100%200%
Жамбыл ауданы әкімі аппаратының
ақпараттық порталы

    ЖАМБЫЛ АУДАНЫН ДАМЫТУДЫҢ 2016-2020 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН БАҒДАРЛАМАСЫ

    Жамбыл аудандық маслихатының

    2017 жылғы 20 желтоқсандағы

    №21-3 шешімімен бекітілген

     

     

    ЖАМБЫЛ АУДАНЫН ДАМЫТУДЫҢ 2016-2020  ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН  БАҒДАРЛАМАСЫ

     

     

    Аса  ауылы    2017 Жыл

    МАЗМҰНЫ

    I. БАҒДАРЛАМА ПАСПОРТЫ……….……………………………………………………….…………………………….…………… 3
    II. АҒЫМДЫ АХУАЛДЫ ТАЛДАУ……………………………….………. ………………….…………………………….………… 7
    1 БАҒЫТ: Экономика……………… …………………………….…………………………….…………………………….…………… 7
    1.1. Өнеркәсіп…………………………………………………………….. ………………….…………………………….………… 7
    1.2. Агроөнеркісіп кешені……………………………………………… ………………….…………………………….…………… 13
    1.3. Шағын және орта бизнес, сауда….………………………………. ………………….…………………………….………… 19
    1.4. Инновациялар мен инвестициялар……………………………….………………….…………………………….………… 25
    1.5. Экономикалық өсу орталықтарын дамыту ……………………….………………….…………………………….………… 29
    2 БАҒЫТ: Әлеуметтік сала………….…………………………………………. ………………….…………………………….………… 32
    2.1. Білім беру… ……………………………………………………….………………….…………………………….…………… 32
    2.2. Жастар саясаты………..…………………………………………….………………….…………………………….…………… 37
    2.3. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау……… ………………….…………………………….…………………………………….. 38
    2.4. Мәдениет……………………………………… ………………….…………………………….……………………………… 42
    2.5. Дене шынықтыру және спорт…………………….. ………………….…………………………….…………………………………….. 44
    2.6. Туризм…………………………………………………………….…………………………….…………………………… 46
    2.7. Үш тілдікті дамыту……..………………………………….……………………….…………………………….…………… 46
    3 БАҒЫТ: Қоғамдық қауіпсіздік және құқықтық тәртіп……………….. ………………….…………………………….…………… 51
    3.1. Құқықтық тәртіп………………………………………………………………………… ………………….…………………………….……… 51
    3.2. Қоғамдық қауіпсіздік …………………………………………….…………………………….………………………… 54
    4 БАҒЫТ: Инфрақұрылым………………………………………………………….. ………………….…………………………….…………… 57
    4.1. Құрылыс……………………………………………………………………….. ………………….…………………………….…………… 57
    4.2. Жолдар және көлік………………………………………………..………………….…………………………….…………… 59
    4.3. Байланыс және коммуникация……………………………………………..………………….……………………………. 61
    4.4. Тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық………………………………………….…………………………….…………… 63
    5 БАҒЫТ: Экология және жер ресурстары…………………………..………………….…………………………….…………… 66
    5.1. Аудан экологиясы………………………………………………….………………….………………………….…………… 66
    5.2. Жер ресурстары…………………………………………………………………….…………………………….…………… 68
    6 БАҒЫТ: Мемлекеттік қызмет …………………………………………………………………….…………………………….……… 70
    6.1. Мемлекеттік қызмет …………………………………………………………………….…………………………….……… 70
    III. Негізгі бағыттар, мақсаттар, мақсатты  индикаторлар және оларға қол жеткізу жолдары ………………….………………… 72
    3.1. 2016-2020 жылдарға арналған Жамбыл ауданының негізгі даму бағыттары ………………….………………………… 72
    3.2. Мақсаттар, мақсатты  индикаторлар және оларға қол жеткізу жолдары …………………….……………………………. 76
    Қажетті ресурстар……………………….……..………………………………………………… ………………….……………………… 101

     

     

    1. I. БАҒДАРЛАМА ПАСПОРТЫ
    Бағдарламаның атауы Жамбыл ауданын дамытудың 2016-2020 жылдарға арналған бағдарламасы
    Әзірлеу үшін негіздеме Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 18 маусымдағы «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесі туралы» №827 Жарлығы;

    Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 01 ақпандағы «Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары туралы» №922 Жарлығы;

    Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 4 наурыздағы «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің одан әрі жұмыс істеуінің кейбір мәселелері туралы» №931 Жарлығы;

    Өңірдің негізгі сипаттамалары Жамбыл облысының Жамбыл ауданы  облыстың оңтүстік батыс бөлігінде орналасқан. Жалпы жер көлемі 4,3 мың шаршы шақырымды  немесе Жамбыл облысының жер көлемінің 3,0 пайызын  құрайды.

    Аудан аумағындағы 17 ауылдық округтерде 42 елді мекендер орналасқан. Оның ішінде 15 елді мекеннің даму әлеуеті жоғары, 27-сі орташа. Аудан орталығы Аса ауылы және тіректі елді мекен Айшабибі ауылы болып саналады.

    Жамбыл ауданы  облыс орталығы Тараз қаласының айналасын  қоршай орналасқан. Ауданның батыс жағы Көделі мал жайылымымен шекаралас жатқан Талас ауданымен, шығысында қыратты Алмалы жотасы арқылы Тұрар Рысқұлов ауданымен және ортақ жайлау болған Дегереспен түйісіп көршілес Қырғызстан Республикасымен, солтүстігі Байзақ ауданымен, оңтүстігі Жуалы ауданымен шектесіп жатыр.

    Аудандағы 42 елді мекеннің 30-ы мемлекеттік шекарадан 50 шақырым радиуста орналасқандықтан шекара аймағы елді мекендері қатарына жатады.

    Географиялық жағынан аудан орталығы Аса ауылы облыс орталығынан 24 шақырым қашықтықта, ал Жалпақтөбе, Қала маңы, Түрксиб, Ақбұлым, Жасөркен, Бектөбе, Шайқорық елді мекендері облыс орталығы Тараз қаласымен шекаралас болса, ең алыс Ерназар елді мекені аудан орталығынан 36, ал облыс орталығынан 60 шақырым жерде орналасқан.

    Аудандағы халық саны 2016 жылдың 1 қазанына 80 020 адамға жетіп, жалпы облыс тұрғындарының 7,2 пайызын құрады.

    Бағытталуына қарай аудан аграрлы-индустриалдық болып табылады. 2016 жылдың 9 айында жалпы шығарылған өнім көлемі 37 236,7 млн. теңге, оның ішінде ауылшаруашылығы өнімдерін өндіру 17 072,6 млн. теңгені (45,8%), ал өнеркәсіп өндірісінің көлемі 5 435,8 млн. теңгені құрады (14,6%).

    Салалар бойынша негізгі секторлар болып мыналар танылады: ауыл шаруашылық кешені, өнеркәсіп саласында тау-кен өндірісі, мұнай өндеу және басқа да түрлі өндірістері.

    Негізгі бағыттары ● Экономиканы дамыту

    ● Әлеуметтік сала

    ●  Қоғамдық қауіпсіздік және құқықтық

    ● Инфрақұрылым

    ● Экология және жер ресурстары

    ● Мемлекеттік қызмет

    Мақсаттары ● Экономиканың сапалы және тұрақты өсімін қамтамасыз ету;

    ● Ауданның өнеркәсіптік әлеуетін арттыру;

    ● Агроөнеркәсіп кешенін дамыту;

    ● Шағын бизнесті және сауданы дамыту;

    ● Инновацияны дамыту және инвестицияларды өсіру;

    ● Экономикалық өсу орталықтарын дамыту;

    ● Білім берудің қолжетімділігін және сапасын қамтамасыз ету;

    ● Жастарға жағдай жасау және қолдауды қамтамасыз ету;

    ● Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

    ●Халықты әлеуметтік қорғау және әлсіз топтарға арналған әлеуметтік қызметтердің сапасын арттыру;

    ● Мәдениет мекемелеріне келушілердің санын арттыру;

    ● Дене шынықтыру және спортпен шұғылданатын халықтың үлесін арттыру;

    ● Орналастыру орындарымен қызмет көрсетілген келушілердің санының артуы;

    ● Мемлекеттік тілді дамыту, орыс тілін сақтау және ағылшын тілін меңгеру;

    ● Қоғамдық тәртіпті нығайту және жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

    ● Апаттардың алдын-алуды және жоюды ұйымдастыру;

    ● Цифрлық сауаттылық деңгейін арттыру және байланысты дамыту;

    ●Тұрғын үй құрылысын және мүгедектерге қолжетімділік қамтамасыз етілген инфрақұрылымды дамыту;

    ● Автомобиль жолдарын және елді-мекендер арасындағы автокөлік қатынасын дамыту;

    ● Тұрғын үй-коммуналдық жүйені жетілдіру және дамыту;

    ● Қоршаған ортаның сапасын жақсарту және орман қорын дамыту;

    ● ауданның жер қорын пайдалануда тиімділікті арттыру.

    ● Халыққа мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын арттыру және қолжетімділікті қамтамасыз ету.

    Нысаналы индикаторлары ● Өңдеу өнеркәсібі өндірісінің нақты көлем индексі;

    ● Тау-кен өнеркәсібі мен карьерлерді қазудың нақты көлем индексі; ● Су жабдықтау және кәріз жүйесінің нақты көлем индексі

    ● Ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің нақты көлем индексі;

    ● Өсімдік шаруашылығы жалпы өнімінің нақты көлем индексі;

    ● Мал шаруашылығы жалпы өнімінің нақты көлем индексі;

    ● Ұйымдасқан шаруашылықтардағы мүйізді ірі және ұсақ қара мал басының үлесі;

    ● Тұқымдық түрлендіруге қатынасатын мүйізді ірі және ұсақ қара мал басының үлесі;

    ● Мерзімі бұзылып берілген сибсидиялар үлесін азайту;

    ● Бөлшек сауданың нақты көлем индексі;

    ● Көтерме сауданың нақты көлем индексі;

    ● Халықтың жан басына шаққандағы негізгі капиталға салынған инвестицияның өсу қарқыны;

    ● Инновация саласындағы белсенділік деңгейі;

    ● Тіректі АЕМ-де халық санының өсімі;

    ●Шағын және моноқалаларда және тіректі АЕМ-де әлеуметтік саладағы нысандар құрылысы және қайта құру;

    ● Тіректі АЕМ-де өндірістерді ашу және дамыту;

    ● Үш ауысымдық және апатты мектептер саны;

    ●Жаратылыстану-математика пәндері бойынша оқу бағдарламаларын табысты (өте жақсы/жақсы) игерген оқушылардың саны;

    ● Мүмкіндігі шектеулі балалардың жалпы санынан инклюзивтік біліммен қамтылған балалардың үлесі;

    ● Балаларды (3-6 жас) мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамту;

    ● Мемлекеттік тапсырыс бойынша оқытылған және оқуды бітіргеннен кейін бірінші жылы жұмысқа орналасқан техникалық және кәсіптік білім беру орындары түлектерінің үлесі;

    ● Типтік жастағы (14-24 жас) жастарды техникалық және кәсіптік біліммен қамту үлесі;

    ● 14 жастан 29 жасқа дейінгі тұрғындардың мемлекеттік жастар саясатының орындалуына қанағаттанушылық деңгейі;

    ● Жұмысқа орналастыру мәселесі бойынша жүгінген адамдардың ішінен жұмысқа орналастырылғандардың үлесі;

    ● Жүгінген нысаналы топтардың ішінен тұрақты жұмысқа орналастырылғандардың үлесі;

    ● Жұмыспен қамту мекемесіне жәрдем сұрап жүгінген, еңбекке жарамды жастағы жұмысқа орналастырылған мүгедектер саны;

    ● Атаулы әлеуметтік көмек алушылардың ішіндегі еңбекке жарамды адамдардың үлесі;

    ● Арнайы әлеуметтік қызметтермен қамтылған адамдардың үлес салмағы (оларды алуға мұқтаж адамдардың жалпы санынан);

    ● Жеке сектор субъектілерімен ұсынылатын арнайы әлеуметтік қызметтермен қамтылған адамдардың үлес салмағы (оның ішінде үкіметтік емес ұйымдармен);

    ● Әлеуметтік, көлік инфрақұрылымының паспортталған нысандарының жалпы санынан мүгедектерге қолжетімділігі қамтамасыз етілген әлеуметтік инфрақұрылым нысандарының үлесі;

    ● 1000 адамға шаққандағы мәдениет ұйымдарына келушілердің орташа саны;

    ● Дене шынықтырумен және спортпен жүйелі түрде айналысатын барлық жастағы тұрғындарды қамту;

    ● Балалар мен жасөспірімдердің жалпы санынан балалар спорт мектептерінде және клубтарындағы дене шынықтырумен және спортпен айналысатын 7 мен 18 жас аралығындағы балалар мен жасөспірімдерді қамту;

    ● Өткен жылмен салыстырғанда ішкі туризм бойынша (резиденттер) орналастыру орындарымен қызмет көрсетілген келушілер санын арттыру;

    ● Өткен жылмен салыстырғанда сыртқа шығу туризмі бойынша (резиденттер емес) орналастыру орындарымен қызмет көрсетілген келушілер санын арттыру;

    ● Өткен жылмен салыстырғанда ұсынылған төсек-тәулік орындарының санын ұлғайту;

    ● Мемлекеттік тілді меңгерген ересек тұрғындардың үлесі;

    ● Ағылшын тілін меңгерген ересек тұрғындардың үлесі;

    ● Үш тілді меңгерген ересек тұрғындардың үлесі (мемлекеттік, орыс және ағылшын);

    ● Көшелерде жасалған қылмыстардың үлес салмағы;

    ● Жол-көлік оқиғаларында 100 зардап шеккендерге шаққанда қайтыс болғандардың санын азайту;

    ● Кәмелетке толмағандармен жасалған қылмыстардың үлес салмағы

    ● Бұрын қылмыс жасағандармен жасалған  қылмыстардың үлес салмағы;

    ● Төтенше жағдайларға қарсы іс-қимыл инфрақұрылымының қамтамасыз етілу деңгейі;

    ● 100 тұрғынға шаққанда телефон байланысының тіркелген желісінің тығыздығы;

    ● Интернет пайдаланушылар үлесі;

    ● Халықтың компьютерлік (сандық) сауаттылық деңгейі;

    ● Адам саны 1000 және одан да көп елді мекендерді мобильді байланыс қызметімен қамтамасыз ету;

    ● Құрылыс жұмыстарының нақты көлем индексі;

    ● Пайдалануға берілген тұрғын жайлардың жалпы көлемі;

    ● Жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының үлесі;

    ● Жолаушылар автокөлігі қатынасымен қамтылмаған елді мекендер үлесі;

    ● Ауылдық елді мекендердегі орталықтандырылған сумен жабдықтауға қолжетімділігі бар халықтың үлесі;

    ● Желілердің жалпы ұзындығынан жаңғыртылған желілердің үлесі (салалық бағыттылығына байланысты);

    ● Жергілікті атқарушы органдардың қарамағындағы мемлекеттік орман қорының аумағындағы орманды алқаптардың көлемі

    ● Жергілікті атқарушы органдардың қарамағындағы мемлекеттік орман қорының аумағында бір орман өртінің орташа көлемі;

    ● Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жердің ауыл шаруашылығы айналымына тартылған үлесін ұлғайту;

    ● Жыртылған жер құрамындағы ауыспалы егіс үлесі (ауыспалы егіс алқабы);

    ● Табиғи жайылымдық жерлердің құрамындағы жайылымдық ауыспалы егістің үлесі (азықтық ауыспалы егіс).

    ● Тұрмыстық қатты қалдықтардың түзілуіне байланысты оларды  кәдеге жарату үлесі;

    ● Аудан халқын қалдықтарды жинау және тасымалдау бойынша көрсетілетін қызметтермен қамту;

    ● Экологиялық талаптар мен санитариялық қағидаларға сәйкес келетін тұрмыстық қатты қалдықтарды орналастыру объектілерінің үлесі (оларды орналастыру орындарының жалпы санынан);

    ● Жергілікті атқарушы органдар көрсететін мемлекеттік қызметтердің көрсетілу сапасына қанағаттанушылық деңгейін арттыру.

    Қажетті ресурстар* 2016 жыл – 8 241,1 млн. теңге;

    2017 жыл – 9 077,0 млн. теңге;

    2018 жыл – 81 865,1 млн. теңге;

    2019 жыл –

    2020 жыл –

    *- қаржыландыру көлемдері бюджет шығындарының нақтылануына байланысты өзгереді.

     

    1. Ағымдағы ахуалды талдау.

     

    1 БАҒЫТ: ЭКОНОМИКА

      1.1. Өнеркәсіп

     Жамбыл ауданы экономикасының негізгі салаларының бірі – өнеркәсіп саласы болып табылады. 2011-2014 жылдар аралығында өнеркәсіп өндірісінің көлемі 121,2 %-ға өсті. Ең жоғарғы көрсеткіш 2013 жылы 19 616,1 млн. теңгені құрап, 2011 жылмен салыстырғанда 4 есеге өсті.

    2012-2015 жылдардағы өнеркәсіп өнімі көлемінің динамикасы, млн.теңге

    1-сурет

    2012-2013 жылдары көрсеткіштердің жоғарылауы ҮИИД мемлекеттік бағдарламасының шеңберінде 2010 жылдың желтоқсан айында соғылған «АГӨЗ» ЖШС-нің толық жобалық қуаттылығына шығуымен байланысты болды.  Бұл кәсіпорын ауданның өнеркәсіп саласындағы ірі өндіруші болып табылады. Сонымен бірге, аталған кәсіпорындағы шикізат қоры бойынша орын алған қиындықтарға сәйкес, 2013 жылдан бастап өнім өндірісі төмендеуде. Осылайша, төмендегі талдауларда көрсетілгендей, 2013 жылдан бастап көрсеткіштердің орындалмауы «АГӨЗ» ЖШС-не тікелей байланысты.

     

    1-кесте. Өнеркәсіп өнімінің ЖШӨ көлеміндегі үлесі, млн.теңге 

    Атауы 2012 жыл 2013 жыл 2014 жыл 2015 жыл
    Өнеркәсіп саласы 14 568,7 19 616,1 10 598,8 6 170,4
    ЖШӨ-дегі үлесі, % 46,7 43,9 20,8 9,8

     

    Ауданның жалпы шығарылған өнім көлемінің құрамындағы өнеркәсіп өндірісі үлесінің динамикасы тұрақсыз. Ең жоғарғы көрсеткішке 2012 жылы қол жеткізілді – 46,7%.

    2-кесте. Ауданның өнеркәсіп өнімінің облыстық көрсеткіштегі үлесі, млн.теңге 

    Атауы 2012 жыл 2013 жыл 2014 жыл 2015 жыл
    Аудан өнеркәсібі 14 568,7 19 616,1 10 598,8 6 170,4
    Облыс өнеркәсібі 202 354,7 237 842,6 274 298,1 274 511,3
    Аудан үлесі, % 7,2 8,2 3,9 2,2

     

    Облыстың өнеркәсіп саласы көрсеткіштерінің үлесінде де сәйкес динамика бақыланып, 2012 жылы аулан үлесі 7,2%-ды, 2013 жылы 8,2 %-ды, 2014 жылы 3,9 %-ды құраса, 2015 жылы 2,2 %-ға жетті.

     2012-2015 жылдардағы өнеркәсіп өндірісінің нақты көлем индекс динамикасы, %

     2-сурет

    2012-2013 жылдары өндіріс көлемінің өсуіне қарамастан, нақты көлем индексінің төмендеу құбылысы байқалды. Ол әлемдік нарықтағы мұнай бағасының және сәйкесінше ауданның ірі өнеркәсіп кәсіпорны «АГӨЗ» ЖШС өнімінің өзіндік құнының жоғарылауымен түсіндіріледі. Ал, 2014 жылы «АГӨЗ» ЖШС-дегі қиындықтарға байланысты бұл көрсеткіш ең шекті деңгейде, яғни 51,3 % болды. 2015 жылы өнеркәсіп өнімінің көлемі 6 170,1 млн. теңгені құрағанымен, нақты көлем индексі 88,9 %-ға дейін көтерілді.

     2015 жылғы экономикалық қызмет түрлері бойынша өнеркәсіп өндірісінің көлемі

     3-сурет

    Өнеркәсіп саласындағы негізгі бағыттардың бірі өңдеу өнеркәсібі. 2015 жылы өңдеу өнеркәсібі өнімінің көлемі 5 млрд. 113,4 млн. теңгені құрап, жалпы өнеркәсіп өніміндегі үлесі 82,9 % болды.

    2013-2015 жылдар аралығындағы «АГӨЗ» ЖШС-нің өндірген өнім көлемі, млн. теңге

    4-сурет

    Өңдеу өнеркәсібіндегі ірі кәсіпорын «АГӨЗ» ЖШС-нің өндірген өнім көлемі, 2013 жылы 16 млрд. 324,4 млн. теңгеге өнім өндіріп немесе жалпы аудан бойынша өнеркәсіп көлемінің 83,2%-ды құрап, ең жоғарғы көрсеткішке қол жеткізілді. 2014 жылдан бастап зауыттағы шикізат қоры бойынша туындаған қиындықтарға байланысты өндіріс қарқыны төмендеп, сол жылы кәсіпорынның өндіріс көлемі 10 млрд. 598,8 млн. теңгені немесе үлесі 52,8 %-ды құраса, 2015 жылы бұл көрсеткіш ең шекті деңгейге жетіп,    6 млрд. 170,4 млн. теңгеге немесе үлесі 34,4 %-ға жетті.

    Кәсіпорын АИ-80 маркалы бензин, мазут, авиациялық керосин және дизель отынын өндіруге бағытталған. Еліміздің ішкі нарығында АИ-80 маркалы бензинге сұраныс жоқ. Ол тек кішігірім көлемде ғана ары қарай өңдеуге немесе жүк көліктері үшін ғана өткізілуде.  Бұдан бөлек, өнімнің      27%-ы шамасында жеңіл және ауыр дистилянтты сұйық отын (газойл) құрайды. Олар дизель отыны мен жоғары октанды бензиннің шикізат құрамдасы болып табылады.

    2016 жылдың 9 айы бойынша өткен жылмен салыстырғанда «АГӨЗ» ЖШС-нің қаржылай көрсеткіште өнім өндіру көлемі 29,0 %-ға жоғарыды. (2015 жылдың 9 айы – 1 471,6 млн.теңге; 2016 жылдың 9 айы – 1 898,8 млн. теңге). Ал, заттай көрсеткіште 163,7 мың тонна немесе 58,8 мың тоннаға көп өнім шығарған (2015 жылдың 9 айы – 104,9 мың тонна, 2016 жылдың 9 айы – 163,7 мың тонна).  Атап айтқанда, жыл басынан бері 6,7 мың тонна бензин (2015 жылдың 9 айы – 6,2 мың тонна), 7,6 мың тонна дестилятор              (2015 жылдың 9 айы – 11,8 мың тонна), 22,7 мың тонна мазут (2015 жылдың 9 айы – 23,6 мың тонна), 118,2 мың тонна дизель отыны (2015 жылдың          9 айы – 63,3 мың  тонна) және 8,4 мың тонна пеш отыны (2015 жылы өндірілмеген).

    Бүгінгі күнге зауыт басшылығы тарапынан «Құмкөл» және «Шалқар» кен орындарымен мұнай шикізатын алу бойынша келісім-шарт жасалған. Қазіргі таңда орын алған экономикалық жағдайда мұнай өнімдерінің құбылмалы бағасына сәйкес, нақты шикізат алуға қысқа мерзімді келісім-шарттар жасалынған.

    Ағымдағы жылдың қараша айында зауытта стабилизациялау учаскесінің және қысымдалған газ сақтау қоймасының құрылысы аяқталады. Құрылыстың құны 2 млрд теңге шамасында. Сауда нарығында стабилизацияланған жеңіл дистиляторға сұраныс жоғары, ал оны алу жолы  қысымдалған газ өнімінен айыру процессімен байланысты. Аталған инвестициялық жобаны іске асыру кәсіпорынның өнім өндіру көлемін кеңейтуге мүмкіндік береді.

    Сонымен қатар, кәсіпорын қытайлық «Джунда» консорциумымен 100 мың тонна мұнайды қайта өңдеу туралы келісім жасасты. Осы мақсатта тереңдетілген (екінші қайтара) мұнай өңдеу учаскесі құрылысын жүргізу бойынша бірлескен жобаларын іске асыру мәселесі қарастырылуда. Жобалық құжаттары бар, жобаның  құны шамамен 2 млрд теңге. Бүгінгі таңда Аса және Ақбастау ауылдық округтері аумағындағы шаруа қожалықтарынан 55 га жер сатып алу жолдары қарастырылуда.

    Өнеркәсіп саласының дамуына ҮИИД мемлекеттік бағдарламасы да өз үлесін қосуда. 2011-2014 жылдары бұл бағдарлама аясында 3 жоба іске асырылды. Атап айтқанда, 2011 жылы медициналық бұйымдар өндіретін «Super Pharm» ЖШС мен «БиномСтройДеталь» ЖШС-нің құрылыс материалдар комбинаты іске қосылса, 2014 жылы «БиномСтройДеталь» ЖШС-нің «Панельді үйлер шығаратын тұрғын үй-құрылыс қомбинаты» жұмысын бастады. Бұл жобалардың жалпы құны 1 млрд. 170 млн теңгені құрайды.  Аталған нысандарда 263 жаңа жұмыс орындары ашылған.

     

    3-кесте. 2012-2015 жылдары ҮИИД мемлекеттік бағдарламасы бойынша іске қосылған нысандарда шығарылған өнім көлемі, млн. теңге 

    Атауы 2012 жыл 2013 жыл 2014 жыл 2015 жыл
    «БиномСтройДеталь» ЖШС 395,0 239,2 323,1 221,2
    «Super Pharm» ЖШС 2 505,5 395,1 422,9 504,1
    Жалпы өнім көлемі 2 900,5 634,3 774,9 725,3

    Бұл кәсіпорындардағы өнім көлемінің бірқалыпты өсуін жоғарыда берілген кестеден байқауға болады. 2013 жылмен салыстырғанда 2014 жылы өнім көлемі 140,6 млн. теңгеге немесе 122,1 %-ға жеткен. 2015 жылы «БиномСтройДеталь» ЖШС-нің өнімін сатып алушы тұлғалардың және мемлекеттік сатып алуда тендерлер санының азаюына байланысты өнім көлемі 2014 жылмен салыстырғанда 101,9 млн. теңгеге немесе 68,5 %-ға орындалды. 2016 жылдың 9 айында аталған кәсіпорындар бойынша өндірілген өнім көлемі 839,5 млн. теңгені құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 59,3 %-ға артық орындалды (2015 жылдың 9 айы – 527,1 млн. теңге).

    2015-2019 жылдарға арналған ИИД мемлекеттік бағдарламасы бойынша аудан көлемінде жобалық құны 6 млрд. 725 млн. теңге болатын 3 жоба іске асыру көзделуде. Олар: «Оңтүстік Халал Тағамдары» ЖШС-нің ет комбинаты, «Аса Даму» ЖШС-нің құс фабрикасын салу және «КазУпакТрейд» ЖШС-нің гипс зауыты құрылысы жобалары.

    2016 жылы «Оңтүстік Халал Тағамдары» ЖШС-нің ет комбинатының құрылысы аяқталып, маусым айында іске қосылды. Бүгінгі күнге 40 адам жұмыс атқаруда. Комбинат толық көлемде жұмыс атқарғанда 153 адам жұмыспен қамтылатын болады.

    «Аса Даму» ЖШС-нің құс фабрикасының балапан өсіруге арналған корпустарының құрылысы толық аяқталды. Ағымдағы жылдың желтоқсан айында Ресей мемлекетінің Свердлов облысынан балапандар жеткізіліп, фабриканы іске қосу жұмыстары жоспарланып отыр.

    «КазУпакТрейд» ЖШС-не құрал-жабдықтар толығымен жеткізіліп, қажетті инфрақұрылымның барлығы жүргізілген. Қазіргі уақытта абаттандыру жұмыстары жүргізілуде.

    Бұл нысандарда 318 жаңа жұмыс орындары ашылатын болады.

    Сонымен қатар, аудан көлемінде құм, құмды-қиыршық тас қоспасы, гипс, әктас, топырақ сияқты жалпы қолданыстағы пайдалы қазбалар кен орындарының бар екендігін атап өту қажет.  Осы кен орындарының негізінде «Кнауф Гипс Тараз» ЖШС (гипс тасы мен ангидрид өндірісі), «Компания инвест mk» ЖШС (асфальтты бетон қоспасын өндіру),  сондай-ақ күйдірілген кірпіш пен шағал өндіретін 8 шағын кәсіпорын жұмыс жасауда.

