100%200%
Жамбыл ауданы әкімі аппаратының
ақпараттық порталы

    Жамбыл ауданына қарасты Қарой ауылдық округі тұрғындары және жергілікті қоғамдастық мүшелері жиналысының № 12 ХАТТАМАСЫ

    Пригородное ауылы                                                                         22.05.2018 ж.

    Сағат: 17-00

     

    Жиналыс төрағасы: ауылдық округ әкімі-Ж. Исаков

    Жиналыс хатшысы: бас маман-А.Пашір

    Жиналысқа қатысқандар:

    1)    жергілікті қоғамдастық мүшелерінің саны- 7 адам,

    2)    Пригородное ауылы тұрғындарының саны–712,

     

    Күн тәртібінде:

     

    1. Қарой ауылдық оругіне қарасты Пригородное ауылын – Сұлутөр деп, Пригородное ауылындағы Клубная көшесінің 1-бұрылысын -Рауан көшесі, Клубная көшесінің 2-бұрылысын – Арай көшесі, Клубная көшесінің 3-бұрылысын – Шапағат көшесі, В.Терешкова көшесінің 2-бұрылысын- Ақбұлақ көшесі, 50 лет ҚазақҚСР-не 50 жыл  бұрылысын – Тәуелсіздік көшесі деп қайта атау туралы

     

    Тыңдалды: Ж.Исаков – Қарой ауылдық округінің әкімі ашып, күн тәртібінде Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің тапсырмасына сәйкес Қарой ауылдық округіндегіПригородное ауылын – Сұлутөр деп, Пригородное ауылындағы Клубная  көшесінің 1-бұрылысын -Рауан көшесі, Клубная көшесінің 2-бұрылысын – Арай көшесі, Клубная көшесінің 3-бұрылысын – Шапағат көшесі, В.Терешкова көшесінің 2-бұрылысын- Ақбұлақ көшесі, Қазақ ҚСР-не 50 жыл бұрылысын – Тәуелсіздік көшесі деп қайта атау туралы«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңы 14-1-бабының 1-тармағын және «Әкімшілік-аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен таныстырып өтті.

    Сөйлеген:  М.Баталов –/Пригородное ауылының тұрғыны, зейнеткер/ Пригородное ауылын Сұлутөр есімімен өзгертілуін қолдаймын.  Көтеріліп отырған мәселе ,ескі атауларды ұлттық нақышқа келтіріп отырғаны орынды.

    Сөйлеген: З. Есіркепова –/Пригородное ауылының тұрғыны, Ә.Әйтиев орта мектебі директорының орынбасары/Пригородное ауылын Сұлутөр есімімен өзгертілуін қолдаймын.  Көтеріліп отырған мәселе ,ескі атауларды ұлттық нақышқа келтіріп отырғаны орынды. Пригородное ауылының атауын Сұлутөр деп атауды қолдаймын.

    Сөйлеген: А.Мадалиев –  Пригородное ауылының тұрғыны, қауымдастық төрағасы. Пригородное ауылын  Сұлутөр есімімен қайта аталуын толық қолдайтындығын айтты.

    Тыңдалды:Ж.Исаков ауылдық округ әкімі «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңы 14-1-бабының 1-тармағына және «Әкімшілік-аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы №138 қаулысына сәйкес тиісті аумақ халқының пікірін ескеру мақсатында ашық дауысқа салды.

    Пригородное ауылын «Сұлутөр» деп қайта атауға

    Қарсы–21

    Қалыс-13

    Қолдағандар саны-678 адам.

    Пригородное ауылының көше атауларын тізім бойынша дауысқа салайық.

    Пригородное ауылындағы Пригородное ауылындағы Клубная  көшесінің 1-бұрылысын -Рауан көшесі, Клубная көшесінің 2-бұрылысын – Арай көшесі, Клубная көшесінің 3-бұрылысын – Шапағат көшесі, В.Терешкова көшесінің 2-бұрылысын- Ақбұлақ көшесі, Қазақ ҚСР-не 50 жыл бұрылысын – Тәуелсіздік көшесі деп қайта атау туралы

    Қарсы – жоқ

    Қалыс-1

    Қолдағандар саны – 52 адам.

    Округ әкімі дауыс беру қорытындысы бойынша Пригородное ауылын –Сұлутөр деп, Пригородное ауылындағы Клубная  көшесінің 1-бұрылысын Рауан көшесі, Клубная көшесінің 2-бұрылысын – Арай көшесі, Клубная көшесінің 3-бұрылысын– Шапағат көшесі, В.Терешкова көшесінің 2-бұрылысын- Ақбұлақ көшесі, Қазақ ҚСР-не 50 жыл бұрылысын – Тәуелсіздік көшесі деп қайта атау туралы ұсынысын ауыл тұрғындары көпшілік дауыспен қолдағаны туралы жария етті.

    Қарой ауылдық округінің әкімі

    ШЕШІМ ЕТЕДІ:

     

    1. Қарой ауылдық оругіне қарасты Пригородное ауылын –«Сұлутөр»ауылы деп аталсын.
    2. Осы ұсыныс жергілікті өкілді және атқарушы орган тарапынан тиісті аумақ халқының пікірін ескерудің қорытындысы бойынша бірлескен шешіммен облыс әкімдігі жанындағы ономастика комиссиясының қарауына енгізілсін.
    3. Пригородное ауылындағы Клубная көшесінің 1-бұрылысын -Рауан көшесі, Клубная көшесінің 2-бұрылысын – Арай көшесі, Клубная көшесінің 3-бұрылысын-Шапағат көшесі, В.Терешкова көшесінің 2-бұрылысын-Ақбұлақ көшесі, Қазақ ҚСР-не 50 жыл бұрылысы -Тәуелсіздік  көшесідеп қайта аталсын.
    4. Тиісті аумақ халқының пікірін ескерудің қорытындысы бойынша ұсыныс облыс әкімдігі жанындағы ономастика комиссиясының қарауына енгізілсін.

    Жиналыс төрағасы:                                        Ж. Исаков

    Жиналыс хатшысы:                                       А.Пашір  

     

     

    © 2015 Информационный портал аппарата акима Жамбылского района