100%200%
Жамбыл ауданы әкімі аппаратының
ақпараттық порталы

    Кітапханалар туралы ақпарат

    Жамбыл аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі

    2003 жылы құрылған. Жүйеде 29 кітапхана халыққа мәдени қызмет көрсетеді, оның ішінде: 1- аудандық орталық, 1- аудандық балалар мен жасөспірімдер кітапханасы, 27-ауылдық кітапханалар.

    29 кітапхананың барлығы ыңғайластырылған ғимараттарда:6-ы- ауылдық округ ғимаратында (Жалпақтөбе, Пригородное, Түрксіб, Бесағаш, Ақбұлым, Қызылқайнар),10-ы-клуб ғимаратарында(Ерназар, Шайдана, Ащыбұлақ,Тастөбе, Айшабибі, Бектөбе, Гродеково, Гродеково ауылдық балалар кітапханасы,Еңбек,Бірлесeу-Еңбек),6-ы мектеп ғимаратында (Қаратау, Жасөркен, Бесжылдық, Құмтиын,Қаракемер, Октябрь-жеміс), 1-уі- «Нұр Отан» ғимаратында(аудандық орталық кітапхана), 6-ы жеке ғимаратта(5-уі  кітапхана иелігінде: аудандық балалар мен жасөспірімдер, Өрнек, Жұма, Қоңыртөбе, Тоғызтарау, Шайқорық) орналасқан.

              Орталық кітапхана мен оның филиалдарында 68 адам еңбек етіп келе жатса, оның 42-сі кітапхана қызметкері,26-сы -кіші қызметкерлер`(тех.персонал). Қызметкерлердің барлығы толық бір бірлікте жұмыс істейді. Кітапханашылардың 22-ның жоғарғы білімі бар, 20-сы арнаулы орта білімді.

    Аудандық орталықтандырылған  кітапханалар жүйесінің кітап қоры 214169дананы құрайды,мемлекеттік тілдегісі: 133169 дана.

    Оқырман саны-18965

    кітап берілімі-322055

    Мәдениет саласындағы индикаторларға қол жеткізу бойынша

    2019 жылға : 1 200 000 тг. кітап алуға, 1 300 000 тг. мерзімді басылымға 43 эаталымға газет-журналдар жазуға (әр ауылдық кітапханаға 7 аталымнан айналады).

    2018 жылы 2 білім беру (коворкинг) орталығы – аудандық орталық кітапхана мен Айшабибі ауылдық кітапханасында, 6 цифрландырылған ақпараттық орталықтар: аудандық орталық кітапхана, Гродеково, Тастөбе, Ерназар, Бесағаш, Тоғызтарау ауылдық кітапханаларында ашылып, тұрғындарға қызмет көрсетуде.Орталықтарды ашуға жергілікті бюджеттен 4779665теңге кітапханаға,мәдениет үйіне 948000 тг.бөлінді (Тоғызтарау, Ерназар). Ашылған орталықтарда egov.kz порталы арқылы анықтамалар беру қызметі көрсетіледі.

    Бүгінгі таңға берілген анықтамалар саны-3588. Олар: зейнетақы жарнасы жайлы, некеге тұруға өтініш,соттығы жоқ туралы анықтама, туу туралы анықтама,бала -бақшаға кезекке тұру, мал сату туралы анықтама, мал сатып алу туралы анықтама, туу туралы куәлікті қайталап алуға өтініш алу, жеке тұлғаларда жылжымайтын мүлiктiң болмауы (болуы) туралы анықтамалар.

    Кітапханаларда zhambul.cao сайты арқылы 13 салалар бойынша мәліметтер беріледі. Мәліметтер базасы ай сайын  ақпараттармен жаңартылып тұрады.  Бүгінгі күнге берілген анықтамалар саны-1729.

