100%200%
Жамбыл ауданы әкімі аппаратының
ақпараттық порталы

    Азық-түлік, азық-түлік емес тауарлары және ақылы қызметтерге бағаны тұрақтандыру бағытындағы атқарылып жатқан шаралар туралы.

     

     

    Ауданда негізгі азық-түлік, азық-түлік емес және ақылы қызмет көрсету бағаларын тұрақтандыру, бағалардың негізсіз өсуіне жол бермеу мақсатында Жамбыл ауданы  әкімдігінде  тұрақты  жұмыс істейтін штаб құрылған.

    Аудан аумағындағы сауда орындарымен бағаның өсуіне жол бермеу мақсатында 144  меморандумға қол қойылды.

    Аудан тұрғындарын төмендетілген бағамен сатылатын тауарлар жөнінде хабардар ету мақсатында, тұрақтандыру қорынан босатылатын тауарлардың тізімі туралы ақпарат  аудандық «Шұғыла-Радуга» газетінің беттеріне тұрақты түрде жариялануда.

    Бағалардың өсуіне тиісті мониторинг жұмыстары жүргізіліп, 2017 жылдың 28 желтоқсанындағы бағамен бүгінгі күнгі нақты бағаны салыстыра келе 33 түрлі азық-түлік тауарлардың ішінен 2 түрлі тауардың бағалары өсті.   оның ішінде:

    1. Айран майлылығы 3,2% полиэтилен пакеті 2,2% немесе 5 теңгеге;
    2. Сүт, пастерленген майлылығы 3,2% полиэтилен пакеті 2,2 % немесе     5 теңгеге;

    Қалған 31 түрлі тауардың бағалары қалыпты деңгейде сақталған.

    Көкөністер бойынша:

    Аудандағы сауда орындарына көкөністер негізінен Тараз қаласындағы «Ауыл береке» базарынан әкелінеді. Жүргізілген мониторингке  сәйкес аталған базарда картоп бағасы сапасына қарай 100-105 тенге көлемінде.  Дүкендердегі бағасы 110-115 теңге аралығында.

    Азық-түлік қоры туралы: 

    Аудандағы 6 ауылдық округте  сыйымдылығы  8835 тонналық 121 көкөніс сақтау қоймалары жұмыс атқарады, оның 5-і типтік, қалған–116 бейімделген. Қазіргі уақытта қоймаларда көкөністер қоры тауысылған. Бұдан бөлек  ауданда

        271 жылыжай тіркелген. Жалпы алаңы 14,2 гектар. Казіргі танда жылыжайлар көгеністерді отырғызудын екінші кезеніне  дайындық жұмыстарын жүргізуде.

    Тұрақтандыру шаралары:

    Баға тұрақтандыру мақсатында «Тараз сауда-саттық компаниясы» ЖШС- тарапынан төмендетілген бағамен босатылатын тауарларды алуға болатындығы жөнінде хабарламаны барлық ауыл әкімдеріне және бұқаралық ақпарат құралдарына берілген.

    2018 жылдың ақпан  айында округтерден белгіленген (Аса ауылдық округінде оператор анықталып 5000 кг қант алынды Қызылқайнар, Қаратөбе, Ерназар, Қарой) операторлар арқылы тұрақтандыру қорына өтінім жолданып келісім-шарт жасау жұмыстары жүргізілуде. Басқада ауылдық окруктермен тиісті жұмыстар жасалуда.

    Қәзіргі танда «Тараз сауда-саттық компаниясы» ЖШС-ның азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорындағы тауарлар бойынша ақпарат.

     

    Тауарлардың аталымы Жіберу бағасы, тг Сату бағасы, тг
    1 Нан 50 60
    2 Картоп 70 80
    3 Сәбіз 45 50
    4 Пияз 50 60
    5 1-ші сұрыпты ұн 82 87
    6 Қара құмық 240 250
    7 Қант 175 180
    8 Жұмыртқа 21 22
    9 Күріш 160 170
    10 Сұйық май (Алтын май) 315 325
    11 Тұз 35 40
    12 Қара шай 2010 2110

       

    Тараз «Сауда саттық компаниясы» ЖШС ағымдағы жылдың 22 ақпан,   22 наурыз және 5 сәуірдегі  Аса ауылында өткерілген тауарлар жиынтығы.

