100%200%
Жамбыл ауданы әкімі аппаратының
ақпараттық порталы

    2019 жылдың 1 жарты жылдығында атқарылған жұмыстары

    2019 жылдың 1 жарты жылдығында атқарылған іс-шаралар

           Мәдениет саласы бойынша:

           8-Наурыз халықаралық әйелдер күніне орай ұйымдастырылған «Анамның аялы алақаны» коцерттік бағдарлама ұйымдастырылды.

    22-наурыз мерекесіне орай «Нұр шашқан әз, наурыз» мерекелік іс-шарасы болып өтті.

    1-мамыр Қазақстан халықтарының бірлігі күніне орай ауыл жастары арасында «Ұлт бірлігі ел мақтанышы» мерекелік іс-шара ұйымдастырылды.

    9-мамыр Ұлы жеңіс күніне орай «Жалыңды жастар Отанға» атты ауыл тұрғындарына мерекелік концерт ұйымдастырылды.

           15-сәуір «Ғашық көңіл-мәңгі жасыл айдын көл» ғашықтар күніне орай мерекелік кеш ұйымдастырылды.

    «Сырлы биім-елге сыйым» атты биден үйірмеге қатысушы жастармен биден жарыс ұйымдастырылды.

           16-тамыз «Ауылым алтын бесігім» өнер фестивальі ұйымдастырылды.

           Ауыл шаруашылығы саласы бойынша

           Округте 1-ӨК «Қызыл Дихан қожалығы», 16ш/қ, барлығының жер көлемі 7604 га, оның ішінде егістік жер көлемі 4862 га, шабындық жер көлемі 474,2 га, жайылым жер көлемі 2137 га

    2019 жылы округ бойынша себілген дақылдар көлемі: Күздік бидай 615 га, жаздық арпа 918 га, жүгері 185 га, мақсары 70 га, жоңышқа 2777 га егілді.

           Ауылдық округтегі ауыл тұрғындарының 2019 жылдың қаңтарына мал басы бойынша мүйізді ірі қара жылқы -4144 бас, жылқы-1426 бас, қой ешкі-8668 бас және үй құстары-325 150 басты құраса, 2019 жылдың шілдесіне мал басы бойынша мүйізді ірі қара жылқы -4197 бас, жылқы-1580 бас, қой ешкі-11600 бас және үй құстары-327 850 басты құрап нақты өсім байқалды. 2019 жылдың I жарты жылдығында округ аумағындағы аталған барлық ауылшаруашылық мал бастарынан түрлі ауруларды анықтау үшін қан алынып, қамтылуға қажетті мал бастарына бірдейлендіру жұмыстары жүргізілді.

           Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау:

    Жеке тұлғалардан 38, заңды тұлғалардан 6 өтініш келіп түсіп барлығына мерзімінде жауаптары берілді.

    Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша барлығы 210 мемлекеттік қызмет көрсетілді.

    Көлқайнар ауылдық округі бойынша 2019 жылға жоспарланып атқарылған жатқан жұмыстар:

    Мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қолжетімділігін  қамтамасыз ету мақсатында бекітілген талапқа сай шатырмен пандус орнатуға ауылдық округ әкімшілік ғимаратына-503 мың теңге, Тастөбе ауылдық клубына- 1 млн 021 мың теңге, Еңбек ауылдық клубқа-596 мың теңге қаражат бөлініп толығымен игерілді.

    Ауылдық округ әкімшілік ғимаратының шатырын ағымды жөңдеуге-2 млн 506 мың теңге бөлініп толығымен игерілді.

    Тастөбе ауылы, Т.Рысқұлов көшесін жарықтандыруға 9 млн 182 мың теңге бөлініп толығымен игерілді.

    Тастөбе ауылы, Қ.Мыхаев көшесін орта жөңдеуден өткізуге-2 млн 957 мың теңге бөлініп толығымен игерілді.

     

    © 2015 Информационный портал аппарата акима Жамбылского района