     

    Өнеркәсіп саласын SWOTталдау:

    Күшті жақтары Әлсіз жақтары
    ·      Ауданның облыс орталығына жақын қашықтықта және Қырғызстан Республикасымен шекаралас аумақта орналасуы;

    ·      Транспорттық инфрақұрылымның қол жетімділігі (Батыс Европа – Батыс Қытай автомагистралі, темір жолы желілері мен тұйықтары, әуежай);

    ·      Облыс көлеміндегі минералды шикізат ресурстарының мол қоры;

    ·      Құрылыс материалдарын дамытуға қажетті жалпы қолданыстағы пайдалы қазбалардың мол қоры (гипс, әктас, құмды-қиыршық тас қоспалары, құм,  топырақ);

    ·      Аралас салалардың даму үрдісі;

    ·      Жаңартылатын энергия көздерін пайдалану үшін біршама энергетикалық мүмкіндіктер;

    ·        Өнімнің көп бөлігінің ресурс- және энергия сыйымдылығының жоғары болуы;

    ·        Шикізатқа тәуелділік;

    ·        Инновация саласындағы өнеркәсіп үлесінің төмендігі;

    ·        Өндірілген өнімнің өзіндік құнының жоғарылығы;

    ·        Электр желілері мен аралық станциялардың тозуы;

    ·        Өндірілген өнімнің бәсекеге қәбілеттілігінің төмендігі;

    ·        Салада біліктілігі және тәжірибесі жоғары мамандардың жетіспеушілігі

    Мүмкіндіктері Қауіп-қатерлері
    ·          ИИД мемлекеттік бағдарламасы, «2020 жылға дейін Өңірлерді дамыту»,  «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламалары шеңберінде  мемлекеттік қолдау шаралары;

    ·     Өнеркәсіп саласының технологиялық әлеуетіне сәйкес өндірілетін өнім түрлерін кеңеюі;

    ·     Инвестициялық климаттың тартымдылығының артуы;

    ·     ЕАЭО бірігуіне байланысты нарықтың кеңеюі;

    ·     Жаңартылатын энергия көздері нысандарын іске қосу есебінен ауданның энерготәуелділігн төмендету;

    ·     Еңбек әлеуетін дамыту.

    ·     Матадан жасалмайтын медициналық бұйымдарды, құрылыс материалдарын өндіру мен өткізуде Қытай және Ресей тарапынан жоғары бәсекелестік;

    ·     ЕАЭО мемлекеттері жағынан бәсекелестіктің болуы;

    ·     Мемлекетіміздің ДСҰ-на кіруіне байланысты экономикамыздың жеке секторларының бәсекеге қабілетсіздігі;

    ·     Өндірілетін өнімнің бәсекеге қабілеттілігіне әсер ететін энергетикалық және көлік инфрақұрылымына ішкі нарықтағы бағаның өсуі.

     

    Саланың проблемалары:

    Тау-кен өндірісі мен карьерлерді пайдалануда – шикізаттың толық өңделмеуі, көптеген өнімнің ресурстар мен энергетиканы мол қажетсінуі;

    Қайта өңдеу өнеркәсібінде:

    мұнайды қайта өңдеу өнімі өндірісі – кен орындарынан мұнай жеткізу қиын, мұнай мен мұнай өнімдерін тереңдетіп (екінші қайтара) өңдеу және ЕВРО-4, ЕВРО-5 стандарттарына сай келетін бензин өндіру технологиясының жоқтығы.

    медицина өнеркәсібі – дайын өнімді өткізудің мемлекеттік тапсырысқа тәуелділігі, матадан жасалмайтын бұйымдар шығаратын өз өніміміз жоқ болғандықтан, оны Қытай елінен әкелудеміз.

    – құрылыс материалдарын шығару өндірісі – Ресейлік құны арзан құрылыс материалдарымен бәсекелестік, құрылыс жұмыстары көлеміне және мемлекеттік инвестицияға тәуелділік.

    Электрмен қамту, газ, бу жеткізу және ауамен салқындату –  желілердің, подстанциялардың тозығы жеткендіктен электр және  жылу энергиясынан шегетін зиян зор, өзіміздің электр энергиясын өндіретін объектіміз немесе табиғи отын ресурстарымыз жоқ болғандықтан энерго ресурстар бағасы жоғары.

    Ауыз сумен қамту, кәріз жүйесі, қалдықтарды жинауды бақылау – ауыз сумен қамту жүйелерінің тозығы жеткен, сарқынды суларды тазарту имараты тек аудан орталығында ғана бар.

     

     

    1.2. Агроөнеркәсіптік кешен

     Өсімдік шаруашылығы мен мал шаруашылығынан құралатын агроөнеркәсіптік кешен негізгі экономикалық көрсеткіштер бойынша жоғары үлесті қамтамасыз ете отырып, аудан экономикасында маңызды рөл атқарады.

    2012-2015 жылдары ауыл шаруашылық саласында өндіріс көлемінің ұлғаюы байқалып, 2015 жылы 19 млрд. 326,8 млн. теңгені құрады.

    Ауылшаруашылық саласында өндірілген өнім көлемі, млн.теңге

    5-сурет

    19 326,8
    19 388

     

     

    13 662,7
    9 874

     

    Жалпы ауыл шаруашылығы өнімінде өсімдік шаруашылығының үлес салмағы мал шаруашылығынан сәл ғана басымырақ. 2015 жылы оның үлесі 57,3 %-ды құрады.

    2016 жылдың 9 айында ауыл шаруашылығы өнімін өндіру көлемі           17 млрд. 072,6 млн. теңгені немесе өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 109,0 %-ды құрады (2015 жылдың 9 айы – 15 млрд. 659,4 млн. теңге).

     

    4-кесте. Ауылшаруашылық өнімінің ЖШӨ көлеміндегі үлесі, млн.теңге

    Атауы 2012 жыл 2013 жыл 2014 жыл 2015 жыл
    Ауылшаруашылық саласы 9 874,0 13 662,7 19 388,0 19 326,8
    ЖШӨ-дегі үлесі, % 31,0 30,6 38,1 30,8

     

    2012-2015 жылдары ауыл шаруашылық өнімінің ЖШӨ көлеміндегі үлесі бойынша тұрақты үрдіс байқалды. Бұл саладағы өнім көлемі жыл сайын артқан. 2013 жылы ауыл шаруашылығы өнімінің ЖШӨ көлеміндегі үлесі 30,6 % болса, 2014 жылы бұл көрсеткіш 38,1%-ды құрады.

     

    5-кесте. Ауданның ауылшаруашылық өнімінің облыстық көрсеткіштегі үлесі, млн.теңге 

    Атауы 2012 жыл 2013 жыл 2014 жыл 2015 жыл
    Аудан ауыл шаруашылығы 9 874,0 13 662,7 19 388,0 19 326,8
    Облыс ауыл шаруашылығы 94 393,8 127 346,5 166 387,4 172 364,5
    Аудан үлесі, % 10,5 10,7 11,7 11,2

    Облыстың ауыл шаруашылық саласы көрсеткіштерінің үлесінде тұрақты өсу динамика бақыланып, 2012-2015 жылдар аралығында аудан үлесі 11 % шамасында болды.

    Ауданның жалпы жер көлемі 431,3 мың га құрайды. Оның ішінде, ауыл шаруашылық алқабы – 414,8 га (96,2 %), оның 57,9 га егістік (13,9 %).

    Соңғы үш жыл көлемінде 4 411,23 гектар жер мемлекеттік жер қорына алынып, қайта айналымға қосылды. Атап айтқанда:

    – 2014 жылы 1 271,09 га (53,52 га суармалы егістік, 771,53 га суарылмайтын егістік, 43,84 га шабындық, 402,2 га жайылым);

    – 2015 жылы  2 796,61 га (121,92 га суармалы егістік, 1 452,67 га суарылмайтын егістік, 738,02 га жайылым, 484 га бөгде жер учаскелері);

    – 2016 жылдың 9 айында 343,53 га (51,09 га суармалы егістік, 75,13 га суарылмайтын егістік, 183,31 га жайылымдық, 34,0 га шабындық).

    2012-2014 жылдары ауыл шаруашылық дақылдарының егістік алқабы ұлғайды.

    6-кесте. Ауыл шаруашылық дақылдары егістік алқабының құрылымы

    Атауы 2012 жыл 2013 жыл 2014 жыл 2015 жыл 2016 жыл
    га % га % га % га % га %
    Күздік бидай 3 972 9,2 6 375 13,7 6200 12,6 5200 10,6 3510 6,8
    Жаздық арпа 5 775 13,4 5 380 11,5 5500 11,1 5943 12,1 7503 14,6
    Дәндік жүгері 1 500 3,5 1 600 3,4 1700 3,4 1748 3,6 2003 3,9
    Майлы дақылдар 3 327 7,7 4 521 9,7 5116 10,4 5124 10,4 5281 10,3
    Қант қызылшасы 518 1,2 45 0,1 59 0,1 531 1,1 1200 2,3
    Картоп 405 1,0 502 1,1 683 1,4 744 1,5 745 1,4
    Көкөніс 4 508 10,5 4 952 10,6 5030 10,2 5472 11,1 5496 10,7
    Бақша 400 1,0 418 0,9 385 0,8 427 0,9 506 1,0
    Мал азығы (шөп) 22 586 52,5 22 830 49,0 24 673 50,0 24044 48,3 25160 48,9
    Барлығы 42 991 100,0 46 623 100,0 49 346 100,0 49 233 100,0 51 404 100,0

     

    Егістік алқабының құрылымында басым бөлігін астық дақылдары (21,4%) мен мал азығы (48,9%) құрайды.

    Өткен жылдар аралығында қант қызылшасының көлемі күрт төмендеді. Оның себебі қант қызылшасын қабылдайтын зауыттардың шикізатты тұрақты қабылдамауы, қант шикізатының қабылдау бағасының төмендігі, тұқымының сапасыздығы, ағын судың жетіспеушілігі, өңдейтін және жинайтын арнайы техникалардың тозуы мен жаңа техникалардың сатып алынбауы болды. Ал, 2016 жылдан бастап қант қызылшасын өсіру кеңінен қолға алынды. Жалпы егілген 1200 га. қант қызылшасының ағымдағы жылдың 9 айында 250 га немесе 20,8%-ы жиналып, жалпы түсім 2 873 тоннаны құрады. Әр гектардан түсім 114,9 центнерге жетті. Жалпы 2 373 тонна қант қызылшасы қант зауытына өткізілді.

    Егістік құрылымын оңтайландыру мақсатында жыл сайын әртараптандыру шаралары жүргізілуде. Нәтижесінде майлы дақылдарының, көкөніс және мал азығының аумағы ұлғаюда.

    Сондай-ақ, су үнемдеу түріндегі жаңа технологиялар қолданылуда. 2015жылы аудан бойынша барлығы 517,89 га егіс алқаптары жаңа су үнемдеу технологиясымен суғарылса, 2016 жылы тағы да 206 га тамшылатып суару әдісі енгізілді.

    Ауданның мал шаруашылығы көп салалы болып табылады. «Сыбаға», «Құлан», «Алтын асық» бағдарламаларының жүзеге асырылуының нәтижесінде құс пен шошқадан басқа барлық түрлері мал басы саны жоғарылады.

    7-кесте. Мал басы санының динамикасы, бас 

    Атауы 2012 жыл 2013 жыл 2014 жыл 2015 жыл
    Ірі қара мал 31 596 31 696 32 391 32 399
    Қой ешкі 159 909 164 565 169 337 173 263
    Шошқа 4 371 3 940 1 337 1 163
    Жылқы 9 470 10 128 14 034 14 898
    Түйе 44 48 52 52
    Үй құстары 91 390 92 004 78 670 78 830

    2013 жылмен салыстырғанда 2015 жылы ірі қара малы 2,2 %-ға, қой-ешкі 5,3 %-ға, жылқы 47,1 %-ға, түйе 8,3 %-ға артқан. 2016 жылдың 9 айында ірі қара 37 550 басты, қой-ешкі 227 270 басты, жылқы 14 766 басты, түйе 52 басты құрап, үй құстары 78 835-ке жетті. Оның ішінде өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда қой-ешкі 4 042 басқа және жылқы 913 басқа артқан.

    Қазіргі таңда аудан көлемінде 6 тауарлы-сүт фермасы бар (Тимофеев, Елеуов, Жолдыбай, Жолсеит, Мейіржан, Майда ШҚ-ы).

    2013-2015 жылдары іске асырылған шаралар мен мемлекеттік қолдау егістік алқабын, ауыл шаруашылық дақылдарының өнімділігін, мал басы санын өсіруге, ал олар өз кезегінде ауыл шаруашылығы өнімінің негізгі түрлерінің артуына үлес қосты.

     

    8-кесте. Негізгі ауыл шаруашылық өнім түрлері өндірісінің динамикасы  

    Атауы                     Өлшем бірлігі 2012 жыл 2013 жыл 2014 жыл 2015 жыл
    Астық дақылдары тонна 8 763 18 944 9 491 16 157
    Көкөніс тонна 108 913 121 566 133 157 148 286
    Картоп тонна 8 718 10 859 14 879 16 292
    Ет тонна 7 981,8 7 770,3 8 151,9 8 184,1
    Сүт тонна 37 603,7 38 487,8 38 703,3 38 780,7
    Жұмыртқа мың дана 6 244 5 581,5 6 396,5 6 454,0

     

    Сонымен бірге, 2014 жылы жағымсыз ауа-райына байланысты астық дақылдарының көлемі төмендеді. Үй құстары санының азаюынан, оның ішінде негізінде халықтың жеке шаруашылықтарында өндірілген жұмыртқа көлемі төмендеуде. Оның негізгі себебі, жемнің орташа бағасының 2-2,5 есеге қымбаттауы болып отыр.

    Ауданда барлығы 2503 агроқұрылымдар жұмыс жүргізуде, оның ішінде 1 мемлекеттік мекеме, 4 өндірістік кооператив, 2 жауапкершілігі шектеулі серіктестік және 2496 шаруа қожалықтары бар. Мал шаруашылығы өнімі өндірісіндегі халық шаруашылықтарының үлесі әлі де жоғары деңгейде екендігін атап өткен жөн. Бұл өз алдына, осы саланың өнім өндірісі ұсақ тауарлы сипатта екендігін көрсетеді.

    Ауыл шаруашылығы құрылымдарын ірілендірудің 2013-2020 жылдарға арналған облыстық бағдарламасына сәйкес аудан бойынша 1287 майда шаруашылықтарды, оның ішінде 2015 жылы 183 шаруашылықты ірілендіру жұмыстары жүргізіліп, жоспар 100 %-ға орындалды. Ірілендіру жұмыстары бағдарламаның 2-ші және 4-ші бағыттары бойынша, яғни 100 га дейін жері бар майда және орта шаруашылықтарды тұрақты экономикалық дамуы бар ірі шаруашылықтардың маңына топтастыру және 100 га дейін жері бар майда және орта шаруашылықтарды «Тараз» ӘКК ҰҚ» АҚ-ның құрамында бюджет қаржысы есебінен құрылатын шағын машина-трактор стансалары (МТС) төңірегінде топтастыру көзделген.

     

    Ветеринария саласы.

    Жамбыл ауданының көлемінде іске асырылып жатқан жұмыстардың нәтижесінде ауыл шаруашылық жануарларының аса қауіпті аурулары бойынша эпизоотикалық ахуал қалыпты деңгейде.

    Ауыл шаруашылық жануарларын тіркеу мақсатында ауданда бірдейлендіру жұмыстары жүргізілуде. Ауылшаруашылық жануарларына бірдейлендіру нөмірі және ветеринарлық паспорт беріліп, ол туралы  ақпарат арнайы базаға енгізіледі. 2015 жылы 78 500 бас ауыл шаруашылық жануарларына бірдейлендіру жұмыстары жүргізіліп, жоспар 100% орындалды.

     

    9-кесте. Ауыл шаруашылық жануарларын бірдейлендіру жұмыстарының динамикасы

    Жануар түрі 2012 жыл 2013 жыл 2014 жыл 2015 жыл
    Жоспар Нақты Жоспар Нақты Жоспар Нақты Жоспар Нақты
    Ірі қара 7500 5150 14 500 14 500 12 854 12 854 14 500 14 500
    Ұсақ мал 82 500 82500 90 100 90 100 44 385 44 385 64 000 64 000
    Барлығы 90 000 87 650 104 600 104 600 57 239 57 239 78 500 78 500

     

    2016 жылдың 9 айында 21 300 бас мүйізді ірі қара, 50 000 бас ұсақ малға және 4 бас түйеге бірдейлендіру жұмыстары жүргізіліп, жоспар толығымен орындалды.

    Ветеринарлық ахуалды тұрақтандыру үшін ауданда өзін-өзі қамтыған 1 бөлім және 1 коммуналдық мемлекеттік кәсіпорын, 17 ветеринарлық пункттер жұмыс жасауда.

    Сонымен қатар, ветеринарлық пунктер мен ұйымдарды материалды-техникалармен қамту жұмыстары жүргізіліп, 17  – Нива, 2 – ДУК және 1 – САНГ ИОНГ автокөліктері мен малдарды тасуға арналған 16 – прицеп сатып алынды.

    Эпизотиялық ахуалды қалыпты жағдайда сақтау мақсатында биотермиялық шұңқырлардың  құрылысына және оны санитариялық ұстауға  жыл сайын жергілікті бюджеттен қаржы қарастырылуда. Атап айтқанда,  2012 жылы – 5, 2014 жылы – 4 биотермиялық шұңқырлардың құрылыстары аяқталып, іске қосылды. Осы жұмыстардың жүргізілуінің нәтижесінде аурудың таралып кетпеуі қатаң бақылауға алынған.

     

    10-кесте. Ауырған жануарлар саны

    Ауру атауы 2012 жыл 2013 жыл 2014 жыл 2015 жыл
    Құтырма 1 3 2 3
    Энтеротоксемия 2 1 3
    Мкар 1

     

    2015 жылы ауданның 11 елді мекенінде (Бірлесу-Еңбек, Өрнек, Жаңаөткел, Шайдана, Түрксіб, Қапал, Бектөбе, Гродиково, Көлқайнар, Еңбек, Жамбыл)  Конго-Қырым геморрагиялық қызбасының қауіпті ошағы анықталып, 2 ауылда кене шағу фактісі орын алып, 1 адам қайтыс болды.

    Ауыл шаруашылық саласын SWOT- талдау:

    Күшті жақтары Әлсіз жақтары
    ·      Өсімдік шаруашылығын, мал шаруашылығын және ауыл шаруашылығын өңдеу өндірісін дамытуға жағымды табиғи-климаттық жағдай;

    ·      Шабындық пен жайылымның болуы;

    ·      Облыста минералды тыңайтқыштар өндірісінің болуы;

    ·      Ауыл шаруашылық кластерін құру үшін агроөнеркәсіптік кешендегі дамыған институционалдық инфрақұрылымның болуы;

    ·      Мемлекеттік қолдау (Агробизнес – 2020).

    ·        Механикаландыру деңгейінің жеткіліксіздігі және ауылшаруашылық техникаларының тозуы деңгейінің сақталуы;

    ·        Суару инфрақұрылымының тозуы;

    ·        Ұсақ тауарлы өндіріс, әлі де малдың басым бөлігі жеке шаруашылықтарда ұсталады;

    ·        Кепілдік капиталдың жоқтығынан ІІ деңгейлі банктердің ауыл шаруашылығына несие беру деңгейі төмен.

     

    Мүмкіндіктері Қауіп-қатерлері
    ·     «Агробизнес – 2020» бағдарламасының іске асыру шеңберінде мемлекеттік қолдау шаралары;

    ·     БЭК және БӘСҰ аясында өнім өткізудің жаңа нарықтары;

    ·     Экпорттық әлеуетті ұлғайту үшін жеке шаруашылықтарды ірілендіру;

    ·     Егіс алқаптары құрылымындағы тиімділігі жоғары дақылдардың үлесін арттыру;

    ·     Ұсақ ауылшаруашылық өндірістерін ірілендіру арқылы машина-трактор станциясын (МТС) құру;

    ·     Ауылдық тұтынушылар кооперативі желілерін кеңейту.

    ·     Жағымсыз ауа-райы жағдайларының, апатты жағдайлардың әсері, жануарлардың аса қауіпті ауруларының ошағы;

    ·     БЭК және БӘСҰ аясында азық-түлік нарығындағы бәсекелестіктің күшеюі;

    ·     Ауыл шаруашылығының дамуына, жаңа технологияларды ендіруге кері әсер ететін  жеке шаруашылықтардың басымдығы;

    ·     Кепілдік базасының әлсіздігіне байланысты ауылдық елді мекендердегі халықты несиелендірудің қиын тұстары;

    ·     Ауылдық кооператив пен механизмдері туралы ауыл халқының ақпараттандыру деңгейінің төмендігі.

     

    Саланың проблемалары:

    – Жамбыл ауданындағы ауылшаруашылығы саласының дамуын негізінен тежейтін – майда шаруашылықтар. 50 га-ға дейін жер учаскесі бар майда шаруашылық субъектілерінің үлес салмағы 64 % құрайды. Бұл шаруашылықтар өз беттерінше өндіріске агротехнологияларды ендіруге, егін себу айналымын,  өсімдіктер әлемін сақтауға шамалары жетпейді. Ал ғылыми-техникалық прогресс жетістіктерін, атап айтқанда тамшылатып, жаңбырлатып суғару немесе ылғалды үнемдеу-сақтау технологияларын айтпай-ақ қойса да болады.

    – көптеген ауылшаруашылығы тауар өндірушілерінде негізгі және қосалқы айналымға салатын қаражаттар жетпеушілігі.

    – мал басының негізгі қоры жекменшік секторда шоғырланған;

    – «Сыбаға», «Құлан», «Алтын асық» бағдарламасына қатысушылардың өздерінде кепілдікке қоятын мүліктерінің жетіспеушілігі байқалады. Ұсынылған мүліктер ауылдық жерде орналасқандықтан олардың бағалану құны да өте төмен;

    – машина-трактор парктерін техникалық жарақтандыру деңгейі жеткіліксіз, жаңа жетілген технологияларды енгізу  жағы да нашар;

    – ауылда білікті мамандар жеткіліксіз;

    – қол еңбегін қажет ететін жұмыстарға технология енгізу нашар дамыған, а/ш техникаларының тозығы жеткен, мал шаруашылығында жоғары өнімді генетикалық материалдарды және мал шаруашылығы өнімдерін дайындау, сақтау алғашқы өңдеу мен көкөністі сақтау инфрақұрылымының жоқтығы.

    –  суармалы маусымда су тапшылығы;

    – ауданда сауда-логистикалық инфрақұрылымның жоқтығы нарықтық саудада азық-түлік сатумен айналысатын майда ойыншылар қызметінің пайда болуына және өнім бағасының негізсіз өсуіне әкеп соқтырады.

    – отандық ауылшаруашылығы тауарларының ішкі және сыртқы саудада бәсекеге қабілеттілігінің төмендігі.

     

     

    1.3. Шағын және орта кәсіпкерлік, сауда

     Шағын және орта кәсіпкерлік Аудан экономикасын дамытудың бастапқы бағыттарының бірі шағын және орта кәсіпкерлік.

    Аудан бойынша 2015 жылы 4 581 шағын және орта кәсіпкерлік тіркеліп, бұл 2012 жылмен салыстырғанда 54,5%-ға артқан.

     

    11-кесте.  Шағын және орта кәсіпкерлік 

    Атауы Көрсеткіштері 2012 ж. 2013 ж. 2014 ж. 2015ж.
    Тіркелгені бірлік 2 965 3 251 3 100 4581
    Жұмыс істейтіні бірлік 2 724 2 748 2 563 4202
    Жұмыс істейтіндердің үлесі % 91,8 84,5 82,7 91,7
    Жұмысшылар саны адам 5 405 5 527 5 343 6652
    Өндірген өнім көлемі млн. теңге 11 099,1 15 814,6 17 900,7 22 905,3

     

    Тіркелген шағын кәсіпкерліктің басым бөлігін шаруа қожалықтары құрайды. 2015 жылы 2516 шаруа қожалықтары тіркеліп, жалпы көрсеткіштің 54,9 % құрады. Сондай-ақ, 1884 жеке кәсіпкерлер тіркелген немесе 41,1 %-ды құрады.

    Шағын және орта кәсіпкерліктің ең төмен бөлігін заңды тұлғалар құрайды. 2015 жылы 181 заңды тұлға тіркеліп, 2012 жылмен салыстырғанда 63 %-ға артқан (2012 жылы 111 заңды тұлға).

    2015 жылы жұмыс істейтін 4202 шағын және орта кәсіпкерліктер тіркеліп, 2012 жылмен салыстырғанда 54,2%-ға артқан (2012 жылы – 2724).

     

    Тіркелген және жұмыс істейтін шағын кәсіпкерліктердің динамикасы

    6-сурет

    Шағын және орта бизнесте жұмыс істейтін шағын кәсіпкерліктің басым бөлігін шаруа қожалықтары құрайды (2012-2015 орташа есеппен 78,4%). Ал жеке кәсіпкерлер орта есеппен 19,1 % болып, заңды тұлғалар 2,5 % құрады.

     

    2015 жылы тіркелген және жұмыс істейтін шағын кәсіпкерлік

    7-сурет

    2013 жылы шағын және орта бизнесте жұмыс істейтіндердің саны – 5527 адам, 2014 жылы – 5343 адамды құраған. 2015 жылы шағын және орта бизнесте – 6652 адам жұмыс істеп, бұл 2013 жылмен салыстырғанда 20,3 %-ға, 2014 жылмен салыстырғанда 24,5 %-ға артқан. Оның ішінде 2015 жылы жеке кәсіпкерлікте 1884 адам, заңды тұлғада 418 адам жұмыс істесе, басым бөлігі шаруа қожалықтарында 4350 адам жұмыспен қамтылған.

    Шағын және орта кәсіпкерлікте 2014 жылы өндірілген өнім көлемі 17,9 млрд.теңгені құрап, 2013 жылмен салыстырғанда 13,3 %-ға артқан (2013 жылы 15,8 млрд.теңге). Сонымен қатар 2015 жылы өндірілген өнім көлемі 22,9 млрд.теңгені құрап, 2014 жылмен салыстырғанда 27,9 %-ға, 2013 жылмен салыстырғанда 44,9 %-ға артып отыр.

    2016 жылдың есепті кезеңінде аудан бойынша жалпы тіркелген 4626 кәсіпкерлік нысандарында 6761 адам жұмыспен  қамтылған. Барлық шағын кәсіпкерлік саласы бойынша өндірілген өнім көлемі 20 млрд. 740,1 млн. теңгені құрады.

    Шағын және орта бизнесте өндірілген өнім көлемінің басым бөлігін шаруа қожалықтары құрайды. Орта есеппен алғанда 2013-2015 жылдар аралығында өндірілген өнім көлемінің 75 %-ы шаруа қожалықтарында, 23%-ы заңды тұлғаларда, 2 %-ы жеке кәсіпкерлікте өндірілген.

     

    2010 жылдан бері шағын және орта бизнесті қолдау мақсатында «Бизнестің жол картасы – 2020» Бағдарламасы (БЖК-2020) жүзеге асырылуда. 2011-2015 жылдар аралығында Жамбыл ауданында БЖК-2020 бағдарламасы шеңберінде 1 млрд. 530,9 млн. теңгеге 12 жоба субсидияланды, 1 жобаны несиелеу бойынша кепілдендіру және 2 грант берілді, 4 жоба бойынша қажетті өндірістік инфрақұрылым жүргізілді.

     

    12-кесте. «Бизнестің жол картасы – 2020» Бағдарламасының құралдары бойынша қаржылық қолдау алған жобалар  

    Қолдау құралдары 2012 жыл 2013 жыл 2014 жыл 2015 жыл
    Пайыздық ставканы субсидиялау 3 2 6
    Кепілдендіру 1
    Гранттар 1 1
    Өндірістік инфрақұрылымды дамыту 3 1

     

    БЖК-2020 бағдарламасының іске асыру шаралары арқылы жұмыс орындары сақталып қана қоймай, бірқатар қосымша жаңа жұмыс орындары ашылды.

     Сауда

    Ішкі сауда бөлшек және көтерме сауда тауар айналымдарынан құралады. Жамбыл ауданының 2012-2015 жылдардағы ЖШӨ көлемінің құрылымындағы ішкі сауданың үлесі 8,9 %-дан 51,3 %-ға дейін ұлғайды. Ең жоғарғы көрсеткішке 2015 жылы қол жеткізілді.

     

    13-кесте. 2012-2014 жылдардағы ішкі сауда (млн. теңге)

    Атауы 2012 жыл 2013 жыл 2014 жыл 2015 жыл
    Ішкі сауда 2 813,9 3 786,7 15 180,1 32 226,3
    ЖШӨ-дегі үлесі, % 8,9 8,5 29,8 51,3

    Бөлшек сауда

    2012-2015 жылдары бөлшек сауда тауар айналымының көлемі 42,9%-ға жоғарылады.

