100%200%
Жамбыл ауданы әкімі аппаратының
ақпараттық порталы

    Аудандағы туризм саласының дамуы мен перспективалары туралы

    Жамбыл ауданы бойынша туризм саласының дамуы мен перспективалары туралы мәселені зерделеу үшін дайындалған жадынамаға қатысты:

    1. Ауданда туризмді дамытуға байланысты «Геккон» қоғамдық бірлестігі жұмыс атқаруда. Бірлестікте 9 бөліктен тұратын жұмыс жоспары қабылданған. Бірлестік әлеуметтік мемлекеттік тапсырыс шеңберінде жұмысын жасауда.
    2. Ауданның Тараз қаласына жақын болуы және ірі магистралды жолдардың болмауынан ауданда жұмыс істеп тұрған қонақ үйлер жоқ. Сол себепті статистикалық мәліметтер тіркелмеген. Алдағы уақытта бұл мәселелерді шешу жолдары қарастырылуда.
    3. 2017 жылы өткен ЭКСПО 2017 халықаралық көрмесіне аудан тұрғындарын қатыстыру мақсатында белгіленген бөлініске сәйкес 7300 билет, 163 тур пакет және 250 оқушының турпакеттерін өткеру белгіленген. Барлығы 7713 адамды апару жоспарланған. Көрменің өткізілу барысында аудан бойынша 12158 адам көрмені көріп қайтты. Оның ішінде 250 оқушы, барлық топтағы 923 мүгедектер. Сонымен қатар, демеушілік көмек көрсету үшін аудандағы ілкімді кәсіпкерлер тартылып жалпы саны 36 адамды құрайтын аудан халқы арасындағы еңбек және ауған соғысы ардагерлерін, көп балалалы аналарды және басқада әлеуметтік аз қамтамасыз етілген азаматар көрмеге қатыстырылды. Жергілікті бюджеттен 10200,0 мың тенге қаражат жұмсалды.
    4. Ауданда бір қонақ үй тіркелген алайда 2016 жылдан бері жұмыс істемеуде.Мәліметтер қонақ үйге келген резиденттердің есебі арқылы жүргізілгендіктен ауданға келген резиденттердің статистикалық мәліметтері жоқ.
    5. Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру бағдарламасының аясында жалпы білім беретін мектеп оқушыларының зерттеушілік дағдыларын қалыптастыру, туған өлкені зерттеудің оқу тарихын тануға баулу мақсатында 2017-2018 оқу жылдарға «Өлкетану», «Туған өлкем тарихы» курстары жалпы білім беретін 7-8 сыныптарының оқу жоспарына енгізілді.
    6. Жамбыл ауданы бойынша Ұлы Жібек жолының бойында орналасқан ұлттық маңызы бар аймақтық бірқатар ескерткіштер бар. Оның ішінде Республикалық маңызы бар нысандарға:

      Ақыртас сарай кешені (VIII-ХІVғ.ғ.);

    – Айшабибі кесенесі (ХІ-ХІІ ғ.ғ.);

    – Бабаджа Хатун кесенесі (ХІ-ХІІ ғ.ғ.) жатады.

    Бұл нысандар  «Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық мұражайы» республикалық мемлекеттік қазыналық  кәсіпорнының құзырында. Нысандарға инфрақұрылымдар тартылған. Ақыртас кешеніне ауыс су жүйесін жүргізу керек.

    Жергілікті маңызы бар нысандарға:

    –  Әулиебастау қалажұрты (VІ – ХІІІ ғ.ғ.);

    –   Жетітөбе қорымы (ерте темір дәуірі);

    –  Бектөбе қалажұрты (VІІ – ХІІ ғ.ғ.)  белгіленген.

    Инфрақұрылым жұмыстары жүргізілмеген. Әулие бастау қала жұрты мен Бектөбе қала жұрты ескерткіштерінде үш тілде (қазақ, орыс, ағылшын) жазылған ақпаратық тақтайшалар орнатылған. Жеті төбе қорымына қатысты жұмыстар 2018 жылға жоспарлануда.

    1. Аудан аумағында орналасқан ірі нысандар бойынша туристік және транспорттық инфрақұрылымдар жүргізілген. Алайда атқарылатын жұмыстарда бар.

    – Ақыртас кешені бойынша жол жүргізілген. Бұл жерде мәселе ауыз су жүргізу және кәріз су мәселелрі шешуді қажет етеді. Алдын ала есеп бойынша  артезиан ұңғымасын қазу үшін 12,0 млн тенге қаражат қажет.

