100%200%
Жамбыл ауданы әкімі аппаратының
ақпараттық порталы

    Өрнек ауылдық округінің әкімі А.Мантеевтің 2019 жылғы  6 айында атқарған жұмыстары туралы 

    Ауылдық округке екі елді мекен Өрнек,  Жұма ауылдары кіреді. Округ бойынша халық саны – 2647 адамды құрайды. Аула саны – 470 . Өрнек ауылында 2357 адам, 420 аула .  Жұма станциясында  290 адам , 50 аула. Округте №17 Жамбыл колледжі, Б.Тайшапұлы атындағы орта мектебі, Жұма бастауыш  мектебі,  «Гүлдер» балалар бақшасы, Өрнек дәрігерлік амбулаториясы, Жұма фельдшерлік пункті, ауылдық клуб, ауылдық кітапхана, Жұма кітапханасы, Өрнек ауылдық поштасы орналасқан.

    Ауылдық округте 3 дүкен,  1 дәріхана халыққа қызмет көрсетеді.

    Өрнек ауылдық округінің жалпы адам саны 2647 құраса соның ішінде  жастар саны 786 адамды құрайды. Оның ішінде ерлер саны-358, әйел адамдар саны-428.

    Ауылдық округ әкімі аппаратында 7 штаттық қызметкер қаралған. Округ әкімі аппараты жанында ақсақалдар алқасы, әйелдер  кеңесі және түрлі бағытта жұмыс атқаратын комиссиялар құрылған.

    Есепті мерзімде округ әкімі аппаратына түскен құжаттар саны 551 , шығыс құжаттар саны – 602 ауылдық округ әкімінің шешімдері –17, өкімдері –54.

    Округ әкімінің жеке қабылдауында 10 азамат болып, барлығына өз уақытында тиісті жауаптар беріліп, түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

    Округ әкімі аппаратында Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарының 8 қызмет түрінен  2 қызмет көрсетіледі, «Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және үйлеріне кері тасымалдауды ұсыну» мемлекеттік қызмет стандарты бойынша  қызмет көрсетілді.

    «Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін мектепке дейінгі (7 жасқа дейін ) жастағы балаларға жолдама бойынша 8  қызмет көрсетілді.

    Ауылдық округ әкімдігінде шаруашылықтар бойынша кітабының электрондық нұсқасы «Е-халық» ақпараттық жүйесі енгізілген. Ақпараттық жүйеге халықтың саны мен құрамы, мәртебесі және мал саны кіргізілді. Қазіргі таңда үй шаруашылық кітабы толығымен деректер базасына енгізілді.

    Ауыл шаруашылығы саласы

    Округтегі жалпы жер көлемі –31281 гектар. Елді мекендер жері – 2006,13 гектар.  Ауылшаруашылық алқаптарының –4217 гектар. егістік. жайылым – 11631,1 гектар.

    2019 жылы 70 га. күздік бидай, 560 га. жаздық арпа, 88 га. жүгері, 0 га. мақсары, 10 га. қант қызылшасы, 166,5 га. көкөніс-бақша дақылдары егілді.

    Бүгінгі таңда 140 шаруа қожалық тұрақты жұмыс атқаруда. Зерделеу барысында округ аумағында 787 га егістік жер шаруа қожалықтар тарапынан игерілмей отыр.

    Электронды картаға енгізілген егістік жер көлемі- 3750 га құрап отыр.

    Округте барлығы 1470   мүйізді ірі қара, 9137 бас қой-ешкі, 908 бас жылқы, 2470 дана үй құсы тіркелген.

    Округ бойынша қысқы мерзімге  2932 тонна жем-шөп және пішендеме дайындалды.

    Қазіргі таңда округтегі барлық мал басы ауылшаруашылық жануарларын бірдейлендіру деректер базасына енгізіліп, үй шаруашылықтар кітабымен сәйкестендірілуде.

    Округ аумағындағы барлық мал басы мемлекет тарапынан емдеу-егу (вакцинация) жұмыстарымен қамтылған.

    2017 жылы  Өрнек ауылдық округінде «Пәрімбек» ауылшаруашылық өндірістік кооперативі мүйізді уақ мал бағытында құрылды. 2018 жылы кооперативтегі уақ мал басы (қой) 700 басты құрап отыр.

    Салық төлемдерді

    2019 жылы 6 айға Көлік салығының  жоспарланған сомасы 638,0  мың теңге.Жер салығының есепті жыл жоспарланған сомасы 105,0 мың теңге.

    Мүлік салығының есепті жыл жоспарланған сомасы 10,0 мың теңге. Кәсіпкерлер және табыс салығының есепті жылы жоспарланған сомасы 95 000  мың теңге. Жоспар – 1024,0 мың теңге, орындалғаны – 1148,6 мың теңге.

     Әлеуметтік көмектер

    • Атаулы әлеуметтік көмек алушылар –43 отбасы, оның ішінде –40 шартты, 3- шартсыз.

