100%200%
Жамбыл ауданы әкімі аппаратының
ақпараттық порталы

    Аса ауылдық округінің әкімі аппаратының 2019 жылдың 10 айында атқарған жұмыстары туралы.

    Қазақстан Республикасы «Жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңы мен басқа да жоғарғы мемлекеттік органдардың актілерін басшылыққа ала отырып,  есепті мерзімде «Аса ауылдық округі әкімі аппараты»  бекітілген жоспарға сәйкес төмендегідей жұмыстар атқарды.

    Округ бойынша халық саны – 12534  адамды құрайды. Аула саны – 2185, оның ішінде Аса ауылында 12007 адам, 2084 аула,  Рахат ауылында 527 адам, 78 аула бар.

    Ауылдық округ әкімі аппаратында 10 штаттық қызметкер қаралған.

    Есепті мерзімде округ әкімі аппаратына түскен құжаттар саны – 479, шығыс құжаттар саны – 998, ауылдық округ әкімінің шешімдері –89, өкімдері –169.

    Ауыл округі әкімі және оның орынбасары азаматтарды жеке қабылдайды, жеке және заңды тұлғалардан түскен өтініштерді заң шеңберінде жорналға тіркеледі, EUOL базасына енгізіледі. Тұрғындарға заңда көрсетілген мезгілімен жауаптар беріледі.

    2019 жылы 10 айында жеке тұлғалардан 241 өтініш, заңды тұлғалардан – 3 өтініш, жеке қабылдаудан – 135 өтініш түсті. Барлығы тіркеліп, өтініш иелеріне Заңға сәйкес жауаптар берілген.

    Аса ауылдық округі әкімі аппаратына мемлекеттік қызметтердің 8 түрі бекітілген: оның ішінде 8 мемлекеттік қызметті әкімі аппараттымен көрсетілді.

    «Жеке қосалқы шаруашылықтың бар екендігі туралы анықтама беру» – 2018-73 өтініш қанағаттандырылды. 2019 жылдың 10 айында өтініш түскен жоқ.

    «Мекетепке дейінгі балалар ұйымына жіберу үшін мектепке дейінгі (7 жасқа дейін) жастағы балаларды кезекке қою» мемлекеттік көрсетілетін қызмет Аса ауылдық округі аудан орталығы болғандықтан, халыққа қызмет көрсету арқылы жүзеге асырылады.

    «Өтініш берушінің (Отбасының) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушы екендігін растайтын анықтама беру» 2018 жыл 73 өтініш келіп түскен, 73 қанағаттандырылды. 2019 жылдың 10 айында өтініш түскен жоқ.

    «Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және үйлеріне кері тасмалдауды ұсыну» мемлекеттік қызмет стандарты бойынша 2018 жылы 218, 2019 жылдың 10 айында 210 қызмет көрсетілді.

    «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру» мемлекеттік көрсетілетін стандарты бойынша 2018 жылы 22 өтініш түсті. 2019 жылдың 10 айында 15 қызмет көрсетілді.

    «Елді мекендер шегінде обьектілер салу үшін жер учаскелерін беру» мемлекеттік көрсетілетін стандарты бойынша 2018 – 2019 жылдар өтініш келіп түскен жоқ.

    «Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу» мемлекеттік көрсетілетін стандарты бойынша 2018 – 2019 жылдар өтініш келіп түскен жоқ.

    «Мемлекеттік меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды сауда-саттықта (конкурстарда, аукциондарда) сатып алу» мемлекеттік көрсетілетін стандарты бойынша 2018 – 2019 жылдар өтініш келіп түскен жоқ.

    «Жер учаскесін алу үшін кезекке қою» мемлекеттік көрсетілетін стандарты бойынша 2019 жылдың 10 айында 75 өтінші келіп түсті.

     

    Ауыл шаруашылығы саласы

    Округтегі жалпы жер көлемі –7481 га. оның ішінде ауыл шаруашылық алқаптары – 4831 га. елді мекендер жері – 2126 га. құраса, 524 га. өзге жерлерді құрайды. Ауылшаруашылық алқаптарының –3218 га. егістік, оның ішінде: 2334 га.- суармалы, 884 га. -тәлім,  80 га.-шабындық, 1528 га. – жайылым

    2019 жылы 105 га. – күздік бидай, 900 га. – жаздық арпа, 30 га. – жүгері, 20 га. –  мақсары, 514 га. – көкөніс-бақша дақылдары егілді. Қант қызылшасы 17 га. егіліп,  жинау жұмыстары жүргізілуде. 1327 га. жоңышқа алқабын құрайды.

