100%200%
Жамбыл ауданы әкімі аппаратының
ақпараттық порталы

    ХАБАРЛАНДЫРУ. ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА

    ГРОДИКОВО АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ НАЗАРЫНА!

    2018 жылдың 23 қыркүйегінде сағат 10.00-де Гродиково ауылдық округінің мәдениет үйінде Гродеково ауылындағы Мир 1-бұрылысын – Тұран көшесі, Мир 2-бұрылысын – Мұзтау көшесі,  Мир 3-бұрылысын – Арал көшесі,  Мир 4-бұрылысын – Ақсай көшесі,  Набережная бұрылысын – Ақсу көшесі, Жамбыл 1-бұрылысын – Еділ көшесі,    Жамбыл 2-бұрылысын – Арыс көшесі,    Жамбыл 3-бұрылысын –Ертіс  көшесі, Жамбыл 4-бұрылысын – Тобыл көшесі, Базарбай Олжабаев бұрылысын –Ақдала көшесі,      Қызылдихан ауылындағы Абай жаңа көшесін – Ақмешіт, Абай жаңа құрылыс көшесін – Отырар көшесі, Абай 1-бұрылысын- Сауран көшесі, Абай 2-бұрылысын – Сайрам көшесі  деп қайта атауға байланысты жиналыс өткізіледі.

    Ұрпаққа ұлттық болмыс, ұлттық сана, тарихымызды ұғындыру.

    Тәуелсіз еліміздің саясатына идеологиялық тұрғыдан мағынасы сәйкес келмейтін атауларды өзгерту  бойынша тың өзгеріс­тер жүргізілуде. Біз кеңес заманында өмір сүрдік. Ол кезде есімдері елімізге белгілі тұлғалардың атына берілген көшелер саусақпен санарлықтай ғана болды. Көшелердің көбіне бұрынғы шектен тыс атаулар беріліп, мән-мағынасы жоқ көше атаулары да пайда болды. Ал егер осы көшелерді қазақ халқынан шыққан тарихи тұлғалардың есімдерімен, тарихи, дәс­түрлі атаулармен атасақ, нұр үстіне нұр болар еді. Себебі осы игілікті іс  арқылы алдымен сол тұлғаларға деген құрметімізді білдірсек, екіншіден, болашақ ұрпаққа ұлттық болмыс, ұлттық сана, тарихымызды ұғындырамыз.

    Жалпы ономастика саласы атауларды қазақшаландырумен шектелмейді. Мұндағы мақсат – әр елді мекен, көшелердің атынан ұлттық болмыстың, ұлттық тарихтың иісі сезіліп тұруы керек. Жаңа атау жас ұрпақ санасында елдік патриотизмді қалыптастыруға қызмет етуі тиіс.

    Көше атауларын жаңарту оңай шаруа емес. Халықтың тілегі қашанда көл. Сондықтан ауыл тұрғындарының бұл тілегі орындалар күн де алыс еместігіне сенемін.

     

    Төрегелді Үсіпбеков

    Гродиково ауылдық округі ардагерлер кенесінің төрағасы

    Қазақстан Республикасының Призиденті Әкімшілігінің 2017 жылғы 2 наурыздағы тапсырмасы мен  Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы № 138 қаулысына сәйкес насихаттық жұмыстар жүргізіп, идеологиялық мағынасы ескірген атауларға байланысты ауылдық округ әкімдеріне тапсырма берілді.

    Гродиково ауылдық округіндегі көше атаулары туралы архивтік құжаттарға сүйенетін болсақ,  Жамбыл ауданы әкімдігінің жанындағы мемлекеттік тіл саясатын іске асырушы консултациялық-кеңесші орган аудандық ономастикалық комисиясының 2011 жылдың 11 шілдесіндегі №6 ұйғарымы және  2012 жылдың  26 қыркүйегіндегі №3 ұйғарымы негізінде Гродиково ауылдық округінің Гродеково және Қызылдихан ауылдарына қарасты көшелердің атаулары расталсын деп жазылған.

    Гродиково ауылдық округіне қарасты Гродеково ауылындағы халық саны-6098 :оның ішінде қазақтар -1560, орыстар-803,  түріктер-270,  дүнгендер-122, қырғыздар -30 , өзбектер -77, украиндар-56 , немістер -76, күрділер-2899 басқа ұлттар –205

    Көшелер саны -12, бұрылыстар саны –  10.

    Гродиково ауылдық округіне қарасты Қызылдихан ауылындағы халық саны- 752    : оның ішінде қазақтар -550, орыстар-7,  қырғыздар -25 , өзбектер -10, күрділер-141 басқа ұлттар –19

    Көшелер саны -4, бұрылыстар саны –  2.

    Гродиково ауылдық округі Тараз қаласынан қашықтығы – 12 шақырым. Ауылдық округте – 2 мектеп, 2 балабақша, 1 мәдениет үйі, 2 кітапхана, 1 дәрігерлік амбулатория, 1 дәріхана, 2 дәмхана, 15 дүкен , 2 шаштараз,  1 пошта бөлімшесі,  Әкімшілік ғимаратында ХҚКО және жергілікті полиция бөлімшесі орналасқан.

    © 2015 Информационный портал аппарата акима Жамбылского района