100%200%
Жамбыл ауданы әкімі аппаратының
ақпараттық порталы

    Қарасу ауылдық округі бойынша 2019 жылдың І-жартыжылдығында атқарылған жұмыстар бойынша анықтама

    Қарасу ауылдық округінің аумағында Ащыбұлақ және Шайдана елді мекендері мен «Көделі», «Мойынқұм» мал жайылымдары орналасқан.

    Сондай-ақ, білім беру, мәдениет, денсаулық сақтау, ауылшаруашылығы және басқа да әлеуметтік нысандар ауыл тұрғындарына үздіксіз қызмет көрсетуде.

    Атап айтқанда, «Қ.Сартбаев» атындағы орта мектебі, «Шайдана» бастауыш мектебі, «Жауқазын» бөбек-жайы, «Ащыбұлақ» дәрігерлік амбулаториясы, пошта байланыс бөлімшесі, 2-кітапхана, 2-клуб және ауылшаруашылығы саласымен айналысатын «Пионер» Ө/К мен 67 шаруа қожалықтары өз жұмыстарын жалғастыруда.

    Ауылдық округтің жалпы жері -2015 гектар.

    Ауылдық округ аумағында халық саны – 2119 адам.

    Аула саны – 344

    Зейнеткерлер саны – 165

    Мүгедектер саны – 56

    Соғыс ардагерлері – жоқ

    Ауған соғысына қатысқандар – 3

    Семей полигонына қатысқандар саны – 3

    Жалпы, ауылдық округте – 79 «Алтын алқа» және «Күміс алқа» иегерлері бар.Оның ішінде «Алтын алқа» белгісімен марапатталған 50 ана болса, «Күміс алқа» белгісімен марапатталған -29 ана.

    Ауылдық округ бойынша барлық жер көлемі – 31116 га,                 егістік – 2135 га, (оның ішінде суармалы-1704, тәлімдік-431 га) жайылым 25260 га және шабындық – 1314га , бөгде жер 392, елді мекен жері 2015  гектарды құрайды.

    2019 жылы Қарасу ауылдық округі әкімінің аппаратында барлығы      16 азамат қызмет атқарса, оның ішінде 6 мемлекеттік қызметкер және келісім-шарт негізінде 10 азамат.

    Аппаратмамандарына өздерінің атқаратын жұмыстары мен функцияналдық міндеттері бөлініп беріліп,  әр маман өздеріне берілген міндеттерді тиісті деңгейде атқаруда.

    Округ әкімі аппаратында жылдық және тоқсандық жұмыс жоспарлар жасалып, бекітілген және олардың орындалуы қатаң бақылауға  алынған.

    І-жартылдықта ауылдық округ әкімі аппаратында 54 өкім, 23шешім шығарылып, жеке тұлғадан 22 және өтініш түсіп, түскен өтініштерге өз мерзімінде тиісті жауаптары берілді.

    Сонымен қатар, жоғарғы органдардан – 519 кіріс хат кіріске алынып, 491 шығыс құжаттары рәсімделген, ауызша өтініштермен келген 128 азаматқа әртүрлі анықтамалар беріліп, барлығына өз уақытында тиісті жауаптар берілді.

    Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 ж.ж арналған бағдарламасы бойынша.

    Ауылдық округ аумағындағы жұмыссыз азаматтарға өз кәсібін ашуға нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 ж.ж арналған бағдарламасының 2-ші бағыты бойынша биылғы жылы барлығы 2 азамат мемлекет тарапынан 6 млн. 800 мың теңге несие алып, ауылшаруашылығы саласын дамыту мақсатында мал басын көбейту мен сүт фермаларын құруға бет бұрып өз істерін жалғастыруда.

    Халықты әлеуметтік қорғау және қамсыздандыру шаралары бойынша округтегі халықты әлеуметтік қорғау, жұмыссыздық пен кедейшілікті төмендету мақсатында бірқатар жұмыстар жалғасын табуда.

    Ауылдық округтегі көп балалы отбасыларына берілетін жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек алуға өтініш білдірген азаматтар мемлекет тарапынан тиісті жәрдемақыларды алды.

    Атап айтқанда, 2019 жылы 41 отбасыға, 9 млн. 532 мың 908 теңге жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек берілді.

    Ауылдық округте бойынша қысқа мерзімдік кәсіптік оқу курсынан             9 азамат, жастар практикасынан4 азамат өтсе, ақылы қоғамдық жұмыстарға4 азамат алынып, 1 азамат әлеуметтік жұмыс орындарымен, 15 азамат тұрақты жұмысқа орналасты.