    – Әулие бастау нысаны бойынша 1,7 шақырым құрайтын жол салу мәселесі туындауда. Жолды аудандық мәндегі тізілімге енгізіп сметалық құжаттамасын әзірлеу тиіс. Алдын ала есеп бойынша шамамен 50-70 млн тенге қажет. Сонымен қатар нысан басында санитарлық талаптарға сәйкестендіру және  көріктендіру жұмыстарын жүргізу керек.

    -Бектөбе қалашығы көріктендіру инфрақұрылымын жүргізуді қажет етеді.

    1. Ауданда бір 1 қонақ үй тіркелген алайда 2016 жылдан жұмыс істемеуде. Және де Ақыртас сарай кешенінде «Визит» орталығын ашу үшін ғимарат салынған. Онда 12 орындық қонақ үй асхана және тағы басқа алаңдар ашу көзделуде. Алайда ауыз су мәселесінің шешілмеуінен жұмыстар тоқтап тұр.

    2017 жылы жеке кәсіпкер «Абдрахманова К» Айша бибі ауылына қарасты жерден туристік кешен құрылысын жүргізу үшін, «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасының пайыздық ставканы субсидиялау шарты бойынша 275,0 млн теңге көлемінде несие алып жобаның құрылыс жұмыстарын жүргізуде.

    1. Аудан бойынша туристік ұйымдар, киіз үй қалашықтары, балалар-сауықтыру лагерлері, демалыс орындары, минералды сулар және бірегей шипалы балшықтармен емдейтін санаторлық-курорттық шипажайлар туралы мәлімет:

    Аудандық білім беру ұйымдарында жастардың өз еліне, жеріне  деген сүйіспеншілігін дамыту мақсатында тарихи ескерткіштер мен мәдени нысандарына экскурсиялар ұйымдастырылды. 2017 жылдың қараша айында «Рухани өлкетану» бағдарламасы аясында 200 оқушы Бектөбе қалашығына, Айша биби кесенесіне, Қарахан кесенесіне, Қарасай петроглифтеріне экскурсияға барды. Сонымен қатар қазан айында 70 аудан жастары Ақыртас кешеніне және Бектөбе қалашығына барып қайтты.

    Таулы туризм бойынша ауданда «Геккон» жастар спорттық туристік клубы» атты қоғамдық бірлестік бар. Қоғамдық бірлестік тарапынан 2017 жылы 452 оқушылар мен жасөспірімдер әр түрлі бағыттарды тау туризмінің бағыттарына және тауға өрмелеу  жарыстарына қатыстырылыды.

    Сауықтыру орындары бойынша Айша биби ауылдық округінің аумағындағы Қызылтаң ауылынан «Айша биби» шипажайы 2017 жылы пайдалануға берілді. Шипажай бір мезетте 120 адамды қабылдай алады.

    Ауданға қарасты Қызылқайнар ауылдық округінде 3 лагерь орналасқан. Олар:

    1. Болашақ лагері – Жасөспірімге арналған лагерь. Қатысушылары:

    Мектеп оқушылары және жетім балалар. Шекара маңында

    орналасқан.

    2.Рауан лагері – Жеке меншік лагерь болып есептеледі. Ақылы. Кез келген жастағы адамды қабылдайды.

    1. ТарМУ- лагері- Университет қызметкерлері мен студенттеріне қызмет етеді.
    2. Ауданда ЮНЕСКО-ның мәдени мұралар тізіміне Ақыртас сарай кешені (VIII-ХІVғ.ғ.) енген.

    Ақыртас кешені  8 – 14 ғ.ғ.  Тараз қаласынан шығысқа қарай 40 км жерде, Ақшолақ стансасынан 6 км жерде, Қырғыз Алатауының солтүстік етегінде орналасқан.

    Кешен әртүрлі  қызмет атқаратын бірнеше құрылыстардан тұрады. Олардың ішінен ерекшеленетін сәулеттік құрылыстар: сарай, қала сыртындағы тұрғын жайлар,  ХІІІ-ХІV ғ.ғ. керуен сарайы, қамал, қорған, қарауыл мұнарасы; гидротехникалық құрылыстар: хауыздар (сопақша және тікбұрышты келген биіктігі 1,5-2 м, ені 5-8 м жалмен қоршалған кеңістіктер түрінде су қоймалары), дамбалар, каналдармен құбырлар; агроирригациялық жүйе: алқаптар мен бақшалық-саябақтық аймақ (шарбақ). Ақыртас кешенінің құрылыстарын салу барысында «Қызыл тау» жотасының негізінде ауқымды өндірістік аймақ жасалған: тас алу карьері, топырақ алу карьері, қыр дайындау шеберханалары болған. Ақыртас зерттеу тарихына 130 жылдан астам уақыт болды.

