100%200%
Жамбыл ауданы әкімі аппаратының
ақпараттық порталы

    Аса ауылдық округінің әкімі аппаратының 2019 жылдың 6 айында атқарған жұмыстары туралы

    Қазақстан Республикасы «Жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңы мен басқа да жоғарғы мемлекеттік органдардың актілерін басшылыққа ала отырып,  есепті мерзімде «Аса ауылдық округі әкімі аппараты»  бекітілген жоспарға сәйкес төмендегідей жұмыстар атқарды.

    Округ бойынша халық саны – 12534  адамды құрайды. Аула саны – 2162, оның ішінде Аса ауылында 12007 адам, 2084 аула,  Рахат ауылында 527 адам, 78 аула бар.

    Ауылдық округ әкімі аппаратында 10 штаттық қызметкер қаралған.

    Есепті мерзімде округ әкімі аппаратына түскен құжаттар саны – 314, шығыс құжаттар саны – 601, ауылдық округ әкімінің шешімдері –58, өкімдері –81.

    Ауылдық округ әкімінің жеке қабылдауында 89 азамат болып, барлығына өз уақытында тиісті жауаптар беріліп, түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

    Округ әкімі аппараты Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарының 8 түрінен қызмет көрсетеді, оның ішінде «Жер учаскелерінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру» бойынша 10 өтініш,

    «Жеке қосалқы шаруашылықтың бар жоқтығы туралы анықтама беру стандарты бойынша 73  өтініш,

    «Өтініш берушінің (Отбасының) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушы екендігін растайтын анықтама беру» стандарты бойынша 73 өтініш қанағаттандырылды.

    «Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және үйлеріне кері тасмалдауды ұсыну» мемлекеттік қызмет стандарты бойынша 141 қызмет көрсетілді.

    Ауыл шаруашылығы саласы

    Бүгінгі таңда округте 135 шаруа қожалық тұрақты жұмыс атқарады.

    Округтегі жалпы жер көлемі –7463 гектар, оның ішінде ауыл шаруашылық алқаптары – 3360 гектарды құрайды.

    3360 гектар ауылшаруашылық алқаптарының ішінде  2640 гектары егістік алқап. Оның  2290 гектары  суармалы, 426 гектары тәлім (багара).

    Ағымдағы жылы 105 гектарға күздік бидай,  615 гектарға – жаздық арпа жоспарланып 900 гектарға егілді, бүгінгі таңға 500 гектары жиналды.  20 гектарға – дәндік жүгері жоспарланып 25 гектарға, 60 гектарға –  мақсары жоспарланып 20 гектарға егілді, 185 гектарға – көкөніс жоспарланып 192 гектарға егілді. 50 гектарға бақша дақылдары, 215 гектарға  көп жылдық шөп егілді.

    75 гектарға қант қызылшасы жоспарланғанымен, егілгені 20 гектар. 1018 гектар  алқапты  көп жылдық шөп құрайды.

    Ағымдағы жылы 2616 гектар егістік алқап толық игерілді.

    Аса елді мекенінің бекітілген Бас жоспарына сәйкес, жер кезегінде тұрған азаматтарды жермен қамтамасыз ету мақсатында Жамбыл ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 12 шілдедегі «Жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға  байланысты жер учаскесін немесе өзге де, жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығарудың басталуы туралы» №512 қаулысына сәйкес 35 жер  пайдаланушылардың 289,38 гектар жері мемлекеттік меншікке қайтарылды. Жер пайдаланушыларға келтірілген шығынын жабуға жергілікті бюджеттен 27 млн тенге төленді. Қазіргі таңда сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі тарапынан жобалық сметалық құжаттары дайындалуда.

    Округте барлығы 1 828  мүйізді ірі қара, 7 928 бас қой-ешкі, 1019 бас жылқы, 1896 дана үй құсы тіркелген. Оның ішінде шаруа қожалықтардың үлесі,  231 бас МІҚ, 3112 бас қой-ешкі, 246 бас жылқыны құрайды.

    Статистикалық мәліметке сәйкес округтегі мал басының жылдан жылға өсімі байқалады, әсіресе жылқы басы өсуде. Соңғы жылдары жайылымның аздығына байланысты сиыр малын ұстау тұрғындарға қиындық туғызуда, әсіресе көктем айларынан бастап, егін орағы біткенше. Округ аумағындағы мал жайылымын кеңейтуге мүмкіндік жоқ.

