100%200%
Жамбыл ауданы әкімі аппаратының
ақпараттық порталы

    Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша семинар-кеңестің хаттамалары

     

    Аса ауылы                                       №1                                   2018 жыл 26 наурыз

    Жиналыс төрағасы

    А.Мантеев    Жамбыл ауданы әкімі аппаратыұйымдастыру-инспекторлық бөлімше басшысы;

    Қатысқандар: Ауылдық округ әкімдері, аудан әкімдігі бөлімдерінің және мемлекеттік мекеме басшылар

    Күн тәртібі:

    1. Мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын арттыру туралы

    (А.Мантеев, Б.Қалшымбетов, Б.Садырбаев, Е.Бейсенов)

    Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы М.Ы.Нәлібаев  және  Жамбыл ауданының әкімі Б.А.Қазанбасовпен бекітілген  Жамбыл ауданы әкімдігінде мемлекеттік  көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы хабардар болуын қамтамасыз етудің 2018 жылға арналған іс-шаралар  жоспарына сәйкес, ауылдық округтер мен  аудан әкімдігінің мемлекеттік қызмет көрсететін бөлімдеріне тиісті жоспар жолданды, жоспарды орындау басшылыққа алынуы тиіс.

    Қазақстан Республикасы Заңның 51-бабы 2-тармағы 6-тармақшасына сәйкес қызмет көрсетуші  мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыруға, сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі адамдармен қарым-қатынас жасау дағдыларын үйретуге міндетті деп белгіленген, алайда  мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыру, сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі адамдармен қарым-қатынас жасау дағдыларын үйрету жұмыстары  мемлекеттік қызмет көрсетуші аудан әкімдігінің тиісті бөлімдерінде және ауылдық округ әкімі аппараттарында жүргізілмеген.

    Барлық мемлекеттік қызмет көрсетуші мемлекеттік мекемелердің басшылары 2018 жылдың жоспарына сәйкес, Тараз қаласында орналасқан «Мемлекеттік басқару академиясының» филиалындағы мемлекеттік қызметкерлердің, мүмкіндігі шектеулі адамдармен қарым-қатынас жасау дағдыларын біліктілігін арттыру курстарына жолдама беруді ұйымдастыруды басшылыққа алу қажет.

    Мемлекеттік көрсетілетін қызметті берушілердің, мүдделі және заңды тұлғалардың қатысуымен мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызмет туралы есептерге жария талқылаулар өткізілмеген.

    Мемлекеттік көрсетілетін қызметті берушілердің, мүдделі және заңды тұлғалардың қатысуымен мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызмет туралы есептерге жария талқылауды өткізуді барлық мемлекеттік қызмет көрсетуші мемлекеттік мекемелерде өткізілуін басшылыққа алу қажет.

    Мемлекеттік қызметтерді  көрсету орындарында қызмет алушылар, атап айтқанда мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін қажетті және ыңғайлы жағдайлар жасау шаралары ұйымдастырылуы қажет.

    Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің  2018 жылға арналған есеп нысаны, ай сайынғы берілетін есептердің электронды және сканерленген нұсқасы аудан әкімдігінің тиісті бөлімдеріне және ауылдық округ әкімі аппараттарына жолданды.

    Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің  2018 жылға арналған есеп нысаны, ай сайынғы берілетін есептердің жаңа үлгісімен жұмыстарды  тапсыру ұйымдастырылуда.

    Жергілікті атқарушы органдармен қызмет алушылардың тікелей байланысын болдырмау үшін, мемлекеттік қызметтерді электрондық форматқа, Мемлекеттік корпорация арқылы баламасыз көрсетуге көшіру жұмыстарын ұйымдастыру басшылыққа алу қажет.

    Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті (бұдан-әрі Департамент) «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 5) тармақшасына, 11-бабының 3) тармақшасына сәйкес орталық мемлекеттік органдар мен жергілікті атқарушы органдар көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы хабардар болуын қамтамасыз етеді.

    Осыған байланысты, мемлекеттік органмен көрсетілетін мемлекеттік қызметтер тәртібі туралы шағын (30-60 секундтық) бейнероликті әзірлеп, «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» комерциялық емес акционерлік қоғамының Жамбыл облысы бойынша филиалы халыққа қызмет көрсету орталығы» Департаментінің Тараз қаласы және аудандардағы бөлімдерінің операциялық залдарында ораналасқан ақпараттық құралдары, телеарналар және интернет-ресурстары арқылы тарату туралы ұсыныс түскен. Осы ұсынысқа сәйкес, бейнероликтер түсіру туралы тапсырма аудан әкімдігінің тиісті бөлімдеріне жолданған, тапсырманың орындалуы  басшылыққа алынуы тиіс.

    Жамбыл ауданының барлық  ауылдық округтерінде мемлекеттік қызметтерді көрсету мақсатында, өзіне-өзі қызмет көрсету үшін «Қоғамдық бұрыштар» ұйымдастырылып, мамандар бекітіліп, жұмыстар атқарылуда.

     «Азаматтарға арналған үкімет»   мемлекеттік корпорациясы КЕ АҚ Жамбыл облысы бойынша филиалы «Халыққа қызмет көрсету орталығы департаментінің» Жамбыл аудандық бөлімі және аудан әкімі аппаратымен, Жергілікті атқарушы мекемелер мен білім орталықтарында ҚР «электронды үкімет порталы» арқылы мемлекеттік қызмет түрлерінің  халық арасында кеңінен насихаттау және оқыту бойынша 2018 жылға арналған аудан көлемінде өткізілетін іс-шара жоспары (сетевой график) бекітілген. Кесте әрбір елді мекендерде, ауылдық округтерде, ұйымдар мен мектептерде кеңінен насихатталады. Барлық мекемелердің басшылары аталған тапсырманың орындалуын басшылыққа алуы тиіс.

                                Семинар-кеңес шешім етті:     

    –  Мемлекеттік қызметшілер мен қызмет алушылардың тікелей қарым-қатынасын азайту мақсатында Мемлекеттік корпорация және «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы көрсетілген қызметтердің үлесін арттыру жұмыстарын жүргізу басшылыққа алынсын.

    – Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің  2018 жылға арналған есеп нысаны, ай сайынғы берілетін есептердің электронды және сканерленген нұсқасы әр айдың 30-нан кешіктірмей жолданылуы назарға алынсын.

    – Жамбыл ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы хабардар болуын қамтамасыз етудің  2018 жылға арналған іс-шаралар жоспарының орындалуы басшылыққа алынсын;

    – Мемлекеттік көрсетілетін қызметті берушілердің, мүдделі және заңды тұлғалардың қатысуымен мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызмет туралы есептерге жария талқылаулар өткізу жұмыстары басшылыққа алынсын;

    -Ауылдық округ әкімдігінде интернет желісімен қосылған компьютермен жабдықталған қоғамдық бұрышта  «Электрондық үкімет» ресурсының халыққа қолжетімді  болуы үшін  жұмыстар жүргізілсін.

    -Мемлекеттік қызметтер көрсету жұмыстарында айқындалған кемшіліктерді жою және ұсыныстарды орындау  ауылдық округтер мен  аудан әкімдігінің мемлекеттік қызмет көрсететін бөлімдері тарапынан басшылыққа алынсын.

     Жамбыл ауданы әкімі аппараты

     ұйымдастыру- инспекторлық

     бөлімше басшысы                                                                      А.Мантеев

    © 2015 Информационный портал аппарата акима Жамбылского района