100%200%
Жамбыл ауданы әкімі аппаратының
ақпараттық порталы

    ТҮСІНІКТЕМЕ

    ТҮСІНІКТЕМЕ

    Сұлутөр– Туған ауыл-әркімнің кіндік қаны тамған қасиетті мекені. Оның күні де, түні шұрқыраған жан-жануары шырылдаған құстары-бәрі де өзіне ыстық көрінеді.  Әр бір адам өз ауылын  Сұлутөрге балайтыныда қақ. Етек-жеңі кеңге жайылған, көрікті де құтты мекен болсын деп, мәртебесімен мерейі төрден көрінсін деген оймен Пригородное ауылының атауын «Сұлутөр» деп атағымыз келді.

    Байқоныс– киелі мекен. Уақыт пен кеңістіктегі қоныс ұғымы ауыл жұрттың өсіп-өркендеуіне қолайлы жерсумен, жайылымдармен, шұрайлы елді мекендермен үндестік тауып, шаруашылық-мәдени өмірдің даму үрдістерін айқындады. Атадан балаға мұраға қалған жерлермен халықтың бүкіл тыныс-тіршілігі, өмір сүру қарекеті,  төрт түлік мал, жер-ана, табиғаты халықтың байқонысты болсын деген ұғыммен 1 бұрылыс Космановтов көшесін «Байқоңыс» деп ауыстыруды жөн санадық.

    Арна– Өз арнасымен ағып жатқан өзеннің бойында орналасқан көше болғандықтан Степная көшесің «Арна»  деп атағымыз келді.

    Береке- Иә, ауызбірлік пен түсіністік, қарапайым сыйластық үстемдік құрған жерлерге қашанда нәтижелі істердің үйір болатыны белгілі. Біздің елімізде қалыптасқан ұлттар тұтастығы мен халықтар достығының арқасында бүгінде ауылымыз өркендеп, ілгері басып келеді. Біздің мемлекетіміздің басты жетістігі ауыл халықтарының өзара түсіністігі мен сыйластығы болып саналады. Ауылдың көпұлтты халқының татулығы, ынтымақтастығы, бейбітшілігі біздің  баға жетпес байлығымыз.  Сондықтан да Мир көшесін  «Береке» деп өзгертуді жөн санадық.

    Өркен – Өркені өскен ауыл атансын деген мақсатпен Украинская көшесін «Өркен» деп атағымыз келеді.

    Балауса– молодежная көшесі жас, жастықты білдіретін болғандықтан атаулы көшені мағыналас атау «Балауса» деп ауыстыруды жөн көрдік.

    Алдияр  парсы тілінде – Аллаңыз жар болсын деген сөз. Сондай ақ ұлық адамдарға, ханға, сұлтанға, т. б. құрметпен тіл қатудың көне түрі екен.  Қазақша мағынасында «алдияр»  бағыныштылықты, кішілікті, әдептілікті білдіреді. Осы үрдіске орай 1 бұрылыс Ленин көшесін «Алдияр» деп атағымыз келді.

     

    Мерей – Ауылымыздың мерейі, дәрежесі үстем болсын деген оймен  2 бұрылыс Ленин көшесін «Мерей» деп атағымыз келді

    Жігер – ауылымыздың жастары қажырлы, кайратты,  қуатты; ынталы, талапты, ерікті болсын деген оймен Комсомол көшесін «Жігер» көшесі деп атағымыз келді.

    Сұңқар-  сұнқардай көреген, батыл болсын деген оймен Ленин көшесінің 1 бұрылысын «Сұңқар» деп ауыстыруды жөн көрдік.

     

    © 2015 Информационный портал аппарата акима Жамбылского района