100%200%
Жамбыл ауданы әкімі аппаратының
ақпараттық порталы

    Ақбұлым ауылдық округі бойынша 2019 жылдың 10 айда атқарылған жұмыстар бойынша анықтама

     

    Ақбұлым ауылдық округі –көпұлтты  мекен,тұрғындардың 30 пайызы   түрік,  күрді, орыс  басқа  ұлт  өкілдері  тұрады.

    Сондай-ақ, білім беру, мәдениет, денсаулық сақтау, ауылшаруашылығы және басқа да әлеуметтік нысандар ауыл тұрғындарына үздіксіз қызмет көрсетуде.

    Атап айтқанда, «Б.Бесбаев» атындағы мектеп-гимназиясы «Балауса», «Зерде» бөбек-жайы, «Ақбұлым» дәрігерлік амбулаториясы, пошта байланыс бөлімшесі, кітапхана және 192 шаруа қожалықтары өз жұмыстарын жалғастыруда.

    Ауылдық округтің жалпы жері -2200 гектар.

    Ауылдық округ аумағында халық саны – 4000 адам.

    Аула саны – 715

    Зейнеткерлер саны – 335

    Мүгедектер саны – 111

    Соғыс ардагерлері – жоқ

    Ауған соғысына қатысқандар – 4

    Семей полигонына қатысқандар саны – 4

    Жалпы, ауылдық округте – 73 «Алтын алқа» және «Күміс алқа» иегерлері бар.Оның ішінде «Алтын алқа» белгісімен марапатталған 40 ана болса, «Күміс алқа» белгісімен марапатталған -23 ана.

    Ауылдық округ бойынша барлық жер көлемі – 2200,                 егістік – 847 га, (оның ішінде суармалы-512, тәлімдік-335 га) жайылым 844,2 га, бөгде жер 207, елді мекен жері 1085,22  гектарды құрайды.

    2019 жылы Ақбұлым ауылдық округі әкімінің аппаратында барлығы      14 азамат қызмет атқарса, оның ішінде 6 мемлекеттік қызметкер және келісім-шарт негізінде 7 азамат.

    Аппарат мамандарына өздерінің атқаратын жұмыстары мен функцияналдық міндеттері бөлініп беріліп,  әр маман өздеріне берілген міндеттерді тиісті деңгейде атқаруда.

    Округ әкімі аппаратында жылдық және тоқсандық жұмыс жоспарлар жасалып, бекітілген және олардың орындалуы қатаң бақылауға  алынған.

    10 айлықта ауылдық округ әкімі аппаратында 79 өкім, 23 шешім шығарылып, жеке тұлғадан 29 және өтініш түсіп, түскен өтініштерге өз мерзімінде тиісті жауаптары берілді.

    Сонымен қатар, жоғарғы органдардан – 371 кіріс хат кіріске алынып, 681 шығыс құжаттары рәсімделген, ауызша өтініштермен келген 128 азаматқа әртүрлі анықтамалар беріліп, барлығына өз уақытында тиісті жауаптар берілді.

    Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 ж.ж арналған бағдарламасы бойынша.

    Ауылдық округ аумағындағы жұмыссыз азаматтарға өз кәсібін ашуға нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 ж.ж арналған бағдарламасының 2-ші бағыты бойынша биылғы жылы барлығы 2 азамат мемлекет тарапынан 8 млн. теңге несие алып, ауылшаруашылығы саласын дамыту мақсатында мал басын көбейту мен ет бағытына бет бұрып өз істерін жалғастыруда.

    Халықты әлеуметтік қорғау және қамсыздандыру шаралары бойынша округтегі халықты әлеуметтік қорғау, жұмыссыздық пен кедейшілікті төмендету мақсатында бірқатар жұмыстар жалғасын табуда.

    Ауылдық округтегі көп балалы отбасыларына берілетін жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек алуға өтініш білдірген азаматтар мемлекет тарапынан тиісті жәрдемақыларды алды.

    Атап айтқанда, 2019 жылы 107 отбасыға, 8 млн. 579 мың 260 теңге жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек берілді.

    Ауылдық округте бойынша қысқа мерзімдік кәсіптік оқу курсынан             6 азамат, жастар практикасынан 8 азамат өтсе, ақылы қоғамдық жұмыстарға 15 азамат алынып, 9 азамат әлеуметтік жұмыс орындарымен, 49 азамат тұрақты жұмысқа орналасты.