    Ауылдық округтегі 2 елді мекенде 5 жеке меншік дүкен иелері өз істерін жалғастыруда. Олар ауыл тұрғындарын қажетті халық тұтынатын әртүрлі  тауарлармен, азық-түлікпен  қамтамасыз етуде.

    Салықтық түсімдері бойынша.

    Ауылдық округ бойынша 2019 жылдың І-жартыжылдың қорытындысымен салық төлеу жөніндегі мәліметтер төмендегіше:

    Салықтүрлері Жоспар Нақтыжиналғаны Орындалупайызы
    1 Жеке табыссалығы 101202 86 000 1 336908 1 554,5
    2 Мүліксалығы 104102 13 000 13410 103,1
    3 Жерсалығы 104302 102 000 121858 119,4
    4 Заңдытұлғажерсалығы 104309 0 8 889
    5 Заңдытұлғакөліксалығы 104401 0
    6 Жеке тұлғакөліксалығы 104402 800 000 1 029 505 128,6
      Барлығы:   1 001 000 2 501621 249,9

     

    2019 жылдың көктемгі мерзімді әскери қызметке яғни әскер қатарына шақырылатын азаматтар белгіленген кестеге сәйкес аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімге уақытында жеткізіліп, арнайы дәрігерлік тексеруден өткізілді.

    2019 жылдың көктемгі әскер қатарына шақырылымына жоспар бойынша 4 азамат берілді. Нәтижесінде жоспар 100 % орындалып 4 азамат әскер қатарына жіберілді.

    Ауыл шаруашылығы бойынша.

    Конго-Қырым қанды безгегінің алдын алу мақсатында Шайдана ауылындағы – 136 аулаға барлығы – 95200 шаршы метр жерге және ауыл тұрғындарының жеке малдарына (мүйізді ірі қара 330 бас, уақ мал           1983 бас, 15 бас жылқы) 3 мәрте дизинсекция жұмыстары жүргізілді.

    Ауылдық округтегі ауыл тұрғындарының 2019 жылдың 1 қаңтарына мал басы бойынша мүйізді ірі қара – 2095 бас, жылқы – 2046 бас, қой-ешкі – 19928 бас және үй құстары – 904 басты құрап отыр.

    Ауылдық округ аумағында ауыл шаруашылығы малдары арасында эпизоотиялық жағдай тіркелмеген.

    2019 жылдың басынан қазіргі күнге дейін ауылдық округтегі ауыл шаруашылығы малдарына егу, қан алу және сырғалану жұмыстары туралы мәлімет.

    Үйжануарлары Вакцина сібіржарасы Вакцина аусыл Вакцина лептоспироз Вакцина сүйел Вакцина құтыру Зерттеужұмыстары

    (қаналу)

    А/Шмалдары

    ныңсырғала

    нуы

    1 М.І.Қ 900 1820 490 1468 600
    2 М.У.М 6000 17480 5500 6612 6500
    3 Жылқы 350
    4 Ит

     

    Қан алу жұмыстарының нәтижесінде – МІҚ 3 бастан МУМ 20 бастан сарып аурының сынамалары табылып, анықталған малдар Тараз қаласындағы арнайы орындарда сойылды.

    Ауылдық аумақты дамыту барысында ауыл шаруашылығындағы еңбек өнімділігін арттыру мақсатында ауылдық округтегі «Пионер» Ө/К-і мен 67 шаруа қожалықтардың тарапынан төмендегіше жұмыстар атқарылды.

    «Пионер» Ө/К-де бүгінгі таңда, 50 азамат жұмыс жасап, 2019 жылдың І-жарты жылдығын мына төмендегі көрсеткіштермен аяқтап отыр.

    Қазіргі таңда, «Пионер» Ө/К-де барлығы – 15272 га. жерді құрайды.Оның ішінде егістік жері – 1105 га.

    Атап айтсақ, – 210 га жерге бидай, 260 га жерге арпа,140 га жерге мақсары және – 40 га жерге қант қызылшасы егілді.

    «Пионер» ӨК-де – 2481 бас қой, – 18 бас жылқы сақталып, қазіргі таңда «Көделі» мал жайылымында.

    2019 жылы – 7 тонна 995 кг жүн қырқылып, әр бас қойға шаққанда                3,8 кг биязы жүн алынды.

    Округтегі орналасқан 67 шаруа қожалық басшылары өз шаруашылықтарында еңбек етуде.Олар егін және мал шаруашылығымен айналысуда.

    Қазіргі таңда, барлық шаруа қожалықтардың жалпы жер көлемі            13829 гектарды құрайды.

