100%200%
Жамбыл ауданы әкімі аппаратының
ақпараттық порталы

    ХАБАРЛАНДЫРУ ЖАМБЫЛ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ НАЗАРЫНА!

    Жамбыл ауылдық округі тұрғындарының назарына!

    Жамбыл ауылдық оругіне қарасты Шайқорық ауылындағы Абай бұрылысын – Балдырған көшесі, Дінмұхамед Қонаев бұрылысын – Теректі көшесі, Сапарбай Байжиенов көшесін – Ынтымақ көшесі, Сапарбай Байжиенов бұрылысын – Шалқар көшесі, Кольцевая көшесін – Қазына көшесі, Қырман көшесін – Ақбидай деп, Шайқорық стансасындағы Полевая көшесін – Алатау көшесі, Линейная көшесін – Береке көшесі, Деповская көшесін – Аққайнар көшесі, Деповская бұрылысын – Ақжол көшесі деп, Қапал ауылындағы Уәлихан Қайназаров бұрылысын – Ата мұра көшесі, Ю. Гагарин көшесін – Игілік деп, Бесжылдық ауылындағы атауы жоқ Жаңа көшесін – Жерұйық деп қайта атау бойынша сонымен қатар, облыстық және аудандық архивте ауылдық округ әкімінің шешімі сақталмаған, Жамбыл ауданы әкімдігі жанындағы ономастика мәселесі жөніндегі консультациялық-кеңесші органның 2011 жылдың 11 шілдесіндегі №8 ұйғарымымен расталған Шайқорық ауылындағы Бәйтерек, Желтоқсан, Ыбырайым Сүлейменов, Климент Тимирязев, Абай көшелерінің, Танта ауылындағы Қайрат Рысқұлбеков, Әлия Молдағұлова, Мәншүк Мәметова және Қапал ауылындағы Тұрар Рысқұлов көшелерінің транскрипциясын нақтылау бойынша 2018 жылдың 26 сәуірінде сағат 16.00-де Шайқорық ауылдық клубында жиналыс өтеді.

    Жамбыл ауылдық округі әкімінің аппараты 

     

    Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2017 жылғы 28 ақпандағы №17-388-5 тапсырмасы мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы №138 қаулысына сәйкес насихаттық жұмыстар жүргізіліп, мағынасы ескірген және қайталанатын атауларды тарихи жер-су атаулары, сонымен қатар ұлттық танымға жақын дәстүрлі атаулармен өзгерту туралы ауылдық округ әкімдеріне тапсырма берілді.

    Жамбыл ауылдық округінің көшелерінің атауы туралы архивтік құжаттарға сүйенетін болсақ, Жамбыл облысының мемлекеттік архиві 2018 жылдың 9 ақпанында және Жамбыл ауданының мемлекеттік архиві 2018 жылдың 12 наурызында Жамбыл ауылдық округіне қарасты елді мекендердегі көшелерге атау беру бойынша құжат анықталмағандығы туралы мұрағаттық анықтама берген.

    2 шт архив

    Сонымен қатар, Шайқорық ауылындағы Бәйтерек, Желтоқсан, Ыбырайым Сүлейменов, Климент Тимирязев, Абай көшелерінің, Танта ауылындағы Қайрат  Рысқұлбеков, Әлия Молдағұлова, Мәншүк Мәметова және Қапал ауылындағы Тұрар Рысқұлов көшелерінің Жамбыл ауданы әкімдігі жанындағы ономастика мәселесі жөніндегі консультациялық-кеңесші органның 2011 жылдың 11 шілдесіндегі №8 ұйғарымымен расталған көшелердің транскрипциясын нақтылауды қажет етеді.

