100%200%
Жамбыл ауданы әкімі аппаратының
ақпараттық порталы

    «Жамбыл ауданы бойынша әлеуметтік көмек  көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген  санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекiту туралы» Жамбыл аудандық мәслихатының 2019 жылғы 20 ақпандағы №38-3 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

    ЖОБА

    «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы                     23 қаңтардағы Заңының 6 бабының 2-3 тармағына, «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы №504 қаулысына сәйкес Жамбыл аудандық мәслихат ШЕШIМ ҚАБЫЛДАДЫ:

    1. «Жамбыл ауданы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы» Жамбыл аудандық мәслихатының 2019 жылғы 20 ақпандағы №38-3 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4122 болып тіркелген, эталондық бақылау банкіде 2019 жылдың 4 сәуірінде электрондық түрде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:

    Көрсетілген шешімнің бекітілген әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасында:

    9 тармағының 3 (тармақшасында):

    1 абзацтағы «150 000 (жүз елу мың)» деген сандар «300 000 (үш жүз мың)» деген сандармен ауыстырылсын;

    3 абзацтағы «15 000 (он бес мың)» деген сандар «50 000 (елу мың)» деген сандармен ауыстырылсын;

    4 абзацтағы «15 000 (он бес мың)» деген сандар «50 000 (елу мың)» деген сандармен ауыстырылсын.

    11 тармақ келесі редакцияда мазмұндалсын (Атаулы күндер мен мереке күндеріне әлеуметтік көмек алушылардан өтініштер талап етілмей уәкілетті ұйымның не өзге де ұйымдардың ұсынымы бойынша, Жамбыл аудандық әкімдігінің бекітетін тізімі бойынша көрсетіледі.)

    12 тармақ өзгеріссіз қалдырылсын.

    20 тармақта «13 және 14» деген сандар «16 және 17» деген сандармен ауыстырылсын.

    25 тармақта «Арттық» деген сөз «Артық» деген сөзбен ауыстырылсын.

    1. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың әкімшілік аумақтық құрылым, жер, халықтың денсаулығын сақтау және қоршаған ортаны қорғау, халықтың аз қамтамасыз етілген бөлігін, мүгедектерді, ана мен баланы қорғау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

     

    1. Осы шешiм әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi және алғаш ресми жарияланған күннен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

     

     

    Жамбыл аудандық                                          Жамбыл аудандық

    сессиясының төрағасы                                   мәслихаты хатшысы

     

    ____________                                                     ______________Р. Бегалиев

     

    Жамбыл аудандық мәслихатының бекітілген 2019 жылғы «20» ақпандағы №38-3 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

     

    Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидалары

    1. Жалпы ережелер
    2. Осы Әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысына сәйкес әзірленді.
    3. Әлеуметтік көмек Жамбыл облысы Жамбыл ауданының аумағында тұрақты тұратын мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына көрсетіледі.
    4. Осы Үлгілік қағидаларда пайдаланылатын негізгі терминдер мен ұғымдар:

    1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – уәкілетті ұйым) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету, «бір терезе» қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;

    2) атаулы күндер – жалпы халықтық тарихи, рухани, мәдени маңызы бар және Қазақстан Республикасы тарихының барысына ықпал еткен оқиғалар;

    3) арнайы комиссия – өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты әлеуметтік көмек көрсетуге үміткер адамның (отбасының) өтінішін қарау бойынша республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімінің шешімімен құрылатын комиссия;

    4) ең төмен күнкөріс деңгейі – облыстардағы, республикалық маңызы бар қаладағы, астанадағы статистикалық органдар есептейтін мөлшері бойынша ең төмен тұтыну себетінің құнына тең, бір адамға қажетті ең төмен ақшалай кіріс;

    5) мереке күндері – Қазақстан Республикасының ұлттық және мемлекеттік мереке күндері;

    6) отбасының (азаматтың) жан басына шаққандағы орташа табысы – отбасының жиынтық табысының айына отбасының әрбір мүшесіне келетін үлесі;

