100%200%
Жамбыл ауданы әкімі аппаратының
ақпараттық порталы

    «ӘКЕЛІКТІ АНЫҚТАУДЫ ТІРКЕУ, ОНЫҢ ІШІНДЕ АЗАМАТТЫҚ ХАЛ АКТІЛЕРІ ЖАЗБАЛАРЫНА ӨЗГЕРІСТЕР, ТОЛЫҚТЫРУЛАР МЕН ТҮЗЕТУЛЕР ЕНГІЗУ ТУРАЛЫ» ТҮСІНІК

    Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру жергілікті атқарушы орган арқылы жүзеге асырылады. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған кезден бастап екі жұмыс күні, егер туу туралы акт жазбасы басқа аймақта тіркелген болса, көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыны үш күн ішінде хабардар ете отырып, мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі күнтізбелік отыз күннен аспайтын уақытқа ұзартылады.

    Азаматтық хал акті жазбасына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу туралы өтініш күнтізбелік жеті күн ішінде қаралады, басқа мемлекеттік органға сұрау салу қажет болған кезде қызмет көрсету мерзімі көрсетілетін қызметті алушыны үш күн ішінде хабардар ете отырып, күнтізбелік отыз күннен аспайтын уақытқа ұзартылады.

    Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны қағаз түрінде. Әке болуды анықтауды мемлекеттік тіркеу тегін көрсетіледі. Ал, әке болуды анықтау туралы акт жазбасына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізуіне байланысты куәлік бергені үшін 0,5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде мемлекеттік баж алынады.

    Мемлекеттік қызметті көрсету үшін ата-ананың бірлескен өтініші бойынша әке болуды анықтауды тіркеу үшін өтініш, баланың туу туралы куәлігі, ата-анасының жеке басын куәландыратын құжат (тұлғаны сәйкестендіру үшін).

    Сот шешімі негізінде әке болуды анықтауды тіркеу үшін өтініш, әке болуды анықтау туралы сот шешімінің көшірмесі, баланың туу туралы куәлігі, ата-анасының біреуі қайтыс болған жағдайда, қайтыс болу туралы куәлік, ата-анасының жеке басын куәландыратын құжат (тұлғаны сәйкестендіру үшін).

    Әке болуды анықтау туралы акт жазбасына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу үшін өтініш, туу туралы куәлік, егер куәліктің түпнұсқасы жоғалған жағдайда-тууды тіркеу туралы анықтама, әке болуды анықтау туралы куәлік, өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу қажеттігін растайтын құжаттар, мемлекеттік баждың бюджетке төленгенін растайтын құжат немесе салық жеңілдіктерін беруге негіз болып табылатын құжат, көрсетілетін қызмет алушының өкілі жүгінген жағдайда нотариатта куәландырылған сенімхат. Ата-анасының біреуі қайтыс болған жағдайда, қайтыс болу туралы куәлік, ата-анасының жеке басын куәландыратын құжат (тұлғаны сәйкестендіру үшін) тапсырады.

     Жамбыл ауданы әкімінің аппараты

    мемлекеттік-құқықтық жұмыс бөлімшесі

    АХАТ қызметі

    © 2015 Информационный портал аппарата акима Жамбылского района