     

    Атауы Тауар көлемі Сатылу бағасы  
    Картоп 15 тонна 80 тг Өткерілді
    Қант 9,4 тонна 180 тг Өткерілді
    Сұйық май 500 л 330 тг Өткерілді
    Күріш 100 кг 170 тг Өткерілді
    Ұн 200 кг 90 тг Өткерілді
    Сәбіз 250 кг 50 тг Өткерілді
    Пияз 480 кг 60 тг Өткерілді
    Жұмыртқа 1000 дана 22 тг Өткерілді

     

    Барлық өткерілгені 49699 шартты кг .

    Жалпы саны 6912,1 млн. тенге.

     

        Азық-түлік емес тауарлары бойынша:

    Азық түлік емес тауарларының белгіленген 53 түрінің аудан аумағында тұрақты түрде 28 түрі сатылады. Себебі, аудандағы елді мекендердің облыс орталығына жақын орналасуымен түсіндіріледі.

    Киім-кешек сатумен айналысатын ауданда үлкен сауда орындары тіркелмеген. Тұтынушылар киім-кешектерді негізінен Тараз қаласындағы базарлар мен сауда орындарынан алады. Аудандағы дүкен иелері дүкендерінде халыққа ең қажетті киім кешектерді ғана сатады. Ауданда азық түлікке жатпайтын тауарлардың ішінен негізінен тұрмыстық химия тауарлары сатылуда.

    Жанар-жағар май бағасы бойынша:

    Аудан көлеміндегі 26 жанар-жағар май бекеттері тіркелген. Еркін бағада сатылатын  АИ-92 маркалы бензиннің литрінің орта бағасы 158-160 теңгеден және дизель отыны 161-163 теңгеден өткерілуде. Барлық жанармай құю стансалары қалыпты жұмыс атқаруда. Жанармай қорымен толық қамтылған. Аудандағы екі мұнай базаларында АИ-92 бензинінің 514  тонна және Дизель  отынының – 636 тонна қалдық қоры қалыптасқан.

    Газ құю стансаларындағы бағалар 70 теңге көлемінде өткерілуде.

             Дәрі-дәрмектердің сапасы және бағасын тұрақтандыру жөніндегі атқарылып жатқан жұмыстар туралы:

    Ауданда 7 дәріхана қызмет көрсетуде. Дәрі-дәрмектің бағалары Тараз қаласындағы дәріханалардың бағаларымен бірдей болып  келеді. Аудан орталығы Аса ауылындағы («Жасұлан и К», «Әмір және Д», Гродеково ауылындағы («Садыхан»), Жалпақтөбе ауылындағы  «Достар» және Айшабибі, Ақбұлым, Өрнек ауылдарындағы дәріханаларында 2016 жылдың 11 сәуірінде

    жасалған Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі және фармацевтикалық саланың қауымдастықтары арасында дәрілік заттар мен медициналық мақсатта қолданылатын бұйымдар бағасының өсуін ұстап тұру мәселелері бойынша жасалған меморандумға сәйкес 105 түрлі дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарға бекітілген шекті бағалар тізбесі негізінде өткерілуде. 2016 жылға бекітілген амбулаториялық деңгейдегі белгілі бір ауруға шалдыққан халықты тегін медициналық көмектің кепілді көлемімен және мамандырылған емдік өнімдердің 79 түрімен аудан орталығы Аса ауылындағы «Жасұлан и К» дәріханасы қамтылған.

    Ақылы қызметтер бойынша:

    Аудан орталығы Аса ауылынан Тараз қаласына қатынайтын қоғамдық көліктердің төлемақысы 100 теңгені, ал жеке такси қызметінің төлемақысы  150-200 теңгені құрайды. Ауылдық округтер арасындағы жеке такси қызметінің төлемақысы 200-250 теңгеден аспайды. Шаштараз қызметінің орташа бағасы 400 теңгені, монша қызметі – 400-500 теңге және басқада қызметтер түрі Тараз қаласымен тепе-тең бағаны құрайды.

    Жамбыл ауданы әкімдігінің

    кәсіпкерлік және өнеркәсіп

        бөлімінің басшысы                                                          Б. Төлендиев                                                         

    © 2015 Информационный портал аппарата акима Жамбылского района