     

    2013-2015 жылдардағы бөлшек сауда тауар айналымы, млн.теңге

    10-сурет

    Атап айтқанда 2012 жылы 997,2 млн. теңгені, 2013 жылы 1 178,3 млн. теңгені, 2014 жылы 1 336,5 млн. теңгені құрады. Ал 2015 жылы 1 424,7 млн. теңгеге жетіп, ең жоғарғы нәтижені көрсетті.

    2016 жылдың 9 айында бөлшек сауда тауар айналымы 1 млрд. 158,1  млн. теңге немесе өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 113,1% болды (2015 жылдың 9 айында –  1 млрд. 023,7 млн. теңге). Нақты көлем индексі 92,9% болып отыр.

    Есепті кезеңде бөлшек сауда айналымының жалпы көлемі өткен жылдың тиісті айымен салыстырғанда орындалғанымен, нақты көлем индексі төмендеп отыр. Негізінен сауда айналымының нақты көлем индексін есептегенде, бағаның тұтыну индексі инфляция деңгейі негізге алынады. Ал, қазіргі уақытта экономикада орын алған жағдайға байланысты тауар бағасының тұрақсыздығына сәйкес тұтыну индексі де жоғары болып отыр.

     

    2012-2015 жылдардағы бөлшек сауда тауар айналымының нақты көлем индексінің динамикасы, %

    11-сурет

    Сонымен бірге, нақты көлем индексінің тұрақсыздығы жоғарыда аталған себептерге байланысты 2014 жылдан бастап орын алды.  Атап айтқанда, 2012 жылы – 93,3%, 2013 жылы – 102,0%, 2014 жылы – 131,5%-ға жетсе, 2015 жылы – 100,1 %-ды құраған.

     

    14-кесте. Ауданның бөлшек сауда айналымының облыстық көрсеткіштегі үлесі, млн.теңге

     

    Атауы 2012 жыл 2013 жыл 2014 жыл 2015 жыл
    Аудандық бөлшек сауда 997,2 1 178,3 1 336,5 1 424,7
    Облыстық бөлшек сауда 107 843,8 146 181,6 178 436,2 183 225,2
    Аудан үлесі, % 0,9 0,8 0,7 0,8

     

    Бөлшек сауда айналымы көлемінің өсуі мен нақты көлем индексі бойынша кері динамиканың орын алуы, облыстық көрсеткіштегі бөлшек сауда айналымының үлесіне де әсер етпей қоймады. Ол 2012 жылғы 0,9 %-дан 2014 жылы 0,7 %-ға дейін төмендеп, 2015 жылы қайта 0,8 %-ға жетті.

     

    Көтерме сауда

    2012-2015 жылдары көтерме сауда тауар айналымында өсім қалыптасып, 1 млрд. 816,7 млн. теңгеден 30 млрд. 801,6 млн. теңгеге дейін жетті.

     

    2012-2015 жылдардағы көтерме сауда тауар айналымы, млн.теңге

     

    12-сурет

     

    Ең жоғарғы көрсеткішке 2015 жылы қол жеткізіліп, 2012 жылмен салыстырғанда 17 есеге дейін артты.

    2016 жылдың 9 айында көтерме сауда айналымының көлемі 10 млрд. 643,3 млн. теңгені, ал нақты көлем индексі 50,7 %-ды құрады (2014 жылдың 9 айы – 16 млрд. 935,4 млн. теңге).

    Көтерме сауда айналымы көлемінің төмендеуінің басты себебі аудан көлеміндегі жанармай бекеттерінің сырттан сатып алатын тауар бағасының жоғарылауымен түсіндіріледі.

     

    2012-2015 жылдардағы көтерме сауда тауар айналымының нақты көлем индексінің динамикасы, %

    13-сурет

     

    2012-2015 жылдары көтерме сауда тауар айналымының нақты көлем индексінің динамикасында оң үрдіс қалыптасып, 2012 жылғы 115,3%-дан 2015 жылы 2,2 есеге дейін жетті. Ең жоғарғы көрсеткіш 4,9 еседе 2014 жылы қол жеткізілді.

     

    15-кесте. Ауданның көтерме сауда айналымының облыстық көрсеткіштегі үлесі, млн.теңге

     

    Атауы 2012 жыл 2013 жыл 2014 жыл 2015 жыл
    Аудандық көтерме сауда 1 816,7 2 608,4 13 843,6 30 801,6
    Облыстық көтерме сауда 146 944,2 192 681,1 231 820,3 211 841,9
    Аудан үлесі, % 1,2 1,4 6,0 14,5

     

    2012-2014 жылдары көтерме сауда айналымының облыстық көрсеткіштегі үлесі 1,2-6,0 % көлемінде болса, 2015 жылы 14,5 %-ды құрады.

     

    Шағын және орта кәсіпкерлік пен сауда саласынын SWOT- талдау: 

    Күшті жақтары Әлсіз жақтары
    ·      «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы шеңберінде кәсіпкерлікті қаржылық қолдау;

    ·      Ауданның облыс орталығына жақын орналасуы, тиісінше банк, қаржы-несие мекемелеріне тікелей байланысқа шығуы.

    ·      шағын және орта кәсіпкерлік үшін әкімшілік кедергілерді жою бойынша жүйелік қызмет;

    ·      сауда көлемін дамытудағы және халықты жұмыспен қамтудағы оң динамика;

    ·      әлеуметтік маңызды тауарларға бөлшек бағаны бақылаудың қалыптасқан жүйесі;

    ·      ЕАЭО-қа мүшелік.

    ·      Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің айналымдағы жеке қаражаттарының, кепілдік мүліктерінің жеткіліксіздігі;

    ·      Аудандағы шағын және орта кәсіпкерлік өкілдерінің тиісті деңгейде мамандандырылмауы және өзара ұйымдаспауы;

    ·      Бөлшек сауда заңнамадағы кемшін тұстары;

    ·      Отандық кәсіпорындардың өнім түрлерінің аздығы, олардың сырттан келген тауарлармен салыстырғанда бәсекелесу қабілетінің төмендігі;

    ·      Көлік-логистикалық орталықтардың жоқтығы;

    ·      Айналымдағы қаражаттың жеткіліксіздігі;

    ·      Кәсіпкерлердің теориялық және тәжірибелік дайындығының әлсіздігі, білікті кадрлардың тапшылығы, оның ішінде сауда саласында да;

    ·      ТМД және ЕАЭО мемлекеттерінен келетін азық-түлік тауарларына тәуелділік;

    ·      Өндірілетін өнімнің бәсекеге қабілетсіздігі.

    Мүмкіндіктер Қауіп-қатерлер
    ·     ЕАЭО шеңберінде шағын және орта бизнеспен серіктестік;

    ·     Аудандағы өңдеу өнеркәсібін дамыту;

    ·     Отандық азық-түлік өнімі өндірісін жоғарылату;

    ·     көлік-логистикалық орталық желілерін дамыту;

    ·     бәсекелестіктің артуы, сауда желілерінің бәсеке қабілетілігінің жоғарылауы.

    ·     Макроэкономикалық ортадағы жағымсыз өзгерістер: валюта бағамы, пайыздық мөлшерлеме;

    ·     ЕАЭО және БӘСҰ шеңберінде бәсекенің күшеюі;

    ·     Бөлшек сауда нарықтарындағы көлеңкелі тауар айналымының өсуі;

    ·     Инфляция өсіміне байланысты  халықтың тұтынушылық қабілетінің төмендеуі.

     

    Саланың проблемалары:

    ШОБ-те: Көптеген субъектілерде өзіндік инвестициялық және айналымға салатын тұтынушылық сұраныстарын қанағаттандыратын қаржының тапшылығы; ШОБ өкілдерінің несие алу үшін мүліктік кепілдіктері  төмен болғандықтан, банк тәуекел шығындарды қарыздың пайыздық ставкаларын көтеру жолымен несие құнына жатқызады; шағын бизнес саласында инженер-техник жұмысшы мамандықтары бойынша білікті кадрлар  тапшылығы.

    Сауда саласында: «ауыл-қала» байланысындағы көліктік-логистикалық орталықтардың жоқтығы, алаңдардың жалға беру ақысының жоғарылығы, логистика және сақтау шығындары жалпы сауда жүйесінің тиімсіздігі мен бәсекелестікке қабілетсіздігін көрсетеді; айналымдағы қаржының тапшылығы; сауда секторындағы топ-менеджменттің тапшылығы.

     

     

    1.4. Инновация және инвестиция 

    Инновациялар.

    2012-2015 жылдар аралығындағы инновациялық өнім көлемінің динамикасы тұрақсыз болды. Оның облыстық көрсеткіштегі үлесі 2012 жылғы 54,0%-дан 2014 жылы 1,7%-ға дейін төмендеген болса, 2015 жылы аудан көлемінде инновациялық өнім өндірілмеген.

     

    16-кесте. 2012-2014 жылдардағы инновациялық өнім көлемі, млн. теңге 

    Атауы 2012 жыл 2013 жыл 2014 жыл 2015 жыл
    Аудандағы инновациялық

    өнім көлемі

    10 380,3 456,3 538,0 х
    Облыстағы инновациялық

    өнім көлемі

    19 181,2 21 495,7 30 965,0 23 163,7
    Аудан үлесі 54,0 2,1 1,7 0,0

     

    Сәйкесінше, инновация саласындағы белсенділік деңгейі де 2012 жылы ең жоғарғы көрсеткішті орындап, 19,6 %-ды құрады. 2015 жылы төмендеп, тек 6,3 %-ды құрады.

    17-кесте. Инновация саласындағы белсенділік деңгейі 

    Атауы 2012 жыл 2013 жыл 2014 жыл 2015 жыл
    Инновациясы бар респонденттер саны, бірлік 5 2 3 2
    Инновация саласындағы белсенділік деңгейі, % 19,6 6,7 9,7 6,3

     

    Инвестициялар.

    2012-2015 жылдары ауданда негізгі капиталға салынған инвестиция көлемінде тұрақты өсім байқалуда. Яғни, 2012 жылы негізгі капиталға салынған инвестиция – 5 248,5 млн. теңге, 2013 жылы – 16 654,6 млн. теңге, 2014 жылы – 18 788,5 млн. теңге, ал 2015 жылы 21 115,2 млн. теңгені құраған.

     

    2012-2015 жылдары негізгі капиталға салынған инвестиция (млн.теңге)

    14-сурет

     

    Ең жоғарғы көрсеткішке 2015 жылы қол жеткізіліп, 2012 жылмен салыстырғанда 4 есеге артқан. Бұл жылғы инвестиция көлемінің өсуінің себебі, «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» автомагистралі учаскесінің аудан аумағындағы құрылысымен байланысты болды.

     

    2015 жылғы қаржыландыру көздері бойынша негізгі капиталға салынған инвестициялар

    15-сурет

    2015 жылы негізгі капиталға салынған инвестициялардың қаржыландыру көздері бойынша құрылымы келесідей болды: республикалық бюджеттен  – 1 267,2 млн. теңге, жергілікті бюджеттен – 516,2 млн. теңге, жеке қаражаттар – 4 250,7 млн. теңге және басқа да қарыз қаражаттары есебінен 14 969 млн. теңге.

    Ал, жалпы 2012-2015 жылдары негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемінің құрылымы төмендегідей болды:

     

    18-кесте. Негізгі капиталға салынған инвестиция құрылымы (млн.теңге) 

    Атауы 2012 жыл 2013 жыл 2014 жыл 2015 жыл
    Бюджеттік қаражаттар 3 040,6 2 367,4 2 527,7 1 783,4
    Жеке қаражаттар 2 206,5 1 294,9 2 478,2 4 250,7
    Банк кредиттері 12 992,3 1 553,8
    Қарыз қаражаттар 1,4 12 228,8 14 969,0
    Барлығы 5 248,5 16 654,6 18 788,5 21 155,2

     Негізгі капиталға салынған инвестицияның ішінде бюджеттік қаражаттардың үлесі төмен. Ол 2013 жылы 14,2 % болса, 2015 жылы 8,4 %-ға немесе 2013 жылмен салыстырғанда 2 есеге төмендеген.

    Ал, жеке қаражаттар бойынша өсім байқалып, 2013 жылғы 1 млрд. 294,9 млн. теңгеден 2015 жылы 4 млрд. 250,7 млн. теңгеге жетті, яғни 3 есеге артқан.

    Қарыз қаражаттар 2012 жылы 1,4 млн. теңгені құраса, 2014 жылы 12 млрд. 228,8 млн. теңге болды. Бірақ, ең жоғарғы көрсеткіш 2015 жылы орындалып, 14 млрд. 969 млн. теңгені құрады. Мұндай түбегейлі оң динамикалы өзгеріс, жоғарыда айтылғандай аудан аумағынан өтетін автомагистраль құрылысымен байланысты болды.

     

    19-кесте. Ауданның негізгі капиталына салынған инвестиция көлемінің облыстық көрсеткіштегі үлесі, млн.теңге 

    Атауы 2012 жыл 2013 жыл 2014 жыл 2015 жыл
    Аудандық инвестиция көлемі 5 248,5 16 654,6 18 788,5 21 115,2
    Облыстық инвестиция көлемі 149 590,5 248 842,4 208 554,5 194 321,4
    Аудан үлесі, % 3,5 6,7 9,0 10,9

    2012-2015 жылдары негізгі капиталға салынған инвестиция көлемінің өсуімен қатар, оның облыстық көрсеткіштегі үлесі де біршама артты. Ол 2012 жылы 3,5%-ды құраса, 2013 жылы 6,7%-ға, 2014 жылы 9,0 %-ға жетті. Ал, 2015 жылы ең жоғарғы көрсеткіш 10,9 % болды.

    2016 жылдың 9 айында негізгі капиталға салынған инвестицияның жалпы көлемі 16 млрд. 155,3 млн. теңгені немесе 2015 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 95,4%-ды құрады (2015 жылдың 9 айы – 16 млрд. 935,4 млн. теңге). Төмендеудің басты себебі, «Батыс Еуропа –Батыс Қытай» автомагистралі құрылысының аяқталуымен түсіндіріледі. Нақты көлем индексі 103,5%-ға жетті.

    Негізгі капиталға салынған инвестиция көлемінің облыстық көрсеткіштегі үлесі 10,5%-ды құрады.

     

    Инновация және инвестиция саласын SWOTталдау:

    Күшті жақтары Әлсіз жақтары
    ·      Халықтың білім деңгейінің жоғарылығы;

    ·      облыс көлемінде инновациялық инфрақұрылым элементтерінің болуы: Жоғары оқу орындары, Ғылыми-зерттеу орталықтары;

    ·      инновация саласындағы оң динамика;

    ·      ауданның орналасу жағдайы, көлік инфрақұрылымының  дамығандығы, жер қойнауы, климаты және басқа да сипаттарының инвестиция тартуға қолайлылығы.

    ·      Ғылым мен өнеркәсіп арасындағы әлсіз байланыс;

    ·      бизнестің инновациялық белсенділік деңгейінің төмендігі.

     

    Мүмкіндіктері Қауіп қатерлері
    ·     Инновацияны дамыту үшін ИИД мемлекеттік бағдарламасының, 2020 жылға дейінгі ҚР инновациялық дамыту Қағидасы мен оны жүзеге асыру Жол картасының  мүмкіндіктерін қолдану арқылы өнеркәсіп салаларын әртараптандыру үшін жаңа технологияларды әзірлеу және пайдалану;

    ·     «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының аясында өнеркәсіп, инвестициялар мен инновацияларды дамытудың стратегиялық бағдары;

    ·     Энергия және ресурс үнемдеу саласындағы инновациялардың дамуы;

    ·     ЕАЭО кіруімізге байланысты сырттан инвесторларды тарту.

    ·     Аймақтық инновациялық жүйенің жоқтығы.

     

     

     

    Саланың проблемалары:

    • Аймақтық инновациялық орталықтың жоқтығы, өнеркәсіп саласындағы кәсіпорындарының ғылыммен байланыс деңгейінің үлесі төмен.
    • Жеке инвестициялар үшін жобалардың тартымсыздығы.

     1.5. Экономикалық өсу орталықтарын дамыту

     Аса ауылы.

    Аса ауылы облыс орталығынан 25 шақырым қашықтықта орналасқан және аудан орталығы болып табылады. Халық саны 12106 адамды құрайды.

    Аса ауылы қызметінің негізгі бағыты ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру және оны өңдеу болып табылады. Аса ауылында ҮИИД мемлекеттік бағдарламасы бойынша Индустриаландыру картасының шеңберінде 2010 жылы «Амангелді ГӨЗ» ЖШС Жамбыл филиалының мұнай өңдеу зауыты іске қосылды.

    Аса ауылы аудан орталығы ретінде 17 ауылдық округке қарасты елді мекендермен экономикалық тұрғыда тығыз байланысты.  Ауыл темір жолдың бойында орналасқан және оның аумағынан Батыс Еуропа-Батыс Қытай автомагистралі өтеді. Күйдірілген және силикатты кірпіш шығарумен айналысатын кәсіпорындар, техникалық қызмет көрсететін стансалар, мұнай  қоймасы және автомобильдерге жанар-жағар май құятын станциялар бар.

    Ағымдағы даму жағдайын талдау.

    Ауылдық округтің жалпы жер көлемі 7 482 га, оның ішінде елді мекендер жері 2 126 га, ауыл шаруашылық алқаптары 6 661 га, өзге де жерлер 821 га.

    Ауылдық оругтегі халық саны 12 643 адамды құрайды, соның ішінде ерлер саны – 6591, әйелдер – 6052, зейнеткерлер – 996, оқушылар – 2270, экономикалық белсенді халық – 6054, оның ішінде өз бетінше жұмыспен қамтылғандар – 3006, жұмыссыз – 113.

    Ауылдық округте 3 орта мектепте (Аса ауылы – Жеңістің 30 жылдығы, Б.Момышұлы және Ю.Гагарин атындағы орта мектептер) 2226 оқушы және 1 бастауыш мектепте (Рахат ауылы) 44 оқушы білім алады,                        2 балабақшада (Сәуле және Балдырған) 450 бала тәрбие алады, М. Төлебаев атындағы музыка мектебінде 312 оқушы білім алады. Сондай-ақ, Аса ауылында 115 төсекке арналған аудандық орталық аурухана мен 250 келушіге арналған аудандық орталық емхана, Рахат ауылында 5 келушіге арналған медициналық пункт қызмет етеді. Мәдениет мекемелерінен 340 көреременге арналған аудандық Мәдениет Үйі мен аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі және аудандық балалар мен жасөспірімдер кітапханасы жұмыс істейді. Аса ауылында орталық стадион, спорт мектебі, шағын футбол алаңы және скаладром тренажеры және Рахат ауылында шағын футбол алаңы бар.

    Қызмет көрсету саласында пошта, қазақтелеком, 38 дүкен, 8 кафе-мейрамхана, 1 монша, 3 шаштараз, 1 аяқ киім жөндеу, 2 тігін шеберханасы,    2 дәріхана, 2 көлік жөндеу станциясы, 6 жанар-май құю станциясы, ХҚКО жұмыс істейді.

    Ауыл ішіндегі 122,6 км жолдың 29,2 км асфальтті, 93,3 км шағалды төсем. Электр желілерінің ұзындығы 84,95 км құрайды. Қалааралық автобус қатынасы бар. Тараз-Жаңатас бағытындағы темір жол байланысы бар.

    Аса ауылында орталықтандырылған ауыз су жүйесі бар. Кәріз жүйесі мен суды биологиялық тазарту имараты бар.  Ауыл толығымен табиғи газ жүйесіне қосылған.

    Ауылдық округте 2 308 бас мүйізді ірі қара, 5 690 бас қой-ешкі, 591 бас жылқы, 4 500 үй құстары бар.

     

    Айшабибі ауылы.

    Айшабибі ауылы аудан орталығынан 35 км. қашықтықта орналасқан және Айшабибі ауылдық округінің  орталығы болып есептеледі. Халық саны 4092 адамды құрайды.

    Айшабибі ауылының негізгі бағыттылығы ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру болып табылады.

    Ағымдағы даму жағдайын талдау

    Айшабибі ауылдық округі құрамында Айшабибі, Қызылтаң және Қаратау ауылдары бар.

    Округтің жалпы жер көлемі 65 852 га, оның ішінде елді мекендер жері 3 442 га, ауылшаруашылық алқаптары 63 561 га, өзге де жерлер 2 349 га.

    Ағымдағы жылдың есепті кезеңінде ауылдық округтегі халық саны 5035 адамды құрайды, оның ішінде еркектер – 2537, әйелдер – 2498, зейнеткерлер – 389, оқушылар – 1002, экономикалық белсенді халық – 3604, оның ішінде өз бетінше жұмыспен қамтылғандар – 1796, жұмыссыз – 20.

    Ауылдық округте 2 орта мектепте (Айшабибі ауылы – Айшабибі орта мектебі, Қаратау бөлімшесі – Т.Рысқұлов орта мектебі) 985 оқушы және     1 бастауыш мектепте (Қызылтаң ауылы) 17 оқушы білім алады, «Қарлығаш» балабақшасында (Айшабибі ауылы) 140 бала тәрбие алады. Сондай-ақ, Айшабибі ауылында 50 келушіге арналған дәрігерлік амбулатория, Қаратау бөлімшесінде 10 келушіге арналған медициналық пункт қызмет етеді. Мәдениет мекемелерінен Айшабибі ауылында 300 көреременге арналған Мәдениет Үйі жұмыс істейді.

    Қызмет көрсету саласында «Қазпошта» бөлімшесі, 1 байланыс орталығы, 10 дүкен, 2 кафе, 1 дәріхана, 1 шаштараз, 3 жанар май құю станциясы жұмыс жасайды.

    15 км ауыл ішіндегі жолдардың 5 км асфальттанған.

    2015 жылы орталықтандырылған ауыз су жүйесін қалпына келтіру жұмыстары аяқталды, ауыз су жүйесі бар. Ауыл толық газбен қамтылған. Автобустық қатынас бар.

    Өнеркәсіп кәсіпорындары ішінде ең маңызды ірі мекеме болып «Super Pharm» ЖШС болып табылады. Негізгі өнімі – матадан жасалмайтын біржолғы медициналық киімдер мен төсек жамылғыларын шығару.

    Ауылдық округ көлемінде Газ қысымын реттейтін станцияның құрылысы жүргізілуде. Жалпы жер көлемі 86 гектар. Жобалық қуаты – жылына 25 млрд.текше метр газды жөнелту.  Жобаның құны 32 млрд. теңгені құрайды. «Азия газ құбыры» ЖШС-гі Қазақстан мен Қытай үкіметтері арасындағы Қазақстан-Қытай газ құбырының құрылысы мен пайдалануы туралы келісімге сәйкес құрылған. Газ құбырының ІІІ-желісінің құрылысы 2014 жылы басталып, 2016 жылдың аяғында құрылыс жұмыстары аяқталатын болады.

    Ауылдық округте 3 155 бас мүйізді ірі қара, 1 980 бас жылқы, 26 700 бас қой-ешкі бар.

     

    Тіректі елді мекендерді SWOT- талдау:

    Күшті жақтары Әлсіз жақтары
    ·      Облыс орталығына жақын орналасуы;

    ·      ауданның орналасу жағдайы, жер қойнауы, климаты және басқа да сипаттарының инвестиция тартуға қолайлылығы;

    ·      автомобиль және темір жол қатынасы;

    ·      Батыс Еуропа – Батыс Қытай автомагистралінің бойында орналасуы.

    ·                облыс орталығына жақын орналасуының кәсіпкерлік нысандарының дамуына кері әсері;

    ·      білікті кадрлардың тапшылығы;

    ·      бос пайдаланылмай жатқан жерлердің болуы;

    ·      ірі өндіріс орындарының аздығы;

    ·      инвесторлардың тапшылығы.

    Мүмкіндіктері Қауіп қатерлері
    ·         өндіріс көлемін арттыру арқылы ауданның экономикасын жоғарылату және халықтың тұрмыстық әл-ауқатын жақсарту ·              ауылдық жерлерде халықтың өмір сүру деңгейі мен сапасының төмендігі;

    ·               экологиялық жағдай

     

    Саланың проблемалары: 

    • Ауыл тұрғындарының өмір сүру деңгейі;
    • Білікті кадрлардың тапшылығы;
    • мемлекеттік тұрғын үй құрылысы;
    • жаңа тұрғын-үй алқаптарына инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым тарту;
    • сұрапыл қоқыс тастау орындарын жою;
    • ауыл ішілік жолдарды жөндеу.

     

    2 БАҒЫТ: ӘЛЕУМЕТТІК САЛА

     2.1. Білім беру

    2011 жылдан 2015 жылдар аралығында білім беру саласында «2010-2020 жылдарға арналған білім беруді дамытудың» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру бойынша жұмыстар жүргізілді. Бағдарлама шеңберінде аудандағы білім берудің қолжетімділігі мен сапалылығын қамтамасыз ету бойынша іс-шаралар жүзеге асырылды.

     

    Мектепке дейінгі тәрбие

    Мектепке дейінгі ұйымдардың желісін сақтау мен кеңейту үшін, 5-6 жастағы балаларды мектепалды дайындықпен қамтамасыз ету шаралары қабылданды.  Осыған сәйкес, атқарылған жұмыстардың нәтижесінде бүгінгі таңда аудандағы 37 мектепте 94 сынып комплектісінде 1678 бала мектепалды даярлықпен қамтылды.

    2011-2014 жылдары барлығы 7 балабақша іске қосылды.

    1) Ескі ғимараттары мемлекеттік меншікке алынып, күрделі жөндеуден өткізу арқылы:

    – 2011 жылы  Қызылқайнар ауылынан 140 орынға және Тоғызтарау ауылынан 25 орынға;

    – 2012 жылы Айшабибі ауылынан 140 орынға және Аса ауылынан 280 орынға;

    – 2013 жылы Өрнек ауылында 50 орындық балабақшалары пайдалануға берілді.

    2) Бюджет қаражаттары есебінен құрылыс жүргізу арқылы 2014 жылы Түрксіб ауылынан 280 орынға арналған балабақша ашылды.

    3) мемлекеттік тапсырыс арқылы 2014 жылы Жалпақтөбе ауылынан 20 орындық «Сұлтан» жеке меншік балабақшасы жұмысын бастады.

    Сондай-ақ, 2015 жылы Жалпақтөбе ауылында 280 орындық балабақша құрылысы аяқталып, желтоқсан айында пайдалануға берілді.

    Бұдан бөлек, балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтуын кеңейту мақсатында шағын орталықтар белсенді түрде ашылуда. 2010-2015 жылдары аралығында 12 шағын орталық пайдалануға берілді. Жалпы  мектеп базасындағы шағын орталықтардың саны 18-ге жетті.

    Жалпы 2012 жылмен салыстырғанда 2015 жылы мектепке дейінгі ұйымдар желісі 7 мекемеге ұлғайып, жалпы 35-ны құраса, ондағы орындар саны 28,8%-ға артты.

     

    20-кесте. Мектепке дейінгі білім беру ұйымдары

    Атауы 2012 жыл 2013 жыл 2014 жыл 2015 жыл 2016 жыл 9 айы
    саны қамтылған бала саны қамтылған бала саны қамтылған бала саны қамтылған бала саны қамтылған бала
    Балабақша 13 1 571 14 1 621 16 1 901 17 2 176 18 2 352
    Шағын орталық 15 875 15 875 15 875 18 975 18 925
    Барлығы 28 2 446 29 2 496 31 2 776 35 3 151 36 3 277

     

    Ал, 2016 жылдың шілде айында Пригородное ауылынан 280 орындық жеке меншік балабақшасы іске қосылды. Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының жалпы саны 36-ға жетіп, қамтылғандан саны 126 балаға артты.

    Нәтижесінде ағымдағы жылы мектепке дейінгі балаларды тәрбиемен қамту деңгейі 1-6 жас аралығында 53,9 %-ды, ал 3-6 жас аралығында 79,7 %-ды құрады. Мектепке дейінгі ұйымдар саны мен балаларды қамтуда оң динамика байқалғанымен, аудан көрсеткіштері облыстық көрсеткіштерден төмен болып отыр (сәйкесінше 55,3 % және 80,0 %).

     

    21-кесте. 2013-2015 жылдары балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен қамту  деңгейі 

    Бала саны Мектепке дейінгі білім беру мекемелерімен қамтылған деңгейі, %
    2013 жыл 2014 жыл 2015 жыл 2016 жыл

    9 айы

    1-6 жас аралығында 44,5 % 43,7% 47,4% 53,9
    Облыс бойынша орта көрсеткіші: 47,2 % 48,1 % 52,1% 55,3
    3-6 жас аралығында 59,7 % 59,4% 70,8% 79,7
    Облыс бойынша орта көрсеткіші: 67,9 % 67,9 % 75% 80,0

     

    17 балабақша мен 18 шағын орталықтағы барлығы 3 151 балаға мемлекеттік тілде білім беріледі.

    Мектепке дейінгі мекемелерде барлығы 385 педагог қызмет атқарады. Оның 298-і балабақшаларда, ал 87-ы шағын орталықтарда.

