100%200%
Жамбыл ауданы әкімі аппаратының
ақпараттық порталы

    Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы

    Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 11 қазандағы № 483-ІV Заңы
    Осы Заң Қазақстан Республикасының өзін демократиялық, зайырлы мемлекет ретiнде орнықтыратынын, әркiмнiң ар-ождан бостандығы құқығын растайтынын, әркiмнiң дiни нанымына қарамастан тең құқылы болуына кепілдік беретінін, ханафи бағытындағы исламның және православиелік христиандықтың халықтың мәдениетінің дамуы мен рухани өміріндегі тарихи рөлін танитынын, Қазақстан халқының рухани мұрасымен үйлесетін басқа да діндерді құрметтейтінін, конфессияаралық келісімнің, діни тағаттылықтың және азаматтардың діни нанымдарын құрметтеудің маңыздылығын танитынын негізге алады.
    1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
    1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгі ұғымдар
    Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
    1) ғибадат үйі (ғимараты) – құдайға құлшылық етуге, дұға оқылатын және діни жиналыстарға, діни тәу етуге (мінажат етуге) арналған орын;
    2) діни қызмет – діндарлардың діни қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған қызмет;
    3) діни қызметші – діни, уағыздаушылық қызметке тиісті діни бірлестік уәкілеттік берген адам;
    4) діни бірлестік – Қазақстан Республикасы азаматтарының, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың өз мүдделерінің ортақтығы негізінде діни қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіппен біріккен ерікті бірлестігі;
    4-1) діни ілімді тарату – белгілі бір діннің негізгі догматтары, идеялары, көзқарастары және практикалары туралы ақпаратты жеткізуге, сол сияқты беруге бағытталған қызмет;
    5) миссионерлік қызмет – Қазақстан Республикасы азаматтарының, шетелдіктердің, азаматтығы жоқ адамдардың дінге үндеу мақсатында Қазақстан Республикасының аумағында діни ілімді таратуға бағытталған қызметі;
    6) уәкілетті орган – діни қызмет саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган.
    Ескерту. 1-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 22.12.2016 № 28-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
    2-бап. Қазақстан Республикасының діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнамасы
    1. Қазақстан Республикасының дiни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк-құқықтық актiлерiнен тұрады.
    2. Eгep Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңда көзделгеннен өзгеше қағидалар белгіленген болса, онда халықаралық шарттың нормалары қолданылады.
    3-бап. Мемлекет және дін
    1. Мемлекет дін мен діни бірлестіктерден бөлінген.
    2. Діни бірлестіктер және Қазақстан Республикасының азаматтары, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар дінге көзқарасына қарамастан заң алдында тең.
    3. Ешбiр дiн мемлекеттік немесе міндетті дін ретінде белгіленбейді.
    4. Діни білім беру ұйымдарын қоспағанда, Қазақстан Республикасында бiлiм беру мен тәрбиелеу жүйесі дін мен діни бірлестіктерден бөлiнген және зайырлы сипатта болады.
    5. Заңды діни қызметке кедергі келтіруге, жеке тұлғалардың дінге көзқарасы себептері бойынша азаматтық құқықтарының бұзылуына немесе олардың діни сезімдерін қорлауға, қандай да бір дiндi ұстанушылар қастерлейтін заттарды, құрылыстар мен орындарды бүлдіруге жол берілмейді.
    6. Әркім Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес діни немесе өзге де нанымдарды ұстануға, оларды таратуға, діни бірлестіктердің қызметіне қатысуға және миссионерлік қызметпен айналысуға құқылы.
    7. Ешкімнің де өз діни нанымдары себептері бойынша Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарында көзделген міндеттерін атқарудан бас тартуға құқығы жоқ.
    Діни қызметшілер, миссионерлер, діни бірлестіктердің басшылары немесе қатысушылары (мүшелері) болып табылатын Қазақстан Республикасының азаматтары саяси өмiрге Қазақстан Республикасының барлық азаматтарымен бірдей тек өз атынан ғана қатыса алады.
    8. Дін мен діни бірлестіктердің мемлекеттен бөліну қағидатына сәйкес мемлекет:
    1) Қазақстан Республикасы азаматының, шетелдік пен азаматтығы жоқ адамның дінге және ұстанатын дініне өз көзқарасын айқындауына, ата-аналардың немесе балалардың өзге де заңды өкілдерінің балаларды өз нанымдарына сәйкес тәрбиелеуіне, мұндай тәрбиелеу баланың өмірі мен денсаулығына қатер төндірген, оның құқықтарына қысым жасаған және жауапкершілігін шектеген, сондай-ақ Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысына, егемендігіне және аумақтық тұтастығына қарсы бағытталған жағдайларды қоспағанда, араласпайды;
    2) діни бірлестіктерге мемлекеттік органдардың функцияларын орындауды жүктемейді;
    3) егер дiни бiрлестiктердiң қызметi Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмесе, дiни бiрлестiктердiң қызметіне араласпайды;
    4) дiн ұстанатын және оны ұстанбайтын Қазақстан Республикасының азаматтары, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар арасында, сондай-ақ әртүрлі діни бiрлестiктер арасында өзара төзушілік пен құрметтеу қатынастарын орнатуға жәрдемдеседі.
    9. Дін мен діни бірлестіктердің мемлекеттен бөліну қағидатына сәйкес діни бірлестіктер:
    1) мемлекеттiк органдардың функцияларын орындамайды және олардың қызметіне араласпайды;
    2) саяси партиялардың қызметіне қатыспайды, оларға қаржылық қолдау көрсетпейді, саяси қызметпен айналыспайды;
    3) Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтауға мiндеттi.
    10. Дiни негіздегі партиялардың қызметіне, мақсаттары мен іс-әрекеті мемлекетте бір дiннің үстемдігін орнықтыруға, оның iшiнде зорлық-зомбылықпен немесе зорлық-зомбылыққа үндеумен және өзге де құқыққа қарсы іс-әрекеттермен байланысты діни өшпендiлiктi немесе алауыздықты қоздыруға бағытталған діни бiрлестіктер құруға және олардың қызметiне тыйым салынады.
    11. Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен тiркелмеген дiни бiрлестiктердiң қызметiне, сол сияқты Қазақстан Республикасының азаматтарын, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды дiнге көзқарасын айқындауда, діни бірлестіктердің қызметіне, дiни жораларға және (немесе) дiндi оқып-үйренуге қатысуына немесе қатыспауына қандай да бiр мәжбүрлеуге жол берiлмейдi.
    12. Қазақстан Республикасының азаматтарына, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға зорлық-зомбылық көрсетумен немесе олардың денсаулығына өзге де зиян келтірумен не ерлі-зайыптылардың некесін бұзумен (отбасының бұзылуымен) немесе туыстық қарым-қатынастарды тоқтатумен, имандылыққа нұқсан келтірумен, адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын бұзумен, азаматтарды Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарында көзделген міндеттерін атқарудан бас тартуға түрткі болумен және Қазақстан Республикасының заңнамасын өзге де бұзушылықпен ұштасатын діни бірлестіктер қызметіне жол берілмейді.
    13. Қазақстан Республикасының азаматтарын, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды, оның ішінде қайырымдылық арқылы және (немесе) олардың діни бірлестіктерден шығуына кедергі келтіретін, оның ішінде Қазақстан Республикасы азаматтарының, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың материалдық немесе өзге де тәуелділігін пайдалана отырып бопсалау, күш қолдану немесе күш қолданамын деп қорқыту жолымен не алдау жолымен өз қызметіне мәжбүрлеп тартатын діни бірлестіктердің қызметіне жол берілмейді.
    14. Діни бірлестіктің қатысушыларын (мүшелерін) және дін ұстанушыларын діни бірлестіктің, оның басшылары мен басқа да қатысушыларының (мүшелерінің) пайдасына өздеріне тиесілі мүлкін иеліктен шығаруға мәжбүрлеуге жол берілмейді.
    15. Дінді және діни көзқарастарды пайдалана отырып, мемлекеттік органдардың қызметіне қасақана іріткі салуға, олардың үздіксіз жұмыс істеуінің бұзылуына, елдегі басқарушылық деңгейін төмендетуге әкеп соғатын шешімдерді қабылдауға және іс-әрекеттер жасауға жол берілмейді.
    16. Діни бірлестіктің басшысы кәмелетке толмағандардың ата-анасының біреуі немесе оның өзге де заңды өкілдері қарсылық білдірген кезде кәмелетке толмағандарды діни бірлестіктің қызметіне тартуға және (немесе) қатыстыруға жол бермеу шараларын қолдануға міндетті.
    Ескерту. 3-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 16.11.2015 № 403-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
    2-тарау. ДІНИ ҚЫЗМЕТ САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ
    4-бап. Уәкілетті органның құзыреті
    Уәкілетті орган:
    1) дiни бiрлестiктермен өзара iс-қимыл саласындағы мемлекеттік саясаттың негiзгi бағыттарын қалыптастыруға және iске асыруға қатысады;
    1-1) республикадағы діни ахуалды зерделеуді және талдауды жүргізеді;
    2) Қазақстан Республикасының аумағында құрылған дiни бiрлестiктердiң, миссионерлердiң, діни білім беру ұйымдарының қызметiн зерделеп, оған талдау жүргiзедi;
    3) өз құзыретiне жататын мәселелер бойынша түсіндіру жұмыстарын жүзеге асыруды қамтамасыз етеді;
    4) діни қызмет саласында жергiлiктi атқарушы органдарға әдiстемелiк басшылық жасауды жүзеге асырады;
    5) өз құзыретiне жататын мәселелер бойынша ақпараттық-насихаттық iс-шараларды жүзеге асырады;
    6) дiнтану сараптамаларын жүргізуді қамтамасыз етедi;
    7) шет мемлекеттердiң діни қызмет саласындағы уәкілетті органдарымен ынтымақтастықты ұйымдастырады және жүзеге асырады;
    8) республика аумағындағы шетелдік діни бірлестіктердің қызметін, шетелдік діни орталықтардың Қазақстан Республикасындағы діни бірлестіктер басшыларын тағайындауды келіседі;
    9) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергiлiктi атқарушы органдарының діни қызмет және дiни бiрлестiктермен өзара іс-қимыл мәселелері бойынша қызметiн үйлестiредi;
    10) өз құзыреті шегінде діни қызмет және діни бірлестіктер саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді және бекітеді;
    10-1) дінтану сараптамасын жүргізу қағидаларын бекітеді;
    11) діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық
    материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың, сондай-ақ ғибадат үйлерінен (ғимараттарынан) тыс жерлерде діни іс-шаралар өткізуге арналған үй-жайлардың орналастырылуын айқындау жөніндегі нұсқаулықты бекітеді;
    12) Қазақстан Республикасының діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнамасын бұзушылықтарға қатысты жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарайды;
    13) құқық қорғау органдарына Қазақстан Республикасының діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнамасын бұзатын жеке және заңды тұлғалардың қызметіне тыйым салу жөнінде ұсыныстар енгізеді;
    14) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
    Ескерту. 4-бап жаңа редакцияда – ҚР 13.06.2013 № 102-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.
    5-бап. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдарының діни қызмет және діни бірлестіктермен өзара іс-қимыл мәселелері бойынша құзыреті
    Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергiлiктi атқарушы органдары діни қызмет және дiни бiрлестiктермен өзара іс-қимыл мәселелері бойынша:
    1) өңірдегі діни ахуалды зерделеп, оған талдау жүргізеді;
    1-1) өңірде жұмыс істеп тұрған дiни бiрлестiктердiң, миссионерлердiң, рухани (діни) білім беру ұйымдарының қызметiн зерделеуді және талдауды жүргiзедi;
    2) уәкiлеттi органға Қазақстан Республикасының дiни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнамасын жетiлдiру жөнінде ұсыныстар енгiзедi;
    3) діни қызмет саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;
    4) құқық қорғау органдарына Қазақстан Республикасының діни қызмет және дiни бiрлестiктер туралы заңнамасын бұзатын жеке және заңды тұлғалардың қызметiне тыйым салу жөнiнде ұсыныстар енгiзедi;
    5) Қазақстан Республикасының дiни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнамасын бұзушылықтарға қатысты жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарайды;
    6) өз құзыретіне жататын мәселелер бойынша жергілікті деңгейде түсiндiру жұмыстарын жүргiзедi;
    7) діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналастырылуын бекітеді, сондай-ақ ғибадат үйлерінен (ғимараттарынан) тыс жерлерде діни іс-шаралар өткізуге арналған үй-жайлардың орналастырылуын келіседі;
    8) ғибадат үйлерін (ғимараттарын) салу, олардың орналасатын жерін айқындау, сондай-ақ үйлерді (ғимараттарды) ғибадат үйлері (ғимараттары) етіп қайта бейіндеу (функционалдық мақсатын өзгерту) туралы шешім қабылдайды;
    9) діни бірлестіктерді құруға бастамашы азаматтардың тізімдеріне тексеру жүргізуді қамтамасыз етедi;
    10) миссионерлiк қызметті жүзеге асыратын адамдарды тіркеуді
    жүргізеді;
    11) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасында жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
    Ескерту. 5-бап жаңа редакцияда – ҚР 13.06.2013 № 102-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.
    6-бап. Дiнтану сараптамасы
    1. Уәкілетті орган мынадай негіздер бойынша дінтану сараптамасын жүргізуді қамтамасыз етеді:
    1) жеке және (немесе) заңды тұлғалардың уәкілетті органға өтініштері;
    2) Қазақстан Республикасы ұйымдарының кітапхана қорларына, сондай-ақ уәкілетті органға діни әдебиеттің, діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдардың келіп түсуі;
    3) жеке тұлғалардың миссионер ретінде тіркеу және діни бірлестіктерді тіркеу туралы өтініші;
    4) әр атаудың бір данасындағы жеке пайдалануға арналған әдебиетті және материалдарды қоспағанда, діни әдебиеттің, діни мазмұндағы ақпараттық материалдардың әкелінуі;
    5) уәкілетті орган басшысының бұйрығы;
    6) діни әдебиеттің және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдардың әзірленуі, шығарылуы және таратылуы.
    2. Құрылтай құжаттары, сондай-ақ діни мазмұндағы басқа да құжаттар, діни білім беру бағдарламалары, діни мазмұндағы ақпараттық материалдар мен діни мақсаттағы заттар дінтану сараптамасы объектілеріне жатады.
    3. Дінтану сараптамасын дінтану саласында арнайы білімі бар адамдар, қажет болған жағдайда мемлекеттік органдардың өкілдерін және өзге де мамандарды тарта отырып, жүргізеді.
    4. Алып тасталды – ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);
    Ескерту. 6-бапқа өзгерістер енгізілді – ҚР 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 22.12.2016 № 28-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
    3-тарау. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ДІНИ ҚЫЗМЕТ
    7-бап. Дiни жоралар мен рәсiмдер
    1. Дiни бiрлестiктер құлшылық ету орындарын ұстауға құқылы.
    2. Құдайға құлшылық ету, діни жоралар, рәсімдер және (немесе) жиналыстар ғибадат үйлерінде (ғимараттарында) және оларға бөлінген аумақта, құлшылық ету орындарында, діни бірлестіктер мекемелері мен үй-жайларында, зираттар мен крематорийлерде, жақын жерде тұратын адамдардың құқықтары мен мүдделері сақталған жағдайда тұрғын жайларда, қажет болған кезде қоғамдық тамақтандыру объектілерінде бөгетсіз жүргізіледі (жасалады). Өзге жағдайларда діни іс-шаралар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртіппен жүзеге асырылады.
    3. Құдайға құлшылық етуді, діни жораларды, рәсімдерді және (немесе) жиналыстарды өткізуге (жасауға), сондай-ақ миссионерлік қызметті жүзеге асыруға:
    1) осы баптың 2 және 4-тармақтарында көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік органдардың, ұйымдардың;
    2) Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың, сот және құқық қорғау органдарының, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етумен, жеке тұлғалардың өмірі мен денсаулығын қорғаумен байланысты басқа да қызметтердің;
    3) діни білім беру ұйымдарын қоспағанда, білім беру ұйымдарының аумағында және ғимараттарында жол берілмейді.
    4. Қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін арнайы мекемелерде ұсталатын, жазаны орындайтын мекемелерде отырған, қарттар мен мүгедектерге арналған интернат-үйлерде әлеуметтiк қызмет көрсетуден өтетін, стационарлық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының емделушілері болып табылатын адамдарға олардың немесе олардың туысқандарының тілегі бойынша салт жораларының қажеттілігі жағдайында Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тіркелген діни бірлестіктердің діни қызметшілері шақырылады. Бұл ретте діни жораларды, рәсімдерді және (немесе) жиналыстарды өткізу аталған ұйымдардың қызметіне кедергі келтірмеуге, басқа адамдардың құқықтары мен заңды мүдделерін бұзбауға тиіс.
    8-бап. Миссионерлік қызмет
    1. Қазақстан Республикасының азаматтары, шетелдіктер және
    азаматтығы жоқ адамдар миссионерлiк қызметтi тiркеуден өткеннен кейiн жүзеге асырады.
    2. Миссионерлiк қызметті жүзеге асыратын адамдарды тiркеудi облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергiлiктi атқарушы органдары құжаттар берілген күннен бастап күнтізбелік отыз күннен аспайтын мерзімде жүргізеді. Миссионер ұсынған материалдар бойынша қорытынды алу үшін дінтану сараптамасын жүргізу кезінде тіркеу мерзімі тоқтатыла тұрады.
    3. Қазақстан Республикасының аумағындағы миссионерлер облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергiлiктi атқарушы органдарында жыл сайын қайта тiркеуден өтуге мiндеттi.
    4. Миссионерлер тіркелу үшін жергілікті атқарушы органдарға мынадай құжаттар мен материалдарды:
    1) паспортының немесе жеке куәлігінің көшірмесін;
    2) миссионерлiк қызмет аумағы мен мерзiмi көрсетiлген өтiнiшті;
    3) дiни бiрлестiктің атынан миссионерлiк қызметті жүзеге асыру құқығына дiни бiрлестiк берген құжатты;
    4) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы
    анықтаманы және өкiлi миссионер болып табылатын дiни бiрлестiк жарғысының көшiрмесiн;
    5) миссионерлік қызметке арналған діни әдебиетті, дiни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, дiни мақсаттағы заттарды ұсынады.
    Қазақстан Республикасындағы шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдар миссионер ретінде тіркелу үшін жергiлiктi атқарушы органдарға мынадай құжаттарды:
    1) миссионер өкілдiк ететін дiни бiрлестiктің шет мемлекеттің заңнамасы бойынша ресми тiркелгендігін куәландыратын заңдастырылған немесе апостиль қойылған құжатты;
    2) Қазақстан Республикасында тіркелген діни бірлестіктің шақыруын қосымша ұсынады.
    Шет мемлекеттер берген құжаттар қазақ және орыс тілдеріне аудармасының дұрыстығы Қазақстан Республикасында нотариат куәландырған және аударманы жүзеге асырған аудармашы қолының төлнұсқалығы Қазақстан Республикасында нотариат куәландырған түрінде табыс етіледі.
    5. Миссионер ретінде тіркеуден өту үшін құжаттар ұсынған
    Қазақстан Республикасының азаматтарын, шетелдіктерді және азаматтығы
    жоқ адамдарды дінтану сараптамасының теріс қорытындысы негізінде,
    сондай-ақ, егер олардың миссионерлік қызметі конституциялық құрылысқа, қоғамдық тәртіпке, адамның құқықтары мен бостандықтарына, халықтың денсаулығы мен имандылығына қатер төндіретін болса, тіркеуден бас тартылады.
    6. Миссионерлердің діни мазмұндағы материалдарды және діни мақсаттағы заттарды пайдалануына дінтану сараптамасының оң қорытындысын алғаннан кейін жол беріледі.
    Ескерту. 8-бап жаңа редакцияда – ҚР 13.06.2013 № 102-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
    9-бап. Дiни әдебиет және дiни мақсаттағы заттар
    1. Қазақстан Республикасының азаматтары, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар, дiни бiрлестiктер өздерінің қалауы бойынша діни әдебиетті, діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, дiни мақсаттағы заттарды сатып алуға және пайдалануға құқылы.
    Құдайға құлшылық ету, діни әдет-ғұрыптар мен рәсімдер үшін қажетті, сондай-ақ діни нышанның элементтері бар заттар, бұйымдар мен атрибуттар, дiни мақсаттағы заттар болып табылады.
    2. Діни әдебиетті, діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тек қана ғибадат үйлерінде (ғимараттарында), діни білім беру ұйымдарында, сондай-ақ облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары арнайы белгілеген тұрақты үй-жайларда таратуға жол беріледі.
    3. Әр атаудың бір данасындағы жеке пайдалануға арналғандарды қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағына діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды әкелуді дінтану сараптамасының оң қорытындысын алғаннан кейін тіркелген діни бірлестіктер ғана жүзеге асырады.
    3-1. Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды әзірлеуге, шығаруға және таратуға дінтану сараптамасының оң қорытындысы алынғаннан кейін жол беріледі.
    4. Дiни бiрлестiк шығаратын және (немесе) тарататын дiни әдебиетте және дiни мазмұндағы басқа да ақпараттық материалдарда діни бірлестіктің толық атауы болуға тиiс.
    Ескерту. 9-бапқа өзгерістер енгізілді – ҚР 05.12.2013 № 152-V (01.01.2014 бастап қолданысқа енгізіледі); 22.12.2016 № 28-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
    10-бап. Қайырымдылық
    Ескерту. 10-баптың тақырыбына өзгеріс енгізілді – ҚР 16.11.2015 № 403-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
    1. Дiни бiрлестiктер қайырымдылықты жүзеге асыруға және қайырымдылық ұйымдарын ашуға құқылы.
    2. Қайырымдылықты жүзеге асыру кезінде діни қызметке тарту мақсатында Қазақстан Республикасы азаматтарының, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың материалдық тәуелділігін (мұқтаждығын) пайдалануға жол берілмейді.
    Ескерту. 10-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 16.11.2015 № 403-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
    11-бап. Дiнге сенушiлердiң және дiни бiрлестiктердiң халықаралық байланыстары мен қарым-қатынастары
    1. Қазақстан Республикасының азаматтары, шетелдіктер, азаматтығы жоқ адамдар мен дiни бiрлестiктер олардың мінажат етуге, жиналыстар мен басқа да дiни іс-шараларға қатысу үшiн шетелге шығып тұруын қоса алғанда, халықаралық байланыстар мен жеке қарым-қатынас орнатуға және қатынастарын үзбеуге құқылы.
    2. Дiни бiрлестiктер діни білім беру ұйымдарында оқыту үшiн шетелге Қазақстан Республикасының азаматтарын жiбере алады және
    Қазақстан Республикасының аумағындағы діни білім беру ұйымдарында оқыту үшiн шетелдіктерді, азаматтығы жоқ адамдарды қабылдай алады.
    4-тарау. ДІНИ БIРЛЕСТIКТЕРДІ ҚҰРУ, МЕМЛЕКЕТТІК ТІРКЕУ, ҚАЙТА ҰЙЫМДАСТЫРУ, ТАРАТУ
    12-бап. Діни бірлестіктердің мәртебесі
    1. Қазақстан Республикасында: жергілікті, өңірлік және республикалық мәртебесі бар діни бірлестіктер құрылуы және әрекет етуі мүмкін.
    2. Қазақстан Республикасының кемінде елу азаматының бастамасы бойынша құрылған, бір облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың шегінде әрекет ететін діни бірлестік жергілікті діни бірлестік болып танылады.
    3. Кемінде екі облыстан, республикалық маңызы бар қалалардан және астанадан өкілдік ететін, олардың әрқайсысынан Қазақстан Республикасының кемінде екі жүз елу азаматы бар екі және одан да көп жергілікті діни бірлестіктердің қатысушылары (мүшелері) болып табылатын, Қазақстан Республикасының кемінде бес жүз азаматының бастамасы бойынша құрылған діни бірлестік өңірлік діни бірлестік болып танылады.
    Өңірлік діни бірлестіктер осы жергілікті діни бірлестіктердің қызметі аумағының шегінде құрылып, өз қызметін жүзеге асырады.
    4. Барлық облыстардан, республикалық маңызы бар қалалардан және астанадан өкілдік ететін, Қазақстан Республикасының кемінде бес мың азаматының бастамасы бойынша құрылған, олардың әрқайсысында Қазақстан Республикасының кемінде үш жүз азаматы бар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының барлық аумағында өз құрылымдық бөлімшелері (филиалдары мен өкілдіктері) бар діни бірлестік республикалық діни бірлестік болып танылады.
    13-бап. Діни бірлестіктерді құру
    1. Діни бірлестік он сегіз жасқа толған, құрылтай жиналысын (съезін, конференциясын) шақыратын Қазақстан Республикасы азаматтарының бастамасы бойынша құрылады, онда діни бірлестікті құру, оның атауы, жарғысы туралы шешімдер қабылданады және оның басшылық органдары құрылады. Азаматтар құрылтай жиналысына (съезіне, конференциясына) өз еркі бойынша жеке түрде қатысады.
    2. Діни бірлестіктің мынадай белгілері:
    1) ортақ діни ілімі;
    2) діни жораларды, рәсімдер мен уағыздарды орындау;
    3) өз қатысушыларын (мүшелерін) және дін ұстанушыларын дінге тәрбиелеу;
    4) қызметінің діни бағыты болуға тиіс.
    3. Республикалық діни бірлестіктер мен өңірлік діни бірлестіктер өз жарғыларына сәйкес діни қызметшілер даярлаудың кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын мекемелер нысанында діни білім беру ұйымдарын құруға құқылы.
    4. Діни білім беру ұйымдарын қоспағанда, діни бірлестіктен басқа өзгеше ұйымдық-құқықтық нысанда діни қызметпен айналысатын заңды тұлғаларды құруға және олардың қызметіне жол берілмейді.
    5. Мемлекеттік органдарда, ұйымдар мен мекемелерде, білім беру және денсаулық сақтау ұйымдарында діни бірлестіктердің ұйымдық құрылымдарын құруға жол берілмейді.
    14-бап. Діни бірлестіктің атауы
    1. Діни бірлестіктің атауы ұстанатын діні мен мәртебесін қамтуға тиіс.
    2. Толық және қысқартылған атауы мен оның нышаны Қазақстан Республикасының және басқа да мемлекеттердің мемлекеттік рәміздерін, Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының, Қазақстан Республикасында тіркелген діни бірлестіктердің, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзуына байланысты тыйым салынған және (немесе) таратылған діни бірлестіктердің атауы мен нышанын толық немесе оның елеулі бөлігінде қайталамауға тиіс.
    15-бап. Діни бірлестіктерді мемлекеттік тіркеу
    1. Дiни бiрлестiк оны мемлекеттік тіркеген сәттен бастап заңды тұлғаның құқық қабiлеттілігiне ие болады.
    2. Республикалық діни бiрлестiктердi және өңірлік діни бірлестіктерді мемлекеттiк тiркеудi Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi жүзеге асырады.
    Жергілікті діни бірлестіктерді мемлекеттік тіркеуді, филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеуді аумақтық әдiлет органдары жүзеге асырады.
    3. Діни бірлестікті құру туралы шешім қабылданған сәттен бастап екі ай мерзім ішінде тіркелу үшін тіркеуші органға өтініш беріледі. Өтінішке:
    1) діни бірлестік басшысының қолы қойылған діни бірлестіктің жарғысы;
    2) құрылтай жиналысының (съезінің, конференциясының) хаттамасы;
    3) құрылатын діни бірлестіктің бастамашы азаматтарының тіркеуші орган белгілеген нысан бойынша электрондық және қағаз жеткізгіштердегі тізімі;
    4) дiни бiрлестiктiң орналасқан жерiн растайтын құжат;
    5) діни ілімнің пайда болу тарихы мен негіздерін ашып көрсететін және осы ілімге сәйкес келетін діни қызмет туралы мәліметтер қамтылған діни баспа материалдары;
    6) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркегені үшін бюджетке тіркеу алымы төленгенін растайтын түбіртек немесе өзге де құжат;
    7) діни бірлестіктің басшысын сайлау туралы шешім не шетелдік діни орталық басшыны тағайындаған жағдайда, уәкілетті органмен келісілгенін растайтын құжат қоса беріледі.
    4. Өңірлік діни бірлестікті тіркеу кезінде тіркеуші орган белгілеген нысан бойынша өңірлік діни бірлестіктерді құруға бастамашылық жасаған жергілікті діни бірлестіктердің әрқайсысының қатысушыларының тізімі, сондай-ақ олардың жергілікті діни бірлестіктері жарғыларының нотариат куәландырған көшірмелері қосымша табыс етіледі.
    5. Республикалық діни бірлестіктер мәртебесін растау үшін тіркелген күнінен бастап бір жыл өткенге дейін тіркеуді жүзеге асыратын органға олардың құрылымдық бөлімшелерінің (филиалдары мен өкілдіктерінің) аумақтық әділет органдарында есептік тіркеуден өткенін растайтын құжаттардың көшірмелерін ұсынуға міндетті.
    6. Осы баптың 5-тармағының талаптарын орындамаған жағдайда, республикалық діни бірлестік Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен қайта ұйымдастырылуға немесе таратылуға жатады.
    7. Діни бірлестіктерді мемлекеттiк тіркеу және олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептiк тiркеу, діни бірлестіктерді қайта тiркеу, тiркеуден бас тарту осы Заңда көзделген ерекшеліктер ескеріле отырып, «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген тәртiппен және мерзiмде жүзеге асырылады.
    8. Мемлекеттік тіркеудің (қайта тіркеудің) мерзіміне дінтану сараптамасын жүргізу және діни бірлестікті құруға бастамашы азаматтар тізімінің осы Заңның талаптарына сәйкестігін тексеру үшін үзіліс жасалады.
    9. Тіркеуші орган мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) мерзіміне үзіліс жасау туралы шешім қабылданған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей уәкілетті органға дінтану сараптамасын жүргізуді ұйымдастыру үшін қажетті құжаттардың көшірмелерін және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергiлiктi атқарушы органдарына тексеру үшін діни бірлестіктер құруға бастамашы азаматтар тізімдерінің көшірмелерін жібереді.
    10. Ұсынылған құжаттардың заңнамаға сәйкестігін тексерудің, жүргізілген дінтану сараптамасының, діни бірлестікті құруға бастамашы азаматтардың тізімін тексерудің нәтижелері бойынша діни бірлестікті мемлекеттік тіркеу туралы немесе мемлекеттік тіркеуден бас тарту туралы шешім қабылданады.
    Ескерту. 15-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 2012.12.24 № 60-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 13.06.2013 № 102-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
    16-бап. Дiни бiрлестiктiң жарғысы
    1. Дiни бiрлестiк өз қызметiн жарғының негiзiнде жүзеге асырады, онда мыналар:
    1) атауы, қызметінің мәні мен мақсаттары;
    2) орналасқан жерi және оның шегінде өз қызметін жүзеге асыратын аумақ;
    3) құрылымы, басқару органдарын қалыптастыру тәртiбi мен олардың құзыреті;
    4) қатысушыларының (мүшелерінің) құқықтары мен мiндеттерi;
    5) ұстанатын діні, діни ілімінің негіздері және осы ілімге сәйкес келетін діни қызметі туралы мәліметтер;
    6) діни бірлестіктің мүшесі етіп қабылдаудың және одан шығудың шарттары мен тәртібі;
    7) мүлікті қалыптастыру көздері;
    8) құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар енгiзу тәртiбi;
    9) қызметін қайта ұйымдастыру және оны тоқтату шарттары;
    10) таратылған жағдайда мүлікті пайдалану тәртібі;
    11) филиалдар мен өкілдіктер туралы мәліметтер болуға тиіс.
    2. Дiни бiрлестiктiң жарғысында оның қызметіне қатысты және Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өзге де ережелер болуы мүмкін.
    3. Діни ілім негіздері мен діни қызмет туралы мәліметтерде негізгі діни идеялар, діни бірлестік қызметінің нысандары, осы діни бірлестік қатысушыларының (мүшелерінің) және басқа да адамдардың неке мен отбасына, білімге, денсаулыққа көзқарасының ерекшеліктері, оның қатысушылары (мүшелері) мен қызметшілерінің конституциялық құқықтары мен міндеттерін іске асыруға көзқарасы қамтылуға тиіс.
    17-бап. Діни бірлестікті тіркеуден бас тарту
    1. Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес, сондай-ақ құрылтай құжаттарындағы және өзге де ұсынылған құжаттардағы мәліметтер дәйексіз болса және (немесе) құрылатын бірлестік дінтану сараптамасының нәтижелері негізінде діни бірлестік ретінде танылмаған жағдайларда діни бірлестікті мемлекеттік тіркеуден, оның құрылымдық бөлімшесін (филиалы мен өкілдігін) есептік тіркеуден бас тартылады.
    2. Тіркеуден бас тартылған жағдайда сотқа шағымдануға болады.
    18-бап. Дiни бiрлестiктi қайта ұйымдастыру және тарату
    1. Діни бірлестіктерді қайта ұйымдастыру Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес қосылу, бiрiгу, бөлiну, қайта құру және бөлiнiп шығу жолымен діни бірлестіктің құрылтай құжаттары уәкілеттік берген органның шешiмi бойынша не сот шешімі бойынша жүзеге асырылады. Діни бірлестік тек басқа діни бірлестік болып немесе жеке мекеме болып қайта құрылуы мүмкін. Діни бірлестіктерді қайта ұйымдастыру нәтижесінде құрылған ұйымдар осы Заңның талаптарына сәйкес келген жағдайда діни бірлестіктер ретінде тіркелуі мүмкін.
    2. Діни бірлестіктің қызметін тоқтата тұру және оны тарату Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен жүргізіледі.
    19-бап. Мемлекет және шетелдік діни бірлестіктер
    1. Шетелдік діни орталық уәкілетті органмен келіспей тағайындаған діни бірлестік басшысының қызметін жүзеге асыруына жол берілмейді.
    2. Шетелдік діни орталық діни бірлестіктің басшысы лауазымына кандидатты келісу үшін уәкілетті органға мынадай құжаттарды:
    1) кандидат туралы, оның шетелдік діни орталықтағы бұрынғы қызметі туралы мәліметтер қамтылған қолдаухатты;
    2) кандидатты Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін діни бірлестіктің басшысы етіп тағайындау туралы шешімді;
    3) діни бірлестіктің басшысы лауазымына кандидаттың паспортының немесе жеке куәлігінің көшірмесін ұсынады.
    Құжаттар қазақ және орыс тілдеріне аудармасының дұрыстығын Қазақстан Республикасында нотариат куәландырған және аударманы жүзеге асырған аудармашы қолының түпнұсқалығын Қазақстан Республикасында нотариат куәландырған түрінде табыс етіледі.
    3. Осы баптың 2-тармағында көрсетілген құжаттарды уәкілетті орган олардың ұсынылған күнінен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде қарайды.
    4. Егер Қазақстан Республикасындағы діни бірлестік басшысының қызметі конституциялық құрылысқа, қоғамдық тәртіпке, адам құқықтары мен бостандықтарына, халықтың денсаулығы мен имандылығына қатер төндіретін болса, уәкілетті орган шетелдік діни орталықтың оны тағайындауына келісуден бас тартады.
    5-тарау. ДІНИ БІРЛЕСТІКТЕРДІҢ МҮЛІКТІК ҚҰҚЫҚ ҚАТЫНАСТАРЫ
    20-бап. Дiни бiрлестiктердiң меншiгi
    1. Дiни бiрлестiктердiң өз қаражаты есебінен сатып алынған немесе жасалған, Қазақстан Республикасы азаматтарының, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың, ұйымдардың қайырмалдықтарға берген немесе Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмейтiн басқа да негiздер бойынша сатып алынған мүлiкке меншiк құқығы бар.
    2. Меншік құқығындағы жылжымайтын және жылжымалы мүлік діни бірлестіктердің меншігі болып табылады.
    3. Қазақстан Республикасының шегінен тыс жердегі мүлік те дiни бiрлестiктердің меншiгiнде болуы мүмкiн.
    4. Дiни бiрлестiктер ерiктi түрде қаржылай және басқа да қайырмалдықтар сұрауға және оларды алуға құқылы.
    5. Дiни бiрлестiктердiң меншiк құқығы заңмен қорғалады.
    21-бап. Мемлекеттiң, ұйымдар мен жеке тұлғалардың меншiгiболып табылатын мүлiктi пайдалану
    1. Дiни бiрлестiктер өздерiне шарттық негiзде берілген үйлердi, аумақты және мүлiктi пайдалануға құқылы.
    2. Діни мақсаттағы тарих және мәдениет ескерткіштері діни бiрлестiктердің пайдалануына Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес берілуі мүмкін.
    22-бап. Таратылған дiни бiрлестiктiң мүлкiне иелiк ету
    1. Діни бірлестік таратылған немесе қызметі тоқтатылған кезде оның меншігінде болған мүлікке иелік ету оның жарғысына және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
    2. Құқық мирасқорлары болмаған кезде мүлік Қазақстан Республикасының мемлекеттік мүлік туралы заңнамасына сәйкес мемлекет меншігіне өтеді.
    6-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР
    23-бап. Қазақстан Республикасының дiни қызмет және дiни бiрлестiктер туралы заңнамасын бұзғаны үшiн жауаптылық
    Қазақстан Республикасының дiни қызмет және дiни бiрлестiктер туралы заңнамасын бұзушылық Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жауаптылыққа әкеп соғады.
    24-бап. Өтпелі ережелер
    1. Діни бірлестіктер осы Заң қолданысқа енгізілген күннен бастап бір жылдың ішінде осы Заңның талаптарына сәйкес өздерінің құрылтай құжаттарына тиісті өзгерістер енгізуге міндетті. Сонымен бір мезгілде тіркеуші органға діни бірлестіктің мәртебесін растайтын құжаттар табыс етіледі.
    2. Діни мүдделері мен қажеттіліктерін қанағаттандырумен айналысатын және осы Заң қолданысқа енгізілгенге дейін діни бірлестіктен басқа өзгеше ұйымдық-құқықтық нысанда құрылған заңды тұлғалар осы Заң қолданысқа енгізілген күннен бастап бір жылдың ішінде өздерінің құрылтай құжаттарына тиісті өзгерістер енгізуге міндетті.
    3. Көрсетілген мерзім өткен соң өздерінің құрылтай құжаттарын осы Заңның талаптарына сәйкес келтірмеген заңды тұлғалар облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергiлiктi атқарушы органдарының өтініші бойынша сот тәртібімен таратылады.
    Ескерту. 24-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 2012.12.24 № 60-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 13.06.2013 № 102-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
    25-бап. Қорытынды ережелер
    1. Осы Заң алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
    2. «Діни сенім бостандығы және діни бірлестіктер туралы» 1992 жылғы 15 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1992 ж., № 4, 84-құжат; 1995 ж., № 20, 120, 121-құжаттар; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 13-14, 205-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 5, 5-құжат; № 13, 53-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат) күші жойылды деп танылсын.