    Бүгінгі таңда 144 шаруа қожалық тұрақты жұмыс атқаруда.  Округ аумағында егістік жер толық игерілуде.

    Округте барлығы 1 880  мүйізді ірі қара, 7 902 бас қой-ешкі, 1041 бас жылқы, 1920 дана үй құсы тіркелген.

    Қозы етін экспортқа өткізу бойынша 103 бас қозы өткізіліп, салмағы 1,8 тоннаны құрады.

    Округ бойынша қысқы мерзімге  9408 тонна жем-шөп және пішендеме дайындалды.

    Қазіргі таңда округтегі барлық мал басы ауылшаруашылық жануарларын бірдейлендіру деректер базасына енгізіліп, үй шаруашылықтар кітабымен сәйкестендірілуде.

    Округ аумағындағы барлық мал басы мемлекет тарапынан емдеу-егу (вакцинация) жұмыстарымен қамтылған.

    Аса ауылдық округі әкімі аппаратының 2019 жылдың 10 айының нақтыланған бюджеті 600938,0 мың теңгені құрайды.

    Оның ішінде округ әкімі аппаратының қызметін қамтамасыз етуге 41738,0 мың теңге жоспарланып, игерілген. Аталған қаражаттар 10 бірлік мемлекеттік қызметшілер мен 9 бірлік техникалық персонал қызметкерлерінің жалақы қорына жұмсалынған. Сондай-ақ 6500,0 мың теңгеге Аса ауылындағы фронт-офис ғимаратын ағымды жөндеу, 2126,1 мың теңгеге Аса ауылындағы фронт-офис аймағын абаттандыру жұмыстары, 1412,0 мың теңгеге Аса ауылдық округіндегі кеміргіш зиянкестеріне қарсы санитарлық дезинсекция жұмыстары, 1022,1 мың теңгеге Аса ауылдық округі әкімі аппаратының әкімшілік ғимаратының пандусын ағымды жөндеу, 487,6 мың теңгеге Аса ауылдық округінің «Сәуле» балабақшасының пандусын ағымды жөндеу жұмыстары жүргізілді.

    008-елді мекендердегі көшелерді жарықтандыру бағдарламасы бойынша 1700,0 мың теңгеге Аса ауылындағы мал дәрігерлік пункт ғимаратына трансформатор орнату жұмыстары жүргізіліп, 5737,0 мың теңгеге Аса ауылы Мырхалыков көшесіне көше жарықтандыру жүйесі тартылған, 2647,0 мың теңгеге теңгерімдегі трансформаторлар мен көше жарықтандыру жүйелеріне ағымды жөндеу жұмыстары жүргізілген.

    009-елді мекендердің санитариясын қамтамасыз ету бағдарламасына 1300,0 мың теңге қаралып, бүгінгі таңға оның 1038,0 мың теңгесі игерілген. Бұл қаржыға Аса және Рахат ауылдарын қоқыстардан тазарту жұмыстары жүргізілді.

    011-елді мекендерді абаттандыру және көгалдандыру бағдарламасына барлығы 2100,0 мың теңге жоспарланған. Аталмыш қаржылардың 283 мың теңгесіне әк, бояу, шаруашылық заттар сатып алынды, көше аншлагтарын әзірлеуге 1000,0 мың теңге, мерекелік кермелер әзірлеуге 500,0 мың теңге қаражат жұмсалынған.

    022-бағдарлама мемлекеттік органның күрделі шығыстарына барлығы 668,0 мың теңге қарастырылып, бүгінгі таңға толықтай игерілген, 216,0 мың теңгеге 1С мекеме бағдарламалық өнімі сатып алынса, 21,0 мың теңгеге мемлекеттік тулар, 290,0 мың теңгеге компьютер жиынтығы сатылып алынған.

    040-Өңірлерді дамыту бағдарламасы бойынша жалпы 12 119,0 мың теңге жоспарланып, бөлінген қаржыларға Аса ауылы Ш.Калдаяков көшесінің бойынан кіші футбол алаңын орнату (7605,1 мың теңге), бұқаралық спортпен шұғылдануға арналған street workaut нысандарын орнату жұмыстары (2067,1 мың теңге) жүргізілген.

    045-Елді мекендердегі көшелерді орташа және күрделі жөндеу бағдарламасына барлығы 53762,0 мың теңге қаржы қарастырылып, бұл қаржыларға Аса ауылы С.Махашев, Теміржол, Жамбыл, Көкой көшелерінің автокөлік жолдарын орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді.