     

    Жалпы орта білім

    Аудандағы жалпы 38 білім беру ұйымдарының (26 орта, 11 бастауыш, 1 негізгі мектеп) 821 сынып комплектісінде 14 921 балаға 1859 ұстаз білім беруде.

    Ана тілі ретінде Чкалов орта мектебінде дүнген тілі, Әйтиев және Шайқорық орта мектептерінде түрік тілдері оқытылуда.

    Соңғы жылдары апатты жағдайдағы мектептердің орнына жаңа мектептер салу қарқынды жүргізілуде. Мысалы, 2012 жылы Аса ауылында 600 орындық Гагарин, 2013 жылы Жасөркен ауылында 300 орындық Әуезов, Қаратау бөлімшесінде 120 орындық Рысқұлов атындағы орта мектептер, 2014 жылы Жаңаөткел ауылында 50 орындық Матросов атындағы негізгі мектеп салынды. Бұдан бөлек, 2015 жылы Еңбек ауылындағы 120 орындық орта мектебі пайдалануға беріліп, ауданда апатты жағдайдағы мектептер мәселесі толық шешімін тапты.

    Қазіргі таңда ауданда үш ауысымды мектептер жоқ. Соңғы жылдардағы мектеп жасындағы бала санының көбейюіне байланысты келешекте Гродиково, Айшабибі және Түрксіб (Макаренко о/м) елді мекендерінде мектептердің үш ауысымды болу қаупі бар.

    26 орта және 1 негізгі мектептердің үшеуінің ғимараттары типтік емес (Тоқтаров, Бірлесу Еңбек, Октябрь Жеміс о/м), олардың спортзалдары, акт залдары және асханалары жоқ. 7 орта мектептің ғимараттары 1970-80 жылдары салынғандықтан және ұзақ уақыт пайдаланғандықтан күрделі жөндеуді қажет етеді (Исмаилов, Жасөркен, Шайқорық, Кейкиев, Беспаев, Әйтиев, Гродиково о/м).

    11 бастауыш мектептердің 2-і жалдамалы ғимаратта орналасқан (Кызылтан, Кызыл-Дихан). Барлық бастауыш мектептердің ғимараттары типтік емес, оның ішінде 9 мектептің ғимараты сабанды-каркасты, спорт залдары мен асханалары жоқ.

    Аудандағы 26 мектепте физика, химия, биология сыныптары (68,4%) және лингафон және мультимедиялық жабдықтармен жабдықталған (63,2 %).

     

    22-кесте. 2016 жылғы жалпы білім беру мекемелерінің жаңа модификациядағы кабинеттермен қамтылуы

     

    Атауы Барлығы, мектептер Қамтылу деңгейі
    физика химия биология ЛМК
    Жамбыл ауданы 38 7 9 8 24

    Барлық мектептер компьютерленген. 2016 жылдың 9 айында қамтамасыз ету деңгейі – 1 балаға 9 компьютерді құрап отыр.

    Аудандағы 38 жалпы білім беру мекемелерінің 36-ы (95%) кең жолақты Интернет желісіне қосылған. Бұдан бөлек, қарапайым интернет желілері мен Wi-Fi жүйесі орнатылған.

    Мектептерде қызмет атқаратын 1859 педагогтың 1684-і жоғары және 175 арнаулы орта білімді қызметкерлер. Жалпы мұғалімдер құрамының 17,4 %-ы жоғары санатты, 32,1 %-ы бірінші санатты, 29,9 %-ы екінші санатты.

     

    23-кесте. 2016-2017 оқу жылындағы мұғалімдер құрамы 

    Атауы Жоғары білімді Арнаулы орта білімді
    Жоғары санатты 324  
     І-санатта 580 16
    ІІ – санатта 417 140
     Санатсыз 363 19
    Барлығы:    1684 175
    Жалпы 1859 мұғалім

     

    2011-2014 жылдары «Дипломмен ауылға» бағдарламасымен ауылдық елді мекендерге 24 жас маман келді.

    2015-2016 оқу жылында 571 мектеп бітірушінің 454-і ҰБТ қатысты. Қатысу пайызы 79,5%-ы құрап, өткен жылмен салыстырғанда 12,1%-ды құрады. Жалпы орташа балл 72,8-ді көрсетіп, өткен оқу жылымен салыстырғанда 8,5 баллға кеміді (2015 жылы – 81,43 балл).

    ҰБТ тапсырған 454 мектеп бітірушілердің 66-ы шекті деңгейге (50 балл) қол жеткізе алмады, үлесі 14,53%-ды құрады (2015 жылы – 5,81% немесе      27 бітіруші).

    «Алтын белгіге» ұсынылған 11 оқушының 7-і және «Үздік аттестатқа» үміткер бір оқушы өз білімдерін ақтап шықты.

     

    2012-2015 жылдардағы ҰБТ нәтижелері бойынша орташа балл

    16-сурет

    Облыс көлеміндегі 3 ауданда сауықтыру лагерьлері жоқ. Соның бірі Жамбыл ауданы болып табылады. Соған қарамастан, аудан оқушылары жыл сайын мектеп жанындағы және қала маңындағы лагерьлермен қамтылады. Атап айтқанда, балаларды жазғы сауықтыру жұмыстарымен қамту деңгейі 2013 жылы 80 %-ды, 2014 жылы 83,3 %-ды, 2015 жылы 84,0 %-ды құрады. Ал, 2016 жылы бұл көрсеткіш 100 %-ға жетті.

    2011 жылдан бастап аз қамтылған отбасыларынан шыққан оқушылар 100% ыстық тамақпен қамтылған. 21 елді мекеннен 1101 бала 12 мектепке сапалы әрі ыңғайлы тасымалмен қамтамасыз етілген немесе қажеттілік 100% орындалды.

    Балаларға қосымша білім беру бойынша ауданда М.Төлебаев атындағы саз мектебі қызмет етеді. Онда 333 бала оқиды. Жыл сайын мемлекеттік тапсырыс шеңберінде мектептен тыс үйірме жұмыстары жүргізіледі. Ағымдағы жылы мемлекеттік тапсырысты «Айналайын» ҮЕҰ жеңіп алып, 150 баланы қамтыды. Барлығы қосымша білім берумен 483 оқушы қамтылды (3,2%).

     

    Балалар құқығын қорғау

    01.10.2016 жылға психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңестің мәліметіне сәйкес мүмкіндігі шектеулі 395 бала есепте тұр. Оның ішінде 232 бала тәрбиемен және оқумен қамтылған (58,7%). Атап айтқанда:

    –  аудандағы 24 жалпы білім беру мектептерінде 85 бала инклюзивті оқытумен қамтылған;

    – 147 бала үйде жеке оқыту бағдарламасымен қамтылған.

      

    24-кесте. Инклюзивті білім берумен қамту деңгейі  

    Аудан атауы Мүмкіндігі шектеулі балалардың жалпы саны Инклюзивті білім берумен қамтылған балалар саны Инклюзивті білім берумен қамтылған балалардың үлесі
    2014 2015 01.10.2016 2014 2015 01.10.2016 2014 2015 01.10.2016
    Жамбыл 477 394 395 62 72 85 13,0 18,3 21,5

     

    Сонымен қатар, 8 психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттерінде 71 балаға педагогикалық түзету қолдау көрсетіледі.

    2016 жылы аудан бойынша 38 жалпы білім беретін мектептердің 24-де (63,2%) инклюзивті білім беруге жағдай жасалған (2015 жылы – 9 (23,7%).

     

    Техникалық және кәсіптік білім беру

    Аудан көлемінде техникалық және кәсіптік білім беретін жалғыз мекеме – Өрнек ауылдық округінде орналасқан «№17 Жамбыл колледжі».

    Колледж 1959 жылы Талас МТС негізінде УМСХ-136 болып ашылған. Одан кейін ұйымдық құрылымдардың өзгеруіне байланысты 1966 жылы №136 селолық кәсіптік-техникалық училищесі, 2000 жылы кәсіптік мектебі, ал 2007 жылы 28 желтоқсанда Жамбыл облыстық әкімиятының №335 қаулысымен «№17 кәсіптік лицейі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны, 2012 жылы 28 маусымда Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының №198 қаулысы негізінде «№17 Жамбыл колледжі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны болып қайта құрылды.

    Мекеменің жобалық қуаты 240 орындық. Білімгерлер саны – 169. Топ саны – 7. Оқыту тілі – қазақ. Колледжде төмендегі жұмысшы мамандықтарын даярлайды:

    • «Фермер шаруашылығы» мамандығы, біліктілігі – «Ауыл шаруашылығы өндірісінің тракторист-машинисі»;
    • «Автокөліктерге техникалық қызмет көрсету» мамандығы, біліктілігі – «Автокөліктерді жөндеу слесарі»;
    • «Дәнекерлеу ісі» мамандығы, біліктілігі – «Электрмен және газбен дәнекерлеу».

    2013-2014 оқу жылында колледжде 4 мамандық бойынша 160 білімгер,  ал 2014-2015 оқу жылында 4  мамандық бойынша 185 білімгер білім алды («Тігін өндірісі және киімдерді үлгілеу» мамандығы болған).

    2015-2016 оқу жылында 3 мамандық бойынша 172 білімгер, ал 2016-2017 оқу жылында 3 мамандық бойынша 169 білімгер білім алған.

    Дуалды оқыту жүйесі негізінде

    Оқу барысына дуалды білім беру жүйесін енгізу бойынша жұмыстар жүргізілуде. 2016 жылы дуылды білім беру жүйесі бойынша «Фермер шаруашылығы» мамандығы бойынша 25 білімгер білім алды. Дуалды оқыту бойынша шаруа қожалықтармен 6 келімшарт жасалынған.

    2016 жылы мемлекеттік тапсырыс негізінде техникалық және кәсіптік білім беру кадрларын даярлау үшін 3 мамандық бойынша 75 орын бөлінді.

      

    Білім беру саласын дамытудың SWOT- талдауы:

    Күшті жақтары Әлсіз жақтары
    ·      Апатты жағдайдағы мектептер жоқ;

    ·      Жыл сайын мектепке дейінгі мекемелер санының өсуі;

    ·      ҰБТ нәтижелерінің жақсаруы;

    ·      ЖОО-на түскен мектеп бітірушілер санының өсуі.

    ·     Мектепке дейінгі тәрбиемен және оқумен қамту деңгейінің төмендігі;

    ·     Аудандағы білім беру мекемелерінің жеткіліксіз материалдық-техникалық жабдықталуы;

    ·     Типтік емес мектептерде спорт залдары мен асханалардың жоқ болуы;

    ·     Ғимараты сабан кірпіштен салынған бастауыш мектептер бар;

    ·     Күрделі жөндеуді қажет ететін мектеп ғимараттары бар.

    Мүмкіндіктері Қауіп-қатерлері
    ·     «Жұмыспен қамту жол картасы – 2020», «2020 жылға дейінгі Өңірлерді дамыту» бағдарламалары шеңберінде мектеп ғимараттарын күрделі және ағымды жөндеуден өткізуді қамтамасыз ету;

    ·     Ауылдық округтердің жергілікті өзін-өзі басқару тетігінің кіріс көздері арқылы білім беру мекемелерін материалдық-техникалық жабдықтау мен жөндеуден өткізуді шешу;

    ·     Мемлекеттік тапсырыс және мемлекеттік-жеке меншік әріптестік шеңберінде жеке меншік мектепке дейінгі ұйымдарды ашу.

    ·     Педагогтардың басым бөлігінің біліктілік деңгейінің төмендігі;

    ·     Халқы тығыз орналасқан елді мекендердегі мектептерде үш ауысымда оқу қаупі бар;

    ·     Мектепке дейінгі мекемелерге орналасуға кезектің жыл сайынғы өсуі;

    ·     1000 адамға дейінгі тұрғыны бар ауылдарда мемлекеттік-жеке меншік әріптестік және мемлекеттік тапсырыс шеңберінде жеке меншік балабақша ашудың инвесторлар үшін тартымсыздығы.

     

     

    Саланың проблемалары:

    – асханасы мен спорт залдары жоқ, типтік емес мектеп ғимараттарының болуы;

    – саман кірпіштен салынған бастауыш мектеп ғимараттарының болуы;

    – білікті педагог кадрларының, ағылшын тілінде сабақ беретін ұстаздардың жетіспеушілігі;

    – 3 мектеп бойынша алдағы жылдары үш ауысымды оқытуға ауысу қаупі бар;

    –  Мектепке дейінгі мекемелерге орналасуға кезектің өсуі.

      

    2.2. Жастар саясаты 

    2015 жылы Жамбыл ауданының жастары 21 267 адамды құрап, 2012 жылмен салыстырғанда 245 адамға азайған. Бұл, жалпы аудан тұрғындарының төрттен бір бөлігін (26,7%)  құрайды. Оның 10 782-і ер адамдар (50,7%), 10 485-і әйелдер (49,3%).

    2016 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша аудан халқы 80 020 адамды құрады, оның ішінде жастар 20 623 адам немесе 25,7 %.

     

    Ауданның жалпы халық санынан 14 пен 29 жас аралығындағы жастардың үлесі

    17-сурет

    Ауданда 5 қоғамдық жастар бірлестігі («Айналайын» балалар мен жасөсіпірімдер орталығы, «Гуонлен» жастар ұйымы, «Геккон» жастар спорттық-туристік клубы, «Жас Отан» жастар қанаты ұйымы, «Болашақ  Жамбыл» қоғамдық бірлестігі), Жастар орталығы және 5 аула клубы  (Аса, Ерназар, Жамбыл, Бесағаш және Айшабибі ауылдық округтерінде) қызмет атқарады.

    Жастар ұйымдарының жұмысына қатысатын жастардың үлесі 2013 жылмен салыстырғанда 2 сатыға жоғарылап, 17 %-ды құрады.

    Соңғы жылдары мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберіндегі жобаларды іске асыруға қатысатын жастар ұйымдарының саны артуда. 2012 жылы мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты жүзеге асыруға 2 ұйым (Айналайын, Геккон), 2013 жылы – 3 (Геккон, Гуанлен 2 жоба бойынша), 2014 жылы – 3 (Гуанлен, Айналайын 2 жоба бойынша), 2015 жылы 2 ұйым қатысты (Гуанлен, Айналайын).

    Сонымен қатар, аудандық мәслихат құрамындағы жастар үлесінің төмендігі байқалады. Егер 2014 жылы 2 жас депутат тіркелсе, 2015 жылы мүлдем тіркелмеді.

      

     Саланың дамуын SWOT- талдау: 

    Күшті жақтары Әлсіз жақтары
    ·     Ауданда Жастар орталығының және оның әр ауылдық округте жастар ісі бойынша бекітілген инспекторларының  болуы;

    ·     Мемлекеттік жастар саясатының аудандық бюджеттен қаржыландырылуы.

    ·     Жастар саясаты мәселелері бойынша бөлім жоқ;

    ·     аудандық мәслихат құрамындағы жастар санының аздығы.

    Мүмкіндіктері Қауіп-қатерлері
    ·      Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде мемлекеттік жастар саясатының жүзеге асырылуын кеңейту. ·      Жастардың әлеуметтік оптимизм деңгейінің төмендеуі.

     

     

    Саланың проблемалары:

    – үкіметтік емес сектордың даму деңгейінің төмендігі;

    – мемлекеттік жастар саясаты саласындағы бөлімнің болмауы;

    – жастарды жұмыспен қамту деңгейінің төмендігі;

    – тұрғын үймен қамтамасыз ету;

    – жастар арасындағы қылмыстардың орын алуы және артуы.

     

     

    2.3. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау 

    Жұмыспен қамту

    2012-2015 жылдар аралығында жұмыспен қамтылған адамдар саны тұрақты түрде артып отырды. Атап өтсек, 2012 жылы жұмыспен қамтылғандар саны 719 адамды, 2013 жылы 962 адамды, 2014 жылы 1 190 адамды құраса, 2015 жылы 1 710 адамға жетті. Ал, 2016 жылдың 9 айында бұл көрсеткіш 1 711 адамды құрады.

     

    25-кесте. Ауданның еңбек нарығының негізгі индикаторлары, адам  

    Атауы 2012 жыл 2013 жыл 2014 жыл 2015 жыл 2016 жыл

    9 айы

    Тұрақты жұмыс орындары 370 564 642 1 208 1 032
    о.і.:жаңа жұмыс орындары 209 131 191 194
    Жастар тәжірибесі 55 55 78 103 183
    Әлеуметтік жұмыс орындары 48 50 89 92 79
    Ақылы қоғамдық жұмыс орындары 206 181 216 224 257
    Несиелендіру 15 76 102 43 40
    Кәсіптік оқыту 25 36 63 40 120
    Жалпы жұмыспен қамтылғандар 719 962 1 190 1 710 1 711
    Жұмыспен қамту деңгейі, % 82,3 77,1 82,4 84,0 70,4

     

    2013-2015 жылдары «Еңбекпен қамту» бағдарламасы бойынша бөлінген қаржы көлемінде де оң динамика байқалады. 2015 жылы бұл бағдарлама бойынша 51 млн. 063 мың теңге бөлініп, 2013 жылмен салыстырғанда           11 млн. 563 мың теңгеге артқан (2013 жыл – 39 млн. 500 мың теңге).

    Нәтижесінде, 2012-2014 жылдары аралығында 3 862 адам жұмыспен қамтылды, оның ішінде «Жұмыспен қамту жол картасы – 2020» бағдарламасы шеңберінде 1 199 адам. Барлығы 30 инфрақұрылымдық жоба жүзеге асырылып, құрылған жұмыс орындарына 361 адам тартылды. Кәсіпкерлік негіздері бойынша 150 адамға оқу курстары ұйымдастырылды. 156 адамға шағын несиелер берілді. Кәсіптік оқумен барлығы 86 адам қамтылып, барлығы жұмыспен қамтылды.

     

    26-кесте. Аудандағы жұмыссыздық деңгейі  

    Атауы Өлшем бірлігі 2012 жыл 2013 жыл 2014 жыл 2015 жыл
    Тіркелген жұмыссыздар адам 189 242 286 213
    Жұмыссыздық деңгейі % 4,6 4,5 4,5 4,5

     

    Мемлекеттік және салалық бағдарламалардың жүзеге асырылуы аясында жұмыспен қамтылғандар санының артуымен қатар жұмыссыздар саны төмендеп отыр. 2015 жылы жұмыссыздар 213 адамды құрап, 2013 жылмен салыстырғанда 29 адамға ұлғайды. Ал, жұмыссыздық деңгейі 2013-2015 жылдары 4,5 %-да сақталып отыр.

    2016 жылдың 9 айында 489 жұмыссыз аудандық жұмыспен қамту бөліміне ресми тіркеуге алынды. Есепті мерзімде 1 711 адам жұмыспен қамтылды, оның 869-ы тұрақты жұмысқа, 163 адам мемлекеттік және салалық бағдарламалар бойынша, 183 адам жастар практикасына, әлеуметтік жұмыс орындарына 79, ақылы қоғамдық жұмысқа 257 адам тартылды, 120 адам кәсіптік оқуға жолданды және 40 адамға шағын несие берілді.

    Жұмыспен қамту деңгейі 70,4%-ды құрады.

     

    Халықты әлеуметтік қорғау

    Мемлекеттік әлеуметтік саясаттың жүзеге асырылуы шеңберінде мұқтаж азаматтарға ай сайын және уақытылы қолдау көрсетіледі.

    Әлеуметтік қамсыздандыру мен әлеуметтік көмекке бағытталған шығындар мынадай болды: 2013 жылы – 143,5 млн. теңге, 2014 жылы – 155,2 млн. теңге және 2015 жылы 168,9 млн. теңгені құрады.

     

    27-кесте. Әлеуметтік төлемдер динамикасы  

    Атауы Өлшем бірлігі 2012 жыл 2013

    жыл

    2014

    жыл

    2015

    жыл

    Атаулы әлеуметтік көмек алушылар саны отбасы/адам 82/430 50/264 43/247 36/195
    18 жасқа дейінгі балаларына мемлекеттік жәрдемақы алушылар саны отбасы/адам 2435/7494 2366/7389 2453/7633 2532/7800

     

    Тұрғын үй көмегін алушылар саны отбасы 890 1155 677 738

     

    2013-2015 жылдары атаулы әлеуметтік көмек алушылар санының азаюы байқалады. Оның себебі, «Жұмыспен қамту жол картасы – 2020» бағдарламасы аясында жүзеге асырылған іс-шаралармен байланысты. Бағдарлама бойынша құрылған жаңа жұмыс орындары мен маусымдық жұмыстарға негізінен атаулы әлеуметтік көмек алушылар қатарындағы жұмыссыздар тартылады.  Сондай-ақ, әлеуметтік қолдау көрсету шараларына қатысуға ниет білдірген жұмыссыздар мен өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға «Өрлеу» бағдарламасы шеңберінде ақшалай көмек бекітіледі.  2015 жылы 4246 адамға 112,1 млн. теңге көлемінде ақшалай көмек берілген.

    Іске асырылып жатқан мемлекеттік қолдау шаралары халықтың табысын арттырып қана қоймай, кедейшілік деңгейін төмендетті.

     

    28-кесте. Кіріс пен кедейшілік динамикасы 

    Атауы Өлшем бірлігі 2012 жыл 2013 жыл 2014 жыл 2015 жыл
    Орташа айлық жалақы теңге 73 580 79 706 80 898 84 896
    Күнкөрістің ең төменгі деңгейінің шамасы теңге 15 722 16  007 18 109 18 753
    Кедейшілік деңгейі % 1,2 0,7 0,7 0,4

     

    2016 жылдың 9 айында 11 725 адамға 146,7 млн. теңге көлемінде қолдау көрсетілді. Оның ішінде 134 адамға 2,2 млн. теңге атаулы әлеуметтік көмек, 795 отбасындағы 3 714 адамға 9,5 млн. теңге тұрғын үй көмегі, 18 жасқа дейінгі 7769 балаға 131,4 млн. теңге балалар жәрдемақысы және үйде тәрбиеленетін 108 мүгедек балаға 3,6 млн. теңге жәрдемақы төленді. Нәтижесінде, 2016 жылдың 1 қазаны жағдайында кедейшілік деңгейі 0,1 %-ды құрады.

     

    Мүгедектерді әлеуметтік қорғау

    Мүмкіндігі шектеулі азаматтарды қолдау мемлекеттік әлеуметтік саясат шеңберінде іске асырылады. 2014 жылы ауданда барлығы 2 788 мүгедек тіркелсе, 2015 жылы олардың саны 2 502-ге жетті. 2016 жылдың 9 айында барлығы 2544 мүгедек тіркелді, оның 1-2 топтағысы 1265 адам, 3 топтағысы 885 адам, 16 жасқа дейінгі мүгедек балалар саны – 394.

    ҰОС ардагерлері – 1.

    Ауданда жыл сайын стационарлық, жартылай стационарлық және үйде арнаулы қызмет көрсетуді алушылардың саны артуда. Оң динамика әлеуметтік-медициналық базаның нығаюымен, мүгедектерді, оның ішінде мүгедек балаларды оңалту орталықтарының дамуымен, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберіндегі арнайы әлеуметтік қызметтер көлемінің көбеюімен түсіндіріледі.

    Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесі дамуда. 2015 жылы облыс орталығындағы бейімдеу орталығына 28 және қарттар мен мүгедектерге арналған интернат үйіне орналасуға 13 мүмкіндігі шектеулі азамат, жартылай стационарлық ұйымның күндізгі бөліміне 16 зейнеткерлер жолдамамен қамтылды. Сонымен қатар, 77 кемтар балаларға және 11 жалғыз басты қарттарға үйде арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетілді.

     

    29-кесте. Арнайы әлеуметтік көмек алушылар санының динамикасы, адам

     

    Көрсеткіштер атауы 2012 жыл 2013 жыл 2014 жыл 2015 жыл
    Оңалту және бейімдеу орталығында 15 21 46 28
    Қарттар мен мүгедектерге арналған

    интернат үйінде

    4 1 1 13
    Жартылай стационарлық мекемелерде 4 4 10 16
    Үйде арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету 96 107 93 88

     

    Мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту мақсатында аудандағы 17 ауылдық округ бойынша қолданыстағы мемлекеттік және жеке меншік нысандарға түгендеу жұмыстары жүргізіліп, талдау бойынша 104 нысан анықталып, оның ішінен 56 нысан бейімделуге іріктелініп алынды. Нәтижесінде, 2013 жылы 8 мекемеге, 2014 жылы 10 мекемеге, ал 2015 жылы 10 мекемеге мүгедектердің қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін талапқа сай жағдай жасалды. 2016 жылы тағы да 9 мекемеге, оның ішінде аудандық бюджет есебінен 8 мекемеге пандус орнату жоспарланды. Бүгінгі күнге қаражат толығымен игеріліп, жұмыстар аяқталды.

      

    Саланың дамуын SWOT- талдау: 

    Күшті жақтары Әлсіз жақтары
    ·      Шағын несие алуға жұмыссыздардың, өзін-өзі қамтығандардың және жағдайы төмен азаматтардың жоғары сұранысы;

    ·      мүмкіндігі шектулі азаматтарды жұмыспен қамту;

    ·      «Өрлеу» пилоттық жобасының іске асырылуы;

    ·      атаулы әлеуметтік көмек алушылар санының азаюы.

    ·      Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үлесінің жоғарылығы;

    ·      жұмыс күшінің біліктілік деңгейінің төмендігі;

    ·      тұрақты жұмыс орындарының жоқтығы;

    ·        кедейшілік пен жұмыссыздықтың күшеюі.

     

    Мүмкіндіктері Қауіп-қатерлері
    ·      Жастар тәжірибесімен қамтамасыз ету;

    ·      кәсіпкерлік бастамашылдықтың дамуына жәрдемдесу;

    ·      Шағын несиелендіру үшін қаржының жеткіліксіздігі;

    ·      еңбекке жарамды жастағы халықтың миграциялық шығуы;

    ·      жастар тәжірибесінен өткен кейін тұрақты жұмыс орнына орналасудағы қиындықтар.

     

    Саланың проблемалары:

    – уақытша жұмысқа орналасқандар мен өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үлесінің жоғарылығы;

    – жастарды жұмыспен қамту деңгейінің төмендігі;

    – жұмыс күшінің біліктілік деңгейінің төмендігі;

    – Күнкөрістің ең төменгі деңгейі шамасынан төмен кірісі бар халық үлесінің жоғарылығы;

    – атаулы әлеуметтік көмек алушылар санындағы өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтар үлесінің жоғарылығы;

    – атаулы әлеуметтік көмек алушылардың жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына белсенді түрде қатыспауы;

    – кедейшіліктен шығу бойынша шаралардың тиімсіздігі, мұндағы басты мәселе жұмыспен қамту болып отыр.

    – мүгедектерді жұмыспен қамтудағы қиындықтар;

    – әлеуметтік маңызды нысандардың толық бейімделмеуі, қолжетімділік пандус орнатумен ғана шектелуде.

     

    2.4. Мәдениет

     

    Жамбыл ауданында 48 мәдениет мекемелері бар. Оның ішінде, 1 мәдениет үйі, 18 клуб, 29 кітапхана және 1 жылжымалы «Зерде» бейнемобилі.

    2015 жылы 600 мәдени көпшілік іс-шаралар өткізіліп, барлығы 88 670 адам қатысса, 2016 жылдың 9 айында 480 іс-шаралар ұйымдастырылып, 66810 адам қатысты.

    Аудандағы кітап қоры 197 мың 600 дананы құрайды. Оның ішінде, мемлекеттік тілдегісі 113 100 дана немесе 57,2 %. 2015 жылға кітап қорын ұлғайту үшін 2 млн. теңге қаралды. 2015 жылы оқырмандар саны 138,5 мың адамды құрады.

     

    30-кесте. Кітапханалар  

    Атауы Өлшем бірлігі 2012 жыл 2013 жыл 2014 жыл 2015 жыл
    Кітапханалар бірлік 28 29 29 29
    Кітап қоры  дана 176 040 186 110 193 200 197 600
    Кітапханаға келушілер саны  мың адам 134,2 135,1 136,8 138,5

     

    Мәдениет саласын дамытуға аудандық бюджеттен қаржыландыруда өсім байқалады. Осылайша, 2015 жылы мәдениет мекемелерін қаржыландыру үшін 218 млн. теңге бөлініп, өсу қарқыны 2012 жылмен салыстырғанда 37,5%-ға артты.

     

     

    Мәдениет саласын қаржыландыру, млн. теңге

    18-сурет

     

    2015 жылы «Жұмыспен қамту жол картасы – 2020» бағдарламасының аясында 15 млн. 035 мың теңге бөлініп, 3 мәдениет мекемесі жөндеуден өтті.

     

    Саланың дамуын SWOTталдау: 

    Күшті жақстары Әлсіз жақтары
    ·      Мәдениет саласын қаржыландыруға жергілікті бюджеттен қаражат бөлінуі;

    ·      Мәдениет нысандарына келушілер санының артуы және қызмет көрсету сапасының жоғарылауы.

