100%200%
Жамбыл ауданы әкімі аппаратының
ақпараттық порталы

    Жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілері арасында бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға ішкі конкурс туралы хабарландыру (30.03.2020 ж)

    Жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілері арасында бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға

    ішкі конкурс туралы хабарландыру

     

    Ішкі конкурс қатысушыларына арналған ортақ біліктілік талаптар:

    Е-1 мемлекеттік әкімшілік лауазымдары санаттарына келесідей үлгілік біліктілік талаптары белгіленеді:

    жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

    мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық,стратегиялық ойлану, өзгерістерді басқару;

    1) мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы

    лауазымдарда немесе А-4, B-5, C-4, C-O-4, C-R-1, D-4, D-O-3, Е-3, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда өтілі бір жылданкем емес;

    2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-5, C-4, C-O-4, C-R-1, D-4, D-O-3, Е-3, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда өтілі бір жылдан кем емес;

    3) А-4, B-5, C-4, C-O-4, C-R-1, D-4, D-O-3, Е-3, E-R-1 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі үш жылдан кем емес;

    4) мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының орталық деңгейдегі лауазымдарында немесе облыстық немесе қалалық деңгейдегі басшылық лауазымдарында, немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының басшылық лауазымдарында екі жылдан кем емес;

    5) жоғары оқу орнынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан

    Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтаған немесе ғылыми дәрежесі болған жағдайда мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-5, C-4, C-O-4, C-R-1, D-4, D-O-3, Е-3, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда бір жылдан кем емес;

    6) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік орган болып табылмайтын басшылық лауазымдарда екі жылдан кем емес;

    7) Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.

     

    Әкімшілік мемлекеттік қызметкерлердің лауазымдық жалақысы

     

    Санаты Еңбек өтіліне байланысты қызметтік еңбек ақысы
    теңгеден теңгеге дейін
    Е-1 150778 203161

     

    «Жамбыл облысы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (индекс 080008, Тараз қаласы, Абай даңғылы, №125, 401, 402 бөлмелер, анықтама үшін телефондар: 8(7262)453468, 433630, факс: 454628, e-mail: a.kucherbaeva@zhambyl.gov.kz(Электрондық поштаның рұқсат етілген файлдар өлшемі: бекітілген файлдардың көлемі 20 мегабайттан аспауы керек (20 мегабайттан асқан жағдайда, бірнеше хабарлама арқылы жолдау ұсынылады). Бұлттық сервистерде тіркелген файлдар (облако mail, google диск, yandex диск және т. б. осындай сияқты) қабылданбайды (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 20 желтоқсандағы № 832 қаулысының 128-тармағына сәйкес).

    жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік қызметшілері арасында бос тұрған «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға ішкі конкурс жариялайды:

    1. Жамбыл облысы Меркі ауданы әкімінің орынбасары, E-1 санаты, №00-02, 1 бірлік.

    Функционалдық міндеттері: ҚР нормативтік – заңнамалық актілерін, ҚР Үкіметінің қаулыларын, аудан әкімдігінің қаулыларын, аудан әкімінің шешімдері мен өкімдерін жүзеге асыру және олардың орындалуын бақылау. Өзі басшылық жасайтын салаларға қатысты мемлекеттік-жекешелік әріптестік бағдарлама бойынша жұмыстарды жүргізу, үйлестіру, қадағалау. Тиісті хаттар мен арыз-өтініштерге жауап берілуін қадағалау. Төмендегілердің қызметіне тікелей басшылық жасайды: аудан әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау, қаржы, сәулет, қала құрылысы және құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары, аудан әкімдігінің кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімдерінің жұмысын үйлестіруі. Төтенше жағдай және әскери жаппай жұмылдыру жұмысына басшылық жасау. Төмендегі қызметтерді үйлестіріп, бағыт-бағдар беріп отыру: салық комитеті, қазынашылық бөлімі, казпошта кәсіпорнының аудандық бөлімі, аудандағы ауыз су мәселелері бойынша жұмыстар, көлік бақылау  инспекциясы, облыстық стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі орталықтың аудандық филиалы, жолдарды эксплуатациялау учаскесі (ДЭУ-35), «ҚазТрансГазАймақ» кәсіпорынның Меркі филиалы, «Меркі аудандық электр жүйелері» ЖШС, аудандық төтенше жағдайлар бөлімі, мемлекеттік өртке қарсы қызмет, аудан экология және биоресурстар жөніндегі өкілдік жұмысы, Өзінің саласы бойынша кәсіпорындарды, мекемелерді, ұйымдарды ИСО-9001 халықаралық сапа жүйесіне ендіру бойынша жұмыстарды ұйымдастыру. Басшылық жасайтын салалар бойынша халыққа қызмет көрсетудің мемлекеттік стандарттары бойынша жұмыстарды үйлестіру.

    Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: білімі –  білім саласында немесе гуманитарлық ғылымдар саласында немесе құқық саласында немесе техникалық ғылымдар және технологиялар саласында немесе ауылшаруашылық ғылымдары саласында немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласында. Мамандығы: білім саласындағы (жалпы) немесе гуманитарлық ғылымдар саласындағы (жалпы) немесе құқық саласындағы (жалпы)  немесе техникалық ғылымдар және технологиялар саласындағы (жалпы) немесе ауылшаруашылық ғылымдары саласындағы (жалпы) немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласындағы (жалпы).

    «Қазақстан – 2050» Стратегиясын, «Сәулет, қала құрылысы және құрылыс жұмыстары туралы», «Автомобиль жолдары туралы», «Тұрғын үй қатынастары туралы», «Автомобиль көлiгi туралы» Заңдарын, «Бюджет Кодексі»,  функционалдық міндеттеріне сәйкес салалардағы басқа да Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу.

    1. Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімінің орынбасары, санаты Е-1, 1 бірлік, №4-06-1-3.

    Функционалдық міндеттері: мәдениет, денсаулық сақтау, білім беру саласы, қорғаныс, спорт және туризм, ішкі саясат, жастар саясаты, көші-қон,  әлеуметтік қорғау, бағыт-бағдар беру, қоғамдық қозғалыстар, ұйымдар және партиялармен, діни конфессиялармен өзара бірлесіп іс-қимылдар жүргізу.Бекітілген сала бойынша жоғарғы органдардың  актілерін, мемлекеттік бағдарламаларын, аудан әкімдігінің қаулыларын, аудан әкімінің шешімдері мен өкімдерін бақылау және орындалуын қамтамасыз ету. Қарамағындағы бөлімдердің, қызметкерлердің жұмысын үйлестіре,  ұйымдастыра білу, өкілеттік органдармен, әскери бөлімдері, қоғамдық  және үкіметтік емес ұйымдар, діни конфессияларымен өзара  қарым-қатынас жасау.

    Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: білімі – техникалық ғылымдары мен технологиялар саласындағы немесе білім саласындағы немесе гуманитарлық ғылымдары саласындағы немесе құқық саласындағы немесе әлеуметтік ғылымдары, экономика және бизнес саласындағы немесе өнер саласындағы. Мамандығы: техникалық ғылымдары мен технологиялар саласындағы (жалпы) немесе білім саласындағы (жалпы) немесе гуманитарлық ғылымдары саласындағы (жалпы) немесе құқық саласындағы (жалпы) немесе қаржы немесе журналистика немесе есеп және аудит немесе саясаттану немесе экономика немесе әлеуметтану немесе мемлекеттік және жергілікті басқару немесе өнер саласындағы (жалпы).

    «Қазақстан – 2050» Стратегиясын, функционалдық міндеттеріне сәйкес салалардағы басқа да Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу.

    3.                  Жамбыл облысы Жамбыл ауданы әкімінің орынбасары, санаты Е-1, 1 бірлік, №01-01-01.

    Функционалдық міндеттері: аудан экономикасын дамыту, салық, қаржы-несие, баға саясаты, монополияға қарсы, өнеркәсіп, кәсіпкерлік, құрылыс,  қоршаған ортаны  қорғау мәселелерімен айналысу. Жолдарды жөндеуді, көлік, тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы және отын қуат кешені мәселелері, сауда, баға тұрғын үй жөніндегі, жол қозғалысы қауіпсіздігі жөніндегі комиссиялардың  мәселелерін шешу. Азаматтарды жеке сұрақтарымен қабылдауды жүргізу. Аудан әкімінің басқа да тапсырмаларын орындау. Өз қызметтік міндетін орындауда облыс әкімдігімен, аудан аумағындағы барлық меншік нысанындағы мекеме-ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау. Қызметін үйлестіретін мекемелермен ұсынылатын мемлекеттік қызмет көрсету жұмыстарына басшылық жасау. Қазақстан Республикасы Президенті Жарлықтарының, Үкімет Қаулыларының, облыс, аудан әкімдерінің шешімдері мен өкімдерінің орындалуына бақылау жасайды. Аудан әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс, қаржы, экономика және бюджеттік жоспарлау, кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм, тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімдерінің жұмыстарын үйлестіру.

    Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: білімі – әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласындағы немесе құқық саласындағы немесе техникалық ғылымдар және технологиялар саласындағы немесе қызмет көрсету саласындағы немесе өнер саласындағы. Мамандығы:   экономика немесе есеп және аудит немесе қаржы немесе мемлекеттік және жергілікті басқару немесе құқықтану немесе  техникалық ғылымдар және технологиялар саласындағы (жалпы) немесе туризм немесе көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру немесе сәулет.

