100%200%
Жамбыл ауданы әкімі аппаратының
ақпараттық порталы

    Ақбастау  ауылдық  округі әкімінің  2019  жылдың 10 айында  атқарған   жұмыстары

    Қазақстан  Республикасының  «Жергілікті  мемлекеттік  басқару  және   өзін-өзі  басқару  туралы» Заңы  мен  басқа  да  мемлекеттік  органдардың  актілерін  басшылыққа  ала  отырып,  Ақбастау  ауылдық  округі  бекітілген  жоспарға  сай  жұмыс  атқаруда.

    Аудан орталығынан 7 шақырым қашықтықта орналасқан Ақбастау  ауылдық  округінің  орталығы Бірлесу-Еңбек ауылы болатын Шоқай ауылы елді мекенімен бірге ауыл тұрғындары Елбасының «Төртінші өнеркәсіптік  революция  жағдайындағы  дамудың  жаңа  мүмкіндіктері»  және Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру атты Жолдаулары Қазақстанның әрбір азаматының өмір сапасын арттыруда өз үлестерін қосуда.

    Округ әкімі аппаратында  6 мемлекеттік қызметкер, 9 штаттан тыс қызметкерлер жұмыс істейді. 2019 жылдың ішінде   307 хат кіріске алынып, 350 шығыс хат жолданды.    Нормативтік құқықтық актілер 36 өкім, 10 шешім қабылданды.

           Ауылдық округтегі  барлық жер көлемі-6163 гектар. Оның ішінде егістік жер көлемі – 3715 гектар, жайылым -1863 гектар, шабындық -436,93 гектар.

            Округте шаруа қожалықтар  2019 жылға 1574 га суармалы жердің  1000 га-арпа, 101 га- күздік бидай, 140 га –жаңа жоңышқа, 47 га-жүгері, 40 га жерге  қант қызылшасы  егілді.

    101 га егілген бидайдан, 106 тонна өнім, 1000 га арпадан 979 тонна өнім алынды.

    Тамшылатып суару технологиясы бойынша 2 шаруа қожалығы жұмыс істейді. (А. Кавунжиди ш/қ-15 га-қант қызылшасы,   «Шохай-Жеміс» ш/қ        Р. Ганижанов  50 га –алма бағы)

    Мал басы  шаруа қожалықтарда  300 ірі қара, 2550 қой,

    265 ешкі, 1414 жылқы, 2500 тауық.

    Ауыл тұрғындарының  жеке өзіндік қосалқы шаруашылықтарда 2205 ірі қара,   қой- ешкі 9049, 2730 жылқы, 4150  тауық.

    Ауылдық  округте  375 аула, (Бірлесу-Еңбек ауылында 241 аула, 1341 халық,  Шоқай ауылында  134 аула, 784 халық) барлығы 2125 отбасы халық  тұрады.  Оның    ішінде   ерлер  саны – 1124,  әйелдер  саны –  1001. Ұлттық   құрамы:  қазақтар  2092, өзге  ұлт  өкілдері  33. (Атап   айтқанда:  орыс халқы   14,  украйн  2,  неміс  3,  қарашай  6,  қырғыз 6,  өзбек 2).

    Округ бойынша  987 еңбекке  жарамды  тұрғындар, 218  зейнеткер,  0-6 жас аралығындағы  балалар саны-374, 400-оқушы, 85-студент, 61- мүмкіндігі  шектеулі  жандар (оның ішінде 16 жасқа дейінгісі-11).

    Қазіргі уақытта  11-тыл  еңбеккерлері,  39-Алтын  алқа,  28- Күміс  алқа  иегерлері.  149 төрт  және бес  балалы аналар бар .

    2 орта мектеп, Бірлесу-Еңбек дәрігерлік амбулатория, Шоқай  медициналық  пункт, 2 кітапхана, Бірлесу-Еңбек ауылдық клуб  және  ауылдық   пошта  бөлімі   қызмет  етеді.

    103  шаруа  қожалықтар,  6 дүкен  иелері  жеке  кәсіпкерлер және  3 СПК (Олар: 1) «Бірлесу-Еңбек-2016»-басшысы Абжапаров Сейдехан, құру мақсаты: әртүрлі маусымдық екпелер егу, құрамында -8 адам-уақытша тоқтап тұр.

    2) «Сүгір-Агро»-басшысы Примкулов Сембек, құру мақсаты: аралас ауыл шаруашылығы, құрамында-8 адам;

    3) «Аулие-Ата Алма» басшысы-Ганижанов Рустам, құру мақсаты: орман және басқа да орман шаруашылығы. Құрамы-10 адам)  өз  жұмыстарын  жасауда.

