100%200%
Жамбыл ауданы әкімі аппаратының
ақпараттық порталы

    Некеге қалай тұруға болады? 17.05.19ж

    Бұл сіз және болашақ жұбайыңыз үшін алғашқы некелесу болса

    Неке қиюды тіркеу өтініш берілген күннен бастап бір ай өткеннен кейін жүргізіледі (қабылдау күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді).

    Неке қиюды тіркеу жайында өтінішті беруге болады:

    1. Еgov.kz порталында.

    Бұл үшін:

    1. жұбайлардың екеуі де ЭЦҚ (электронды цифрлық қолтаңба) алады, өйткені некені тіркеу кезінде сіздің жұбайыңыз некенің тіркелуіне келісімін ЭЦҚ арқылы порталда растауы қажет;
    2. авторлану және өтініш беру;
    3. Банк картасының көмегімен 1 АЕК мөлшеріндегі мемлекеттік баж төлеу қажет. Алдымен сізге қызмет көрсететін банкке хабарласып, картаңыз интернет төлемдер жасауға жарай ма, жоқ па біліп алуға, қажет болған жағдайда бұл қызметті қосуға кеңес береміз.

    Қызмет көрсету мерзімі: 1 жұмыс күні.

    Қызмет көрсетудің аралық нәтижесі: АХАТ органдарында некені тіркеу күнін белгілеу туралы хабарлама алу

    Некені тіркеу белгіленген күні сізге және сіздің болашақ жұбайыңызға некені мемлекеттік тіркеу үшін АХАТ органдарына бару қажет.

    2

    Егер сіз бұрын некелескен болсаңыз

    Егер сіз немесе сіздің жарыңыз бұрын некеде тұрған болса, ерлі-зайыптылардың біреуінің тіркелген орны бойынша Алматы қ. АХАТ бөлімшесіне некені тіркеу туралы өтініш бере аласыз.

    Бұл үшін келесі құжаттарды тапсыру қажет:

    1. ерлі-зайыптылардың екеуінің де жеке басын куәландыратын құжаттар;
    2. 1 АЕК мөлшеріндегі мемлекеттік баждың төленгенін растайтын құжат;
    3. алдыңғы некелер болған жағдайда деректерді тексеру үшін дәлелдейтін құжаттар (некені бұзу туралы куәлік) ұсынылады.

    Некені тіркеу белгіленген күні сізге және сіздің болашақ жұбайыңызға некені мемлекеттік тіркеу үшін АХАТ органдарына бару қажет.

    3

    Егер болашақ ерлі-зайыптылардың бірінің жасы 18-ге толмаса

    Қазақстан Республикасының заңнамасы бойынша, егер некеге тұруға ниеттенген тұлға 18-ге толмаса, онда неке тіркелмейді. Кәмелетке толмаған тұлғаның жүктілігі немесе бала туу сияқты ерекше жағдайларда неке жасы 16-ға дейін төмендетілуі мүмкін.

    1. Тіркелу орны бойынша Алматы қ. АХАТ бөліміне некені тіркеу жөнінде жүгінуге болады.

    Бұл үшін келесі құжаттарды тапсыру қажет:

    1. некені тіркеу туралы өтініш;
    2. неке жасын төмендету туралы өтініш (белгіленген нысанда);
    3. өтініш берушілердің екеуінің де жеке басын растайтын куәліктері;
    4. 1 АЕК мөлшеріндегі мемлекеттік баждың төленгенін растайтын құжат;
    5. некеге құқық қабілеттілігі туралы анықтама;
    6. неке жасын төмендету қажеттілігін растайтын құжаттар: дәрігерлік- біліктілік комиссиясының жүктілік туралы анықтамасы немесе ортақ баланың туу туралы және әке болуын анықтау туралы куәліктердің көшірмесі (сәйкестендіру үшін түпнұсқа);
    7. некеге тұрмақшы кәмелетке толмаған тұлғаның (-лардың) заңды өкілдерінің (ата-ана, қамқоршы, қорғаншы) келісімі;
    8. заңды өкілдердің, яғни ата-ана немесе қамқоршылардың өкілеттігін растайтын құжаттар (ата-ана немесе қамқоршылардың тұлғасын куәландыратын құжаттар);
    9. алдыңғы некелері болған жағдайда деректерді тексеру үшін дәлелдейтін құжаттар (некені бұзу туралы куәлік немесе некені бұзу туралы анықтама) ұсынылады.

