100%200%
Жамбыл ауданы әкімі аппаратының
ақпараттық порталы

    Жамбыл ауданының 2019 жылдың 8 айындағы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері

    2019 жылдың 8 айында ауданның  жалпы шығарылған өнім  көлемі                  43 млрд. 254,4 млн. теңгені құрап, 2018 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 127,8%-ды құрады (2018 жылдың 8 айы – 33 млрд. 832,1 млн. теңге).

    2019 жылдың 8 айында өнеркәсіп саласында 12 млрд. 982,2 млн. теңгеге өнім өндірілді. Бұл көрсеткіш 2018 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 207%-ды құрады (2018 жылдың 8 айы – 6 млрд. 251,9 млн. теңге). Нақты индекс көлемі 100,4% болды.

    2019 жылдың 8 айында «Амангелді газ өңдеу зауыты» ЖШС-гі 8 млрд.             963,3 млн. теңгеге 79,1 мың тонна өнім өндірді (2018 жылдың 8 айы –                   928,0 млн. теңгеге 82,4 мың тонна).

    2019 жылдың 8 айында «КнауфГипсТараз» ЖШС-де 740,8 млн. теңгеге (352,1 мың тонна) гипс өнімдері өндірілді немесе 100,6%-ды құрады                           (2018 жылдың 7 айы – 736,6 млн. теңгеге 356,3 мың тонна).

    «БиномСтройДеталь» ЖШС-гі 205,5 млн. теңгеге (19,9 мың тонна) темірбетон бұйымдарын шығарды немесе өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 131%-ға орындалды (2018 жылдың 8 айы – 156,9 млн. теңгеге            15,4 мың тонна).

    «Суперфарм» ЖШС-гі 425,3 млн. теңгеге (2 857 мың дана) матадан жасалмайтын медициналық бұйымдар шығарды немесе 55%-ды құрады                (2018 жылдың 8 айы – 780,1 млн. теңгеге 8 408 мың дана).

    2019 жылдың 8 айында «КазУпакТрейд» ЖШС-де 71,8 млн. теңгеге          (7,2 мың тонна) гипс өнімдері өндірілді немесе 77,8%-ды құрады                        (2018 жылдың 8 айы – 92,2 млн. теңгеге 9,2 мың тонна).

    2019 жылдың 8 айында ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы шығарылымы 13 млрд. 276,1 млн. теңгені немесе 2018 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 128,4%-ды құрады (2018 жылдың 8 айы – 10 млрд. 338,7 млн. теңге). Ал, нақты көлем индексі 105,6%-ға жетті.

    – Өсімдік шаруашылығы бойынша 5 млрд. 125,1 млн. теңгеге өнім өндірілді немесе 2018 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 155,4%-ды құрады (2018 жылдың 8 айы – 3 млрд. 298,6 млн. теңге). Нақты көлем индексі 106,8%-ға жетті.

    – Мал шаруашылығында өндірілген өнім көлемі 8 млрд. 138 млн. теңгені құрады немесе 115,9%-ға орындалды (2018 жылдың 8 айы – 7 млрд. 018,2 млн. теңге). Нақты көлем индексі 105,0%-ға жетті.

    Аудан бойынша 2019 жылға ауыл шаруашылығы дақылдарының жоспарлы егіс көлемі 55 300 гектарды құрап отыр. Оның ішінде, 2 000 га күздік бидай, 11 010 га жаздық арпа, 1 500 га дәндік жүгері, 3 640 га майлы дақылдар, 1 500 га қант қызылшасы, 425 га картоп, 7 290 га көкөніс, 535 га бақша, 27 400 га көпжылдық шөп.

    2019 жылға нақты 2 026 га күздік бидай, 11 310 га жаздық арпа, 1 672 га дәндік жүгері, 3 151 га майлы дақылдар, 605 га қант қызылшасы, 525 га картоп, 7 660 га көкөніс, 741,5 га бақша және 36 308 га мал азығы себілді. Жалпы егістік 63 998,5 га құрады.

    Масақты дәнді дақылдар толық орылды. Жалпы түсім күздік бидайдан             48 621 тоннаны (24,0 ц/га) және жаздық арпадан 23 977 тоннаны (21,7 ц/га) құрады.

    2019 жылдың 16 қыркүйегі жағдайына 1 925 га майлы дақылдар, 515 га картоп, 3 330 га көкөніс, 741,5 га картоп жиналып, 53 320 га мал азығы орылды. Дақылдардың жалпы түсімі 2 476 тонна майлы дақылдар, 11 798 тонна картоп,      88 964 тонна көкөніс, 20 399 тонна бақша жиналып, 167 847 тонна мал азығы дайындалды. Әр гектардан түсім майлы дақылдар 12,9 центнерді, картоп            229,1 центнерді, көкөніс 267,2 центнерді, бақша 275,1 центнерді және мал азығы 31,5 центнерді құрады.

    Күздік бидай егуге 3 290 га жер дайындалды (жоспар 4 000 га).

    Ауданның жалпы жер көлемі 430 954 гектарды құрайды. Оның ішінде ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлер 244 999 гектар. Елді мекен жерлері                      28 258 гектар. Жалпы егістік жердің көлемі 64 189 гектар (32 974 гектар суармалы егістік, 31 215 гектар суарылмайтын егістік),  оның ішінде ауыл шаруашылығы мақсатындағы пайдалануға жарамды егістік көлемі 59 163 гектар (30 333 гектар суармалы егістік, 28 830 гектар суарылмайтын егістік),                1 638 гектар көп жылдық екпелер, 9452 гектар шабындық, 339 315 гектар жайылымдық, 16 360 гектар бөгде жер учаскелері.