    «Қазақстан – 2050» Стратегиясын, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және  өзін-өзі басқару туралы», «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы», «Автомобиль жолдары туралы», «Тұрғын үй қатынастары туралы», «Автомобиль көлігі туралы» заңдарын,  «Кәсіпкерлік кодексі», «Бюджет кодексі», «Еңбек кодексі», функционалдық міндеттеріне сәйкес салалардағы басқа да Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу.

    4.                  Жамбыл облысы Тараз қаласы әкімінің орынбасары, санаты Е-1, 1 бірлік, №02-0-1.

    Функционалдық міндеттері: тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері. Жылыту маусымына дайындық және оны өткізу мәселелері. Көлік инфрақұрылымы, жолаушылар тасымалы және байланысты дамыту мәселелері. Төтенше жағдайлар және жұмылдыру жұмысы мәселелері. Энергетика мәселелері. Жер қатынастары, су ресурстары және жерлерді пайдалану мен қорғалуын бақылау мәселелері. Сәулет, қалақұрылысы және құрылыс мәселелері. Заңсыз жарнамаларды жою мәселелері.

    Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: білімі – әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласындағы немесе техникалық ғылымдар және технологиялар салсасындағы немесе өнер саласындағы немесе  қызмет көрсету саласындағы немесе құқық саласындағы. Мамандығы:   әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласындағы (жалпы) немесе техникалық ғылымдар және технологиялар саласындағы (жалпы) немесе сәулет немесе жерге орналастыру немесе кадастр немесе құқық саласындағы (жалпы).

    «Қазақстан – 2050» Стратегиясын, Бюджеттік Кодексін, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы»,  «Бюджет жүйесі туралы», «Жеке кәсіпкерлік туралы», «Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау туралы», «Мемлекеттік сатып алу туралы», функционалдық міндеттеріне сәйкес салалардағы басқа да Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерін білуі.

     

     

    Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

    Ішкі конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:

    1) Б» корпусының мемлекеттік әкiмшiлiк лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткiзу Қағидаларының 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;

    2) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 211 қазандағы № 14 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14436 болып тіркелген, 2016 жылғы 28 қарашада «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) бекітілген, тиісті персоналды басқару қызметі құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде растаған мемлекеттік қызметшінің қызметтік тізімі.

    Кандидаттар жарияланған лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі барын растайтын құжаттарды ұсына алады.

    Құжаттардың толық емес пакетін немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуына негіз болып табылады.

    Азаматтар біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне және беделіне қатысты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берілуі туралы құжаттардың көшірмелері, мінездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

    Құжаттарды қабылдау мерзiмi ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру уәкілетті органның интернет-ресурсында жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледісоңғы жарияланған күнінің келесі жұмыс күнінен бастап 3 жұмыс күнінің ішінде, жоғарыда көрсетілген мекен-жай бойынша орналасқан Жамбыл облысы әкімінің аппаратына тапсырылуы тиіс.

    Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс жариялаған мемлекеттік органға құжаттарын электронды түрде «Е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық пошта мекенжайына құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

    Құжаттарды қабылдау аяқталғаннан кейін, ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар әңгімелесуге жіберілгені туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде Тараз қаласы, Абай даңғылы, №125 мекен-жайда орналасқан Жамбыл облысы әкімінің аппаратында әңгімелесуден өтеді.

    Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

    Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының немесе персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) шешіміне шағымдана алады.

    Конкурс комиссиясының шешімі қабылданған күннен бастап бес жұмыс күннен кешіктірмей уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне конкурс комиссиясының немесе персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) шешіміне шағым беру, уәкілетті органның немесе оның аумақтық бөлімшесінің келіп түскен шағым бойынша тиісті шешім қабылдауына дейін конкурс комиссиясының шешімінің қолданылуын тоқтата тұруға негіз болып табылады.

     

     

     

     

     

     

     

    «Б» корпусыныңмемлекеттік
    әкімшіліклауазымына
    орналасуға конкурс өткізу
    қағидаларының
    2-қосымшасы
    Нысан
     __________________________
    (мемлекеттік орган)

    Өтініш

    Мені ____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

    «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.

    Менің жеке мәліметтерімді, оның ішінде психоневрологиялық және наркологиялық ұйымдардан мәліметтерімді жинауға және өңдеуге рұқсатымды білдіремін.

    Мемлекеттік органның интернет-ресурсында менің әңгімелесуімнің бейнежазбасын транляциялауға және орналасуға келісім беремін _____________________________________

    (иә/жоқ)

    Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

    Қоса берілген құжаттар:

    ____________________________________________________________________________

    ____________________________________________________________________________

    ____________________________________________________________________________

    Мекен жайы: ________________________________________________________________

    Байланыс телефоны: __________________________________________________________

    e-maіl: ______________________________________________________________________

    ЖСН: _______________________________________________________________________

    _________ ___________________________________________________________________

    (қолы) (Тегі, аты, әкесініңаты (болған жағдайда))

    «____»_______________ 20__ ;.

     

    © 2015 Информационный портал аппарата акима Жамбылского района