    Қазақстан Республикасының Президентi Н. НАЗАРБАЕВ

    Террористік актілерді болдырмау жөніндегі халыққа арналған жаднама

    Мұқият болыңыздар! Үйіңіздің кіреберісіндегі, аулаларыңыздағы, көшедегі бөгде заттар мен адамдарды дер кезінде өздеріңіз ғана байқай аласыздар.

    Қырағы болыңыздар! Маңайдағы адамдардың жүріс-тұрысына, орынсыз жатқан иесіз мүліктер мен заттарға көңіл аударыңыздар.

    Үйлеріңіздің қауіпсіздігін қамтамасыз етіңіздер: кіреберісте домофонымен темір есік орнатыңыздар, жертөлелер, үй шатырлары және техникалық ғимарат есіктерінің ашық-жабықтығын тексеріңіздер.

    Көліктегі жолаушының күдікті жүріс-тұрысын көріп тұрып, байқамаған сыңай танытпаңыздар! Сіздер көлікпен жүру қауіпсіздігін сақтауға толық құқылысыздар.

    Ешқашан, тіпті, өте қауіпсіз болса да, қандай да бір сақтау немесе басқа біреуге беру үшін біреудің қолынан зат алмаңыздар.

    Қолайсыз (иесіз) жерде күдік тудыратын затты тауып алу сіздің сақтығыңызды әлсіретуге тиіс емес. Қаскөй адам оны бір нәрседен, біреуден қорыққандықтан тастай қашуы мүмкін.

    Тіпті, сіздің жарылғыш құрылғыларын білетін жеке тәжірибеңіз болса да, онымен бір нәрсе жасауға тырыспаңыз. Өздігінен жарылғыштар өте сезімтал және әккі болып келеді.

    Күдік тудыратын затқа жақындамаңыздар, тіпті қол тигізбеңіздер, бұл – өмірлеріңізге өте қауіпті.

    Жарылғыш құрылғылар туралы балаларыңызға айтып отырыңыздар.

    Балаларыңызға қауіпсіздік шараларын: бейтаныс адаммен көшеде сөйлесуге, үйде есік ашуға, жерде жатқан иесіз ойыншықты алуға, көзге түскен затқа жақындауға болмайтынын және т.б. үйретіңіздер.

    Телефон арқылы және жазбаша түрде террористік актінің
    жасалу қаупі туралы хабар алған кездегі
    іс-қимылдар туралы жаднама

    1. Хатшылар (диспетчерлер, кезекшілер және т.б.) анониммен (хабар берген бейтаныс адаммен) берік байланыс жасауы керек. Ол үшін:
    1) өзін таныстыруы (өзінің, әкесінің атын, лауазымын айтуы);
    2) сөйлеушіні тыныштандыруға тырысуы;
    3) оның талаптары дер кезінде әкімшілікке жеткізілетіндігіне сендіруі қажет.

    2. Анонимнің талаптарын анықтауы және қауіптің сипаты туралы ақпарат алуы қажет. Ол үшін:
    1) жасырын адамды мұқият тыңдап, барлық талаптарын оның айтуы бойынша жазуы;
    2) кез келген сылтаумен оның өз талаптарын қайталауын ұсынуы;
    3) анонимге әңгімені неғұрлым көбірек айтқыза отырып, қауіптің сипаты және оның іске асырылу уақыты туралы нақтылайтын сұрақтар қоюы керек.

    3. Анонимнің іс-әрекеттерінің себебін анықтау керек. Ол үшін:
    1) анонимнің көздеген мақсаты туралы сұрақ қою, осы ретте қатыстылығыңызды сездіре отырып, анонимнің жауаптарын мұқият тыңдау;
    2) анонимге өз мүдделерін іске асырудың басқа жолдарын ұсыну.

    4. Анониммен байланысты тоқтатар кезде онымен болған әңгіменің маңызды сәттерін қайталап сұрай отырып, талаптарының әкімшілікке жеткізілетіндігін айту керек. Кез келген орынды сылтаулармен оны қайтадан телефон шалуға көндіруге тырысу керек.

    5. Әңгіме кезінде әңгіменің фонограммасын жазудың барлық мүмкін шараларын қолдану керек.

    6. Болған оқиғалар туралы:
    1) «02» телефоны арқылы құқық қорғау органдарына;
    2) объекті әкімшілігінің басшыларына хабарлау керек.

    7. Егер телефоныңызда нөмір анықтағыш болмаса немесе ол істемей қалса, телефон тұтқасын ілмей, жанына қойыңыз. Басқа телефоннан телефон стансасына қоңырау шалған телефон нөмірін (қалалық, қалааралық) анықтап беруді өтініп телефон шалыңыз.

    8. Қауіп-қатер туралы үрей тудырмау және бейкәсіби іс-қимылды болдырмау үшін ол туралы міндетті түрде білулері қажет адамдардан басқа ешкімге хабарламау керек.

    Объект әкімшілік басшысы:
    1) тәсімге (схемаға) сәйкес қызметкерлерді көшіруді ұйымдастыруы;
    2) құқық қорғау органдарының өкілдері келгенге дейін күдік тудыратын заттар болуы мүмкін орындарды анықтау үшін қызметкерлерден сұрақ алуды ұйымдастыруы;
    3) затты тауып алған жерге құқық қорғау, медициналық, өрт сөндіру және басқа да орагандар автокөліктерінің кедергісіз кіруін қамтамасыз етуі;
    4) анонимнен қауіп-қатер туралы хабар алған адамға үрей тудырмау үшін алынған қауіп-қатер жөнінде ақпаратты таратудың орынсыздығы туралы ескертуі;
    5) құқық қорғау органдарының өкілдері келгенге дейін барлық қызметкердің, әсіресе, анониммен сөйлескен қызметкердің болуын қамтамасыз етуі қажет.

    Жазбаша қауіп-қатер туралы хабар алған кезде:
    1) құқық қорғау органдарына хаттың (жазбалардың, дискеталардың, т.б.) сақталуы және оны жылдам жеткізу үшін шаралар қолдануы;
    2) хаттарды (жазбаны, дискетаны және т.б.) мүмкіндігінше полиэтилен пакетке салуы;
    3) құжатта саусағының таңбасын қалдырмауға тырысуы;
    4) егер құжат конвертте болса, оны ашу конверттің сол жақ немесе оң жақ жиектерін қайшымен қию арқылы жасалуы;
    5) құжаттың өзін, конвертті, оралған затты, барлық қолда барды сақтауы. Еш нәрсені лақтырмауы;
    6) басқа адамдарға хаттың (жазбаның) мазмұнымен танысуға рұқсат етпеуі;
    7) хатты (жазбаны және т.б) алған немесе тапқан кездегі жағдайды есте сақтауы;
    8) алынған авторы беймәлім материалдардың үстінен жазуға, сызуға болмайды. Оларды бүктеуге, умаждауға, тігуге, желімдеуге рұқсат етпеуі;
    9) алынған авторы беймәлім материалдарды олардың нақты белгілерін (түрін, санын, қандай тәсілмен және неде орындалғанын, мәтіннің қандай сөзден басталып және қандай сөзбен аяқталатын, қол қойылғандығы және т.б), сондай-ақ оларды табу немесе алу жағдайларын нақты көрсетіп, ілеспехатпен құқық қорғау органдарына жіберулері керек.

    Жарылыс қаупі туралы ақпарат алған кездегі
    басшыларға арналған ұсынымдар

    1. Үрей тудырмау.

    2. Сөз таратпау.

    3. Қауіп туралы «02» телефоны арқылы дереу хабарлау.

    4. Алынған ақпарат туралы тек өзінің қауіпсіздік қызметі бастығына немесе арнайы дайындығы бар қызметкерлер тобына хабарлау.

    5. Құқық қорғау органдарының өкілдері келгенге дейін күдік тудыратын заттар болуы мүмкін орындарды анықтау үшін қызметкерлерден сұрақ алуды ұйымдастыруы.

    6. Жарылыс қаупі бар затқа ұқсас затқа жақындамау.

    7. Жарылыс қаупі бар затқа ұқсас зат көрсетіле отырып, объектінің тәсімін жасау.

    8. Тиеу-түсіру жұмыстарын, соның ішінде қоқыс жәшіктерін төгуді де тоқтату.

    9. Ғимарат жанында тұрған автокөліктерді тексергеннен кейін қауіпсіз жерге апарып қою.

    10. Жағдайды талдау және көшіруге шешім қабылдау.

    Жарылыс қаупі бар затқа ұқсас зат тауып алған кездегі адамдарға арналған жаднама

    Табылған заттың жарылыс қаупі болуы мүмкін екендігін дәлелдейтін белгілері:
    1) машинада, баспалдақта, пәтерде және т.б. жерде беймәлім түйіншектің немесе қандай да бір заттың болуы;
    2) машинаның астынан шығып тұрған сым темір, бау, сым, қорек көзі немесе оқшаулау лентасы;
    3) бөтен сөмке, портфель, қорапша, қандай да болсын зат; машинада, пәтер есігінің алдында, кіре берісте табылған заттың өзгеше орналастырылуы;
    4) табылған күдік тудыратын заттағы шу (сағат тетігіне тән сипаттағы дыбыс, жиілгі төмен шу);
    5) Біліп жүріңіз: заттың сыртқы пішіні оның негізгі мақсатын жасырып тұруы мүмкін. Жарылғыш құрылғылар үшін камуфляж ретінде кәдімгі тұрмыстық заттар: сөмкелер, пакеттер, түйіншектер, қорапшалар, ойыншықтар және тағы да басқа заттар пайдаланылады.

    Егер де сіз күдік тудыратын зат тауып алсаңыз, ол фактіні назардан тыс қалдырмаңыз:
    1) қоғамдық көлікте:

    – қасыңыздағы адамдардан сұраңыз;
    – заттың (сөмкенің және т.б.) кімдікі екенін немесе кім қалдырып кетуі мүмкін екенін анықтауға тырысыңыз;
    – егер иесі анықталмаса, табылған зат туралы дереу жүргізушіге (машинистке және т.б.) хабарлаңыз.

    2) үйіңіздің кіре берісінде:

    – көршілерден сұраңыз, мүмкін ол зат соларға тиесілі шығар. Егер иесі анықталмаса, табылған зат туралы дереу ІІМ, ҰҚК органдарына хабарлаңыз.

    3) көшеде, саябақта және т. б.:

    – айналаңызға қараңыз, егер мүмкіндік болса, заттың иесін анықтауға тырысыңыз. Егер ол анықталмаса, полиция қызметкерлеріне немесе тікелей ІІМ, ҰҚК органдарына хабарлаңыз;
    – құқық қорғау органдары келгенше затты бөгде адамдардан оқшаулауға тырысыңыз. Олар келген соң зат табылған уақыт туралы ақпарат беріңіз.

    4) мекемелерде, ұйымдарда:

    – тауып алған зат туралы объект әкімшілігі басшысына дереу хабарлаңыз.

    Мыналарға тыйым салынады:

    – табылған затты ұстауға, ашуға және орнынан қозғауға;
    – табылған бөгде затты пайдалануға;
    – заттарды орындарынан қозғауға, бір жерден екінші жерге дөңгелетіп апаруға, қолға алуға;
    – көтеруге, тасуға, қалтаға, портфельге, сөмкеге салуға және т.б.;
    – жерге көмуге немесе оларды су қоймаларына тастауға;
    – заттардан шығып тұрған сым темірлерді немесе сымдарды үзіп тастауға немес тартуға, оларды залалсыздандыруға тырысуға;
    – мүмкіндігінше оған жақын аралықта радио- және электр-аппараттарын, ұялы телефондарды пайдалануға;
    – табылған затпен немесе күдік тудыратын заттармен жеке іс-қимыл жасауға тырыспаңыз, олар жарылғыш құрылғылар болуы мүмкін, бұл жарылысқа, көптеген құрбандыққа, қирауға әкелуі мүмкін.

    Жарылғыш құрылғылардың іске қосылуы нәтижесінде жарылыс аймағында немесе ғимараттың қираған үйінділерінің арасында қалған адамдарға арналған жаднама

    Егер сіз жарылу аймағында қалсаңыз, естен танбай, қимылдай алатын халде болсаңыз, ең бірінші кезекте түтін мен жалын жоқ жерге қарай жүруге, еңбектеуге тиіссіз.
    Егер сіз жарылыс кезінде зардап шекпесеңіз, ал қасыңызда зардап шеккен адамдар болса, олардың жан-күйлерін бағалаңыз: тамыры соға ма, адам есін жоғалтқан жоқ па? Ешқашан оның есін мүсәтір арқылы жиғызуға тырыспаңыз. Естен тану – бұл организмнің сыртқы әсерден қорғануы. Егер зардап шеккен адамның сынған жерлері болмаса (оның сүйектерін мұқият басып көріңіз), оны қырынан жатқызыңыз. Ол шалқасынан жатса, құсыққа шашалып, етпетінен жатса тұншығып қалуы мүмкін. Күре тамырдан қан кеткен (алқызыл қан шапшып жатса) кезде жарақатты неғұрлым тез, тым болмағанда, саусақпен басып, содан соң жараның жоғары жағынан жіппен, белбеумен, баумен, белдікпен таңу керек.

    Егер сіз ғимараттың қираған үйінділері арасында қалсаңыз, жасымауға тырысыңыз. Тынышталыңыз. Терең және бірқалыпты тыныс алыңыз. Өзіңізді біреулердің құтқаратынына иландырыңыз. Дыбыс беру және бір нәрсені тарсылдату арқылы адамдардың көңілін аударыңыз. Егер сіз ғимараттың қираған үйінділерінің түбінде қалсаңыз, сізді жаңғырық дыбыс анықтағыш арқылы тауып алу үшін кез келген металл затты (сақина, кілт және т.б.) оңды-солды қозғап, дыбыс шығарыңыз.
    Егер айналаңыздағы кеңістік біршама кең болса, оттықты тұтандырмаңыз. Оттегін сақтаңыз.
    Қабырғалардың қайта опырылып құлауын болдырмауға тырысып, абайлап жылжыңыз, сырттан соққан ауаның қозғалысы бойынша бағдар ұстаңыз. Егер мүмкіндігіңіз болса, қолға ұстауға келетін заттардың (тақтайлар, кірпіштер және т.б.) көмегімен төбені бекітіңіз, содан соң көмек күтіңіз. Қатты шөл қысқан кезде кішкентай тасты аузыңызға салып, сорыңыз. Мұрныңызбен тыныс алыңыз.

    Жарылыс қаупі бар затқа ұқсас зат тауып алған кездегі объект қызметкеріне арналған жаднама

    Жұмыс орындарыңызда қала отырып, құқық қорғау органдарына, объект басшысына немесе күзет қызметкеріне дереу хабарлаңыздар. Команда бойынша ғана іс-қимыл жасаңыздар.

    Күдікті затқа жақындамаңыздар және қолмен ұстамаңыздар.

    Үрей тудырмай, қауіпті аймақтан кетіңіздер және адамдарды аулақтатыңыздар. Көшіру адамдарды күдікті зат жатқан аймақ арқылы өткізбей жүргізілуі тиіс. Есте сақтаңыздар, толық көшіру құқығы басшыға ғана тиесілі.

    Арнайы бөлімшелер келгенге дейін қауіпті аймақты қорғаңыздар немесе оған бөгде адамдардың кездейсоқ кіріп кетуін басқа да тәсілдермен болдырмаңыздар.

    Жарылыс қаупі бар затқа ұқсас зат тауып алған кездегі
    басшыларға арналған ұсыныстар

    1. Үрей тудырмау.

    2. «02» телефоны бойынша дереу хабарлау.

    3. Жарылыс қаупі бар зат жатқан аймақты қоршау.

    4. Жағдайды бағалау және қауіпсіз жерге көшіруге шешім қабылдау.

    5. Толық немесе ішінара көшіруге шешім қабылданған жағдайда оны ұйымдасқан түрде жүргізу. Бұл үшін алдын ала пысықталған командаларды пайдалану ұсынылады. Мысалы, «Оқу-жаттығу өрт дабылы! Бәріңіз сыртқа шығыңыздар!»

    6. Көшіру адамдарды жарылыс қаупі бар затқа ұқсас зат жатқан аймақ арқылы өткізбей жүргізілуі тиіс.

