100%200%
Жамбыл ауданы әкімі аппаратының
ақпараттық порталы

    Бесағаш ауылдық округінің әкімі Б.Нигматуллаевтың 2019 жылдың І жартыжылдығында атқарған жұмыстарының  ЕСЕБІ

    Бесағаш ауылдық округі аудан орталығынан қашықтығы – 45 шақырым,  облыс орталығынан – 21 шақырымды құрайды. Округ құрамындағы елді мекендер – Бесағаш, Түрксіб ауылдары. Жалпы халық саны – 6820 адам. Оның ішінде: ерлер – 3443, әйелдер – 3377, 6 жасқа дейінгілер – 886. Аула саны – 1336, оның ішінде: Бесағаш ауылында – 556 аула, Түрксіб ауылында – 780 аула. Ауыл тұрғындарының  2870 адам – өзін-өзі жұмыспен қамтығандар, 1024 адам – жалдамалы жұмысшылар, 1771 адам – кәмелетке толмағандар,  ресми тіркелген жұмыссыздар  – 48,  зейнеткерлер саны  –  666 адам, мүгедектер саны – 160 адам. Сайлаушылар саны – 4119 адам, 153 «Алтын алқа» мен  «Күміс алқа»  иелері   бар.

    2019 жылға қаралған қаражатқа келсек,

    – Бесағаш ауылындағы Абай көшесіне орта жөндеу жұмыстарына (оң жақ бөлігіне) – 4 млн 595 мың теңге;

    – Түрксіб ауылындағы Бәйдібек баба көшесінің орта жөндеу жұмыстарына – 1843000,00 тенге;

    – Түрксіб ауылындағы «Нұршуақ» бөбекжайының пандусына ағымды жөндеу жұмыстарын жүргізуге – 2 060 315,00 теңге;

    – Әкімшілік ғимаратына пандус орнатуға – 310 344,00 теңге;

    – Көшелерге бейнебақылау жүйесін орнатуға – 2 499 270,00 теңге;

    – 3 трансформатор орнатуға – 5 778 000,00 теңге;

    – Түрксіб ауылындағы Ынтымақ  көшесіне ағымды жөндеу жұмыстарын жүргізуге – 645 000,00  теңге жұмсалды.

    Бесағаш ауылдық округі әкімінің аппаратының қызметкерлері туралы айта кететін болсақ, қазіргі таңда жеті мемлекеттік қызметші жұмыс істейді. 

    2019 жылдың І-жартыжылдығында ауылдық округ әкімі аппаратына жеке тұлғаларадан 10 ауызша, 68 жазбаша, заңды тұлғаларадан 1 арыз-шағым, өтініштер болып, олардың бәріне жауап берілді, немесе жоғарғы органдарға жіберілді. Ауылдық округ әкімі 61 шешім, 63 өкім қабылдады.

    Мемлекеттік  қызмет  көрсету  сапасын  арттыру  мақсатында мемлекеттік  қызмет  көрсетудің  стандарттары  мен  регламенттерінің  8 түрі  енгізілген. 2019 жылдың І жартыжылдығында көрсетілген мемлекеттік  қызметтердің саны – 78.

    Округ аумағында 2 мектеп, 2 кітапхана, 2 дәрігерлік амбулатория, 22 дүкен,  1 шаштараз, 1 май құю стансасы, 1 спорт мектебі (Бесағашта филиалы жұмыс жасайды),  1 ауылдық клуб, 1 дәріхана, 2 пошта халыққа қызмет етеді.

     

    Мемлекеттік жәрдемақылар туралы.

    Округ бойынша 2019 жылдың І-жартыжылдығында  мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек 237 отбасына тағайындалып –71 млн мың теңге төленді.

    «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған» бағдарламасы бойынша ақылы қоғамдық жұмысқа – 17 адам  жұмысқа тартылды.  «Жастар тәжірибесі»  бойынша 6 айға 9 жас маман жұмысқа қабылданды, қысқа мерзімді кәсіптік оқу курстарына 15 адам шақырылды, әлеуметтік жұмыс орындарында 2 адам жұмыс орындарына орналасты. Тұрақты жұмыс орындарына 29 адам орналасты.

    Салық төлемдері бойынша. Жергілікті салық төлемдері Қазақстан Республикасының салық кодексіне сәйкес жүргізіледі. 2019 жылы ауылдық округ бойынша 1801 отбасы салық төлеуші болып тіркелген. Ауыл  бюджетінің  кірістері бойынша  2019 жылдың І  жартыжылдығына  салық жоспары 2549,0   мың теңгені құрап, ол 7711,2 мың  теңгеге орындалды.

    Мал шаруашылығы бойынша. 2019 жылдың І жартыжылдығында мал саны: ірі қара – 2706, жылқы –  897, 2880 бас қой және ешкі, 1856  бас құс тіркелген.

    Ауылдық округ бойынша ауылшаруашылығы туралы айта кетер болсақ,  округ  бойынша  117  шаруа қожалығы салық комитетiнде  тiркелген. Ауыл шаруашылығының жер көлемі – 8087,4 га. 2019 жылы егілген дақылдар: 135 га бидай, 235 га арпа, 272  га жүгері, 873 га көкөніс, 15 га жеміс, 60 га қант қызылшасы, қытай бұршағы – 110, силос – 25 га.

    Әскер және шекара күштеріне жәрдем көрсету – біздің басты мақсатымыздың бірі. 2019 жылдың көктемгі шақыруға бала шақырылып, 35 бала дәрігерлік байқаудан өтті. 13 бала жарамды деп табылып,  11 бала әскер қатарына әскери борышын өтеуге жіберілді.

    Ауылдық округте мәдениет және спорт саласы бойынша біршама жұмыстар атқарылуда. Округте екі кітапхана және цифрландырылған ақпараттық орталық халыққа қызмет көрсетеді.

    Кітапхана, мәдени қызметкерлердің ұйымдастыруымен мерекелер мен даталы күндер аталып өтуде.

    Халықаралық ана тілі күні, 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні және 22 Наурыз, 9 мамыр –  Жеңіс күні, Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні мерекелері ауыл тұрғындарымен аталып өтті.

    Бауыржан атамыз «Тәртіпсіз ел болмайды, Тәртіпке бағынған құл болмайды»  демекші, округ бойынша құқық тәртібін қамтамасыз ету, тәртіпті нығайту бойынша құқық қорғау органдарымен тиісті шаралар қабылдануда.

    2019 жылдың І жартыжылдығында 4 қылмыс тіркеліп, 4-еуі де ашылды, 265 азаматқа әкімшілік хаттамалар толтырылды.

     

     

       Бесағаш ауылдық округінің әкімі                                 Б.Нигматуллаев

     

     

     

    © 2015 Информационный портал аппарата акима Жамбылского района