    Тұрғындардан төмендегідей ақпарат бойынша сұраныстар түсті: білім саласы бойынша «Kundelik.кz» сайтына кіріп жұмыс істеу, мал сатып алу келісім шарттары, мал сату келісім шарттары, ауыл шаруашылық техникасын сатып алу келісім шарты, мал шаруашылығына берілетін субсидия алуға қажетті құжаттар жайлы ақпарат, мүлікті сату, сатып алу келісім шарты, жұмыспен қамту бөліміне тіркелуге қажетті құжаттар. Сондай-ақ, Тастөбе ауылдық мәдениет үйіне қандайда бір банктің банкоматы қойылса, Айшабибі ауылына жастар саябағы «сквер» жасалса – деген сауалдар келіп түсті.

    2019 жылға  цифрландырылған ақпараттық орталықтар ашу үшін 5680000 теңге бөлініп,ағымдағы жылдың 2 тоқсанында 5 ауылды мекеннен: Ащыбұлақ (клуб ғимараты), Еңбек (клуб ғимараты), Бірлесу-Еңбек (клуб ғимараты), Бектөбе (клуб ғимараты), Шайқорық (кітапхана ішінен) цифрландырылған ақпараттық орталықтар ашылды.

    Кітапханаларда Рабис бағдарламасының«Каталогтаушы» модулімен (электронды каталогқа кітаптың сипаттамасы енгізіледі) жұмыс жүргізілуде. Бүгінгі таңға дерекқорға 194547 дана әдебиеттер енгізілді. Бұл жалпы қордың 90,8% ын құрап отыр.

    Цифрландыру бойынша аудандық орталық кітапханада жергілікті ақын-жазушылардың кітаптарының 32 электрондық көшірме нұсқалары дайындалды.

               Аудандағы 29 кітапхананың барлығы Интернет желісіне қосылып, компьютерлік техникамен қамтамасыз етілген. 29 кітапхана  телефондандырылған. Электронды поштамен жұмыс жүргізеді. Кітапхананың Web сайты ашылған,сайтқа  аудан халқының мәдениет саласы қызметі сапасына қанағаттану деңгейін анықтайтын бағалау статистикасы енгізілген. Статистика бойынша қанағаттану деңгейі 87 % .

    Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы аясында аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінде «Өркені өскен өлке»жобасықұрылып, жүзеге асырылуда. Жобаның мерзімі – 2017-2019 жж. Жобаның ішінде 5 іс-шара жоспарланған оған жергілікті бюджеттен 2017 жылға1400000 тг. бөлініп,

    «Ауылдың тарихи шежіресі» байқауына 300 000 теңге, жергілікті ақын-жазушылардың шығармаларын цифрландыру бойынша  1100000 теңгеге арнайы 2 сканер алынды. 2018 жылға  4270000 теңге бөлінді, оның ішінде: жас ақындар байқауына  100 000 теңге,  көзі көрмейтін және әлсіз көретіндер бөлімін ашуға  4170000 теңге.2019 жылға 500000 тг. бөлінді : 4 аудандық байқаулар өткізуге (жергілікті ақын-жазушы Нұрмахан Тілегеновтың шығармаларына арналған байқау, «Әлемді кітап арқылы танимын» Пернебай Дүйсенбин оқулары, «Ауыл- руханиятымыздың темірқазығы» ауылдық кітапханалар арасында байқау, Ең үздік оқырман байқауы).

    Жобаның мақсаты: өлкетану әдебиеттерінің қорын құру, өлкетану туралы ақпараттарды жинау, өлке тарихын насихаттау, ауданның әлеуметтік-экономикалық, мәдени дамуына және өлкенің ұлттық мәдениетін жаңғырту, мәдени мұрасын сақтау.

    Оқырмандарды кітапханаға тарту, қызығушылықтарын қолдау, бос уақыттарын тиімді өткізу  мақсатында «Қолөнер шеберлері», «Өнерліге өріс кең», «Аялы алақан», «Жас қаламгер», «Атамекен», «Достық», «Хозяюшка», «Ата дәстүр-асыл қазына», «Шабыт», «Өнер қуған жас буындар», «Өнер алды-қызыл тіл», «Бұлақ көрсең көзін аш» т.с.с.

    23 қызығушылық клубтары жұмыс жасайды. Клубтарға қатысушылар саны 286 адам.

    © 2015 Информационный портал аппарата акима Жамбылского района