100%200%
Жамбыл ауданы әкімі аппаратының
ақпараттық порталы

    «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы аясында аудан аумағында кәсіпкерлікті дамыту жұмыстарының барысы туралы

     

    2017 жылы бағдарламаның пайыздық мөлшерлемені субсидиялау шарты бойынша құны 1 171,4  млн теңгені құрайтын 17 жоба іске асырылып 105 адам жұмыспен қамтылды. Бес жобаның құжаттары аймақтық үйлестіру кеңесіне қаралуға жолданды.

    Бұл жерде:

    ЖК «Абдрахманова» Айша бибі ауылына қарасты жерден туристік кешен құрылысын жүргізу үшін,  «АТФ» АҚ-нан 150,0 млн теңге көлемінде несие алып жобаның құрылыс жұмыстарын жүргізуде.

    ЖК «Мынбаева Калия» Бектөбе ауылынан Мал бордақылау алаңының құрылыс жұмыстарын жүргізуге «Forte банк» АҚ-нан 17,8 млн. теңге көлемінде несие алды.

    ЖК «Жетібаев Дүйсеналы» Гродеково аулында орналасқан жанармай құю бекетінің қаржы айналымына «Халық банк» АҚ-нан 15,5 млн. теңге көлемінде несие алды.

    ЖК «Ибраева Балхия» Гродеково аулынан бала-бақша құрылысын жүргізуге «Халық банк» АҚ-нан 60,0 млн. теңге көлемінде несие алып бала бақша құрылысын бастады.

    «Аса-Даму» ЖШС Еңбек ауылына қарасты жерден құс фабрикасына қажетті құрал-жабдықтарды алу үшін  «Халықбанк» АҚ-нан 239,0 млн теңге көлемінде несие алып өндіріс көлемін арттыруда.

    «Саят» ШҚ  Бірлесу-Еңбек аулынан мал шаруашылығын жүргізуге «Цеснабанк» АҚ-нан 10,0 млн. теңге көлемінде несие алды.

    ЖК «Раева»  Қызылқайнар ауылдық округінен бала-бақша құрылысын жүргізу үшін, «Халықбанк» АҚ-нан 80,0 млн теңге несие алуға құжаттарын тапсырған. Аймақтық үйлестіру кеңесінде қаралуда.

    ЖШС «Super-Pharm» Айша бибі ауылына қарасты жерде серіктестіктің медициналық бұйымдар өндіретін фабрикасына шикізат алу үшін  «АТФ» АҚ-нан 60,0 млн теңге несие алуға құжаттарын тапсырған. Аймақтық үйлестіру кеңесінде қаралуда.

    ЖК «Далер» Аса ауылдық округіне қарасты жеке кәсіпкер жүк тасымалымен айналысуға, «Цеснабанк» АҚ-нан 70,0 млн теңге несие алуға құжаттарын тапсырған. Аймақтық үйлестіру кеңесінде қаралуда.

    ЖК «Лидер-Z» Жамбыл округіне қарасты жеке кәсіпкер жүк тасымалымен айналысуға, «Цеснабанк» АҚ-нан 70,0 млн теңге несие алуға құжаттарын тапсырған. Аймақтық үйлестіру кеңесінде қаралуда.

    ШҚ «Шарипов» Полатқосшы ауылдық округіне қарасты жеке кәсіпкер ауыл шаруашылығы техникаларын алуға, «БанкЦентрКредит» АҚ-нан 36,0 млн теңге несие алуға құжаттарын тапсырған. Аймақтық үйлестіру кеңесінде қаралуда.

    ЖК «Дармаганбетова Дамира»  Аса ауылдық округінен бала-бақша құрылысын жүргізу үшін, «Халықбанк» АҚ-нан 14,6 млн теңге несие алуға құжаттарын тапсырған. Аймақтық үйлестіру кеңесінде қаралуда.

    ЖК «Кабылова К.Р»  Тараз қаласынан азық-түлік дүкеніне керек жарақтар алу үшін, «Сбербанк» АҚ-нан 2,0 млн теңге несие алуға құжаттарын тапсырған. Аймақтық үйлестіру кеңесінде қаралуда.

    «Аса-Даму» ЖШС Еңбек ауылына қарасты жерден құс фабрикасына қажетті құрал-жабдықтарды алу үшін «Халықбанк» АҚ-нан 200,0 млн теңге көлемінде несие алып өндіріс көлемін арттыруда.

    «Аслан» ШҚ  Қаратөбе ауылдық округінен мал шаруашылығын жүргізуге «БанкЦентрКредит» АҚ-нан 15,0 млн. теңге көлемінде несие алып. Аймақтық үйлестіру кеңесінде қаралуда.

    ЖК «Абдрахманова» Айша бибі ауылына қарасты жерден туристік кешен құрылысын жүргізу үшін,  «АТФ» АҚ-нан 125,0 млн теңге көлемінде несие алып жобаның құрылыс жұмыстарын жүргізуде.

    Ағымдағы жылы өндірістік (инженерлік) инфрақұрылымды дамыту шарты бойынша Айша биби ауылдық округінде орналасқан «Аман-Ата» ШҚ кондитерлік цехына қажетті инженерлік инфрақұрылым жүргізу үшін, тиісті құжаттары облыстық үйлестіру кеңесінен оң шешімін алды. Бүгінгі таңға, облыстық бюджетте 6,5 млн тенге қаражат бөлініп, облыс әкімдігінің  энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық басқармасы тарапынан нысанға газ және электр желілерін тартуға мемлекеттік сатып алу конкурсы ұйымдастырылуда.

    Гранттық қаржыландыру шарты бойынша 2 жобаның құжаттары ағымдағы жылғы шілде айында  облыстық үйлестіру кеңесінде өткен конкурсқа ұсынылды. Алайда оң шешімін алмады.

    Жамбыл ауданы әкімдігінің

    кәсіпкерлік және өнеркәсіп

    бөлімінің басшысы                                                                 Б. Төлендиев

     

    © 2015 Информационный портал аппарата акима Жамбылского района