    1. Аудан кәсіпкерлерін мемлекеттік қолдау шараларына кеңінен тарту мақсатында, «Даму» кәсіпкерлікті қолдау қорымен, екінші деңгейдегі банк филиалдарымен, Жамбыл облысы кәсіпкерлер Палатасымен, бірлесіп тиісті түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Демалыс орындары бойынша ауданда «Алтын-Бұлақ» агро туристік кешенінің құрылысы»  инвестициялық жобасы бар. Бұл жобаның жалпы құны 410 млн тенгені құрайды. Оның ішінде 60 млн мың теңгесі жоба ұсынушының өз қаражаты есебінен қаралды, қалған 350 млн теңгені инвестор тарапынан қаралуы тиіс. Инвестиция тарту бойынша кәсіпкер Туркия мемлекетінен келген инвесторлармен келісім нәтижесін бермеді. Шаруашылық басшысы «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы аясында Шайқорық ауылынан интенсивті инновациялық әдіспен жасанды тоғанда балық өсіру жобасына 3 млн. теңге көлемінде мемлекеттік грант жеңіп алды. Бұл қаражатқа Қытай Халық Республикасынан балықтарға жем жасайтын құрал-жабдықтар алынып тиісті жұмыстар жүргізілуде. Сонымен қатар, инвестор іздестірілуде.
    2. Жамбыл ауданында тарихы мәдени нысандарының саны 137 дана

    Оның   ішінде  археологиялық –  106, сәулет – 1, монумент – 5, тарихи -25. Ұлы Отан соғысында қаза тапқан жауынгерлерге арналған 28 ескерткіш бар, оның: ішінде 5- монумент, 5 –стелла, 8 – обелиск және 8 – бюст тіркелген.

    Негізгі ірі нысандар бойынша мәлімет.

    – Ақыртас сарай кешені (VIII-ХІVғ.ғ.) сақталу деңгейі жақсы.

    – Айшабибі кесенесі (ХІ-ХІІ ғ.ғ.) сақталу жақсы, реконструкциядан өткен.

    – Бабаджа Хатун кесенесі (ХІ-ХІІ ғ.ғ.) сақталуы жақсы.

    –  Әулиебастау қалажұрты (VІ – ХІІІ ғ.ғ.) сақталуы қанағаттанарлық.

    –  Жетітөбе қорымы (ерте темір дәуірі) сақталуы қанағаттанарлық.

    – Бектөбе қалажұрты (VІІ – ХІІ ғ.ғ.) сақталуы қанағаттанарлық қазба жұмыстары жүргізілуде.

    1. Ауылдық округ әкімдеріне мәдени мұра нысандарына қамқорлық жасау жөнінде тарихи-мәдени мұраларды қорғау, оларды орналасқан жерлері жер теліміне берілмейтіндігі, құрылыс, ауыл шаруашылығы, өндіріс нысандарын орналастыруға болмайтындығы туралы қатаң ескертіліп, тиісті тапсырмалар берілуде.

    14.Жамбыл ауданындағы туризм түрлері және туризм саласы дамуының басымды бағыттары төмендегідей.

    1. Өлкетану бойынша ауданымыз мәдени-тарихи ресурстарға кенде емес. Мысалы: «Айша бибі»,»Қарахан», «Ақыртас» т.б.

    2.Спорттық туризммен айналысу мүмкіншіліктері:

    Жаяу туризм бойынша көптеген спорттық маршруттар бар.

    Мысалы: Алмалы-Ботамойнақ-Шошқалы-Қара-арша;

    Алмалы-Ботамойнақ-Шөгеті-Дегерез-Қайыңды. Туризм техникасынан жарыстар өткізуге де қолайлы ландшафтар аудан аумағында бар:

    Ұзынбұлақ шатқалындағы уникалды формадағы Сұлутас жартасы,  биіктігі – жүз метр. Аудан спортшылары екі жыл қатарынан осы жартаста ашық аудандық турнир өткізді.

    Таулы туризм бойынша ауданда «Геккон» жастар спорттық туристік клубы» атты қоғамдық бірлестік бар. Бірлестік құрамына 92 мүше қамтылған. Клубтың басты бағыты жаяу туризм және жартасқа өрмелеумен айналысады. Негізі қатысушылар – жастар. Клуб мүшелері жаяу туризм бойынша  спорттық маршруттарға шығуда. Негізінен бұл маршруттар еріктілерден жасақталған топтардан құралған.

