100%200%
Жамбыл ауданы әкімі аппаратының
ақпараттық порталы

    ТҮСІНІКТЕМЕ

    Сұлутөр – Пригородное ауылының орнында  бұрынғы кезде ат заводы (Конезавод) болған. Сол заводтан олимпиада чемпионы «Абсент» атты Ақтаңгер айғыр шықты. Кейін ат заводы Т.Рысқұлов ауданына көшірілді. Солатақты жылқының атына сай ауыл атын Құлагер деп атауды жөн санаймыз. Ақтаңгердің тұқымы бүкіл Қазақстанға тараған. Көптеген ат жарыстарында үнемі алда келеді.

    Рауан – Пригородное ауылы Алатаудың етегінде Талас өзенінің жағасына жақын жерде орналасқан. Алатаудың бір сілемі қызыладырды Талас өзені кесіп өтетін жерді қырғыздар Шоң қапқа деп атайды. Сол жерде үлкен платина салынған. Биіктігі 80 метр. Бөгеттің жоғары жағында жиналған судың тереңдігі де соншама метр. Қара бура жинаушы үлкен теңіз секілді. Сол  су қоймасынан, кешке қарай, үнемі тау самалы соғып, ауылға таза ауа желеді. Ауыл тұрғындарының көп, ұзақ жасауы сол таудан соғатын самалға байланысты деген аңыз бар.

    Арай – бұл көшеде 1220 орындық Ә.Әйтиев атындағы орта мектебі орналасқан. Білім ошағында ауыл балалары оқиды. Жас жеткіншектер біздің болашағымыз. Ісімізді алға апаратын жастар – біздің байлығымыз, қазынамыз. Сондықтан ауыл ақсақалдары көшенің атын солай атауды ұйғарды.

    Шапағат – жоғарыда аталғандай Пригородное ауылы сулы, нулы жер. Дулат Баянбаев көшесіне бұл есім 90-шы жылдары беріліп, ешқандай құжаттары сақталмаған. Ауыл тұрғындары бұл көшеге  қайта атау беруді ұйғарып, ауыл маңындағы көкпеңбек болып мөлдіреп ағып жатқан, халық Көксу деп атап кеткен жылғалардың бірінің атауын осы көшеге беруді ұйғарып отыр.

     Ақбұлақ – көктем-жаз мезгілдері ауыл маңы көкшалғын, жап-жасыл болып, мал жайылып, бала-шаға күн батқанша доп теуіп ойын қызығына батады. Балалар күні бойы  малын жайып, малын жусатады. Сондықтан да көк шалғын, шөбі шүйгін жеріне байланысты Жусалы деп атаған дұрыс деп ойлаймыз.

    Тәуелсіздік – атауын көп адамдар біле  бермейді. Тіпті кейбіреулер Тютюшка деп атайды. Түйте Байзақ датқаның туысы. Тараз қаласын суландыру ушін, Қызыладыр тауының етегіндегі көптегенбұлақтардың суын Таразға қарай

    Шапағат – адамның өзге біреуге жылылығын, ізгі ниеті мен лебізін білдіру көрінісі. Шапағат адамдар арасындағы сыйластық, кең пейілділік, қайырымдылық, жанашырлық, имандылық  негізін тапсын деген оймен 3 бұрылыс клубный көшесін «Шапағат» деп атағымфыз келді

     

     

    © 2015 Информационный портал аппарата акима Жамбылского района