    7) орталық атқарушы орган – халықты әлеуметтік қорғау саласында мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз ететін мемлекеттік орган;

    8) өмірлік қиын жағдай – азаматтың тыныс-тіршілігін объективті түрде бұзатын, ол оны өз бетінше еңсере алмайтын ахуал;

    9) уәкілетті орган – жергілікті бюджет есебінен қаржыландырылатын, әлеуметтік көмек көрсетуді жүзеге асыратын ауданның халықты әлеуметтік қорғау саласындағы атқарушы органы, «Жамбыл облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

    10) учаскелік комиссия – әлеуметтік көмек алуға өтініш білдірген адамдардың (отбасылардың) материалдық жағдайына тексеру жүргізу және қорытындылар дайындау үшін тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік әкімдерінің шешімімен құрылатын комиссия;

    11) шекті шама – әлеуметтік көмектің бекітілген ең жоғары мөлшері.

    1. Осы қағидалардың мақсаттары үшін әлеуметтік көмек ретінде жергілікті атқарушы орган мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына (бұдан әрі – алушылар) өмірлік қиын жағдай туындаған жағдайда, сондай-ақ атаулы күндер мен мереке күндеріне ақшалай немесе заттай нысанда көрсететін көмек түсініледі.
    2. «Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы» 1995 жылғы 28 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабында және «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» 2005 жылғы 13 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабында көрсетілген адамдарға әлеуметтік көмек осы қағидаларда көзделген тәртіппен көрсетіледі.
    3. Әлеуметтік көмек бір рет және (немесе) мерзімді (ай сайын, тоқсан сайын, жартыжылдықта 1 рет) көрсетіледі.
    4. Әлеуметтік көмек көрсету үшін атаулы күндер мен мереке күндерінің тізбелерін, сондай-ақ әлеуметтік көмек көрсетудің еселігін жергілікті атқарушы органдардың  (бұдан әрі – ЖАО)  ұсынымы бойынша жергілікті өкілді органдар белгілейді. Атаулы күндер мен мереке күндерінің тізбелері:
    • 15 ақпан – Кеңес әскерінің Ауғанстан жерінен шығарылған күні;
    • 26 сәуір –Чернобыль атом электростанциясының апаттарын жоюды еске алу күні;
    • 9 мамыр – Жеңіс күні;
    • 29 тамыз – Семей ядроляқ сынақ полигонының жабылған күні.

     

    1. Әлеуметтік көмек алушылар санаттарының тізбесін айқындау
      және әлеуметтік көмектің мөлшерлерін белгілеу
      тәртібі

     

    1. Алушылар санатының тізбесін, әлеуметтік көмектің шекті мөлшерлерін, табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмекке өтініш білдіру мерзімдерін ЖАО белгілейді және жергілікті өкілді органдардың шешімдерімен бекітіледі.

    Бір реттік әлеуметтік көмек өтініш бойынша мынадай санаттағы адамдарға (отбасыларға) ұсынылады:

    8-1. Жан басына шаққандағы табысы 5 (бес) тен төмен күнкөріс деңгейінен аспайтын адамдарға (отбасыларға) біржолғы әлеуметтік көмек:

    1) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне, оларға теңестірілген тұлғаларға жол шығыны төлемінсіз, шипажайлық – курорттық жолдамалар түрінде;

    2) «Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы Жамбыл аудандық туберкулезге қарсы ауруханасы» коммуналдық мемлекеттiк мекемесінің тізіміне сәйкес диспансерлік есепте тұратын туберкулезбен ауыратын адамдарға (отбасыларға) амбулаториялық емін алу кезеңінде 12 (он екі) ай мерзіміне, ай сайын ең төменгі күн көріс деңгейінің мөлшерінде көрсетіледі.

    3)  табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан адамға (отбасына) не оның мүлкіне зиян келтірілгенде арнайы комиссияның анықтауымен 100 айлық есептік көрсеткіш шегінде көрсетіледі.

    Табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан адамға (отбасына) не оның мүлкіне зиян келтірілгенде мұқтаж азаматтар уәкілетті органға өтініш береді.