    Адамдарды кепілге алған жағдайдағы іс-қимылдар бойынша
    халыққа арналған жаднама

    Адамдарды кепілге алудың әрбір нақты жағдайы өзгеше және басқалардан ерекшеленеді.
    Сонымен қатар егер сіз кепілге алынсаңыз:
    1) өз-өзіңізге мүмкіндігінше жылдам келіңіз, тынышталыңыз және үрейленбеңіз;
    2) егер өзіңізді немесе көзіңізді байлап қойса, бойыңызды еркін ұстауға тырысыңыз, терең тыныстаңыз;
    3) болуы мүмкін қатаң сынаққа жеке адами, моральдық және эмоционалдық тұрғыда дайын болыңыз. Осы ретте адамдарды ұстаудың көптеген жағдайларында кепілге алынғандардың тірі қалғандығын есте сақтаңыз. Сізді босату үшін құқық қорғау органдарының кәсіби шаралар қолданып жатқанына сеніңіз;
    4) егер қашып кете алатыныңызға толық сенімді болмасаңыз, қашуға тырыспаңыз;
    5) террористер туралы мүмкіндігінше көбірек ақпаратты есте сақтаңыздар. Олардың санын, қарулану дәрежесін мақсатқа сай белгілеу, дене бітіміне, сөйлеу акценті мен тақырыбына, темпераментіне, өзін ұстау мәнеріне және т.б. сыртқы пішінін сипаттайтын ерекшеліктерге көңіл аудара отырып, барынша толық кескінін жасау. Жан-жақты ақпараттың соңынан террористердің жеке бастарын анықтауда құқық қорғау органдарына көмегі тиеді;
    6) әр түрлі белгілер бойынша өзіңіз отырған (қамалған) орынды анықтауға тырысыңыз;
    7) мүмкіндігінше терезелерден, есіктерден және адам ұрлаушылардың өздерінен алысырақ, яғни құқық қорғау органдары белсенді шаралар қабылдаған жағдайда (үй-жайға шабуыл, мергендердің қылмыскерлерді көздеп атуы және т.б.) неғұрлым қауіпсіз жерге орналасыңыз;
    8) ғимаратқа шабуыл жасаған жағдайда қолды желкеңізге қойып, еденге етпеттеп жату;
    9) егер шабуыл жасаған және басып алған кезде Сізбен әдепкіде (Сіздің жеке басыңызды анықтағанға дейін) ықтимал қылмыскер ретінде бірқатар дөрекі іс-әрекетке барса, ашуланбаңыз. Сізді тінтуі, қолыңызға кісен салуы, байлауы, эмоционалдық немесе жеке басыңызға жарақат жасауы, тергеуге алуы мүмкін. Бұл тәрізді жағдайларға түсіністікпен қараңыз, шабуылдаушылардың мұндай әрекеттері (барлық адамды түпкілікті сәйкестендіргенге және шынайы қылмыскерлерді анықтағанға дейін) дәлелденген.

    Адамды ұрлаушылармен өзара қарым-қатынас:

    1) агрессивті қарсылық көрсетпеңіз, шалт және қауіп төндіретін қимыл жасамаңыз, террористерді өздері ойластырмаған іс-әрекеттерге итермелемеңіз;
    2) мүмкіндігінше адам ұрлаушылармен тікелей көзбен арбасатын байланыстан қашыңыз;
    3) бастапқыда-ақ (әсіресе, бірінші жарты сағатта) адам ұрлаушылардың барлық бұйрығын және өкімін орындаңыз;
    4) пассивті ынтымақтастық позициясын ұстаныңыз. Сабырлы дауыспен сөйлесіңіз. Басып алушылардың ашу-ызасын тудыруы мүмкін дұшпандық рең мен іс-қимылға шақыратын жек көрушілік сезімін білдіруден қашыңыз;
    5) өзіңізді сабырлы ұстаңыз, бұл ретте өз абыройыңызды сақтаңыз. Үзілді-кесілді қарсылық жасамаңыз, бірақ өзіңізге өте қажетті жағдайда сабырмен өтініш жасаудан қорықпаңыз;
    6) аталған жағдайда қатты күйзелуден қозғалуы мүмкін денсаулық кінәратыңыз болса, бұл туралы өзіңізді ұстап отырған адамдарға сабырлы түрде жеткізіңіз. Қалыптасқан жағдайларды ескере отырып, біртіндеп өзіңіздің жай-күйіңізді жақсартуға байланысты өтініштер деңгейін арттыруға болады.

    Кепілдік жағдайында ұзақ болған кезде:

    1) уайым, абыржу және асып-сасу сезімінің орын алуына жол бермеңіз. Алдағы сынақтарға өзіңізді ойша дайындаңыз. Ақыл-ой белсенділігін сақтаңыз;
    2) ашыну сезімінің пайда болуынан қашыңыз, ол үшін өз-өзіңізді сендірудің ішкі ресурстарын пайдаланыңыз;
    3) жағымды нәрселер туралы ойлаңыз және сондай жағдайларды еске түсіріңіз. Уақыт өткен сайын сізді босату мүмкіндіктерінің арта түскенін ойлаңыз. Сізді дәл қазір босату үшін барлық мүмкіндіктердің жасалып жатқандығына сеніңіз.
    4) өзіңізге тұрақты айналысатын бір іс (дене жаттығулары, кітап оқу, өмір туралы естеліктер және т.б.) табыңыз. Дене және интеллектуалдық іс-қимылдың тәуліктік кестесін белгілеңіз, оларды қатаң әдістемелік тәртіппен орындаңыз;
    5) күшіңізді сақтау үшін, тіпті ұнамаса және тәбетіңізді ашпаса да берген тағамның бәрін жеңіз. Осындай қысылтаяң жағдайда тәбетіңіз бен салмағыңыздың жоғалуы қалыпты құбылыс болып табылатындығына ден қойыңыз.

    Психологиялық орнықтылықты сақтау кепілдегі адамды құтқарудың маңызды шарттарының бірі. Мұнда ойдың айқындығын сақтауға, жағдайды дәлме-дәл бағалауға мүмкіндік беретін жағымсыз әсерлер мен күйзелістерден оқшаулайтын кез келген амал-әдістер тиімді. Мынадай ережелерді ұғып алған пайдалы:
    1) аталған жағдайларда қолайлы дене шынықтыру жаттығуларын жасаңыз, кем дегенде, денедегі барлық бұлшық еттерді кезек-кезек ширықтырыңыз және босаңсытыңыз;
    2) барлық жағдайларда аутотренинг пен медитацияны қолдану өте пайдалы, олар өз психикаңды бақылауда ұстауға көмектеседі;
    3) ішіңізден оқыған кітаптарыңызды, өлеңдеріңізді, әндеріңізді есіңізге түсіріңіз, жүйелі түрде әр түрлі дерексіз проблемаларды (математикалық есептерді шығарыңыз, шетел сөздерін есіңізге түсіріңіз және т.б.) ойлап алыңыз. Сіздің ақыл-ойыңыз жұмыс істеуі керек. Дінге сенушілер дұғалардан жанына тыныштық іздеуі мүмкін;
    4) егер мүмкіндік бола қалса, қолыңызға түскеннің бәрін, тіпті оның мәтіні сізге мүлдем қызықсыз болса да оқыңыз. Сондай-ақ жазғандарыңызды қайтып алатынына қарамастан, жазуыңызға да болады. Ақыл-есті сақтауға көмектесетін осы үдерістің өзі маңызды.
    5) Болып жатқан жағдайларды жүрегіңізге жақын алмай, сырттан қарауға тырысыңыз, соңына дейін істің сәтті аяқталатынына сеніңіз. Қорқыныш, торығу мен селқостық – бұл үшеуі сіздің негізгі жауыңыз, оның бәрі – өз ішіңізде жатыр.

    Қызмет көрсету аумағында адамдар кепілдікке алынған объект басшысына, күзет құрылымдарының қызметкерлеріне арналған жаднама

    Есіңізде жүрсін, кепілге алынған адамдардың өмірі саудаға түскен зат сияқты үнемі қауіп-қатерде болады, сол себепті үрейге бой алдырмастан:
    1) қалыптасқан жағдай туралы құқық қорғау органдарына дереу хабарлау;
    2) өз еріктеріңіз бойынша террористермен келіссөз жүргізбеу;
    3) объектіге құқық қорғау органдары, құтқару қызметі қызметкерлерінің, медициналық көмек автомашиналарының кедергісіз жүруі (өтуі) үшін шаралар қабылдау;
    4) ҰҚК және ІІМ арнайы бөлімшелерінің қызметкерлері келгенде оларды қызықтыратын ақпаратты алуы үшін көмектесу;
    5) қажет болғанда, егер бұл адамдардың өмірі мен денсаулығына зиян әкелмесе, қылмыскерлерге қарсы келмей, қылмыскерлердің талаптарын орындау, маңайындағылардың және жеке өз өмірінің қауіпсіздігін сақтау;
    6) қылмыскерлер қару қолданып, адам өмірін қиюға әкеп соқтыратын іс-әрекетке бармау керек.

    Қоныс аудару туралы ақпарат алған кездегі
    халықтың іс-қимылдары жөніндегі жаднама

    Егер сіз қауіпсіз жерге көшіруді бастау туралы ақпаратты үйіңізде естісеңіз:

    1) ауа-райына қарай киініңіз, құжаттарыңызды, ақшаларыңызды, бағалы заттарыңызды алыңыз;
    2) электрді, газды, суды ажыратыңыз, пештегі (алауошақтағы (камин) отты сөндіріңіз;
    3) көшу кезінде егде және ауыр науқастарға көмек көрсетіңіз;
    4) кіреберіс есікті құлыптап жабыңыз;
    5) ғимараттан шығыңыз және көшірушінің командасын орындаңыз, тастап кеткен үй-жайға жауапты адамдардың рұқсатынан кейін ғана қайта оралыңыз.

    Егер сіз қауіпсіз жерге көшіруді бастау туралы ақпаратты жұмыс орныңызда естісеңіз:

    1) асықпай және дүрлікпей жұмыс құжаттарыңызды сейфке немесе кілтпен жабылатын үстел жәшіктеріне жинаңыз;
    2) өзіңізбен бірге жеке заттарыңызды, құжаттарыңызды, бағалы заттарыңызды алыңыз;
    3) ұйымдастыру техникаларын, электр құрылғыларын сөндіріңіз;
    4) есікті кілттеп жабыңыз және көшіру тәсімінде белгіленген бағытпен жүріңіз;
    5) ғимараттан шығыңыз және көшіру басшысының командасын орындаңыз.

    Жарылғыш құрылғы болуы мүмкін жарылғыш құрылғы немесе күдікті зат тапқан кезде ұсынылатын көшу және қоршау аймақтары

    1. РГД-5 гранатасы 50 метрден кем емес
    2. Ф-1 гранатасы 50 метрден кем емес
    3. Массасы 200 грамм тротил қопарғыш құты 45 метр
    4. Массасы 400 грамм тротил қопарғыш құты 55 метр
    5. 0,33 литрлік сыра құтысы 60 метр
    6. МОН-50 минасы 85 метр
    7. Шабадан (кейс) 230 метр
    8. Жол шабаданы 350 метр
    9. «Жигули» үлгісіндегі автомобиль 460 метр
    10. «Волга» үлгісіндегі автомобиль 580 метр
    11. Шағын автобус 920 метр
    12. Жүк автомашинасы (фургон) 1240 метр

    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ
    Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне діни қызмет және діни бірлестіктер мәселелері бойынша
    өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

