100%200%
Жамбыл ауданы әкімі аппаратының
ақпараттық порталы

    ЖАМБЫЛ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ ХАЛЫҚТЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ОРТАЛЫҒЫ КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІНІҢ ҚҰРЫЛУ ТАРИХЫ

    Жамбыл ауданы  әкімдігінің 2011 жылғы 29 сәуірде  №158  қаулысымен  Халықты жұмыспен қамту орталығы  коммуналдық мемлекеттік мекемесі құрылды.

    2011 жылдың 1 шілдесінен  бастап  Жұмыспен қамту орталығы коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры  Жанқоразов Асқар Әбдимажитұлы    қызмет атқарды,  орталықта 10  маман қызмет атқарған.

    Орталықты «Жұмыспен қамту – 2020» «Жұмыспен қамту-2020 Жол картасы»  бағдарламалары бойынша  жұмыстар жүргізілген.

    2012-2016 жылдар аралығында Жұмыспен қамту орталығының директор қызметін  Үкібасов Нұрқасым Көбейұлы атқарған.

    2014 жылдың 29 желтоқсанында Жамбыл ауданы әкімдігінің №711 қаулысымен  «Жұмыспен қамту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің атауы «Жамбыл облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің  халықты жұмыспен қамту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі болып атауы өзгертілді.

    Қазіргі таңда Жамбыл ауданы әкімдігінің Халықты жұмыспен қамту орталығы коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры Жанқоразов Асқар Әбдімажитұлы  2016 жылдан бері жұмыс атқарып келеді.

    Орталықта  1 директордың орынбасары, 3 сектор меңгеруші, 14 маман жұмыс атқарады.

    «100 нақты қадам» Ұлттық жоспарының 84-қадамын іске асыру үшін  2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап  жаңа үлгідегі атаулы әлеуметтік  көмек түрі енгізілді.  Осыған байланысты 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап Халықты жұмыспен қамту орталығының штаттық кестесіне  1 консультант, 8 ассистент енгізілді.

    Қазақстан Республикасы Еңбек және Халықты әлеуметтік қорғау министірлігінің тапсырмасы бойынша 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап Халықты  жұмыспен қамту орталығы  барлық  талаптарға сай  келетін жаңа ғимаратқа көшіп келді.   Қызметкерлер жаңа құрал жабдықтармен қамтылып, біріңғай киім үлгісіне көшті.

    2016 жылдың  29 желтоқсандағы №919 қаулысына сәйкес Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай  кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы енгізілді. Осы бағдарламаның   бағыттары  бойынша және  атаулы әлеуметтік  көмек бойынша  өтініштерді қабылдау,тағайындау; 2017 жылдың наурыз айынан бастап міндетті әлеуметтік медецинаны сақтандыруға сәйкес азаматтардың мәртебесін анықтау жұмыстары жүргізілуде.

    «Жамбыл облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры Асқар Әбдімәжітұлы  Жамбыл ауданының «Құрмет   грамотасымен»  және  Жамбыл аудандық маслихатының   «Құрмет   грамотасымен» марапатталған. 2009 жылдан бастап «Нұр Отан» партиясы мүшесі.

    Жамбыл ауданында  атқарылып жатқан іс-шараларға , жиналыстарға, «дөңгелек үстел» отырыстарына, акцияларды ұйымдастыруға белсене атсалысып келеді

     

     

     

     

     

    © 2015 Информационный портал аппарата акима Жамбылского района