    ·      Кадр тапшылығы;

    ·      Шалғай орналасқан елді мекендегі Интернет желісіне қосылудағы қиындықтар.

     

    Мүмкіндіктері Қауіп-қатерлері
    ·      Республикалық бюджет есебінен жаңа мәдениет нысандарының құрылысын жүргізу;

    ·      «Жұмыспен қамту жол картасы – 2020» бағдарламасы аясында мәдениет нысандарын ағымды және күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуді одан әрі жалғастыру.

    ·      Жаңа мәдениет нысандарының құрылысына қаржыландырудың болмауы;

    ·      әлсіз материалдық-техникалық қамтамасыздандырылуы.

     

     

     

    Саланың проблемалары:

    Мәдениет саласы қызметкерлерінің жалақысының төмендігі және ведомстволық тұрғын үйдің болмауы (білікті мамандарды тартудағы басты кедергі) ;

    – кітапханалардың Интернет желісіне қосылу деңгейінің төмендігі.

    – мәдениет мекемелерінің материалдық – техникалық қамтамасыздандырылуының әлсіздігі.

     

    2.5. Дене шынықтыру және спорт 

    2012-2015 жылдар аралығында спорт инфрақұрылымының дамуында оң динамика байқалады.

    2015 жылы аудан көлеміндегі спорт кешендерінің саны 145 бірлікті құрап, 2012 жылмен салыстырғанда 2 бірлікке ұлғайған.

    Соңғы үш жылда бірқатар спорт нысандары іске қосылды. Оның ішінде демеушілік қаражаттар есебінен 2012 жылы салынған Аса, Бірлесу-Еңбек, Шоқай  және Шайдана ауылдарында шағын футбол алаңдарын, 2014 жылы салынған Октябрь-Жеміс ауылында спорт алаңын атап өту керек. Ал, аудандық бюджет қаржысы есебінен 2013 жылы Аса және Шайқорық ауылдарында аулалық ойын алаңы мен шағын футбол алаңдары, 2014 жылы Жамбыл, Қарой, Каракемер, Өрнек, Тастөбе ауылдарындағы шағын футбол алаңдары салынды. Альпинистік-туристік бағыттағы жас спортшыларды қолдау мақсатында халықаралық стандартқа сай скалодром (жасанды жартас) тренажеры орнатылды. 2015 жылы Қостөбе және Ерназар ауылдарында футбол алаңдарын салынып, пайдалануға берілді.

     

    31-кесте. Спорт нысандары  

    Атауы 2012 жыл 2013 жыл 2014 жыл 2015 жыл
    – стадион 1 1 1 1
    – спорттық кешен 1 1 1 1
    – ипподром 1 1 1
    – атқыштар тирі 8 8 8 8
    – спорт алаңшалары 48 48 48 48
    – футбол алаңдары 49 49 53 55
    – спорт залдары 30 30 30 31
    – дене тәрбиесі және спортпен шұғылдану бөлмелері 5 5 4 1
    Жалпы спорт нысандарының саны 143 143 146 145

     

    Аса және  Түрксіб ауылдарындағы орналасқан №10, 11 спорт мектептерінде 1020 бала спорттың 14 түрімен шұғылданады. «Геккон» спорттық-туристік клубында 48 бала жартасқа өрмелеумен жаттығуда. Сондай-ақ 36 білім беру мекемелерінің 28 спорт залдарында 2842 оқушы 109 спорттық секция мен үйірмелеріне қатысады.

    Жалпы аудан көлемінде 3461 адам олимпиада бағдарламасына кірген спорт түрлерінен жаттықса, 1960  адам олимпиада бағдарламасына кірмеген спорт түрлерінен, ал 2813 адам спорттың ұлттық түрлері бойынша секцияларға қатысады.

    2015 жылдан бастап аудандағы барлық ауылдық округтерге штаттан тыс спорт ісі жөніндегі 17 нұсқаушы-әдіскер бірліктерін қаралып, оларды ұстауға 9 214 мың теңге бөлінді.

    2015 жылдың нәтижесі бойынша дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде шұғылданатын барлық жастағы халықтың саны 11943 адамды немесе 25,1 %–ды құрады. Ал, 2016 жылы бұл көрсеткіш 26,1 %-ды құрады.

    Аудан көлемінде бұқаралық спорттық іс-шаралар мен кешенді спорттық іс-шараларын ұйымдастырып, өткізуге 2015 жылы 8 млн. 272 мың теңге қаралып, бұл бағдарлама аясында саламатты өмір салтын насихаттау бойынша 56 іс-шара өткізіліп, 21 812 адам қамтылды, бұқаралық спортты дамыту барысында 98 іс-шаралар өткізіліп, аталған іс-шараларға 19 363 адам қамтылды, сондай-ақ, ұлттық спорт түрлерін насихаттау бойынша 38 іс-шаралар өтіп, бұл іс-шараларға 10 104 адам қамтылды.

     

    Саланың дамуын SWOT- талдау: 

    Күшті жақтары Әлсіз жақтары
    ·     дене шынықтыру және спортпен айналысушылар санының өсуі;

    ·     ауылдық округтердегі спорт инструкторлар санының артуы;

    ·     түрлі спорттық көпшілік іс-шаралар өткізуді арттыру;

    ·     аудан халықының дене шынықтыру мен спортқа қызығушылығының артуы.

    · Материалдық техникалық базаның әлсіздігі;

    · Спорт ғимараттарының басым бөлігінің жетілдірілген техникалық нормалар талаптарға  сәйкес келмеуі.

    Мүмкіндіктері Қауіп-қатерлері
    ·      Дене шынықтыру және спортпен шұғылдану үшін аудандық инфрақұрылымды жағдай жасау (шағын футбол алаңдары, спорт кешендері);

    ·      Жоғары кәсіби кадрларды, жоғары сыныпты спортшыларды және лайықты спорттық резервті тәрбиелеу;

     

    ·      Спорттық инфрақұрылым жеткіліксіз дамуы, материалдық-техникалық жабдықталу деңгейінің төмендігі;

    ·      Спорт ғимараттар мен құрал-жабдықтардың жеткіліксіздігі;

    Материалдық-техникалық база мен спорттық инфрақұрылымның әлсіздігіне байланысты спорттық резервтің дайындық

    деңгейі мен халықаралық класстағы спортшыларды тәрбиелеу деңгейінің төмендеуі.

     

    Саланың проблемалары:

    – материалдық техникалық базаның әлсіздігі, сапалы құрал-жабдықтардың жоқтығы;

    – балалар мен жасөспірімдер мектептері мен аула клубтары желілерінің жеткілікті деңгейде дамымауы;

    – халқы тығыз орналасқан елді мекендерде спорт алаңшаларының жеткіліксіздігі.

     

      

    2.6. Туризм 

    Аудан көлемінде 89 археологиялық, 1 монумент, 17 тарихи-мұра объектілері орналасқан. Оның ішінде ЮНЕСКО-ның республикалық мәні бар Айша бибі және Бабаджа-хатун кесенелері.

    Археологиялық қазба жұмыстары тек Жікіл, Әулие бастау, Бектөбе қалашықтарында ғана жүргізілген. Ескі қорған, обалар Аса, Қаратөбе, Қаракемер және Қызылқайнар ауылдық округтерінде орналасқан.

    Аудан көлемінде мол тарихи ескерткіштердің орналасуы экскурсиялық-танымдық туризмнің дамуына септігін тигізеді. Бұл ескерткіштердің туризмдік тартымдылығы сақталуына және қайта қалпына келтіру деңгейіне байланысты.

    Саланың дамуын SWOTталдау: 

    Күшті жақтары Әлсіз жақтары
    ·     Тартымды климат, табиғат әлеуетінің байлығы және көркемдігі, бай мәдени мұра;

    ·     өсімдік пен жануарлар әлемінің әртүрлілігі;

    ·     белсенді демалыс түрімен айналысу мүмкіндігі: экологиялық, спорттық және этникалық туризм.

    ·     Туристтік және көлік инфрақұрылымының дамымағандығы;

    ·     қызмет көрсету деңгейінің төмендігі;

    ·     орналастыру орындарының болмауы;

    ·     санаторлық-курорттық мекемелердің жоқтығы.

    Мүмкіндіктері Қауіп-қатерлері
    ·      Туризм инфрақұрылымын қалыптастыру;

    ·      Орналастыру орындарын ашу

    ·      Тұрғындарды жұмыспен қамту;

    ·      Ішкі және сыртқы туризмді дамыту.

     

     

     

    ·      Тиісті қоршау шараларын қабылдамаған жағдайда, тарихи нысандарды жоғалту;

    ·      орналастыру орындарының жоқтығы;

    ·      туризм саласын қолдау үшін қаржылық мүмкіндіктердің шектеулілігі, өзіндік қаражаттардың және инвестициялық ресурстардың жеткіліксіздігі.

     

    Саланың проблемалары:

    – туризмдік қызмет саласының қажетті деңгейде дамымауы;

    – аудан көлемінде туристтерді орналастыру орындарының болмауы;

    – бұл салаға аудандық деңгейдегі мемлекеттік қолдаудың тапшылығы.

     

     

    2.7. Үш тілдікті дамыту  

    Аудан халқының шамамен 95,8 % мемлекеттік тілді меңгергендігін ескеретін болсақ, тіл саясаты ең алдымен аудан аумағында тұратын басқа этнос өкілдеріне қазақ тілін үйретуге жағдай жасауға және тиісті методологиялық базаны дамытуға бағытталған.

    Мемлекеттік тілді үйрету инфрақұрылымы облыстық тілдерді дамыту басқармасына қарасты «Мемлекеттік тілді үйрету» Орталығынан және аудандағы бөлімшеден құралған.

    Аудандағы мемлекеттік тілді меңгерген ересек тұрғындардың үлесі 2015 жылы 94,8 %-ды құрап, 2012 жылмен салыстырғанда 4,8 пайыздық тармаққа ұлғайды.

     

     

     

    Мемлекеттік тілді меңгерген халықтың үлесі, %

    19-сурет

    Өз жұмысында мемлекеттік тілді қолданатын мемлекеттік қызметкерлердің үлесі 100 %. Жалпы құжат айналымындағы шығыс құжаттар барлығы, ал кіріс құжаттарының 98,8 %-ы мемлекеттік тілде рәсімделеді. Аудан тұрғындарының 90,0 орыс тілін, 7,3 % ағылшын тілін меңгерген.

    Қазақстан Республикасындағы тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында біршама нәтижеге қол жеткізілді.

    Жамбыл ауданында межелеген міндетке жоғары нәтижеде қол жеткізу мақсатында облыс әкімдігі тілдерді дамыту басқармасының «Мемлекеттік тілді оқыту орталығының» Жамбыл аудандық бөлімшесі Жалпақтөбе ауылында (Чкалов атындағы о/м) жұмыс атқарады. Бөлімшенің материалдық-техникалық базасы жаңа талаптарға сай қамтылған.

    Бөлімшеде  2015  жылы  мемлекеттік  тілді  оқып-үйрену  курсынан 92 тыңдаушы бастауыш деңгейде мемлекеттік тілде дәріс алса, 2016 жылы тыңдаушылар саны – 89, жалпы аудан бойынша жасақталған мемлекеттік тілде дәріс алған топтар саны – 9. Бастауыш топ 6, тыңдаушы саны-57, жалғастырушы топ-3, тыңдаушы саны-32. Ұлттық құрамы бойынша 5 этнос өкілі (орыс, дүнген, өзбек, татар, түрік ) мемлекеттік тілде дәріс алады.

    Жамбыл ауданы әкімдігінің аппараты мен бөлім қызметкерлерінен, ауылдық округтерден, аумақтық мекемелерден жинақталған ағылшын тілін оқыту курсының бастауыш  деңгейінен 2015 жылы 32 тыңдаушы дәріс алып, арнайы сертификаттар табыс етілсе, 2016 жылы бастауыш деңгейде ағылшын тілінен тыңдаушы саны-11, жалғастырушы деңгейде 10-тыңдаушы дәріс алып, сертификаттары дайындалуда. Ал, орыс тілінен аудандық ішкі істер бөлімінің қызметкерлерінен жинақталған 3 топта 44 тыңдаушы  бастауыш деңгейде дәрісін аяқтаса, аудандық өрт сөндіру бөлімінде 21 мемлекеттік қызметші дәрісті жалғастыруда.

    Мемлекеттік тіл саясатын насихаттау арқылы тілдік орта қалыптастыру, мемлекеттік және әр түрлі меншік нысанындағы мекемелер мен кәсіпорындардағы іс қағаздарының мемлекеттік тілде ресімделуіне бақылау мен талдау жүргізу, өзге этнос өкілдерінің мемлекеттік тілді меңгеруіне қолайлы жағдай жасау үшін өзге ұлт өкілдері арасында қазақ тілі білгірлерінің, қазақ жастары арасында орыс тілі білгірлерінің және үш тілді жетік меңгерген жастарға қолдау көрсету мақсатында түрлі деңгейдегі байқаулар мен тіл олимпиадалары өткізіліп, үгіт-насихат жұмыстары тұрақты жүргізілуде.

    Атап айтқанда, қазақтың шешендік өнерін насихаттауды жандандыру және де  халық арасынан талантты жастарды іздеу мақсатында «Жамбыл оқулары», Оралхан Бөкей атындағы көркемсөз оқу шеберлерінің байқауы өтіп, жеңімпазы Пионер ауылының білімгері Орынбасар Бақытұлы облыстық байқауда жүлделі екінші орынды иеленіп қайтты. Қазақ тілінде оқитын жастар арасында орыс тілі білгірлерінің «Ой-сана» атты байқауы, қазақтың асыл маржан сөздерін, өсиет-нақылдарын жас ұрпақтың санасына сіңіру мақсатында «Текті сөздің төресі-терме» атты термешілер байқауы, мектепке дейінгі ұлты қазақ емес бүлдіршіндер арасында «Қазақшаң  қалай, балақай?» атты аудандық байқауы, Абай Құнанбайұлының 171 жылдығына орай өзге ұлт өкілдері арасында «Абай оқулары», қазақтың шешендік өнерін насихаттауды жандандыру мақсатында «Өнер алды-қызыл тіл» атты шешендік өнер байқауы,  «Жеңістің жаздым жырларын» атты жас ақындар мүшәйрасы және де ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында «Айбыны асқақ – ата Заңы» атты ақындардың жабық жыр мүшәйрасы, үш тілді жетік меңгеруден «Тіл – тұнық ойдық кәусары» атты олимпиада, орыс жастары арсында «Тіл – парасат» байқауы, өзге ұлт өкілдері арасында «Тіл – татулық тірегі!» атты Тіл фестивалі, «Ұлт тарихы – ұрпаққа өнеге» атты аудан жастарының тарихи-мәдени орындарға саяхат, «Жастар мәңгілік елді жырлайды» атты жас ақындардың жабық жыр мүшәйрасы, «Елбасы мұраты – ел бақыты» атты «дөңгелек үстел» ұйымдастырылды.

    Тілдің үлкен саласының бірі-ономастика мәселесі. Мемлекеттің ұлттық сипатын танытатын ономастика саласы ғылыми-практикалық, мәдени-тарихи, сондай-ақ қоғамдық-саяси маңызға ие. Ауданда мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту, оның мәртебесін көтеруде жетекші бағыттардың бірі болып табылатын ономастикалық жұмыстарға баса назар аударылуда. Ономастикалық жұмыстардың бүгінгі қағидасы-тәуелсіз мемлекетіміздің сипатын беретін, ұлттық тарихымызды айқындайтын атаулар арқылы ұлттық ономастикалық кеңістік қалыптастыру.

    Бүгінгі таңда аудандағы 17 ауылдық округте 42 елді мекен бар. Оның 18-і топонимикалық атау (Қаратау, Ақбұлым, Аса, Бесағаш, Түрксіб, Қоңыртөбе, Шайқорық, Қостөбе, Көлқайнар, Тастөбе, Қаракемер, Құмтүйін, Бектөбе, Қызылқайнар, Жалпақтөбе, Жаңаөткел, Құмсуат, Тоғызтарау), 2-і  тарихи тұлға есімі (Айшабибі, Жамбыл), 7-і жаңа атау (Бәйтерек, Өрнек, Рахат, Еңбек, Жұма, Жасөркен, Бірлесу-Еңбек), 5-і кісі есімі  (Ерназар, Қапал, Сеңгірбай, Шайдана, Танты), 4-і мағынасы жоқ (Бесжылдық, Қызылшарық, Қызылтаң, Қызылдихан), 5-і идеологиялық мағынасы ескірген атаулар (Гродеково, Октябрь-Жеміс, Пионер, Октябрь, Пригородное).

    Осыған орай, идеологиялық мағынасы ескірген атауларды өзгерту бойынша тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктер, яғни Ерназар, Пионер, Гродиково ауылдық округтері және Ерназар, Октябрь-Жеміс, Пионер,  Гродиково ауылдарында атауларын өзгерту, Аса, Ақбұлым, Жамбыл, Гродиково ауылдық округтері көше атауларын өзгерту бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылдың 24 ақпанындағы № 138 қаулысына сәйкес жұмыстар жүргізілуде.

    Сондай-ақ, ауданда 55 білім беру нысанының 5-і топонимикалық  (Шайқорық, Айшабибі, Көлқайнар, Қоңыртөбе, Қостөбе), 9-ы тарихи тұлға (Абай, Б.Момышұлы, М.Әуезов, Төле би, Т.Тоқтаров, Т.Рысқұлов, М.Төлебаев, Жамбыл, Ы.Алтынсарин), 1-і тарихи атау (Жеңістің 30-жылдығы), 10-ы кісі есімдерімен (Амангелді, Ә.Әйтиев, Ә.Ысмайылұлы, Ә.Тарази, Б.Кейкиев, Б.Бесбаев, Б.Тайшапұлы, Қ.Сартбаев, Қапал, Шайдана), 2-і мағынасы жоқ (Қызылдихан, Қызылтаң), 21-сы  жаңа атаумен (Рахат,  Айгөлек, Ақбота, Балауса, Балапан, Ертөстік, Балдәурен, Бірлесу-Еңбек, Еңбек, Жасөркен, Жұма, Балдырған, Гүлдер,  Жауқазын,  Жас қанат,  Жәнібек,  Жұлдыз, Қарлығаш, Сәуле, Сұлтан, Болашақ) аталады. Ал, 7-і идеологиялық тұрғыдан мағынасы ескірген (А.Матросов, А.Макаренко,  В.Чкалов, Гродеково, Ильич, Октябрь-Жеміс, Ю.Гагарин).

    Ауданда орналасқан елді мекендерде 520 көше мен 101 бұрылыс бар. Оның ішінде, тарихи тұлғалар атымен – 129, тарихи атаулар- 17, топонимикалық атау – 33, кісі есімдері – 205, атауы жоқ яғни жаңа көшелер – 29 (Қаратөбе, Гродеково), жаңа атау – 31, идеологиялық тұрғыдан өзінің мағынасын жоғалтқан  ескі орысша атаулар-76.

    Аудандық жұмысшы топ облыстық ономастика комиссиясы тарапынан елді мекендердің атауы жоқ құрамдас бөліктеріне (көшелер) бірінші кезекте атау беру туралы тапсырмасын басшылыққа ала отырып, ауылдық округтердің (І кезекте – атауы жоқ; ІІ кезекте – идеологиялық тұрғыдан ескірген-қайта атау; ІІІ кезекте- қайталанған есімдерді алу) атауы жоқ жаңа көшелерін анықтау мақсатында зерделеу жұмыстарын жүргізді.

    Зерделеу қорытындысына сәйкес ауылдық округ әкімдеріне бірінші кезекте атауы жоқ жаңа көшелерге атау беру туралы ұсыныс енгізу керектігі жөнінде хат жолданып, қазіргі таңда жоғарыда аталған жұмыстар жүргізілуде. Және де облыстық ономастика комиссиясына Ақбұлым, Қаратөбе, Аса ауылдық округтерінде 26 көше атауларын өзгертуге ұсыныс жолданды.

     

    Саланың дамуын SWOTталдау:

     

    Күшті жақтары Әлсіз жақтары
    ·     Үш тілдікті дамыту инфрақұрылымы жасалған;

    ·     Мемлекеттік тілді үйрену үшін жаңа технологиялар енгізу қамтамасыз етілген (лингафонды кабинеттер, компьютерлік бағдарламалар);

    ·     Мемлекеттік тілде құжат айналымын жүргізу үрдісі қалыптасқан.

    ·     Мемлекеттік тілді үйретудің бірыңғай стандарттары жоқ;

    ·     Тіл саласының жеткілікті түрде нормативтік-құқықтық қамтамасыз етілмеуі;

     

     

     

    Мүмкіндіктері Қауіп-қатерлері
    ·      Үш тілді меңгерген тұрғындар үлесін арттыру;

    ·      Халықтың тіл мәдениетін көтеру.

    ·      Лингвистикалық қордың дамымауы.

     

     

     

    Саланың проблемалары:

    – Мемлекеттік тілді үйретудің бірыңғай стандарттары жоқ;

    – Тіл және ономастика саласының жеткілікті түрде нормативтік-құқықтық қамтамасыз етілмеуі;

    – білім беру сапасын арттыру мақсатында мемлекеттік және басқа тілдерді үйретудің методологиялық базасы деңгейінің төмендігі.

    3 БАҒЫТ: ҚОҒАМДЫҚ ҚАУІПСІЗДІК

    ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚТЫҚ ТӘРТІП

     

    3.1. Құқықтық тәртіп

     

    Қылмыс туралы арыз-шағымдарды мен хабарламалардың толық тіркелуі мен есепке алынуы, қылмыстылықтың нақты статистикалық мәліметтеріне қол жеткізу және оларды шынайы көрініске келтіру арыз-шағымдарды қабылдау мен тіркеудегі ашықтықты қамтамасыз етіп, сонымен қатар оларды шешуді жылдамдатты.

    Іске асырылған шаралардың нәтижесінде қылмыстылықтың статистикалық өсімі үрдісі қалыптасты. Ал, аудандағы нақты қылмыстық жағдай әлі де баяғы әлеуметтік-қолайлы деңгейде сақталып отыр.

     

    32-кесте. Тіркелген қылмыстар динамикасы  

    Атауы 2014 жыл 2015 жыл 2016 жыл 9 айы
    Жалпы тіркелген қылмыстар: 650 762 541
    оның ішінде:
    ауыр 42 51 34
    аса ауыр 12 7 7
    Қылмыс түрлері бойынша
    кісі өлтіру 5 4
    денсаулыққа ауыр зиян келтіру 6 8 5
    зорлау 10 12 5
    ұрлық 442 461 311
    алаяқтық 17 18 7
    тонау 6 11 9
    қарақшылық 3 4
    қорқытып алу 2
    ұйымдасқан қылмыстық топ
    бұзақылық 26 45 29
    есірткіге  байланысты қылмыстар 11 26 29
    қаруды ұрлау немесе қорқытып алу 4

     

    2015 жылы барлығы 762 қылмыс тіркеліп, 2014 жылмен салыстырғанда 17,2 %-ға артқан. Оның ішінде тіркеу кезінде жиі түрлі айла-амалдарға ұшырап келген денсаулыққа ауыр зиян келтіру 33,3 %-ға, зорлау 20 %-ға өскен.

    Тіркелген қылмыстардың өсімі қылмыстылық құрылымындағы басым бөлігін құрайтын онша ауыр емес және ауырлығы орташа қылмыстардың өсімімен тікелей байланысты болып отыр.

    Көбіне бұл қылмыс түрлері көшелерде, базарларда, сауда орталықтарында, қоғамдық көліктерде, білім беру мекемлерінде және басқа да қоғамдық орындарда жасалады. Соған қарамастан, көшелерде (5,6%) жасалған қылмыстардың статистикалық көрсеткіштері артқанымен,  қоғамдық орындар тіркелгендердің саны (-9,1%) төмендеді.

    Сондай-ақ, 2014 жылмен салыстырғанда ауыр қылмыстар санының жоғарылау үрдісі байқалады (21,4%). Атап айтқанда, ұрлық 4,3 %-ға,  тонау 83,3 %-ға, қарақшылық 33,3 %-ға, бұзақылық 73,1 %-ға артты. Бұл қылмыстардың басым бөлігі отбасылық-тұрмыстық қатынастар негізінде және алкогольді-наркотикалық мастық кезінде жасалады.

    Есірткіге байланысты қылмыстар саны артуда. 2014 жылмен салыстырғанда бұл қылмыстар 2 есеге артқан.

     

    Ауыр және аса ауыр қылмыстық істердің ашылу динамикасы, %

     

    20-сурет 

    Іске асырылып жатқан шаралардың нәтижесінде қылмыстардың ашылу деңгейінде оң динамика байқалады. 2014 жылмен салыстырғанда 2015 жылы ауыр қылмыстар бойынша 0,8 %-ға, аса ауыр қылмыстар 2,9 %-ға ұлғайған.

     

    33-кесте.Қылмыс түрлері бойынша ашылу деңгейі, %

     

    Атауы 2014 жыл 2015 жыл 2016 жыл 9 айы
    кісі өлтіру 80 100
    денсаулыққа ауыр зиян келтіру 57,1 100 100
    зорлау 100 100
    ұрлық 25 50 66,7
    алаяқтық 80
    тонау 50 80 50
    қарақшылық 50 50
    қорқытып алу 100
    ұйымдасқан қылмыстық топ
    бұзақылық 100 100
    есірткіге  байланысты қылмыстар 81,8 100 91,7
    қаруды ұрлау немесе қорқытып алу 33,3

    Оның ішінде ашылу деңгейі бойынша ұрлық 50 %-ға, тонау 80 %-ға, қарақшылық 50 %-ға,  қаруды ұрлау немесе қорқытып алу 33,3 %-ға жетсе, денсаулыққа зиян келтіру, зорлау, бұзақылық және есірткіге байланысты қылмыстарының ашылу деңгейі 100 %-ға орындалған.

    Жөсөспірімдермен жасалатын қылмыстардың алдын-алу мақсатында «мектеп» инспекторлары институтының қызметі жалғасуда. Қазіргі таңда ауданның білім беру мекемелерінде 11 «мектеп» инспекторлары жұмыс істейді. Олар профилактикалық кеңестер мен ата-аналар жиналыстарына қатысады, оқушылар мен олардың ата-аналарының арасында құқықтық түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.

    2015 жылы 16 қайта жасалған қылмыс тіркеліп, 2014 жылмен салыстырғанда бұл көрсеткіш 3 есеге артқан.

    2015 жылы аудан көлемінде 77 жол көлік оқиғасы тіркеліп, соның салдарынан 25 адам қаза болып, 127 адам әр түрлі дене жарақатын алған. 2014 жылмен салыстырғанда жол көлік оқиғасы 4 %-ға артса, дене жарақатын алғандар 78,8 %-ға төмендеп, кісі өлімі өткен жылғы деңгейде қалып отыр (2014  жылы 74 жол көлік оқиғасы тіркеліп, 25 адам қаза тауып, 161 адам әр түрлі дене  жарақатын алған).

    Аудандық бюджеттен елді мекендерде жол қозғалысын қамтамасыз ету бағдарламасы бойынша 5,9 млн теңге қаралған. Осы қаржыға жол белгілелері мен жаяу жүргіншілер жолағы орнатылды.

    2016 жылдың 9 айында аудан көлемінде 66 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, соның салдарынан 9 адам қаза тауып, 100 адам әр түрлі дене жарақатын алған. 2015 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда жол-көлік оқиғасының саны 24,5%-ға, ал дене жарақатын алғандар саны 7,5%-ға артқанымен, қаза тапқандар 52,6%-ға төмендеген (2015 жылдың 9 айында 53 жол көлік оқиғасы тіркеліп, 19 адам қаза тауып, 93 адам әр түрлі дене жарақатын алған).

    Сонымен бірге, жол-көлік кешені күрделі жағдайда жұмыс жасауда. Көше-жол желілерінің даму қарқыны автокөлік паркінің және заманауи автокөліктердің жылдамдық сипаттарының өсу қарқынынан қалып қоюда.  Аудан жолдары түбегейлі өзгерістерді талап етеді. Өтпелі жолды кеңейтіп, олардың бойынша қоршаулар мен жол белгілерін орнату қажет.

     

    Саланың дамуын SWOT талдау: 

    Күшті жақтары Әлсіз жақтары
    ·     Азаматтардың заңды қызығушылықтарын, құқықтары мен бостандықтарын қорғау үшін жағдай жасау.

    ·     Қылмыс туралы барлық арыз-шағым мен хабарламалардың толық тіркелуі;

    ·     полиция қызметкерлерінің қызметтік және кәсіби дайындық деңгейін арттыру;

    ·     Қылмыс туралы арыз-шағымдар мен хабарламалардың барлығының тіркелуі және есепке алынуына байланысты полиция қызметкерлерінің жұмыс көлемі ұлғайды, бұл өз алдына ішкі істер бөлімінің негізгі қызметіндегі қызметкерлердің орын ауыстыруына әсер етеді;
    «мектеп» инспекторлары институтының одан әрі дамыту.