    Ұйғарым

    Жамбыл ауылдық округіне қарасты Шайқорық ауылының аула саны – 1303, халық саны – 3339, оның ішінде қазақ – 2270, түрік – 803, орыс – 58, азербайжан – 83, өзбек – 35, қырғыз – 1, кәріс – 6, татар – 23, неміс – 13, тәжік – 15, украин – 5, ұйғыр – 17, белорусь – 2, молдаван – 2, күрді – 3, басқа ұлттар – 18. Көшелер саны – 23.

    Бесжылдық ауылы бойынша аула саны – 265, халық саны – 1530, оның ішінде қазақ – 1448, қырғыз – 3, өзбек – 2, кәріс – 10, түрік – 12, орыс – 48, неміс – 1, ұйғыр – 1, басқа ұлттар – 3. Көшелер саны – 7.

    Қапал ауылы бойынша аула саны 110, халық саны – 739, оның ішінде қазақ – 711, орыс – 8, қырғыз – 1, өзбек – 11, украин – 1, кәріс – 10.

    Танта ауылы бойынша аула саны – 80, халық саны – 439, оның ішінде қазақ – 413, әзірбайжан – 5, орыс – 1, түрік – 20.

    Шайқорық стансасы бойынша аула саны – 107, халық саны – 642, оның ішінде қазақ – 587, орыс – 31, қырғыз – 31, өзбек – 2, украин – 1, кәріс – 5, ұйғыр – 1, беларусь – 2, түрік – 4.

    Елді мекендерде 18 дүкен, 190 шаруа қожалығы, 2 орта мектеп, 1 балабақша, 1 дәрігерлік амбулатория, 2 фельдшерлік пункт, 2 пошта байланыс торабы, 1 кітапхана, 1 округ әкімінің аппараты бар. Елді мекендердегі көшелер талапқа сай абаттандырылған.

    Ауыл көшелеріне дәстүрлі атаулар берілсе…

    Біз жаһандану дәуірінде өмір сүріп отырмыз. Бұл дәуір мемлекеттердің, халықтар мен ұлттардың алдына жаңа мүмкіндіктер ашып қана қойған жоқ, жаңа сынақтар мен жаңа талаптарын алып келіп отыр. Тіпті, жекелеген мемлекеттер емес, тұтас өркениеттердің, мәдениеттердің алдында таңдау сәті тұр. Бұл таңдау жолы – өзіңнің ұлттық, мәдени-рухани бет-бейнеңді, салт-дәстүріңді жоғалтпай, тілің мен діліңді, дініңді сақтай отырып, жаһанданудың сара жолына түсу. Сонымен қоса, өзгерістерге, жаңғыртуларға әрдайым ашық болу, жаңа технологияларды, жаңашылдықты жатсынбау, Мәңгілік елге құшағыңды ашу. Осы тұрғыдан алғанда, «ауыл мен қазақ» ұғымы ғана емес, қазақ пен мемлекет, қазақ пен болашақ, қазақ пен өркениет ұғымдары да біз үшін ажырағысыз ұғымдар болуы тиіс деп білемін.

    Ауыл атауына тарихи атау беру – қоғамда рухани дәстүрдің басты негіздерінің бірі. Жамбыл ауылдық округіне қарасты елді мекендердегі көшелерге кеңес одағы кезеңін­дегі атаулар қойылған. Еліміз тәуелсіздік алғанына 26 жылдан асты. Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жаңғыру атаулы бұрынғыдай тарихи тәжірибе мен ұлттық дәстүрлерге шекеден қарамауға тиіс. Кері­сінше, замана сынынан сүрінбей өткен озық дәстүрлерді табысты жаңғырудың маңыз­ды алғышарттарына айналдыра білу қажет. Қазақ елінің, өлкеміздің тарихын жас ұрпақтың назарынан тыс қалдырмау мақсатында тәуелсіздігімізді айқындап тұратын, жасампаздық пен жаңашылдықты паш ететін жаңа атаулар қойылуы керек деп ойлаймыз. Амантай Асанқұлов, ауыл тұрғыны..

    © 2015 Информационный портал аппарата акима Жамбылского района