100%200%
Жамбыл ауданы әкімі аппаратының
ақпараттық порталы

    ТҮСІНДІРМЕ

    Атауларды жаңғырту – тарихты тану

    Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында жасалатын негізгі шаруаның бірі ономастика мәселесі болса керек. Өйткені елімізде кеңестік кезеңнен қалып кеткен атаулары жетерлік.                                                                                                                                                                                                                                                                              Міне, осылардан арылып, ұлттық нақыштағы атауларға бет бұру – заман талабы. Тарих арқылы танылған, жұрт санасында сан жылдар сіңісті болған атаулардың сырына үңілмей, өзгерту – халық тарихына қиянат. Бүгінгі жаңа атау — ертеңге мұра, халықтың бүгінгі тыныс-тіршілігінен хабар берер дүниелер.

    Атау тегіннен-тегін, кездейсоқ қойыла салмайды. Көше, нысан, даңғыл, ауыл, аймақ болсын, қай-қайсысы да елді мекеннің құрамдас бөлігі ғана емес, олар ұлт тарихының құрамдас бөлігі болып табылады. Ақпараттық-насихаттық қызметті бойға жинай отырып, атаулар халқымыздың тарихынан сыр шертеді, жас ұрпақты салт-дәстүрін, дінін құрметтеуге, сақтауға тәрбиелеп, отанға, еліне, жеріне деген патриоттық сезімін оятады.

    Сондықтан, тарихта өзіндік орны болған, еліміздің жаңаруына, жаңғыруына, дамуына айтарлықтай үлес қосқан тарихи тұлғаларға, есімі халыққа мәлім, республикамызға, облысымызға еңбектері сіңген азаматтардың есімімен ғана көшелерді атау тәртібі көшелерге атау беру барысында қатаң ескеріліп келді. Атап айтар болсақ, Аса ауылындағы  Ленин көшесіне «қазақ вальсінің королі» атанған композитор Шәмші Қалдаяқовтың есімдерін беру әрбір отансүйгіш саналы қазақстандықтың көңілінен орын табары сөзсіз.

    Ономастика саясаты ең алдымен мемлекет тәуелсіздігіне ел мен жерді ұлықтау идеясына қызмет етуі тиіс. Сонда ғана ата-баба мұрасы жаңғырып, ел мен жердің сәні кіріп, халқымыздың рухы күшейеді.  Ономастика – Қазақстанның тіл саясатының ең өзекті мәселесі. Елбасының өзі «100 нақты қадам» құжатында «Біз, Қазақстан, біртектілікке ұмтылуымыз қажет» деп айтты. Біртектілік айналып келгенде, бір тілдің айналасына шоғырланады. Сондықтан біз мемлекеттік тілдің мәртебесін әлі де көтере түсуіміз қажет.

     

    Рахымбек Жапаров

    Аса ауылдық округі ардагерлер

    кеңесінің төрағасы

        Қазақстан Республикасының  Президенті Әкімшілігінің 2017 жылғы 2 наурыздағы тапсырмасы мен Қазақстан Республикасы  Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы №138 қаулысына сәйкес насихаттық жұмыстар жүргізіліп, идеологиялық мағынасы ескірген атауларға сәйкес  ауылдық округ әкімдеріне тапсырма берілді.

    Аса ауылындағы көшелердің атауы туралы архивтік құжаттарға сүйенетін болсақ, Жамбыл ауданы әкімдігінің жанындағы мемлекеттік тіл саясатын іске асырушы консультациялық-кеңесші орган, аудандық ономастикалық комиссиясының 2011 жылғы 11 шілдедегі №4 ұйғарымы негізінде Ленин көшесі расталған.

    Аса ауылдық округіне қарасты Аса ауылының аула саны -2076, халық саны-11899, оның ішінде қазақ-11598, орыс-166, азербайжан-2, өзбек-46, қырғыз-4, кәріс-26, татар-24, неміс-9, тәжік-2, белорусь -1, молдаван-7, басқа ұлттар-14. Көшелер саны -51.

    Аса ауылдық округіне қарасты Рахат ауылының аула саны -78, халық саны-525, оның ішінде қазақ-520, өзбек-4, басқа ұлттар-18. Көшелер саны -4.

    Елді мекендерде  33 дүкен,  7 дәмхана, 8 жанар – жағармай құю станциясы, 3 дәріхана, 2 цех (темір бұйымдарын  өңдеу), 1 наубайхана, 4 тіс емханасы, 1 монша, 2 техникалық қызмет көрсету орталығы, 3 байланыс орталығы, 3 тігін шеберханасы, 5 шаштараз 1 округ әкімінің аппараты бар. Елді мекендердегі көшелер талапқа сай абаттандырылған.

    © 2015 Информационный портал аппарата акима Жамбылского района