100%200%
Жамбыл ауданы әкімі аппаратының
ақпараттық порталы

    Жамбыл ауылдық округінің Шайқорық, Қапал, Шайқорық стансасы ауылдарындағы көше атауларын бекіту және транскрипциясын нақтылау туралы

    ЖОБА

     

     

     

    Жамбыл ауылдық округінің Шайқорық,

    Қапал, Шайқорық стансасы ауылдарындағы

    көше атауларын бекіту және

    транскрипциясын нақтылау туралы

             Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы                  23 қаңтардағы Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының әкімшілік -аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы           8 желтоқсандағы Заңының 14 бабының 4) тармақшасына және Жамбыл облысы әкімдігі жанындағы ономастика комиссиясының 2018 жылғы               4 қыркүйектегі қорытындысы және тиісті аумақ халқының пікірлерін ескере отырып, ауылдық округ әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

    1. Жамбыл ауылдық округінің Шайқорық, Қапал, Қоңыртөбе төмендегі көшелердің атаулары өзгертілсін.
    • Шайқорық ауылы бойынша:

    Абай бұрылысын – Балдырған;

    Дінмұхамед Қонаев бұрылысын – Теректі;

    Сапарбай Байжиенов көшесін – Ынтымақ;

    Сапарбай Байжиенов көшесінің бұрылысын – Шалқар;

    Кольцевая көшесін – Қазына;

    Қырман көшесін – Ақбидай.

    • Шайқорық стансасы бойынша:

    Полевая көшесін – Алатау;

    Линейная көшесін – Береке;

    Деповская көшесін – Аққайнар;

    Деповская көшесінің бұрылысын – Ақжол.

    • Қапал ауылы бойынша:

    Уәлихан Қайназаров көшесінің бұрылысын – Ата мұра;

    Ю. Гагарин көшесін – Игілік:

     

     

    1. Жамбыл ауылдық округінің Шайқорық, Қапал, Танта ауылдарындағы көшелердің атауы мен транскрипциясы нақтылансын.

    1) Шайқорық ауылы бойынша:

    Желтоқсанмен Сапарбай Байжиенов көшелері ортасында орналасқан көше атауымен транскрипциясы Абай көшесі болып нақтылансын;

    Абай мен Сапарбай Байжиенов көшелері ортасында орналасқан көше атауы мен транскрипциясы Желтоқсан көшесі болып нақтылансын;

    Әшірмет Ташметов көшесінің сол жағында орналасқан көше атауы мен транскрипциясы Ыбырайым Сүлейменов көшесі болып нақтылансын;

    Бейсенбай Сабаевпен Сихымбай баба көшелері ортасында орналасқан көше атауы мен транскрипциясы Климент Тимирязев көшесі болып нақтылансын;

    Телеу мен Қырман көшелері ортасында орналасқан көше атауы мен транскрипциясы Бәйтерек көшесі болып нақтылансын.

    2) Қапал ауылының орталық көшесінің атауы мен транскрипциясы Тұрар Рысқұлов көшесі болып нақтылансын.

    3)Танта ауылы бойынша:

    Қайрат Рысқұлбеков көшесінің сол жағында орналасқан көше атауы мен транскрипциясы Әлия Молдағұлова көшесі болып нақтылансын;

    Танта мен Әлия Молдағұлова көшелері ортасында орналасқан көше атауы мен транскрипциясы Қайрат Рысқұлбеков көшесі болып нақтылансын;

    Райымбай Момбаев көшесінің сол жағында орналасқан көше атауы мен транскрипциясы Мәншүк Мәметова көшесіболып нақтылансын.

    1. Осы шешімнің орындалуын өзіме қалдырамын.
    2. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнненкейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

     

     

             Жамбыл ауылдық округінің әкімі                         Б. Садырбаев

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

    © 2015 Информационный портал аппарата акима Жамбылского района