    Облыс әкімінің 2019 сәуірдегі №111 өкіміне сәйкес, округтегі елді мекендердің экономикалық базасы анықталып, арнайы үлгідегі анкетаға сәйкес толтырылды.

    Үйме-үй аралау барысында 370 көп балалы отбасылар екендігі анықталды. 516 отбасы мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға өтініш білдірді, олардың 431-не атаулы әлеуметтік көмек (АСП) тағайындалды. (77 206,0 мың тенге) Өзін-өзі жұмыспен қамтылғандар – 1634 отбасы.

    1745 ауланың үй іргесіне көкеніс-бақша дақылдарын егуге мүмкіндіктері бар,  олардың ішінде 1384 ауласы үй іргесіндегі (80,5 га) пайдаланып отырғандығы, 361 ауласы (18 га) мүлдем пайдаланбайтындығы анықталды. Негізінен үй іргесіндегі жердің өнімін сатуға емес, өздері тұтынадығын болып отыр.

    Округтегі 2162 ауланың  661 ауласы мал ұстайтынды. Оның ішінде 14 үй тұрақты мал бордақылаумен айналысады. 9 үй қымыз, саумалы және 13 үй сүт сатумен айналысады.

    Округте  тері, жүн қабылдайтын орын жоқ.

    Үй іргесіндегі жерді тиімді пайдалану, өз кәсібін ашуға немесе кеңейтуге және малмен айналысу бойынша барлығы – 470 жобаға сұраныс толтырылып, 1 507 800,0 мың теңгеге қажеттілік анықталды.

    Аса ауылдық округі әкімі аппаратының 2019 жылға жылға жоспарланған шығыстары 296 млн. 752 мың теңгені құраса, нақтыланған бюджет шығыстары 714 млн. 214 мың теңгені құрап отыр.

    Оның ішінде, округ аппаратының қызметін қамтамасыз етуге 55 млн. 744 мың теңге жоспарланды. Бұл қаржылардың ішінде 1056,0 мың теңгеге Аса ауылдық округі әкімі аппаратының әкімшілік ғимаратының мүгедектердің кіріп шығуына арналған пандусын, 532,0 мың теңгеге «Сәуле» бала бақшасының ғимаратының пандусын қайта орнатылды.

    «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы шеңберінде  12 млн.  теңге   Аса ауылыдағы Ш.Қалдаяқов бұрынғы Ленин көшесінің бойына шағын футбол алаңы (9 млн 803 мың теңге) мен Стрит Воркаут спорт алаңын (2 млн 316 мың теңге)  салынып, пайдалануға берілді. Жоба қоғамдастық мүшелерінің жалпы жиынында талқыланып, мақұлданған. Мердігерлер мемлекеттік сатып алудың ашық конкурс тәсілімен анықталды.

    Елді мекендердегі көшелердің автокөлік жолдары орташа жөндеу бағдарламасы бойынша 53 млн. 762 мың теңге     қаржы жоспарланды. Аталмыш қаржыға жалпы ұзындығы 4,7 км, Көкой  (9462,0 мың теңге), С.Махашев  (15910,0 мың теңге), Темір жол  (14338,0 мың теңге), Жамбыл (14052,0 мың теңге) көшелелері орташа жөндеуден өткізілді, қазіргі таңда қабылдау жұмыстары жүргізілуде.

    Елді мекендердің санитариясын қамтамасыз ету бағдарламасына 1 млн 300 тенге қаралды.  (Аса және Рахат ауылдарының қоғамдық орындарының және шашылып жатқан стихиялық қоқыстарды шығаруға 1000,0 мың теңге, қураған тал тарақтарды қырқуға 300,0 мың теңге )

    Елді мекендерді абаттандару және көгалдандыру бағдарламасы бойынша 3 млн 200 мың теңге жоспарланған, бұл қаржыға ауылымызды абаттандыруға арналған бояулар мен әк сатып алу – 900 мың теңге, көше аншлагтарын әзірлеу – 1100 мың теңге, кермелер әзірлеу (500 мың теңге), жасыл желектерді суғару сынды жұмыстар жүргізілуде.

