100%200%
Жамбыл ауданы әкімі аппаратының
ақпараттық порталы

    Жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілері арасында бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға ішкі конкурс туралы хабарландыру 24.04.2020жыл

     

    Ішкі конкурс қатысушыларына арналған ортақ біліктілік талаптар:

    Е-R-1 мемлекеттік әкімшілік лауазымдары санаттарына келесідей үлгілік біліктілік талаптары белгіленеді:

    жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

    мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлану, өзгерістерді басқару;

    жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

    1) мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-4, C-R-3, D-4, D-O-3, Е-3, E-R-3, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда өтілі бір жылдан кем емес;

    2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-4, C-R-3, D-4, D-O-3, Е-3, E-R-3, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда өтілі бір жылдан кем емес;

    3) А-5, B-5, C-4, C-O-4, C-R-3, D-4, D-O-3, Е-3, E-R-3, E-G-1 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;

    4) мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының орталық деңгейдегі лауазымдарында немесе облыстық, қалалық немесе аудандық деңгейдегі басшылық лауазымдарында, немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының басшылық лауазымдарында екі жылдан кем емес;

    5) жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтаған жағдайда мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-4, C-R-3, D-4, D-O-3, Е-3, E-R-3, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда бір жылдан кем емес;

    6) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік орган болып табылмайтын басшылық лауазымдарда екі жылдан кем емес;

    7) ғылыми дәрежесінің болуы;

    8) Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.

    Е-3 мемлекеттік әкімшілік лауазымдары санаттарына келесідей үлгілік біліктілік талаптары белгіленеді:

    жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

    мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;

    жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

    1) мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес;

    2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;

    3) Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі бір жарым жылдан кем емес;

    4) мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде орталық, облыстық немесе қалалық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында бір жылдан кем емес;

    5) жоғары және жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

    6) ғылыми дәрежесінің болуы;

    7) Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес;

    8) кеңесші және көмекші лауазымына жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

     

    Әкімшілік мемлекеттік қызметкерлердің лауазымдық жалақысы

    Санаты Еңбек өтіліне байланысты қызметтік еңбек ақысы
    теңгеден теңгеге дейін
    E-R-1 142461 191305
    Е-3 112730 152017

     

    «Жамбыл облысы Жамбыл ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (индекс 080200, Жамбыл облысы, Жамбыл ауданы, Аса ауылы, Абай көшесі, №123, 206 бөлме, анықтама үшін телефондар: 8(72633)2-25-02, 2-24-35, факс: 2-24-35, e-mail: zh.ospanova@zhambyl.gov.kz  – (Электрондық поштаның рұқсат етілген файлдар өлшемі: бекітілген файлдардың көлемі 20 мегабайттан аспауы керек (20 мегабайттан асқан жағдайда, бірнеше хабарлама арқылы жолдау ұсынылады).Бұлттық сервистерде тіркелген файлдар (облако mail, google диск, yandex диск және т. б. осындай сияқты) қабылданбайды (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 20 желтоқсандағы № 832 қаулысының 128-тармағына сәйкес) жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік қызметшілері арасында бос тұрған «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға ішкі конкурс жариялайды:

    1.    Жамбыл ауданы әкімдігі ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы, «Е-R-1» санаты 1 бірлік (№07-01)