    057- «Ауыл-Ел бесігі» жобасы шеңберінде ауылдық елді мекендердегі әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылым бойынша іс-шараларды іске асыру бағдарламасы аясында үстіміздегі жылы барлығы 390153,0 мың теңге жоспарланып, мемлекеттік сатып алу қорытындысы бойынша келісім шарт жасалған сома 342020,7 мың теңгені құраған. Бағдарлама шеңберінде 21 көшенің автокөлік жолдары жөндеуден өткізіліп, 8 нысан бойынша Аса ауылдық көшелеріне көше жарықтандыру нысандары орнатылды және Аса ауылдық округінің «Сәуле» бала бақшасына ағымды жөндеу жұмыстары жүргізілді. Атап айтқанда аталған бағдарлама шеңберінде бөлінген қаражаттар Аса ауылы Ы.Алтынсарин көшесін орташа жөндеуге 17337,6 мың теңге, Ы.Алтынсарин көшесінің бұрылысын орташа жөндеуге 3445,3 мың теңге, Аса ауылындағы бұрылыстарды орташа жөндеуге 4575,6 мың теңге, Аса ауылындағы жол жабындыларын ағымды жөндеуге 2601,3 мың теңге, Аса ауылындағы Абай көшесін орташа жөндеуге 80385,1 мың теңге, Аса ауылы Ы.Алтынсарин көшесінің 1-бұрылысын орташа жөндеуге 2432,0 мың теңге, Аса ауылы Ы.Алтынсарин көшесінің 2-бұрылысын орташа жөндеуге 3015,2 мың теңге, Аса ауылы Желтоқсан-1 көшесін орташа жөндеуге 5651,9 мың теңге, Аса ауылы Желтоқсан-2 көшесін орташа жөндеуге 6034,1 мың теңге, Аса ауылы Ғ.Мұратбаев көшесін орташа жөндеуге 11454,8 мың теңге, Аса ауылы Абай көшесінің 5-бұрылысын орташа жөндеуге 15127,7 мың теңге, Аса ауылындағы ішкі істер бөліміне кіре беріс жолды орташа жөндеуге 3956,3 мың теңге, Аса ауылындағы халықты жұмыспен қамту орталығы ғимаратына кіре беріс жолды орташа жөндеуге 1852,3 мың теңге, Аса ауылы Д.Қонаев көшесін орташа жөндеуге 5556,8 мың теңге, Аса ауылы Ш.Уәлиханов көшесін орташа жөндеуге 15906,3 мың теңге, Аса ауылы Жеті төбе көшесінен Төле би көшесіне дейінгі бұрылысты орташа жөндеуге 2739,4 мың теңге, Аса ауылы Қойгелді көшесін орташа жөндеуге 28592,2 мың теңге, Аса ауылы Абай көшесінің 1,2,3 бұрылыстарын орташа жөндеуге 6350,2 мың теңге, Аса ауылындағы К.Шманов көшесінің соңғы бөлігін орташа жөндеуге 3029,9 мың теңге, Жастар орталығы ғимаратынан Төле би көшесіне дейінгі бұрылысты орташа жөндеуге 2430,8 мың теңге, Аса ауылы Ю.Гагарин көшесінің 1-бұрылысын орташа жөндеуге 6094,8 мың теңге, Жол жөндеу жұмыстарына авторлық қадағалау жүргізуге 2700,8 мың теңге, техникалық қадағалау жүргізуге 6150,0 мың теңге, Аса ауылындағы Абай көшесінің көше жарықтандырылуын ағымды жөндеуге 12009,7 мың теңге, Аса ауылындағы Қаратау көшесінің көше жарықтандырылуын ағымды жөндеуге 10717,2 мың теңге, Аса ауылындағы Ш.Қалдаяков көшесінің көше жарықтандырылуын ағымды жөндеуге 10875,8 мың теңге, Аса ауылындағы М.Әуезов көшесінің көше жарықтандырылуын ағымды жөндеуге 9653,1 мың теңге, Аса ауылындағы Жамбыл, Махашев көшелерінің көше жарықтандырылуын ағымды жөндеуге 8428,5 мың теңге, Аса ауылындағы М.Мәметова, Қилыбай көшелерінің көше жарықтандырылуын ағымды жөндеуге 5858,3 мың теңге, Аса ауылындағы Қойгелді көшесінің көше жарықтандырылуын ағымды жөндеуге 8765,5 мың теңге, Аса ауылындағы Абай көшесінің 6-бұрылысының көше жарықтандырылуын ағымды жөндеуге 4750,2 мың теңге жұмсалынды.

    © 2015 Информационный портал аппарата акима Жамбылского района