    1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
    1. 2011 жылғы 26 желтоқсандағы «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., № 22, 174-құжат; 2012 ж., № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 2, 13-құжат;. № 9, 51-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 14, 72-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 6, 28-құжат; № 14, 84-құжат; № 19- I, 19-II, 94, 96-құжаттар; № 21, 122-құжат;. № 22, 128-құжат; 2015 ж., № 10, 50-құжат; № 20-VII, 155-құжат; № 23-II, 170-құжат):
    2-бапта:
    3-бөлім мынадай мазмұндағы төртінші және бесінші абзацтармен толықтырылсын:
    «Некені (ерлі-зайыпты болуды) қию немесе тоқтату бойынша діни жоралар мен рәсімдерді ғибадат ғимараттарынан (құрылысжайлардан) тыс жерлерде жүргізуге жол берілмейді.
    Діни жоралар мен рәсімдер бойынша некеге тұруға (ерлі-зайыпты болуға) ниет білдірген адамдардың біреуі ғибадат ғимаратына (құрылысжайына) келе алмайтын айрықша жағдайларда (ауыр науқастануы, жүріп-тұру қиындығымен байланысты мүгедектігі, күзетпен ұсталуы немесе бас бостандығынан айыру орындарында болуы) некені діни жоралар мен рәсімдер бойынша қиюды (ерлі-зайыпты болуды) үйде, медициналық немесе өзге де ұйымда некеге отыратын (ерлі-зайыпты болатын) адамдардың қатысуымен тіркелген діни бірлестіктің өкілі жүргізеді.».
    2. 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 18-I, 18-II, 92-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; № 24, 145, 146-құжаттар; 2015 ж., № 1, 2-құжат; № 2, 6-құжат; № 7, 33-құжат; № 8, 44, 45-құжаттар; № 9, 46-құжат; № 10, 50-құжат; № 11, 52-құжат; № 14, 71-құжат; № 15, 78-құжат; № 16, 79-құжат; № 19-I, 101-құжат; № 19-II, 102, 103, 105-құжаттар; № 20-IV, 113-құжат; № 20-VII, 115-құжат; № 21-I, 124, 125-құжаттар; № 21-II, 130-құжат; № 21-III, 137-құжат; № 22-I, 140, 141, 143-құжаттар; № 22-II, 144, 145, 148-құжаттар; № 22-III, 149-құжат; № 22-V, 152, 156, 158-құжаттар; № 22-VI, 159-құжат; № 22-VII, 161-құжат; № 23-I, 166, 169-құжаттар; № 23-II, 172-құжат; 2016 ж., № 1,4-құжат; № 2, 9-құжат; № 6, 45-құжат; № 7-I, 49, 50-құжаттар; № 7-II, 53,57-құжаттар; № 8-I, 62, 65-құжаттар; № 8-II, 66, 67, 68, 70, 72-құжаттар; № 12, 87-құжат; № 22, 116-құжат; № 23, 118-құжат; № 24,124, 126, 131-құжаттар; 2017 ж., № 1-2, 3-құжат; № 9, 17, 18, 21, 22-құжаттар; 2017 жылғы 19 маусымда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өсімдіктер мен жануарлар дүниесі бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2017 жылғы 15 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
    1) мазмұны 434-2-баптың мынадай мазмұндағы тақырыбымен толықтырылсын:
    «434-2-бап. Бет-әлпетті тануға кедергі келтіретін киім-кешекті қоғамдық орындарда киіп жүруге қатысты заңнама талаптарын бұзу»;
    2) мынадай мазмұндағы 434-2-баппен толықтырылсын:
    «434-2-бап. Бет-әлпетті тануға кедергі келтіретін киім-кешекті қоғамдық орындарда киіп жүруге қатысты заңнама талаптарын бұзу
    1. Бет-әлпетті тануға кедергі келтіретін киім-кешекті қоғамдық орындарда киіп жүруге қатысты заңнама талаптарын бұзу –
    жеке тұлғаларға ескерту жасауға не елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
    2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасаған әрекет –
    жеке тұлғаларға бір жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
    3) 489-бапта:
    бірінші бөліктегі «Қоғамдық бірлестік», «қоғамдық бірлестіктің» және «қоғамдық бірлестіктердің» деген сөздер тиісінше «Қоғамдық, діни бірлестік», «қоғамдық, діни бірлестіктің» және «қоғамдық, діни бірлестіктердің» деген сөздермен ауыстырылсын;
    екінші бөліктегі «Қоғамдық бірлестік» және «қоғамдық бірлестіктің» деген сөздер тиісінше «Қоғамдық, діни бірлестік» және «қоғамдық, діни бірлестіктің» деген сөздермен ауыстырылсын;
    үшінші бөліктегі «қоғамдық бірлестіктің» деген сөздер «қоғамдық, діни бірлестіктің» деген сөздермен ауыстырылсын;
    төртінші бөліктегі «қоғамдық бірлестіктің» деген сөздер «қоғамдық, діни бірлестіктің» деген сөздермен ауыстырылсын;
    4) 490-бап мынадай редакцияда жазылсын:
    «490-бап. Қазақстан Республикасының діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнамасын бұзу
    1. Қазақстан Республикасының заңнамасында:
    1) діни жораларды, рәсімдерді және (немесе) жиналыстарды өткізуге;
    2) қайырымдылық қызметті жүзеге асыруға;
    3) діни әдебиетті және діни мазмұндағы ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды әкелуге, шығаруға, әзірлеуге және (немесе) таратуға;
    4) ғибадат ғимараттарын (құрылысжайларын) салуға, ғимараттарды (құрылысжайларды) ғибадат ғимараттары (құрылысжайлары) етіп қайта бейіндеуге (функционалдық мақсатын өзгертуге);
    5) дінді оқып-үйренуді ұйымдастыруға белгіленген талаптарды бұзу –
    жеке тұлғаларға – ескерту жасауға не елу, заңды тұлғаларға – ескерту жасауға не екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға не қызметті үш ай мерзімге тоқтата тұруға әкеп соғады.
    2. Заңды діни қызметке кедергі келтіру, сол сияқты дінге көзқарасы себептері бойынша жеке тұлғалардың азаматтық құқықтарын бұзу немесе дінге сенушілердің және (немесе) дінге сенбеушілердің сезімдері мен қадір-қасиеттерін немесе құдайға құлшылық етуді, діни жоралар мен рәсімдерді орындауды қорлау; қандай да бір дінді ұстанушылар қастерлейтін заттарды, құрылғылар мен орындарды бүлдіру; діни радикализмнің көріністеріне жол беру, егер жоғарыда баяндалған барлық әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері болмаса –
    жеке тұлғаларға – елу, лауазымды адамдарға – бір жүз, заңды тұлғаларға екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
    3. Миссионерлік қызметті тіркеусіз (қайта тіркеусіз) жүзеге асыру, сол сияқты дінтану сараптамасының оң қорытындысы жоқ діни әдебиетті, діни мазмұндағы ақпараттық материалдарды және діни мақсаттағы заттарды миссионерлердің пайдалануы, Қазақстан Республикасында тіркелмеген діни бірлестіктердің діни ілімін тарату –
    Қазақстан Республикасының азаматтарына – бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасының шегінен әкімшілік жолмен шығарып жіберіле отырып, бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
    4. Діни бірлестіктің өз жарғысында көзделмеген қызметті жүзеге асыруы –
    қызметті үш ай мерзімге тоқтата тұрып, үш жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
    5. Діни бірлестіктің саяси қызметпен айналысуы, сол сияқты саяси партиялардың қызметіне қатысуы және (немесе) оларға қаржылық қолдау көрсетуі, мемлекеттік органдардың қызметіне араласуы не мемлекеттік органдардың немесе олардың лауазымды адамдарының функцияларын діни бірлестіктер мүшелерінің иемденіп алуы –
    қызметті үш ай мерзімге тоқтата тұрып, үш жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
    6. Мемлекеттік органдарда, ұйымдарда, мекемелерде, оның ішінде денсаулық сақтау және білім беру ұйымдарында діни бірлестіктердің ұйымдық құрылымдарын құру –
    лауазымды адамдарға – бір жүз, заңды тұлғаларға екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
    7. Уәкілетті органмен келіспей шетелдік діни орталық тағайындаған адамның діни бірлестікті басқаруы –
    Қазақстан Республикасының азаматтарына – ескерту жасауға не елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасының шегінен әкімшілік жолмен шығарып жіберіле отырып, елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
    8. Діни бірлестік басшысының он алты жасқа толмаған кәмелетке толмағандарды ата-анасының біреуінің, кәмелетке толған жақын туысқанының немесе кәмелетке толмаған адамның өзге де заңды өкілдерінің ілесіп алып жүруінсіз, сондай-ақ ата-анасының бірі немесе кәмелетке толмаған адамның заңды өкілі қарсылық білдірген кезде құдайға құлшылық етуге, діни жораларға, рәсімдерге және (немесе) жиналыстарға қатыстыруға жол бермеу шараларын қолданбауы –
    ескерту жасауға не қызметті үш ай мерзімге тоқтата тұрып, елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
    9. Қазақстан Республикасы азаматтарының белгіленген тәртіппен шет мемлекеттерде рухани (діни) білім алуы жөніндегі заңнама талаптарын бұзуы –
    елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
    10. Діни бірлестіктердің ғибадат ғимараттарындағы (құрылысжайларындағы), үй-жайларындағы ішкі тәртіпті сақтау жөніндегі заңнама талаптарын бұзуы –
    жеке тұлғаларға – ескерту жасауға не елу, заңды тұлғаларға ескерту жасауға не бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
    11. Мемлекеттік бюджеттен және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бюджеті қаражатынан қаржыландырылатын ұйымдар жұмыскерлерінің діни бірлестіктердің мүддесі үшін қызмет бабын және онымен байланысты мүмкіндіктерін пайдалануға, сондай-ақ өзге тұлғаларды діни бірлестіктердің қызметіне қатысуға мәжбүрлеуге жол бермеу жөніндегі заңнама талаптарын бұзуы –
    жеке тұлғаларға ескерту жасауға не он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
    12. Деструктивті діни ағымдарға қатыстылығын көрсететін сыртқы атрибуттарды, киім-кешекті қоғамдық орындарда пайдалану, киіп жүру және тарату –
    жеке тұлғаларға – ескерту жасауға не елу, заңды тұлғаларға ескерту жасауға не бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
    13. Осы баптың бірінші, екінші, үшінші, төртінші, бесінші, жетінші, сегізінші, тоғызыншы, оныншы және он екінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталанып жасалған әрекеттер (әрекетсіздік) –
    қызметке тыйым салына отырып, жеке тұлғаларға – екі жүз, лауазымды адамдарға – үш жүз, заңды тұлғаларға – бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
    5) мынадай мазмұндағы 491-1-баппен толықтырылсын:
    «491-1-бап. Некені (ерлі-зайыптылықты) қию немесе тоқтату кезінде діни жоралар мен рәсімдер бойынша Қазақстан Республикасының неке-отбасы заңнамасын бұзу
    Ғибадат ғимараттарынан (құрылысжайларынан) тыс жерлерде некені (ерлі-зайыптылықты) қию немесе тоқтату кезінде діни жоралар мен рәсімдерді атқаруда жасалған Қазақстан Республикасының неке-отбасы заңнамасын бұзу –
    жеке тұлғаларға – елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, заңды тұлғаларға екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
    6) 729-баптың бірінші бөлігі «491,» деген сандардан кейін «491-1» деген сандармен толықтырылсын;
    7) 804-баптың бірінші бөлігінде:
    1) тармақша «434» деген сандардан кейін «434-2,» деген сандармен толықтырылсын, «489 (екінші, үшінші және төртінші бөліктері),» деген сөздерден кейін «490 (бірінші бөлігінің 1) және 3) тармақшалары, үшінші және он үшінші бөліктері),» деген сөздермен толықтырылсын;
    55) тармақшадағы «сегізінші» деген сөз «он үшінші» деген сөздермен ауыстырылсын.
    3. 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 17, 91-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 22, 131-құжат; 2015 ж., № 7, 33-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 22-ІІІ, 149-құжат; № 23-II, 170-құжат; 2016 ж., № 8-II, 67-құжат; № 23, 118-құжат; № 24, 126, 129, 131-құжаттар; 2017 ж., № 8, 16-құжат):
    16-баптың бірінші бөлігінің 18) тармақшасындағы «қағидаларын бекітеді.» деген сөздер «қағидаларын;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 19) тармақшамен толықтырылсын:
    «19) Ұлттық қауіпсіздік комитетімен және діни қызмет саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша қылмыстық-атқару жүйесі мекемелеріндегі сотталған адамдармен теологиялық оңалту қызметтерінің нысаналы бағыттағы жұмысын ұйымдастыру жөніндегі қағидаларды бекітеді.».
    4. «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 3, 17-құжат; № 9, 86-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 10, 103-құжат; 2004 ж., № 10, 56-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 142-құжат; № 24, 144-құжат; 2005 ж., № 7-8, 23-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 13, 86, 87-құжаттар; № 15, 92, 95-құжаттар; № 16, 99-құжат; № 18, 113-құжат; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 14-құжат; № 10, 69-құжат; № 12, 88-құжат; № 17, 139-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 г., № 21, 97-құжат; № 23, 114, 124-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 9-құжат; № 24, 133-құжат; 2010 ж., № 1-2, 2-құжат; № 5, 23-құжат; № 7, 29, 32-құжаттар; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 3, 7-құжаттар; № 2, 28-құжат; № 6, 49-құжат; № 11, 102-құжат; № 13, 115-құжат; № 15, 118-құжат; № 16, 129-құжат; 2012 ж., № 2, 11-құжат; № 3, 21-құжат; № 5, 35-құжат; № 8, 64-құжат; № 14, 92-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 15, 81-құжат; № 20, 113-құжат; № 21-22, 115-құжат; 2014 ж., № 2, 10-құжат; № 3, 21-құжат; № 7, 37-құжат; № 8, 49-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 67-құжат; № 12, 82-құжат; № 14, 84, 86-құжаттар; № 19-І, 19-II, 94, 96-құжаттар; № 21, 118, 122-құжаттар; № 22, 131-құжат; 2015 ж., № 9, 46-құжат; № 19-I, 101-құжат; № 19-II, 103-құжат; № 21-I, 121, 124, 125-құжаттар; № 21-II, 130, 132-құжаттар; № 22-I, 140-құжат; № 22-V, 154, 156, 158-құжаттар; 2016 ж., № 6, 45-құжат; № 7-I, 47, 49-құжаттар; № 8-II, 72-құжат; № 23, 118-құжат; 2017 ж., № 3, 6-құжат; № 8, 16-құжат):
    1) 31-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 30) және 31) тармақшалармен толықтырылсын:
    «30) өңірдегі діни ахуалға зерделеуді және талдауды жүргізеді;
    31) өңірде әрекет ететін дiни бiрлестiктердiң, миссионерлердiң, рухани (діни) білім беру ұйымдарының қызметiне зерделеу және талдау жүргiзедi;»;
    2) 35-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 25) және 26) тармақшалармен толықтырылсын:
    «25) ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдерін қоспағанда, өңірдегі діни ахуалға зерделеу және талдау жүргізеді;
    26) ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдерін қоспағанда, өңірде әрекет ететін дiни бiрлестiктердiң, миссионерлердiң, рухани (діни) білім беру ұйымдарының қызметiне зерделеу және талдау жүргiзедi.».
    5. «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» 2002 жылғы 8 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2002 ж., № 17, 154-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 7-8, 19-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 20, 152-құжат; 2009 ж., № 15-16, 72-құжат; № 17, 81-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 22, 130-құжат; № 24, 149-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; № 17, 136-құжат; № 21, 173-құжат; 2012 ж., № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 13, 62-құжат; № 14, 75-құжат; № 15, 77-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 3, 21-құжат; № 11, 65-құжат; № 14, 84-құжат; № 19-I, 19-II, 94-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 20-IV, 113-құжат; № 22-I, 140-құжат; № 23-II, 172-құжат):
    35-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
    «2. Рухани (діни) білім беру ұйымдарында білім алып жатқан адамдарды қоспағанда, он алты жасқа толмаған кәмелетке толмағандар ата-анасының біреуінің, кәмелетке толған жақын туысқанының немесе өзге де заңды өкілдерінің ілесіп алып жүруімен, сондай-ақ ата-анасының біреуі немесе кәмелетке толмаған адамның заңды өкілі қарсылық білдірмеген кезде құдайға құлшылық етуге, діни жораларға, рәсімдерге және (немесе) жиналыстарға қатыса алады.».
    6. «Жарнама туралы» 2003 жылғы 19 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003ж., № 24, 174-құжат; 2006 ж., № 15, 92-құжат; № 16, 102-құжат; 2007 ж., № 12, 88-құжат; 2009 ж., № 17, 79, 82-құжаттар; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 3, 25-құжат; № 14, 92-құжат; 2013 ж., № 8, 50-құжат; № 21-22, 115-құжат; 2014 ж., № 2, 11-құжат; № 11, 65-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 8, 44-құжат; № 20-IV, 113-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; № 7-II, 53-құжат; № 8-II, 70-құжат):
    6-бап мынадай мазмұндағы 6-1-тармақпен толықтырылсын:
    «6-1. Жарнамада деструктивті діни ағымдарға қатыстылығын көрсететін сыртқы атрибуттарды, киім-кешекті пайдалануға тыйым салынады.».
    7. «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар және сыйлықақылар туралы» 2005 жылғы 12 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2005 ж., № 6, 8-құжат, 2011 ж., № 21, 171-құжат; 2012 ж., № 5, 35-құжат; 2013 ж., № 5-6, 30-құжат; 2014 ж., № 3, 21-құжат; 2015 ж., № 23-I, 166-құжат):
    5-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 15) тармақшамен толықтырылсын:
    «15) діни экстремизм мен терроризмнің профилактикасы бойынша іс-шараларды өткізу.».
    8. «Құқық бұзушылық профилактикасы туралы» 2010 жылғы 29 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2010 ж., № 8, 40-құжат, № 24, 149-құжат; 2012 ж., № 3, 26-құжат; № 5, 41-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 3, 21-құжат; № 14, 84-құжат; № 21, 122-құжат; 2015 ж., № 21-I, 125-құжат; 2017 ж., № 8, 16-құжат; 2017 жылғы 15 маусымдағы «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газетінде жарияланған «Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне қорғаныс және әскери қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2017 жылғы 13 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
    1) 21-бап мынадай мазмұндағы 2-тармақпен толықтырылсын:
    «2. Қызметтік (лауазымдық) міндеттерін атқару, медициналық мақсаттарда, азаматтық қорғау, ауа райы жағдайларында, сондай-ақ спорттық, спорттық-бұқаралық және мәдени-бұқаралық іс-шараларға қатысу үшін қажет болатын жағдайларды қоспағанда, бет-әлпетті тануға кедергі келтіретін киім-кешекті қоғамдық орындарда киіп жүруге тыйым салынады.»;
    2) 23-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:
    «3-1) ресми алдын ала ескерту;»;
    3) 24-баптың 1-тармағының 3) тармақшасында «материалдар негіз болып табылады.» деген сөздер «материалдар;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
    «4) тергеп-тексерілуі ішкі істер органдарының құзыретіне жатқызылған экстремистік және террористік қылмыстарды, сондай-ақ діни қызмет саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтарды жасауға жағдай жасайтын жеке тұлғаның әрекеттері туралы мәліметтер негіз болып табылады.»;
    4) мынадай мазмұндағы 26-1-баппен толықтырылсын:
    «26-1-бап. Ресми алдын ала ескерту
    Ресми алдын ала ескертуді (бұдан әрі – алдын ала ескерту) жазбаша нысанда жариялау туралы шешімді Қазақстан Республикасы Ішкі істер органының уәкілетті басшысы тексеру аяқталғаннан кейін және тергеп-тексерілуі ішкі істер органдарының құзыретіне жатқызылған экстремистік және террористік қылмыстарды, сондай-ақ діни қызмет саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтарды жасауға жағдай жасайтын жеке тұлғаның әрекеттері туралы алынған мәліметтер расталғаннан кейін қабылдайды.
    Ресми алдын ала ескертуге Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі немесе оның орынбасарлары, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Экстремизмге қарсы іс-қимыл департаментінің бастығы, Қазақстан Республикасы ішкі істер аумақтық органдарының бастықтары қол қояды.
    Ресми алдын ала ескерту тергеп-тексерілуі ішкі істер органдарының құзыретіне жатқызылған экстремистік және террористік қылмыстарды, сондай-ақ діни қызмет саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтарды жасауға жағдай жасайтын әрекеттерге жол бермеу туралы және оларды жасаған жағдайда жауаптылық туралы нақты жеке тұлғаға жолдануға тиіс.
    Ішкі істер органдары жарияланған ресми алдын ала ескертулердің есебін жүргізеді.».
    9. «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» 2011 жылғы 11 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., № 17, 135-құжат; 2012 ж., № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 21-22, 115-құжат; 2014 ж., № 19-I, 19- II, 96-құжат, 2015 ж., № 22-I, 140-құжат):
    1) 1-бап мынадай редакцияда жазылсын:
    «1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгі ұғымдар
    Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
    1) ғибадат ғимараты (құрылысжайы) – құдайға құлшылық етуді, діни жораларды, рәсімдерді және (немесе) жиналыстарды жасау үшін арнайы тұрғызылған немесе қайта бейінделген ғимарат, құрылысжай, ғимараттар мен құрылысжайлар кешені;
    2) құлшылық ету орны – дiнге сенушiлер өзінің құрметін білдіру үшін, сондай-ақ діни жораларды, рәсімдер мен салт жораларды жасау үшін пайдаланатын ғимараттар, табиғи объектілер, аумақтар;
    3) діни қызмет – дінге сенушілердің діни қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған қызметі;
    4) мінажат ету – діни қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін құлшылық ету жасалатын діни мағынасы бар орындарға дінге сенушілердің баруы;
    5) діни қызметші –діни бірлестік басшысының бұйрығы негізінде рухани, уағыздаушылық қызметке тиісті діни бірлестік уәкілеттік берген адам;
    6) діни бірлестік – Қазақстан Республикасы азаматтарының, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың өз мүдделерінің ортақтығы негізінде діни қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіппен біріккен ерікті бірлестігі;
    7) діни ілімді тарату – белгілі бір діннің негізгі догматтары, идеялары, көзқарастары және практикалары туралы ақпаратты жеткізуге, сол сияқты беруге бағытталған қызмет;
    8) деструктивті діни ағым – адамның қорғалатын құқықтары мен бостандықтарына қатер төндіретін, имандылық негiздерді, рухани және мәдени құндылықтар мен дәстүрлерді әлсіретуге және (немесе) бұзуға қабілетті діни көзқарастар, идеялар, сондай ақ ілімнің жиынтығы;
    9) діни мазмұндағы ақпараттық материал – мәтіндік сілтемелерді қоса алғанда, кез келген жеткізгіштегі діни сипаттағы баспа, электрондық және өзге де ақпарат;
    10) діни радикализм – тұлғаның өзге адамдарға діни ұйғарымдар мен догмаларды сөзсіз орындауды таңуды үндеулермен және іс-әрекеттермен сүйемелдейтін, діни көзқарастар мен сенім-нанымдарға ұшқары, ымырасыздықпен ұстанушылық;
    11) миссионерлік қызмет – Қазақстан Республикасы азаматтарының, шетелдіктердің, азаматтығы жоқ адамдардың дінге үндеу мақсатында Қазақстан Республикасының аумағында діни ілімді таратуға бағытталған қызметі;
    12) құдайға құлшылық ету – діни қызметшілер діни ілімнің талаптары бойынша жасайтын діни жоралар мен рәсімдер жиынтығы;
    13) уәкілетті орган – діни қызмет саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган.»;
    2) 3-бап мынадай редакцияда жазылсын:
    «3-бап. Мемлекет және дін
    1. Мемлекет дін мен діни бірлестіктерден бөлінген.
    2. Діни бірлестіктер және Қазақстан Республикасының азаматтары, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар дінге көзқарасына қарамастан заң алдында тең.
    3. Дін ұстану немесе наным еркіндігін жүзеге асыру тек заңмен ғана және конституциялық құрылысты қорғау, қоғамдық тәртіпті, адамның құқықтары мен бостандықтарын, халықтың денсаулығын және имандылығын қорғау мақсатында қаншалықты қажет болса, сол шамада ғана шектелуге жатады.
    4. Ешбiр дiн мемлекеттік немесе міндетті дін ретінде белгіленбейді.
    5. Рухани (діни) білім беру ұйымдарын қоспағанда, Қазақстан Республикасында бiлiм беру және тәрбиелеу жүйесі дін мен діни бірлестіктерден бөлiнген және зайырлы сипатта болады.
    6. Дінді оқып-үйрену діни бірлестіктердің ғибадат ғимараттарында (құрылысжайларында), үй-жайларында, сондай-ақ рухани (діни) білім беру ұйымдарында кедергісіз, олардың жарғыларына сәйкес ұйымдастырылады және жүзеге асырылады. Өзге жағдайларда дінді оқып-үйрену облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органдарымен келісу бойынша ұйымдастырылады және жүзеге асырылады.
    7. Заңды діни қызметке кедергі келтіруге, дінге көзқарасы себептері бойынша жеке және заңды тұлғалардың азаматтық құқықтарын бұзуға немесе дінге сенушілердің және (немесе) дінге сенбеушілердің сезімдері мен қадір-қасиеттерін немесе құдайға құлшылық етуді, діни жоралар мен рәсімдерді орындауды қорлауға, қандай да бір дінді ұстанушылар қастерлейтін заттарды, құрылғылар мен орындарды бүлдіруге жол берілмейді.
    8. Әркім Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес діни немесе өзге де нанымдарды ұстануға, діни бірлестіктердің қызметіне қатысуға және миссионерлік қызметпен айналысуға құқылы.
    9. Мемлекеттік бюджеттен және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бюджет қаражатынан қаржыландырылатын ұйымдардың қызметкерлері діни бірлестіктердің мүддесінде қызмет бабын және онымен байланысты мүмкіндіктерін пайдалануға, сондай-ақ өзге тұлғаларды діни бірлестіктердің қызметіне қатысуға мәжбүрлеуге құқылы емес.
    10. Ешкімнің өз діни нанымдарының себептері бойынша Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарында көзделген міндеттерін атқарудан бас тартуға құқығы жоқ.
    Діни қызметшілер, миссионерлер, діни бірлестіктердің басшылары немесе қатысушылары (мүшелері) болып табылатын Қазақстан Республикасының азаматтары саяси өмiрге Қазақстан Республикасының барлық азаматтарымен бірдей тек өз атынан ғана қатыса алады.
    11. Дін мен діни бірлестіктердің мемлекеттен бөліну қағидатына сәйкес мемлекет:
    1) Қазақстан Республикасы азаматының, шетелдік пен азаматтығы жоқ адамның дінге және ұстанатын дініне өз көзқарасын айқындауына, балаларды ата-анасының немесе олардың өзге де заңды өкілдерінің өз нанымдарына сәйкес тәрбиелеуіне, мұндай тәрбиелеу баланың өмірі мен денсаулығына қатер төндіретін, оның құқықтарына қысым жасайтын және жауапкершілігін шектейтін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысына, егемендігіне және аумақтық тұтастығына қарсы бағытталған жағдайларды қоспағанда, араласпайды;
    2) діни бірлестіктерге мемлекеттік органдардың функцияларын орындауды жүктемейді;
    3) егер дiни бiрлестiктердiң қызметi Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмесе, дiни бiрлестiктердiң қызметіне араласпайды;
    4) дiн ұстанатын және оны ұстанбайтын Қазақстан Республикасының азаматтары, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар арасында, сондай-ақ әртүрлі діни бiрлестiктер арасында өзара төзушілік пен құрметтеу қатынастарын орнатуға жәрдемдеседі, діни радикализмнің көрініс табуына жол бермейді және экстремизмге қарсы іс-қимыл жасайды.
    12. Дін мен діни бірлестіктердің мемлекеттен бөліну қағидатына сәйкес діни бірлестіктер:
    1) мемлекеттiк органдардың функцияларын орындамайды және олардың қызметіне араласпайды;
    2) саяси партиялардың қызметіне қатыспайды, оларға қаржылық қолдау көрсетпейді, саяси қызметпен айналыспайды;
    3) Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтауға мiндеттi.
    13. Дiни негіздегі партиялардың қызметіне, мақсаттары мен әрекеттері мемлекетте бір дiннің үстемдігін орнықтыруға, оның iшiнде зорлық-зомбылықпен немесе зорлық-зомбылыққа шақырумен және өзге де құқыққа қарсы әрекеттермен байланысты діни өшпендiлiктi немесе алауыздықты қоздыруға бағытталған діни бiрлестіктер құруға және олардың қызметiне тыйым салынады.
    14. Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен тiркелмеген дiни бiрлестiктердiң қызметiне, сондай-ақ олардың діни ілімді таратуына, сол сияқты Қазақстан Республикасының азаматтарын, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды дiнге көзқарасын айқындауда, діни бірлестіктердің қызметіне, дiни жораларға және (немесе) дiндi оқып-үйренуге қатысуына немесе қатыспауына қандай да бiр мәжбүрлеуге жол берiлмейдi.
    15. Қазақстан Республикасының азаматтарына, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға зорлық-зомбылық көрсетумен немесе олардың денсаулығына өзге де зиян келтірумен не ерлі-зайыптылардың некесін бұзумен (отбасының бұзылуымен) немесе туыстық қарым-қатынастарды тоқтатумен, имандылыққа нұқсан келтірумен, адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын бұзумен, азаматтарды Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарында көзделген міндеттерін атқарудан бас тартуға түрткі болумен және Қазақстан Республикасының заңнамасын өзге де бұзушылықпен ұштасатын діни бірлестіктер қызметіне жол берілмейді.
    16. Қазақстан Республикасының азаматтарын, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды мәжбүрлеп тартуға, оның ішінде қайырымдылық арқылы және (немесе) діни бірлестіктен шығуына, ұстанатын діннен бас тартуына кедергі келтіруге бағытталған, оның ішінде материалдық немесе өзге де тәуелділігін пайдалана отырып бопсалау, зорлық-зомбылық көрсету немесе күш қолданамын деп қорқыту жолымен не алдау жолын қолданатын діни бірлестіктердің қызметіне жол берілмейді.
    17. Діни бірлестіктің қатысушыларын (мүшелерін) және дін ұстанушыларды діни бірлестіктің, оның басшылары мен басқа да қатысушыларының (мүшелерінің) пайдасына өздеріне тиесілі мүлкін иеліктен шығаруға мәжбүрлеуге жол берілмейді.
    18. Дінді және діни көзқарастарды пайдалана отырып, мемлекеттік органдардың қызметіне көрінеу іріткі салуға, олардың үздіксіз жұмыс істеуінің бұзылуына, елдегі басқарушылық деңгейін төмендетуге ықпал ететін шешімдерді қабылдауға және әрекеттерді жасауға жол берілмейді.
    19. Діни бірлестіктің басшысы он алты жасқа толмаған кәмелетке толмағандарды ата-анасының біреуінің, кәмелетке толған жақын туысқанының немесе кәмелетке толмаған адамның өзге де заңды өкілдерінің ілесіп алып жүруінсіз, сондай-ақ ата-анасының біреуі немесе кәмелетке толмаған адамның заңды өкілі қарсылық білдірген кезде құдайға құлшылық етуге, діни жораларға, рәсімдерге және (немесе) жиналыстарға қатыстыруға жол бермеу шараларын қолдануға міндетті.
    20. Қазақстан Республикасы азаматтарының шет мемлекеттерде рухани (діни) білім алуына Қазақстан Республикасында жоғарғы рухани (діни) білім алғаннан кейін ғана жол беріледі. Халықаралық шарт (келісім) негізінде, сондай-ақ тіркелген діни бірлестіктердің Қазақстанда рухани (діни) білім беру ұйымдары болмаған жағдайларда ғана шетелде оқып-үйренуге болады.
    Рухани (діни) білім беру ұйымдары өз қызметтерін ашық түрде жүзеге асырады, қоғамды оқу, ғылыми-зерттеу және қаржылық қызметі туралы хабардар етеді.
    21. Деструктивті діни ағымдарға қатыстылығын көрсететін сыртқы атрибуттарды, киім-кешекті қоғамдық орындарда пайдалануға, киюге және таратуға жол берілмейді.
    Сыртқы атрибуттарды, киім-кешекті қоса алғанда, деструктивті діни ағымдарға қатыстылығын айқындайтын белгілер уәкілетті органның, ұлттық қауіпсіздік және ішкі істер органдарының бірлескен нормативтік құқықтық актісінде бекітіледі.»;
    3) 4-бапта:
    1) тармақша «дiни бiрлестiктермен өзара iс-қимыл саласындағы» деген сөздерден кейін «, діни қызмет аясындағы» деген сөздермен толықтырылсын;
    мынадай мазмұндағы 10-2) тармақшамен толықтырылсын:
    «10-2) жергілікті атқарушы органдардың қызметінің тиімділігін бағалаудың «деструктивті діни ағымдар жақтаушылары санының өзгеруі» нысаналы индикаторын есептеу әдістемесін бекітеді;»;
    11) тармақшада «арнайы тұрақты үй-жайлардың» деген сөздерден кейін «орналастырылуын айқындау» деген сөздермен толықтырылсын, «діни іс-шаралар өткізуге арналған үй-жайлардың» деген сөздерден кейін «орналастырылуын келісу» деген сөздермен толықтырылсын;
    мынадай мазмұндағы 14), 15) тармақшалармен толықтырылсын:
    «14) сыртқы атрибуттарды, киім-кешекті қоса алғанда, деструктивті діни ағымдарға қатыстылығын айқындайтын белгілерді әзірлейді;
    15) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.»;
    4) 5-бап мынадай редакцияда жазылсын:
    «5-бап. Жергілікті атқарушы органдардың діни қызмет және діни бірлестіктермен өзара іс-қимыл мәселелері бойынша құзыреті
    1. Облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органдары діни қызмет және діни бірлестіктермен өзара іс-қимыл мәлелелері бойынша:
    1) өңірдегі діни ахуалға зерделеуді және талдауды жүргізеді;
    2) өңірде әрекет ететін дiни бiрлестiктердiң, миссионерлердiң, рухани (діни) білім беру ұйымдарының қызметiне зерделеуді және талдауды жүргiзедi;
    3) уәкiлеттi органға Қазақстан Республикасының дiни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнамасын жетiлдiру жөнінде ұсыныстар енгiзедi;
    4) діни қызмет саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;
    5) құқық қорғау органдарына Қазақстан Республикасының діни қызмет және дiни бiрлестiктер туралы заңнамасын бұзатын жеке және заңды тұлғалардың қызметiне тыйым салу жөнiнде ұсыныстар енгiзедi;
    6) Қазақстан Республикасының дiни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнамасын бұзушылықтарға қатысты жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарайды;
    7) өз құзыретіне жататын мәселелер бойынша жергілікті деңгейде түсiндiру жұмысын жүргiзедi;
    8) діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы стационарлық үй-жайлардың орналастырылуын бекітеді, сондай-ақ ғибадат ғимараттарынан (құрылысжайларынан) тыс жерде діни іс-шаралар өткізуге арналған үй-жайлардың орналастырылуын келіседі;
    9) ғибадат ғимараттарын (құрылысжайларын) салу, олардың орналасатын жерін айқындау, сондай-ақ үйлерді (ғимараттарды) ғибадат үйлері (ғимараттары) етіп қайта бейіндеу (функционалдық мақсатын өзгерту) туралы шешімдер қабылдайды;
    10) діни бірлестіктерді құру кезінде бастамашы азаматтардың тізімдеріне, сондай-ақ қайта тіркеу, діни бірлестіктердің құрылтай құжаттарына енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды тіркеу кезінде қатысушылардың (мүшелердің) тізімдеріне тексеру жүргізуді қамтамасыз етедi;
    11) миссионерлiк қызметті жүзеге асыратын адамдарды тіркеуді жүргізеді;
    12) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасында жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
    2. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органы:
    1) өңірдегі діни ахуалға зерделеуді және талдауды жүргізеді;
    2) өңірде әрекет ететін дiни бiрлестiктердiң, миссионерлердiң, рухани (діни) білім беру ұйымдарының қызметiне зерделеуді және талдауды жүргiзедi.
    3. Қаладағы ауданның, аудандық маңызы бар қаланың әкiмi:
    1) өңірдегі діни ахуалға зерделеу және талдау жүргізеді;
    2) өңірде жұмыс істеп тұрған дiни бiрлестiктердiң, миссионерлердiң, рухани (діни) білім беру ұйымдарының қызметiне зерделеу және талдау жүргiзедi.»;
    5) 6-бапта:
    1-тармақтың 3) тармақшасы «діни бірлестіктерді тіркеу туралы өтініші» деген сөздерден кейін «, сондай-ақ діни бірлестіктердің өздерінің филиалдарын (өкілдіктерін) есептік тіркеу туралы өтініші» деген сөздермен толықтырылсын;
    3-тармақтағы «дінтану саласында арнайы білімі бар адамдар, қажет болған жағдайда мемлекеттік органдардың өкілдерін және өзге де мамандарды тарта отырып,» деген сөздер «діни қызмет саласында арнайы білімі және (немесе) жұмыс тәжірибесі бар сарапшылар, қажет болған жағдайда уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен мемлекеттік органдардың өкілдерін және өзге де мамандарды тарта отырып,» деген сөздермен ауыстырылсын;
    мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:
    «5. Дінтану сараптамасының теріс қорытындысын алған діни әдебиетті, діни мазмұндағы ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды Қазақстан Республикасының аумағында таратуға жол берілмейді, олар пайдаланылмауға тиіс және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен айналымнан алынып тастауға жатады.»;
    6) 7-бапта:
    тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
    «7-бап. Құдайға құлшылық ету, діни жоралар, рәсімдер және (немесе) жиналыстар»;
    мынадай мазмұндағы 1-1 және 2-1-тармақтармен толықтырылсын:
    «1-1. Діни бірлестіктер мінажат етуді Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ұйымдастырады.»;
    «2-1. Құдайға құлшылық етуді, діни жоралар мен рәсiмдерді Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген тәртіппен оларды өткізуге уәкілеттік берілген адамдар өткізеді.»;
    7) мынадай мазмұндағы 7-1-баппен толықтырылсын:
    «7-1-бап. Діни бірлестіктердің ғибадат ғимараттарындағы (құрылысжайларындағы), үй-жайларындағы жүріп-тұрудың ішкі тәртібі
    1. Діни бірлестіктер жарғысына сәйкес ғибадат ғимараттарындағы (құрылысжайларындағы), үй-жайларындағы жүріп-тұрудың ішкі тәртібін әзірлеуге құқылы.
    2. Қоғамдық тәртіпті және қоғамдық қауіпсіздікті қорғау жөніндегі шараларды қамтамасыз ету жағдайларын қоспағанда, діни бірлестіктердің ғибадат ғимараттарындағы (құрылысжайларындағы), үй-жайларындағы жүріп-тұрудың ішкі тәртібін бұзуға жол берілмейді.»;
    8) 8-бапта:
    4-тармақ мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
    «2-1) рухани (діни) білімінің бар екендігін растайтын құжатты;»;
    5-тармақта:
    «теріс қорытындысы негізінде» деген сөздерден кейін «және (немесе) дәйексіз мәліметтер ұсынған жағдайда» деген сөздермен толықтырылсын;
    «конституциялық құрылысқа,» деген сөздерден кейін «қоғамдық қауіпсіздікке,» деген сөздермен толықтырылсын;
    6-тармақта:
    «діни мазмұндағы» деген сөздер «діни әдебиетті, діни мазмұндағы ақпараттық» деген сөздермен ауыстырылсын;
    9) 9-бапта:
    тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
    «9-бап. Діни әдебиет, діни мазмұндағы ақпараттық материалдар және діни мақсаттағы заттар»;
    мынадай мазмұндағы 6-тармақпен толықтырылсын:
    «6. Кәмелетке толмағандардың ата-анасы немесе өзге де заңды өкілдері тәрбиелеу мақсатында пайдаланатын әдебиет пен материалдарды, сондай-ақ рухани (діни) білім беру ұйымдарында ресми білім алатын балаларға таратылатын әдебиет пен материалдарды қоспағанда, он алты жасқа толмаған кәмелетке толмағандарға діни әдебиетті, діни мазмұндағы ақпараттық материалдарды таратуға жол берілмейді.»;
    10) 10-бапта:
    тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
    «10-бап. Діни бірлестіктердің қайырымдылық және ақпараттық қызметі»;
    2-тармақтағы «материалдық тәуелділігін (мұқтаждығын)» деген сөздер «материалдық (мұқтаждығын) немесе өзге де тәуелділігін» деген сөздермен ауыстырылсын;
    мынадай мазмұндағы 3 және 4-тармақтармен толықтырылсын:
    3. Діни ілімді таратуға тіркелген діни бірлестіктердің қатысуымен құрылған бұқаралық ақпарат құралдары арқылы ғана жол беріледі.
    4. Жеке және заңды тұлғаларға деструктивті діни ағымдар идеологиясын таратуға, оның ішінде бұқаралық ақпарат құралдары арқылы таратуға тыйым салынады.»;
    11) 12-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
    «2. Бір облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың шегінде әрекет ететін діни бірлестік жергілікті діни бірлестік деп танылады.
    Жергілікті діни бірлестік ортақ діни ілімді ұстанатын, осы жергілікті діни бірлестік әрекет ететін аумақ шегінде тұрақты тұратын және тұрғылықты жері бойынша тіркелген Қазақстан Республикасының кемінде елу кәмелетке толған азаматының бастамасы бойынша құрылады.»;
    3-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
    «3. Әрқайсысынан Қазақстан Республикасының кемінде екі жүз елу азаматы бар екі және одан көп жергілікті діни бірлестіктің қатысушылары (мүшелері) болып табылатын, Қазақстан Республикасының кемінде бес жүз азаматының бастамасы бойынша құрылған діни бірлестік өңірлік діни бірлестік деп танылады.»;
    12) 13-бап мынадай мазмұндағы 6-тармақпен толықтырылсын:
    «6. Мыналар діни бірлестік құруға бастамашы, сондай-ақ діни бірлестіктің қатысушысы (мүшесі) бола алмайды:
    1) «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстыруға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 4-тармағына сәйкес тізбеге енгізілген адам;
    2) заңды күшіне енген сот актісімен экстремистік және (немесе) террористік әрекетке қатыстылығы анықталған адам;
    3) мемлекеттік қызметші.»;
    13) 17-баптың 1-тармағында:
    «мәліметтер дәйексіз болса,» деген сөздерден кейін «мақсаты мен міндеті Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына қайшы келсе» деген сөздермен толықтырылсын;
    14) 20-бап мынадай мазмұндағы 1-1, 1-2-тармақтармен толықтырылсын:
    «1-1. Түсетін қаржы қаражаты, қайырмалдық, қайырымдылық көмек және басқа да мүлік, оның ішінде халықаралық және шетелдік ұйымдардан, шетелдік азаматтар мен азаматтығы жоқ адамдардан түсетіндер міндетті түрде діни бірлестіктердің қаржылық құжаттарында есепке алынады.
    1-2. Осы баптың 1-1-тармағында көрсетілген барлық кірістер көлемі және көздері, сондай-ақ шығыстар көлемі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жыл сайын бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.»;
    15) 5-тарау мынадай мазмұндағы 22-1-баппен толықтырылсын:
    «22-1-бап. Уәкілетті органның діни бірлестіктер қызметін бақылауды жүзеге асыруы
    Осы Заңның сақталуын мемлекеттік бақылау тексеру нысанында жүзеге асырылады.
    Тексеру Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік туралы кодексіне сәйкес жүзеге асырылады.».
    10. «Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiгі туралы» 2012 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2012 ж., № 1, 3-құжат; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 14, 94-құжат; 2013 ж., № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 7, 37-құжат; № 11, 61-құжат; № 14, 84-құжат; № 16, 90-құжат; № 21, 118, 122-құжаттар; 2015 ж., № 20-IV, 113-құжат; № 21-II, 130-құжат; № 22-V, 154, 156-құжаттар; № 23-II, 172-құжат; 2016 ж., № 7-I, 50-құжат; № 12, 87-құжат, № 24, 126-құжат):
    15-баптың 1-тармағының 28) тармақшасындағы «дін істері жөніндегі» деген сөздер «діни қызмет саласындағы» деген сөздермен ауыстырылсын.
    11. «Қазақстан Республикасының iшкi iстер органдары туралы» 2014 жылғы 23 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 8, 48-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 1, 2-құжат; № 16, 79-құжат; № 21-I, 125-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; № 24, 129, 131-құжаттар; 2017 ж., № 8, 16-құжат):
    6-баптың 2-тармағында:
    мынадай мазмұндағы 6-1) тармақшамен толықтырылсын:
    «6-1) жеке тұлғаларға тергеп-тексерілуі ішкі істер органдарының құзыретіне жатқызылған экстремистік және террористік қылмыстарды, сондай-ақ діни қызмет саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтарды жасауға жағдай жасайтын әрекеттерге жол бермеу туралы орындауға міндетті ресми алдын ала ескетулерді жазбаша нысанда хабарлауға;»;
    30) тармақшадағы «есепке алынған адамдарды» деген сөздерден кейін «, сондай-ақ экстремистік және террористік қылмыстарды жасауға жағдай жасайтын әрекеттерге қатысты ресми алдын ала ескерту шығарылған адамдарды» деген сөздермен толықтырылсын.
    12. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2015 ж., № 22-V, 153-құжат; 2016 ж., № 7-I, 50-құжат; № 22, 1116-құжат; № 24, 123-құжат):
    13-баптың 1-тармағының 7) тармақшасындағы «пайдалануға құқылы емес» деген сөздер «пайдалануға;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 8), 9) және 10) тармақшалармен толықтырылсын:
    «8) діни бірлестіктердің мүддесінде қызмет бабын және онымен байланысты мүмкіндіктерін пайдалануға;
    9) өзге тұлғаларды діни бірлестіктердің қызметіне қатысуға мәжбүрлеуге;
    10) діни бірлестікті құруға бастамашы, сондай-ақ оның қатысушысы (мүшесі) болуға құқылы емес.».
    2-бап.
    1. Осы Заң мыналарды:
    1) 2018 жылғы 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 9-тармағы 2) тармақшасының отызыншы абзацын;
    2) алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап алты ай өткен соң қолданысқа енгізілетін 1-баптың 9-тармағының 11) тармақшасын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
    2. Өңірлік және жергілікті діни бірлестіктер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қайта тіркеу рәсімінен өтуге міндетті. Сонымен бiрге, тiркеушi органға өңірлік дiни бiрлестiктiң мәртебесiн растайтын құжаттар табыс етiледi.
    Көрсетілген мерзім аяқталғаннан кейін осы Заңның талаптарына сәйкес құрылтай құжаттарын табыс етпеген заңды тұлғалар астананың, республикалық маңызы бар қаланың және облыстардың жергілікті атқарушы органдарының шағымдары бойынша сот тәртібімен жойылады.