    4) пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарға пробация қызметінің есебінде тұрғандығы туралы анықтама және бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарға бас бостандығынан айыру орындарынан босап шыққандығы туралы анықтама негізінде бір еселенген ең төменгі күнкөріс деңгейінде көрсетіледі.

    8-2. Жан басына шаққандағы орташа табысы ең төмен күнкөріс деңгейінің 60 пайызынан аспайтын санаттағы адамдар (отбасылар) үшін әлеуметтік көмек көрсету өмірлік қиын жағдай туындаған кезде 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде көрсетіледі.

    Бұл ретте азаматтарды өмірлік қиын жағдай туындаған кезде мұқтаждар санатына жатқызу үшін мыналар:

    1) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген негіздемелер;

    2) табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келтіру не әлеуметтік мәні бар аурулардың болуы;

    3) жергілікті өкілді органдар ең төмен күнкөріс деңгейіне еселік қатынаста белгілейтін шектен аспайтын жан басына шаққандағы орташа табыстың болуы негіздіме болып табылады.

    Азаматтарды мұқтаждар санатына жатқызу және адамның (отбасының) материалдық – тұрмыстық жағдайына тексеру жүргізу үшін негіздемелердің түпкілікті тізбесін жергілікті өкілді органдар бекітеді.

    Арнайы комиссиялар әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытынды шығарған кезде жергілікті өкілді органдар бекіткен азаматтарды мұқтаждар санатына жатқызу үшін негіздемелер тізбесін басшылыққа алады.

    1. Алушылардың жекелеген санаттары үшін атаулы күндер мен мереке күндеріне әлеуметтік көмектің мөлшері облыстың ЖАО келісімі бойынша бірыңғай мөлшерде белгіленеді.

    Атаулы күндер және мерекелі күндерге көрсетілетін бір реттік әлеуметтік көмек:
             9-1. 15 ақпанға – Кеңес әскерінің Ауғанстан жерінен шығарылған күні:

    1)  Ауғанстанда әскери міндетін өтеген және өтеу кезінде жаралануы, контузия алуы, зақымдануы салдарынан мүгедек болған әскери қызметшілерге 30 000 (отыз мың) теңге көлемінде;

    2) Ауғанстандағы немесе ұрыс қимылдары жүргізілген басқа мемлекеттердегі ұрыс қимылдары кезеңінде жараланудың, контузия алудың, зақымданудың немесе ауруға шалдығудың салдарынан қаза тапқан (хабар-ошарсыз кеткен) немесе қайтыс болған әскери қызметшілердің отбасы 15 000 (он бес мың) теңге мөлшерінде;

    3)  Бейбіт уақытта әскери қызметін өткеру кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметшілердің отбасы 15 000 (он бес мың) теңге көлемінде;

    4) 1979 жылдың 1 желтоқсаны мен 1989 жылдың желтоқсаны аралығында Ауғанстанға жұмысқа жіберілген жұмысшылар мен қызметшілерге 15 000 (он бес мың) теңге мөлшерінде;

    5) 2019 жылы Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 30 жыл толуына байланысты,  Ауғанстанда әскери міндетін өтеу кезінде жаралануы, контузия алуы, зақымдануы салдарынан мүгедек болған әскери қызметшілерге белгіленген сома 2 еселенген көлемде.

             9-2.26 сәуірге – Чернобыль атом электростанциясының апаттарын жоюды еске алу күні

    1)  1986-1987 жылдары Чернобыль атом электрстанциясындағы апаттың зардаптарын жоюға қатысқан және Чернобыль атом электрстанциясындағы апаттың салдарынан мүгедек болған адамдарға 30 000 (отыз мың) теңге көлемінде;

    2) 1988-1989 жылдары Чернобыль атом электрстанциясындағы аппаттың зардаптарын жоюға қатысқан адамдарға 15 000 (он бес мың) теңге мөлшерінде.