    Соңғы екі жыл көлемінде 8 805,05 гектар жер мемлекеттік жер қорына алынып, 7 866,5 гектар жер конкурс арқылы қайта айналымға қосылды.

    Аудан бойынша 3 ауыл шаруашылық кооперативтері жұмыс істеп тұр. Атап айтқанда:

    – Аса а/о, Аса ауылы – «Аса Фермер» АӨК. Бордақыланатын МІҚ саны – 20 бас.

    – Гродеково а/о, Гродеково ауылы – «Алтын белгі» АӨК. Сауынды сиыр саны – 70 бас. Жинаған өнім көлемі – 163 тонна.

    – Бесағаш а/о, Түрксіб ауылы – «Бес-Тур» АӨК. Бордақыланатын МІҚ саны – 200 бас. Сауынды сиыр саны – 240 бас. Жинаған өнім көлемі – 95 тонна.

    Ағымдағы жылы жаңадан 7 ауыл шаруашылық кооперативтері құрылды. Олар:

    – Айшабибі а/о, Қаратау ауылы – «Райымбек» АШК. Егін және мал шаруашылығы бағыты бойынша.

    – Бесағаш а/о, Бесағаш ауылы – «Береке-Бесағаш» АШК. Егін және мал шаруашылығы бағыты бойынша.

    – Жамбыл а/о, Шайқорық ауылы – «Гүлжан» АШК. Сүт өнімдері бағыты бойынша. Сауынды сиыр саны – 362 бас.

    – Көлқайнар а/о, Еңбек ауылы – «Еңбек-2019» АШК. Жем-шөп өндіру бағыты бойынша.

    – Қарасу а/о, Ащыбұлақ ауылы – «Жанбике» АШК. Ет және сүт өнімдерін жинау бағыты бойынша. Сауынды сиыр саны – 20 бас.

    – Қаракемер а/о, Қаракемер ауылы – «Малдықыз» АШК. Ет және сүт өнімдерін жинау бағыты бойынша. Сауынды сиыр саны – 80 бас.

    – Қызылқайнар а/о, Жасөркен ауылы – «Аметкулов Шынарбек» АШК. Сүт өнімдері бойынша. Сауынды сиыр саны -735 бас.

    Аудан бойынша І-айналымда 78 жылыжайдың жұмыс істеп тұрған аумағы 9,34 га құрады. І-кезең бойынша 90 тонна қызанақ, 761,7 тонна қияр және 60 тонна тәтті бұрыш алынды.

    2018 жылы аудан бойынша барлығы 1 468 га егіс алқаптары жаңа су үнемдеу технологиялары ендірілді. Оның ішінде 230 га жаңбырлатып, 1 238 га тамшылатып суару әдісі енгізілген.

    2019 жылы 7 ауылдық округ бойынша 11 шаруашылықта 380 га тамшылатып суару әдісі ендірілді.

    2019 жылдың 8 айында барлығы 96 млн. 590 мың теңгеге 14 дана ауыл шаруашылығы техникалары сатып алынды. Оның ішінде лизинг жүйесімен                  23 млн. 810 мың теңгеге 3 дана техника алынды (Айшабибі а/о – «Досымхан» ШҚ 1 дана, Полатқосшы а/о – «Юсупов» ШҚ 2 дана).  Шаруа қожалықтардың өз қаражаттары есебінен 72 млн. 780 мың теңгеге 11 техника сатып алынды (Аса а/о – ЖК Кулыбаева 1 дана, Ақбастау а/о – «Даулет» ШҚ 1 дана, Қаракемер а/о – «Ғалымжан» ШҚ 5 дана, Гродиково а/о – Усуналиев Б. 1 дана, «Тимофеев» ФШҚ 2 дана, Жамбыл а/о – «Береке» ШҚ 1 дана ).

    Ауданда 2019 жылға арналған эпизоотияға қарсы атқарылатын іс-шаралар жоспарына сәйкес 105 млн. теңге бөлінді. Есепті кезеңде төмендегідей егу-емдеу жұмыстары жүргізілді:

    • туберкулезге қарсы егу 32 500 бас мүйізді ірі қара, 40 бас түйе;
    • аусылға қарсы егу 85 000 бас мүйізді ірі қара, 265 800 бас қой-ешкі, 1 800 бас шошқа;
    • Сібір жарасына 36 000 бас мүйізді ірі қара, 160 000 бас қой-ешкі, 10 000 бас жылқы, 30 бас түйе, 1 650 бас шошқа.

    Эхинакоккозға қарсы 15 000 бас итке егу жұмыстары жүргізілді.

    2019 жылдың 8 айында сарып (бруцеллез) ауруына аудан бойынша                 36 364 бас ірі қарадан және 152 497 бас ұсақ малдан қан сынамалары алынып,                 44 бас МІҚ мен 216 бас ұсақ мал оң нәтиже көрсетті.

    Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру және деректер қорына енгізу бойынша 2019 жылға аудандық бюджеттен 4 млн. 819 мың теңге бөлінді. Есепті кезеңде 25 778 бас МІҚ, 137 510 бас ұсақ мал, 2 533 бас жылқы, 50 түйе және 942 бас шошқа бірдейленді.

    Қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулап жою жұмыстарына 3 млн. 034 мың теңге бөлініп, 1 167 қаңғыбас иттер ауланып жойылды.

    Конго-Қырым геморрагиялық қызбасына қарсы залалсыздандыру жұмыстарының бірінші кезеңі толық атқарылып, екінші кезеңге 1 912 бас МІҚ,            8 833 бас ұсақ мал, 549 бас жылқы, жалпы аумағы 553 800 шаршы метрді құрайтын 885 қора-жай және 29 400 шаршы метр буферлік аумаққа дезинсекция жұмыстары толық аяқталды.

