100%200%
Жамбыл ауданы әкімі аппаратының
ақпараттық порталы

    НЕКЕ ҚИЮДЫ (ЕРЛІ-ЗАЙЫПТЫ БОЛУДЫ) МЕМЛЕКЕТТІК ТІРКЕУ

     

    Неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды) мемлекеттік тіркеу некеге отырып (ерлі-зайыпты болатын) азаматтардың тілегі бойынша Қазақстан Республикасының аумағындағы кез келген тіркеуші органда жүргізіледі.

    Некеге отыру (ерлі-зайыпты болу) туралы өтініш тіркеуші органға некені (ерлі-зайыптылықты) мемлекеттік тіркегенге дейін бір ай бұрын беріледі.

    Тіркеуші орган мүдделі адамдардың өтініші бойынша немесе өз бастамасымен қажетті тексеруді жүргізеді. Неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды) мемлекеттік тіркеуді кейінге қалдыру туралы некеге отыру (ерлі-зайпты болу) туралы өтініш берген адамдар хабардар етіледі. Неке қиюға (ерлі-зайыпты болуға) заңды кедергілер болған кезде тіркеуші орган оны мемлекеттік тіркеуден бас тартады.

    Егер мұндай кедергілер туралы мәліметтер расталмаған болса, некені (ерлі-зайыптылықты) мемлекеттік тіркеу жалпы негізде жүргізіледі.

    Аталған мән-жайларды тексеру бір ай мерзімінде аяқталуға тиіс.

    Айлық мерзімді қысқарту немесе ұзарту туралы рұқсатты тіркеуші органның басшысы, ал ол болмаған кезде оның міндетін атқарушы адам некеге отыру  (ерлі-зайыпты болу) туралы өтінішке қарар түрінде береді.

    Өтініш нысанында қамтылған сұрақтарға толық әрі дәл жауаптар берілуі тиіс.

    Некеге отыру (ерлі-зайыпты болу) туралы өтініш беру кезінде:

    • Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын немесе шетелде уақытша болатын Қазақстан Республикасының азаматы жеке куәлігін немесе паспортын;
    • Шетелде тұрақты тұратын Қазақстан Республикасының азаматы –оның шетелде тұрақты тұратын Қазақстан Республикасының азаматы ретінде есепке алынғаны туралы шетелдегі консулдың мекеменің белгісі бар Қазақстан Республикасы азаматының паспортын ұсынады;
    • Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдік, шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруға арналған ыхқтиярхатын ұсынады.
    • Қазақстан Республикасында уақытша болатын шет елдік Қазақстан Республикасының ішкі істер органы берген Қазақстан Республикасында уақытша тұруға рұқсат ететін құжатын ұсынады;
    • Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын азаматтығы жоқ адам тұрақты жері бойынша тіркелгендігі туралы Қазақстан Республиксыны ішкі істер органының белгісі бар азаматтығы жоқ адамның куәлігін ұсынады.

    Қазақтан Республикасында уақытша болатын азаматтығы жоқ адам оның жеке басын куәләндыратын, өзі тұратын елдің құзіретті органдары берген және Қазақстан Республикасының ішкі істер органынында белгілеген тәртіппен тіркелген құжатын ұсынады.

    Шетелдік паспортын (жеке басын куәландыратын құжатын) ұсынумен қатар оның мәтінінің нотариатта куәләндырылған қазақ тірдегі немесе орыс тілдегі аудармасын беруге тиіс.

    Шетелдіктің, азаматтығы жоқ адамның жеке басын куәләндыратын құжаттардың мәтіні аудармасының дұрыстығышетелдік азаматы болып табылатын мемлекеттік немесе азаматтығы жоқ адам тұрақты тұратын мемлекеттік дипломатиялық өкілінде немесе консулдық мекемесінде не сыртқы саясат ведомствовасында куәләндырылуы мүмкін.

    Неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды) мемлекеттік тіркеу кезінде некеге дейінгі тегін екінші жұбайының тегіне өзгертуге тілек білдірген жұбайға неке қию (ерлі-зайыпты болу) туралы акт жазбасында ортақ тек ретінде таңдап алынған тегі көрсетіледі.