           Екі  ауылда  екі  мешіт  орналасқан. (Олар: Уәли Қалпе,  Бірлесу-Еңбек)

    1. Бірлесу-Еңбек ауылдық кітапханасының кітап қоры-3888.

    Мемлекеттік тілде-2815.

    1. Шоқай ауылдық кітапханасының кітап қоры-2498.

                Мемлекеттік тілде-2181.   

            Мектеп жанынан ашылған шағын орталықтарда-50 бала,  даярлық топта 41 бала,  екі  орта  мектепте  400 оқушы (Бірлесу-Еңбек о/м  236,  №3 о/м 164)  білім  алуда,  оған  Бірлесу-Еңбек  орта  мектепте- 40 мұғалім, жоғарғы  білімділері  33, арнаулы орта  білімдісі 7.  №3 орта мектебінде-39  мұғалім, жоғарғы білімділері 28, арнаулы  орта  білімдісі  11,  мұғалімдер   дәріс  беруде. 2019 оқу жылының мамыр айында   Бірлесу-Еңбек орта мектебінен ұлттық тестке 5 оқушы қатысып, білім көрсеткіші орташа есеппен 93 %,

    №3 орта мектебінен 1 оқушы ұлттық тестке қатысып, 33 %-ды құрады.

    14 пен 29 жас аралығында 528 жастар бар. Оның ішінде:   оқушы-56,  білімгер-85, бала күтімімен үйде отырғандар-90,  жұмыс істейтіндер-270,  әртүрлі салада жалданып жұмыс істеушілер-21,  мүмкіндігі шектеулі жандар-6. Жастардың салауатты өмір сүру мақсатында екі ауылда екі кіші футбол алаңдары орналасқан. Бүгінгі таңда жарықтандыруы орнатылып,  кешкі мезгілде де  спортпен айналысуға жағдай жасалынған.  Бірлесу-Еңбек ауылында қазақ күресінің жаттықтырушысы Қазбек Нұржанның  шәкірттері Серікбай Сұлтан қазақ күресінен облыс чемпионы, дзюдодан Қазақстан Республикасының күміс жүлдегері, Рымхан Айбек, Есеналиев Ринат, Ақшабай Набиелла, Есенгелді.Д,  Төребек А, Төребек  Төленді, Жұмабек Аслан облыстық, аудандық байқаулардан жеңімпаз атануда.

           Округ  бойынша  2019 жылдың Бірлесу-Еңбек  ауылында-16, Шоқай ауылында-10,  барлығы-26 бала  дүниеге  келді. Қазіргі  уақытта Бірлесу- Енбек ауылында-10, Шоқайда 8 әйел, барлығы-18  әйел жүкті  әйелдер тізімінде  тұр.

    Бірлесу-Еңбек  ауылы  таза ауыз  сумен,  табиғи  газбен,  Шоқай  ауылы  табиғи  газбен  қамтамасыз  етілген.

    «Жұмыспен  қамту 2020 жол картасы»  бағдарламасына 49 азамат қатысты.  Олар: әлеуметтік жұмыс орындары-23, Жастар практикасына-3,  қоғамдық жұмысқа тартылғандар-6,  қысқа мерзімдік кәсіптік оқу    курстарына-5,  Бастау бизнес кәсіпкерлік негіздерін оқығандар-3. тұрақты жұмысқа орналасқан-9.

            Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға өтініш берушінің (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргізу және оның нәтижелері бойынша қорытынды дайындайтын комиссия  32 отбасына тексеру жүргізіліп, құжаттары тиісті мекемеге жолданды.

    Округтен  барлығы-15 азамат әскер қатарына кетті.

    «Бастау бизнес» бағдарламасы арқылы  1 азамат қатысып  ИП «Береке» 3 миллион алып  7 бас құлынды бие алды.

    Өзіндік қосалқы шаруашылықтарын жүргізуге кезекке тұрған азаматтар саны-105. (Бірлесу-Еңбек ауылы бойынша-63; Шоқай ауылы бойынша-42) Аудандық «Шұғыла-Радуга» газетінің 2019 жылғы 6 шілдедегі  №51 (5870)  санында жарияланды.

            2019 жылға мемлекеттік мекеменің қаржыландыру жоспарындағы  мемлекеттік  сатып  алу  бойынша бөлінген қаражаттар бойынша:

    1. «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы бойынша Бірлесу-Еңбек ауылындағы кіші футбол алаңына 2 млн 277 мың теңгеге ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізіп газон төселіп, 2 млн 978 мың теңгеге абаттандыру жұмыстары жүргізілді.

    2.Шоқай ауылына клуб ғимараты құрылысын жүргізу бойынша жері дайындалып, құжаты рәсімделді.

