100%200%
Жамбыл ауданы әкімі аппаратының
ақпараттық порталы

    Шешімдер мен қаулылар талқыланып, тиісті ұсынымдар берілді

    Бесінші шақырылған Жамбыл аудандық мәслихатының 2016 жылғы 19 ақпандағы кезектен тыс 50 сессиясында аудандық Қоғамдық кеңестің құрамы бекітіліп, кеңестің алғашқы отырысында төралқа, оның мүшелері және 3 комиссия құрылып, 25 ақпанда аудандық мәслихаттың кезектен тыс 51 сессиясында Қоғамдық кеңестің Ережесі бекітілген болатын.

    Қоғамдық кеңестің Ережесіне сәйкес 2018 жылдың ақпан айында Қоғамдық кеңес отырысында аудан әкімінің есебі тыңдалды. Отырысқа қоғамдық кеңестің 17 мүшесі мен аудан әкімінің орынбасарлары қатысты. Аудан әкімінің жыл ішінде атқарған жұмысына оң баға беріліп, отырыс барысында айтылған сын-ескертпелер бақылауға алынды. Сонымен қатар жыл ішінде аудандағы білім және ветеринария саласының жұмыстары зерделеніп, Қоғамдық кеңес тарапынан салаға қатысты атқарылған жұмыстар бойынша ұсыныстар берілді.

    Аудандық Қоғамдық кеңес Ереженің 8-тарауына сәйкес мемлекеттік басқарудың жергілікті деңгейдегі өкілеттігін атқарып отырады. Атап айтқанда, Қоғамдық кеңес отырыстарында 2018-2020 жылдарға арналған аудандық бюджет жобасы туралы; «Жамбыл ауданының аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының тізбесін, атаулары мен индекстерін бекіту туралы»; Жамбыл ауданы әкімдігінің «Аудан, ауылдық округ әкімі аппараттары мен жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын аудандық атқарушы органдардың «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы»; Жамбыл ауданының «Пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының мөлшерлемесін жоғарылату туралы»; «Бірыңғай тіркелген салық мөлшерлерін белгілеу туралы Жамбыл аудандық мәслихатының 2011 жылғы 14 желтоқсандағы №47-5 шешіміне өзгерістер енгізу туралы»; 2018 жылғы пробация қызметінің есебінде тұрған, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды және ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы; Жамбыл ауданы мәслихатының «2017 жылғы 25 қыркүйектегі №17-2» Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына отын сатып алу үшін көмек беру туралы шешіміне өзгерістер енгізу туралы»; ҚР «Қоғамдық кеңестер туралы» Заңының 5-бабына сәйкес және бюджеттік комиссияның 2018 жылғы 18 мамырдағы №3 хаттамасындағы аудандық бюджетті нақтылау бойынша ұсыныстарын ескере отырып, Жамбыл аудандық Қоғамдық кеңесі 2018 жылға арналған аудандық бюджетке енгізілген өзгерістер туралы; Жамбыл ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 18 мамырдағы «Мүгедектерге арналған жұмыс орындарына квота белгілеу туралы №234 қаулысына өзгеріс енгізу туралы»; 2018 жылға «Пробация қызметінің есебінде тұрған, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды және ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» қаулы жобасына өзгеріс енгізу туралы»; Аудан аумағынан шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру туралы; Жамбыл ауданына қарасты ауылдық округтердің жергілікті қоғамдастық жиналыс регламентін бекіту туралы; Жамбыл аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күшін жою туралы; Жамбыл ауданы әкімінің «Сайлау учаскелерін құру туралы» шешімінің жобасына келісім беру туралы; «Салық салу объектісінің Жамбыл ауданының елді мекенінде орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэффициенттерін бекіту туралы»; «2019-2021 жылдарға арналған Жамбыл ауданы ауылдық округтерінің бюджеттері туралы»; «2019-2021 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы»; «Конкурсқа шығарылатын жер учас­ке­леріне келісу туралы» шешімдері мен қаулылар талқыланып, тиісті ұсынымдар берілді.

    Сондай-ақ 2018 жылы Бесағаш, Аса, Гродеково, Қарой, Ақбұлым ауылдық округтеріне қарасты ауыл, көше аттарын өзгерту туралы құжат­тар қаралып, ұсынымдар берілді.

    Қоғамдық кеңеске келіп түскен құжаттар дер кезінде қаралып, құжаттарды жолдаушы органға жауаптар қайтарылды.

    Алпысбай Жұмаханов,

    Жамбыл аудандық Қоғамдық кеңестің төрағасы.

    © 2015 Информационный портал аппарата акима Жамбылского района