100%200%
Жамбыл ауданы әкімі аппаратының
ақпараттық порталы

    «Жамбыл ауданы Гродиково ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 2019 жылдың бірінші жарты жылдығында атқарылған жұмыстары бойынша мәлімет

    Қазақстан Республикасы «Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» заңы мен басқа жа жоғары мемлекеттік органдарының актілерін басшылыққа ала отырып, есепті мерзімде «Гродиково ауылдық округі әкімі аппараты» КММ бекітілген жоспарға сәйкес жұмыстар атқарды.

    Атап айтқанда:

    Гродиково ауылдық округі 2 елді мекеннен, Гродеково, Қызылдихан ауылдарынан тұрады. Округ бойынша 1270 аула, ауыл тұрғындарымыздың барлық саны –  6941 адам. Оның ішінде Гродиково ауылында – 6166 адам,  Қызылдихан ауылында – 775 халық тұрады.

    Атқарылып отырған жұмыстар барысында Гродиково ауылдық округі әкімінің 2019 жылы 6 айда нормативтік-құқықтық актілер саны: 59 өкім, 22 шешім қабылданды.

    2019 жылы әкімнің жеке қабылдауында 7 қабылдау жүргізілді, жеке тұлғалардан 50 өтініш, заңды тұлғадан – 1 өтініш түсті. Үй тұрғызу үшін жер кезегінде тұрғандар саны 72 адам өтініш беріп кезекке тұрды, жер учаскесі кезегінде тұрғандар жалпы 498 адам. Түскен өтініштер бойынша «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңына сәйкес уақтысында жауаптары берілді.

    Округ бойынша 659  зейнеткер, 80 адам тылда еңбек еткен азаматтар,

    Округ аумағында  2 мектеп, 1 кітапхана, 1 балалар кітапханасы,  1 дәрігерлік амбулатория,  2 шаштараз,  9 жанар-жағармай стансасы,  1 мәдени орталық, 1 пошта. 1 халыққа қызмет көрсету орталығының филиалы,  1 наубайхана (лепешка пісіретін цех), 11 дүкен, 2 дәмхана бар. Округтің 2 елді мекендерінде «Ауыз су» бағдарламасы бойынша құбырларымен жабдықталған.

    Ауылдық округі бойынша ескі атаулармен аталатын көшенің атауы өзгертіліп әділет басқармасында тіркелді. Гродиково ауылдық округінде жаңартылған аншлагтар дайындау үшін 2019 жылы 200,0 мың теңге қаражат қарастырылып 14 көшеге жаңартылған аншлаг орнатылды.

    Гагарин және Жиделі көшелеріне жаңадан 2 дана трансформатор 3 млн.теңгеге сатып алынып, орнатылды.

    Қызылдихан ауылы Ақмешіт, Сайран көшелеріне 8 Камаз автокөлігімен шағал-тас түсіріліп, тегістелді, Ақжол көшесі мен Костянкин көшесін қосатын тұйық жолдағы үлкен теректер қырқылып, жолға шағал тас төселіп берілді.

    Гродиково ауылының тұрғыны Махатов Нұрахан Сураншиевич 150 млн.теңгеге «Сенім» МО қайта жаңғыртып «Нұр-Мерей» бөбекжайына ауыстырып құрылыс жұмыстарын жүргізуде.

    Әкімнің өз қаражаты есебінен жыл басынан наурыз мерекесі, 9 мамыр Жеңіс күні, балаларды қорғау күні, қарттар күні меркелері ұйымдастырылды, аз қамтылған 1 отбасыға үй қабырғасын тұрғызу үшін фундабенті жөнделіп 1000 блок кірпіш түсіріліп берілді.

    Өңірлерді дамыту бағдарламасы бойынша орталық Ақжол көшесінің бойындағы тротуарды 3 млн 900 мың теңгеге ағымдағы жөндеуден өткізілді.

    Елдің тұрмыс жағдайын көтеретін сала ауылшаруашылығы.  Ауылдық округ бойынша  – 141 шаруа қожалығы, оның ішінде – мал шаруашылығы және егін шаруашылығымен айналысатын 10 ірі шаруа қожалығы бар. Ауылдық округте электронды картаға шаруа қожалығы жерлерін енгізу жұмыстары жүргізілді.

    Ауылдық округі аумағында «Алтын-белгі» ауылшаруашылық кооперативі тіркелген, құрамында 22 азаматтан құралған. 2019 жылдың 6 айда 221 тонна сүт өндірілді.

    Өндірілетін өнім түрлері:

    «Тимофеев» ШҚ сүт 2019 жылы 6 айда өндірілген сүт көлемі 210 тонна.

    «Рыжибаев» жеке кәсіпкер 2019 жылы өндірген шұжық өнімі 27,8 тонна.

    2019 жылы округ бойынша:  Ірі қара мал – 3678 бас,  Жылқы – 224 бас, Қой ,ешкі –7056 бас, Шошқа –1612 бас, Құс – 5007 бас.

    Ауылдық округте егілген егістік көлемі 8583 га, оның ішінде бидай-440 га жаздық арпа-1855 га, жүгері -195 га, майлы дақылдар -1460 га,қант қылшасы 150 га, картоп – 45 га, көкөніс бақша дақылдары – 1990 га, мал азықтық дақылдар -655 га және т.б. дақылдар егілген.

    Жыл басынан бері 6 айға жоспарланған  салықтық түсім 3 млн.524 мың теңге, оның ішінде 6 млн. 577 мың теңге салықтық жән салықтық емес түсімдерден түсті.

    Азаматтарды әскер қатарына даярлау, дәрігерлік тексеруден өткізу, жастарға алғашқы дайындық куәлігін әперу, құжаттарын әскери комиссариатқа дайындау, әскер қатарына шығарып салу және тағы басқа да жұмыстар жүргізілуде. 2019 жылы есепте тұрған 260 баладан көктемгі   медициналық комиссияға 42 бала шақырылған, жыл басынан 10 бала әскери борышын өтеуге жіберілді және 5 бала жіберуге дайын.

    Бүгінгі күні жұмыссыздар тіркеуінде тұрғандар саны – 7 адам. Осы жұмыссыздар арасынан қоғамдық жұмысқа 21 адам қамтылды және кәсіптік оқудан 8 адам өтті. Ауылдық округі бойынша атаулы әлеуметтік көмек алушылардан 167 отбасынан өтініш түсіп оның 124 отбасына атаулы көмек тағайындалды, қалған 43 отбасыға табысы кедейлік деңгейінен асып кетуіне байланысты атаулы көмек тағайындалмады.

     

    Гродиково ауылдық округінің әкімі                                       Б.Кожабеков

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

    © 2015 Информационный портал аппарата акима Жамбылского района