    2019 жылға 5 ветеринариялық пунктпен қамту жоспарланған. Бүгінгі таңда Айшабибі, Көлқайнар, Бесағаш, Қызылқайнар және Полатқосшы ауылдық округтерін ветеринариялық пунктпен және жанынан елді мекендердегі ауыл шаруашылығы малдарына дәрі-дәрмек егуге, қан сынамаларын алуға және ірі қара малдарды эктопаразиттерге қарсы шомылдыруға арналған алаңдармен қамтамасыз ету үшін аудандық бюджеттен 39 млн. 010 мың теңге бөлініп, тиісті жұмыстар жүргізілуде.

    Сондай-ақ, Айшабибі, Қаракемер және Қарасу ауылдық округтерінен уақ малдарға мал тоғытпаларын салуға жергілікті бюджеттен 21 млн. 844 мың теңге бөлініп, құрылыс жұмыстары толық аяқталды.

    2019 жылдың 8 айында 26 844,4 тонна сүт, тірі салмақта 5 011 тонна және сойыс салмақта 2 749,8 тонна ет, 45 222,6 мың дана жұмыртқа өндірілді.                     2018 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда сүт 104,1 пайызға, ет 106,1 пайызға, жұмыртқа 112,8 пайызға орындалды.

    Ауданда ірі қара малының басы – 44 162, қой-ешкі – 250 044, жылқы –          17 965, түйе – 118, үй құстары – 339 669 басқа жетіп, шошқа малының саны             1 801 басты құрады.

    Аудан көлемінде 6 370 басқа арналған 13 мал бордақылау алаңдары        (МІҚ–5 390 бас, қой – 650 бас, жылқы – 330 бас) және 14 тауарлы сүт фермалары (МІҚ-2 230 бас, оның ішінде 1 731 бас сиыр) бар.

    2019 жылдың 8 айында жалпы көлемі 3 млрд. 322,9 млн. теңгеге құрылыс жұмыстары жүргізілді, бұл 2018 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 145,1%-ды құрады (2018 жылдың 8 айы – 2 млрд. 290,7 млн. теңге). Ал нақты көлем индексі 138%.

    2019 жылы бюджет қаражаттары есебінен 1 млрд. 118 млн. теңгеге құрылыс жұмыстары жүргізіледі. Атап айтқанда:

    – Аса ауылындағы «Байтерек» массивіне инженерлік инфрақұрылымы және абаттандыру құрылысына аудандық бюджеттен 23,5 млн теңге бөлініп, толығымен игерілді;

    – Түрксіб ауылынан 140 орындық мектеп құрылысы республикалық бюджеттен 500,0 млн.теңге және облыстық бюджеттен 55,5 млн. теңге бөлініп, есепті кезеңде 304,8 млн. теңгесі игерілді;

    – Бірлесу-Еңбек ауылынан 140 орындық мектеп құрылысына облыстық бюджеттен 353,6 млн. теңге бөлініп, толығымен игерілді. Нысан ағымдағы жылдың 1 қыркүйегінде пайдалануға берілді;

    – Айшабибі ауылының купка құрылысын салу үшін аудандық бюджеттен  6,2 млн. теңге бөлініп, толығымен игерілді;

    – Қаракемер ауылының купка құрылысын салу үшін аудандық бюджеттен  6,2 млн. теңге бөлініп, толығымен игерілді;

    – Қарасу ауылының купка құрылысын салу үшін аудандық бюджеттен                 6,3 млн. теңге бөлініп, толығымен игерілді;

    – Аса ауылы Абай көшесінен әмбебап залы бар спорт кешені құрылысына «Ауыл – ел бесігі» арнайы жобасы аясында республикалық бюджеттен 150,0 млн.теңге және облыстық бюджеттен 16,7 млн. теңге бөлініп, есепті кезеңде 50 млн. теңгесі игерілді.

    2019 жылдың 8 айында негізгі капиталға салынған инвестицияның жалпы көлемі 18 млрд. 872,9 млн. теңгені немесе 2018 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 106,5%-ды құрады (2018 жылдың 8 айы – 17 млрд. 724,1 млн. теңге). Нақты көлем индексі 103,5%-ға жетті.

    Жан басына шаққанда негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі  225 798 теңгені құрады және 2018 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 105,2%-ды құрады (2018 жылдың 8 айы – 214 548 теңге).

    2019 жылдың 8 айында бөлшек сауда тауар айналымы 4 млрд.                605,8 млн. теңге немесе 129,4% болды (2018 жылдың 8 айы – 3 млрд. 559,1 млн. теңге). Нақты көлем индексі 122,3%-ды құрады.

    Сонымен қатар, көтерме сауда айналымының көлемі 9 млрд.                  067,4 млн. теңгені немесе 2018 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда               79,6% болды (2018 жылдың 8 айы – 11 млрд. 391,7 млн. теңге). Нақты көлем индексі 74,9%-ды құрады.

    Орташа айлық жалақы көлемі 128 658 теңгені немесе 2018 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 110%-ды құрады (2018 жылдың 8 айы –                 117 015 теңге).

    2019 жылдың 8 айында жалпы алаңы 44 168 шаршы метрді құрайтын                  жеке меншік тұрғын үй қабылданды, бұл 2018 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 126,3%-ға орындалды (2018 жылдың 8 айы – 34 970 шаршы метр).

    Аудан бойынша тұрғын үй кезегінде 670 адам тұр. Оның ішінде жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 100 бала, әлеуметтік әлсіз топтағы 305 адам, 155 көп балалы отбасы  және 110 мемлекеттік қызметшілер.