    1. Сатбаев көшесі жарықтандырылды.
    2. Бірлесу-Еңбек ауылы Жапарбеков көшесін және Сатбаев көшесін орта жөндеуден өткізуге сметалық құжаты дайын.
    3. Ауылдық округі әкімі аппараты мекемесіне стандартқа сәйкес пандус орнатылды.
    4. Шоқай ауылына ауыз су 2020 жылдары қаражат қарастырылса кіргізіледі.

    2019 жылың 6 айдың қорытындысы бойынша жеке тұлғалардың жер салығы-148 мың теңге, мүлік салығы-15,5 мың теңге,  жеке тұлғалардан түсетін  көлік құралдар салығы-1 млн 100 мың теңгені, төлем көзінен ұсталмайтын  жеке табыс салығы-130 мың теңгені құрады.

            Қылмыс  саны -8. Ашылғаны-8.

             Жеке тұлғалардан  тұрмыстық қатты қалдықтарды шығару қызметін көрсетуге «ҚР Азаматтық кодексінің» 387-бабына сәйкес тұрмыстық қатты қалдықтарды шығару қызметін көсетуге жарияшарт түрдегі келісімшарт

    2018 жылдың 20 қаңтарында аудандық «Шұғыла» газетінің №6 санында жарияланған.

    Ақбастау  ауылдық  округі аумағындағы санитарлық-тазалық жұмыстарын қамтамасыз ету үшін, округ көлемінде  қоқыс тастау қызметі  әр аптаның дүйсенбі күні қызмет көрсетіледі.

    Қоқыс  негізінен  Жамбыл ауданы әкімдігінің «Таза мекен» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынға  жөнелтіледі.

    Қоқыс шығару қызметіне ақыны газ және су түбіртектерімен бірге төлейді.

    Көктемгі, күзгі  көріктендіру,  көгеріштендіру және  санитарлық  тазалық  айларында кездейсоқ тасталынған екі елді мекендегі қоқыстарды Жамбыл ауданы әкімдігінің «Таза мекен» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынның техникасымен   сүріліп тазаланды.

    Кездейсоқ қоқыстар және көлік жүретін жол бойындағы арамшөптер мен тікенектер шабылып, тазаланды.

    Бірлесу-Еңбек ауылының саябағы және екі ауылдағы ҰОС ардагерлеріне қойылған ескерткіштер жаны үнемі тазаланып, талдары суғарылып бақылауда ұсталынып  отыр.

    Шаруа  қожалық  басшылары мен ауыл тұрғындарының  атсалысуымен  даталы мерекелер өз дәрежесінде өткізілуде.

    8 наурыз күні ардақты аналарға концерт берілсе, ауыл тұрғындарына Ұлыстың Ұлы күні  Наурыз  мерекесіне наурыз көже таратылса, 9 мамыр Жеңістің  74 жылдығына  арналған ісшаралар өз  деңгейінде өткізілді.

    9 мамыр күні жыл сайын ауылдың ілкімді азаматы Құтбаев  Серік  ауыл жастарының футбол ойынына 100 000 (жүз мың) теңге демеушілік көрсетеді.

    2019 жылдың 1 маусым  күні «Балалар күні» мерекесіне орай  ауыл кәсіпкерлері  балмұздақ таратып қайырымдылық ісшара өткізді.

    2019 жылдың маусым айында Бірлесу-Еңбек ауылындағы Сәтбаев көшесіне 2 058 600 тг жарықтандыру орнатылды.

    Ағымдағы жылы тамыз айында жағдайы төмен отбасы балаларына

    2019 жылы Бірлесу-Еңбек ауылындағы кіші футбол алаңына газон төсеу жұмыстары «Өңірлерді дамыту бағдарламалары» бойынша  2 272 043 тг-ге қаражат жұмсалды. Өзге қызметтер мен жұмыстар бойынша 2 941 960 тг қаражат жұмсалды. Осы жылы қыркүйек айының 1-і күні жаңа оқу жылына Сәтбаев көшесінен 140 орындық,  жаңа үлгідегі Бірлесу-Еңбек орта мектебі ашылды.

    Қазан айында округте Республикалық ағаш отырғызу акциясы өткізілді.

    Күзгі  көріктендіру,  көгеріштендіру және  санитарлық  тазалық  айларында кездейсоқ тасталынған екі елді мекендегі қоқыстарды Жамбыл ауданы әкімдігінің «Таза мекен» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынның техникасымен   сүріліп тазаланды.

    Күзгі тазалықтың екі айлығы өз дәрежесінде атқарылды.

     

     

     

    © 2015 Информационный портал аппарата акима Жамбылского района