100%200%
Жамбыл ауданы әкімі аппаратының
ақпараттық порталы

    БАЙҚАУШЫЛАР НАЗАРЫНА! 24.08.19ж

    Мемлекеттік қызмет лауазымдарына іріктеу жөніндегі конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына заңнамаға сәйкес байқаушыларды қатыстыруға жол беріледі.

    Байқаушы бола алатын тұлғалар:

    – Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі маслихат депутаттары;

    – белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері;

    – басқа мемлекеттік органдардың өкілдері;

    – қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың) өкілдері;

    – коммерциялық ұйымдардың өкілдері;

    – саяси партиялардың өкілдері;

    – уәкілетті органның қызметкерлері.
                                                           

    Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін:

    1)      әңгімелесу басталуына 1 жұмыс күні қалғанға дейін кешіктірмей конкурс комиссиясы құрылған мемлекеттік органдағы персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) тіркелу қажет.

    2)      тіркелу үшін жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін, тиісті ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың түпнұсқасын немесе көшірмелерін ұсынады.

    Байқаушыларға арналған ақпарат!

    Конкурс комиссиясының атауы Жамбыл ауданы әкімі аппараты жанындағы  конкурс  комиссиясы
    Байқаушыларды тіркеу орны Аса ауылы, Абай көшесі №123, 2 этаж, 206 бөлмеЖамбыл ауданы әкімінің аппараты ғимараты
    Жарияланған бос лауазымдардың саны 2  бірлік
    Конкурсқа құжат тапсырған үміткерлердің саны 3  үміткер
    Құжат тапсырылған бос лауазымдардың саны 2  бірлік
    Құжаттарды қарау бойынша комиссия отырысын өткізу күні мен уақыты 24 тамыз  2018 жыл

    сағат 10 00

    Үміткерлермен әңгімелесу бойынша комиссия отырысын өткізу күні мен уақыты  27 тамыз 2018 жыл

    сағат 11 00

    (өзгерістер болуы мүмкін)

    Комиссияның қорытынды отырысын өткізу күні мен уақыты 27 тамыз   2018 жыл

    сағат 15 00

    (өзгерістер болуы мүмкін)

     

     

    © 2015 Информационный портал аппарата акима Жамбылского района