    Оның ішінде егістік жері – 1030 гектар. Егілген көп жылдық жоңышқа – 349 га, 292 га жерге арпа, 40 га жерге бидай егілді. 1,5 га жерге «Айқын» Ш/Қ, 3 га жерге «Бек» Ш/Қ, 1,5 га жерге «Әсем» Ш/Қ қант қызылшасын екті.

    Ауылдық округ бойынша мемлекеттік «Сыбаға» бағдарламасы бойынша «Сүндет» ШҚ 6 млн теңгеге 216 бас МУМ және «Бек» ШҚ 5 млн 800 мың теңгеге 176 бас МУМ сатып алды.

    Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес, ауылдық округтың 9 ЖҚШ біріктіре отырып ет және сүт бағытындағы «Жанбике» АШК құрылды.

    Білім беру саласы бойынша.

    Ауылдық округ аумағындағы «Қ.Сартбаев» атындағы орта мектеп қазіргі таңда талапқа сай жабдықтармен толық қамтамасыз етілген, компьютерлер интернетке желісіне толығымен қосылған.

    Аталған мектепте – 55 мұғалім жұмыс  жасап, дәріс беруде.

    Әртүрлі жұмысшылар саны – 35

    2018-2019 жылғы оқу жылында – 375 оқушы білім алса,                  2019-2020 жылы -370 (даярлық-28) оқушы білім алуда.

    Сондай-ақ, 1сыныптағы -32 оқушыға және жағдайы төмен көпбалалы отбасыларынан шыққан -35 оқушыға, жалпы барлығы – 67 оқушы бір мезгіл тегін ыстық тамақпен  қамтамасыз етілген.

    2017-2018 оқу жылында барлығы – 20 мектеп бітірушілердің Ұлттық біріңғай тестілеуге -14 қатысып, яғни 70% – 1 оқушы «Алтын белгіге» ұсынылып, қорғап шықса, – 3 оқушы қызыл аттестат алды.                       Оның ішінде – 11 оқушы мемлекеттік грант бойынша оқуға түскен. Жалпы ҰБТ қорытындысы орташа балы – 105,8 пайызды құрап, аудан көлемінде             7 орынға тұрақтады.

    2018 жылдың тамыз айында «Нұр Отан» партиясы Жамбыл аудандық филиалының ұсынысымен «Қ.Сартбаев» атындағы орта мектепте жағдайы төмен отбасылардың балаларын мектепке арналған құрал-саймандарымен, киімдермен қамтамасыз ету мақсатында «Мектепке барар жол» атты қайырымдылық акциясы болып өтті.

    Аталған акцияға ауылдың ілкімді азаматтарының демеушілігімен қаржылай қаражаттар түсіп, жағдайлары төмен отбасылардың балаларына оқу құралдары мен киім-кешектер сатып алынып берілді.

    Сонымен қатар, өткен жылы «Пионер» Ө/К мен түрлі Ш/Қ басшыларының демеушілігімен аз қамтамасыз етілген отбасылары мен жартылай жетім, жалғыз басты аналардың балаларына, мүгедек жандарға барлығы 48 азаматқа 139 мың теңгеге (азық-түлік, шай, мақсары майы, ұн, қант, макарон т.б) заттай қайырымдылық көрсетілді.

    2018 жылы аталған білім ордасына «Өңірлерді дамыту-2020» бағдарламасы аясында өңірлерді экономикалық дамытуға жәрдемдесу бойынша шараларды іске асыруға аталған білім ордасының шатырын және электр желілерін ағымды жөндеуден өткізуге 2 млн 941 мың теңге бөлініп, қажетті жөндеу жұмыстары жүргізілді.

    Аталған мектепке «Сеңгірбай» және «Шайдана» елді мекендерінен 122 мектеп оқушысын тасмалдау үшін, арнайы екі автобус қызмет көрсетуде.

    2018-2019 жылғы қысқы жылыту маусымында«Қ.Сартбаев» атындағы орта мектептің жылу жүйесін дизель отынынан, қатты отын түріне көшіріліп, барлығы –250 тонна қатты отын (көмір) түрімен қамтамасыз етілді.

    Ауылдық округтегі «Шайдана» Б/М-де -11 мұғалім, -11 жұмысшы еңбек етуде.

    2017-2018 оқу жылында «Шайдана» Б/М-де 54 оқушы (даярлық сыныпта-16)білім алса, 2018-2019 оқу жылында 52 оқушы (даярлық сыныпта-18)білім алуда.

    «Шайдана» Б/М-нің жанынан «Балапан» бағдарламасының аясында ашылған шағын орталықта 25 бүлдіршін тәрбиеленіп, 7 азаматша жұмыс жасауда.