    Ауылдық округтегі  елді мекенде 13 жеке меншік дүкен иелері өз істерін жалғастыруда. Олар ауыл тұрғындарын қажетті халық тұтынатын әртүрлі  тауарлармен, азық-түлікпен  қамтамасыз етуде.

    Салықтық түсімдері бойынша.

    Ауылдық округ бойынша 2019 жылдың 10 айдың қорытындысымен салық төлеу жөніндегі мәліметтер төмендегіше:

    Салықтүрлері Жоспар Нақтыжиналғаны Орындалупайызы
    1 Жеке табыссалығы 101202 36 0000 548814 152,4
    2 Мүліксалығы 104102 5000 68505 137,1
    3 Жерсалығы 104302 130000 131000 10,0
    4 Заңдытұлғажерсалығы 104309 0 0 0
    5 Заңдытұлғакөліксалығы 104401 0 0 0
    6 Жеке тұлғакөліксалығы 104402 1240000 1752513 141,3
      Барлығы:   1780 000 25000892 530,8

     

    2019 жылдың көктемгі мерзімді әскери қызметке яғни әскер қатарына шақырылатын азаматтар белгіленген кестеге сәйкес аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімге уақытында жеткізіліп, арнайы дәрігерлік тексеруден өткізілді.

    2019 жылдың көктемгі әскер қатарына шақырылымына жоспар бойынша 7 азамат берілді. Нәтижесінде жоспар 120 % орындалып                    9 азамат әскер қатарына жіберілді.

    Ауыл шаруашылығы бойынша.

    Ауылдық округтегі ауыл тұрғындарының 2019 жылдың 1 қаңтарына мал басы бойынша мүйізді ірі қара – 1257 бас, жылқы – 225 бас, қой-ешкі – 3815 бас және үй құстары – 2500 басты құрап отыр.

    Ауылдық округ аумағында ауыл шаруашылығы малдары арасында эпизоотиялық жағдай тіркелмеген.

    2019 жылдың басынан қазіргі күнге дейін ауылдық округтегі ауыл шаруашылығы малдарына егу, қан алу және сырғалану жұмыстары туралы мәлімет.

    Үйжануарлары Вакцина сібіржарасы Вакцина аусыл Вакцина лептоспироз Вакцина сүйел Вакцина құтыру Зерттеужұмыстары

    (қаналу)

    А/Шмалдары

    ныңсырғала

    нуы

    1 М.І.Қ 1100 3310 196 200 1816 540
    2 М.У.М 4100 5040 200 1200 2952 2800
    3 Жылқы 350
    4 Ит 400 20

     

    Қан алу жұмыстарының нәтижесінде – МІҚ 2 бастан сарып аурының сынамалары табылып, анықталған малдар Тараз қаласындағы арнайы орындарда сойылды.

    Ауылдық округ аумағындағы «Б.Бесбаев» атындағы мектеп-гимназиясы қазіргі таңда талапқа сай жабдықтармен толық қамтамасыз етілген, компьютерлер интернетке желісіне толығымен қосылған.

    Аталған мектепте – 96 мұғалім жұмыс  жасап, дәріс беруде.

    Әртүрлі жұмысшылар саны – 26

    2019-2020 жылғы оқу жылында –  893 оқушы білім алса,                  (даярлық-75) оқушы білім алуда.

    Сондай-ақ, 1 сыныптағы -89 оқушыға және жағдайы төмен көпбалалы отбасыларынан шыққан -70 оқушыға, жалпы барлығы – 159 оқушы бір мезгіл тегін ыстық тамақпен  қамтамасыз етілген.

    2018-2019 оқу жылында барлығы – 15 мектеп бітірушілердің Ұлттық біріңғай тестілеуге -15 қатысып, яғни 100% – 1 оқушы «Алтын белгіге» ұсынылып, қорғап шықса, – 2 оқушы қызыл аттестат алды.                       Оның ішінде – 11 оқушы мемлекеттік грант бойынша оқуға түскен. Жалпы ҰБТ қорытындысы орташа балы – 106,5 пайызды құрап, аудан көлемінде             3 орынға тұрақтады.

    2019 жылдың тамыз айында «Нұр Отан» партиясы Жамбыл аудандық филиалының ұсынысымен «Б.Бесбаев» атындағы мектеп-гимназиясы жағдайы төмен отбасылардың балаларын мектепке арналған құрал-саймандарымен, киімдермен қамтамасыз ету мақсатында «Мектепке барар жол» атты қайырымдылық акциясы болып өтті.