    Өзінің некеге дейінге тегіне екінші жұбайының тегін қосып жазуға тілек білдіргенжұбайға неке қию(ерлі-зайыпты болу)  туралы акт жазбасында қосылатын тегі некеге дейінгі тегінен кейін сызықша арқылы жазылады.

    Ерлі-зайыптылардың тектерін таңдауы некеге отыру (ерлі-зайыпты болу) туралы бірлескен жазбаша өтінішке көрсетіледі.

    Неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды) салтанатты жағдайда мемлекеттік тіркеу некеге отыратындардың (ерлі-зайыпты болатындардың) тілегі бойынша тіркеуші органдардың арнайы жабдықталған үй-жайларында не арнайы осыған арналған мемлекеттік неке сарайларында жүргізіледі.

    Қазақстан Республикасы азаматтарының оралмандармен некесін қиюды (ерлі-зайыпты болуды) мемлекеттік тіркеу Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жалпы негіздерде жүргізіледі.

    Қазақстан Республикасының аумағында азаматтығы жоқ адаммен неке қию (ерлі-зайыпты болу) шарттары, егер ол адамның Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұрғылықты жері болса, Қазақстан Республикасының заңнамасымен айқындалады.

    Қазақстан Республикасы аумағынан тыс жерлерде тұратын Қазақстан Республикасының азаматтары арасында неке (ерлі-зайыптылық) Қазақстан Республикасының шетелдік мекемелерінде қиылады.

    Егер Қазақстан Республикасының  заңнамасына қайшы келмесе, Қазақстан Республикасының аумағында шет мемлекеттердің допломатиялық өкілдіктеріне немесе консулдық мекемелерінде шетелдіктер арасында қиылған неке (ерлі-зайыптылық) Қазақстан Республикасында жарамды болып танылады.

    Бас бостандығынан айыру органдарында (қылмыстық атқару жүйесінің мекемерлерінде) қамауда отырған немесе жазасын өтеп жүрген адаммен неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды) мемлекеттік тіркеуді тіркеуші органды осы Кодексте көзделген неке қию (ерлі-зайыпты болу) шарттарын сақтай отырып, тиісті мекеменің үй-жайында жүргізеді.

    Сотталған адаммен неке қиюды (ерлі-зайпты болуды) мемлекеттік тіркеу некеге отыратын (ерлі-зайыпты болатын) адамдардың қатысуымен қылмыстық атқыру жүйесі мекемелерінің әкімшілігі бергілеген  үй-жайда тіркеуші органмен келісім бойынша жүргізіледі.

    Сотқа дейін бұлтартпау шарасы ретінде қамауға алу таңдалған адамдармен неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды) мемлекеттік тіркеуді тіркеуші орган адамды немесе осы іс жүргізуінде жатқан органды хабардар еткеннен кейін тергеу изоляторында жүргізеді.

    Неке қию (ерлі-зайыпты болу) туралы куәлік ерлі-зайыптыларға неке қиылған жер бойынша неке (ерлі-зайыптылық) мемлекеттік тіркеген күні беріледі.

    2012 жылдан бастап «электронды үкімет»порталында «Некені тіркеуге өтініш беру» электрондық қызмет енгізілді.

    Аталған қызмет Қазақстан Республикасының барлық аумағында іске асырылады және АХАТ саласында қызметті жедел алуда азаматтарға ыңғайлы болу үшін бағытталған.

    Егер некені кәдімгі тәртіпте тіркелген кезде тіркеуші органына құжат тапсырылса: жұбайлардың бірлескен өтініші, олардың жеке басын куәләндыратын құжаттар, ал өтініші «электрондық үкімет» порталы арқылы берсе жұбайлардың ЖСН енгізу және өтінішті электрондық сандық қол таңбасымен растау жеткілікті.

    Жамбыл ауданы әкімінің аппараты

    мемлекеттік-құқықтық жұмыс бөлімшесі

    (АХАТ қызметі)

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

    © 2015 Информационный портал аппарата акима Жамбылского района