100%200%
Жамбыл ауданы әкімі аппаратының
ақпараттық порталы

    Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы (31.01.2020жыл)

    Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы

     31-бап. Ерлі-зайыптылардың тектерді таңдау құқығы

    1. Неке қию (ерлі-зайыпты болу) кезiнде ерлi-зайыптылар өз тiлектерi бойынша ортақ тегі ретiнде өздерiнiң бiреуiнiң тегiн таңдайды не ерлi-зайыптылардың әрқайсысы өзiнiң некеге дейiнгi тегiн сақтап қалады, не біреуі (екеуі де) өз тегiне екiншi жұбайдың тегiн қосып алады. Егер ерлi-зайыптылардың бiреуiнiң болса да некеге тұрғанға дейiнгi тегi қосарлас болса, олардың тектерін қосуға жол берiлмейдi.

    Неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды) мемлекеттік тіркеу кезінде тегі өзгерген жағдайда, азамат бір ай (1 ай) мерзімде жеке басын куәландыратын құжаттарды ауыстыруға міндетті.

    1. Ерлi-зайыптылардың бiреуiнiң тегiн өзгертуi екiншiсінің тегiн міндетті түрде өзгертуiне әкеп соқпайды.
    2. Неке (ерлі-зайыптылық) бұзылған жағдайда ерлi-зайыптылар неке қию (ерлі-зайыпты болу) кезінде таңдаған тектерін сақтауға немесе өздерiнiң некеге дейiнгi тектерін қалпына келтiруге құқылы.

    Жамбыл ауданы әкімінің аппараты

    мемлекеттік-құқықтық жұмыс бөлімшесі

    АХАТ қызметі

     

     

     

     

    © 2015 Информационный портал аппарата акима Жамбылского района