    Білім беру мекемесін жылытуға 50 тонна көмір отынымен қамтамасыз етілді.

    Ащыбұлақ ауылындағы 100 орындық «Жауқазын» Б/Ж қазіргі таңда, 82 бүлдіршін тәрбиеленуде.

    Сонымен қатар, барлығы 37 қызметкер жұмыс атқаруда.Оның ішінде 16 педагог, 21 әр түрлі жұмысшылар.

    Қысқы жылыту маусымында ғимаратты жылыту мақсатында 50 тонна көмір отынымен қамтылды.

    Денсаулық сақтау саласы бойынша.

    Ауылдық округ аумағында 10 келушіге арналған «Ащыбұлақ» дәрігерлік амбулаториясында барлығы 11 азамат халыққа қызмет көрсетуде.

    Оның ішінде, 1 аға дәрігер, 3 мейрбике, 2 санитарка, 1 әлеуметтік қызметкер, 1 жедел жәрдем көлігін жүргізуші және 3 күзетші жұмыс жасауда.

    Ауыл тұрғындарымен тоқсан сайын шалғайдағы «Көделі» мен «Мойынқұм» өңіріндегі шопандардың жанұяларын аралап, емдеу және тексеру жұмыстарын жүргізіп отырады.

    Елді мекендердегі аяғы ауыр әйелдер есепке алынып, дәрігерлік тексеруден уақытылы өткізіліп келеді.

    2018 жылы 50 сәби дүниеге келсе, 2019 жылдың 1 шілдесіне дейін22 сәби дүниеге есігін ашқан ал, 2018 жылы 6 азамат дүниеден өтсе, 2019 жылдың 1 шілдесіне дейін 9 азамат дүниеден өтті.

    2018 жылы 1 азамат сарып ауруымын ауырса, 2019 жылы сарып ауруы тіркелген жоқ, ал туберкулезбен 2018-2019 жылдары ауырған азаматтар тіркелген жоқ.

    Осы ауруларды болдырмау мақсатында, алдын алу жұмыстары жалғасын табуда.

    «Ащыбұлақ» дәрігерлік амбулаториясына 2019-2020 қысқы жылыту маусымына қажетті 28 тонна көмір отынымен қамтамасыз етілді.

    Жастар мәселесі бойынша.

    Бүгінгі таңда ауылдық округ бойынша жалпы халық саны 2119 адамды құраса, 14 жас пен 29 жас аралығындағы жастар саны 507 жас яғни, 23,10%құрайды, оның ішінде Ащыбұлақ ауылында 303 жас болса, Шайдана ауылында 204 жас.

    Жынысына қарай 269 ер бала болса, 238 қыз бала. Мектеп жасындағы оқушылар саны барлығы 364 оқушы, оның ішінде 14 жасқа дейінгі балалар саны 261 оқушы, 14 жас пен 18 жас аралығындағы оқушылар саны 103 және 14 білімгерді құрайды.

    «Серпін» бағдарламасы аясында Қазақстанның солтүстік, батыс және шығыс облыстарында жоғарғы оқу орындарында округ аумағынан   білімгерлер білім алуда.

    2019 жылдың ауылдық округ бойынша некеде тұрғандар жоқ. Неке бұзғандар жоқ.

    2019 жылы округ бойынша тіркелген жұмыссыз жастар жоқ.

    Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауына сәйкес, халықты саламатты өмірге баулу, бұқаралық спортты дамытуға , ауыл тұрғындарының спортпен жүйелі түрде айналысуына жағдай жасау мақсатында округ көлемінде түрлі спорттық іс-шаралар өтті.

    2019 жылдың І-жартыжылдығында ауылдық округ аумағында 8(сегіз) спорттық іс-шаралар өткізілді. Аталған ойындар кіші футбол, волейбол, арқан тарту, асық ату, қазақша күрес және т.б спорт түрлерінен өткізілді.

    Ауыл жастарын спортқа тарту мақсатында әр аптаның дүйсенбі, сәрсенбі, және жұма күндері «Қ.Сартбаев» атындағы орта мектептің спорт залында волейбол және футболдан ойындар өткізіліп тұрады.

    Сонымен қатар,  Ащыбұлақ және Шайдана ауылдарындағы кіші футбол алаңдарына жасанды төсеніш төселіп, ауыл жастарының игілігіне берілді.

    Сондай-ақ, байланыс жүйесі бойынша Ащыбұлақ және Шайдана ауылдарында жаңа электрондық аппарат қойылған, қазіргі кезде Ащыбұлақ, Шайдана ауылдары тұрғындарының үйлеріне интернет жүйесі (мегалайн) желісіне қосылып, халық игілігіне тұрақты түрде жұмыс жасауда.