    Сондай-ақ, жалпы аудан бойынша 9 568 адам жеке меншік тұрғын үй құрылысына жер телімін алуға кезекте тұр.

    Аудан бойынша салықтық түсімдердің орындалуы 105,2%-ды құрады (жоспар 3 655,8 млн. теңге; нақты 3 846,3 млн. теңге).

    Республикалық  бюджет  96,9%-ға орындалды (жоспар 925,7 млн. теңге; нақты 896,8 млн. теңге).

    Жергілікті бюджет  108%-ға орындалды (жоспар 2 730,1 млн. теңге; нақты 2 949,5 млн. теңге). Оның ішінде аудандық бюджет 161,6 млн. теңгеге (жоспар 1 943,9 млн. теңге; нақты 2 105,6 млн. теңге), облыстық бюджет 57,8 млн. теңгеге (жоспар 786,2 млн. теңге; нақты 843,9 млн. теңге) артық орындалды.

    2019 жылдың 8 айында бюджеттің игерілуі 98,4%-ды құрады (жоспар                 10 322,8 млн. теңге; нақты 10 160,1 млн. теңге).

    2019 жылдың 8 айында аудан бойынша жалпы тіркелген                                    4 800 кәсіпкерлік нысандарында 7 534 адам жұмыспен қамтылды. Барлық шағын кәсіпкерлік саласы бойынша есепті кезеңде 16 млрд 296,5 млн. теңгенің өнімі өндірілген. Бұл ауданда жалпы шығарылған өнім көлемінің                           45,2% құрайды.

    2019 жылдың 8 айында «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы аясында 6 жоба мақсатында пайыздық ставканы субсидиялау шартымен                      442 млн. теңге көлемінде несие алды. Оның ішінде 69,2 млн. теңгеге кепілдеме берілген.

    «Жамбыл облысы бойынша тұрмыстық табысын жақсарту» пилоттық жобасы аясында аудан бойынша Бесағаш ауылдық округі таңдалып алынды. Округ бойынша іске асыруға 735 млн. 409,2 мың теңгеге 933 жоба ұсынылды. 939 жаңа жұмыс орындарын ашу жоспарланып отыр. Оның ішінде:

    – үй іргесіндегі жерді тиімді пайдалану бойынша – 65 млн. 968,7 мың теңгеге 799 жоба, 799 жұмыс орны;

    – ауладағы мал шаруашылығын тиімді пайдалану – 261 млн. 400 мың теңгеге 117 жоба, 117 жұмыс орны;

    – тұрғындардың ауыл сыртындағы жер үлесін тиімді пайдалану – 78 млн. 782,2 мың теңгеге 96 жоба (1 397,5 га егістік);

    – кооперативтерді жабдықтау немесе құру – 292 млн. 858,2 мың теңгеге 1 жоба;

    – тұрғындардың өз кәсібін ашуға немесе кеңейтуге арналған шағын жобаларды қаржыландыру – 36 млн. 400 мың теңгеге 16 жоба, 22 жұмыс орны.

    Аудан бойынша автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы                        716,7 шақырымды құрайды. Атап айтқанда:

    – республикалық маңызы бар жолдардың жалпы ұзындығы 72 шақырым. Оның 58 шақырымы «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» автожолы;

    – облыстық маңызы бар автомобиль жолдарының ұзындығы 85,7 шақырым;

    – аудандық маңызы бар жолдардың жалпы саны 35, ұзындығы                     163,0 шақырым;

    – елді мекендердегі көшелер саны – 475, ұзындығы – 396 шақырым. Оның   157 шқ асфальтті төсем, 239 шқ шағалды төсем.

    2019 жылы аудан бойынша автомобиль жолдарын ұстауға 48,5 млн. теңге және аудандық мәндегі автомобиль жолдарын жөндеуге 128,9 млн. теңге бөлінді. Бұл қаражаттарға аудандық маңызы бар ұзындығы 50,25 шқ 5 жол                           (Аса-Мырзатай, Айшабибі-Қаратау, Пионер-Сеңгірбай, Құмтиын-Өрнек-Ерназар жолдары) орташа жөндеуден өткізілді.

    Сонымен қатар, ауыл ішілік жолдарды жөндеуге 260,3 млн. теңге бөлініп, бұл қаражаттарға 11 ауылдың жалпы ұзындығы 22,684 шқ құрайтын 29 көше жолдары жөндеуден өткізілуде.

    2019 жылы жалпы аудан бойынша автомобиль жолдарын жөндеуге және ұстауға 472,2 млн. теңге бөлінді.

    Аудандағы 42 елді мекеннің 19-да орталықтандырылған ауыз су жүйесі бар (45,2%). 83 583 адамның орталықтандырылған ауыз сумен 39 701-і немесе     47,5% қамтылған.

    Жалпы тұрғындарды сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету көрсеткіші 75,1% құрады (83 583 халықтың 62 770 қамтылған).

    Аудан бойынша 42 елді-мекеннің 24-і газбен қамтылған немесе                 57,1%-құрайды.

    2017 жылы 13 елді мекенге (Рахат, Еңбек, Тастөбе, Көлқайнар, Қарасу, Шайдана, Қаракемер, Құмтиын, Жұма, Өрнек, Ерназар, Қаратау, Әулиекөл) магистралдық газ құбырларын жүргізу мақсатында Жамбыл облысы әкімдігінің энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы басқармасы тарапынан жобалық-сметалық құжаттамалары дайындалды. Жалпы жобаның құны – 4 млрд. 531,4 млн. теңге.

