдан кем емес;

    5) жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтаған жағдайда мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-4, C-R-3, D-4, D-O-3, Е-3, E-R-3, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда бір жылдан кем емес;

    6) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік орган болып табылмайтын басшылық лауазымдарда екі жылдан кем емес;

    7) ғылыми дәрежесінің болуы;

    8) Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.

    Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлану, өзгерістерді басқару.

     

          Әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің лауазымдық жалақылары

     

    Санаты

     

     

    Лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарын есептегенде
    теңгеден теңгеге дейін
    E-R-1 142461 191305

               

    Жамбыл облысы Жамбыл ауданы әкімінің аппараты,  Аса ауылы, Абай көшесі 123, №206 кабинет, индекс 080200, анықтама үшін телефондар: 8 (726)33 2-25-02, факс 2-24-35 электрондық пошта: zhambуl_asa_akim@mail.ru, бос тұрған «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға барлық мемлекеттік қызметшілері арасында ішкі конкурс жариялайды.

     

    Жамбыл ауданы әкімдігі ветеринария бөлімінің

    басшысы «Е-R-1» санаты 1 бірлік  (№11-01)

    Функционалдық міндеттері: Жұмысты жоспарлау, бөлім жұмысын ұйымдастыру және басқару. Ветеринария саласын реттейтін ҚР Заңдарының, өзге де нормативтік құқықтық актілер талаптарының тиісті әкімшілік аумақта орындалуын қамтамасыз ету. Тиісті әкімшілік бірліктің аумағында жануарлардың және адамның денсаулығы үшін қауіп төндіретін жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты алу және жою жөніндегі іс-шараларды ұйымдастырады және бақылайды. Ветеринария саласындағы мәселелер бойынша  халық арасында ағарту-түсіндіру жұмыстарын жүргізу. Уәкілетті органдарға ұсынылатын есептіліктерді жасау. Мемлекеттік сатып алуды, бөлімнің қаржы-шаруашылық жұмыстарын ұйымдастыру және қадағалау. Бөлім атқаратын функциялар бойынша аудан әкімі мен әкімдік актілерінің жобасын әзірлейді. Аудан әкімдігі және әкім аппаратының іс-шаралар жоспарын орындауға қатысу. Бөлімнің Ережесіне сәйкес басқа да міндеттерді жүзеге асырады. Азаматтарды жеке сұрақтарымен қабылдауды жүргізу.

    Қазақстан Республикасының заң талаптарына сәйкес ветеринария саласында мемлекеттік бақылау және қадағалауды жүргізеді.

    Ветеринария саласын реттейтін ҚР Заңдарының, өзге де нормативтік құқықтық актілер талаптарының тиісті әкімшілік аумақта орындалуын қамтамасыз ету үшін тиісті уәкілетті органдармен және округ аумағындағы, меншік түріне қарамай, барлық мекеме-ұйымдармен  өзара іс-қимыл жасайды.

    Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

    Білімі: Ветеринария саласындағы немесе ауылшаруашылық ғылымдары саласындағы

    Мамандығы: ветеринария саласындағы (жалпы) немесе мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы немесе аграрлық техника және технология.

    «Қазақстан – 2050» Стратегиясын, Қазақстан Республикасының «Ветеринария туралы» заңын, Қазақстан Республикасының «Еңбек кодексін», функционалдық міндеттеріне сәйкес салалардағы басқа да Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу.

     

    Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

    1) «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу Қағидаларының 2- қосымшаға сәйкес нысандағы өтініш;

    2) тиісті персоналды басқару қызметімен құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде расталған қызметтік тізім.

    Құжаттардың толық емес пакетін немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

    Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

    Құжаттарды қабылдау мерзiмi ішкі конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінің келесі жұмыс күнінен бастап 3 жұмыс күнінің ішінде, жоғарыда көрсетілген мекенжай бойынша орналасқан Жамбыл облысы Жамбыл ауданы әкімінің аппаратына тапсырылуы тиіс.

    Конкурс комиссиясының қарауына құжаттарды қабылдау мерзімінде ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын электронды түрде «Е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына тапсырған құжаттары қабылданады.

    Конкурсқа қатысу үшін құжаттар электронды түрде мемлекеттік органның электрондық почтасы арқылы берілген жағдайда олардың түпнұсқасы әңгімелесу басталғанға дейін бір сағаттан кешіктірілмей беріледі. Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

    Құжаттарды қабылдау аяқталғаннан кейін, құжаттарды қарау қорытындысы бойынша әңгімелесуге жіберілген кандидаттар әңгімелесуге жіберілгені туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде Жамбыл облысы Жамбыл ауданы Аса ауылы, Абай көшесі 123, (2-қабат)  206 бөлме мекенжайда орналасқан Жамбыл ауданы әкімінің аппаратында әңгімелесуден өтеді.

    Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

    Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұрғын жай жалдау, тұру, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.

    Басқарушы лауазымдарына үміттенген кандидаттар конкурс комиссиясымен айқындалған тақырыптар тізімінен бір эссені жазады. Эссе осы Қағидалардың 4-қосымшасында белгіленген параметрлерге сәйкес Комисиямен бағаланады. Эссені жазу уақыты 45 минуттан аспау керек.

    Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар конкурс комиссиясы шешiмiмен келіспеген жағдайда шешім қабылданған күннен бастап бес жұмыс күн ішінде уәкiлеттi органға немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде шағымдана алады.    

     

                                                                                                              «Б» корпусының мемлекеттік

    әкімшілік лауазымына

    орналасуға конкурс өткізу

    қағидаларының 2-қосымшасы

    Нысан

    __________________________

    (мемлекеттік орган)

    Өтініш

    Мені________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

    бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

    «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.

    Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

    Қоса берілген құжаттар:

    _____________________________________________________________________________

    _____________________________________________________________________________

    _____________________________________________________________________________

    _____________________________________________________________________________

    _____________________________________________________________________________

    _____________________________________________________________________________

    _____________________________________________________________________________

    _____________________________________________________________________________

    _____________________________________________________________________________

    Мекен жайы және байланыс телефоны ___________________________________________

    _____________________________________________________________________________

    ______________                                      ____________________________________________

    (қолы)                                                        (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))

     

    «___»_______________ 20 __ ж.

    © 2015 Информационный портал аппарата акима Жамбылского района