100%200%
Жамбыл ауданы әкімі аппаратының
ақпараттық порталы

    Аудан әкімі

     

    Қазанбасов Бақыт Алпысбайұлы 1961 жылы 16 шілдеде Жамбыл облысы Жамбыл ауданы Танта елді мекенінде дүниеге келген.

    Талас ауданы Бостандық ауылындағы «Алғабас» орта мектебін   1978 жылы бітіріп, 1981 жылы Алматы политехникалық техникумының инженер – механик, 1996 жылы Жамбыл жеңіл және тамақ өнеркәсібі технологиялық институтының инженер-технолог, 2005 жылы М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің  қаржы мамандықтары бойынша білім алған.

    Еңбек жолын 1981 жылы №2 астық комбинатында слесарь болып бастаған.

    1981 – 1983  жылдары әскер қатарында әскери борышын өтеген;

    1983 – 1984 жылдар аралығында №2 астық комбинатында аға вальцевой (үгітуші);

    1984 – 1985 жылдар аралығында №2 астық комбинатында сменный крупчатник (ұнтақтаушы);

    1985 жылдың сәуір айынан 1985 жылдың қыркүйек айына дейін №2 астық комбинатының  цех бастығы;

    1985 – 1987 жылдар аралығында №2 астық комбинатында бөлімше меңгерушісі;

    1987 – 1990 жылдар аралығында №2 астық комбинатында цех бастығы;

    1990 – 2001 жылдар аралығында №2 астық комбинаты қосалқы шаруашылық меңгерушісі;

    2001 – 2003 жылдар аралығында «Ақбидай» акционерлік қоғамының асыл тұқымды мал шаруашылығының директоры;

    2003 – 2008 жылдар аралығында «Зар –Замин» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің қосалқы шаруашылығының меңгерушісі;

    2007 – 2008 жылдары Жамбыл ауданыдық маслихатының депутаты;

    2008 – 2011 жылдар аралығында Аса селолық округінің әкімі;

    2011 – 2013 жылдар аралығында Жамбыл ауданы әкімдігінің тұрғын – үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бастығы;

    2013 – 2017 жылдар аралығында Жамбыл ауданы әкімінің орынбасары қызметтерін абыроймен атқарған;

    2017 жылдың 4 тамызынан бүгінгі күнге дейін Жамбыл ауданының әкімі қызметін атқаруда.

    Отбасылы, 2 ұл, 2 қыз өсіріп, тәрбиелеуде.

     

    Қабылдау уақыты:
    әр айдың 2-ші, 4-ші аптасының дүйсенбісі,, сағ.15.00-ден 18.00-ге дейін
    Қабылдау бөлмесінің телефоны: 8 (726 33) 2-14-36
    Факс: 8 (726 33) 2-19-37
    Электрондық пошта: zhambyl_asa_akim@mail.ru

    Мекен-жай: Жамбыл облысы, Жамбыл ауданы Аса ауылы 123

    © 2015 Информационный портал аппарата акима Жамбылского района