    Ағымдағы жылы республикалық бюджеттен 300 млн. теңге және облыстық бюджеттен 33 млн. теңге бөлініп, газ тарату нүктесінен бастап қаражат көлеміне қарай магистралдық газ құбырларын жүргізу жұмыстары басталды.

    Аталған нысан өтпелі болып, 2020 жылға республикалық бюджеттен қаражат толығымен бөлінген жағдайда магистралдық газ құбырларының құрылыс-монтаж жұмыстарын толығымен аяқтау жоспарлануда.

    Елді мекендерге ауыл ішілік газ құбырларының құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізу мақсатында ЖСҚ-н дайындау үшін облыстық бюджеттен қаражат бөлуге өтінім берілді. Осыған сәйкес, ағымдағы жылы 5 елді мекеннің (Ащыбұлақ, Тастөбе, Рахат, Қаракемер, Еңбек) ішкі желілік газ құбырларының ЖСҚ-н дайындауға 40 млн. 525 мың теңге бөлініп, тиісті жұмыстар жүргізілуде. Қалған 8 елді мекен бойынша ЖСҚ-дайындауға 2020 жылы облыстық бюджеттен қаржы бөлу жоспарлануда.

    Жалпы 13 елді мекеннің тұрғындарын магистралдық және ішкі желілік газ құбырларының құрылысын аяқтап, табиғи газға қосу 2021 жылға жоспарланып отыр.

    «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы аясында 2019 жылға жалпы сомасы 73 млн. 705 мың теңге бөлініп, 8 айда игерілгені 65 млн. 891,5 мың теңге. Бұл қаражаттарға 17 ауылдық округке 8 ауыл ішілік жолдары, 2 көшенің тротуарларын жөндеу, 1 спорт алаңын және 3 шағын футбол алаңын орнату,                2 шағын футбол алаңын ағымды жөндеу, 1 балалар ойын  алаңын орнату,                    1 ҰОС ескерткіштерін жөндеу және 3 ауылды жарықтандыру жұмыстары жүргізіледі.

    Жамбыл ауданы бойынша «Ауыл-Ел бесігі» жобасы аясында                       35 жобаны іске асыруға жалпы құны 726 млн. 870 мың теңге қаржы қарастырылды (республикалық бюджеттен 654 млн. 181 мың теңге, облыстық бюджеттен 72 млн. 689 мың теңге).

    Оның ішінде: электрмен жабдықтауға 8 жобаға 86 млн. 005 мың теңге, сумен жабдықтауға 1 жобаға 14 млн. 757 мың теңге, білім нысандарын жөндеуге 3 жобаға 149 млн. 533 мың теңге, спорт нысандарын жөндеуге                      2 жобаға 175 млн. 809 мың теңге, жол жөндеу жұмыстарына 21 жобаға 300 млн. 766 мың теңге бөлінді.

    Бүгінгі таңда, 1 білім беру нысаны мен 20 жолдың жөндеу жұмыстары толық аяқталды. 14 жоба бойынша құрылыс жұмыстары жүргізілуде.

    Дипломмен ауылға. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 6 қарашадағы «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну қағидаларын бекіту туралы» №72 бұйрығын орындау мақсатында аудан көлемінде төмендегі жұмыстар атқарылуда.

    Жамбыл ауданының елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген әлеуметтік сала мамандарына қолдау көрсету мақсатында тұрақты жұмыс істейтін комиссия құрылды (Жамбыл ауданы әкімдігінің 2019 жылғы             8 қаңтардағы №1 қаулысы).

    2009-2019 жылдың  20 қыркүйегіне ауданға жұмыс істеу және тұру үшін келген 226 маманға жалпы сомасы 31,2 млн.теңге көлемінде көтерме жәрдем ақы берілді.

    Оның ішінде: денсаулық сақтау саласы бойынша 101 маман                        (13,1 млн.теңге), білім беру саласынан 82 маман (11,8 млн.теңге), мәдениет саласынан 9 маман (1,2 млн. теңге), спорт саласынан 8 маманға (1,0 млн.теңге), агроөнеркәсіптік кешен саласы бойынша 26 маман (3,8 млн.теңге). (Бір маманның қаржысы – 100 АЕК).

    Сонымен қатар, 2010-2019 жылдың 20 қыркүйегіне мамандарды ауданға тұрақтандыру мақсатында 112 маманға жалпы сомасы 323,5 млн. теңгені құрайтын тұрғын үй сатып алуға бюджеттік кредит берілді.

    Оның ішінде: денсаулық сақтау саласы бойынша 50 маман (147,7 млн. теңге), білім беру саласынан 42 маман (116,2 млн. теңге), мәдениет саласынан 6 маман (16,8 млн.теңге), спорт саласынан 4 маман (9,8 млн.теңге), агроөнеркәсіптік кешен саласынан 10 маман  (32,9 млн.теңге). (Бір маманның қаржысы – 1500 АЕК аспайтын сома).

    2009-2018 жылдар аралығында 22 маман (20 көтерме жәрдемақы,                      2 кредит алған мамандар) келісім шартты біржақты бұзды (оның ішінде                     17 денсаулық сақтау саласы, 1 білім беру саласы, 1 мәдениет, 1 спорт,                        2 ветеринар саласы мамандары. 20 көтерме жәрдемақы алған маманның 13-і келісім шартты бұзу уақытында қаржысын қайтарды қалған 7-уі сотқа беріліп, сот арқылы қайтарылуда).

    Денсаулық сақтау саласы бойынша несиені мерзімінде төлемеген                     2 азаматшаның құжаттары (М.Шагабалиева мен А. Карбозова) аудандық сотқа жолданып, өндіру жөнінде сот шешімі шығарылып, сот орындаушыларға жіберілді.