    Аталған акцияға ауылдың ілкімді азаматтарының демеушілігімен қаржылай қаражаттар түсіп, жағдайлары төмен отбасылардың балаларына оқу құралдары мен киім-кешектер сатып алынып берілді.

    Баймырза Бесбаев атындағы мектеп-гимназиясының орыс тілі мен әдебиет  пәнінің мұғалімі Қалмаханова Айгул Базарбайқызы  қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтың «Үздік педагог» байқауының жеңімпаздарын салтанатты марапаттау рәсіміне қатысып, 1000 АЕК көлемінде ақшалай сыйақымен және «Үздік педагог» белгісімен марапатталды. 2020 жылдың наурыз айында Дубайда өткізілетін педагогтарға арналған Нобель сыйлығының баламасы болып саналатын «Әлем мұғалімі» жаһандық премиясының іріктеу турына жолдама алды. Айгул Базарбайқызы ауданымыздың мәртебесін әлемдік деңгейде танытуда.

    Денсаулық сақтау саласы бойынша.

    Ауылдық округ аумағында 10 келушіге арналған «Ақбұлым» дәрігерлік амбулаториясында барлығы 15 азамат халыққа қызмет көрсетуде.

    Оның ішінде, 1 аға дәрігер, 1 дәрігер, 7 мейрбике, 1 санитарка, 1 әлеуметтік қызметкер, 1 жедел жәрдем көлігін жүргізуші және 3 күзетші жұмыс жасауда.

    Елді мекендердегі аяғы ауыр әйелдер есепке алынып, дәрігерлік тексеруден уақытылы өткізіліп келеді.

    2019 жылдың  10 айында 61 сәби дүниеге есігін ашқан ал, 2019 жылдың 1 қарашасына дейін 4 азамат дүниеден өтті.

    2019 жылы 2 азамат туберкулез ауруымын ауырса, 2019 жылы сарып ауруымен ауырған азаматтар тіркелген жоқ.

    Осы ауруларды болдырмау мақсатында, алдын алу жұмыстары жалғасын табуда.

    Жастар мәселесі бойынша.

    Бүгінгі таңда ауылдық округ бойынша жалпы халық саны 4000 адамды құраса, 14 жас пен 29 жас аралығындағы жастар саны 788 жас яғни, 20,54%құрайды, оның ішінде Ақбұлым ауылында 788 жас.

    Жынысына қарай 438 ер бала болса, 350 қыз бала. Мектеп жасындағы оқушылар саны барлығы 969 оқушы, оның ішінде 14 жасқа дейінгі балалар саны 828 оқушы, 14 жас пен 18 жас аралығындағы оқушылар саны 141 және 15 білімгерді құрайды.

    2019 жылдың ауылдық округ бойынша некеде тұрғандар жоқ. Неке бұзғандар жоқ.

    2019 жылы округ бойынша тіркелген жұмыссыз жастар жоқ.

    Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауына сәйкес, халықты саламатты өмірге баулу, бұқаралық спортты дамытуға , ауыл тұрғындарының спортпен жүйелі түрде айналысуына жағдай жасау мақсатында округ көлемінде түрлі спорттық іс-шаралар өтті.

    2019 жылдың 10 айында ауылдық округ аумағында 11 (он бір) спорттық іс-шаралар өткізілді. Аталған ойындар кіші футбол, волейбол, арқан тарту, асық ату, қазақша күрес және т.б спорт түрлерінен өткізілді.

    Ауыл жастарын спортқа тарту мақсатында әр аптаның дүйсенбі, сәрсенбі, және жұма күндері «Б.Бесбаев» атындағы мектеп-гимназиясы спорт залында волейбол және футболдан ойындар өткізіліп тұрады.

    Сонымен қатар, жеке кәсіпкер жастарға Ю.Фромер ауылдық округінің орталығынан кіші футбол алаңын жасап беріп, ауыл жастарының игілігіне берілді.

    Сондай-ақ, байланыс жүйесі бойынша жаңа электрондық аппарат қойылған, қазіргі кезде ауыл тұрғындарының үйлеріне интернет жүйесі (мегалайн) желісіне қосылып, халық игілігіне тұрақты түрде жұмыс жасауда.