    Округтегі елді мекендерді көріктендіру, көгеріштендіру және санитарлық тазалығын сақтауға аса мән берілген. Мекеме аулаларына егілген әртүрлі тал тарақтарды, гүлзарларды күтіп-баптау әрбір мекеме басшыларына тапсырылған.

    Ауылдық округте «Қазақстан-2050» стратегиясын жүзеге асырылуын және Елбасының Жолдауын насихаттау жөнінде кеңсе, көшенің кіре беріс басында және көрнекі жерлерде дәйекті сөздер жазылған, олардың бояулары қайта жаңартылып, мәтіндері өзгертіліп отырады.

    Жамбыл облысы әкімдігінің 2010 жылғы 24 маусымдағы №192 қаулысын орындау мақсатында округтегі Ащыбұлақ, Шайдана ауылдарында орналасқан 11 көшенің 7 көшесіндегіәрбір үйге анықтағыш (аншлаг) тақталары жасалып, яғни 63,6% ілінді.

    Мәдениет саласы бойыншаАщыбұлақ және Шайдана елді мекендеріндегі ауылдық клубтарда бекітілген жоспарға сәйкес, мерекелік кештер, әртүрлі іс-шаралар өткізіліп тұрады.

    Атап айтқанда, 8-наурыз халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай округтегі «Алтын алқа» және «Күміс алқа» иегерлеріне арналған дастархан жайылып, сый-сияпат жасалды. Мерекелік іс-шара соңы ауыл өнерпаздарының концерттік бағдарламасымен ұласты.

    Сондай-ақ, 9 мамыр – ҰОС аяқталғанына 73 жыл толуына байланысты ҰОС ардагерлерін еске алу мақсатында, үлкен іс-шара болып өтті. Оған ауылдан шыққан азаматтар демеушілік жасап, тыл еңбеккерлері мен ауыл қариялары шақырылып, мал сойылып, құран бағышталып тамақ берілді. Іс-шара соңы спорттық ойындармен және концерттік бағдарламалармен жалғасты.

    Мал ұрлығы бойынша.

    Округ бойынша қылмыстың алдын-алу оған қарсы жұмыстар жүргізу мақсатында ауылдық округке бекітілген учаскелік полиция инспекторы жұмыс атқарып келеді. Ауыл арасында қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алу және мал ұрлығы мен қоғамдық тәртіпті сақтау үшін арнайы ерікті халық жасақшылар тобы жасақталған.

    Қазіргі таңда, учаскелік полиция инспекторымен бірлесе түнгі рейдттік кезекшіліктер ұйымдастырылып келеді.

    2018 жылы барлығы 6 қылмыс түрі тіркеліп, қазіргі таңда аталған мал ұрлықтарының4-уі ашылған. Ал, 2019 жылдың 6 айында 1 қылмыс тіркеліп, мерзімінде ашылды.

    Қаржы игеру бойынша.

    Қарасу ауылдық округі әкімінің аппаратына мемлекет тарапынан  2019 жылдың 1-ші жартыжылдығынабөлінген қаражаттар толығымен игеріліп, төмендегіше жұмыстар атқарылды:

    Аудан және ауыл әкімдерінің өткен жылдардағы есеп беру жиналыстарында ауыл тұрғындарынан түскен ұсыныс-пікірлердің орындалуына келер болсақ:

    1. «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы шеңберінде өңірлерді экономикалық дамытуға жәрдемдесу бойынша шараларды іске асыруға Ащыбұлақ ауылындағы ҰОС ардагерлеріне арналған ескерткішке ағымды жөндеу жұмыстарына 3 млн 130 мың теңге бөлініп, тиісті жұмыстар атқарылды.
    2. Шайдана ауылына 2 млн 601 мың теңге бөлініп, балалар ойын алаңы салынды.
    3. Ауыл әкімінің демеушілігімен Ащыбұлақ ауылының кіре берісіне арка тұрғызу жұмыстары жүргізілуде.

    Ал ІІ-жартылдықта ауылдық округ аумағында атқарылуға тиіс жоспарланған жұмыстар:

    1. Қарасу ауылдық округі әкімі аппаратының ғимаратын салуүшін аудандық бюджеттен 12 млн 585 мың теңге бөлінді.

    2.Ащыбұлақ,Шайдана ауылдарындағы футбол алаңдарына жасанды төсеніш төсеу және Ащыбұлақ, Шайдана ауылдарына «street workout»орнату жоспарланған.

    © 2015 Информационный портал аппарата акима Жамбылского района