100%200%
Жамбыл ауданы әкімі аппаратының
ақпараттық порталы

    Жамбыл ауданының аудандық маңызы бар жалпыға ортақпайдаланылатын автомобиль жолдарының тізбесін, атауларымен индекстерін бекіту туралы

    Аса ауылы                                                                                                                                                 село Аса

     

    «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Қазақстан Республикасының                                              2001 жылғы  23 қаңтардағы Заңының 31 бабына, «Автомобиль жолдары туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі              Заңының  3 бабының 7 тармағына, 6 бабының 2 тармағына сәйкес Жамбыл ауданы әкімдігі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. Жамбыл ауданының аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының тізбесі, атаулары мен индекстері осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
    2. 2. «Жамбыл ауданының аудандық манызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының тізбесін, атаулары мен индекстерін бекіту туралы» Жамбыл  ауданы  әкімдігінің 2017 жылғы 17 наурыздағы                №135 қаулысының (нормативтік құқықтық актілерінің  мемлекеттік тізілімінде №3391 болып тіркелген, 2017 жылдың 14 сәуірінде аудандық «Шұғыла-Радуга» газетінде жарияланған)  күші жойылды деп танылсын.
    3. «Жамбыл ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (К.Шаимкулов) заңнамада белгіленген тәртіппен:

    1)  осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;

    2) осы қаулының мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде оны ресми жариялауға жіберуді;

    3) осы қаулының Жамбыл ауданы әкімдігінің интернет – ресурсында орналастырылуын;
    4) осы қаулыдан туындайтын басқа да шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсін.

    1. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ж. Мұртазаға жүктелсін.
    2. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Аудан әкімі                                                                           Б. Қазанбасов

     

     

     

         «КЕЛІСІЛДІ»:

    Жамбыл облысы әкімдігінің

    жолаушылар көлігі және

    автомобиль жолдары

    басқармасының басшысы

    ___________Б. Жәнібеков

    «   »   желтоқсан  2018 жыл.

     

     

    Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі

    ________ облысының/қаласының Әділет департаменті

    Нормативтік құқықтық акті 29.12.2018

    Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік

    тіркеудің тізіліміне № 4076 болып енгізілді

     

    Результаты согласования

    Аппарат акима Жамбылской области – бөлімше басшысы Беназир Жамбылбекқызы, 27.12.2018 17:12:02, положительный результат проверки ЭЦП

    КГУ»Управление пассажирского транспорта и автомобильных дорог акимата Жамбылской области» – Руководитель управлении Бакытжан Оразалиевич Джанибеков, 27.12.2018 17:33:34, положительный результат проверки ЭЦП

    Департамент юстиции Жамбылской области – Заместитель руководителя Даурен Жигулиевич Дайрабаев, 28.12.2018 17:05:39, положительный результат проверки ЭЦП

    Результаты подписания

    Аппарат акима Жамбылского района – Аким Бакыт Алпысбаевич Казанбасов, 28.12.2018 17:23:00, положительный результат проверки ЭЦП

    © 2015 Информационный портал аппарата акима Жамбылского района