    Некені тіркеу белгіленген күні сізге және сіздің болашақ жұбайыңызға некені мемлекеттік тіркеу үшін АХАТ органдарына бару қажет.

    4

    Неке тіркелмейтін жағдайлар

    1. Некені тіркеу туралы өтініш берген тұлғалардың біреуін немесе екеуін мәжбүрлеу арқылы неке қиылмақ болса;
    2. Екі тұлға бір жынысты болса.
    3. Некеге отырмақшы тұлғалар жақын туыс болса (ата-ана, балалар, толықтай немесе жартылай ағайынды апалы-сіңлілер, аға-інілер, ата, әже, немерелер, қамқоршылар, асырап алынған балалар).
    4. Өтініш берушілердің біреуі некеде тұрса.
    5. Соттың заңды күшіне енген шешімі бойынша олардың біреуі болса да психикалық ауруы немесе ақыл-есі кемдігі салдарынан әрекетке қабілетсіз деп танылған болса (Қазақстан Республикасының «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодексінің 11 бабына сәйкес)

    5

    Неке қию туралы куәлік жоғалған жағдайда

    Сіз қайтадан шығарылған куәлікті немесе неке қиюды тіркеу туралы анықтаманы ала аласыз:

    1. Еgov.kz порталы арқылы.

    Бұл үшін:

    1. ерлі-зайыптылардың екеуіне де электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) алу;
    2. авторлану және өтініш беру;
    3. банк картасы арқылы мемлекеттік баж төлеу. Алдымен сізге қызмет көрсететін банкке хабарласып, картаңыз интернет төлемдер жасауға жарай ма, жоқ па біліп алуға, қажет болған жағдайда бұл қызметті қосуға кеңес береміз.

    Қызмет көрсету мерзімі: 1 жұмыс күні.

    Қызмет көрсетудің аралық нәтижесі: өтінімнің қабылдануы және мемлекеттік қызмет нәтижесін алу тәртібі туралы ақпарат ұсынылады.

    Қызмет көрсетудің ақырғы нәтижесі: қызмет көрсететін өкілетті тұлғаның ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанында электрондық өтінішті қабылдау туралы хабарлама немесе электрондық құжат нысанында мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту.

    Электронды түрде өтінім беру үшін egov.kz сайтына кіріңіз.

    Білу маңызды!

    Қайталама куәлікті немесе азаматтық хал актілерін тіркеу туралы анықтаманы шетелден сұратып алу жағдайында қызмет көрсетушіге жүгіну қажет.

    Мемлекеттік баж сомасының мөлшері:

    1. азаматтық хал актілерін тіркеу туралы куәлікті қайта беру үшін – 1 АЕК;
    2. Қазақстан Республикасының азаматтарына азаматтық хал актілерін тіркеу туралы анықтаманы беру үшін – 0,3 АЕК;
    3. ТМД елдерінен азаматтық хал актілерін тіркеу туралы куәліктерді сұратып алу үшін – 0,5 АЕК;
    4. ТМД елдерінен басқа шетел мемлекеттерден азаматтық хал актілерін тіркеу куәліктерін сұратып алу үшін – 1 АЕК.
    5. Болашақ ерлі-зайыптылардың бірінің тіркелу орны бойынша Алматы қ. АХАТ бөлімінде

    Бұл үшін келесі құжаттарды тапсыру қажет:

    1. мемлекеттік қызметті алушыға қажетті құжат түріне байланысты нысан бойынша туу, неке қию, некені бұзу, әкелікті анықтау, бала асырап алу, тегін, атын, әкесінің атын өзгерту, қайтыс болу туралы қайталама куәлікті (анықтама) және некеге құқық қабілеттілігі туралы анықтама беру туралы өтініш;
    2. жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін);
    3. мемлекеттік баждың төленгенін растайтын құжат немесе ЭҮТШ арқылы төлемді қоспағанда, салық жеңілдіктерін беруге негіз болып табылатын құжаттың көшірмесі
    4. қызметті алушының өкілі жүгінген жағдайда нотариат куәландырған сенімхат.

    Жамбыл ауданы әкімінің аппараты

    мемлекеттік-құқықтық жұмыс бөлімшесі

    АХАТ қызметі

    © 2015 Информационный портал аппарата акима Жамбылского района