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

    ·     ІІБ тіркеуде тұрған тұлғалар арасындағы отбасылық-тұрмыстық қылмыстардың алдын-алу шараларының жеткіліксіздігі;

    ·     тұрмыстық ішкіштіктің, маскүнемшілдік пен есірткіге тәуелділіктің алдын-алу мәселелерінің шешілмеуі;

    ·     қиын өмірлік жағдайдағы адамдардың әлеуметтік бейімделуі мен қалпына келу деңгейінің жеткіліксіздігі;

    ·     қажетті материалдық-техникалық қамтамасыз етілу деңгейінің жеткіліксіздігі мен білім беру базасының жоқтығы;

    ·     балалардың бос уақытының ұйымдастырылмағандығы, аула клубтарының, спорт секциялары мен үйірмелердің тапшылығы.

    Мүмкіндіктері Қауіп-қатерлері
    ·      Мәліметтердің ақпараттық жүйелері мен электронды базаларын құру және жаңғырту;

    ·      Құқық бұзушылық пен қылмыстар санының артуын алдын-алу бойынша уақытылы шаралар қабылдау;

    ·      Оңтайландырылған сотқа дейінгі өндіріс саласын кеңейту қажеттілігі.

    ·      Экстремисттік бағыттағы дәстүрлі емес ағымды дәріптейтін шетелдік миссионерлер мен діни бірлестіктердің қызметі.

     

    Саланың проблемалары:

    – қылмыстардың ашылуы бойынша іздестіру және арнайы шаралардың жеткіліксіздігі;

    – кадрлық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету деңгейінің төмендігі;

    – есірткіге қатысты қылмыстардың, тұрғындардың есірткі қолдануға тартылу деңгейінің жоғарылығы;

    – жол қозғалысы қатысушыларының көлік тәртібінің төмендігі;

    – республикалық мәндегі жолдарда жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін техникалық бақылау құралдарының жоқтығы.

     

     

    3.2. Қоғамдық қауіпсіздік  

    Жамбыл ауданының табиғи және таулы-геологиялық жағдайлары оның табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайларға ұшырау мүмкіндігін анықтайды.

    Азаматтық қорғаныс мәселелерін шешу мақсатында аудан көлемінде жеке құрамында 309 адамы бар 20 құрама қызмет атқарады. Оның ішінде, жедел әрекет ету жасақтары (1/54), штаттық аппатты-құтқару құрамалары – Жамбыл ауданы бойынша төтенше жағдайлар бөлімі мен өрт сөндіру бөлімі (жеке құрамында 29 адамы бар 2 құрама) және нысанды құрамалар (2/27).

    Техногендік төтенше жағдайлардың 80 %-дан астамын тұрмыстық және өндірістік өрттер, жол-көлік оқиғалары, табиғи-дауылды жерлер мен судағы жазатайым оқиғалар құрайды.

     

    Жер сілкіністері

    Аудан Жерорта теңіздік-Азиялық маңыздылығы мен қарқындылығы екінші деңгейлі сейсмо-белсенді белдеуде орналасқан. Қиратушы жер сілкінісінің болу мүмкіндігін жыл сайынғы 2-ден 5 ретке дейін болатын аз қарқынды (2-3 балл) жер сілкіністерінің орын алуы дәлелдейді. Сонымен қатар, аудан көлемінде қарқындылығы 7-8 балды құрайтын жер сілкіністері тіркелген болатын (1971 жыл). Күштілігі 7-8 балды құрайтын қиратушы жер сілкіністердің болуы мүмкін аймақта 17 ауылдық округ орналасқан.

    2013-2015 жылдары 9 денсаулық сақтау және 12 білім беру мекемелері сейсмикалық тұрғыдан күшейтілді. Оның ішінде бір апатты мектептің орнына жаңа мектеп салынды.

    Қазіргі таңда аудан көлемінде сейсмикалық күшейтуді қажет ететін нысандар жоқ.

     

    Су басу және су тасқыны

    Жамбыл ауданының көлемінде су тасқыны қаупі бар 31 учаске орналасқан. Су тасқыны аймағында 8 ауылдық округ орналасқан. Су басу аумағы 41,3 шаршы шақырымды құрайды. Су тасқыны аумағында 15 нысан бар.

    Жамбыл ауданының көлемінде 22 су қоймалары бар. Оның 12-коммуналдық, 1 жеке меншікте, 9 иесіз су қоймалары. Ондағы судың жиналуы мен жұмыс істеуіне су шаруашылықтары нысандарының меншік иелері тарапынан күнделікті бақылау орнатылған.

    Жамбыл ауданының су тасқынының қауіпті аймағында шамамен 3 мың адам тұрады және тұрғын үй қорының, әлеуметтік-мәдени және өндірістік мақсаттағы 270 нысан орналасқан.

     

    Табиғи өрттер

    Аудан аумағы табиғи өрттердің орын алуына бейім. Жыл сайын ауданның жануарлар мен өсімдік әлеміне экологиялық зиянын тигізетін шамамен 120 от жалындауы орын алады.

    Жамбыл ауданының төтенше жағдайлар бойынша өртке қарсы қызметі 1 өрт сөндіру депосынан құралған. Ауылдық округтерде 309 адамнан құралған 18 ерікті өртке қарсы құрамалар құрылған. Олар  тіркеме бар 31 трактормен, 1 су тасушы көлікпен, табиғи өрттерді сөндіруге бейімделген 35 құрал-жабдықпен қамтамасыз етілген. 189 шартылдақ пен 15 арқаға ілінетін өртсөндіргіштер әзірленген.

     

     

    Саланың дамуын SWOT- талдау: 

    Күшті жақтары Әлсіз жақтары
    ·     Табиғи өрттер мен көктемгі мезгілдегі су басудың алдын-алу шараларының іске асырылуы;

    ·     Байланыс операторларының СМС хабарламалары арқылы дауыл туралы екертулердің таратылуы.

    ·     Табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайлар туындағанда қазіргі таңда қызмет атқаратын хабарлау жүйелерінің шұғыл ақпаратты халыққа толық көлемде жеткізе алмайды;

    ·     Жедел құтқару жұмыстарын жүргізуге қажетті құрал-жабдықтардың жеткіліксіздігі.

    Мүмкіндіктері Қауіп-қатерлері
    ·      Төтенше жағдайлар бойынша ақпаратты арттыру мақсатында тұрғындар арасында насихаттау жұмыстарын жүргізу;

    ·      Табиғи өрттерден келетін шығындарды азайту мақсатында өрт сөндірудің тіректі пунктерінің санын арттыру, сондай-ақ аудан орталығынан шалғайда орналасқан елді мекендердің қорғанысын қамтамасыз ету;

    ·      Төтенше жағдай кезінде жапа шеккен тұрғындардың тіршілігін кепілді қамтамасыз ету үшін аудан әкімінің материалдық-техникалық резервін нығайту.

    ·      Сейсмикалық күшейту жұмыстарын қаржыландырудың болмауынан күшті жер сілкінісі кезінде адам шығынының алдын алу мүмкіндігінің болмауы;

    ·      Су басу мен су тасқыны қаупі бар учаскелердің болуы;

    ·      Капиталды көп қажет етуіне байланысты апатты жағдайлардың алдын алу және жою шараларының толық көлемде жүргізілмеуі;

    ·

     

    Саланың проблемалары:

    – сейсмикалық нормаларға сәйкес сейсмикалық қауіпті жерлерде ғимараттардың құрылысы;

    – апатты тұрғын үйлерді бұзу, күрделі жөндеу;

    – табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайлардағы бірінші кезекті апатты-құтқару жұмыстарын жүргізу үшін өрт сөндіру қызметі бөлімін тиісті нормаға сәйкес қажетті техникалық қормен қамтамасыз ету.

     

     

    4 БАҒЫТ: ИНФРАҚҰРЫЛЫМ

     

    4.1. Құрылыс

     

    Ауданның жалпы шығарылған өнім көлеміндегі құрылыс жұмыстарының үлесі 2013 жылы – 17 %, 2014 жылы –  11,3 %-ды, 2015 жылы – 8,1 %-ды құрады. 2015 жылы ауданның облыстық құрылыс саласындағы үлесі 5,3 %-ды құрап, 2013 жылмен салыстырғанда 0,4 сатыға төмендеген (5,7 %).

    Құрылыс жұмыстарының көлемі, млн. теңге

    21-сурет

    2015 жылғы құрылыс жұмыстарының көлемі 5 055,1 млн. теңгені құрап, 2012 жылмен салыстырғанда 28,3%-ға төмендеген. Оның себебі, «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» автомагистралі мен газ құбырының мердігерлік құрылыс жұмыстарының қысқаруымен түсіндіріледі.

    2016 жылдың 10 айында құрылыс жұмыстарының көлемі 2 926,9 млн. теңгені құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 86,0 %-ды құрады (2015 жылдың 9 айы – 3 400,1 млн. теңге). Нақты көлем индексі 84,3 % болды.

     

    34-кесте. Құрылыс жұмыстарының нақты көлем индексі, %

    Көрсеткіш 2012 жыл 2013 жыл 2014 жыл 2015 жыл
    Нақты көлем индексі 132,6 157,5 72,4 84,3

     

    Құрылыс жұмыстарының ішінде тұрғын-үй құрылысының үлесі 2013 жылы 7,4 %-ды (563 млн. теңге), 2014 жылы 9,1 %-ды (522 млн. теңге), 2015 жылы 16,4 %-ды (868 млн. теңге) құрады. Тұрғын үй құрылысына салынған инвестициялардың барлығы тұрғындардың жеке қаражаттары болып табылады.

    Аудан көлемінде 2012-2015 жылдары 94 041 шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Оның ішінде, 2012 жылы – 234, 2013 жылы – 223, 2014 жылы –  210 және 2015 жылы 214 бірлік тұрғын үй.

     

    Пайдалануға берілген тұрғын үйлердің жалпы алаңы, мың шаршы метр

    22-сурет

     

    2016 жылдың 9 айында 26 116 шаршы метрді құрайтын 175 тұрғын үй пайдалануға беріліп, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 150,5 %-ға артқан (2015 жылдың 10 айы – 17 351 шаршы метр).

    2015 жылы 1 шаршы метр тұрғын үй құрылысының орташа нақты шығындары 33,5 мың теңгені құрап, 2013 жылмен салыстырғанда 55,0 %-ға артқан (2013 жыл – 21,6 мың теңге).

     

    35-кесте. 1 шаршы метр тұрғын үй құны, мың теңге 

    Атауы 01.01.2016 жыл
    Жамбыл ауданы 33,5
    Жамбыл облысы 47,0

     

    2015 жылға дейін аудандағы 42 елді мекеннің 19-ның  оңтайландырылған бас жоспарлары мен 13 ауылдың егжей-тегжейлі жоспарлары әзірленді. Ал, 2015 жылы аудандағы қалған 23 елді мекеннің оңтайландырылған бас жоспарларын жасауға аудандық бюджеттен 40 млн. теңге бөлініп, жұмыстар атқарылды.

    2016 жылы бұл шараларға 43 млн. теңге бөлініп, 29 елді мекеннің егжей-тегжейлі жоспарлары толығымен әзірленді.

     

     Саланың дамуын SWOT- талдау:

    Күшті жақтары Әлсіз жақтары
    ·     Ауданның тұрғын үй құрылысын дамытуға қажетті қала құрылысы құжаттарымен қамтамасыз етілуі;

    ·     құрылысты арзандатуға мүмкіндік беретін тұрғын үй құрылыс комбинаттарының болуы.

     

     

     

     

     

     

    ·     Тұрғын үй кезегінде тұрған халықтың санының артуы;

    ·     тұрғындардың төлемқабілеттілігінің төмендігі;

    ·     аудандық құрылыс материалдар өндірісінің құрылыс қажеттілігін қамтамасыз ете алмауы;

    ·     саладағы білікті еңбек ресурстарының тапшылығы;

    ·     тұрғын үймен қамтамасыз ету деңгейінің облыстық көрсеткіштен төмендігі.

    Мүмкіндіктері Қауіп-қатерлері
    ·      2020 жылға дейінгі Өңірлерді дамыту  және Жұмыспен қамту  – 2020 бағдарламаларының жүзеге асырылуы;

    ·      құрылыс материалдар өнеркәсібін дамыту мүмкіндігі;

    ·      Саланы қаржыландырудың қысқаруы және нәтижесінде халықтың тұрғын үйге қажеттілігін қанағаттандырмау;

    ·      тұрғын үй құнына әсер етуші құрылыс материалдарының қымбаттауы.

     

    Саланың проблемалары:

    – Тұрғын үй кезегінде тұрған халықтың санының артуы. Атап айтқанда, 2016 жылдың 9 айында тұрғын үй кезегінде 257 адам тұр. Оның ішінде, халықтың әлеуметтік әлсіз топтары, көп балалы және толық емес отбасылар, мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері бар.

    – жалпы тұрғын үй құрылысын тежейтін негізгі себептердің бірі тұрғын үй құнының жоғары болуы.

    – инженерлік инфрақұрылымды қаржыландыру көлемі қазіргі таңдағы қажеттілікті қамтамасыз етпейді. Осыған байланысты, тұрғын үй құрылысын дамыту мақсатында инженерлік инфрақұрылымды тартуға бағытталған қаржы көлемін ұлғайту қажет.

     

     

    4.2. Көлік және жолдар 

    Автомобиль жолдары.

    Жамбыл ауданының жалпы қолданыстағы автомобиль жолдары 444,3 шақырымды құрайды. Оның ішінде, республикалық мәндегі – 125 шқ (28,1%), облыстық мәндегі – 85,7 шқ (19,2%), аудандық мәндегі жолдар – 233,6 шқ (52,5%).

    Жалпы елді мекендердегі көшелер саны – 445, ұзындығы – 389 шақырым. Оның 119,3 шқ асфальтті төсем, 194,7 шқ шағал, 75 шқ төсемсіз.

     

    36-кесте. Жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы облыстық және аудандық мәндегі жолдар, % 

    Көрсеткіш атауы 2012 жыл 2013 жыл 2014 жыл 2015

    жыл

    Жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы

    облыстық және аудандық мәндегі жолдар

    73 62 62,0 66,0

     

    Ауданның 550,9 шақырым автомобиль жолдарының 157,6 шқ жақсы, 240 шқ қанағаттанарлық және 153,3 шқ қанағаттанарлықсыз жағдайда.

    2015 жылы автомобиль жолдарын ұстауға және жөндеуге барлығы      207 млн. 919 мың теңге бөлінді. 2015 жылы аудандық маңызы бар Жасөркен-Пионерлагерь, Бірлесу Еңбек – Гипс зауыты – Казфосфат және Құмсуат ауылына кіреберіс автомобиль жолдары орташа жөндеуден өткізілді. Сонымен қатар, 9 ауылдың 19 көше жолдар орта жөндеуден өткізілді, оның ішінде аудан орталығы Аса ауылында 10 көше.

    Бұдан бөлек, «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы аясында Гродиково, Қызылдихан ауылдарының 2 көшесі 7 млн. 131 мың теңгеге жөндеуден өтті. Сондай-ақ, жергілікті өзін-өзі басқару органдарына бөлінген трансферттер есебінен 16 млн. 227 мың теңгеге 6 ауылдың 7 көшесі жөнделді.

    Жалпы аудан бюджетінен жолдарға 231 млн. 277 мың теңге бөлінді.

    2016 жылы автомобиль жолдарын ұстауға және жөндеуге барлығы            300,2 млн. теңге бөлінді. Оның ішінде аудандық маңызы бар 7 жолдың (Өрнек-Ерназар жолы және Бірлесу Еңбек – Гипс зауыты – Казфосфат жолы, Рахат ауылына кіреберіс және Аса ауылының айналма жолдары, Бесжылдық, Ақбұлым, Бесағаш ауылдарына кіреберістер) жөндеу жұмыстары аяқталды.

    Сонымен қатар, 10 ауылдың 24 көше жолдары орта жөндеуден өткізіледі, оның ішінде аудан орталығы Аса ауылында 10 көше. Бүгінгі күнге жалпы 21 көшенің жөндеу жұмыстары аяқталды.

    Бұдан бөлек, «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы аясында 22,5 млн. теңгеге 7 ауылдың 9 көшесі жөнделді. Сондай-ақ, жергілікті өзін-өзі басқару органдарына бөлінген трансферттер есебінен 4,4 млн. теңгеге 1 ауылдың        2 көшесі жөнделді.

    «2020 жылға дейінгі Қазақстан Республикасындағы көлік жүйесінің инфрақұрылымын дамыту және әртараптандыру» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде облыс көлемінде 10 автобекет құрылыс жоспарланды. Оның ішінде біреуі Жамбыл ауданының орталығы Аса ауылында. Жалпы құрылыс құны шамамен 150 млн. теңге жеке инвестициялар есебінен. Нысан құрылысы ағымдағы жылы басталды.

     Саланың дамуын SWOTталдау:

    Күшті жақтары Әлсіз жақтары
    ·     Жергілікті мәндегі жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жолдар үлесін арттыру;

    ·     Елді мекендер арасындағы байланысты қамтамасыз ететін автомобиль жолдар желісінің дамуы.

     

     

     

    ·     Жолдағы апаттар;

    ·     Шалғай орналасқан елді мекендердің заңсыз тасымалдаушылардың қызмет етуіне сәйкес тұрақты байланыспен қамтамасыз етілмеуі;

    ·     Аудан ішілік жолаушылар тасымалыны жоқтығы;

    ·     Қоғамдық көліктердің қызметін тиісті бақылаудың жоқтығы және қоғамдық көліктердегі жолаушыларға көрсетілетін қызмет сапасының төмендігі;

    ·     Жанармайдың қымбаттауы қызмет құнының жоғарылауына әкеледі.

    Мүмкіндіктері Қауіп-қатерлері
    ·      Мемлекеттік – жеке меншік әріптестік құралын дамыту;

    ·      Аудан халқы үшін барлық көлік түрлері бағыттық желісін ұлғайту;

    ·      «Нұрлы жол» және «2020 жылға дейінгі Қазақстан Республикасының көлік инфрақұрылымын дамыту және әртараптандыру» бағдарламаларын іске асыру

    ·      Аудан көлемінен «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» автомагистралінің өтуі.

    ·      Макроэкономикалық қауіп-қатерлердің іске асумен көлік қызметтеріне сұраныс төмендеуі мүмкін, бұл өз алдына нысаналы көрсеткіштерге әсер етеді;

    ·      Жанар май шығындарының жоғарылауына байланысты көлік кәсіпорындары қызметінің қымбаттауы;

    ·      Бюджеттік қаржыландырудың қысқаруы және сәйкесінше автомобиль жолдары жағдайының нашарлауына әкеледі;

    ·      Техногенді және экологиялық қауіп-қатерлер.

     

    Саланың проблемалары:

    – елді мекендердің тұрақты жолаушылар байланысымен қамтамасыз етілмеуі;

    – жолаушылар тасымалы қызметі нарығындағы автокөлік құралдарын қауіпсіз пайдалану талаптарын қамтамасыз ете алмайтын шағын кәсіпкерлік субъектілер санының артуы;

    – жүргізушілердің біліктілігінің және көлік жүргізу тәртібінің төмендігі.

     

     

    4.3. Байланыс және коммуникациялар.

    «Казақтелеком» АҚ халықты байланыс қызметімен қамтуда, абоненттерге қызмет көрсетуде және тұтынушылар сенім білдіретін танымал бренд болуына байланысты біршама артықшылыққа ие. «Қазақтелеком» АҚ Жамбыл аудандық өндірістік телекоммуникациялық торабының даму стратегиясы белгіленген бизнесте көшбасшылықты сақтау болып табылады.

    2013-2015 жылдары мекеменің тіркелген байланыс нарығындағы үлесі шамамен 70 %-ды құрады.

    2013-2015 жылдары негізгі техника-экономикалық көрсеткіштерге сәйкес жақсы нәтижелерге қол жеткізілді. Қазіргі таңда аудан көлемінде тіркелген байланыс желілерінің саны барлы 4 687-ге жетті. Оның ішінде 4787 жеке тұлғалар, қалғаны бюджеттік мекемелер мен кәсіпкерлік нысандары болып табылады. Ал, кең жолақты интернет желісінің 2187 нүктесі бар. 100 тұрғынға шаққанда кең жолақты Интернет желісін пайладанушылар тығыздығы 2,7 бірлікті құрайды.

    Қазіргі уақытта орын алған ақпараттық кеңістік жағдайында Интернет желісін қолданушылар саны күн санап артуда. Оның басым бөлігін 14-29 жас аралығындағы жастар құрайды.

    Цифрлық (сандық)  сауаттылық – адамдардың күнделікті және кәсіби қызметте ақпараттық-коммуникациялық технологияларды білуі мен меңгеруі.  Ақпараттық технологиялармен жұмыс істеу машығының деңгейін арттыру бәріміз үшін  қоғамның ақпараттық ашықтығын жоғарылатады.

    6 мен 15 жас аралығындағы балаларды цифрлық сауаттылыққа оқытып үйрету білім беру мекемелерінде жалпы білім беру стандарттарына сәйкес жүргізіледі.

    Тұрғындарға базалық компьютерлік білім беру мақсатында білім беру бөлімі тарапынан тиісті оқу бағдарламасы әзірленген, мұғалімдердің құрамы қамтамасыз етілген, жалпы білім беру мектептерінде компьютерлік сыныптар ашылған.

    2015-2016  оқу жылында 24 мектеп (38 жалпы білім беру мектептерінің жалпы санынан 63,2%) лингафонды-мультимедиялық кабинеттермен қамтамасыз етілді.

    Ағымдағы жылы ауданның 24 мектебі интерактивті тақталармен жабдықталған, қамту деңгейі 63,2 % құрады. 36 мектепке кең жолақты Интернет желісі қосылған (95,0%). 12 пән бойынша 835 электрондық оқытулар бар.

    38 мектепте 290 компьютер локалді желі арқылы интернетке қосылған және скайп бағдарламасы негізінде тәжірибе алмасу мақсатында конференциялар, интерактивті сабақтар өткізілуде.

    Аудан аумағында Beeline, K-Cell, Теле 2, Алтел сияқты мобильді байланыс операторлары қызмет атқарады. Аудан бойынша 1000 және одан көп тұрғыны бар елді мекендердегі мобильді байланыс қызметімен қамтамасыз ету деңгейі 100%-ды құрайды.

     

    Саланы дамытудың SWOTталдауы:

    Күшті жақтары Әлсіз жақтары
    ·     Дамыған телекоммуникациялық қызметтер желісі;

    ·     АТС жаңа сандық технологияларға алмастыру арқылы жаңғырту;

    ·     Интернет желісіне қосылу деңгейінің артуы;

    ·     Ұялы байланыс жүйесін дамуы;

    ·     Мобильді интернет пайдаланушылар үлесін артуы.

    ·     Тіркелген байланыс абоненттер тығыздығының төмендігі;

    ·     Тіркелген байланыс нарығындағы бәсекелестіктің жоқтығы;

    ·     Ұялы байланыс тарифтерінің жоғары болуы.

    Мүмкіндіктері Қауіп-қатерлері
    ·      Тұрғындар мен мекемелерді сапалы әрі қол жетімді байланыс қызметімен қамтамасыз ету;

    ·      Мекемелердің күнделікті өмірде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды кеңінен қолдануы;

    ·      Шалғай орналасқан ауылдық елді мекендердің халқын әмбебап байланыс қызметімен қамтамасыз ету.

    ·      Телекоммуникациялық нарықтағы бәсекелестіктің дамымауы;

    ·      Ұялы байланысқа ауысқан абоненттердің тіркелген телефондардан бас тартуына байланысты түсімнің төмендеуі;

    ·      Кең жолақты Интернет желісі нарығындағы бәсекелестіктің артуы;

    Саланың күрделі тұстары:

    Аудан тұрғындары арасында компьютерлік біліктілік деңгейінің төмендігінен компьютер қолданушылар үлесі шамалы, тіркелген телефон нүктелерінен ұялы телефон қолданушылар санының басымдығы.

     

     

    4.4. Тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық

    Су бұру және сумен жабдықтау.

    Аудандағы 42 елді мекеннің 16-да орталықтандырылған ауыз су жүйесі бар (38%). 80 020 адамның орталықтандырылған ауыз сумен 31 376-ы немесе 39,2 %-ы қамтылған. 2014 жылы 15 елді мекен қамтылған болатын, оның ішінде 30 874 тұрғын немесе 37,5 %.

     

    37-кесте. Елді мекендердегі орталықтандырылған ауыз сумен жабдықтауға тұрғындардың қолжетімділігі 

    Атауы Өлшем бірлігі 2012 жыл 2013 жыл 2014 жыл 2015 жыл
    Орталықтандырылған сумен жабдықтауға қол жетімділігі бар тұрғындар үлесі % 23,07 35,1 37,5 38,0
    Орталықтандырылған сумен жабдықтауға қосылған елді мекендер саны бірлік 8 11 15 16

     

     

     

     

     

     

     

     

    Жалпы тұрғындарды сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету көрсеткіші 75,1% құрады (80 020 халықтың 60 071 қамтылған).

    Соңғы 4 жылда орталықтандырылған су құбыры жүйесі 10 елді-мекенге жүргізілді. Атап айтқанда, 2012 жылы – Пионер, Шайдана, Бесжылдық, 2013 жылы  – Аса, Рахат, Кұмтиын; 2014 жылы – Тастөбе, Гродиково, Қызыл Дихан; 2015 жылы Айшабибі ауылы. Бұл ауылдарда барлығы 2067 үй болса, оның 630-на су құбырлары кіргізіліп, тиісті есептегіштері орнатылып және техникалық құжаттары алынған.

    Ағымдағы жылы Жалпақтөбе ауылындағы су құбыры нысанын қайта жаңғырту жұмыстары аяқталатын болады.

    Бұдан бөлек, ауданда сарқынды суды биологиялық тазарту имараты және кәріз су-сорғы станциясымен бірге ұзындығы 8 шқ құрайтын орталықтандырылған кәріз жүйесі бар.

     

    Саланың дамуын SWOTталдау:

    Күшті жақтары Әлсіз жақтары
    ·     «2020 жылдарға дейінгі Өңірлерді дамыту» бағдарламасы аясында елді мекендерді сумен жабдықтау жобаларын іске асыру;

    ·     Тұрғындарды сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету деңгейінің 75,1 %-ға жетуі (2014 жыл – 66,2 %);

    ·     Сарқынды суларды тазалаудың заманауи тиімді технологияларын енгізу.

     

    ·     Сумен жабдықтау нысандары мен желілерінің тозуы апаттар, шығындар, ауыз су сапасын төмендетуге себепші болады;

    ·     Сумен жабдықтау мен су бұрудың жаңа желілерінің құрылысына және бұрыннан келе жатқандарды қайта құруға мемлекеттік және жеке инсвестициялардың жеткіліксіздігі;

    ·     Сумен жабдықтау және су бұру қызметін көрсететін коммуналдық мекемелердің тарифтері желілердегі жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарына қажетті шығындарды өтемейді;

    ·     Тұрғындардың су бұру қызметіне қолжетімділігінің төмендігі.

    Мүмкіндіктері Қауіп-қатерлері
    ·      Аудан тұрғындарын ауыз сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін «2020 жылдарға дейінгі Өңірлерді дамыту» бағдарламасын іске асыру;

    ·      Жерасты тұщы сулардың жаңа көздерін игеру;

    ·      Сумен жабдықтау жүйесінің техникалық жағдайын жақсарту;

    ·      Заманауи тиімді технологияларды ендіру;

    ·      Материалдық-техникалық базамен қамтамасыз ету арқылы пайдалану қызметін дамыту.

    ·      Ұңғымаларды пайдалану тәртібін бұзудың және иесіз гидрогеологиялық ұңғымалар санының артуына байланысты жер асты су көздері сапасының төмендеуі;

    ·      Физикалық тозу себебінен құрал-жабдықтардың бұзылу мүмкіндігі;

    ·      Ұзақ уақыт пайдалану себебінен сумен жабдықтау нысандарының қанағаттанарлықсыз техникалық жағдайы, қаржыландырудың аздығы;

    ·      Суды дайындаудағы ескі технологиялардың пайдаланылуына байланысты тұрғындардың денсаулығының нашарлауы.

     

    Саланың проблемалары:

    Сарқынды суларды тазарту имараттарының жоқтығы, сумен жабдықтау және су бұру жүйесінің, кәріздің тозуы. 

    Газдандыру.

    Аудандағы 42 елді мекеннің 25-і газбен қамтылған немесе 59,5 %-ды құрайды. Аудан аумағындағы табиғи газ құбырының ұзындығы 400 км құрайды.

    Аудан аумағындағы табиғи газ құбырына техникалық қызметті «ҚазТрансГазАймақ» АҚ Жамбыл өндірістік филиалына қарасты Жалпақтөбе ауылында орналасқан Жамбыл аудандық эксплуатациялық учаскесі қызмет көрсетеді.