    Қазақстан Республикасының Президенті

    Қазақстан Республикасының дін саласындағы мемлекеттік саясатының 2017 – 2020 жылдарға арналған

    тұжырымдамасын бекіту туралы

    ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
    1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының дін саласындағы мемлекеттік саясатының 2017 – 2020 жылдарға арналған тұжырымдамасы (бұдан әрі – Тұжырымдама) бекітілсін.
    2. Қазақстан Республикасының Үкіметі Тұжырымдаманы іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын (бұдан әрі – Жоспар) үш ай мерзімде әзірлесін және бекітсін.
    3. Орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар мен ұйымдар Жоспарды іске асыру жөнінде шаралар қабылдасын.
    4. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.
    5. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

    Қазақстан Республикасының дін саласындағы мемлекеттік саясатының 2017 – 2020 жылдарға арналған ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ
    Мазмұны
    Кіріспе
    1. бөлім. Ағымдағы ахуалды талдау, дін саласындағы мемлекеттік саясаттың даму үрдістері мен пайымы
    1.1. Ағымдағы ахуалды талдау
    1.2. Діни ахуалдың негізгі даму үрдістері
    1.3. Дін саласындағы мемлекеттік саясатты дамыту пайымы
    2. бөлім. Дін саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі қағидаттары мен жалпы тәсілдері
    2.1. Дін саласындағы мемлекеттік саясатты дамытудың негізгі қағидаттары
    2.2. Дін саласындағы мемлекеттік саясатты дамытудың жалпы тәсілдері
    2.3 Тұжырымдаманы іске асыру кезеңдері және күтілетін нәтижелер
    3. бөлім. Тұжырымдаманы іске асыру көзделетін нормативтік құқықтық актілердің тізбесі
    Кіріспе
    Қазақстан Республикасының дін саласындағы мемлекеттік саясатының 2017 – 2020 жылдарға арналған тұжырымдамасы (бұдан әрі – Тұжырымдама) мемлекеттік-конфессиялық және конфессияаралық қатынастарды жетілдіруге, мемлекеттің зайырлы қағидаларын нығайту және дінді деструктивті мақсатта пайдалануға жол бермеу бойынша ресми көзқарастар жүйесі болып табылады.
    Осы Тұжырымдамада дін саласындағы негізгі үрдістер мен ерекшеліктерді талдау негізінде, дін саласындағы мемлекеттік саясаттың 2020 жылға дейінгі стратегиялық мақсаттары мен негізгі бағыттары айқындалды.
    Осы Тұжырымдаманың құқықтық негізін Қазақстан Республикасының Конституциясы, «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы», «Коммерциялық емес ұйымдар туралы», «Экстремизмге қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының заңдары және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілері, Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттар құрайды.
    Осы Тұжырымдаманы әзірлеу қажеттілігі «Қазақстан-2050″: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» стратегиясында, Қазақстан Республикасы Президентінің «100 нақты қадам: баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет» Ұлт жоспарында, Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына Жолдауының «Институционалдық өзгерістер, қауіпсіздік және сыбайлас жемқорлықпен күрес» бесінші басымдығында, Мемлекет басшысының дін саласын реттеу мәселелері жөніндегі тапсырмаларында айқындалған міндеттерден, сондай-ақ конфессияаралық татулықты бұзатын кез келген әрекетті конституциялық емес деп тану туралы Конституцияның 39-бабының 2-тармағын іске асырудан туындайды.
    Осы Тұжырымдама Қазақстан мемлекеттік құрылысы жаңа кезеңінің қисынын басшылыққа ала отырып, конфессияаралық бейбітшілік пен келісімнің әлем мойындаған қазақстандық моделіне сүйене отырып, дін саласындағы мемлекеттік саясатты одан әрі дамыту, елдегі дін саласын реттеу бойынша нормативтік құқықтық актілер жүйесі мен әлеуметтік-экономикалық, саяси және басқарушылық шараларды жетілдіру үшін негіз болып табылады.
    Тұжырымдама құқықтық, әдістемелік және ұйымдастыру шараларын қоса алғанда, дін саласындағы мемлекеттік саясаттың пайымына арналған кешенді тәсілдерді білдіреді.
    Осы Тұжырымдама дін саласындағы мемлекеттік саясатты дамыту бойынша орталық және жергілікті атқарушы органдардың, діни бірлестіктер мен азаматтық қоғам институттарының күшін топтастыруға, Қазақстан халқының тарихи-мәдени мұрасының ерекшеліктеріне негізделген мемлекеттік-конфессиялық және конфессияаралық қатынастардың қазақстандық моделін одан әрі дамытудың бағыт-бағдарын тұжырымдауға арналған.

