100%200%
Жамбыл ауданы әкімі аппаратының
ақпараттық порталы

    Ақбұлым ауылдық округінің Ақбұлым ауылындағы көшелер атауларын қайта атау және Ақбұлым ауылдық округінің Ақбұлым ауылындағы көшелер атауларының транскрипциясын нақтылау туралы

    ЖОБА

     

     

    Ақбұлым ауылдық округінің

    Ақбұлым ауылындағы көшелер

    атауларын қайта атау және Ақбұлым

    ауылдық округінің Ақбұлым ауылындағы

    көшелер атауларының транскрипциясын

    нақтылау туралы

             «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы                      23 қаңтардағы Заңының 35 бабына, «Қазақстан Республикасының әкімшілік – аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы                     8 желтоқсандағы Заңының 14 бабының 4) тармақшасына және Жамбыл облысы әкімдігі жанындағы ономастика комиссиясының 2018 жылғы 8 қарашадағы қорытындысы және тиісті аумақ халқының пікірлерін ескере отырып, ауылдық округ әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

    1. Ақбұлым ауылдық округінің Ақбұлым ауылының төмендегі көшелері қайта аталсын:

    Жібек жолы бұрылысын – Ақтерек көшесі;

    Жібек жолы 1-бұрылысын  – Түркістан көшесі;

    Абай көшесінің 1-бұрылысын – Арғымақ көшесі;

    Абай көшесінің 2-бұрылысын – Достық көшесі.

    1. Ақбұлым ауылдық округінің Ақбұлым ауылындағы көшелердің атауының транскрипциясы нақтылансын:

    Ақбұлым ауылының орталық көшесі атауының транскрипциясы  Жібек жолы көшесі болып нақтылансын;

    Жібек жолы көшесінің оң жағында орналасқан көше атауының транскрипциясы Дербіс болыс көшесі болып нақтылансын;

    Абай көшесінің оң жағында орналасқан көше атауының транскрипциясы Баймырза Бесбаев көшесі болып нақтылансын;

    Баймырза Бесбаев пен Жібек жолы көшелері ортасында орналасқан көше атауының транскрипциясы Абай көшесі болып нақтылансын;

    Жеңістің 40 жылдығы көшесінің оң жағында орналасқан көше атауының транскрипциясы Желтоқсан көшесі болып нақтылансын;

    Желтоқсан көшесінің оң жағында орналасқан көше атауының транскрипциясы Төрегелді көшесі болып нақтылансын;

    Жібек жолы көшесінің сол жағында орналасқан көше атауының транскрипциясы Домалақ ана көшесі болып нақтылансын;

    Домалақ ана мен Бес ана көшелері ортасында орналасқан көше атауының транскрипциясы Бәйдібек баба көшесі болып нақтылансын;

    Сарыбұлақ пен Қани Органов көшелері ортасында орналасқан көше атауының транскрипциясы Қарасай батыр көшесі болып нақтылансын;

    Жібек жолы 1-бұрылысының сол жағында орналасқан көше атауының транскрипциясы Жамбыл көшесі болып нақтылансын;

    Қарасай батыр көшесінің сол жағында орналасқан көше атауының транскрипциясы Қани Органов көшесі болып нақтылансын;

    Домалақ ана көшесінің оң жағында орналасқан көше атауының транскрипциясы Қайрат Рысқұлбеков көшесі болып нақтылансын;

    Жібек жолы көшесінің оң жағында орналасқан көше атауының транскрипциясы Тұрсынбек Дүйсенбаев көшесі болып нақтылансын;

    Бәйдібек баба көшесінің сол жағында орналасқан көше атауының транскрипциясы Бес ана көшесі болып нақтылансын.

    1. Осы шешімнің орындалуын өзіме қалдырамын.
    2. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

     

    Округ әкімі                                                                        С.Джанысбаев

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

                                                                                                 

     

     

     

    © 2015 Информационный портал аппарата акима Жамбылского района