    2007 жылы Аса ауылына табиғи газ жүргізілсе, 2010 жылы  облыстық бюджеттен бөлінген қаржыға Бірлесу-Еңбек ауылындағы табиғи газ құбыры іске қосылды.

    2012 жылы облыстық бюджет есебінен Қостөбе, Шоқай, Жамбыл, Түрксіб, Шайқорық, Танты, Қапал, Шайқорық бекеті, Қоңыртөбе, Бесжылдық елді мекендерін газдандыру бойынша тиісті жұмыстар жүргізілді.

    Қалған 16 елді-мекен бойынша 2012 жылы техника-экономикалық негіздемесі әзірленген болатын.

    2016-2018 жылдарға облыстық құрылыс және энергетика басқармалары тарапынан республикалық бюджетке 13 елді-мекенді газбен қамтамасыз ету (Рахат, Еңбек, Тастөбе, Көлқайнар, Пионер, Шайдана, Қаракемер, Құмтиын, Жұма, Өрнек, Ерназар, Қаратау, Қызылтаң) бойынша енгізілген жобасы қолдау таппады. Жобаның сметалық құны 2 млрд. 893,8 млн. теңге.

    Ауданның 3 ауылын (Тоғызтарау, Жаңаөткел, Құмсуат) газбен қамтамасыз ету жобасы да солардың тарапынан Жуалы ауданының 22 елді-мекенінің құрамында республикалық бюджетке енгізілген болатын.

    Алайда, бұл жұмыстарға қаржы бөлу мәселесі қаржылық дағдарысқа байланысты тоқтатылған.

     

    Саланың дамуын SWOT талдау:

    Күшті жақтары Әлсіз жақтары
    ·     Орталықтандырылған газға қосылған елді мекендер мен тұрғындар санының артуы.

     

    ·     Газ таратушы құрылғылардың және ішкі желілердің қанағаттанарлықсыз техникалық жағдайы тұрғындардың денсаулығы мен өміріне қауіпті;

    ·     Табиғи газды пайдалану үшін инфрақұрылымның дамымағандығы.

    Мүмкіндіктері Қауіп-қатерлері
    ·      2016-2018 жылдарға ұсынылған 13 елді мекенді газдандыру жобасының іске асырылуы.

     

    ·      Газбен жабдықтаудың орталықтандырылған жаңа жүйелері құрылысын қаржыландырудың жеткіліксіздігі ауданды газбен қамтамасыз етудің сапалы деңгейіне өтуге кедергі келтіреді.

     

    Саланың проблемалары:

    Газдандыру деңгейінің төмендігі; магистральді газ құбырларының ішкі жүйесінің дамымауы.

     

    5-БАҒЫТ. ЭКОЛОГИЯ ЖӘНЕ ЖЕР РЕСУРСТАРЫ 

    5.1. Өңір экологиясы

     Атмосфералық ауа жағдайы

    Аудан  табиғи ресурстардың жоғары деңгейіне ие, бұл экономиканың өнеркәсіптік секторының дамуына ықпал етеді. Осының салдары ретінде бұл экологиялық проблемалардың туындауына әкеледі.

    2015 жылы аудан көлемінде ластағыш заттар шығарындыларының жалпы саны 1 265 бірлікті құрады. Оның  ішінде, 593-і ұйымдастырылған, 81-і тазалау ғимараттарымен жабдықталған.

    2015 жылы атмосфера ластағыш заттардың шығарылуы 1 336,8 тоннаны құрап, 2014 жылмен салыстырғанда 98,2 тоннаға азайған (2014 жылы – 1 360,8 тонна).

    2015 жылдың қорытындысы бойынша стационарлық көздерден тарайтын ластағыш заттардың атмосфераға тасталымдары бойынша Жамбыл ауданы облыстық  деңгейде 8 орынға орналасты.

     

    2015 жылы аудандар бөлінісінде атмосфераға ластаушы заттардың шығарындылары, тонна

    23-сурет

     

    Аудан бойынша стационарлық көздерден тарайтын атмосферадағы ластағыш заттардың тасталымы (бір тұрғынға шаққанда) 17 кг құрады немесе облыспен салыстырғанда 48,6 %-ды құрады (35 кг).

     

    Су ресурстарының жағдайы

    Аудан халқы Аса мен Талас өзендерінің бойын жағалай орналасқан. Аса өзені Жамбыл ауданы арқылы ағып өтіп, көршілес Жуалы ауданындағы Билікөлге құяды, ұзындығы 105 шақырым, оның кішігірім 30-ға жуық саласы бар. Талас өзені Гродеково елді мекені арқылы ағып өтеді. Қос өзенмен қоса, көрші ауданнан бастау алатын Теріс-Ащыбұлақ және Қырғызстан Республикасының «Шоң қақпа» су қоймасынан келетін су ресурстары ауданның ауыл шаруашылығы дақылдарын, орман көшеттерінің питомнигін, плантацияларын және бау бақшаларын өсіруге пайдаланылады. Бұдан басқа аудандағы шағын Таскөл, Бөгеткөл, Сеңгірбай көлдері мен бірнеше майда тоғандардың сулары ауылшаруашылық дақылдарын суғару үшін игілікке жаратылуда.

    Талас, Аса өзендері бойынша Қырғыз Республикасымен бірге трансшекаралық бақылау жүргізіледі.

    Атап айтқанда, 2015 жылы Талас өзені – 1,52, Аса өзені – 1,14 бірлікті құрады. Жалпы су саласының өлшемі бойынша судың ластану индексінің көлеміне қарай Талас, Аса өзендері біршама ластанған су айдындарына жатады.

    2013 жылмен салыстырғанда аталған өзендердің ластану деңгейі айтарлықтай өзгерген жоқ.

     

    Ормандарды қорғау, сақтау және өсімін молайту проблемалары мен перспективалары

    Жамбыл ауданының мемлекеттік орман қорының жалпы алаңы 126 153 га құрайды. Орман қоры жерлері 3 орманшылыққа бөлінеді. Оның ішінде, Бескепе орманшылығы (құмды аймақ) – 111 582 га, Қызылқайнар орманшылығы (таулы аймақ) – 14 454 га, Қала маңы орманшылығы – 116 га жерді құрайды.

    Жыл сайын ормандар өсімін молайту және ормандарды қалпына келтіру бойынша іс-шаралар жүргізілуде. 2015 жылы 100 га сексеуіл екпесі, 1 га сексеуіл тұқымбағы және 0,5 га қарағаш тұқымбағы отырғызылды. Сондай-ақ, орман қорына тұқымбақтар жасақтау үшін 235 кг ағаш тұқымдары жиналды, оның ішінде 75 кг қарағаш және 160 кг сексеуіл тұқымы.

     

    Өндірістік және тұтыну қалдықтары

    Аудан көлемінде тұрмыстық қатты қалдықтар тастайтын 22 полигон орналасқан. Оның біреуінің қызметі ғана экологиялық талаптар мен санитарлық қағидаларға сәйкес жүзеге асырылады. Тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу, сұрыптау және орау бойынша цехтардың болмауына байланысты қалдықтарды қайта кәдеге жарату жүргізілмеген.ады. , оның ішінде 75 кг қарағаш және 160 кг сексеуіл

    Аудан көлемінде коммуналдық қалдықтарды жинау және шығару қызметін атқаратын 1 шағын жеке меншік кәсіпорын тіркелген. Аудандағы 42 елді мекеннің 33-де қоқыс шағару қызметі ұйымдастырылған. Есепті кезеңде Жамбыл ауданының аумағында тарихи ластаулар, қараусыз қалған қалдықтар мен жердің ластану учаскелері анықталған жоқ.

     

                    

     

                     Саланың даму жағдайына  SWOT-талдау:  

    Күшті жақтары Әлсіз жақтары
    ·      өнеркәсіптік өндіріс көлемінің өсуі негізінде тұрақты экологиялық жағдай;

    ·      табиғат пайдаланушылармен -кәсіпорындармен жыл сайынғы табиғат қорғау шараларының орындалуы;

    ·      көп жылдық реттеу тәртібі бар су жинақтау қоймаларының болуы.

    ·      Жинақтаудың дамымаған жүйесі, оның ішінде қатты-тұрмыстық қалдықтардың бөлінбелі жинағы;

    ·      қалдықтарды қайта өңдеу және кәдеге жаратудың жоқтығы;

    ·      қатты тұрмыстық қалдықтарды көлемін қолданыстағы нысандардың санитарлық ереже талаптарына сәйкессіздігі;

    ·      ормандардағы жоғары өрт қаупі.

    Мүмкіндіктері Қауіп-қатерлері
    ·      Қайталама қайта өңдеуді енгізу және қалдықтарды кәдеге жарату;

    ·      табиғи ресурстарды пайдалануға азаматтарда саналы көзқарастың қалыптасуы;

    ·      су үнемдеу технологияларын енгізу;

    ·      су шаруашылығы нысандарын қайта құру, жаңғырту, күрделі жөндеу, желілерде су шығындарын төмендету;

    ·      аудан аумағында сексеуілді және басқа өскелең түрлерін егу және отырғызу жолымен ормандылықтың көлемін көбейту және арттыру;

    ·      көшет материалдарының өндірісі үшін тәлімбақтардың көлемін ұлғайту.

    ·      Иесіз, өнеркәсіптік, улы және тұрмыстық қалдықтардың жинақталу қарқынының сақталуы, сондай-ақ қайталама қайта өндеу және кәдеге жарату технологиясының болмауы;

    ·      табиғат қорғау шараларын жүзеге асыру үшін қоршаған ортаның эмиссияларынан бюджеттік қаражаттың толық бөлінбеуі.

     

    Саланың проблемалары:

    – тазартқыш құрылғылар салу және қайта жаңғырту қажет;

    – қалдықтарды көму полигондарын табиғатты қорғау заңнамасы талаптарына сәйкестендіру арқылы қатты тұрмыстық қалдықтардың жабайы, өз бетінше құралған орындарының пайда болуын алдын алу;

    – тұрмыстық қалдықтарды және оларға теңестірілген өнеркәсіп қалдықтарын қайта өңдейтін өндірістік кешендер құрылысы;

    – қатты тұрмыстық қалдықтар полигондарының құрылысы;

    – қалдықтарды қайта кәдеге жаратуды және қайта өңдеуді енгізу, бұл табиғи ресурстарды үнемдеуге, қалдықтар көлемдерінің азаюына әкеледі.

     

     

    5.2. Жер ресурстары 

    Ауданның жер қоры 431 318 гектар. Оның ішінде ауылшаруашылығы құрылымдары пайдаланатын егістік жер көлемі 57 944 гектар, оның 28 927 гектары суармалы, 29 944 гектары тәлімдік.

    38-кесте. Ауданның жер қорының құрылымы мен динамикасы

    Наименование 2012 жыл 2013 жыл 2014 жыл 2015 жыл
    га % га % га % га %
    Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер 233942,19 55,2 238784,74 55,4 244514,06 56,7 245300,45 56,9
    Елді-мекендердің жерлері 26203,97 6,2 27370,24 6,3 27370,24 6,3 27370,24 6,3
    Өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс және ауыл шаруашылығы мақсатындағы емес басқа да жерлер 7919,81 1,9 7948,42 1,8 7948,42 1,8 7941,65 1,8
    Ерекше қорғалатын аумақтардың жерлері, сауықтыру, реакрациялық және тарихи – мәдени мақсаттағы жерлер 955,81 0,2 955,81 0,2 955,81 0,2 32,0 0,01
    Орман қорының жерлері 124852,0 29,5 124852,0 28,9 124852,0 28,9 124852,0 28,9
    Су қорының жерлері 532,0 0,1 532,0 0,1 532,0 0,1 532,0 0,1
    Босалқы жерлер 29254,22 6,9 30800,78 7,1 25071,46 5,8 25215,65 5,8
    Жуалы ауданы уақытша пайдалануда (жайылым) 74,02 0,01 74,02 0,01 74,02 0,01
    Барлығы 423 660,0 100 431 318,0 100 431 318,0 100 431 318,0 100

     

    2012-2015 жылдары ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер 11 358,26 гектарға ұлғайып, 245 300,45 гектарды немесе ауданның жалпы жер көлемінен 56,9%-ды құрайды.  Өсім босалқы жерлерден берілген жер учаскелері есебінен орындалды.

    Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерде 2934 меншік иелері меншік иелері мен жер пайдаланушылар шарушылық қызмет етуде.

    Қазіргі уақытта 2934 ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелері тұрақты пайдалануда (245 300 га).

    2015 жылы жалпы көлемі 2796,61 гектар, оның ішінде 121,92 гектар суармалы егістік, 1452,67 гектар суарылмайтын егістік, 738,02 гектар жайылымдық, 484,0 гектар бөгде жер учаскелері мемлекеттік жер қорына алынды.

    2016 жылдың 9 айында 343,53 гектар жер мемлекеттік жер қорына алынды. Оның ішінде, 51,09 гектары суармалы, 75,13 гектары суарылмайтын, 183,31 гектары жайылымдық, 34,0 гектары шабындық жерлер.

    Жалпы алғанда, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді тиімді игеру және пайдаланбай жатқан жерлерді жер қорына алу мәселелері күн тәртібіндегі өзекті мәселелердің бірі болғандықтан, тұрақты бақылауда болады.

     

    Саланың даму жағдайына  SWOT-талдау  

    Күшті жақтары Әлсіз жақтары
    ·      ауыл шаруашылығы жерлерін пайдалануда жаңа су үнемдеу технологияларының пайдаланылуы;

    ·      суармалы жерлердің үлкен көлемінің болуы.

    ·      Ауыл шаруашылығы жерлерін ұтымсыз пайдалану;

    ·      ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің ұсақ тауарлығы.

    Мүмкіндіктері Қауіп-қатерлері
    ·      Жерді ұтымды пайдалану;

    ·      жерді пайдаланудың тиімділігін арттыру үшін тыңайтқыштар енгізу.

    ·      Топырақ құнарлығының төмендеуі.

     

     

    Саланың проблемалары:

    • ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің ұсақ тауарлығы;
    • қолданыста болған инженерлік–ирригациялық және коллекторлық-дренаждық желілердің, сондай-ақ жерасты суымен суғаруға арналған артезиан құдықтарының елеулі бөлігінің істен шығуы;
    • қолданыста болған шахталық және артезиан құдықтарының істен шығуына байланысты жайылым алқаптарының нашар сулануы;
    • өз мақсатында пайдаланылмай отырған жерлерді мемлекет қорына қайтару бойынша жұмыстардың аяқталмауы.;
    • мемлекет қорына қайтарылған жерлердің айналымға толық енгізілмеуі.

     

     

    6-БАҒЫТ. МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ

     6.1. Мемлекеттік қызмет 

    Аудандық мемлекеттік органдарының құрылымында Жамбыл ауданы әкімінің аппараты және Жамбыл аудандық мәслихатының аппараты, 17 ауылдық округтер әкімдерінің аппараттары, 13 аудан әкімдігінің бөлімдері оның ішінде 8 бөлім мемлекеттік қызмет көрсетеді.

    Аудан әкімдігінің қызметі ақпараттық талдау, ұйымдастыру және өзге қызмет түрлерін қамтамасыз ету, сондай-ақ мемлекеттік органдар функцияларының бизнес-процестерін автоматтандыру, яғни ақпараттық жүйе құру арқылы жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қызмет көрсету сапасын білдіреді.

    Құрылған www.asa.zhambyl.kz сайтымен келесі е-қызметтер көрсетіледі: ақпараттық жаңалықтар, мемлекеттік органдардың құрылымы және байланыстары туралы мәліметтер, нормативтік актілер, қызметтерге тарифтер, жұмыс регламенті және басқалар.

    Ауданның жергілікті атқарушы органдары Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі №983 қаулысына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсетеді.

    Жамбыл ауданы әкімінің аппараты мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау ережесіне сәйкес аудандық жергілікті атқарушы органдардағы көрсетілетін мемлекеттік қызметтер сапасын ішкі бақылаудың жағдайына тұрақты мониторинг жүргізеді.

    Бектілген тізімге сәйкес ауданда 53 мемлекеттік қызмет түрі көрсетіледі. 2014 жылы барлығы 23861 қызмет түрі көрсетілсе, 2015 жылы – 31043 қызмет көрсетілді. Оның ішінде:

    • жергілікті атқарушы органдар арқылы қағаз түрінде 2014 жылы –  21125, 2015 жылы – 2 678;
    • халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы 2014 жылы – 337, 2015 жылы – 5218;
    • «Электрондық үкімет» порталы арқылы 2014 жылы – 2733, 2015 жылы – 1154.

    Жамбыл ауданы әкімдігімен мемлекеттік қызмет көрсетулердің белгіленген мерзімдерін бұзушылықтар санын төмендетуге бағытталған іс-шаралар өткізілді.

    Атап айтқанда, жыл қорытындысы бойынша ақпараттық жүйелерге мәліметтерді енгізудің белгіленген мерзімдерін бұзудың 3 фактісі тіркелді (қағаз түрінде уақтылы көрсетілген). Бұзушылықтарға жол берген тұлғаларға қатысты тәртіптік сипаттағы шаралар қабылданды.

    Тізімге сәйкес Жамбыл ауданында 4 бөлім тарапынан 22 лицензия түрі беріледі.

      

    Саланың даму жағдайына  SWOT-талдау  

    Күшті жақтары Әлсіз жақтары
    ·      Жеткілікті түрде техникалық жабдықталуы;

    ·       мемлекеттік қызмет көрсету сапасының мониторингін жүргізу үшін негіздемелердің болуы;

    ·      бірыңғай электронды құжат айналымы жүйесінің болуы;

    ·      мемлекеттік органдардың функцияларының бизнес-процестерін автоматтандыру;

    ·      мүмкіндігінше аз мерзімде «электронды үкімет» порталы арқылы мемлекеттік қызмет көрсету.

     

    ·      Жауапты мемлекеттік органды электронды мемлекеттік қызмет пайдаланушымен әрекеттесу тәртібін реттеу үшін нормативтік-құқықтық базаның жетілмегендігі;

    ·      Мониторинг әдіснамаларын, сапаны бағалауды және халықаралық сынаудағы заманауи тәжірибені есепке алғанда мемлекеттік қызметті көрсету тиімділігінің жетілмегендігі;

    ·      Қағазбастылық;

    ·      Қызмет көрсету мерзімінің бұзылуы (мемлекеттік органдарда тікелей атқарушылардың қанағаттанарлықсыз жұмысы, кадрлардың жетіспеушілігі, үлкен жұмыс көлемі);

    ·      Әлсіз бағдарламалық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету;

    ·      Халықтың әлсіз ақпараттандырылуы (қызмет алушылар қызметті қайдан алуға болатынын білмейді – ХҚО-ма әлде мемлекеттік органдама);

    ·       «Электрондық үкімет» порталымен жұмыстың күрделігі.

    Мүмкіндіктері Қауіп-қатерлері
    ·   тұрғындардың мемлекеттік қызметті электрондық түрде алудағы қызығушылығы;

    ·   ұялы телефондардың кең таралуы «е-әкімдікке» қол жеткізуді қамтамасыз ету үшін қолданылуы мүмкін;

    ·

    ·   «е-үкіметінің» ақпараттық жүйелері және базалық компоненттері  арасындағы интеграциялық шинаның дұрыс құрылысының болмауына байланысты ЖАО электрондық мемлекеттік қызметтерді беруге дайын еместігі;

    ·   ХҚО-на шалғай орналасқан елді мекендердің қол жетіспеушілігі, электрондық мемлекеттік қызметтерді көрсететін сапасымен тұрғындардың қанағаттанбауы.

     

    Саланың проблемалары:

    • кадрлардың тұрақтамауы;
    • әртүрлі ақпараттық жүйелердің болуы (бір маманға ақпаратты бір мезгілде бірнеше ақпараттық жүйеге салуға тура келеді);

     

    ІІІ. НЕГІЗГІ БАҒЫТТАР, МАҚСАТТАР, НЫСАНАЛЫ ИНДИКАТОРЛАР ЖӘНЕ ОЛАРҒА ҚОЛ ЖЕТКІЗУ ЖОЛДАРЫ 

     3.1. 2016-2020 жылдарға арналған Жамбыл ауданын дамытудың негізгі бағыттары  

    3.1.1. Ауданды дамытудың негізгі бағыттары  

    Алдағы жылдары ауданның дамуы Мемлекеттік және Үкіметтік бағдарламалардың жүзеге асырылуымен қамтамасыз етілетін болады. Ондағы негізгі бағыт ауыл шаруашылық саласы болып қала бермек. Аудан облыс орталығын айнала қоршай орналасып, оның «азық-түлік белдеуі» болғандықтан,  көкөніс дақылдарын өсіру қолға алынады. Сондай-ақ, ауданның көкөніс кластері еліміздің басқа өңірлері мен Ресей мемлекетінің өткізу нарығына бағытталатын болады.

    Ауданның келешегі өңдеу деңгейі жоғары түрлі ауыл шаруашылық өнімін тасымалдайтын ірі жеткізуші ретіндегі рөлін қолдаумен және күшейтумен, сонымен қатар, өнеркәсіп саласындағы әлеуетін қалпына келтіріп, заманауи өндірістердің жаңа түрлерін меңгеру арқылы ары қарай дамытумен байланысты болады.

    2020 жылға дейінгі кезеңде өнеркәсіп саласының негізгі индустриалдық бағыты мұнай-химия өнеркәсібі, құрылыс материалдары мен тамақ өнеркәсібі сияқты өзекті салалар болып табылады.

    Мұнай-химия өнеркәсібі экономиканың үстем саласы болады. Ауданда орналасқан мұнай өңдеу зауытының шикізат қоры бойынша қиындықтары болғанымен, алдағы кезеңге оның жағымды даму келешегі бар. Қазіргі таңда зауыт мұнай өңдеуге байланысты Қытайлық консорциуммен ірі келісімшарт жасасуда, сұйытылған газ сақтау қоймасы мен мұнай өнімдерін терең (екінші) өңдеу учаскесінің құрылыстарын жүргізілуде. 2018-2020 жылдары ЕВРО-4 және ЕВРО-5 стандарттарына сай бензин өндіру үшін жаңа технологияларды ендіру арқылы өндірісті кеңейту жоспарлануда.

    Сонымен қатар, аудан көлемінде өзіндік қажеттілікке ғана емес, еліміздің басқа өңірлеріне де экспортталатын құрылыс материалдар өнеркәсібі үшін минералды-шикізат қоры бар.  Осылайша, 2011 жылы ҮИИД мемлекеттік бағдарламасының шеңберінде құрылысқа және су шаруашылығына қажетті темір-бетон бұйымдарының өндірісі іске қосылды. Бұл өндірістің негізінде 2014 жылы ҮИИД мемлекеттік бағдарламасы бойынша үй құрылысына қажетті панелді қабырғалар мен плита жабындылар шығару өндірісі іске қосылған  болатын.

    Бұдан бөлек, ауданда көп таралған пайдалы қазба орындары – құрылыс құмы, құм-тас қоспасы, гипс, әк және топырақ бар. Бүгінгі таңда жер қойнауын пайдаланушы 32 заңды және жеке тұлғалармен 33 келісім-шарт шасалған. Аудандағы осы кен орындарында бірқантар шағын орта кәсіпорындар қызмет етіп жатыр, «Кнауф Гипс Тараз» ЖШС, (гипс тасы мен ангидрид өндіру), «Компания инвест mk»   ЖШС (асфальтбетон қоспасын өндіру), сонымен қатар 8 шағын кәсіпорын күйдірілген кірпіш және  қиыршық тас өндірумен айналысады. Саланы келешекте дамыту үшін дайын өнім шығаратын шикізатты барынша қайта өңдеуді қарастыратын жаңа өндіріс өрындарына инвестиция тартуға байланысты. 2017 жылы «КазУпакТрэйд» ЖШС өз қаражаттары есебінен құрылыс гипсі мен гипсокартон өндірісінің орнын іске қосуды жоспарлап отыр.

    Ауданда 2011 жылы ҮИИД мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде іске қосылып, матадан жасалмайтын  медициналық бұйымдар шығаратын «Super Pharm» ЖШС қызмет істеп келеді. Бүгінгі таңда серіктестік өз өнімін өткізу бойынша бірқатар келешегі бар келісім-шарттар жасасты.

    Тамақ өнеркәсібінде индустрияландыру Картасы шеңберінде 2 инвестициялық жобаны іске асыру қолға алынып, нәтижесінде  жалпы өңдеу секторының үлесін едәуір ұлғаятын болады. Олар, «Оңтүстік Халал тағамдары» ЖШС-нің ет комбинаты мен «Аса Damu» ЖШС-нің құс фабрикасы құрылысы.

    Электр-энергетика саласын дамытуға  «Көгенхан» ЖШС-нің қуаты 100 МВт дейінгі күн электр станциясын салу инвестициялық жобасын іске асыру арқылы қол жеткізілетін борлады.

    Жергілікті өндірісті дамыту келешегі. 2016-2020 жылдары аудан әкімдігі тарапынан төмендегі бағыттарда жұмыстар жүргізілетін болады:

    1. Жергілікті өндірісті дамыту бойынша аудан әкімдігі мен кәсіпорындар және жер қойнауын пайдаланушылар арасында меморандумдар жасасу;
    2. Аудандағы тауар өндірушілердің облыстық әкімдік тарапынан жергілікті өнім өндіруді дамыту бойынша ұйымдастыратын диалогтық алаңдарға, форумдарға (көрмелерге) қатысуын қамтамасыз ету;
    3. Аудандағы жүйе құраушы кәсіпорындарға «қазақстандық мазмұн» интернет-порталын пайдалануларына ықпал ету.
    4. Аудандағы жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпорындарда өнім өндіру жолағын кеңейту үшін оффтэйк-шарттар жасасуларына ықпал ету.

    Қазақстан Республикасында 2013-2020 жылдары Агроонеркәсіп кешенін дамыту бойынша «Агробизнес-2020» Бағдарламасы орта мерзімде Агроөнеркәсіп кешенін дамытудың негізі болып табылады.

    Егін шаруашылығында  ылғалдылықты сақтау технологиясы мен  тамшылатып суғару аясын  кең қолдану және пайдаланусыз жатқан егіске жарамды жерлерді айналымға ендіру арқылы  егіс алқабының көлемін ұлғайту есебінен ауылшаруашылығы дақылдарының өнімділігіні арттыру қамтамасыз етілетін болады.

    Мал шаруашылығы өнімінің өндіріс көлемін арттыруға,  асыл тұқымды мал басын дамыту,  генетикалық әлеуетін жоғарылату және мал бордақылау алаңдарын салу жолдарымен қол жеткізіледі.

    Көлік-коммуникация кешенін дамыту – аудан орталығы мен ауылдық елді мекендер арасында сапалы көлік қатынасын қамтамасыз етуге бағытталатын болады. Қазақстан Республикасында 2020 жылға дейін көлік қатынасы жүйесіндегі инфрақұрылымды дамыту мен интеграцияландыру мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде жұмыстар жалғасын табады.

    Қазақстан Республикасында 2020 жылға дейінгі мерзімге қызмет көрсету саласын дамыту Бағдарламасын іске асыру  шеңберінде, заман талабына сай келетін сауда үлгілерін кеңейту арқылы олардың жалпы  бөлшек сауда айналымындағы үлестерін ұлғайту жұмыстары жалғасын табады. Сондай ақ, олардың қызметтерін  жақсартуға арналған жұмыстар жүргізіледі.

    Әлеуметтік саладағы жұмыстар Қазақстан Республикасын 2030 жылға дейін әлеуметтік дамыту Концепциясында қарастырылған  принциптерге сәйкес  жүргізілетін болады.

    Қазақстан Республикасының «Ең төмен әлеуметтік стандарттар мен олардың кепілдіктері» туралы Заңына сәйкес азаматтарға әлеуметтік қызмет көрсетудің қажетті ең төмен деңгейі қамтамасыз етілетін болады – Қазақстан Республикасы заңдарымен бекітілген әлеуметтік кепідіктер мен құқықтардың іске асуын қамтамасыз ететін ең төмен әлеуметтік стандарттар.

    Білім беру саласында білім берудің қолжетімділігі мен сапасын арттыруға басты назар аударылатын болады. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласында мемлекеттік және жеке меншік балабақшалардың шағын орталықтардың құрылысы арқылы инфрақұрылымды және мемлекеттік – жеке меншік әріптестік тетігін дамыту жалғасын табатын болады. Сонымен бірге, балалардың дене, жеке тұлғалық, ақыл-ой қабілеттерін дамыту, танымдық және шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру мақсатында мектепке дейінгі білім берудің мазмұны жаңарып отыратын болады.

    12 жылдық білім беруді енгізу, білім беру стандарттарын жаңарту, ағылшын тілінде сабақ беруге кезең-кезеңімен көшу бойынша жұмыстар жалғасатын болады.