    Жұмыссыздық деңгейі 4,5%-ға жетті (2018 жылдың 8 айы – 4,5%). Күнкөрістің ең төменгі деңгейінің шамасы халықтың орта есеппен жан басына шаққанда 30 036 теңгені құрады  (2018 жылдың 8 айы – 24 922 теңге).

    2019 жылдың 8 айында кешенді жоспар бойынша 1 732 адам жұмыспен қамтылды (жоспар – 2 763 адам). Жоспар 62,7%-ға орындалды. Оның ішінде:        257 адам қысқа мерзімдік кәсіптік оқытуға және 123 адам кәсіпкерлік негіздерін оқытуға жолданды, 74 адамға шағын несие және 23 адамға жаңа бизнес идеяларды іске асыруға арналған мемлекетті грант берілді, 566 адам тұрақты жұмысқа, 109 адам әлеуметтік жұмыс орындарына, 272 адам жастар тәжірибесі бойынша, 308 адам ақылы қоғамдық жұмыстарға тартылды.

    2019 жылдың 8 айында жұмыспен қамту бөліміне 1 741 адам жұмысқа орналасуға өтініш білдіріп, оның 1 254-ы қамтылды. Уәкілетті органдар арқылы жұмыспен қамтылу деңгейі – 72,0%-ды құрады.

    2019 жылдың 8 айында 2 876 отбасының 14 422 мүшесіне 1 млрд.              048,8 млн. теңге мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды және  2018 жылдан өтпелі соманы қоса алғанда 1 млрд. 068,9 млн. теңге төленді  (2018 жылдың 9 айында 861 отбасының 4 704 мүшесіне 113 362,1 мың теңге), 468 отбасының 2 625 мүшесіне 11 389,0 мың теңге тұрғын үй жәрдемақысы төленді (2018 жылдың 8 айында 721 отбасының 4 208 мүшесіне 16 380 мың теңге), 103 отбасыдағы 108 үйде оқытылып жатқан мүгедек балаларға                        3 950 мың теңге жәрдемақы тағайындалып, төленді (2018 жылдың 9 айында 158 отбасыдағы 164 балаға 3 320 мың теңге). Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген топтарына бір реттік әлеуметтік көмек 590 адамға  31 млн. 750 мың теңге тағайындалып, толық төленді (2018 жылдың 9 айында 634 адамға 15 269 мың теңге).

    Аудан бойынша 2019 жылдың 8 айында 2 605 мүгедектер тіркелген, оның 1 топтағысы 193 адам, 2 топтағысы 758 адам, 3 топтағысы 1 166 адам,              16 жасқа дейінгі мүгедек балалар саны 488 адам.

    Жалпы  2019  жылға  мүмкіндігі шектеулі  41  азаматты жұмыспен қамту жоспарланған. Қазіргі таңда 57 азамат жұмыспен қамтылды. Оның ішінде «Жастар практикасы» арқылы 4 адам, 16 адам ақылы қоғамдық жұмысқа, 3 адам әлеуметтік жұмыс орындарына, 6 адам қысқа мерзімдік кәсіптік оқытуға және  9 адам кәсіпкерлік негіздерін оқытуға жолдама алды, 7 азаматқа шағын несие берілді, 12 адам тұрақты жұмыспен қамтылды.

    Аудандық мекемелерге мүгедектердің кіріп-шығуына жағдай жасау мақсатында 2019 жылға 10 нысанды бейімдеуге 4 146,0 мың теңге бөлінді. Бүгінгі таңда, 2 нысан (Қарой және Қызылқайнар ауылдық округі әкімінің аппараттары) толық бейімделді және 1 нысан (Бесағаш ауылдық округі әкімінің аппараты) ішінара бейімделді.

    «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы» аясында                  2019 жылы 1 181 адамды жұмыспен қамту жоспарланса, есепті кезеңде                        1 166 адам жұмыспен қамтылып, жоспар 98,7%-ға орындалды.

    Бағдарламаның 1 бағыты қатысушыларды техникалық және кәсіптік біліммен және қысқа мерзімді кәсіптік оқумен қамтамасыз ету бойынша республикалық бюджеттен 41 млн. 905 мың теңге бөлініп, 220 адамды оқыту жоспарланып, 1-2 кезең бойынша 257 адам жолданды.

    Бағдарламаның 2 бағыты жаппай кәсіпкерлікті дамыту аясында                     2019 жылға 120 адамды кәсіпкерлік негіздерін оқытуға, 140 жұмыссыз азаматтарға несие беру және 74 адамға жаңа бизнес идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік грант беру жоспарланып отыр.

    Есепті кезеңде «Атамекен кәсіпкерлік палатасы» арқылы 1-2-3 кезең бойынша 123 адам оқуға жолданды. 74 адамға 298,5 млн. теңге көлемінде шағын несие берілді.

    3 азамат 100 АЕК мөлшерінде 757 мың 500 теңге мемлекеттік грант алды. 200 АЕК мөлшерінде 20 азаматқа 10 млн. 100 мың теңге мемлекеттік грант берілді. Сонымен қатар, алдағы уақытта 200 АЕК мөлшерінде 87 адамға 43 млн. 935 мың теңге грант беру жоспарлануда.

