100%200%
Жамбыл ауданы әкімі аппаратының
ақпараттық порталы

    Аса ауылдық округінің Паспорты

     

     

     

    Ауылдық округ әкімі 

    Қалшымбетов Бауыржан Құттыбайұлы
    Округ орталығы Аса ауылы (облыс орталығынан 25 шқ)
    Округ құрамындағы елді мекендер Аса, Рахат ауылдары
    Халық саны: 12534 адам о. і. ерлер -6247 , әйелдер – 6287,   6 жасқа дейінгілер – 1024
    Жалпы аула саны: 2162 о. і. Аса – 2084,  Рахат – 78
    Экономикалық белсенді тұрғындар – 3245 о.і. жұмыспен қамтылғандар – 3155 (оның  3 245 өзін-өзі жұмыспен қамтығандар), жұмыссыздар  – 291

     

    Сайлаушылар саны 6332 адам, зейнеткерлер саны 1167 адам, мүгедектер саны 391 адам

    Жалпы жер көлемі – 7481 га о.і. елді мекендер жері – 2126 га, ауылшаруашылық алқаптары – 4831 га, өзге де жерлер – 524 га
    Ауылшаруашылық алқаптары егістік 3218 га (суармалы 2334 га, тәлімі 884 га), шабындық – 80 га, жайылымдық –1582 га
    Округ аумағында егуге қолайлы дақылдар масақты дәнді дақылдар, жүгері, көкөніс-бақша дақылдары, мал азықтық дақылдары, мақсары, қант қызылшасы, жүгері
    Нақты егілген дақылдардың көлемі арпа 534 га, мақсары 70 га, картоп 15 га, бақша 54,5 га, мал азықтық дақылдар 13120 тонна, көкөніс 167 га, қант қызылшасы 60 га, жүгері 130 га
    Анықталған пайдаланылмай жатқан жерлер  219,65 га о.і. суармалы 39,3 га, тәлім 180,35
    Тоғандар мен су қоймалары (млн.метр куб) “Жамбыл су қоймалары” КММ-нің меншігінде Тоған №1 су көлемі 0,04, Тоған №2 су көлемі 0,2, Тоған №4 су көлемі 0,8, Рахат тоғаны су көлемі 0,8, пайдаланушы ЖК Балажанов Ғ.; коммуналдық меншіктегі Тоған №3 су көлемі 0,5 пайдаланушы ЖК Жүнісова А.
    Каналдары “Талас-АСА”  КМК меншігіндегі Көлқайнар, Пионер және Аса ауылдық округтерінде орналасқан  ұзындығы 11,8 шқ Қапал-Аса каналы, суаратын жері 1696 га; ұзындығы 15 шқ Қуат каналы, суаратын жері 1232 га.
    Бірдейлендіру бойынша мал саны МІҚ – 1768 бас, жылқы – 953 бас, қой- ешкі – 7347  бас, үй құстары –  1887 бас
    Инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымдар жағдайы Аса ауылында орталықтандырылған ауыз су жүйесі бар. Кәріз жүйесі мен ағынды суды биологиялық тазарту ғимараты бар.  Ауыл газбен қамтылған.
    Өндіріс орындары “Амангелді ГӨЗ” ЖШС-ң Тараз филиалының мұнай өңдеу учаскесі.  Жер қойнауын пайдаланушылар: “ ТАҢ” ЖШС –  сары топырақ және күйдірілген құрылыс кірпіші, “Ақ кірпіш” ЖШС – әктас және силикат кірпіш.
    Шаруа қожалықтарының саны 130
    Шағын кәсіпкерлік нысандары 38 дүкен,  7 кафе, 8 ЖМҚС, 3 дәріхана, 2 цех (темір бұйымдарын  өңдеу), 1 наубайхана, 3 тіс емханасы, 1 монша, 3 СТО (ТҚКО), 3 байланыс орталығы, 3 тігін шеберханасы, 7 шаштараз.
    Спорт нысандары Аса ауылында үш мектептін спорт нысандары, аудандық орталық стадион,  спорт мектебі және бір шағын футбол алаңы, Жастар орталығының тренажер залы мен №1 орта мектебі жанындағы скалодром; Рахат ауылында шағын футбол алаңы.
    Проблемалық мәселелер Шешу жолдары
    Рахат ауылын газдандыру. Жамбыл ауданы (Рахат, Қаракемер, Құмтиын, Пионер, Шайдана, Тастөбе, Еңбек, Көлқайнар, Өрнек, Жұма, Ерназар, Қызылтаң, Қаратау) 13 елді мекеніне газ құбырының құрылысын салу жұмыс жобасының жобалық сметалық құжаттамаларын даярлау үшін 2017 жылға 72 488,098 мың теңге қаражат жоспарланып, Жамбыл облысы әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасына өтінім тапсырыс берілді.
    Б.Момышұлы орта мектебі жанындағы бос тұрған жатақхана корпусын оқу корпусы ету үшін күрделі жөндеу. Ғимаратты күрделі жөндеуден өткізу үшін  бірінші кезекте  сейсмикалық қорытынды қажет. Сейсмикалық қорытынды оң нәтиже берген жағдайда ЖСҚ жасалып,  МС өткізілуі тиіс .
    Аса ауылдық округі бойынша өзіндік қосалқы шаруашылығын жүргізу (жеке тұрғын үй құрылысы) үшін кезектегі азаматтарға жер беру туралы мәселесі Мәселе қаралуда

    © 2015 Информационный портал аппарата акима Жамбылского района