    1. Ауданда облыстық маңызды туристік нысандары арқылы өтетін жаңа бағыттар әзірленбеген.
    2. Негізгі археологиялық нысандар- Ақыртас, Әулие бастау кешендері, Айшабибі, Бабаджа-Хатун кесенелері Бектөбе қалашығы. Нысандарға белгіленген стандартқа сәйкес мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерінде арнайы ақпараттық тақталар әзірленіп орнатылды. Ағымдағы жылы қаржы көздерін қарастыра  отырып қосымша 16 нысанға стандартқа сай жол сілтегіштер орнату көзделуде.
    3. Бұқаралық ақпарат құралдарына туризм саласын дамыту бойынша мақалалар жариялануда. Аудандық «Шұғыла-Радуга» газетіне 2 мәрте, облыстық «Ақ жол» газетіне 1 мақала шығарылған. Сонымен аудан әкімінің ресми сайтында мәліметтер орналастырылуда. Әлеуметтік желілерге /Инстаграмм, Фейсбук/ орналастыру жұмыстары ағымдағы жылдың  бірінші тоқсанына жоспарлануда.

     

    1. 2017 жылы 12-14 қарашада Тараз қаласында «Arai Plaza» бизнес орталығында өткен «Ancient Taraz» атты халықаралық туристік форум аясында туроператорларға арналған ақпараттық тур және «FASHION DAY» байқауы қөлөнер және заманауи технологиядағы кәдесый тауарлары, киім өндірісін қолдау, киім кешек тігу өнері туралы семинар-кеңес өткізілді.

    19.Ауданның туризм аймағы ретінде жағымды бейнесін қалыптастыру үшін және жарнамалау мақсатта республикалық және халықаралық іс-шараларға, көрмелер мен жәрмеңкелерге қатысу туралы.

    Астана қаласында өткен ЭКСПО 2017  көрмесінде шілде айында Жамбыл облысының күндері аталып өтті. Сол іс шараларда  ауданның қол өнер шеберлері көрме өткізді және ауданның ұлт аспаптар ансамблі «Хан шатыры» алдында  гала көнцерт берді.

    20.Отандық және шетелдік туроператорлаға арналған ақпараттық турлар өткізілген жоқ.

    21.Өңірде «Рухани қазына» жалпы ұлттық бағдарламасы аясында жүзеге асырлатын жобалар тізімі және оларды жүзеге асыру бойынша Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламасы аясында  Жамбыл ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөліміне қарасты аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі мен аудандық мәдениет үйінің тарихи-өлкетану мұражайы екі жобаны жүзеге асыруда.

    Аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі «Өркені өскен өлке» атты жоба. Жобаның мерзімі – 2017-2022 жж. Жобаның ішінде 5 іс-шара жоспарланған:

    «Ауылдың тарихи шежіресі» байқауы;

    «Жергілікті ақын-жазушылардың шығармаларын цифрландыру»;

    «Жас ақындар байқауы»;

    «Көзі көрмейтін және әлсіз көретіндер бөлімін ашу»;

    «Модельді кітапхана ашу».

    «Ауылдың тарихи шежіресі» өлкетану байқауы қазанның 5-нен қараша айының 24-і аралығында өтті. Байқау 2 кезеңнен тұрды: 1- ші кезеңде әр кітапхана өзінің ауылының тарихы жайлы әдістемелік құралдар шығарды. 2-ші кезеңде өлкетануға байланысты түрлі форматтағы іс-шаралар өткізілді.

    Тарихи-өлкетану мұражайында «Ұлттық құндылықтар – ел бірлігі» жобасы жүзеге асырылуда. Жобаның мақсаты, аудан көлемінде орналасқан археологиялық және тарихи мәдени ескерткіштердің сақталуын қамтамасыз етіп, туристік кластерді дамыту, тарихи-мәдени құндылықтарымызды зертеп, зерделеп, жастар арасында кеңінен насихаттау.

    Жобадағы 2017 жылға жоспарланған іс-шараларға жергілікті бюджеттен 750 000 теңге бөлініп, 620 000 теңгесіне құнды тарихи жәдігер   (ХІХ ғасырдағы ағаш төсек) алынды, іс-шараларға 130 000 теңге қаражат қаралып, «Ұлттық құндылықтар – ел бірлігі» байқауы және ауданға қарасты тарихи жерлерге экскурсиялар ұйымдастырылды.

    2018 жылға жоба бойынша 2 млн теңге қаражат қарастырылып, оның ішінде 1 млн теңгесіне көне жәдігерлер сатып алу, 1 млн теңгесіне іс-шаралар өткізу жоспарлануда.

    22.Тарихи-мәдени мұралардың жеке құрылымдарға заңсыз жекешелендіруге немесе сатылу деректері анықталған жоқ.

    1. Тарихи-маңызы бар нысандардың қорғау аумағындағы жерлердің өзге мақсаттар үшін берілмеген.

     

    Жамбыл ауданы әкімдігінің

    кәсіпкерлік және өнеркәсіп

    бөлімінің басшысы                                                                  Б. Төлендиев

     

     

     

     

     

     

    © 2015 Информационный портал аппарата акима Жамбылского района