    Округтегі елді мекендерді көріктендіру, көгеріштендіру және санитарлық тазалығын сақтауға аса мән берілген. Мекеме аулаларына егілген әртүрлі тал тарақтарды, гүлзарларды күтіп-баптау әрбір мекеме басшыларына тапсырылған.

    Ауылдық округте «Қазақстан-2050» стратегиясын жүзеге асырылуын және Елбасының Жолдауын насихаттау жөнінде кеңсе, көшенің кіре беріс басында және көрнекі жерлерде дәйекті сөздер жазылған, олардың бояулары қайта жаңартылып, мәтіндері өзгертіліп отырады.

    Жамбыл облысы әкімдігінің 2010 жылғы 24 маусымдағы №192 қаулысын орындау мақсатында округтегі 22 көшенің барлық әрбір үйге анықтағыш (аншлаг) тақталары жасалып, яғни 100% ілінді.

    Мәдениет саласы бойынша елді мекенде мәдени қызметкер бекітілген жоспарға сәйкес, мерекелік кештер, әртүрлі іс-шаралар өткізіліп тұрады.

    Атап айтқанда, 8-наурыз халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай округтегі «Алтын алқа» және «Күміс алқа» иегерлеріне арналған дастархан жайылып, сый-сияпат жасалды. Мерекелік іс-шара соңы ауыл өнерпаздарының концерттік бағдарламасымен ұласты.

    Сондай-ақ, 9 мамыр – ҰОС аяқталғанына 74 жыл толуына байланысты ҰОС ардагерлерін еске алу мақсатында, үлкен іс-шара болып өтті. Оған ауылдан шыққан азаматтар демеушілік жасап, тыл еңбеккерлері мен ауыл қариялары шақырылып, мал сойылып, құран бағышталып тамақ берілді. Іс-шара соңы спорттық ойындармен және концерттік бағдарламалармен жалғасты.

    Мал ұрлығы бойынша.

    Округ бойынша қылмыстың алдын-алу оған қарсы жұмыстар жүргізу мақсатында ауылдық округке бекітілген учаскелік полиция инспекторы жұмыс атқарып келеді. Ауыл арасында қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алу және мал ұрлығы мен қоғамдық тәртіпті сақтау үшін арнайы ерікті халық жасақшылар тобы жасақталған.

    Қазіргі таңда, учаскелік полиция инспекторымен бірлесе түнгі рейдттік кезекшіліктер ұйымдастырылып келеді.

    2019 жылдың 10 айында 10 қылмыс тіркеліп, Он қылмыстын қазіргі таңда 6 қылмыс ашылмай тұр. Бұл қылмыс бойынша қазіргі таңда оперативтік жұмыстар жүргізіліп жатыр.

    Қаржы игеру бойынша.

    Ақбұлым ауылдық округі әкімінің аппаратына мемлекет тарапынан  2019 жылдың 10 айда бөлінген қаражаттар толығымен игеріліп, төмендегіше жұмыстар атқарылды:

    Аудан және ауыл әкімдерінің өткен жылдардағы есеп беру жиналыстарында ауыл тұрғындарынан түскен ұсыныс-пікірлердің орындалуына келер болсақ:

    1. «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы шеңберінде өңірлерді экономикалық дамытуға жәрдемдесу бойынша шараларды іске асыруға Жібек жолы көшесін жарықтандыру ағымды жөндеу жұмыстарына 3 млн 330 мың теңге бөлініп, тиісті жұмыстар атқарылды.
    2. Ақбұлым ауылы Жібек жолы көшесі №116 мекен жайында орналасқан «Балауса» бөбекжайының ғимаратына мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында, пандус орнатуға 945 мың 612 мың 64 теңге бөлініп, тиісті жұмыстар атқарылды.
    3. Ақбұлым ауылы Дербіс болыс көшесі №116 мекен жайында орналасқан Ақбұлым ауылдық округі әкімі аппараты ғимаратына мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында, пандус орнатуға 444 мың 129 мың 28 теңге бөлініп, тиісті жұмыстар атқарылды.
    4. Ақбұлым ауылына бейне бақылау камераларын орнатуға 2 млн 499 мың 270 теңге бөлініп, тиісті жұмыстар атқарылды.
    5. «Б.Бесбаев» атындағы мектеп-гимназиясы балаларын жалпы білім беру ұйымдарына және кейін үйлеріне тегін тасымалдауға 2 млн 388 мың теңге бөлініп, тиісті жұмыстар атқарылды.

     

    © 2015 Информационный портал аппарата акима Жамбылского района