    9-3. 9 мамырға – Жеңіс күні:

    1)  Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне 300 000 (үш жүз мың) теңге;

    2) Қоршаудағы кезеңінде Ленинград қаласының кәсіпорындарында, мекемелері мен ұйымдарында жұмыс істеген және «Ленинградты қорғағаны үшін» медалімен әрі «Қоршаудағы  Ленинград тұрғыны» белгісімен наградталған азаматтарға 30 000 (отыз мың) теңге мөлшерінде;

    3) қаза тапқан (қайтыс болған) соғыс мүгедектерінің және соларға теңестірілген мүгедектердің әйелдеріне  (күйеулеріне), сондай-ақ қайтыс болған соғысқа қатысушылардың, партизандардың, астыртын күрес жүргізген адамдардың, «Ленинградты қорғағаны үшін» медалімен және «Қоршаудағы Ленинград тұрғыны» белгісімен наградталған, жалпы ауруға шалдығудың, еңбек ету кезінде зақым алуының нәтижесінде және басқа себептерге (құқыққа қайшы келетіндерінен басқаларына) байланысты мүгедек деп танылған азаматтардың екінші рет некеге тұрмағанда 50 000 (елу мың) теңге көлемінде;

    4)  Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі және мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдерімен наградталған адамдарға және Ұлы Отан соғысы жылдарында 6 айдан астам тылда еңбек еткен адамдарға 50 000 (елу мың) теңге мөлшерінде;

    5) Ұлы Отан соғысы кезінде майдандағы армия құрамына кірген әскери бөлімдерде, штабтарда, мекемелерде штаттық қызмет атқарған Совет Армиясының,  Әскери-Теңіз Флотының, бұрынғы КСР Одағының ішкі істер және мемлекеттік қауіпсіздік әскерлері мен органдарының ерікті жалдама құрамаларының адамдары, яғни сол кездерде қорғанысына қатысу майдандағы армия бөлімдерінің әскери қызметшілері үшін белгіленген жеңілдік шарттарымен зейнетақы тағайындау үшін еңбек өткерген жылдарына 1998 жылғы 1 қаңтарға дейін есептеледі қалаларда болған адамдарға 30 000 (отыз мың) теңге мөлшерінде.

    9-4. 29 тамызға – Семей ядролық сынақ полигонының жабылған күні:

    1) Азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың зардаптарын жоюға қатысқан, сондай-ақ ядролық сынақтар мен жаттығуларға тікелей қатысқан адамдарға 30000 (отыз мың) теңге мөлшерінде.

    1. Әрбір жекелеген жағдайда көрсетілген әлеуметтік көмек мөлшерін арнайы комиссия айқындайды және оны әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытындыда көрсетеді.

     

    1. Әлеуметтік көмек көрсету тәртібі

     

    1. Атаулы күндер мен мереке күндеріне әлеуметтік көмек алушылардан өтініштер талап етілмей уәкілетті ұйымның не өзге де ұйымдардың ұсынымы бойынша, Жамбыл аудандық әкімдігінің бекітетін тізімі бойынша көрсетіледі.
    2. Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек алу үшін өтініш беруші өзінің немесе (отбасының) атынан уәкілетті органға немесе ауылдық округтың әкіміне өтінішке қоса мынадай құжаттарды:

    1) жеке басын куәландыратын құжатты;

    2) тұрақты тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжатты;

    3) «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысының  № 1-қосымшасына сәйкес адамның (отбасының) құрамы туралы мәліметтерді;

    4) адамның (отбасы мүшелерінің) табыстары туралы мәліметтерді;

    5) өмірлік қиын жағдайдың туындағанын растайтын актіні және/немесе құжатты ұсынады.

    1. Құжаттар салыстырып тексеру үшін түпнұсқаларда және көшірмелерде ұсынылады, содан кейін құжаттардың түпнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады.
    2. Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек көрсетуге өтініш келіп түскен кезде уәкілетті орган немесе ауылдық округтің әкімі бір жұмыс күні ішінде өтініш берушінің құжаттарын адамның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргізу үшін учаскелік комиссияға жібереді.
    3. Учаскелік комиссия құжаттарды алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде өтініш берушіге тексеру жүргізеді, оның нәтижелері бойынша осы қағиданың № 2 және № 3-қосымшаларына сәйкес нысандар бойынша адамның (отбасының) материалдық жағдайы туралы акті жасайды, адамның (отбасының) әлеуметтік көмекке мұқтаждығы туралы қорытынды дайындайды және оларды уәкілетті органға немесе ауылдық округ әкіміне жібереді.