    1. бөлім. Ағымдағы ахуалды талдау, дін саласындағы мемлекеттік саясаттың даму үрдістері мен пайымы
    1.1. Ағымдағы ахуалды талдау
    Қазақстан Республикасы тәуелсіздіктің 25 жылы ішінде әлемдік қауымдастық мойындаған, дінаралық және конфессияаралық диалог пен келісімді табысты ілгерілетуде бірегей тәжірибесі бар егемен мемлекет ретінде қалыптасты.
    Сан ғасырлар бойы түрлі этностар мен конфессиялар өкілдері тату-тәтті өмір сүріп, бір-бірін мәдени тұрғыдан өзара байытқан, республика аумағында алғаш рет Қазақстан халқының мәдениетін және дәстүрлі рухани құндылықтарын дамыту үшін қажетті саяси-құқықтық және әлеуметтік-экономикалық жағдайлар қалыптасты.
    Ел Конституциясына сәйкес тілі мен дінге көзқарасына қарамастан барлық азаматтардың заң алдында теңдік қағидаттарына және әрбір азаматтың жеке наным-сеніміне құрметпен қарауға негізделген мемлекеттік-конфессиялық қатынастардың зайырлы моделі қалыптасты.
    Жалпыға ортақ әлемдік нормаларға сәйкес мемлекет азаматтардың құқықтары мен қоғамдық қауіпсіздікті қорғауды қамтамасыз ету мақсатында діни ұйымдардың қызметін реттеуге құқылы.
    Мәселен, «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы халықаралық құқық пен ел Конституциясында көзделген әркімнің ар-ождан бостандығы құқығын іске асыруға бағытталған, ол дін саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырудың және ұлттық мүддені қорғаудың құқықтық негізі болып табылады.
    Қолданыстағы заңнама аясында діни бірлестіктердің қызметі реттелген, миссионерлік қызметті жүзеге асыру, діни іс-шараларды, дінтану сараптамаларын жүргізу, ғибадат үйлерін салу, діни әдебиетті тарату тәртібі айқындалған.
    Мемлекет дін саласында тұрақтылықты сақтау, қоғамда конфессияаралық келісім мен толеранттылықты нығайту, кез келген түрдегі және көріністердегі діни экстремизм мен радикализм идеологиясына халықтың иммунитетін қалыптастыру бойынша нақты шаралар қабылдауда.
    2017 жылғы 1 қаңтарда ресми тіркелген 18 конфессия атынан өкілдік ететін 3658 діни бірлестік пен олардың филиалдарының қызметін қамтамасыз ету үшін қажетті жағдай жасалған.
    Олардың ішінде саны жағынан ең көбі – ханафи мазхабындағы ислам мен православиелік христианшылық. Сонымен қатар католиктер және протестанттар конфессиялары, иудейлер, буддашылар және басқа да қауымдар бар.
    Республикада 3464 ғибадат үйі тіркелген, оның ішінде 2550 мешіт, 294 православие және 109 католик шіркеуі, 495 протестант храмы мен ғибадатханасы, 7 иудей синагогасы, 2 буддашылар храмы, 7 «Кришна санасы қоғамы» және бахаи қауымының ғибадатханасы бар.
    Жұмыс істеп тұрған 2550 мешіт «Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы» республикалық діни бірлестігінің (бұдан әрі – ҚМДБ) меншігіне кіреді.
    Соңғы жылдары ҚМДБ филиалдарының саны, әсіресе, Алматы, Қарағанды, Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан облыстарында көбейгені байқалады.
    «Қазақстан православие шіркеуі» республикалық діни бірлестігі (бұдан әрі – ҚПШ) өкілдерінің саны жағынан екінші орында. Оның құрамына 325 діни субъект, оның ішінде 301 приход, 9 епархия және 294 діни құрылыс, сондай-ақ Қазақстан Республикасындағы Митрополит округі кіреді.
    Республика аумағында Армян апостол шіркеуі, шетелдегі Православие шіркеуі, Помор православие шіркеуі және 3 ескі ғұрыптық шіркеу жұмыс істейді.
    Қазақстандағы Рим католик шіркеуі (бұдан әрі – РКШ) 85 діни қауымнан тұрады, оның 5 қауымы Грек католик шіркеуіне қарайды.
    РКШ орталығы Католик шіркеуі провинциясына (митрополия) жататын Астана қаласындағы Әулие Мариям Архиепархиясы болып табылады.
    РКШ Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 19 мамырдағы № 141 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мен Қасиетті Тақ арасындағы өзара қатынастар туралы келісім негізінде 1998 жылдан бері жұмыс істейді.
    667 протестанттық діни субъект қызмет атқарады. Ең ірі протестанттық қауымға елуіншілер шіркеуі, інжіл христиан-баптистер, пресвитериандықтар шіркеуі, жетінші күн адвентистері және інжіл-лютеран шіркеулері жатады.
    Республикада 13 конфессияның 531 миссионері тіркелген. Тіркелген миссионерлердің арасында саны жағынан РКШ өкілдері басым (257). Православиені 84 миссионер насихаттайды, оның басым көпшілігі Ресей Федерациясының азаматтары болып табылады.
    Қазақстанда 15 діни білім беру ұйымы, мешіттер мен жексенбілік мектептер жанындағы 400 бастауыш курс, ғибадат үйінен тыс діни іс-шараларды өткізуге арналған 383 үй-жай, оның ішінде намазхана, ғибадат бөлмесі және шіркеулер бар.
    Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды таратуға арналған 257 арнайы стационарлық үй-жай айқындалды.
    Діни қатынастардың барлық тіркелген субъектілері өз қызметтерін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырады, бейбітшілік пен келісім жолында, қоғамды дамыту, мемлекетті нығайту үшін қызмет етеді.
    Діни бірлестіктердің басшылары Қазақстан халқы Ассамблеясының, орталық және жергілікті деңгейдегі консультативтік-кеңесші органдардың жұмыстарына белсене қатысады.
    Республикада Құрбан айт және православиелік Рождество діни мерекелері демалыс күндері болып табылады.
    Ел халқының ізгілік пен бейбітшілік құндылықтарын ұстануы, конфессиялар мен мәдениеттердің оң диалогтары, дін саласындағы мемлекеттік сарабдал саясат, сондай-ақ қазақстандық қоғамның тұрақтылығын нығайту үшін түрлі дін өкілдерінің тамыры тарих қойнауының тереңіне жайылған бірігу дәстүрі елдегі діни ахуалға оң әсерін тигізеді.
    Қазақстан ел ішінде тұрақтылық пен келісімді сақтауда, әмбебап жалпыадамзаттық құндылықтардың жалпыұлттық бірлігін нығайтуда діннің маңызды рөл атқаратынын, түрлі діндер мен конфессиялардың бірге өмір сүре алатынын және толық өзара түсіністік пен сыйластық негізінде үйлесімді дами алатынын әлемге айқын танытып келеді.
    Қазақстан көпэтносты және көпконфессиялы тәуелсіз мемлекет ретінде мемлекеттік билік органдары мен діни бірлестіктер арасындағы өзара қарым-қатынастың өзіндік үлгісі мен тәртібін қалыптастыруда.
    Республика адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау саласындағы әмбебап көпжақты халықаралық шарттарға қатысушы мемлекет болып табылады.
    Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Астана қаласында Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезін өткізу туралы бастамасы мемлекеттің бейбітшілік пен тұрақтылық жолында жаһандық өркениетаралық және дінаралық диалогты дамытуға қосқан маңызды үлесі болды.
    Тәуелсіздіктің ширек ғасырындағы жетістіктерді нықтап, әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарына кіру мақсатына сеніммен қадам баса отырып, Қазақстан алдағы уақытта да мемлекеттің зайырлы дамуының конституциялық қағидаттарын ұстануға ниетті.
    Барша қазақстандықтардың діни және этномәдени тиесілігіне қарамастан, қалыптасқан жалпыұлттық бірлік пен келісімнің бірегей үлгісі – бұл Қазақстанның түрлі конфессиялардың өзара қарым-қатынасының жалпы әлемдік процесіне қосқан қомақты үлесі.
    Талдау көрсеткендей, діни наным – бұл жалпыадамзаттық құндылықтармен қатар рухани үйлесім, әлеуметтік қарым-қатынастар және азаматтардың санасы үшін әлеуетті қауіп-катерді де қамтитын айрықша сала. Сондықтан елдің ерекшелігі мен халықтың мәдени-менталды өзгешеліктері ескерілетін дін саласындағы қоғамдық қатынастарды реттеудің ұсынылып отырған тәсілдері мен мемлекеттік саясат қағидаттары айрықша болып табылады.
    1.2. Діни ахуалдың негізгі даму үрдістері
    Елдегі дін саласының жай-күйін талдау шешуді талап ететін мынадай үрдістерді бөліп көрсетуге мүмкіндік береді.
    1. Діни ахуалдың дамуына жаһанданудың әсері
    Әлемдік қоғамдастықтың бір бөлігі ретінде Қазақстанға дінаралық және конфессияаралық шиеленістің таралуы, Орталық Азиядағы радикалды діни ағымдар белсенділігінің арту қаупі төнуі мүмкін.
    Жаһандану процесі жекелеген саяси күштердің дінді өз мүдделері үшін пайдалану үрдісімен, әлемде діни экстремизм және терроризмнің таралуымен қоса жүреді.
    Қазіргі кезде үдеп келе жатқан зорлықшыл экстремизм халықаралық терроризмнің идеологиясы ретінде діни үндеулерді жамылып, адам құқығы мен бостандықтарын белден басуда, адамзаттың діни, сондай-ақ мәдени және рухани мұраларына елеулі нұқсан келтіруде, діннің беделін жоққа шығарып, конфессияаралық қатынастарға қауіп төндіруде.
    Жалған діни догмаларды дәлме-дәл қабылдап, оған еретін адамдардың ой-өрісіне, сезіміне, іс-әрекеттеріне деструктивті сипатта әсер етіп, олардың қылмыстарын дін жолында жасалған-мыс деп уәждейтін діни фанатизм мен радикализм әлемдегі қауіпсіздік пен тұрақтылыққа нақты қауіп төндіріп отыр.
    Діни фанатизм мен радикализм мемлекеттің конституциялық негіздеріне, елдің зайырлы даму қағидаттарына, халықтың дәстүрлі рухани құндылықтарына зиян келтіруде.
    Қазақстан әлемдік қоғамдастықтың толыққанды мүшесі ретінде жаһандану процесін және діни экстремизмнің қаупін ескермей, бұл проблемаларды шешуде сырттай ғана бақылап қалыс қала алмайды.
    Осыған байланысты Еуропалық Одаққа мүше мемлекеттердің, Америка Құрама Штаттарының, Қытай Халық Республикасының, Біріккен Араб Әмірліктерінің, Ресей Федерациясының, Тәжікстанның, Өзбекстанның, Қырғызстанның тәжірибесі зерделенді.
    Бұл елдерде діни бірлестіктерге және ар-ождан бостандығы құқығын жүзеге асыру практикасына қатысты мемлекеттің реттегіштік функциясы күшейтілуде.
    Зерделенген және назарға алынған халықаралық тәжірибенің негізінде дін саласындағы мемлекеттік саясаттың орта мерзімді перспективаға арналған тұжырымдамалық тәсілдерін қалыптастыру талап етіледі.
    2. Дін саласын құқықтық реттеу
    Конфессиялық кеңістікте орын алып отырған серпінді процестер мен оқиғаларды ескере отырып, дін саласындағы қолданыстағы заңнаманы қайта қарау және жаңарту қажет.
    Діни қызметті құқықтық реттеу тетігінің трансформациялануына байланысты оларды еліміздегі діни ахуалдың жағдайы мен оның дамуына тікелей әсер ететін әлемдік және өңірлік үрдістерге сәйкес келтіру қажет.
    Қоғамда діни радикализм мен экстремизм идеологиясының таралуына жол бермейтін жаңа құқықтық нормалар тұжырымдау қажеттілігі тұр.
    3. Мемлекеттің зайырлылық негіздерінің шайылып кету қатерлері
    Қазақстандықтардың басым бөлігіне діни қызметтегі ұстамдылық пен зайырлылық қағидаттарын ұғыну тән.
    Сонымен қатар, соңғы жылдары қоғамда халық діндарлығының өсуі байқалуда. Көптеген діни дәстүрлер заманауи сәнді трендке айналуда. Халықтың белгілі бір бөлігіне діншілдікті сырттай паш ету, яғни діни өмірді жария етуге деген қызығушылық тән.
    Халықтың кейбір бөлігі қателесіп, зайырлылықты атеизм деп қабылдауда.
    Дінге бет бұрған, алайда діни ілімдерден бейхабар және сол себептен деструктивті әсерге оңай ұшырайтын жастардың радикалдану қатері сақталуда.
    Жекелеген азаматтардың қоғам алдындағы конституциялық және азаматтық борыштарын атқарудан бас тартуы орын алуда. Заңдарға, елдің мемлекеттік рәміздеріне, халықтың ұлттық-мәдени салт-дәстүріне, сондай-ақ жалпыға бірдей әдеп пен мінез-құлық нормаларына құрмет танытпау жағдайлары жиілеп барады.
    Кертартпа діни көзқарасты ұстанатын ата-аналарының (заңды өкілдерінің) ықпалымен білім алушылардың білім беру ұйымдарында діни ерекшелігі бар киім киюге, сенбі күндері сабаққа келмеуге, сондай-ақ кейбір пәндерді оқудан бас тартуына жол бермеу бойынша талаптарды бұзу жағдайлары кездеседі.
    Ойдан шығарылған діни сылтаулармен балаларды медициналық вакцинациялаудан бас тарту фактілері орын алуда.
    Еркектер мен әйелдердің тиісті мемлекеттік органдарда тіркелмей, діни дәстүр мен рәсімдер негізінде некелерін қию жағдайлары жиілеп барады. Әйелдің қазіргі заманғы отбасындағы жағдайына, оның әлеуметтік белсенділігі мен жұмыспен қамтылуына, гендерлік теңдігіне қайшы келетін көнерген отбасылық құндылықтар насихатталуда.
    Жоғары дәрежедегі шиеленіс қоғам үшін қауіп төндіретін, азаматтардың денсаулығына, психикалық және материалдық әл-ауқатына нұқсан келтіретін, өздерінің діни қалауы мен көзқарасын мемлекеттің зайырлылық қағидаттарына және дәстүрлі рухани құндылықтарға қарсы қоятын, Қазақстан үшін жат құндылықтарды таратушы деструктивті діни ағымдарды ұстанушыларға тән.
    Олар насихаттайтын фундаментализм мен радикализмді санаға сіңіру қазақстандық қоғам мен мемлекет тұрақтылығына нақты қауіп төндіреді, Қазақстан халқы бірлігінің, дәстүрлі рухани мәдениеті мен бірегейлігінің әлсіреуіне, басқа конфессия өкілдері құқықтарының бұзылуына алып келеді.
    4. Қоғамда, әсіресе жастар арасында діни радикализм мен экстремизм идеологиясының таралуы
    Діни радикализм мен экстремизм идеологиясы қоғам санасына, интернет кеңістікті, қазіргі заманғы электрондық бағдарламалық қосымшаларды қоса алғанда, жаһандық ақпараттық-коммуникациялық желілер арқылы жаппай ақпараттық-психологиялық әсер ету жолымен енеді.
    Қоғамға, әсіресе жастарға, мақсатты түрде ықпал ету әлеуметтік желілер, экстремистік және террористік идеяларды белсенді насихаттайтын бейнероликтерді, әдебиеттерді заңсыз түрде тираждау мен насихаттау арқылы жүргізіледі.
    Радикалды діни идеологияның жаппай деструктивті ақпараттық әсерінен қоғамның жекелеген өкілдерінің сана-сезімі өзгеріске ұшырайды, азаматтардың мемлекетке деген әлеуметтік сенім деңгейі төмендейді, патриотизм мен тілектестік сезімі жойылады, құндылық бағыттары мен әдеп нормалары өзгереді, отбасына іріткі түседі, қоғам жікке бөлінеді.
    Қоғамда радикалды діни идеяларды жүйелі және жоспарлы түрде ақпараттық тарату террористер мен экстремистер қатарына жаңа мүшелерді қосу мен тартуға қолайлы жағдай туғызады.
    Діни экстремизм идеологтарының зайырлы мемлекеттің қағидаттары мен негіздерін, азаматтық бірегейлікті бұзу әрекеттері қоғамдағы шиеленістің өршуіне, радикалды діни ағым өкілдерінің, оның ішінде халықаралық террористік ұйымдардың қатарына қосылу үшін шет елге заңсыз шығуға тырысатындар санының артуына алып келуімен қауіпті.
    Деструктивті діни ағымдардың радикалды ниеттегі өкілдері ұшқары әрекеттерге – азаматтарға, қоғам мен мемлекетке қарсы зорлық-зомбылық актілерін ұйымдастыру мен жүзеге асыруға дайын.
    Радикалды діни ағымдар өкілдерінің қылмыстық іске баруы, олардың ұйымдасқан қылмыстық топтармен бірігу әрекеттері байқалады.
    Жастардың деструктивті ағымдар идеологиясының алдындағы әлсіздігі факторлары әлеуметтік-экономикалық проблемаларының болуы, әлеуметтік әділетсіздік сезімі, өмірлік тәжірибелерінің жоқтығы, сыни қабылдау қабілетінің төмендігі болып танылады.
    5. Елдің конфессиялық кеңістігіндегі процестер туралы
    Елдегі дін саласының жағдайына діни бірлестіктердің қызметтері мен олардың бір-бірімен, қоғаммен, мемлекеттік билік пен басқару органдарымен өзара қарым-қатынасы едәуір әсер етеді.
    Елде радикалды және тіркелмеген діни ағымдардың, сондай-ақ сот шешімімен Қазақстан аумағында тыйым салынған террористік және экстремистік ұйымдардың жақтаушылары бар.
    Радикалды діни ағымдар мүшелерінің ресми дін өкілдерімен шиеленіс тудыру оқиғаларының орын алуы байқалуда.
    Кейбір діншіл адамдардың өздерінің діни көзқарастарын жақтамағандарды кінәлау мен айыптау фактілері орын алуда.
    Жекелеген діни бірлестіктер мен тіркелмеген діни ағымдар, оның ішінде түрлі ұйымдарды, білім беру орталықтарын, мемлекеттік емес ұйымдарды ашу, оқыту курстары мен семинарларды ұйымдастыру арқылы, заңсыз уағыздаушылық және миссионерлік қызметтерді іске асыруда.
    Діни бірлестіктердің жекелеген өкілдері тарапынан діни іс-шараларды өткізу, діни әдебиеттердің, діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдардың айналымы жөнінде заңнамада белгіленген талаптарды, сондай-ақ кәмелетке толмағандарды діни іс-шаралар мен діни бірлестіктердің қызметіне тартуға және қатыстыруға қатысты талаптарды бұзу фактілері орын алуда.
    Жалған уағызшылардың әлеуметтік желілерде онлайн-уағыз айтуының кең ауқымда таралуынан қатер арта түсуде.
    Діни әдебиеттердің, осы мақсатқа белгіленген стационарлық үй-жайлардан тыс жерлерде, таралу фактілерінің орын алуы жалғасуда.
    Радикалды діни идеялардың таралуына төтеп бере алатын, әсіресе Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жүйесінде, білікті дін қызметкерлеріне деген қажеттілік артуда.
    Қазақстандық қоғамның рухани дамуында дәстүрлі негіздерді сақтау, елдегі мемлекет құрылымының зайырлылық қағидаттарынан ауытқымау бойынша дін өкілдерінің азаматтық ұстанымын қолдау қажет.
    Діни қауымға әдепті мінез-құлық нормаларын сақтауға, қарапайымдылық таныту, діни төзімділік пен жоғары моральдық-адамгершілік қасиеттерді көрсетуге қойылатын талаптарды күшейту, басқа дін ұстанушыларға лайықты үлгі болуы қажет.
    6. Дін саласындағы мамандарға қажеттіліктің өсуі
    Қоғамдағы түрлі топтардың арасында діни экстремизм профилактикасына белсенді қатыса алатын дінтану, теология және исламтану саласындағы кадрлардың біліктілігіне қойылатын талаптар өсуде.
    Ел азаматтарының шетелде діни білім алуының реттелмеуі олардың деструктивті діни идеологияның жетегінде кетуіне және өз елінде маман ретінде сұранысқа ие болмауына әкеп соқтырады. Шетелдің күмәнді діни оқу орындарына оқуға кеткен қазақстандықтарды елге қайтару проблемасы әлі де өзекті болып отыр.
    Осыған байланысты азаматтарымыздың шетелдік діни білім беру ұйымдарында теологиялық білім алу тәртібі реттеуді талап етеді.
    Ел азаматтарының Қазақстанда діни білім алу мүмкіндігін қамтамасыз ету қажет.
    Дін саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруға қатысатын мемлекеттік органдардағы, мекемелер мен ұйымдардағы қызметкерлердің, сарапшылар мен талдаушылардың біліктілігін одан әрі арттыру қажет.
    7. Дін саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру бойынша мемлекеттік органдар қызметінің кейбір мәселелері туралы
    Діни экстремизмнің алдын алу және оған қарсы іс-қимыл бойынша міндеттерді іске асыруда орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың жұмыстары тиімділігінің жеткіліксіздігі байқалады.
    Қоғамда діни қарым-қатынастар саласындағы радикалды көріністерге байланысты кез келген әрекетке мүлде төзбеушілікті қалыптастыру шеңберінде деструктивті діни идеялардың таралуына төтеп бере алмайтын халықтың нысаналы топтары арасында нақты түсіндірушілік және профилактикалық жұмыс жүргізу қажет.
    Мемлекеттік органдардың діни экстремизм мен терроризм профилактикасы мен радикалды діни ағым өкілдерін радикалды көзқарастан арылту мәселелері бойынша азаматтық қоғам институттарымен, қоғамдық және діни бірлестіктермен, БАҚ-пен, білім беру, мәдениет және спорт ұйымдарымен жүргізетін жұмыстарының үйлесімділігі жеткіліксіз деңгейде қалып отыр.
    Баяндалғанға байланысты орта мерзімі перспективаға арналған дін саласындағы мемлекеттік саясатты дамытудың тұжырымдамалық басымдықтарын айқындау қажет.
    1.3. Дін саласындағы мемлекеттік саясатты дамыту пайымы
    Тұжырымдаманың негізгі мақсаты мемлекеттік-конфессиялық және конфессияаралық қатынастарды жетілдіруге бағытталған дін саласындағы мемлекеттік саясаттың тиімділігін арттыру, мемлекеттік зайырлылық қағидаттарын нығайтуға және дінді деструктивті мақсатта пайдалануға жол бермеу болып табылады.
    Мемлекеттің негізгі күш-жігері мынадай міндеттерге шоғырлануы тиіс:
    1) мемлекет дамуының зайырлылық қағидаттарын нығайту, азаматтардың ар-ождан бостандығына құқығын қамтамасыз ету;
    2) дін саласын реттейтін заңнаманы жетілдіру;
    3) мемлекеттің зайырлылық қағидаттарын нығайтуға және діни экстремизмге қарсы іс-қимылға бағытталған Қазақстан Республикасының дін саласындағы мемлекеттік саясатын іске асыру бойынша барлық деңгейдегі мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғам институттары жұмысының бірыңғай жүйесін жетілдіру;
    4) азаматтардың ар-ождан бостандығы мен олардың діни наным-сенімін құрметтеу құқықтарына заңнамалық кепілдік беруді қамтамасыз ету;
    5) діни бірлестіктердің толыққанды жұмыс істеу үшін жағдайды қамтамасыз ету және ұлт қауіпсіздігін, зайырлы мемлекеттің конституциялық негізін бұзатын және халықтың белгілі бір топтарын радикалдандыруға әсер ететін сыңаржақ діни ағымдардың қызметіне жол бермеу;
    6) халық арасында қоғамда тұрақтылықты, этносаралық және конфессияаралық келісімді сақтау, деструктивті діни идеологияға азаматтардың иммунитетін қалыптастыру бойынша мемлекет іске асырып жатқан шараларды түсіндіруге бағытталған ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейту.
    Дін саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруда дін саласындағы уәкілетті органның мүдделі мемлекеттік органдармен және азаматтық қоғам институттарымен өзара іс-қимылда жүзеге асыратын болады.
    2. бөлім. Дін саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі қағидаттары мен жалпы тәсілдері
    2.1. Дін саласындағы мемлекеттік саясатты дамытудың негізгі қағидаттары
    Дін саласындағы мемлекеттік саясат орталық және жергілікті деңгейде мынадай қағидаттарға негізделетін болады:
    1) дін саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырудың кешенді тәсілі;
    2) ведомствоаралық өзара іс-қимыл, дін саласындағы мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу үшін мемлекеттік және қоғамдық құрылымдардың күш-жігері мен ресурстарын тарту;
    3) халықтың барлық нысаналы топтарын атаулы және жаппай қамту;
    4) азаматтардың барлық санатының заңды мүдделері мен құқықтарын қорғау;
    5) жүйелі басқарушылық шешімдер қабылдау үшін дін саласындағы ахуалдың мониторингі мен диагностикасының озық әдістемелерін енгізу;
    6) діни білім беру мекемелеріндегі оқу бағдарламалары, оқу әдістемелер туралы ақпаратты жедел ұсыну;
    7) дін саласында мемлекет іске асыратын іс-шараларды нысаналы ақпараттық қамтамасыз ету;
    8) Қазақстан Республикасының ұлттық мүддесіне төнген қатер көріністерінің сипаты мен деңгейін ескеру;
    9) діни бірлестіктердің заңға қайшы әрекеттеріне жол бермеу.
    2.2. Дін саласындағы мемлекеттік саясатты дамытудың жалпы тәсілдері
    2.2.1. Дін саласындағы заңнаманы жетілдіру
    Дін саласындағы тиімді мемлекеттік саясаттың маңызды бағыттары оны құқықтық қамтамасыз ету және заман талабы мен сын-тегеуріндерге сәйкес, оның ішінде ақпарат және коммуникация, білім, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт, мемлекеттік қызмет, жергілікті өзін-өзі басқару және өзге де салалардағы заңнаманы жетілдіру болып табылады.
    2.2.2. Мемлекет дамуының зайырлық қағидаттарын нығайту
    Мемлекеттің зайырлы құрылысы – Қазақстан халқының маңызды тарихи жетістігі.
    Қазақстан бірегей мәдени-тарихи жағдайларға, коғам дамуының өзіндік ерекшелігі мен діни аяның өзгешелігіне ие бола отырып, әлемдік қоғамдастық мойындаған мемлекеттік-конфессиялық қатынастардың өзіне тән моделін іске асырып келеді.
    Мемлекеттің зайырлы сипаты туралы конституциялық норма Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік-конфессиялық қатынастардың негізгі сипаттамасы болып табылады.
    Мемлекеттік қызмет, білім беру, мәдениет, спорт, денсаулық сақтау жүйелерін, неке және отбасы институттарын қоса алғанда, әлеуметтік қатынастар, сондай-ақ мемлекеттің құзыретіне жататын басқа да салалар тек заңнамамен реттеледі.
    Азаматтар өз елінің патриоты болуға және мемлекеттің мүддесін сақтауға тиісті өйткені ол елдің негізгі заңы – Конституцияға сәйкес азаматтарға өмір сүруге, еңбек етуге, денсаулықты, қауіпсіздікті сақтауға, білім алуға қажетті жағдай жасайды.
    Дін саласындағы мемлекеттік саясаттың мүддесі мемлекеттің зайырлылық тірегін, халықтың ұлттық-мәдени және тарихи дәстүрін нығайту, мораль қағидаттары мен жоғары әдепке дін ықпалының өрісін шектеу болып табылады.
    Осылайша, зайырлылық қағидаттары мыналарды көздейді:
    1) мемлекеттік басқару және мемлекеттік кызмет жүйесінде
    Зайырлылық қағидаттары қазіргі заманғы Қазақстанның дамуы мен тыныс-тіршілігінің негізі болып табылады.
    Барлық азаматтар өздерінің күнделікті қызметінде дінге қатысына қарамастан, ең алдымен, заңдарды, өзге де нормативтік құқықтық актілердің талаптарын, сондай-ақ, егер қолданыстағы заңнамаға қайшы келмесе, барлық меншік нысандарындағы ұйымдардың ішкі қағидаларын басшылыққа алады.
    Мемлекеттің конституциялық құрылымы заң шығаруда, мемлекеттік билік органдарының құрылуы мен жұмыс істеуінде, лауазымды адамдардың этикасында діни мүддені жоққа шығарады.
    Мемлекет пен діннің арасында ерекше қарым-қатынас орнатылуда, бұл ретте бірде-бір дін мемлекеттік немесе міндетті болып танылмайды, ал мемлекеттік саясат қандай да бір діни ілімнің нұсқамасымен құрылмайды, ол тұтас алғанда, азаматтардың, қоғам мен мемлекеттің тыныс-тіршілігі мен қауіпсіздігін қамтамасыз етудің нақты мүдделерінен туындайды.
    Демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде Қазақстанда мемлекеттік шешімдер қандай да бір діннің немесе оның жекелеген ұстанушыларының мүддесіне орай емес, тұтас қоғамның мүддесі негізінде ғана қабылданады.
    Қазақстан әрбір азаматтың құндылығын мойындайды және оның ар-ождан бостандығын қамтамасыз етеді.
    Елдің азаматтары өзінің дінге деген көзқарасын дербес және мәжбүрлеусіз айқындауға не өзін қандай да бір дінге байланыстырмай, діни институттарға жүгінбей-ақ өмір сүруге құқылы.
    Мемлекеттік органдар және мемлекеттік қызметшілер мемлекет атынан азаматтарды белгілі бір дінді ұстануға немесе ұстанбауға қандай да бір нысанда мәжбүрлей алмайды, бірақ дінді ұстанатын және дінді ұстанбайтын азаматтар арасында, сондай-ақ әртүрлі діни бірлестіктер арасында өзара сыйластық пен келісімді орнатуға ықпал етеді.
    Ұлттық, оның ішінде қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мүддесінде мемлекет қоғамдық қатынастарды реттейді және басқарады.
    Осы мақсатта мемлекет діни бірлестіктерге ұсыныстар беруге және адамның ішкі жан дүниесі мен діни наным-сеніміне қол сұқпай заңда көзделген шектеулерді енгізуге құқылы.
    Зайырлылық қағидаттары мемлекеттік басқару мен мемлекеттік қызмет жүйелерінің қызмет етуі үшін негіз қалаушы болып табылады.
    Мемлекеттік қызметшілер мемлекеттік қызметке өз еркімен кіре отырып, бірқатар міндеттер мен шектеулерді мүлтіксіз орындауға тиіс, оның ішінде:
