100%200%
Жамбыл ауданы әкімі аппаратының
ақпараттық порталы

    ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА (22.09.2018ж)

     

    Бүгінгі жаңа атау — ертеңге мұра!

    Тәуелсіздікке қол жеткізгелі ономастика мәселесі терең қозғалып, келелі істер — әкімшілік-аумақтық бірліктерді ретке келтіру, елді мекендерді қайта атау және тарихи-географиялық атауларды қалпына келтіру жұмыстары үздіксіз жүргізіле басталды. Ел есінде сақталған байырғы атаулар соңғы жылдар көлемінде қалпына келтіріліп, қазақ өмірі, қазақ тарихына еш қатысы жоқ атаулар өзгертіліп, жаңартылуда.  Көше атаулары қазақыланып, ұлтық реңк берілуде. Қуантарлығы сол — атаулар қазақшаланып келеді.

    Бұл тарихи үрдіс, саяси маңызды шарадан өзіміздің Ақбұлым ауылы да сырт қалған жоқ. Бүгінде мағынасы жоқ көше атауларынан арылып, қайта жаңғыртудамыз. Ауыл көшелерін қазақ халқынан шыққан тарихи тұлғалардың есімдерімен, тарихи, дәстүрлі атаулармен атасақ, нұр үстіне нұр болар еді.

    Тарих арқылы танылған, жұрт санасында сан жылдар сіңісті болған атаулардың сырына үңілмей, өзгерту – халық тарихына қиянат. Біз атау беруде осыны ескердік  және  көбіне ұлттық таным, ұлттық мүдде басты орынға қойылды. Бүгінгі жаңа атау — ертеңге мұра, халықтың бүгінгі тыныс-тіршілігінен хабар берер дүниелер.

       Мараталы Тулебеков,

    Ақбұлым ауылдық округі ардагерлер кеңесінің төрағасы.

     

    Қазақстан Республикасының  Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2017 жылғы 28 ақпандағы №17-388-5 тапсырмасы мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы №138 қаулысына сәйкес насихаттық жұмыстар жүргізіліп, мағынасы ескірген және қайталанатын атауларды тарихи жер-су атаулары, сонымен қатар ұлттық танымға жақын дәстүрлі атаулармен өзгерту туралы ауылдық округ әкімдеріне тапсырма берілді.

    Ақбұлым ауылдық округінің көшелерінің атауы туралы архивтік құжаттарға сүйенетін болсақ, Жамбыл облысының мемлекеттік архиві  2018 жылдың 18 қыркүйегіндегі және Жамбыл ауданының мемлекеттік архиві 2018 жылдың 17 қыркүегіндеАқбұлым ауылдық округіне қарасты елді мекендердегі көшелерге атау беру бойынша Ақбұлым ауылындағы көшеге Төлебеков Ахмет атын беру туралы шешімнен басқа  құжат анықталмағандығы туралы мұрағаттық анықтама берілген.

    Сонымен қатар, Ақбұлым  ауылындағы  Жібек жолы, Дербіс болыс, Баймырза Бесбаев, Жеңістің 40 жылдығы, Абай, Желтоқсан, Төрегелді, Домалақ ана, Бәйдібек баба, Қарасай батыр, Жамбыл, Қани Органов, Қайрат Рысқұлбеков, Тұрсынбек Дүйсенбаев, Бес ана  көшелерінің Жамбыл ауданы әкімдігі жанындағы ономастика мәселесі жөніндегі консультациялық –кеңесші органның 2011 жылдың 11 шілдедегі №3 ұйғарымымен расталған көшелердің транскрипциясын нақтылауды қажет етеді.

    Ақбұлым ауылдық округіне қарасты Ақбұлым ауылының аула саны -670, халық саны-3798, оның ішінде қазақ-2496, орыс-178, азербайжан-45, өзбек-32, армян-1, ұйғыр-6, күрді-176, украин-15, қырғыз-10, татар-34, неміс-16, тәжік-4 және басқа ұлттар. Көшелер саны – 18, бұрылыс саны- 4.

    Елді мекенде7 дүкен,  1 дәріхана, 1 наубайхана, 1 монша,  182 шаруа қожалығы, 2 бөпекжай, 1 дәрігерлік амбулатория, 1 пошта байланыс торабы, 1 кітапхана, 1 орта мектеп, 1 мешіт, 1 округ әкімінің аппараты бар. Елді мекендегі көшелер талапқа сай абаттандырылған.

     

     

     

     

    © 2015 Информационный портал аппарата акима Жамбылского района