    Бағдарламаның 3 бағыты халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек ресурстарының ұтқырлығы арқылы еңбек нарығын дамыту бойынша азаматтарды мемлекеттік, салалық және өңірлік бағдарламалар аясында жүргізілетін құрылыс және жөндеу жұмыстарына тарту мақсатында 2019 жылы 248,1 млн. теңге бөлініп, бұл қаражаттарға 627 адамды жұмыспен қамту жоспарланса, есепті кезеңде нақты 689 адам орналасты. Атап айтқанда:

    • әлеуметтік жұмыс орындарына 109 адам (жоспар – 100 адам);
    • жастар тәжірибесі бойынша 272 адам (жоспар – 220 адам);
    • ақылы қоғамдық жұмыстарға 308 адам (жоспар – 307 адам).

    Денсаулық сақтау саласында 35 мекеме мен ұйымдар халыққа қызмет көрсетеді, онда барлығы 107 дәрігерлер мен 502 орта буындағы медицина қызметкерлері бар. Жалпы аудан бойынша 10 мың тұрғындарға дәрігерлермен қамтылу көрсеткіші 12,8 промильді құрады (2018 жылдың 8 айы – 13,6).

    2019 жылдың 8 айында 1000 адамға шаққанда туу көрсеткіші                            18,67 промильді құрады (2018 жылдың 8 айы – 21,44 промиль). 1000 адамға шаққанда өлім көрсеткіші 5,46 промильді құрады (2018 жылдың 8 айы –                   5,74 промиль).

    2019 жылдың 8 айында ана өлімі тіркелмеген. Ал 1 жасқа дейінгі сәбилер өлімі көрсеткіші 8,2 промильді құрады (2018 жылдың 8 айы – 10,7). Нәресте өлімі бойынша 10 жағдай орын алған (2018 жылдың 8 айы –                        13 жағдай).

    2019 жылдың 8 айында 22 адамда туберкулез ауруы анықталды. 100 мың адамға шаққанда туберкулезбен ауырғандар көрсеткішінің коэффиценті                     26,8 промильді құрады (2018 жылдың 8 айында 21 адам науқастанған немесе 37,5 промиль).

    Сонымен қатар, 2019 жылдың 8 айында 100 мың адамға шаққанда қант диабетімен науқастанғандар коэффициенті 93,8-ді (2018 жылдың 8 айы – 75,2), қан қысымымен науқастанғандар коэффициенті 1 776,1-ді (2018 жылдың 8 айы – 2 635,2), жаңадан пайда болған қатерлі ісік аурулары 88,9-ды (2018 жылдың                   8 айы – 72,8), наркологиялық тәуелділікке душар болғандар көрсеткіші 97,5-ті құрап (2018 жылдың 8 айы – 109,2), жүйкесі сыр бергендер көрсеткіші 11,0-ге жетті (2018 жылдың 8 айы – 7,3).

    Аудандағы жалпы 37 білім беру ұйымдарының (26 орта, 10 бастауыш,             1 негізгі мектеп) 899 сынып комплектісінде 16 260 балаға 1 899 ұстаз білім беруде. Сонымен қатар, мектепалды дайындық бойынша 81 сынып комплектісінде 1 270 бала білім алуда.

    Компьютерлік техникамен қамтамасыз ету деңгейі 1 компьютерге орташа есеппен 8 оқушыны құрайды. Жалпы ауданның барлық мектептері интернет желісіне қосылған. Оның ішіңде 25 мектепте 60 химия, физика, биология кабинеттері, 22 мектепте 30 кабинет лингофон және мультимедиялық құралдармен жабдықталған, 32 мектепте 110 интерактивтік тақталар бар. Барлық мектептерге  бейнебақылау орнатылған.

    2019 жылы білім беру саласына 9 млрд. 455,7 млн. теңге бөлінді.

    Жалпыға бірдей міндетті орта білім қорының шығындары 191,1 млн. теңгені құрады. Оның ішінде 96,9 млн. теңге аз қамтамасыз етілген отбасылардан шыққан 1 331  оқушыны тамақтандыруға бөлініп, игерілгені             50,3 млн.теңге. Бастауыш сыныптағы 1 688 оқушыларын ыстық тамақпен қамтуға 122,4 млн. теңге бөлініп, 59,9 млн. теңгесі игерілді.

    2018-2019 оқу жылында аудан көлемінде 22 елді-мекеннен 12 мектепке                  1 184 оқушы тасымалданып оқытылады.

    2018-2019 оқу жылына мектеп бітірушілер саны – 600 оқушы. ҰБТ тапсыруға өтініш білдірген оқушылар саны – 407 оқушы. Жалпы 67,8 пайызын құрап отыр. Оның ішінде, 16 оқушы «Алтын белгіге», 9 оқушы «Үздік аттестатқа» үміткер.

    Аудандағы мектепке дейінгі білім беретін 22 балабақшада (2 698 бала) және 20 мектеп базасындағы шағын орталықтарда (1075 бала) барлығы                               3773 бүлдіршіндер тәрбиеленуде. Ауданда 1 мен 6 жас аралығындағы бүлдіршіндерді мектепке дейінгі тәрбиемен қамту көрсеткіші 86,7 пайызды (облыстық көрсеткіш 84,0%) құрады. 3 пен 6 жас аралығындағы тәрбиемен қамту көрсеткіші – 99,1 пайызды (облыстық көрсеткіш 98%) құрайды.

    Аудан халқына 1 аудандық, 3 ауылдық мәдениет үйі, 15 ауылдық клуб,                   29 кітапхана, 1 жылжымалы «Зерде» бейнемобиль мәдениет ошақтары қызмет көрсетуде. 2019 жылдың 8 айында аудан көлемінде 463 мәдени көпшілік іс-шаралар өткізіліп, оған 64 500 адам қатысты.

    Мүгедектердің кіріп-шығуына жағдай жасау мақсатында 2019 жылға                3 мәдениет үйіне және 5 ауылдық клубына бейімдеуге 5 млн. 415 мың теңге бөлініп, қаражат толығымен игерілді.

