100%200%
Жамбыл ауданы әкімі аппаратының
ақпараттық порталы

    «Тууды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістерді, толықтырулар мен түзетулерді енгізу» мемлекеттік қызметі

    Құрметті ата-аналар!

      Ата-ана ретінде Сізге білу маңызды:
    Ата-аналар өз балаларына қатысты тең құқықты және тең міндеттер атқарады.
    Балаңыздың туу фактісі міндетті түрде тіркелуі тиіс. Ел өзінің әр азаматы туралы білуі қажет, тіпті ең кішкентайы туралы! Тууды тіркеу туралы өтініш                 Сіздің сәбиіңіз туғаннан кейін үш күн ішінде «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының бөлімшелеріне немесе Азаматтық хал актілерін тіркеу (АХАТ) бөлімдерінде беріледі.

    ҚР «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодексінің 189-бабына енгізілген өзгерістерге сәйкес, баланың тууын тіркеу туған сәтінен бастап 3 жұмыс күні ішінде жүргізілуі тиіс.

    Бұл өзгерістер балалардың құқығын қорғау, оның ішінде ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың құқықтарын қорғау мақсатындағы заңнамаларды жетілдіру мақсатында жүргізіліп отыр. Осыған орай, Жаңа туған балаға туу туралы куәлікті 3 жұмыс күні ішінде алу керектігін ескертіледі.

    Баланың тууын уақытылы тіркеу үшін ең алдымен босанатын ана сәбиге атын, тегін беруге дайындалып және перзентханаға өзімен бірге баланың ата-анасының жеке куәліктерінің көшірмесі мен неке қию туралы куәлігінің көшірмесін алып баруы қажет. Ал егер, бала некеде тұрмаған анадан туылған жағдайда неке қию куәлігі талап етілмейді және баланың тегі анасының тегімен жазылады.

    Баланың тегі ерлі-зайыптылардың ортақ тегімен берілуі мүмкін, анасы немесе әкесінің тегі әртүрлі болса, олардың біреуінің тегі бойынша берілуі мүмкін. Тегін ұлттық дәстүрге сәйкес,оның әкесі немесе атасының атынан тағайындауға болады. Баланың әкесінің аты баланың әкесі ретінде жазылған адамның атымен беріледі.

    Баланың аты оның ата-анасының келісімімен беріледі. Егер ата-аналардың келісімі жоқ болса, олардың дауы сотта шешілуі мүмкін.

    Баланың туған күнінен бастап 3(үш) жұмыс күні өткеннен кейін, яғни мерзімі өтіп баланың тууын тіркеген жағдайда тіркеуші органның қорытындысы негізінде тіркеледі және мына құжаттар тізілімі қосымша тапсырылады:

    Ата-анасының түсініктемесі;

    Баланың туған жері мен ата-анасының тұрғылықты жері бойынша туу туралы жазбасының жоқтығы туралы тіркеу органының анықтамасы;

    «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің №907 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша жүгінген кезден бастап 7(жеті) жұмыс күнінен кешіктірілмей берілген, баланың тұратын жері бойынша оның денсаулығы туралы анықтама;

    Көрсетілетін қызметті алушының өкілі жүгінген жағдайда нотариат куәләндырған сенімхат ұсынылады.

    Мерзімі өтіп баланың тууын тіркеу туралы өтініш Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы жоғарыда көрсетілген барлық құжаттар тізілімі жинақталғаннан соң қабылданады.

    Баланың тууын мемлекеттік тіркеу ақысыз/тегін негізде жүргізіледі. Туу туралы акт жазбасына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізуіне байланысты туу туралы куәлік берілгені үшін 0,5 АЕК мөлшерінде мемлекеттік баж алынады.

    Туу туралы акт жазбасына өзгерістер, толықтырулар және түзетулер енгізу туралы өтініш жазбаша түрде өтініш берушінің тұрақты тұрғылықты жері бойынша тіркеуші органға беріледі. Өтініш күнтізбелік он бес күнге дейігі мерзімде қаралуы тиіс. Сұрау салуды басқа аумақтық АХАТ органына жіберу қажет болған кезде өтінішті қарау мерзімі күнтізбелік отыз күнге дейін ұзартылады. Туу туралы акт жазбасына әке болуды тіркегенде, ата-анасының ұлттық дәстүрге байланысты тегі, атын, әкесінің атын өзгертуі, ата-анасының неке бұзғаннан кейінгі тегі өзгеруіне байланысты, баланың тууын тіркеу кезінде қате жіберілсе, баланың туғанын тіркеу кезінде оған тегі, аты ата-анасының бірінің тілегін ескермей жүргізілсе, ұлты, азаматтығы өзгерген жағдайларда өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізіледі.

    Акт жазбасына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу үшін қажетті құжаттар тізбесі: белгіленген үлгідегі өтініш; жеке басын сәйкестендіретін құжат (тұлғаны сәйкестендіру үшін); туу туралы куәлік, куәлік түпнұсқасы жоғалған жағдайда туу туралы анықтама; өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізуді қажеттігін растайтын құжаттар; мемлекеттік баждың төленгенін растайтын құжат не салық жеңілдіктерін беру үшін негіз болып табылатын құжат; қызмет алушының өкілі жүгінген жағдайда, наториалды куәландырылған сенімхат.

     

    Жамбыл ауданы әкімінің аппараты

    мемлекеттік-құқықтық жұмыс бөлімшесі

    (АХАТ қызметі)

     

     

     

     

     

     

    © 2015 Информационный портал аппарата акима Жамбылского района