              Есепті мерзімде тұрмысы төмен отбасыларына, жалғыз ілікті қарттарға, көпбалалы отбасыларына округтегі ілкімді азаматтардың қолдауымен көмектер көрсетілуде.

    Әскери қызмет.     

    Қазақстан Республикасының «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Заңына сәйкес 2002 жылдары туылған  21 жас өспірім есепке алынып,1992-2001 жылы туылған, әскерге жарамды  93 азаматтың 25-і дәрігерлік тексеруден  өткізілді). Олардың ішінен 10 азамат әскерге жарамды болып  ,  әскер қатарына алынды. Көктемгі жасак 7 жөнелтілгені 10. Жоспар 110%  орындалды.

     Санитарлық тазалық жұмыстары

     Санитарлық тазалық жұмыстары өз деңгейінде жүргізілуде. Округ аумағында «Мирас» шаруа қожалығы тұрмыстық қатты қалдықтарды тасымалдаумен айналысады. Округте 370 аула қамтылып отыр.Осы жөніндегі келісім шарт 2018 жылдың 20 қаңтарындағы аудандық «Шұғыла-Радуга» газетінің №6 санында жарияланды. Тасымалдау тарифі өткен жылғыдан азайтылып, әр аулаға айына 250 теңгеден белгіленді.

    Ономастика

     Өрнек ауылында 15,  Жұма ауылында 1 көше бар. Барлық көшелердің атаулары қойылған. Облыс әкімінің 2018 жылғы 25 сәуірдегі №50 хаттамалық тапсырмасына сәйкес ауыл ішіндегі көшелерді жаңа үлгідегі аншлагтармен кемінде 50 пайыз қамту үшін 12 көше атауына өтінім беріліп, жаңа үлгідегі аншлагтар орнатылды. Тапсырма 81%- орындалды.

    Құқық бұзушылық саласы

    Өрнек ауылдық округінде Жамбыл аудандық полиция бөлімінің 1 учаскелік полиция инспекторы қызмет көрсетеді.

    Учаскелік полиция пункті компьютермен, интернетпен, телефонмен, қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген.

    2019 жылға 6 айында ауылдық округ бойынша барлығы  қылмыс тіркелмеген.

    Жамбыл ауданы әкімі мен Өрнек ауылдық округінің әкімі арасындағы 2019 жылға 6 айына арналған негізгі индикаторлық көрсеткіштер толығымен орындалды. Яғни:

    1. Егістік жерлерді игеру 4217 гектарға жоспарланып, толығымен 100 % орындалды.
    2. Ауылдық округке түсетін салықтық және салықтық емес түсімдердің бекітілген бюджетінің өсімі – көрсеткішке сәйкес 112,2 пайызға орындалды. Жоспар – 1024,0 мың теңге, орындалғаны – 1148,6 мың теңге.
    3. Ауылдық округінің бюджетінің игерілуі көрсеткіші – 99,9%.
    4. Шағын және орта бизнес субьектілер санын арттыру 13 бірлікке орындалды, жоспар – 8 бірлік. (101%)
    5. «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған» бағдарламасының Сонымен қатар, осы бағдарламаға сәйкес округ бойынша 2019 жылы жастар тәжірибесіне  – 2 азамат, ақылы қоғамдық жұмысқа – 2 азамат,  кәсіптік оқудан 3 азамат өтті.

    Бағдарлама аясында барлығы: индикаторлық көрсеткіші 102,4% орындалып отыр.

    1. Дене шынықтырумен және спортпен шұғылданатын азаматтарды қамту 29,5 % жоспарланып, 29,5 %-ға орындалып, 770 адамға жетті.

    8.Ауылдық округте тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау және тасымалдаумен қамтылған аулалардың саны 370.

    Ауылдық округтерде автомобиль жолдарын күрделі және орта жөндеу бағдарламасы бойынша Өрнек ауылында 2019 жылы Облыс және аудандық бюджеттен 50/50 қаржыландыру бойынша  Байкеев көшесін орта жөндеуге 20 млн 923 мың теңге, (10462 млн теңге), Жеңістің 30 жылдығы көшесін орта жөндеуге 18 млн 577 мың теңге (9 млн 288 мың теңге) қаралып отыр.

    Ауылдық округтегі барлық әлеуметтік нысандарға ауылдық округі әкімдігі, Б.Тайшапұлы орта мектебіне, ауылдық амбулатория,ауылдық  кітапхана, ауылдық клуб,»Гүлдер балабақшасы, №17 Жамбыл колледжі, вет пункт,Жұма бастауыш мектебі,Жұма мед пункт, Жұма кітапханасы ғимараттарына жоғары жылдамдықтағы интернет желісі тартылды.

    Сонымен қатар тұрғындардың ұсынысы бойынша мешіт құрылысын салу жұмысына демеушілер тартылып, жобалық-сметалық құжаттары дайындалып, мемлекеттік сараптамадан өткізілуде.

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

    © 2015 Информационный портал аппарата акима Жамбылского района