             Елді мекендердегі көшелерді жарықтандыру бағдарламасы бойынша барлығы 22 млн 899 мың теңге қаралды. Оның ішінде 5 млн 455 мың теңге ауылдық округ көшелерінің көше жарықтандыру нысандары тұтынатын электр қуатының шығындары төленуде, 5 млн 500 мың теңге округ аумағындағы трансформаторлар қондырғылары мен жарықтандыру желісіне техникалық қызмет көрсетілуде, 5737,0 мың теңге Мырқалықов көшесіне көше жарықтандыру нысаны орнатылды және 1 млн 700 мың теңге Аса ауылындағы мал дәрігерлік пункті ғимаратына жеке трансформатор орнатылды.

    ТҮКШ,ЖКжАЖ бөлімі тарапынан 96 млн тенгеге Аса ауылының кіре берісі (бұрынғы пост гай), Жастар орталығының алды, Абай көшесі бойындағы 2 көпір және орталық алаң абаттандырылуда.

    Сәулет,қала құрлысы және құрлыс бөлімі тарапынан 27 млн тенгеге Байтерек алқабындағы тұрғын үйдің инженерлік инфрақұрлымы жүргізілді. Абай көшесі бойынан көп қабатты тұрғын ЖСҚ дайындалып сараптамадан өткізілуде, сараптамаға дейінгі ЖСҚ бойынша құны 737 355,6 мың теңге  болған.

    Сондай-ақ Аса ауылдық округіне қарасты бала бақшаларының қызметін қамтамасыз етуге 169 млн 593 мың теңге қаралды. Оның ішінде «Балдырған» бөбекжайы қызметінің шығындары 98 млн 048 мың теңге, «Сәуле» бөбекжайы қызметінің шығындары 71 млн 545 мың теңге.

              Өздеріңізге мәлім ағымдағы жылы «Ауыл – ел бесігі бағдарламасына» бойынша облыс көлемінде 3 аудан орталығы қамтылып отыр. Аталған бағдарламаға аудан орталығы Аса ауылынан 35 жоба енген болатын. Бөлінген қаражат 1 154 866,0 мың теңге, оның 560 203,0 мың тенгесі ағымдағы жылы игерілуі тиіс.

    Жоба бойынша 300 766,0 мың тенгеге жалпы ұзындығы 14,8 км, 20 көше орта жөндеуден, бұрындары  асфалттанған 5 көше ағымды жөндеуден өткізіледі. Бүгінгі таңда бұл бағдарлама бойынша мердігерлер анықталып келісім шарттар жасалынды, жұмыстар жүргізілуде, 13 көше асфалттанып бітті, қалған көшелерде жұмыс жүргізілуде.

    8 жоба бойынша 86 005,0 мың тенгеге ұзындығы 13,150 км көше жарықтандыру нысандарын жүргізетін боламыз. Бүгінге тек барлық жобалар бойынша мердігер анықталып, келісім шарт жасалынды, жұмыстар жүргізілуде, келісім шарт талаптарына сәйкес жұмыстарды аяқтаудың шекті мерзімі тамыз айының 31-і деп күтулуде.

    «Сауле» бала бақшасына 3 382,0 мың тенгеге ағымды жөндеу жұмысы бойынша мердігер анықталған, жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Бұл жобалардың әкімшісі ауылдық округ болып белгіленген.

    Сондай-ақ бұрынғы кинотеатор ғимараты 136 451 мың тенгеге күрделі жөндеуден өткізілетін болады, жоба бойынша конкурс аяқталғанымен конкурс қортындысына шағым түсіп, құзырлы органдарда қаралуда.

    Б.Момышұлы орта мектебінің бастауыш сыныптар оқитын корпусын ағымды жөндеу жұмыстары 9 700,0 мың тенгеге жүргізілуде, келісім-шарт 28 маусымда жасалған. Бұл жобалар әкімшісі аудан әкімдігінің білім бөлімі.

    Аса ауылындағы ауыз су құбыры жеткізілмеген көшелерге су құбырын тарту, ағымды жөндеу жұмыстарын жүргізуге 14 757,0 мың теңге қаралды, конкурс жеңімпазымен келісім-шарт жасалған, жұмысы дүйсенбіде   басталады. Жоба әкімшісі ТҮКШ,ЖКжАЖ бөлімі.

    Орталық стадионды ағымды жөндеуге 9 142,0 мың теңге қаралды, конкурс жеңімпазымен келісім-шарт жасалған. Жоба әкімшісі аудан әкімдігінің спорт  бөлімі.

     

     

     

     

     

     

     

     

     

    © 2015 Информационный портал аппарата акима Жамбылского района