100%200%
Жамбыл ауданы әкімі аппаратының
ақпараттық порталы

        Бала тууды тіркеуге СМС арқылы өтініш білдіру 30.09.19ж

     

    Сонымен, көптен күткен күн келіп, сіздің балаңыз дүниеге келді. Сіздің барлық құжаттарды рәсімдегіңіз келеді, бірақ балаға көп уақыт бөлу керек және «Азаматтарға арналған үкімет» МК КЕАҚ (ХҚКО) бару қажеттілігі сізді қиын жағдайға қояды.

    Бұл жағдайда баланың тууын тіркеуге өтініш беруге, оны балабақша кезегіне қоюға және жәрдемақы ресімдеуге мүмкіндік беретін белсенді қызмет ыңғайлы болады.

    Қызметті пайдалану үшін мобильді азаматтар базасында (МАБ) тіркелу қажет.

    Мұны төменде көрсетілген тәсілдердің бірімен жасай аласыз:

    1. ЭЦҚ қол қоя отырып, eGov.kz порталының Жеке кабинеті арқылы дербес (МАБ-та тіркелу бойынша нұсқаулық);
    2. «Азаматтарға арналған үкімет» МК КЕАҚ(ХҚКО) филиалдарының кез келген қызметкерлеріне жүгіну;
    3. Перинаталдық орталықтар мен перзентхана жанындағы «Азаматтарға арналған үкімет» МК КЕАҚөкілдеріне жүгіну;

    Қызмет тегін, тек телефон нөмірінде оң теңгерім болуы керек.

    Бала туғаннан кейін бір тәулік ішінде ақпараттық жүйе медициналық мекемеден хабарлама алып, сізге қызмет көрсету үшін қажетті ақпараттың қадамдық сұрауымен құттықтау СМС-ін жібереді. СМС сондай-ақ Telegram-бот сілтемесін қамтиды (https://t.me/EgovKzBot), бұл Telegram қосымшасы арқылы қызметті алу мүмкіндігін білдіреді.

    Қызмет көрсету үшін қажетті мәліметтер әр түрлі мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінен алынады, ал жеткіліксіз болса баланың анасынан толтырудың қысқаша мысалдарын қамтитын СМС-сауалдар арқылы сұралады.

    Мысал.

    1. Құттықтауы бар СМС келіп түскен кезде сізге қызметті алу тілін таңдау керек, оған R X X форматында жауап беру керек, мұнда X – хабарламада көрсетілген сандар.

    Бұл маңызды! Есте сақтаңыз, хабарлама R ағылшын әрпінен басталуы және оның алдында бос орынның болмауы тиіс, бірақ R әрпі мен әр цифр арасында бос орындар болуы (мысалы, R 1 2) тиіс. Жауаптың соңғы символынан (цифрынан) кейін бос орын болмауы тиіс. Бос орын ретінде басқа таңбаларды, жол тасымалдарын немесе қос бос орындарды пайдалануға болмайды. Қателер ақпараттық жүйенің сұратуын өңдеуге кедергі келтіруі мүмкін. Бұл барлық СМС жауаптарын ресімдеуге қатысты.

    1. Одан кейін сізде неке туралы мәліметтер сұралады.
    2. Белгілі бір уақыттан кейін сізге баланың тегін, атын және әкесінің атын (бар болса) сұраумен мынадай СМС-хабарлама келіп түседі.

    Бұл маңызды! Тегі, аты және әкесінің атының арасын бөлу нүктелі үтір «;» символы арқылы жүзеге асырылатынына назар аударыңыз, яғни бос орынсыз және басқа символдарсыз. Жауаптың соңғы символынан кейін бос орын болмауы керек.

    1. Аты-жөні жіберілгеннен кейін сізге білім деңгейіңіз, кіріс көзі және тіркеуші орган туралы мәліметтерді ұсыну бойынша СМС-сауалдар келіп түседі.
    2. Осыдан кейін тіркеуге электрондық өтінім қалыптастырылады, ол таңдалған тіркеуші органға жіберіледі. Бұл туралы баланың тууын тіркеу жөніндегі өтінімнің мәртебесі бойынша қосымша ақпараттық хабарламамен хабарланатын болады.
    3. Тіркеуден кейін сізге туу туралы куәлікті алу орны көрсетілген және туу туралы медициналық анықтаманы алып, құжат алу үшін келу туралы өтінішпен СМС жіберіледі.
    4. Келесі қадамда сізге баланы балабақшаға кезекке қою үшін елді мекенді таңдауға сұрау, сондай-ақ кезекке қою кезңнде жеңілдіктерге құқықтардың бар-жоғы туралы сұрақ келеді.
    5. Жоғарыда аталған жауаптарды жібергеннен кейін балабақшаға кезекке қою туралы өтінім әкімдікке жіберіледі, бұл туралы өтінімнің мәртебесі көрсетілген СМС-хабарламада хабарланады.
    6. Келесі қадамда сіз кезек нөмірі бар СМС-хабарлама және жәрдемақы ресімдеу үшін баланың туу кезегін растау үшін сұрау аласыз, себебі оның мөлшері балалардың санына байланысты.
    7. Егер балалар санын тексеру сәтті өтсе, сізге жәрдемақылар мен төлемдерді тағайындау үшін банктік шоттың нөмірін растау/енгізу үшін СМС-сұрау түседі.
    8. Бұдан әрі уәкілетті органдардың қарауына келіп түсетін электрондық өтінім қалыптастырылады және оның қорытындысы бойынша жәрдемақы тағайындалады, бұл туралы сізге СМС арқылы хабарланады.

    Осымен, СМС арқылы белсенді түрде қызмет көрсету рәсімі аяқталады!

    Қате деректер енгізілген жағдайда сізге қайтадан жауап беру ұсынылады. Егер сіз қандай да бір тармақ бойынша жауап бермесеңіз немесе ол дұрыс емес болса, онда жүйе одан әрі қызметті алу үшін ХҚКО-ға бару қажеттілігі туралы хабарлама жібереді.

    Telegram-бот арқылы белсенді қызмет алу.

    Жоғарыда айтылғандай, «Бала туу» проактивті қызметін @EgovKzBot Telegram-бот арқылы да алуға болады. Онда жауаптарды жіберу жеңілдетілген – чатта командаларды енгізудің орнына, көп жағдайда батырма түріндегі тиісті жауап нұсқасына басу керек. Барлық қадамдар жоғарыда баяндалған қадамдарға ұқсас болады.

    Естеріңізге сала кетейік, бот арқылы қызмет алу үшін өз телефоныңызға Telegram қосымшасын орнату, бот-қа жазылу, яғни оның чатындағы «Старт» батырмасын басу және өзінің ұялы телефонының нөмірін пайдалануға рұқсат ету қажет. Мобильдік азаматтар базасында тіркелу болған жағдайда, сізге бот-тың бүкіл функционалы қолжетімді болады.

    Ботпен жұмыс туралы толық ақпаратты сіз «@EgovKzBot Telegram-бот арқылы қызметтерді алу» мақаласынан оқи аласыз.

     Жамбыл ауданы әкімінің аппараты

    мемлекеттік-құқықтық жұмыс бөлімшесі

    АХАТ қызметі

     

     

     

     

    © 2015 Информационный портал аппарата акима Жамбылского района