100%200%
Жамбыл ауданы әкімі аппаратының
ақпараттық порталы

    АЗАМАТТЫҚ ХАЛ АКТІЛЕРІ

    Азаматтық хал актісі дегеніміз не?

    АЗАМАТТЫҚ ХАЛ АКТІЛЕРІ ТУРАЛЫ НЕГІЗГІ ҰҒЫМДАР
    Азаматтық хал актілері – адамның құқықтары мен міндеттерінің туындауына, бар болуына және тоқтатылуына байланысты оны дараландыратын заңды ресімделген мән-жайлар.
    Туу, қайтыс болу, неке қию, некені бұзу, бала асырап алу, әке (ана) болуды анықтау, атын, әкесінің атын және тегін өзгерту азаматтық хал актілерін жазатын мемлекеттік органдарда заңнамада белгіленген мерзімде міндетті мемлекеттік тіркелуге тиіс.

    Тіркеуші орган дегеніміз не?

    Бұл азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі – азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуді жүзеге асырушы аумақтық әділет органы.
    Мұндай бөлімдер жоқ жерлерде ауыл, кент, ауылдық округ әкімі өздерінің аумағында тұратын азаматтардың азаматтық хал актілерін (тууын, неке қиюын (ерлі-зайыпты болуын), қайтыс болуын) тіркеуге арналған құжаттарды қабылдауды және азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу және осы Кодексте көзделген мерзімде Жеке тұлғалар туралы мемлекеттік дерекқорға мәліметтер енгізу үшін оларды әділет органдарына беруді, сондай-ақ азаматтық хал актілерін тіркеу туралы куәліктер беру ен тапсыруды жүргізеді.
    Азаматтық хал актілерін тіркегеннен кейін қандай құжат беріледі?
    Азаматтық хал актілерін мемлееттік тіркеуден кейін өздеріне қатысты акт жазбасы жасалған адамдарға құжатты берген тіркеуші орган бастығының қолтаңбасымен және елтаңбалы мөрімен бекітілген, белгіленген үлгідегі азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу туралы куәлік беріледі.
    Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу туралы куәліктер қазақ тілінде немесе орыс тілінде толтырылады.

    Азаматтық хал актілерін тіркегенде мемлекеттік баж салына ма?
    Қазақстан Республикасының Салық кодексінің 537-бабына сәйкес, азаматтық хал актілерін тіркегені үшін, азаматтарға азаматтық хал актілерін тіркеу туралы куәліктерді, сондай-ақ туу, неке, некені бұзу, қайтыс болу туралы актілердің жазбаларын өзгертуге, толықтыруға, түзету мен қалпына келтіруге байланысты куәліктерді қайтадан бергені үшін мынадай мөлшерде:

    1) некеге тұруды тiркегенi үшiн – 2525 тг;

    2) некенi бұзуды тiркегенi үшiн:

    кәмелетке толмаған балалары жоқ ерлi-зайыптылардың өзара келiсiмi бойынша – 5050 тг;

    сот шешiмi негiзiнде – 150 пайыз (ерлi-зайыптылардың бiреуiнен немесе екеуiнен);

    белгіленген тәртiппен хабарсыз кеттi деп немесе жүйке ауруы немесе ақыл-есiнің кемдiгi салдарынан әрекетке қабiлетсiз деп танылған адамдармен не қылмыс жасағаны үшiн үш жылдан астам мерзiмге бас бостандығынан айыруға сотталған адамдармен сот шешiмi негiзiнде – 10 пайыз;

    3) тегiн, атын немесе әкесiнiң атын, ұлтын және жынысын өзгерткенiн тiркегенi үшiн – 5050 тг;

    осы негiзде берiлген жұбайының, балаларының әрбiр құжаты үшiн – 1262,5 тг;

    4) туу, неке, некенi бұзу, қайтыс болу туралы актiлер жазбаларын өзгертуге, толықтыруға, түзету мен қалпына келтiруге байланысты куәлiктердi бергенi үшiн – 1262,5 тг;

    5) азаматтық хал актiлерiн тiркегенi туралы куәлiктердi қайталап бергенi үшiн – 2525 тг;

    6) шетел азаматтарының ұл бала асырап (қыз бала асырап) алғанын тiркегенi үшiн – 5050 тг;

    7) Қазақстан Республикасының азаматтарына азаматтық хал актілерін тіркеу туралы анықтама бергені үшін – 757,5 пайыз;

    8) ТМД елдерінен азаматтық хал актілерін тіркеу туралы куәліктерді талап еткені үшін – 1262,5 тг;

    9) ТМД елдерін қоспағанда, шет мемлекеттерден азаматтық хал актілерін тіркеу туралы куәліктерді талап еткені үшін – 2525 тг мемлекеттiк баж алынады.

    Тууды, қайтыс болуды, әке болуды анықтауды, Қазақстан Республикасы азаматтарының бала асырап алуын тіркеу, сондай-ақ азаматтық хал актілерін тіркеу кезінде жіберілген қателерге байланысты қайтадан куәліктер беру Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес мемлекеттік баж алынбай жүргізіледі.

     

     Жамбыл ауданы әкімінің аппараты

    мемлекеттік-құқықтық жұмыс бөлімшесі

    АХАТ қызметі

     

    © 2015 Информационный портал аппарата акима Жамбылского района