    Функционалдық міндеттері: Бөлімнің жұмысын ұйымдастыру және басқару. Аудан аумағында агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамыту бағдарламаларын әзірлеу және оларды іске асыруды қамтамасыз ету. Барлық агроөнеркәсіптік субъектілерін осы саладағы мемлекеттік, салалық, өңірлік бағдарламаларға және басқа да нормативтік-құқықтық актілерге сәйкес мемлекеттік қолдауды жүзеге асыру, агроөнеркәсіптік кешен  субъектілеріне мемлекеттік аграрлық азық-түлік саясатының негізгі бағыттарын насихаттау мен түсіндіру жөніндегі жұмыстарды жүргізу, ауылдық аумақтарды дамытудың және осы саладағы бағдарламаларды іске асырудың мониторингін жүргізу, агроөнеркәсіптік кешен мен ауылдық аумақтар саласында жедел ақпараттар жинау. Аудандағы машина трактор стансаларының, агроқұрылымдардың машина трактор парктерінің техникалық жағдайын қадағалау. Бөлім атқаратын функциялар бойынша аудан әкімі мен әкімдік актілерінің жобасын әзірлейді. Бөлімнің Ережесіне сәйкес басқа да міндеттерді жүзеге асырады. Азаматтарды жеке сұрақтарымен қабылдауды жүргізу. Барлық меншік түріндегі ауыл шаруашылық субъектілерімен, ауыл шаруашылық құрылымдарымен және ҚР АШМ-нің Жамбыл аудандық аумақтық басқармасымен, жер қатынастары, кәсіпкерлік және өнеркәсіп  бөлімімен өзара іс-қимыл жасау.  Қазақстан Республикасы Президенті Жарлықтарының, Үкімет Қаулыларының, облыс, аудан әкімдерінің шешімдері мен өкімдерінің орындалуына бақылау жасайды. Ауыл шаруашылығы саласын дамытудағы бағытталған жұмыстарды ұйымдастырады, агротехникалық шараларға кеңес береді, тұқым инспекциясы, өсімдікті қорғау мекемелерінің дамуындағы негізгі  бағыттарын қалыптастыру жұмыстарын үйлестіреді.

    Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

    Білімі: Ауылшаруашылық ғылымдары саласындағы немесе техникалық ғылымдар және технологиялар саласындағы немесе жаратылыстану ғылымдары саласындағы немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласындағы немесе ветеринария саласындағы жоғары.

    Мамандығы: ауылшаруашылық ғылымдары саласындағы (жалпы) немесе биотехнология  немесе механика немесе мемлекеттік және жергілікті басқару немесе ветеринария саласындағы (жалпы).

    «Қазақстан–2050» Стратегиясын, Қазақстан Республикасының «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы», «Тұқым шаруашылығы туралы», «Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру туралы» заңдарын, Қазақстан Республикасының «Еңбек кодексін»,  функционалдық міндеттеріне сәйкес салалардағы басқа да Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу.

     

    2.    Жамбыл ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық   бөлімшесіндегі аудан әкімінің бас инспекторы «Е-3» санаты 1 бірлік (№01-03-03)

    Функционалдық міндеттері: Діни экстремизм және терроризмге қарсы күрес бойынша тиісті шараларды үйлестіру. Аудан әкімдігімен және аудан мәслихатымен шешім қабылдап әзірлеу үшін, аудан аумағында діни экстремизм және терроризмге қарсы күрес бойынша нормативтік-құқықтық актілерді дайындау. Аудандық терроризмге қарсы комиссияның отырысын ұйымдастыру және өткізу. Аудандағы діни бірлестіктермен өзара әрекет ету. Аудандық терроризмге қарсы комиссия отырысының хаттамалық тапсырмасын орындау бойынша мәліметті толықтыру, Жамбыл облысы әкімдігіне жоғарыда көрсетілген бағыттағы атқарылған іс-шаралар бойынша есеп беру және Қазақстан Республикасы министрліктерінің аумақтық бөлімдерінен және аудан әкімдігінің бөлімдерінен діни экстремизм және терроризмге қарсы  алдын алу және діни жағдай бойынша мәлімет алу. Аудан аумағында орналасқан ведомстволық бағынысты кәсіпорындар мен мекемелерде тәуелсіз меншік нысанына қарамастан Қазақстан Республикасының діни экстремизм және терроризмге қарсы күреске қатысты заңнамалық актілер талаптарының орындалуын бақылау.

    Аудан әкімінің қарауына аудан аумағына орналасқан объектілердің инфрақұрылымын және өмір-тіршілігін  жетілдіру және қауіпсіздігін күшейту бойынша ұсыныс дайындау. Аудан әкімінің қарауына ауданның шекара маңында орналасқан елді мекендерінің аумағы мен тұрғындарының қауіпсіздігін күшейту және жетілдіру  бойынша ұсыныс дайындау. Аудан аумағында дағдарыс жағдайы туындаған жағдайда қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша өкілетті мемлекеттік органдардың бірлескен іс-әрекеттеріне қатысу. Аудан әкімі және аппарат басшысының, ұйымдастыру-инспекторлық бөлімше басшысының тапсырмаларын орындау. Аудандағы терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабтардың материалдық-техникалық және тылдық қамтамасыз ету топтарының жұмыстарын үйлестіру. Аудандағы сайлаушылар санының есебін жүргізу және тоқсандық салыстырудан өткізу.

    Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

    Білімі: Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласындағы немесе техникалық ғылымдар және технологиялар саласындағы немесе ауылшаруашылық ғылымдары саласындағы немесе әскери іс және қауіпсіздік саласындағы немесе құқық саласындағы жоғары.

    Мамандығы: Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласындағы (жалпы) немесе техникалық ғылымдар және технологиялар саласындағы (жалпы) немесе ауылшаруашылық ғылымдары саласындағы (жалпы) немесе әскери іс және қауіпсіздік саласындағы (жалпы) немесе құқықтану.

    «Қазақстан – 2050» Стратегиясын, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы», «Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы» заңдарын, «Еңбек кодексін», функционалдық міндеттеріне сәйкес салалардағы басқа да Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу.

     

    Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

    Ішкі конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:

    1) Б» корпусының мемлекеттік әкiмшiлiк лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткiзу Қағидаларының 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;

    2) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 21 қазандағы № 14 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14436 болып тіркелген, 2016 жылғы 16 қарашада «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) бекітілген, тиісті персоналды басқару қызметі құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде растаған мемлекеттік қызметшінің қызметтік тізімі.

    Кандидаттар жарияланған лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі барын растайтын құжаттарды ұсына алады.

    Құжаттардың толық емес пакетін немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуына негіз болып табылады.

    Азаматтар біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне және беделіне қатысты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берілуі туралы құжаттардың көшірмелері, мінездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

    Құжаттарды қабылдау мерзiмi ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру уәкілетті органның интернет-ресурсында жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі соңғы жарияланған күнінің келесі жұмыс күнінен бастап 3 жұмыс күнінің ішінде, жоғарыда көрсетілген мекен-жай бойынша орналасқан Жамбыл ауданы әкімінің аппаратына тапсырылуы тиіс.

    Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс жариялаған мемлекеттік органға құжаттарын электронды түрде «Е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық пошта мекенжайына құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

    Құжаттарды қабылдау аяқталғаннан кейін, ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар әңгімелесуге жіберілгені туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде Жамбыл облысы, Жамбыл ауданы, Аса ауылы, Абай көшесі, №123 мекен-жайда орналасқан Жамбыл ауданы әкімінің аппаратында әңгімелесуден өтеді.

    Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

    Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұрғын жай жалдау, тұру, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.

    E-R-1 санатының лауазымына үміттенген кандидаттар конкурс комиссиясымен айқындалған тақырыптар тізімінен бір эссені жазады. Эссе осы Қағидалардың 4-қосымшасында белгіленген параметрлерге сәйкес Комисиямен бағаланады. Эссені жазу уақыты 45 минуттан аспау керек.

    Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының немесе персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) шешіміне шағымдана алады.

    Конкурс комиссиясының шешімі қабылданған күннен бастап бес жұмыс күннен кешіктірмей уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне конкурс комиссиясының немесе персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) шешіміне шағым беру, уәкілетті органның немесе оның аумақтық бөлімшесінің келіп түскен шағым бойынша тиісті шешім қабылдауына дейін конкурс комиссиясының шешімінің қолданылуын тоқтата тұруға негіз болып табылады.

     

     

     

     

     

     

    «Б» корпусының мемлекеттік
    әкімшілік лауазымына
    орналасуға конкурс өткізу
    қағидаларының
    2-қосымшасы
    Нысан
     __________________________
    (мемлекеттік орган)

    Өтініш

          Мені____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

    «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.

    Менің жеке мәліметтерімді, оның ішінде психоневрологиялық және наркологиялық ұйымдардан мәліметтерімді жинауға және өңдеуге рұқсатымды білдіремін.

    Мемлекеттік органның интернет-ресурсында менің әңгімелесуімнің бейне жазбасын транляциялауға және орналасуға келісім беремін _____________________________________ (иә/жоқ)

    Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

    Қоса берілген құжаттар:

    ____________________________________________________________________________

    ____________________________________________________________________________

    ____________________________________________________________________________

    Мекенжайы: ________________________________________________________________

    Байланыс телефоны: __________________________________________________________

    e-maіl: ______________________________________________________________________

    ЖСН: _______________________________________________________________________

    _________ ___________________________________________________________________

    (қолы) (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))

    «____»_______________ 20__;.

     

    © 2015 Информационный портал аппарата акима Жамбылского района