100%200%
Жамбыл ауданы әкімі аппаратының
ақпараттық порталы

    Аса ауылдық округі Аса ауылындағы көше атауларын өзгерту туралы

    Аса ауылдық округі

    Аса ауылындағы

    көше атауларын өзгерту туралы

    «Қазақстан Республикасындағы  жергілікті  мемлекеттік басқару  және  өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы  23 қаңтардағы Заңының 35-бабына, «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы   8 желтоқсандағы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес Жамбыл облысы әкімдігі жанындағы облыстық ономастика комиссиясының 2018 жылдың 08 қарашадағы қорытындысы мен тиісті аумақ халқының пікірлерін ескере отырып ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

    1. Аса ауылдық округі Аса ауылы көшелерінің атаулары өзгертілсін:

    Ленин көшесі – Ш.Қалдаяқов;

    Ленин көшесінің 1-бұрылысы – Самал;

    Ленин көшесінің 2-бұрылысы –Айдарлы;

    Ленин көшесінің 3-бұрылысы – Көктем.

    1. Осы шешімнің орындалуын бақылау Аса ауылдық округі әкімінің орынбасары Е.Бозымбековке жүктелсін.
    2. Осы шешім Әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Аса ауылдық округінің әкімі                                      Б. Қалшымбетов

     

     

     

     

     

     

     

    © 2015 Информационный портал аппарата акима Жамбылского района