    Ауылдық округ әкімі учаскелік комиссияның актісі мен қорытындысын алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде оларды қоса берілген құжаттармен уәкілетті органға жібереді.

    1. Әлеуметтік көмек көрсету үшін құжаттар жетіспеген жағдайда уәкілетті орган әлеуметтік көмек көрсетуге ұсынылған құжаттарды қарау үшін қажетті мәліметтерді тиісті органдардан сұратады.
    2. Өтініш берушінің қажетті құжаттарды олардың бүлінуіне, жоғалуына байланысты ұсынуға мүмкіндігі болмаған жағдайда уәкілетті орган тиісті мәліметтерді қамтитын өзге уәкілетті органдар мен ұйымдардың деректері негізінде әлеуметтік көмек тағайындау туралы шешім қабылдайды.
    3. Уәкілетті орган учаскелік комиссиядан немесе ауылдық округ әкімінен құжаттар келіп түскен күннен бастап бір жұмыс күн ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысын есептеуді жүргізеді және құжаттардың толық пакетін арнайы комиссияның қарауына ұсынады.
    4. Арнайы комиссия құжаттар келіп түскен күннен бастап екі жұмыс күні ішінде әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытынды шығарады, оң қорытынды болған кезде әлеуметтік көмектің мөлшерін көрсетеді.
    5. Уәкілетті орган өтініш берушінің әлеуметтік көмек алуға қажетті құжаттарын тіркеген күннен бастап сегіз жұмыс күні ішінде қабылданған құжаттар мен арнайы комиссияның әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытындысының негізінде әлеуметтік көмек көрсету не көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.

    Осы Қағиданың 16 және 17 тармақтарында көрсетілген жағдайларда уәкілетті орган өтініш берушіден немесе ауылдық округтің әкімінен құжаттарды қабылдаған күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде әлеуметтік көмек көрсету не көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.

    1. Уәкілетті орган шешім қабылдаған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қабылданған шешім туралы (бас тартқан жағдайда – негіздемесін көрсете отырып) өтініш берушіні жазбаша хабардар етеді.
    2. Әлеуметтік көмек көрсетуден бас тарту:
    • өтініш беруші ұсынған мәліметтердің дәйексіздігі анықталған;
    • өтініш беруші адамның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргізуден бас тартқан, жалтарған;
    • адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысы әлеуметтік көмек көрсету

    үшін жергілікті өкілді органдар белгілеген шектен артқан жағдайларда жүзеге асырылады.

    1. Әлеуметтік көмек ұсынуға шығыстарды қаржыландыру Жамбыл облысы Жамбыл ауданының бюджетінде көзделген ағымдағы қаржы жылына арналған қаражат шегінде жүзеге асырылады.

     

    1. Көрсетілген әлеуметтік көмекті тоқтату және қайтару үшін негіздемелер
    2. 24. Әлеуметтіккөмек:
    • алушықайтысболған;
    • алушы тиісті Жамбыл облысы Жамбыл ауданының шегінен тыс тұрақты тұруға кеткен;

    3) алушыны мемлекеттік медициналық-әлеуметтік мекемелерге тұруға жіберген;
    4) алушы ұсынған мәліметтердің дәйексіздігі анықталған жағдайларда тоқтатылады.
    Әлеуметтік көмекті төлеу көрсетілген жағдаяттар туындаған айдан бастап тоқтатылады

    1. Артық төленген сомалар ерікті немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзгеше тәртіппен қайтаруға жатады.

     

    1. Қорытынды ереже

     

    1. Әлеуметтік көмек көрсету мониторингі мен есепке алуды уәкілетті орган «Е-собес» автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің дерекқорын пайдалана отырып жүргізеді.

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

    © 2015 Информационный портал аппарата акима Жамбылского района