    лауазымдық өкілеттіктерін жүзеге асыру кезінде діни бірлестіктердің қызметінен бейтарап және тәуелсіз болуға міндетті;
    қызметтік жағдайын және онымен байланысты мүмкіндіктерді діни бірлестіктердің мүддесі үшін пайдаланбауға, оның ішінде оларға деген өзінің көзқарасын насихаттамауға тиіс.
    Мемлекеттік қызметшілер, оның ішінде басшы лауазымдағы қызметшілер ұжымда өзінің діни көзқарасын ашық көрсете, қарамағындағы қызметшілерді діни бірлестіктердің қызметіне қатысуға мәжбүрлемей алмайды.
    Мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындардың азаматтық қызметшілері қызметтік және лауазымдық міндеттерін орындау кезінде дінді насихаттаудан бас тартуға тиіс. Басқарушылық шешім қабылдау кезінде діни ережелер негіз ретінде алынбауға тиіс;
    2) құқық қорғау, арнаулы органдар және Қарулы Күштер жүйесінде
    Құқық қорғау, арнаулы органдары мен Қарулы Күштер жүйесінде дінді насихаттауға жол берілмейді.
    Әскери міндеттілік діни нанымнан бас тартуды талап етпейді.
    Әскери қызметші өз наным-сенімін ұстана алады, алайда осы наным-сенімін іске асыру жұмыстағы қызмет.не нұқсан келтірмеуге тиіс;
    3) бұқаралық ақпарат құралдарында
    Бұқаралық ақпарат құралдары діни және өзге де көзқарасына қарамастан елдегі барлық азаматтарға арналған, бұл ретте дін мен мемлекеттік-конфессиялық қатынастар мәселелерін бейтарап жария етуді қамтамасыз етеді.
    Бұқаралық ақпарат құралдары мемлекеттің зайырлы даму қағидаттарын, конфессияаралық бейбітшілік пен келісімнің қазақстандық моделін ілгерілетуге, діни экстремизм профилактикасына, сондай-ақ діни өшпенділік пен ксенофобияға, діншілдікті насихаттауға жол бермеуге ықпал етуге тиіс.
    Діннің канондық мәселелері тек тіркелген діни бірлестіктер құрған бұқаралық ақпарат құралдарында ғана жарияланады;
    4) білім беру жүйесінде
    Білім беру жүйесі жеке тұлға мен қоғамда қазақстандық патриотизмді, халықтың ұлттық және рухани дәстүрлеріне деген құрметті қалыптастыруда негізгі рөл атқарады.
    Рухани (діни) білім беру ұйымдарынан басқа, білім беру ұйымдарында білім жүйесінің негіз құрайтын қағидаттары мыналар болып табылады:
    мемлекеттің білім беру жүйесінің зайырлы сипатын қамтамасыз етуі;
    діни дүниетанымды күштеп таңғаны және санаға сіңіргені үшін педагогтер құрамының жауапкершілігін белгілеу;
    білім беру ұйымының ішкі құрылымы мен қызметін қандай да бір діни қағидаттардан тәуелсіздігін қамтамасыз ету;
    білім алушылар мен тәрбиеленушілердің, олардың ата-аналарының (заңды өкілдерінің) ішкі тәртіп қағидаттарын сақтауы, білім беру ұйымының жарғысында және білім беру қызметін көрсету туралы шартта көзделген өзге де талаптарды орындауы;
    білім беру мен тәрбие процесінде оқушыларға дін туралы тек ғылыми тұрғыдан білім беру;
    оқыту кезінде қандай да бір діни бірлестікке кіруге немесе онда болуға мәжбүрлеуге жол бермеу;
    оқушылардың діни себептерге байланысты оқу сабақтарына қатысудан бас тартуына жол бермеу;
    білім беру ұйымдарында діни іс-шаралар мен миссионерлік қызметті өткізуге жол бермеу;
    білім беру ұйымдарында белгіленген киім үлгісіне қойылатын талаптарды сақтау.
    Білім беру ұйымдарында «Зайырлылық және дінтану негіздері» курсын оқыту оқушылардың діни ілімнің ерекшелігі мен тарихы туралы ғылыми білімін қалыптастыруға, жастарды келісімге, мәдени және діни саналуандылыққа тәрбиелеуге бағытталған;
    5) денсаулық сақтау жүйесінде
    Ел азаматтарының жынысына, нәсіліне, ұлттық тиесілілігіне, тіліне, әлеуметтік шығу тегіне және діни сеніміне қарамастан, оларға толық медициналық қызмет көрсетуді қамтамасыз ету әлеуметтік мемлекеттің бірінші кезектегі міндеті болып табылады.
    Діни бірлестіктер өмірдің құндылығын, салауатты өмір салтын ұстанудың, сондай-ақ нашақорлықтан, маскүнемдіктен және өзге де зиянды әдеттерден аулақ болудың маңыздылығын насихаттау арқылы қоғамның дамуына үлес қоса алады.
    Діни бірлестіктер мен оның өкілдері адам денсаулығы мен өмірін тек медициналық жолмен ғана сақтау мүмкін болған жағдайда, азаматтарды медициналық көмектен бас тартуға шақырмауға тиіс.
    Денсаулық сақтау мекемелері:
    діни себептерге байланысты вакцинациялаудан, транспланттаудан, қан құюдан және басқа да медициналық көмектен бас тартатын адамдардың арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізуі;
    науқастың өміріне тікелей қауіп төнген жағдайда, пациенттің психикасының бұзылуы және айналасындағы адамдарға зиянын тигізетін басқа да сырқаты байқалған кезде азаматтардың келісімінсіз медициналық көмек көрсету көзделген «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Кодексінің ережелерін басшылыққа алуы;
    медициналық көмек көрсету кезінде медицина және фармацевтика қызметкерлерінің өздерінің діни сенімдеріне байланысты қандай да бір іс-әрекеттерді (әрекетсіздік) жасауына, сонымен бірге науқастың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіруі мүмкін діни жоралар мен рәсімдерді орындауына жол бермеуі қажет;
    6) мәдениет және спорт жүйесінде
    Мәдениет ел азаматтарының ұлттық бірегейлігінің негізі, рухани салт-дәстүрлер мен жалпы адамзаттық құндылықтардың жетекшісі ретінде мемлекет қамқорлығындағы ерекше объект болып саналады.
    Қазақстанның зайырлы құрылымы мемлекет аумағындағы барлық этностар мен конфессиялардың мәдениетін дамыту үшін әділ және тең жағдай жасайды.
    Қазақстанның әрбір азаматы этникалық шығу тегі мен діни көзқарасына қарамастан, өзінің мәдениетін, дәстүрі мен тілін дамытуға, қоғам мен мемлекет өмірінің барлық салаларына атсалысуға құқылы.
    Қазақтар мен басқа да этностардың тарихи қалыптасқан ұлттық дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарына құрметпен қарау мемлекеттің ерекшелігі болып табылады.
    Қазақстандағы барлық діни бірлестіктер өз өкілдерінің мемлекеттік рәміздерді, ұлттық және мемлекеттік мерекелерді мойындауын және оларға құрметпен қарауын қамтамасыз етуге тиіс.
    Мемлекет діни тиесілігіне қарамастан, әлемдік және отандық мәдениет пен өнердің маңызды құрамдас бөлігі ретінде еліміздің тарихи-мәдени мұрасы мен мәдени кұндылықтарын сақтауға ерекше көңіл бөледі.
    Қазақстандағы әлемдік мәдени және тарихи маңызы бар объектілердің бірқатарының діни мәні бар. Республикада Қазақстан халқының ажырамас мәдени мұрасы болып саналатын ислам діні мен басқа да діндерді таратушылардың атымен байланысты киелі жерлер бар, олар мемлекеттің қорғауында.
    Қазіргі уақытта түрлі конфессиялардың діни ғимараттары мен үй-жайларын қайта жаңғырту және жаңадан салу жүріп жатыр.
    Қазақстанның бірегей зайырлылық моделі Қазақстан халқының жалпыұлттық (азаматтық) және мәдени бірдейлігі негізінде қалыптасқан.
    Қазіргі таңда орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың алдында Қазақстан халқының көп этностық және көп конфессиялық ерекшелігі мен бірлігін көрсететін рухани-мәдени мұраны сақтау мен одан әрі дамыту міндеті тұр.
    Қазақстандық қоғамдағы діндер:
    қоғамдағы моральдық-адамгершілік құндылықтарды жаңғыртуға, сақтауға және дамытуға, ондағы рухсыздық көріністерін жеңуге;
    қоғамдағы мәдениет деңгейін көтеруге;
    халықтың дәстүрлі негіздерін дамыту және қоғамға жалған құндылықтардың енуіне қарсы тұруға;
    отбасы және неке институтының рөлімен маңызын арттыруға;
    елде және халықаралық деңгейде мәдени көпқырлылық құндылықтары мен мәдениетаралық диалогты дамытуға маңызды үлес қоса алады.
    Мәдениет және спорт мекемелері:
    мәдениет саласында діни үстемдікті насихаттауға жол бермеу мақсатында Қазақстан халқының мәдени мұрасын сақтау және одан әрі танымал ету бойынша, қандай да бір діни немесе өзге де себептерге байланысты оларды қиратуға жол бермеу бойынша мәдениеттің барлық салаларындағы зиялы қауымның жұмысын жандандыруы;
    діни экстремизм мен радикализмге қарсы күресу үшін мәдениет қайраткерлерінің әлеуетін пайдалануы;
    республикадағы спорт мектептеріндегі оқушылар мен бапкер-оқытушылар құрамын рухани-адамгершілік және патриоттық тәрбиелеу бойынша күш-жігерді жұмылдыруы;
    спортшылар мен олардың бапкерлерінде зайырлы дүниетанымды, конфессияаралық келісім мәдениетін, деструктивтік идеологияға иммунитетті қалыптастыруы;
    жастар арасында экстремизм мен радикализм идеологияларын таратуға қарсы іс-қимыл жөнінде мемлекет пен қоғамға көмек көрсетуі қажет;
    7) әлеуметтік-экономикалық салада
    Әлеуметтік-экономикалық қатынастар барлық қауымдар мен жеке тұлғалардың дамуына тең құқық пен мүмкіндіктерге кепіл беретін мемлекеттің зайырлылық қағидаттарына сүйене отырып реттеледі.
    Мемлекет діни бірлестіктермен өзара іс-қимылды жүзеге асыра отырып, рухани және діни құндылықтар елдегі барлық салалардың дамуы мен өркендеуін діни догмаларға байланысты тежемей, керісінше олардың дамуына оң ықпал етуі керек екендігін негізге алады.
    Діни құндылықтар әлеуметтік-экономикалық дамуға оң әсер ете алады:
    экономикалық қызмет пен экономикалық өмірдің мазмұнына өнегелі мағына береді. Дін адам мен адамзаттың дамуына жағдай жасайтын әділ экономикалық қатынастарға шақырады;
    қоғамда адал еңбек ету, сапалы білім алу, мамандық игеру, біліктілікті әрдайым көтеру, өз отбасы мен жалпы мемлекет игілігі жолында азаматтардың белсенді өмірлік ұстанымын қалыптастыруға ықпал етеді;
    шығармашылық және кәсіпкерлік әлеуетті дамытуға ықпал етеді;
    ғылым мен инновацияға құрмет пен ынтаны қалыптастырады;
    адамды бизнесті әлеуметтік бағытта жүргізуге шақырады және оған ынталандырады;
    қайырымдылық пен меценаттықтың дамуына, демографиялық тұрақтылықтың сақталуына жәрдемдеседі;
    8) отбасы институтын нығайтуда
    Мемлекеттің әлеуметтік дамуының аса маңызды міндеттерінің бірі отбасы институтын және оның қоғамдағы дәстүрлі моральдық-адамгершілік құндылықтарын сақтау болып табылады. Сондықтан отбасы-неке қатынастары жүйесіндегі мемлекеттік саясат, ең алдымен, отбасы институтын және оның құндылықтарын нығайтуға әрі дамытуға, оны деструктивті идеялардан қорғауға бағытталған.
    Қазақстанда отбасын құру, сәбидің дүниеге келуі, отбасының қандай да бір мүшесінің қайтыс болуы кезінде діни рәсімдерді өткізуге жол беріледі.
    Сонымен бірге, тек қана уәкілетті органдарда тіркелген некенің ғана ресми, заңды күші және тиісті құқықтық салдары болады. Осыған байланысты, діни қағидалар бойынша неке қию рәсімі неке заңда белгіленген тәртіппен уәкілетті органдарда тіркелгеннен кейін ғана жүргізілуге тиіс.
    Діни бірлестіктер мен олардың өкілдері қоғам санасында дәстүрлі отбасылық құндылықтар мен идеалдарды нығайтуға және неке мен отбасының бұзылу фактілерін азайтуға, сондай-ақ ел халқының жалпы туу көрсеткішін арттыруға үлес қоса алады.
    Конституциялық құрылымның зайырлылық қағидаттарына сәйкес мемлекет ата-аналар немесе олардың басқа да заңды өкілдерінің тәрбиесіне, мұндай тәрбие баланың өміріне, денсаулығына қатер төндірген және құқықтарына қысым жасаған жағдайда араласа алады.
    Кәмелетке толған балалар ата-аналарының немесе олардың заңды өкілдерінің діни сеніміне қарамастан өздерінің діни немесе атеистік сенімдері мен қалауларын ерікті түрде айқындау құқығына ие.
    Кәмелетке толмаған балалардың құқықтары заңмен қорғалған. Атап айтқанда, «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес діни бірлестіктердің басшылары кәмелетке толмағандардың ата-анасының біреуі немесе оның өзге де заңды өкілдері қарсылық білдірген кезде, кәмелетке толмағандарды діни бірлестіктің қызметіне тартуға және (немесе) қатыстыруға жол бермеу шараларын қолдануға міндетті.
    «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» 2002 жылғы 8 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес кәмелеттік жасқа толмаған балаларға қатысты діни жоралар ата-анасының немесе олардың орнындағы адамдардың келісімімен жасалады. Бұл кәмелеттік жасқа толмаған балаларға қатысты діни жораларға тек қана оның екі ата-анасының немесе олардың орнындағы адамдардың келісімі болған жағдайда ғана жол берілетіндігін білдіреді;
    9) мемлекеттің діни бірлестіктермен өзара іс-қимылында
    Мемлекет діни бірлестіктердің қоғамда ізгілік құндылықтарын сіңіруге бағытталған қызметін реттейді.
    Бұл үшін:
    орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың діни бірлестіктермен өзара іс-қимылының нысандарын жетілдіру;
    дін саласындағы мемлекет саясатының мақсаттарына сәйкес келетін діни бірлестіктердің қоғамдық бастамаларына жан-жақты қолдау көрсету;
    дінге сенушілердің белгілі бір бөлігінің көзқарастарының радикалдану деңгейін азайту, радикалды діни ағымдардың идеяларына қарсы іс-қимыл, теологиялық тұрғыдан олардың идеологияларының беделін түсіру мақсатында діни бірлестіктермен көптеген мәселелер бойынша белсенді түрде өзара іс-қимыл жасау;
    ел аумағында жұмыс істеп жатқан діни бірлестіктердің ұйымдастырушылық, қаржы-шаруашылық және уағыздау қызметінің ашықтығын әрі мөлдірлігін қамтамасыз ету;
    мемлекет рәміздерге құрметпен қарауға, ұлттық және мемлекеттік мерекелерді сыйлауға, елдің әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси өміріне белсенді түрде қатысуға шақыратын діни бірлестіктер мен олардың өкілдерінің қызметін қолдау;
    діни бірлестіктердің, ағымдар мен олардың өкілдерінің конституциялық нормаларды орындаудан, оның ішінде мемлекеттің зайырлылық қағидаттарын сақтаудан бас тартуға шақыру әрекетіне жол бермеу қажет, сондай-ақ, атап айтқанда, «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» 2011 жылғы 11 қазандағы Қазақстан Республикасы Заңының 3-бабының талаптарына сәйкес келетін және мұнымен шектеліп қалмай, діни экстремизм мен терроризмді насихаттауға жол бермеу қажет.
    2.2.3. Діни экстремизм идеологиясына қарсы іс-қимылдың және деструктивті діни ағымдардың қызметін бейтараптандырудың жалпы мемлекеттік жүйесі
    Қазақстан Республикасы – әлемдік қоғамдастықтың бір бөлігі, оның тарихы қазіргі заманғы әлемнің жағдайымен және даму серпінімен, халықаралық саясат пен экономикадағы өзгерістерге тығыз байланысты.
    Осыны ескере отырып:
    дін саласындағы мемлекеттік саясаттың іске асырылуына орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың жауапкершілігін арттыру;
    орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар өз құзыреті шегінде, діни экстремизмге арандатушылықты, зорлық-зомбылық көрсету немесе қорқыту арқылы адамдарды дін атын жамылған әрекеттерге тартуды қоса алғанда, деструктивті діни ағымдардың әрекетіне жол бермеу бойынша әкімшілік және басқа да шаралар қолдану;
    радикалды діни ағымдар идеологиясының ықпалына түскен, оның ішінде бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеп жатқан және өтеген адамдарды райынан қайтару, оңалту және әлеуметтік қайта бейімдеу бойынша профилактикалық жұмыстарды ұйымдастыруда уәкілетті мемлекеттік органдардың жергілікті атқарушы, құқық қорғау және арнаулы органдармен өзара іс-қимылының тетігін жетілдіру;
    деструктивті діни ағымдардың идеяларын енгізу және оларды тарату үшін діни қажылықтың пайдаланылуына жол бермеу;
    дін саласындағы өзекті мәселелер бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарына қоғамдық бірлестіктерді, оның ішінде ардагерлердің, әйелдердің және жастардың үкіметтік емес ұйымдарын, мәдениет және спорт қайраткерлерін белсенді түрде тарту талап етіледі.
    2.3. Тұжырымдаманы іске асыру кезеңдері және күтілетін нәтижелер
    Тұжырымдаманың іске асырылуы жүйелілік, дәйектілік және ведомствоаралық өзара іс-қимыл қағидаттарына негізделеді.
    Тұжырымдама дін саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру мәселелері бойынша орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың, азаматтық қоғам институттарының құзыреті мен жауапкершілік аясын нақтылайды.
    Дін саласындағы мемлекеттік саясаттың мәлімделген қағидаттары мен тәсілдері 2017 – 2020 жылдар аралығында жүзеге асырылатын болады.
    Осы кезең ішінде:
    1) тиісті құқықтық база әзірленетін болады;
    2) орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың, сондай-ақ азаматтық қоғам институттарының құзыретін айқындай отырып, дін саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру мәселелері бойынша ведомствоаралық өзара іс-қимылдың ұтымды моделі әзірленетін болады;
    3) дін саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру бойынша жергілікті атқарушы органдар тиімділігінің критерийлері мен көрсеткіштері әзірленеді;
    4) мемлекеттің діни бірлестіктермен өзара іс-қимылының қазақстандық моделі әзірленеді;
    5) дін саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруда мемлекеттік органдардың, ғылыми-сарапшылар қоғамдастығының, бұқаралық ақпарат құралдарының, қоғамдық және діни бірлестіктердің ынтымақтастық тетігі жетілдіріледі;
    6) елдің зайырлы даму қағидаттарын, Қазақстан халқының ұлттық, рухани дәстүрлерін насихаттауға бағытталған медиа жұмыстарды жаңғырту қамтамасыз етіледі;
    7) дін саласындағы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарының тиімділігі мен нәтижелілігін арттыруға бағытталған шаралар кешені әзірленеді;
    8) зайырлы өмір салтының құндылықтары, Қазақстан халқының ұлттық рухани дәстүрлері мен конфессиялары, сондай-ақ діни экстремизм мен фундаментализмнің қаупі туралы тақырыптық деректі фильмдер, телехабарлар мен әлеуметтік роликтердің сериялары әзірленеді;
    9) дінтану және діни білім беру жүйесін жетілдіру бойынша шаралар әзірленеді;
    10) республикадағы жалпы орта білім беретін мектептердің оқу-тәрбие процесіне діни экстремизмге қарсы іс-қимыл бойынша шаралар жүйесін енгізу туралы мәселе пысықталады;
    11) мемлекеттің зайырлылық негіздерін ілгерілету мен діни, экстремизм профилактикасы мәселелеріне мамандандырылған үкіметтік емес ұйымдарға мемлекеттік қолдау қамтамасыз етіледі;
    12) радикалды діни идеологияның ықпалына түскен адамдарды райынан қайтару, оңалту және кейіннен әлеуметтік қайта бейімдеу жөніндегі орталықтардың қызметі қамтамасыз етіледі;
    13) діни экстремизм мен радикализм идеологияларын қоғамда қабылдамауға және оған қарсы насихаттауға бағытталған әлеуметтік, ақпараттық және ғылыми білім берудің кешенді жобалары іске асырылады;
    14) дін саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруға қатысатын мамандардың біліктілігін арттыру бойынша жұмыстар жетілдіріледі;
    15) «Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезі» жалпыұлттық брендін ел ішінде және шетелде ілгерілету қамтамасыз етіледі.
    Тұжырымдаманы іске асырудан күтілетін нәтижелер
    Дін саласындағы мемлекеттік саясаттың тұжырымдамасын іске асырудың нәтижесі:
    1) мемлекеттік органдардың жұмыстарын жетілдіру саласында:
    Тұжырымдама аясындағы іс-шараларды іске асыру бойынша барлық деңгейдегі мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғам институттарын ведомствоаралық үйлестіру және өзара іс-қимыл тетігін құру;
    таяудағы және ұзақ мерзімді перспективада діни ахуалдың даму үрдісін болжамдау, заңдылығын анықтау, сондай-ақ уақтылы тиісті шешімдер қабылдау үшін ұсыныстар әзірлеу;
    қоғам санасында негізгі зайырлылық құндылықтарын нығайту;
    қоғамда діни қатынастар саласында радикалды және экстремистік көріністермен байланысты кез келген іс-қимылға мүлде төзбеушілікке қол жеткізу;
    мемлекеттік билік органдары мен діни бірлестіктердің өзара іс-қимылының өзіндік қазақстандық үлгісін одан әрі дамыту және тәртібін айқындау;
    деструктивті діни ағымдарды жақтаушылармен, экстремизм және терроризммен байланысты баптар бойынша сотталғандармен, олардың отбасыларымен дәлме-дәл және атаулы оңалту жұмыстарын жетілдіру;
    радикалды діни ағымдар идеологиясының атына кір келтіруге бағытталған білікті діни қызметкерлер мен насихаттаушыларды тарта отырып, тұрғындар арасында, әсіресе нысаналы және «проблемалық» топтар арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жандандыру;
    2) бұқаралық ақпарат құралдары, білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, сондай-ақ әлеуметтік-экономика саласында:
    мемлекеттің зайырлы сипатын және діни экстремизм мен терроризм идеологиясына қарсы іс-қимылды насихаттау бойынша теориялық және әдістемелік негіздер әзірлеу;
    дін саласында саяси, құқықтық, ұйымдастыру және басқару шешімдерін қабылдау үшін ғылыми-қолданбалы зерттеулер жүргізу;
    радикалды діни ағымдардың идеяларына деген сенімсіздік орнату және олардың шынайы «бейнесін» әшкерелеу үшін БАҚ, білім беру, мәдениет, денсаулық сақтау және спорт әлеуетін пайдалану;
    дін мәселелері бойынша жобаларды іске асырумен айналысатын үкіметтік емес ұйымдар қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету;
    діни оңалту орталықтарының нысаналы топтармен және діни экстремизм мен терроризм үшін бас бостандығынан айырылған адамдармен, оның ішінде осындай әрекеттерді жасағаны үшін азаматтығынан айыру мәселесі бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын кеңейту және тереңдету;
    Қазақстан халқының дәстүрлі рухани мәдениетін елде және шетелде одан әрі ілгерілету болуға тиіс.
    Тұжырымдаманың индикаторлары:
    1. Ел халқының дін саласындағы мемлекеттік саясатты қолдауының деңгейі 2018 жылы – 89 %, 2020 жылы 91 % құрайды.
    2. Халықтың мемлекеттің зайырлы даму қағидаттарын қолдауының өсу деңгейі 2018 жылы – 61%, 2020 жылы 63 % құрайды.
    3. Халықтың діни экстремизм мен оның деструктивті идеологиясына қарсы іс-қимыл туралы хабардар болуының өсу деңгейі 2018 жылы – 76 %, 2020 жылы 78 % құрайды.
    Тұжырымдаманы іске асыру құралдары
    Осы Тұжырымдаманың ережелері:
    аймақтарды дамыту бағдарламалары;
    Қазақстан Республикасының дін саласындағы мемлекеттік саясатының 2017- 2020 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары;
    Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрінің 2016 жылғы 28 желтоқсандағы № 17 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің 2017-2021 жылдарға арналған стратегиялық жоспары арқылы іске асырылатын болады.
    3-бөлім. Тұжырымдаманы іске асыру көзделетін нормативтік құқықтық актілердің тізбесі
    Осы Тұжырымдаманың ережелері мынадай актілер арқылы іске асырылады:
    1) Қазақстан Республикасының Конституциясы;
    2) 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі;
    3) 2009 жылғы 18 қыркүйектегі «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі;
    4) «Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы» 1992 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы;
    5) «Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы» 1999 жылғы 13 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы;
    6) «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» 1999 жылғы 23 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы;
    7) «Коммерциялық емес ұйымдар туралы» 2001 жылғы 16 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы;
    8) «Экстремизмге қарсы іс-қимыл туралы» 2005 жылғы 18 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңы;
    9) «Мәдениет туралы» 2006 жылғы 15 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы;
    10) «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы;
    11) «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» 2011 жылғы 11 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы;
    12) «Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі туралы» 2012 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы;
    13) «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» 2012 жылғы 16 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңы;
    14) «Дене шынықтыру және спорт туралы» 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы;
    15) «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы;
    16) «Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 1 ақпандағы № 922 Жарлығы;
    17) «Ақпаратты Қазақстан – 2020» мемлекеттік бағдарламасы және «Мемлекеттік бағдарламалар тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 957 Жарлығына толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 8 қаңтардағы № 464 Жарлығы;
    18) «Қазақстан Республикасында діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2013 – 2017 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 24 қыркүйектегі № 648 Жарлығы»;
    19) «Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016 – 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 1 наурыздағы № 205 Жарлығы;
    20) «Қазақстан Республикасының әділет орғандарында тіркелген діни бірлестіктер әкелетін, қосылған құн салығынан босатылатын діни мақсаттағы заттардың тізбесін және оларды іріктеу критерийлерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 14 сәуірдегі № 352 қаулысы;
    21) «Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың, сондай-ақ ғибадат үйлерінен (ғимараттарынан) тыс жерлерде діни іс-шаралар өткізуге арналған үй-жайлардың орналастырылуын айқындау жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігі төрағасының міндетін атқарушының 2013 жылғы 23 шілдедегі № 34 бұйрығы;
    22) «Діни қызмет саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 23 сәуірдегі № 147 бұйрығы;
    23) «Діни саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 22 мамырдағы № 190 бұйрығы.
    Қорытынды ережелер
    Тұжырымдаманы іске асыру Қазақстан Республикасы Конституциясының негізгі құндылықтары мен қағидаттарын жаңа геосаяси ахуал мен ұлттық қауіпсіздіктің ішкі және сыртқы сын-тегеуріндеріне уақтылы ден қою тұрғысынан одан әрі жүзеге асыруға ықпал ететін болады.
    Тұжырымдаманы іске асырудың тиімділігі тиісінше, қазақстандық қоғамдағы қауіпсіздік, бейбітшілік пен тұрақтылық мемлекет мүддесін қорғауға бағдарланған барлық мемлекеттік және үкіметтік емес құрылымдардың, азаматтық қоғам институттары мен әрбір азаматтың сындарлы іс-қимылына, саналы әрі белсенді атсалысуына байланысты.
    Дін саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру зайырлы Қазақстан дамуының басым міндеттерін шешуге және түрлі конфессиялар мен этностар өкілдері бейбітшілік пен келісімде өмір сүріп жатқан елдің қауіпсіз болашағын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ

    Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне
    діни қызмет және діни бірлестіктер мәселелері бойынша
    өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

    1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсі

    1. Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 26 желтоқсандағы Кодексі (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., № 22, 174-құжат; 2012 ж., № 21-22, 124-құжат;.2013 ж., № 1, 3-құжат; № 2, 13-құжат;. № 9, 51-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 14, 72-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 6, 28-құжат; № 14, 84-құжат;№ 19- I, 19-II, 94,96 құжат; № 21, 122-құжат;. № 22, 128-құжат; 2015 ж., № 10, 50-құжат; № 20-VII, 155-құжат; № 23-II, 170-құжат):
    2-бапта:
    3 бөлімді келесідей мазмұндағы төртінші және бесінші абзацтармен толықтырылсын: «некені қию немесе тоқтату туралы (ерлі-зайыпты болуды) діни салттар мен шараларды ғибадат үйлерінен (ғимарат) тыс жерлерде жүргізуге жол берілмейді».
    Некеге тұруға (ерлі-зайыпты болуға) ниет білдірген адамдардың біреуі тіркеуші органға келе алмайтын айрықша жағдайларда (ауыр науқастануы, жүріп-тұру қиындығымен байланысты мүгедектігі, күзетпен ұсталуы немесе бас бостандығынан айыру орындарында болуы) некені діни салттар мен шаралар бойынша қию (ерлі-зайыпты болуды) мемлекеттік тіркеу үйде, медициналық немесе өзге де ұйымда некеге отыратын (ерлі-зайыпты болатын) адамдардың қатысуымен тіркелген діни бірлестіктің өкілімен жүргізіледі
    2. 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 18-I, 18-II, 92-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; № 24, 145, 146-құжаттар; 2015 ж., № 1, 2-құжат; № 2, 6-құжат; № 7, 33-құжат; № 8, 44, 45-құжаттар; № 9, 46-құжат; № 10, 50-құжат; № 11, 52-құжат; № 14, 71-құжат; № 15, 78-құжат; № 16, 79-құжат; № 19-I,101-құжат; № 19-II, 102, 103, 105-құжаттар; № 20-IV, 113-құжат; № 20-VII, 115-құжат; № 21-I, 124, 125-құжаттар; № 21-II, 130-құжат; № 21-III, 137-құжат; № 22-I, 140, 141, 143-құжаттар; № 22-II, 144, 145, 148-құжаттар; № 22-III, 149-құжат; № 22-V, 152, 156, 158-құжаттар; № 22-VI, 159-құжат; № 22-VII, 161-құжат; № 23-I, 166, 169-құжаттар; № 23-II, 172-құжат; 2016 ж., № 1,4-құжат; № 2, 9-құжат; № 6, 45-құжат; № 7-I, 49, 50-құжаттар; № 7-II, 53,57-құжаттар; № 8-I, 62, 65-құжаттар; № 8-II, 66, 67, 68, 70, 72-құжаттар; № 12, 87-құжат; № 22, 116-құжат; № 23, 118-құжат; № 24,124, 126, 131-құжаттар; 2017 ж., № 1-2, 3-құжат; № 9, 17, 18, 21, 22 -құжаттар; 2017 жылғы 19 маусымда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған, Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 15 маусымдағы «Жануарлар мен өсімдіктер мәселесі бойынша Қазақстан Ре публикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңы):
    1) 434-2 бапта:
    тақырыбы келесідей мазмұндағы мазмұнмен толықтырылсын:
    «434-2 бап. Бет-әлпетті тануға кедергі келтіретін киім-кешекті қоғамдық орындарда киіп жүруге қатысты заңнама талаптарын бұзу»;
    2) «434-2 бап. Бет-әлпетті тануға кедергі келтіретін киім-кешекті қоғамдық орындарда киіп жүруге қатысты заңнама талаптарын бұзу»;
    1. Бет-әлпетті тануға кедергі келтіретін киім-кешекті қоғамдық орындарда киіп жүруге қатысты заңнама талаптарын бұзу –
    жеке тұлғаларға ескерту немесе елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
    2. осы баптың бірінші бөліктегі қарастырылған әрекетті әкімшілік шара қолданылған мерзімнен бастап бір жылдың ішінде қайталап жасаған жағдайда, –
    жеке тұлғаларға ескерту немесе жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
    3) 489-бапта:
    бірінші бөліктегі «Қоғамдық бірлестік», «қоғамдық бірлестіктің» және «қоғамдық бірлестіктердің» деген сөздер тиісінше «Қоғамдық, діни бірлестік», «қоғамдық, діни бірлестіктің» және «қоғамдық, діни бірлестіктердің» деген сөздермен ауыстырылсын;
    екінші бөліктегі «Қоғамдық бірлестік» және «қоғамдық бірлестіктің» деген сөздер тиісінше «Қоғамдық, діни бірлестік» және «қоғамдық, діни бірлестіктің» деген сөздермен ауыстырылсын;
    үшінші бөліктегі «қоғамдық бірлестіктің» деген сөздер «қоғамдық, діни бірлестіктің» деген сөздермен ауыстырылсын;
    төртінші бөліктегі «қоғамдық бірлестіктің» деген сөздер «қоғамдық, діни бірлестіктің» деген сөздермен ауыстырылсын;
    4) 490-бап мынадай редакцияда жазылсын:
    «490-бап. Қазақстан Республикасының діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнамасын бұзу
    1. Қазақстан Республикасының заңнамасында:
    1) діни жораларды, рәсімдерді және (немесе) жиналыстарды өткізуге;
    2) қайырымдылық қызметті жүзеге асыруға;
    3) діни әдебиетті және діни мазмұндағы ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды әкелуге, шығаруға, әзірлеуге және (немесе) таратуға;
    4) ғибадат үйлерін (ғимараттарын) салуға, үйлерді (ғимараттарды) ғибадат үйлері (ғимараттары) етіп қайта бейіндеуге (функционалдық мақсатын өзгертуге);
    5) дінді оқытуды ұйымдастыруға белгіленген талаптарды бұзу –
    жеке тұлғаларға – елу, заңды тұлғаларға – екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға не қызметті үш ай мерзімге тоқтата тұруға әкеп соғады.
    2. Заңды діни қызметке кедергі келтіру, сол сияқты дінге көзқарасы себептері бойынша жеке тұлғалардың азаматтық құқықтарын бұзу немесе дінге сенушілердің және (немесе) дінге сенбеушілердің сезімдері мен қадір-қасиеттерін немесе құдайға құлшылық етуді, діни жоралар мен рәсімдерді орындауды қорлау; қандай да бір дінді ұстанушылар қастерлейтін заттарды, құрылыстар мен орындарды бүлдіру; діни радикализмнің көріністеріне жол беру, егер жоғарыда баяндалған барлық әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері болмаса,–
    жеке тұлғаларға – елу, лауазымды адамдарға – бір жүз, заңды тұлғаларға екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
    3. Миссионерлік қызметті тіркеусіз (қайта тіркеусіз) жүзеге асыру, сол сияқты дінтану сараптамасының оң қорытындысы жоқ діни әдебиетті, діни мазмұндағы ақпараттық материалдарды және діни мақсаттағы заттарды миссионерлердің пайдалануы, Қазақстан Республикасында тіркелмеген діни бірлестіктердің діни ілімін тарату–
    Қазақстан Республикасының азаматтарына – бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамарға Қазақстан Республикасының шегінен әкімшілік жолмен шығарып жібере отырып, бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
    4. Діни бірлестіктің өз жарғысында көзделмеген қызметті жүзеге асыруы –
    қызметті үш ай мерзімге тоқтата тұрып, үш жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
    5. Діни бірлестіктің саяси қызметпен айналысуы, сол сияқты саяси партиялардың қызметіне қатысуы және (немесе) оларға қаржылық қолдау көрсетуі, мемлекеттік органдардың қызметіне араласуы не мемлекеттік органдардың немесе олардың лауазымды адамдарының функцияларын діни бірлестіктер мүшелерінің иемденіп алуы –
    қызметті үш ай мерзімге тоқтата тұрып, үш жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
    6. Мемлекеттік органдарда, ұйымдарда, мекемелерде, оның ішінде денсаулық сақтау және білім беру ұйымдарында діни бірлестіктердің ұйымдық құрылымдарын құру –
    лауазымды адамдарға – бір жүз, заңды тұлғаларға екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
    7. Уәкілетті органмен келіспей діни бірлестікті шетелдік діни орталық тағайындаған адамның басқаруы –
    Қазақстан Республикасының азаматтарына ескерту жасауға немесе елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасының шегінен әкімшілік жолмен шығарып жібере отырып, елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
    8. Діни бірлестік басшысының он алты жасқа толмаған кәмелетке толмағандарды ата-анасының біреуінің, кәмелетке толған жақын туысқанының немесе өзге де заңды өкілдерінің ертіп жүруінсіз, сондай-ақ ата-анасының бірі немесе кәмелетке толмаған адамның заңды өкілі қарсылық білдірген кезде құдайға құлшылық етуге, діни жораларға, рәсімдерге және (немесе) жиналыстарға қатыстыруға жол бермеу шараларын қолданбауы –
    ескерту жасауға не қызметті үш ай мерзімге тоқтата тұрып, елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
    9. Қазақстан Республикасы азаматтарының белгіленген тәртіппен шет мемлекеттерде рухани (діни) білім алуы жөніндегі заңнама талаптарын бұзу–
    елу айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.
    10. Діни бірлестіктердің ғибадат үйлеріндегі (ғимараттарындағы), үй-жайларындағы ішкі тәртіпті сақтау жөніндегі заңнама талаптарын бұзу–
    ескерту жасауға не жеке тұлғаларға – елу, заңды тұлғаларға бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
    11. Мемлекеттік бюджеттен және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бюджет қаражатынан қаржыландырылатын ұйымдар жұмыскерлерінің діни бірлестіктердің мүддесінде қызмет бабын және онымен байланысты мүмкіндіктерін пайдалануға, сондай-ақ өзге тұлғаларды діни бірлестіктердің қызметіне қатысуға мәжбүрлеуге жол бермеу жөніндегі заңнама талаптарын бұзуы –
    ескерту жасауға не жеке тұлғаларға он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
    12. Деструктивті діни ағымдарға қатыстылығын көрсететін сыртқы атрибуттарды, киім-кешекті қоғамдық орындарда пайдалану, кию және тарату – ескерту жасауға не жеке тұлғаларға – елу, заңды тұлғаларға екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
    13. Осы баптың бірінші, екінші, үшінші, төртінші, бесінші, жетінші, сегізінші, тоғызыншы, оныншы және он екінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталанып жасалған әрекеттер (әрекетсіздік) –
    қызметке тыйым сала отырып, жеке тұлғаларға – екі жүз, лауазымды адамдарға – үш жүз, заңды тұлғаларға бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
    5) 491-1-бап:
    «491-1-бап. Некені қию немесе тоқтату туралы (ерлі-зайыпты болуды) діни салттар мен шараларды атқару барысында неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзу
    діни салттар мен шаралар бойынша некені қию немесе тоқтатуды (ерлі-зайыпты болуды) ғибадат үйлерінен (ғимарат) тыс жерлерде жүргізу арқылы неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзу , –
    жеке тұлғаларға – елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, заңды тұлғаларға екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
    6) 729-бапта:
    бірінші бөлікте:
    «491» санынан кейін «491-1» сандарымен толықтырылсын;
    7) 804-бапта:
    бірінші бөлікте:
    1) тармақша «434» санынан кейін «434-2» сандарымен толықтырылсын, «489 (екінші, үшінші және төртінші бөліктері),» деген сөздерден кейін «490 (бірінші бөлігінің 1) және 3) тармақшалары, екінші, үшінші, сегізінші, тоғызыншы, оныншы, он бірінші, он екінші және он үшінші бөліктері),» деген сөздермен толықтырылсын;
    55) тармақшадағы «сегізінші» деген сөз «он үшінші» сөздермен ауыстырылсын.
    3. 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасы Қылмыстық-атқару кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 17, 91-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 22, 131-құжат; 2015 ж., № 7, 33-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 22-ІІІ, 149-құжат; № 23-II, 170-құжат; 2016 ж., № 8-II, 67-құжат; № 23, 118-құжат; № 24, 126, 129, 131-құжаттар; 2017 ж., № 8, 16-құжат):
    16-баптың бірінші бөлігі мынадай мазмұндағы 19) тармақшамен толықтырылсын:
    «19) ұлттық қауіпсіздік және діни қызмет саласындағы уәкілетті органдармен келісу бойынша мекемелерде сотталған адамдармен теологиялық оңалту қызметтерінің мақсатқа бағытталған жұмысын ұйымдастыру жөніндегі қағидаларды бекітеді.».
    4. «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы,2001 ж., № 3, 17-құжат; № 9, 86-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 10, 103-құжат; 2004 ж., № 10, 56-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 142-құжат; № 24, 144-құжат; 2005 ж., № 7-8, 23-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 13, 86, 87-құжаттар; № 15, 92, 95-құжаттар; № 16, 99-құжат; № 18, 113-құжат; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 14-құжат; № 10, 69-құжат; № 12, 88-құжат; № 17, 139-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 г., № 21, 97-құжат; № 23, 114, 124-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 9-құжат; № 24, 133-құжат; 2010 ж., № 1-2, 2-құжат; № 5, 23-құжат; № 7, 29, 32-құжаттар; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 3, 7-құжаттар; № 2, 28-құжат; № 6, 49-құжат; № 11, 102-құжат; № 13, 115-құжат; № 15, 118-құжат; № 16, 129-құжат; 2012 ж., № 2, 11-құжат; № 3, 21-құжат; № 5, 35-құжат; № 8, 64-құжат; № 14, 92-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 15, 81-құжат; № 20, 113-құжат; № 21-22, 115-құжат; 2014 ж., № 2, 10-құжат; № 3, 21-құжат; № 7, 37-құжат; № 8, 49-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 67-құжат; № 12, 82-құжат; № 14, 84, 86-құжаттар; № 19-І, 19-II, 94, 96-құжаттар; № 21, 118, 122-құжаттар; № 22, 131-құжат; 2015 ж., № 9, 46-құжат; № 19-I, 101-құжат; № 19-II, 103-құжат; № 21-I, 121, 124, 125-құжаттар; № 21-II, 130, 132-құжаттар; № 22-I, 140-құжат; № 22-V, 154, 156, 158-құжаттар; 2016 ж., № 6, 45-құжат; № 7-I, 47, 49-құжаттар; № 8-II,72-құжат; № 23, 118-құжат;2017 ж., № 3, 6-құжат; № 8, 16-құжат):
    1) 31-бапта:
    1-тармақ мынадай мазмұндағы 30) – 32) тармақшалармен толықтырылсын:
    «30) өңірдегі діни ахуалға зерделеу және талдау жүргізеді;
    31) өңірде жұмыс істеп тұрған дiни бiрлестiктердiң, миссионерлердiң, рухани (діни) білім беру ұйымдарының қызметiне зерделеу және талдау жүргiзедi;
    2) 35-бапта:
    1-тармақ мынадай мазмұндағы 25), 26) тармақшалармен толықтырылсын:
    «25) ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдерін қоспағанда өңірдегі діни ахуалға зерделеу және талдау жүргізеді;
    26) ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдерін қоспағанда өңірде жұмыс істеп тұрған дiни бiрлестiктердiң, миссионерлердiң, рухани (діни) білім беру ұйымдарының қызметiне зерделеу және талдау жүргiзедi.».
    5. «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» 2002 жылғы 8 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы,2002 ж., № 17, 154-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 7-8, 19-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 20, 152-құжат; 2009 ж., № 15-16, 72-құжат; № 17, 81-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 22, 130-құжат; № 24, 149-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; № 17, 136-құжат; № 21, 173-құжат; 2012 ж., № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 13, 62-құжат; № 14, 75-құжат; № 15, 77-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 3, 21-құжат; № 11, 65-құжат; № 14, 84-құжат; № 19-I, 19-II, 94-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 20-IV, 113-құжат; № 22-I, 140-құжат; № 23-II, 172-құжат):
    1) 35-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
    «2. Рухани (діни) білім беру ұйымдарында білім алып жатқан адамдарды қоспағанда, он алты жасқа толмаған кәмелетке толмағандар ата-анасының біреуінің, кәмелетке толған жақын туысқанының немесе өзге де заңды өкілдерінің ертіп жүруімен, сондай-ақ ата-анасының бірі немесе кәмелетке толмаған адамның заңды өкілі қарсылық білдірмеген кезде құдайға құлшылық етуге, дін жораларға, рәсімдерге және (немесе) жиналыстарға қатыса алады.».
    6. «Жарнама туралы» 2003 жылғы 19 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003ж., № 24, 174-құжат; 2003 ж., № 24, 174-құжат; 2006 ж., № 15, 92-құжат; № 16, 102-құжат; 2007 ж., № 12, 88-құжат; 2009 ж., № 17, 79, 82-құжаттар; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 3, 25-құжат; № 14, 92-құжат; 2013 ж., № 8, 50-құжат; № 21-22, 115-құжат; 2014 ж., № 2, 11-құжат; № 11, 65-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 8, 44-құжат; № 20-IV, 113-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; № 7-II, 53-құжат; № 8-II, 70-құжат):
    1) 6-бап мынадай мазмұндағы 6-1-тармақпен толықтырылсын:
    «6-1. Жарнамада деструктивті идеологиялық ағымдарға қатыстылығын көрсететін сыртқы атрибуттарды, киім-кешекті пайдалануға тыйым салынады.».
    7. «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар және сыйлықақылар туралы» 2005 жылғы 12 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2005 ж., №6, 8-құжат, 2011 ж., № 21, 171-құжат; 2012 ж., № 5, 35-құжат; 2013 ж., 3 5-6, 30-құжат; 2014 ж., № 3, 21-құжат; 2015 ж., № 23-I, 166-құжат):
    1) 5-бапта:
    1-тармақ мынадай мазмұндағы 15) тармақшамен толықтырылсын:
    «17) діни экстремизм мен терроризмнің профилактикасы бойынша іс-шараларды өткізу.».
    8. «Құқық бұзушылық профилактикасы туралы» 2010 жылғы 29 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2010 ж., № 8 (2561), 40-құжат, № 24, 149-құжат; 2012 ж., № 3, 26-құжат; № 5, 41-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 3, 21-құжат; № 14, 84-құжат; № 21, 122-құжат; 2015 ж., № 21-I, 125-құжат; 2017 ж., № 8, 16-құжат;):
    1) 21-бапта:
    келесідей мазмұндағы 2 тармақпен толықтырылсын:
    «2. Қызметтік (лауазымдық) міндеттерін атқару, медициналық мақсаттарда, азаматтық қорғау, сондай-ақ спорттық және спорттық-бұқаралық және мәдени-бұқаралық іс-шараларға қатысу үшін қажет болатын жағдайларды қоспағанда,бет-әлпетті тануға кедергі келтіретін киім-кешекті қоғамдық орындарда киіп жүруге тыйым салынады.»;
    2) 23-бапта:
    2-тармақ мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:
    «3-1) ресми алдын ала ескерту;»;
    3) 24-бапта:
    1-тармақтың 3) тармақшасындағы «материалдар негіз болып табылады.» деген сөздер «материалдар;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
    «4) тергеп-тексерілуі ішкі істер органдарының құзыретіне жатқызылған экстремистік және террористік қылмыстарды, сондай-ақ діни қызмет саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтарды жасауға жағдай жасайтын жеке тұлғаның әрекеттері туралы мәліметтер негіз болып табылады.»;
    3) мынадай мазмұндағы 26-1-баппен толықтырылсын:
    «26-1-бап. Ресми алдын ала ескерту
    Ресми алдын ала ескертуді (бұдан әрі – алдын ала ескерту) жазбаша нысанда жариялау туралы шешімді Қазақстан Республикасы ішкі істер органының уәкілетті басшысы тексеру аяқталғаннан кейін және тергеп-тексерілуі ішкі істер органдарының құзыретіне жатқызылған экстремистік және террористік қылмыстарды, сондай-ақ діни қызмет саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтарды жасауға жағдай жасайтын жеке тұлғаның әрекеттері туралы алынған мәліметтер расталғаннан кейін қабылдайды.
    Ресми алдын ала ескертуге Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі немесе оның орынбасарлары, Қазақстан Республикасы Ішкі Істер министрлігінің Экстремизмге қарсы іс-қимыл департаментінің бастығы, Қазақстан Республикасы ішкі істер аумақтық органдарының бастықтары қол қояды.
    Ресми алдын ала ескерту тергеп-тексерілуі ішкі істер органдарының құзыретіне жатқызылған экстремистік және террористік қылмыстарды, сондай-ақ діни қызмет саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтарды жасауға жағдай жасайтын әрекеттерге жол бермеу туралы және оны жасаған жағдайда жауаптылық туралы нақты жеке тұлғаға жолдануға тиіс.
    Ішкі істер органдары жарияланған ресми алдын ала ескертулердің есебін жүргізеді.».
    9. «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» 2011 жылғы 11 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., № 17, 135-құжат; 2012 ж., № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 21-22, 115-құжат; 2014 ж., № 19-I, 19- II, 96-құжат, 2015 ж., № 22-I, 140-құжат):
    1) 1-бап мынадай редакцияда жазылсын:
    «1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгі ұғымдар
    Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
    1) ғибадат үйі (ғимараты) – құдайға құлшылық етуді, діни жораларды, рәсімдерді және (немесе) жиналыстарды жасау үшін арнайы тұрғызылған немесе қайта бейінделген үй, ғимарат, үйлер мен ғимараттардың кешені;
    2) құлшылық ету орны – дiнге сенушiлер өзінің құрметін білдіру үшін, сондай-ақ діни жораларды, рәсімдер мен салт жораларды жасау үшін пайдаланатын үйлер, ғимараттар, табиғи объектілер, аумақтар;
    3) діни қызмет – дінге сенушілердің діни қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған қызмет;
    4) мінажат ету – діни қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін құлшылық ету жасалатын діни мағынасы бар орындарға дінге сенушілердің баруы;
    5) діни қызметші –діни бірлестік басшысының бұйрығы негізінде рухани, уағыздаушылық қызметке тиісті діни бірлестік уәкілеттік берген адам;
    6) діни бірлестік – Қазақстан Республикасы азаматтарының, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың өз мүдделерінің ортақтығы негізінде діни қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіппен біріккен ерікті бірлестігі;
    7) діни ілімді тарату – белгілі бір діннің негізгі догматтары, идеялары, көзқарастары және практикалары туралы ақпаратты жеткізуге, сол сияқты беруге бағытталған қызмет;
    8) деструктивті діни ағым – адамның және азаматтың қорғалатын құқықтары мен бостандықтарына қатер төндіретін, имандылық негiздерді, рухани және мәдени құндылықтарды әлсіретуге және (немесе) бұзуға бағытталған діни көзқарастар, идеялар, сондай ақ ілімнің жиынтығы;
    9) діни мазмұндағы ақпараттық материал – мәтіндік сілтемелерді қоса алғанда, кез келген жеткізгіштегі діни сипаттағы баспа, электрондық және өзге де ақпарат;
    10) діни радикализм – тұлғаның өзге адамдарға діни ұйғарымдар мен догмаларды сөзсіз орындауды агрессияшылдықпен күштеп таңатын және үндеулермен сүйемелдейтін, діни көзқарастар мен сенім-нанымдарға шетін, ымырасыз ұстанушылық;
    11) миссионерлік қызмет – Қазақстан Республикасы азаматтарының, шетелдіктердің, азаматтығы жоқадамдардың дінге үндеу мақсатында Қазақстан Республикасының аумағында діни ілімді таратуға бағытталған қызметі;
    12) құдайға құлшылық ету – діни қызметшілер діни ілімнің талаптары бойынша жасайтын діни жоралар мен рәсімдер жиынтығы;
    13) уәкілетті орган – діни қызмет саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган.»;
    2) 2-бап мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
    «3. Қазақстан Республикасының зңнамасымен реттелген діни қызмет саласындағы құқықтық қатынастарға мемлекеттік сатып алулар туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының діни экстремизм мен терроризмнің профилактикасы және алдын алу бойынша іс-шараларды ұйымдастыру және өткізуге қызметтерді сатып алу бөлігі қолданылмайды.»;
    3) 3-бап мынадай редакцияда жазылсын:
    «3-бап. Мемлекет және дін
    1. Мемлекет дін мен діни бірлестіктерден бөлінген.
    2. Діни бірлестіктер және Қазақстан Республикасының азаматтары, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар дінге көзқарасына қарамастан заң алдында тең.
    3. Дін ұстану немесе наным еркіндігін жүзеге асыру конституциялық құрылымды қорғау мақсатында, басқа адамдардың негізгі құқықтары мен бостандықтары сияқты қоғамдық қауіпсіздікті, тәртіпті, денсаулықты және моральді қорғау үшін тек заңмен ғана қажеттілігіне қарай мөлшерде шектеле алады.
    4. Ешбiр дiн мемлекеттік немесе міндетті дін ретінде белгіленбейді.
    5. Рухани (діни) білім беру ұйымдарын қоспағанда, Қазақстан Республикасында бiлiм беру және тәрбиелеу жүйесі дін мен діни бірлестіктерден бөлiнген және зайырлы сипатта болады.
    6. Дінді оқып-үйрену діни бірлестіктердің ғибадат үйлерінде (ғимараттарында), үй-жайларында, сондай-ақ рухани (діни) білім беру ұйымдарында жарғыларына сәйкес ұйымдастырылады және жүзеге асырылады. Өзге жағдайларда дінді оқып-үйрену облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдарының келісуі бойынша ұйымдастырылады және жүзеге асырылады.
    7. Заңды діни қызметке кедергі келтіруге, дінге көзқарасы себептері бойынша жеке және заңды тұлғалардың азаматтық құқықтарын бұзуға немесе дінге сенушілердің және (немесе) дінге сенбеушілердің сезімдері мен қадір-қасиеттерін немесе құдайға құлшылық етуді, діни жоралар мен рәсімдерді орындауды қорлауға, қандай да бір дінді ұстанушылар қастерлейтін заттарды, құрылыстар мен орындарды бүлдіруге жол берілмейді.
    8. Әркім Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес діни немесе өзге де нанымдарды ұстануға, діни бірлестіктердің қызметіне қатысуға және миссионерлік қызметпен айналысуға құқылы.
    9. Мемлекеттік бюджеттен және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бюджет қаражатынан қаржыландырылатын ұйымдардың жұмыскерлері діни бірлестіктердің мүддесінде қызмет бабын және онымен байланысты мүмкіндіктерін пайдалануға, сондай-ақ өзге тұлғаларды діни бірлестіктердің қызметіне қатысуға мәжбүрлеуге құқылы емес.
    10. Ешкімнің өз діни нанымдарының себептері бойынша Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарында көзделген міндеттерін атқарудан бас тартуға құқығы жоқ.
    Діни қызметшілер, миссионерлер, діни бірлестіктердің басшылары немесе қатысушылары (мүшелері) болып табылатын Қазақстан Республикасының азаматтары саяси өмiрге Қазақстан Республикасының барлық азаматтарымен бірдей тек өз атынан ғана қатыса алады.
    11. Дін мен діни бірлестіктердің мемлекеттен бөліну қағидатына сәйкес мемлекет:
    1) Қазақстан Республикасы азаматының, шетелдік пен азаматтығы жоқ адамның дінге және ұстанатын дініне өз көзқарасын айқындауына, балаларды ата-анасының немесе олардың өзге де заңды өкілдерінің өз нанымдарына сәйкес тәрбиелеуіне, мұндай тәрбиелеу баланың өмірі мен денсаулығына қатер төндіретін, оның құқықтарына қысым жасалатын және жауапкершілігін шектейтін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысына, егемендігіне және аумақтық тұтастығына қарсы бағытталған жағдайларды қоспағанда, араласпайды;
    2) діни бірлестіктерге мемлекеттік органдардың функцияларын орындауды жүктемейді;
    3) егер дiни бiрлестiктердiң қызметi Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмесе, дiни бiрлестiктердiң қызметіне араласпайды;
    4) дiн ұстанатын және оны ұстанбайтын Қазақстан Республикасының азаматтары, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар арасында, сондай-ақ әртүрлі діни бiрлестiктер арасында өзара төзушілік пен құрметтеу қатынастарын орнатуға жәрдемдеседі, діни радикализмнің көрініс табуына жол бермейді және экстремизмге қарсы іс-қимыл жасайды.
    12. Дін мен діни бірлестіктердің мемлекеттен бөліну қағидатына сәйкес діни бірлестіктер:
    1) мемлекеттiк органдардың функцияларын орындамайды және олардың қызметіне араласпайды;
    2) саяси партиялардың қызметіне қатыспайды, оларға қаржылық қолдау көрсетпейді, саяси қызметпен айналыспайды;
    3) Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтауға мiндеттi.
    13. Дiни негіздегі партиялардың қызметіне, мақсаттары мен әрекеттері мемлекетте бір дiннің үстемдігін орнықтыруға, діни өшпендiлiктi немесе алауыздықты, оның iшiнде зорлық-зомбылықпен немесе зорлық-зомбылыққа шақырумен және өзге де құқыққа қарсы әрекеттермен байланысты діни өшпендiлiктi немесе алауыздықты қоздыруға бағытталған діни бiрлестіктер құруға және олардың қызметiне тыйым салынады.
    14. Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен тiркелмеген дiни бiрлестiктердiң қызметiне, сондай-ақ олардың діни ілімді таратуына, сол сияқты Қазақстан Республикасының азаматтарын, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды дiнге көзқарасын айқындауда, діни бірлестіктердің қызметіне, дiни жораларға және (немесе) дiндi оқып-үйренуге қатысуына немесе қатыспауына қандай да бiр мәжбүрлеуге жол берiлмейдi.
    15. Қазақстан Республикасының азаматтарына, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға зорлық-зомбылық көрсетумен немесе олардың денсаулығына өзге де зиян келтірумен не ерлі-зайыптылардың некесін бұзумен (отбасының бұзылуымен) немесе туыстық қарым-қатынастарды тоқтатумен, имандылыққа нұқсан келтірумен, адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын бұзумен, азаматтарды Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарында көзделген міндеттерін атқарудан бас тартуға түрткі болумен және Қазақстан Республикасының заңнамасын өзге де бұзушылықпен ұштасатын діни бірлестіктер қызметіне жол берілмейді.
    16. Қазақстан Республикасының азаматтарын, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды мәжбүрлеп тартуға, оның ішінде қайырымдылық қызмет арқылы және (немесе) діни бірлестіктен шығуына, ұстанатын діннен бас тартуына кедергі келтіруге, оның ішінде материалдық немесе өзге де тәуелділігін пайдалана отырып бопсалау, күш қолдану немесе күш қолданамын деп қорқыту жолымен не алдау жолымен бағытталған діни бірлестіктердің қызметіне жол берілмейді.
    17. Діни бірлестіктің қатысушыларын (мүшелерін) және дін ұстанушыларды діни бірлестіктің, оның басшылары мен басқа да қатысушыларының (мүшелерінің) пайдасына өздеріне тиесілі мүлкін иеліктен шығаруға мәжбүрлеуге жол берілмейді.
    18. Дінді және діни көзқарастарды пайдалана отырып, мемлекеттік органдардың қызметіне көрінеу іріткі салуға, олардың үздіксіз жұмыс істеуінің бұзылуына, елдегі басқарушылық деңгейін төмендетуге ықпал ететін шешімдерді қабылдауға және әрекеттерді жасауға жол берілмейді.
    19. Діни бірлестіктің басшысы он алты жасқа толмаған кәмелетке толмағандарды ата-анасының біреуінің, кәмелетке толған жақын туысқанының немесе өзге де заңды өкілдерінің жазбаша келісімінсіз және еріп жүруінсіз, сондай-ақ ата-анасының бірі немесе кәмелетке толмаған адамның заңды өкілі қарсылық білдірген кезде құдайға құлшылық етуге, діни жораларға, рәсімдерге және (немесе) жиналыстарға қатыстыруға жол бермеу шараларын қолдануға міндетті.
    20. Қазақстан Республикасы азаматтарының шетел мемлекеттерінде рухани (діни) білім алуына Қазақстан Республикасында жоғарғы рухани (діни) білім алғаннан кейін ғана жол беріледі. Халықаралық шарт (келісім) негізінде, сондай-ақ тіркелген діни бірлестіктердің Қазақстанда рухани (діни) білім беру ұйымдары болмаған жағдайларда шетелде оқып-үйренуге болады.
    Рухани (діни) білім беру ұйымдары өз қызметтерін қоғамға білім беру, ғылыми-зерттеу және қаржы қызметі туралы хабардар ете отырып ашық түрде жүзеге асырады,.
    21. Деструктивті діни ағымдарға қатыстылығын көрсететін сыртқы атрибуттарды, киім-кешекті қоғамдық орындарда пайдалану, кию және таратуға жол берілмейді».
    3) 4-бапта:
    1) тармақша «дiни бiрлестiктермен өзара iс-қимыл саласындағы»деген сөздерден кейін «діни қызмет аясындағы» деген сөздермен толықтырылсын;
    10-2) тармақша келесідей мазмұнда толықтырылсын:
    «10-2). жергілікті атқарушы органдардың қызметінің тиімділігін бағалау үшін «деструктивті діни ағымдардың жақтаушыларының санының өзгеруі» мақсатты индикаторын есептеу әдістемесін бекітеді»;
    11) тармақша «діни мақсатағы» деген сөзден кейін «сонымен қатар үй-жайларды келіседі» деген сөздермен толықтырылсын;
    мынадай мазмұндағы 14) – 15) тармақшалармен толықтырылсын:
    «14) деструктивті діни ағымдарға қатыстылығын айқындайтын белгілерді, сыртқы атрибуттарды, киім-кешекті бекітеді;
    15) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.»;
    4) 5-бап мынадай редакцияда жазылсын:
    «5-бап. Жергілікті атқарушы органдардың діни қызмет және діни бірлестіктермен өзара іс-қимыл мәселелері бойынша құзыреті
    1. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары діни қызмет және діни бірлестіктермен өзара іс-қимыл мәлелелері бойынша:
    1) өңірдегі діни ахуалға зерделеу және талдау жүргізеді;
    2) өңірде жұмыс істеп тұрған дiни бiрлестiктердiң, миссионерлердiң, рухани (діни) білім беру ұйымдарының қызметiне зерделеу және талдау жүргiзедi;
    3) уәкiлеттi органға Қазақстан Республикасының дiни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнамасын жетiлдiру жөнінде ұсыныстар енгiзедi;
    4) діни қызмет саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;
    5) құқық қорғау органдарына Қазақстан Республикасының діни қызмет және дiни бiрлестiктер туралы заңнамасын бұзатын жеке және заңды тұлғалардың қызметiне тыйым салу жөнiнде ұсыныстар енгiзедi;
    6) Қазақстан Республикасының дiни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнамасын бұзушылықтарға қатысты жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарайды;
    7) өз құзыретіне жататын мәселелер бойынша жергілікті деңгейде түсiндiру жұмысын жүргiзедi;
    8) діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы стационарлық үй-жайлардың орналастырылуын бекітеді, сондай-ақ ғибадат үйлерінен (ғимараттарынан) тыс жерде діни іс-шаралар өткізуге арналған үй-жайлардың орналастырылуын келіседі;
    9) ғибадат үйлерін (ғимараттарын) салу, олардың орналасатын жерін айқындау, сондай-ақ үйлерді (ғимараттарды) ғибадат үйлері (ғимараттары) етіп қайта бейіндеу (функционалдық мақсатын өзгерту) туралы шешімдер қабылдайды;
    10) діни бірлестіктерді құру кезінде бастамашы азаматтардың тізімдеріне, сондай-ақ қайта тіркеу, құрылтай құжаттарына енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды тіркеу кезінде қатысушылардың (мүшелердің) тізімдеріне тексеру жүргізуді қамтамасыз етедi;
    11) миссионерлiк қызметті жүзеге асыратын адамдарды тіркеуді жүргізеді;
    12) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасында жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
    2. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органы:
    1) өңірдегі діни ахуалға зерделеу және талдау жүргізеді;
    2) өңірде жұмыс істеп тұрған дiни бiрлестiктердiң, миссионерлердiң, рухани (діни) білім беру ұйымдарының қызметiне зерделеу және талдау жүргiзедi.
    3. Қаладағы ауданның, аудандық маңызы бар қаланың әкiмi:
    1) өңірдегі діни ахуалға зерделеу және талдау жүргізеді;
    2) өңірде жұмыс істеп тұрған дiни бiрлестiктердiң, миссионерлердiң, рухани (діни) білім беру ұйымдарының қызметiне зерделеу және талдау жүргiзедi.»;
    5) 6-бапта:
    1-тармақтың 3) тармақшасы«діни бірлестіктерді тіркеу туралы өтініші» деген сөздерден кейін «, сондай-ақ діни бірлестіктердің өздерінің филиалдарын (өкілдіктерін) есептік тіркеу туралы өтініші» деген сөздермен толықтырылсын;
    3-тармақтағы «дінтану саласында арнайы білімі бар адамдар, қажет болған жағдайда» деген сөздер «діни қызмет саласында арнайы білімі және (немесе) жұмыс тәжірибесі бар сарапшылар, қажет болған жағдайда уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен» деген сөздермен ауыстырылсын;
    мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:
    «5. Дінтану сараптамасының қортындысы негізінде Қазақстан Республикасының аумағында таратылуға ұсынылмаған діни әдебиетті, діни мазмұндағы ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды пайдалануға болмайды және олар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппенайналымнан алынуға тиіс.»;
    6) 7-бапта:
    тақырыптың мазмұны мынадай редакцияда жазылсын:
    «7-бап. Құдайға құлшылық ету, діни жоралар, рәсімдер және (немесе) жиналыстар»;
    мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
    «1-1. Діни бірлестіктер мінажат етуді Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ұйымдастырады.»;
    мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
    «2-1. Құдайға құлшылық етуді, діни жоралар мен рәсiмдерді Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген тәртіппен оларды өткізуге уәкілеттік берілген адамдар өткізеді.»;
    7) мынадай мазмұндағы 7-1-баппен толықтырылсын:
    «7-1-бап. Діни бірлестіктердің ғибадат үйлеріндегі (ғимараттарындағы), үй-жайларындағы жүріп-тұрудың ішкі тәртібі
    1. Діни бірлестіктер жарғысына сәйкес ғибадат үйлеріндегі (ғимараттарындағы), үй-жайларындағы жүріп-тұрудың ішкі тәртібін әзірлеуге құқылы.
    2. Қоғамдық тәртіпті және қоғамдық қауіпсіздікті қорғау жөніндегі шараларды қамтамасыз ету жағдайларын қоспағанда, діни бірлестіктердің ғибадат үйлеріндегі (ғимараттарындағы), үй-жайларындағы жүріп-тұрудың ішкі тәртібін бұзуға жол берілмейді.»;
    8) 8-бапта:
    4-тармақ мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
    «2-1) рухани (діни) білімінің бар екендігін растайтын құжатты;»;
    5-тармақта:
    «қорытындысы негізінде» деген сөздерден кейін «және (немесе) анық емес мәліметтер ұсынған жағдайда» деген сөздермен толықтырылсын;
    «конституциялық құрылысқа,» деген сөздерден кейін «қоғамдық қауіпсіздікке,» деген сөздермен толықтырылсын;
    6-тармақта:
    «діни мазмұндағы» деген сөздер «діни әдебиетті, діни мазмұндағы ақпараттық» деген сөздермен ауыстырылсын;
    9) 9-бапта:
    тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
    «9-бап. Діни әдебиет, діни мазмұндағы ақпараттық материалдар және діни мақсаттағы заттар»;
    мынадай мазмұндағы 6-тармақпен толықтырылсын:
    «6. Ата-анасы немесе кәмелетке толмағандардың өзге де заңды өкілдері тәрбиелеу мақсатында пайдаланатын әдебиет пен материалдарды, сондай-ақ рухани (діни) білім беру ұйымдарында ресми білім алатын балаларға таратылатын әдебиет пен материалдарды қоспағанда, он алты жасқа толмаған кәмелетке толмағандарға діни әдебиетті, діни мазмұндағы ақпараттық материалдарды таратуға жол берілмейді.»;
    10) 10-бапта:
    Тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
    «10-бап. Діни бірлестіктердің қайырымдылық және ақпараттық қызметі»;
    2-тармақтағы «материалдық тәуелділік (қажеттілік)» деген сөз» «материалдық (қажеттілік) немесе басқалай тәуелділік» деген сөзбен ауыстырылсын.
    мынадай мазмұндағы 3 және 4-тармақтармен толықтырылсын:
    3. Діни ілімді таратуға тіркелген діни бірлестіктердің қатысуымен құрылған бұқаралық ақпарат құралдары арқылы ғана жол беріледі.
    4. Жеке және заңды тұлғаларға деструктивті діни ағымдар идеологиясын таратуға, соның ішінде бұқаралық ақпарат құралдары арқылы таратуға тыйым салынады.»;
    11) 12-бапта:
    2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
    «2. Бір облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың шегінде жұмыс істейтін діни бірлестік жергілікті діни бірлестік деп танылады.
    Жергілікті діни бірлестік ортақ діни ілімді ұстанатын, осы жергілікті діни бірлестік жұмыс істейтін аумақ шегінде тұрақты тұратын және тұрғылықты жері бойынша тіркелген Қазақстан Республикасының кемінде елу кәмелетке толған азаматының бастамасы бойынша құрылады.»;
    3-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
    «Әрқайсысынан Қазақстан Республикасының кемінде екі жүз елу азаматы бар екі және одан көп жергілікті діни бірлестіктің қатысушылары (мүшелері) болып табылатын, Қазақстан Республикасының кемінде бес жүз азаматының бастамасы бойынша құрылған діни бірлестік өңірлік діни бірлестік деп танылады.»;
    13) 13-бап мынадай мазмұндағы 6-тармақпен толықтырылсын:
    «6. Мыналардіни бірлестік құруға бастамашы, сондай-ақ діни бірлестіктің қатысушысы (мүшесі) бола алмайды:
    1) «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстыруға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» 2009 жылғы 28 тамыздағы № 191-IV Қазақстан Республикасы Заңының12-бабының 4-тармағына сәйкес тізбеге енгізілген адам;
    2) соттың заңды күшіне енген шешімімен оның әрекеттерінде экстремистік әрекет белгілері бар деп анықталғанадам;
    3) мемлекеттік қызметші.»;
    14) 17-бапта:
    «дәйексіз мәліметтер» деген сөздерден кейін«оның мақсаты мен міндеті Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына қайшы келсе» деген сөздермен ауыстырылсын;
    15) 20-бап мынадай мазмұндағы 1-1, 1-2-тармақтармен толықтырылсын:
    «1-1. Түсетін қаржы қаражаты, қайырмалдық, қайырымдылық көмек және басқа да мүлік, оның ішінде халықаралық және шетелдік ұйымдардан, шетелдік азаматтар мен азаматтығы жоқ адамдардан түсетіндер міндетті түрде діни бірлестіктердің қаржылық құжаттарында есепке алынады.
    1-2. осы баптың 1-1. тармағында көрсетілген барлық кіріс көлемі және көздері, сондай-ақ шығыстар көлемі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жыл сайын бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.».
    16) 22-1-бапта:
    5 атауы мынадай мазмұнда толықтырылсын:
    «22-1-бап. Діни бірлестіктердің қызметі бойынша бақылауды уәкілетті органмен жүзеге асыру
    Осы заңның орындалуын мемлекеттік қадағалау тексеру түрінде жүзеге асырылады.
    Тексеру Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік туралы кодексіне сәйкес жүзеге асырылады.»
    10. «Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiгі туралы» 2012 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2012 ж., № 1, 3-құжат; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 14, 94-құжат; 2013 ж., № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 7, 37-құжат; № 11, 61-құжат; № 14, 84-құжат; № 16,90-құжат; № 21, 118, 122-құжаттар; 2015 ж., № 20-IV, 113-құжат; № 21-II, 130-құжат; № 22-V, 154, 156-құжаттар; № 23-II, 172-құжат; 2016 ж., № 7-I, 50-құжат; № 12, 87-құжат, № 24, 126-құжат):
    1) 5-бапта:
    1-тармақта:
    28) тармақшадағы «дін істері жөніндегі» деген сөздер «діни қызмет саласындағы» деген сөздермен ауыстырылсын;
    11. «Қазақстан Республикасының iшкi iстер органдары туралы» 2014 жылғы 23 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 8, 48-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 1, 2-құжат; № 16, 79-құжат; № 21-I, 125-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; № 24, 129, 131-құжаттар; 2017 ж., № 8, 16-құжат):
    1) 6-бапта:
    2-тармақ мынадай мазмұндағы 6-1) тармақшамен толықтырылсын:
    «6-1) жеке тұлғаларға тергеп-тексерілуі ішкі істер органдарының құзыретіне жатқызылған экстремистік және террористік қылмыстарды, сондай-ақ діни қызмет саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтарды жасауға жағдай жасайтын әрекеттерге жол бермеу туралы орындалуы міндетті ресми алдын ала ескетулерді жазбаша нысанда жариялайды;»;
    30) тармақша «есепке алынған адамдарды» деген сөздерден кейін«, сондай-ақэкстремистік және террористік қылмыстарды жасауға жағдай жасайтын әрекеттерге қатысты ресми алдын ала ескерту шығарылғанадамдарды» деген сөздермен толықтырылсын.
    12.«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2015 ж., № 22-V, 153-құжат; 2016 ж., № 7-I, 50-құжат; № 22, 1116-құжат;№ 24, 123-құжат;):
    1) 13-бапта:
    1-тармақтың 7) тармақшасындағы «пайдалануға құқылы емес.» деген сөздер «пайдалануға;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 8) – 10) тармақшалармен толықтырылсын:
    «8) діни бірлестіктердің мүддесіндеқызмет бабын және онымен байланысты мүмкіндіктерін пайдалануға;
    9) өзге тұлғаларды діни бірлестіктердің қызметіне қатысуға мәжбүрлеуге;
    10) діни бірлестікті құруға бастамашы, сондай-ақ оның қатысушысы (мүшесі) болуға құқылы емес.».
    2 бап.
    1. Осы Заң келесілерді қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi,:
    1) 1-баптың 9-тармағының 12) тармақшасының алтыншы абзацы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі;
    2) 2018 жылғы 1 қыркүйекте күшіне енетін 1-баптың 9-тармағының 2) тармақшасының отызыншы абзацы.
    2. Өңірлік және жергілікті діни бірлестіктер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қайта тіркеу рәсімінен өтуге міндетті. Сонымен бiрге, тiркеушi органға өңірлік дiни бiрлестiктiң мәртебесiн растайтын құжаттар табыс етiледi.
    Көрсетілген мерзім аяқталғаннан кейін осы Заңның талаптарына сәйкес құрылтай құжаттарын табыс етпеген заңды тұлғалар астананың, республикалық маңызы бар қалалардың және облыстардың жергілікті атқарушы органдарының шағымдары бойынша сот тәртібімен жойылады.

    Қазақстан Республикасының
    Президенті Н.Назарбаев

    © 2015 Информационный портал аппарата акима Жамбылского района