    Аудандағы кітап қоры 214 мың 117 дананы құрайды. Оның ішінде, мемлекеттік тілдегісі 133 мың 282 дана немесе 62,2%. 2019 жылға кітап қорын ұлғайту үшін 1,2 млн. теңге қаралды.

    Қазіргі уақытта ауданда 158 спорт нысандары бар, атап айтқанда:                   1 орталық стадион, 1 спорт кешені, 1 ипподром, 84 спорт алаңшалары,                       29 футбол алаңдары, 8 атқыштар тирі, 33 спорт залдары мен 1 дене тәрбиесі және спортпен шұғылданатын бөлмелер.

    Аудан бойынша 24 500 адам немесе 29,4%-ы спортпен тұрақты айналысады. Аудандағы 7 мен 18 жас аралығындағы балалар мен жасөспірімдердің жалпы санынан (14 675 адам) спорт мектептері (1 552 адам) мен аула клубтарында (200 адам) дене шынықтырумен және спортпен айналысатындардың үлесі 11,9%-ды құрайды.

    Аса және Түрксіб ауылдарындағы балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерінде 1 488 бала спорттың 18 түрімен жаттығуда.

    2019 жылға жалпы 5,5 млн теңге бөлінді, оның ішінде ұлттық және бұқаралық спорт түрлерін дамытуға – 1,5 млн. теңге, әртүрлi спорт түрлерi бойынша аудан құрама командаларының мүшелерiн дайындау және оларды облыстық спорт жарыстарына қатыстыруға – 2,5 млн. теңге бөлінді.

    Бұл бағдарламалар аясында 2019 жылдың 8 айында 235 іс-шара өткізіліп, 20 920 адам қамтылды.

    Бүгінгі таңда аудандағы жастар саны 19 485 адамға жетіп, жалпы халық санының 23,7 пайызын құрап отыр. Оның ішінде 4 078 жас білімгер болса,         2018-2019 жылғы оқу жылындағы аудандағы орта мектептердегі жалпы оқушылар саны 14 983, оның ішінде 14-18 жас аралығындағы жастар саны                 3 684 құрайды. Жұмысқа орналасқандар саны 526 адам, оның ішінде тұрақты жұмысқа орналасқан 141 жас, «Жастар тәжірибесі» бағдарламасымен 168 жас, кәсіби оқуға 105 жас, кәсіпкерлік негіздеріне оқуға 56 жас жолданды.

    2019 жылдың 8 айында жасөспірімдер мен жастардың бос уақытын тиімді өткізу бағытында 169 іс-шара өткізілді. Басылым беттерінде, ағымдағы жылы мемлекеттік жастар саясатына қатысты осы күнге дейін барлығы                     16 мақала жарияланса, оның ішінде 2-ы облыстық, 14 мақала аудандық газетте жарияланды. Сондай-ақ, әлеуметтік желілерде 180-ке жуық материалдар шығарылды.

    «Жастар ресурстық орталығында» 1120-ке жуық жасқа кеңестер берілді.

    Аудан көлемінде 140 әлеуметтік мекеме бар. Оның ішінде 56-і білім беру, 36-ы денсаулық сақтау, 48-і мәдениет нысандары. Аталған мекемелердің жылыту жүйелері төмендегідей:

    – 74-і көмірмен (білім беру –28, денсаулық сақтау – 17, мәдениет – 30);

    – 65-і газбен (білім беру – 28, денсаулық сақтау – 19, мәдениет – 18) жылытылады.

    Аудан бойынша 39 қазандықтың 22-і «Жамбыл-Жылу» КМК-нің теңгерімінде. Барлық қазандықтар балама отын түрімен және резервтік қазанмен жабдықталған. 24 орта мектепте баламалы электр қуатын беретін генераторлар бар (5 – 15 КВт, 3-30 КВт, 16 – 5 КВт).

    2019-2020 жылғы жылыту маусымына бюджеттік мекемелерге 2 739 тонна көмір сатып алу үшін 49 млн. 082,6 мың теңге бөлінді. Көмір толығымен түсірілді.

    2019 жылдың 8 айында аудан көлемінде жалпы 210 қылмыстық істер тіркеліп (2018 жылдың 8 айы – 306), 2018 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 31,4%-ға төмендеген.    

    Оның ішінде 21 ауыр және аса ауыр қылмыстық істер тіркелді                    (2018 жылдың 8 айы – 16).

    Бұрын қылмыс жасағандармен жасалған қылмыстар саны 64-ке жетіп,                 2018 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 8,5%-ға артқан (2018 жылдың               8 айы – 59).

    Сондай-ақ, көшеде жасалған қылмыстар саны 19 істі құрап,                         2018 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 32,1%-ға азайған (2018 жылдың  8 айы – 28). Қылмыстық істердің жалпы санындағы көшеде жасалған қылмыстардың үлесі 9,0%-ды құрайды (2018 жылдың 8 айы – 9,2%).

    Ішкі істер департаменті жергілікті полиция қызметінің мәліметіне сәйкес, 2019 жылдың 8 айында аудан көлемінде 40 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 3 адам қаза тауып, 70 адам әртүрлі дене жарақатын алды. 2018 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда жол-көлік оқиғаларының саны 35,5%-ға, дене жарақатын алғандар саны 22,2%-ға, қайтыс болғандар саны 25%-ға төмендеп отыр (2018 жылдың 8 айында 62 жол көлік оқиғасы тіркеліп, 4 адам қаза тауып, 90 адам әр түрлі дене жарақатын алған).

     

     

     

     

    © 2015 Информационный портал аппарата акима Жамбылского района