    Шығармашылық белсенділікті ыңталандыруға, педагог кәсібінің беделін көтеруге, талантты педагогтарды анықтауға, жалпы білім беру мен қосымша білім беру мекемелерінің ең үздік мұғалімдерінің жұмыстарын таратуға аса назар аударылатын болады.

    Мәдениет пен өнер саласын дамыту мақсатында кітапхана жүйесіне жаңа ақпараттық технологияларды ендіру жоспарланып отыр. Атап айтқанда, мәліметтердің электрондық базасын құру, ауылдық кітапханаларды компьютерлендіру және Интернет желісіне қосу. Сондай-ақ, кітап қорын ұлғайту және жаңа кітапханалық жобаларға жастарды тарту мақсатында жұмыстар жалғасатын болады.

    Интернет ресурстарында аудандағы тарихи-мәдени ескерткіштер туралы 3D форматындағы фильмдер мен деректі фильмдер орналастырылады және тарихи-мәдени мұралар туралы альбом шығарылады.

    Тұрақты және нәтижелі жұмыспен қамтуды, жұмыссыздық деңгейін төмендету және оның өсуіне жол бермеуді қамтамасыз ету өзін-өзі жұмыспен қамтыған, жұмыссыздар және халықтың нысаналы топтарына кіретін адамдарды жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына тартуды, кадрлық әлеуетті дамытуды, атаулы әлеуметтік көмек көрсету жүйесін жетілдіруді көздейтін «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасын іске асыру арқылы жалғасатын болады. Бағдарлама шеңберінде инфрақұрылымды, ауылдық кәсіпкерлікті дамыту, тірек ауылдарды кешенді дамыту және жұмысқа орналасуға жәрдемдесу жөніндегі іс-шараларды қаржыландыру жалғастырылатын болады.

    Әлеуметтік қамсыздандыру саласының негізгі бағыттары ана мен баланы қорғауға, қоғамның осал топтары – зейнеткерлерді, мүгедектерді, еңбекке жарамсыздарды және басқаларды әлеуметтік қолдау көрсетуге бағдарланатын болады.

    Азаматтарға/отбасыларға олардың нақты мұқтаждығын ескере отырып, «өзара міндеттемелер» қағидаларындағы шартты әлеуметтік көмекке ауысу жүзеге асырылатын болады. Бес институционалдық реформалар шеңберінде атаулы сипатын күшейту арқылы әлеуметтік көмекті оңтайландыру басталатын болады.

    Халықтың өмір сүру жағдайларын жақсарту мақсатында жылумен, сумен жабдықтау және су бұру желілерінің тозуын төмендету, жылу шығаратын қуаттарды жөндеу және ауыстыру бойынша жұмыс жалғасатын болады.

    Жалпақтөбе ауылының сумен жабдықтау жүйесін қайта қалпына келтіру бойынша 2016 жылға 830,4 млн. теңге бөлініп отыр. Ағымдағы жылдың соңына дейін құрылыс жұмыстары аяқталатын болады.

    2020 жылға дейін 2 жоба іске асырылатын болады: 992,4 млн. теңгеге Шайқорық, Танты, Қапал, Қоңыртөбе ауылдарын және Шайқорық станциясының топтастырылған су құбыры құрылысы және 2 207,5 млн. теңгеге Пригородное ауылының сумен жабдықтау жүйесін қайта жаңғырту.

    Ауданның экологиялық жағдайын жақсарту үшін жыл сайын ағаш отырғызу алаңы ұлғайтылады, табиғи өрттермен күрес және атмосфераға стационарлы және жылжымалы көздерден негізгі залал заттарды шығаруды төмендету бойынша шаралар жүргізіледі.

     

     

     

    3.2. Негізгі бағыттар, мақсаттар, нысаналы индикаторлар және оларға қол жеткізу

    Бағыт: Экономика

    3.2.1. Өнеркәсіп

    3.2.1.1. Мақсат: Ауданның өнеркәсіп әлеуетін арттыру  

    р/н

    Нысаналы индикаторлар Өлшем бірлігі 2014 ж. нақты 2015 ж. нақты Жоспар Ақпарат көзі
    2016 ж. нақты 2017 ж. 2018 ж. 2019 ж. 2020 ж.
    1 Өңдеу өнеркәсібі өндірісінің нақты көлем индексі % 51,3 94,6 117,0 102,0 102,3 103,0 103,5 Ресми статистикалық деректер
    1.1 Мұнай өңдеу өнеркәсібінің ішкі өнімін шығарудың  нақты көлем индексі % 47,6 90,9 129,7 100,6 100,8 101,4 101,8 Ресми статистикалық деректер
    3 Тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазуда  өнім шығарудың нақты көлем индексі % 107,4 66,0 110,1 103,0 103,4 103,7 104 Ресми статистикалық деректер
    4 Сумен жабдықтау, кәріз жүйесінің нақты көлем индексі % 98,7 92,2 107,1 108,0 109,0 110,0 112,0 Ресми статистикалық деректер
    Қол жеткізуге жауаптылар: Жамбыл ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі

     

    Қол жеткізу жолдары:

    1) Өңірлік деңгейде «ИИДМБ» Мемлекеттік бағдарламасы аясында инвестициялық жобаларды Индустрияландыру картасына енгізе отырып, жүзеге асырылуын қолдау.

    2016 жылы 5 млрд. теңгеге 3 инвестициялық жобаны іске асырылды, онда жаңа 248 жұмыс орны құрылатын болады:

    – Халал стандартына сай жоғары технологиялы ет өнімдер өндірісін құру («Оңтүстік Халал Тағамдары» ЖШС-гі), құны – 2 млрд. 450 млн. теңге, жылдық қуаты – 1757 тонна өнім өңдеу;

    – құс фабрикасының құрылысы («Аса-Damu» ЖШС-і), құны – 914 млн. теңге, қуаты – жылына 90 млн. дана жұмыртқа және 280 тоннаға дейін құс етін өндіру;

    – «КазУпакТрейд» ЖШС-нің гипс зауыты құрылысы индустриалдық жобасын жүзеге асырылды. Жобаның құны – 1 млрд. 725 млн. теңге. 70 жаңа жұмыс орны құрылатын болады. Жылдық қуаты 180 мың тонна немесе тәулігіне 450-500 тонна құрылыс гипсін және 100 мың текше метр гипсокартон өндіру.  

    2) Өнеркәсіп кәсіпорындарын іске асырылудағы бағдарламалар шеңберінде қолдау:

    – бағдарламаларға қатысу үшін жобаларды қаржыландыру тәртібі,  құжаттарды дайындау бойынша түсіндіру жұмысы;

    – бағдарламаларға қатысу үшін «әкімшілік» кедергілерді болдырмау.

    3) Кәсіпорындардың өз қаражаттары есебінен аудандық деңгейде іске асырылатын жобаларды қолдау:

    – 2017 жылы «Амангелді газ өңдеу зауыты» ЖШС мұнай өңдеу учаскесінің негізінде ЕВРО 4, 5 стандарттары сәйкес келетін бензин өндірісіне қажетті технологияларды ендіру арқылы өндірісті кеңейту жұмыстарын аяқтауды жоспарлап отыр. Жобаның қуаты жылына 100 мың тонна бензин, құны 2 млрд. теңге. 80 жаңа жұмыс орнын құру жоспарлануда.

    4) 2020 жылға дейінгі энергия тиімділігі және энергия үнемділігі бойынша өңірдегі жүзеге асырылатын негізгі шаралар:

    – 2018 жылы «Көгенхан» ЖШС-нің қуаты 100 МВт дейінгі күн электр станциясы құрылысы бойынша инвестициялық жобаны іске асыру, 70 жаңа жұмыс орны құрылатын болады;

    – қондырғыларды кең ауқымды енгізуге негізделген, электр және жылу қуатын құрамдастыра өндіруді қамтамасыз ететін туындатылған қуаттылықты техникалық қайта қаруландыру, газ поршенді қондырғыны енгізу;

    – энергетикалық баланс құрылымын өзгерту және оның әртараптылығын арттыру  – көмірді жағуда прогрессивті және экологиялық таза технологияны қолдануға дайындық, жаңғыртылатын және отынның дәстүрлі емес түрлері мен қуат көздерін қолдануға және дамытуға  бағытталу;

    – әрекеттегі жаңа электр тарату желілері мен кіші станцияларды жаңғырту және жаңа құрылысын жүргізу, электр қуатын беруде және тартуда шығындарды азайту мақсатында қолданыстағы заманауи есеп жүйесін енгізу.

     

    3.2.2. Агроөнеркәсіп кешені

    3.2.2.1. Мақсат: Агроөнеркәсіп субъектілерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін жағдай жасау  

    р/н

    Нысаналы индикаторлар Өлшем бірлігі 2014 ж. нақты 2015 ж. нақты Жоспар Ақпарат көзі
    2016 ж. нақты 2017 ж. 2018 ж. 2019 ж. 2020 ж.
    1. Ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің нақты көлем индексі % 113,1 98,0 107,7 102,7 102,9 103,2 103,3 Ресми статистикалық деректер
    2 Өсімдік шаруашылығы жалпы өнімінің нақты көлем индексі % 121,2 97,8 111,4 104,7 104,8 104,9 106,1 Ресми статистикалық деректер
    3 Егістік алқапты ұлғайту (салалық бағыттылығына байланысты) га 35204 35067 36 443 34700 34700 34900 35000 Ведомстволық есептер
    – майлы дақылдар га 5116 5124 5281 5300 5300 5400 5400 Ведомстволық есептер
    – көкөніс дақылдары га 5030 5472 5496 5000 5000 5000 5000 Ведомстволық есептер
    – бақша дақылдары га 385 427 506 500 500 600 600 Ведомстволық есептер
    – мал азығы дақылдары га 24673 24044 25160 23900 23900 23900 24000 Ведомстволық есептер
    4 Мал шаруашылығы жалпы өнімінің нақты көлем индексі % 102,3 101,2 102,2 104,5 104,6 104,7 105,0 Ресми статистикалық деректер
     

    5

    Ұйымдасқан шаруашылықтар-дағы мүйізді ірі және ұсақ қара мал басының үлесі %

    ІҚМ

    22,5 25,2 34,8 34,4 35,0 35,9 36,9 Ведомстволық есептер
    %

    ҰҚМ

    41,9 40,2 42,1 46,5 47,4 49,4 51,8
     

    6

    Тұқымдық түрлендіруге қатынасатын мүйізді ірі және ұсақ қара мал басының үлесі %

    ІҚМ

    21,2 23,4 55,7 25,9 27,9 29,9 30,5 Ведомстволық есептер
    %

    ҰҚМ

    12,1 12,2 52,4 12,8 13,1 13,8 14,8
    7 Мерзімі бұзылып берілген сибсидиялар үлесін азайту % Ведомстволық есептер
    Қол жеткізуге жауаптылар: Жамбыл ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі

     Қол жеткізу жолдары:

    Бағдарламаның 2-кезеңінде 2016-2020 жылдары «Агробизнес-2020» салалық бағдарламасын іске асыру шеңберінде – ауыл шаруашылығы өнімдерінің өндіріс көлемін кеңейту, барлық негізгі тамақ өнімдері бойынша облыстың және жалпы республиканың импортқа тәуелділігін азайту, экспорттық әлеуетті жүзеге асыру, еңбек өнімділігін ұлғайту, АӨК-нің өндірістік және қайта өңдеу салаларының әлеуетін игеру.

    Көктемгі егіс және жинау жұмыстарын уақтылы жүргізу; егін егу кезеңінде іріктелген тұқымды пайдалану, минералды тыңайтқыштарды пайдаланатын егін алқаптарын кеңейту; «бос пайдаланбай жатқан» жерлер есебінен егіс алаңын кеңейту (ирригация, дренаж, мелиорация және басқа гидротехникалық іс-шаралар);  ылғалды  ресурсты үнемдеу технологиясын (оның ішінде тамшылатып суару, нөлдік технология және т.б.) пайдалану; көпжылдық көшеттерді тиімді пайдалану; көкөніс сақтау қоймасы және жылыжай құрылысы; ауыл шаруашылығында прогрессивті және тиімді ғылыми әзірлемелерді пайдалану; мал шаруашылығының жалпы көлеміндегі асыл тұқымды үйірдің үлесін арттыру (жылсайын 0,1-1,5%); асыл тұқымды мал шаруашылықтарының санын арттыру (жылсайын 1-2 бірлікке); қолдан ұрықтандыру пунктерін тиімді пайдалану; жеке сектордағы  МІҚ малды қолдан ұрықтандырумен қамту пайызын арттыру; биязы жүнді, майлы ет бағытындағы қой шаруашылығының сапасын арттыру жұмыстарын жүргізу; қой шаруашылығы; жылқы шаруашылығын дамыту,  бордақылау алаңдарын кеңейту және типтік мал сою пунктерінің құрылысын жүргізу; ветеринарлық алдын-алу жұмыстарын жүргізу; жемдік базаны жақсарту бойынша кешенді жұмыстар жүргізу; өңдеу өнеркәсібі цехтарының қуатын тиімді пайдалану, ауыл шаруашылығы құрылымдарына қызмет көрсетуде АТК және СДО тетіктерін тиімді пайдалану; ауыл тұрғындарына шағын несие беруді арттыру (жыл сайын 3-5%-ға дейін); ауыл шаруашылық емес бизнесті дамыту; мемлекеттік бағдарламаларды және ауыл шаруашылығын қолдау инструменттерін, сонымен бірге республикалық және жергілікті бюджеттен бөлінген субсидияны тиімді пайдалану.

    Аталған шаралардан бөлек, 2016-2020 жылдары өсімдік шаруашылығының өнім көлемін арттыру мақсатында қант қызылшасының егістік алқабын ұлғайту мен су үнемдеу технологиясын ендіруге назар аударылатын болады. Аудан ауыл шаруашылық өндірушілерінен қант қызылшасын сатып алу үшін жыл сайын бюджеттен субсидия бөлінетін облыс орталығына жақын орналасқан. Осыған орай, осы кезден бастап 2016 жылы қант қызылшасын егетін шаруашылықтардың, егіс көлемінің тізбесін жасап, оларды техникамен, тұқыммен, жеңілдетілген жанармаймен, минералды тыңайтқыштармен және бірінші кезекте суғарумен қамтамасыз ету бойынша анық жұмыстар жүргізілетін болады. Бастапқы кезеңі 2016 жылы аз көлемдегі жерлерден болса да, тиімді алқаптарға қант қызылшасын егіп  өнімділік көлемін ұлғайту жұмыстары атқарылады. Қазіргі таңда қант қызылшасы үшін жер бөлініп, инвесторлар тартылуда («АгроKZ» ШҚ – 200 га, «Ақжол» компаниясы – 200 га, АТК «Тараз» – 100 га).

    Аудан бойынша барлығы 518 га егіс алқаптары жаңа су үнемдеу технологиясымен суғарылса, оның ішінде 2015 жылы 272 гектары енгізілді. Аталған егіс алқаптарының 98 гектарына 4 шаруашылық тамшылатып суару технологиямен қарқынды (интенсивті) алма бақтарын отырғызды. Жалпы 2020 жылға дейін су үнемдеу технологиясын жыл сайын 150 гектарға дейін енгізу жоспарлануда. Мысалы, биылғы жылы 112 га қарқынды (интенсивті) жеміс бақтары отырғызылды («Әулие ата Алма» ӨК – 50 га, «Шайқорық бағы» ӨК – 50 га, «Шоқай-Жеміс» ШҚ – 12 га). Бұдан бөлек, «Сады-Востока» ЖШС-гі 10 га таңқурай отырғызды.

    «Егістік алқабын ұлғайту» нысаналы индикаторы ауылшаруашылық мәндегі пайдаланылмайтын жерлерді айналымға қосу арқылы қол жеткізілетін болады.

    2016 жылы ИИД МБ шеңберінде Қаратөбе ауылдық округінде «Оңтүстік халал ет тағамдары» ЖШС-ң ет өңдеу кешені іске қосылды. Бұл кешенді шикізатпен қамтамасыз ету мақсатында ет кластері құрылатын болады. Бұл бағытты іске асыру мақсатында 2020 жылға қуаты 3,0 мың мал басына арналған экспортқа бағытталған жоғары технологиялы бордақылау алаңдары құрылысына инвесторлар тартылатын болады.

    Қазіргі таңда ауданда 6 сүтті-тауарлы фермалар бар (Тимофеев, Елеуов, Жолдыбай, Жолсейіт, Мейіржан, Майжа ШҚ), ал 2016 жылға қарай «Ырыс» бағдарламасы шеңберінде «Бірлік» ШҚ 100 бас сауынды сиырларға сүтті-тауарлы ферма құрады. Сүтті мал шаруашылығында «Ырыс» бағдарламасы шеңберінде сүтті-тауарлы фермаларды жылына 1-2 бірлікке ұлғайту жоспарлануда. Бұл шаралардың арқасында 2020 жылға қарай сүт өндірісі 10 %-ға артып, жылына 42,6 мың тоннаны құрайды.

    Сүт кластері шеңберінде «Жұмыспен қамту жол картасы – 2020» бағдарламасы бойынша шағын несие беру арқылы отбасылық сипаттағы жаңа сүтті-тауарлы фермалар құру жоспарланып отыр.

    Бұдан бөлек, «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» автожолының бойынан мал бордақылау алаңдарын соғу үшін 4 шаруа қожалығына 160,4 га жер телімдері берілді. Бұл жерде 240 бас малды бордақылауға арналған фермалардың құрылысы жүргізілетін болады.

    «Ұйымдасқан шаруашылықтардағы мүйізді ірі қара мал басының үлесі» нысаналы индикаторы майда шаруашылықтарды ірілендірудің арқасында орындалады. «Сыбаға» бағдарламасы шеңберінде шаруа қожалықтарындағы ірі қара мал басын арттыру бойынша жұмыстар жалғасатын болады.

    «Тұқымдық түрлендіруге қатысатын малдың үлесі» нысаналы индикаторы ет кластерін құру есебінен артады. Оның шеңберінде ауданда 2016 жылы ет өңдеу комбинаты іске қосылады. Жоғары технологиялы бордақылау алаңдары құрылысына инвесторлар тартылатын болады.

     

    3.2.3. Шағын және орта бизнес, сауда

    3.2.3.1. Мақсат: Шағын және орта бизнестің белсенді субъектілерінің өсуіне жағдай жасау  

    р/н

    Нысаналы индикаторлар Өлшем бірлігі 2014 ж. нақты 2015 ж. нақты Жоспар Ақпарат көзі
    2016 ж. нақты 2017 ж. 2018 ж. 2019 ж. 2020 ж.
    1 Бөлшек сауданың нақты көлем индексі % 142,7 116,0 101,7 106,5 107,0 108,0 109,0 Ресми статистикалық деректер
    2 Көтерме сауданың нақты көлем индексі % 530,7 2,2 есе 43,0 110,0 113,0 114,0 115,0 Ресми статистикалық деректер
    Қол жеткізуге жауаптылар: Жамбыл ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі

    Қол жеткізу жолдары:        

    Жамбыл ауданында еркін бәсекені дамыту және нарыққа тауарлар мен қызметтерге бірдей қол жетімділікті қамтамасыз ету арқылы бизнестің экономикалық белсенділігін арттыру үшін жағдай жасалатын болады.

    Осы міндетті жүзеге асыру мақсатында:

    – кәсіпкерлермен түсіндіру семинарларын, тренингтер, «дөңгелек үстелдер» өткізу, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері үшін буклеттер мен әдістемелік құралдар шығару;

    – «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде жаңа инвестициялық жобаларды, сондай-ақ өндірісті жаңғырту мен кеңейтуге бағытталған жобаларды іске асыру;

    – «Жұмыспен қамту жол картасы 2020» Бағдарламасы шеңберінде ауылдағы кәсіпкерлікті дамытуға ықпал ету;

    – қаржылық даму институттарының қаражаты есебінен кәсіпкерлік субъектілерін несиелендіру;

    – әдістемелік, құқықтық, ақпараттық-консалтингтік және бухгалтерлік қолдау көрсету, консультациялар беру жоспарлануда.

    Сауда саласында:

    – заманауи сауда нысандары алаңдарының санын және олардың бөлшек сауданың жалпы айналымындағы үлесін ұлғайтуды ынталандыру;

    – базарларды техникалық жарақтандыру;

    – базарлардағы сауданың ашықтығын арттыру.

     3.2.4.  Инновациялар мен инвестициялар

    3.2.4.1. Мақсат: Инновацияны дамыту және инвестицияларды арттыру 

    р/н

    Нысаналы индикаторлар Өлшем бірлігі 2014 ж. нақты 2015 ж. нақты Жоспар Ақпарат көзі
    2016 ж.

    Нақты

    2017 ж. 2018 ж. 2019 ж. 2020 ж.
    1 Халықтың жан басына шаққандағы негізгі капиталға салынған инвестицияның өсу қарқыны % 112,0 121,0 75,5 100,2 101,0 101,0 103,3 Ресми статистикалық деректер негізіндегі ЖАО есептері
    2 Инновация саласындағы белсенділік деңгейі % 9,7 9,7 9,9 9,9 10,0 10,0 Ресми статистикалық деректер
    Қол жеткізуге жауаптылар: Жамбыл ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі

     Қол жеткізу жолдары:

    Ауданға инвестиция тартуға жәрдемдесу, оның ішінде ИИД МБ, «Агробизнес – 2020» 2013-2020 жылдарға агроөнеркәсіп кешенін дамыту бағдарламасы, «Жұмыспен қамту жол картасы – 2020», «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау және дамыту бірыңғай бағдарламасының тетіктерін іске асыру арқылы.

    – ауданның ауыл шаруашылық кешені мен өнеркәсіп саласын дамыту үшін стратегиялық инвесторлар тарту;

    – ауданның мал шаруашылығын дамыту үшін инвесторлар тарту (бордақылау алаңдары, сүтті-тауарлы фермалар, асыл тұқымды шаруашылық, т.б.);

    – ылғал, суүнемдеу технологияларын қолдану арқылы егістік алқаптарын ұлғайту үшін инвесторлар тарту;

    – семинарлар, кеңестер, форумдар шеңберінде, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдары арқылы қолданыстағы индустриалды-инновациялық қызметке мемлекеттік қолдау тетіктері туралы хабарлау;

    Жамбыл ауданындағы аталған көрсеткіштердің өсімі аудан көлеміндегі «Азия газ құбыры» ЖШС-нің газ қысымдау станциясы құрылысымен байланысты. 2016 жылдың 9 айында негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 16 млрд. 155 мың теңгені құрады. Бұл нысанның құрылысы 2017 жылы аяқталады.

    2016 жылдан 2018 жылға дейін ИИД МБ шеңберінде инвестициялық жобаларды іске қосу жоспарланып отыр. Ауданда ИИД бағдарламасының екінші бесжылдығы шеңберінде инвестиция көлемі 6 млрд. 725 млн. теңгені құрайтын 3 инвестициялық жоба іске асырылуда. Онда құрылыс кезінде шамамен 246 жұмыс орны және іске қосылғанда 318 жұмыс орны құралады.

    Сондай-ақ Индустриаландыру картасына кірмейтін 1 инвестициялық жобаны жүзеге асыру жоспарлануда:

    – 2018-2020 жылдары  «Амангелді газ өңдеу зауыты» ЖШС мұнай өңдеу учаскесінің негізінде ЕВРО 4, 5 стандарттары сәйкес келетін бензин өндірісіне қажетті технологияларды ендіру арқылы өндірісті кеңейту жұмыстарын аяқтауды жоспарлап отыр. Жобаның қуаты жылына 100 мың тонна бензин, құны 2 млрд. теңге. 80 жаңа жұмыс орнын құру жоспарлануда.

    Инновацияларды одан әрі дамыту Қазақстанның 2020 жылға дейінгі инновациялық даму тұжырымдамасы аясында өтеді:

    – университеттер мен инновациялық индустриалды орталықтар арасындағы байланысты кеңейту;

    – өнертапқыштықты және ойлап табушылықты ынталандыру;

    – инновациялық кәсіпкерлік саласына жеке инвесторларды тарту;

    – халық және мүдделілер арасында инновациялық қызметтің мәнін түсіндіруді дәріптеу.

     

    3.2.5.  Экономикалық өсу орталықтарын дамыту

    3.2.5.1. Мақсат: Экономикалық өсу орталықтарын дамыту 

    р/н

    Нысаналы индикаторлар Өлшем бірлігі 2014 ж. нақты 2015 ж. нақты Жоспар Ақпарат көзі
    2016 ж. нақты 2017 ж. 2018 ж. 2019 ж. 2020 ж.
    1 Тіректі АЕМ-де халық санының өсімі мың адам 4,0 4,0 4,1 4,1 4,2 4,3 4,5 ЖАО есептері
    2 Шағын және моноқалаларда және тіректі АЕМ-де әлеуметтік саладағы нысандар құрылысы бір-лік 0 1 0 0 0 ЖАО есептері
    3 Тіректі АЕМ-де өндірістерді ашу және дамыту бір-лік 0 1 1 0 0 ЖАО есептері
    Қол жеткізуге жауаптылар: Аса және Айшабибі ауылдық әкімі аппараттары, Жамбыл ауданы әкімдігінің білім бөлімі, кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі, Аудандық аурухана

     

    Қол жеткізу жолдары:

    • халықтың әлеуметтік жағдайын жақсарту;
    • балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен қамту;
    • оқушыларды міндетті білім беру мекемелерімен қамту;
    • спорт нысандарын жетілдіру;
    • 2017 жылы Айшабибі ауылы аумағынан «2020 жылға дейінгі Өңірлерді дамыту бағдардарламасы аясында шағын футбол алаңын орнату;
    • аудан экономикасын жоғарылату мақсатында өндіріс орындарын ашу және дамыту;
    • 2017 жылы Айшабибі ауылынан кондитерлік цех ашу («Аман-Ата» ШҚ);
    • 2018 жылы Айшабибі ауылында «Тоқыма паркін» ашу («ПОШ-Тараз» ЖШС мен ҚХР-ның «Синьян» корпорациясымен бірлесе отырып).

     

    Бағыт: Әлеуметтік сала

    3.2.6. Білім беру

    3.2.6.1. Мақсат: Білім беру саласындағы қызметтердің сапасын арттыру.  

    р/н

    Нысаналы индикаторлар Өлшем бірлігі 2014 ж. нақты 2015 ж. нақты Жоспар Ақпарат көзі
    2016 ж. нақты 2017 ж. 2018 ж. 2019 ж. 2020 ж.
    1 Үш ауысымдық және апатты мектептер саны бірлік 1 0 0 0 0 0 0 Ведомстволық есептер
    2 Жаратылыстану-математика пәндері бойынша оқу бағдарламаларын табысты (өте жақса/жақсы) игерген оқушылардың саны % 58,2 65,9 64,5 53,0 55,0 57,0 59,9 Ведомстволық есептер
    3 Мүмкіндігі шектеулі балалардың жалпы санынан инклюзивтік біліммен қамтылған балалардың үлесі % 13,5 26,2 28,6 31,6 31,6 45,6 61,4 Ведомстволық есептер
    4 Балаларды (3-6 жас) мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамту %

     

    59,4 70,8 82,4 84,1 85,3 86,4 98,3 Ведомстволық есептер
    4.1. оның ішінде жеке меншіктегі мектепке дейінгі мекемелер желісін дамыту есебінен 0,0 0,0 7,4 3,0 2,8 2,7 2,3
    5 Мемлекеттік тапсырыс бойынша оқытылған және оқуды бітіргеннен кейін бірінші жылы жұмысқа орналасқан техникалық және кәсіптік білім беру орындары түлектерінің үлесі % 78,9 79,0 80,0 81,0 82,2 82,1 82,3 Ведомстволық есептер
    6 Типтік жастағы (14-24 жас) жастарды техникалық және кәсіптік біліммен қамту үлесі % 1,1 1,3 1,2 1,8 1,5 1,6 1,7 Ведомстволық есептер
    Қол жеткізуге жауаптылар:  Жамбыл ауданы әкімдігінің білім және ішкі саясат бөлімдері

     

    Қол жеткізу жолдары:

    – апатты жағдайдағы мектептер, үш ауысымдық мектептер және орын тапшылығы бар мектептердің орнына  жаңа мектептер  салуды қамтамасыз ету;

    – мектепке дейінгі білім мекемелерінің желісін демографиялық жағдайды және көші-қон үдерісін ескере отырып ұлғайту;

    – мектепке дейінгі ұйымдардың педагог кадрларының сапалық құрамын жақсарту және педагог кәсібінің беделін көтеру;

    – инновациялық технологияларды пайдалану арқылы білім сапасын арттыру;

    – жаңа форматтағы педагогтарды қалыптастыру үшін даярлау және қайта даярлаудың курстық жүйесі арқылы педагог мамандарының біліктілігін арттыру;

    – даму мүмкіндігі шектеулі балалар үшін оқу-тәрбие үдерісіне педагог-дефектолог, педагог-логопед мамандарымен және инклюзивті білім жүйесін дамытумен кедергісіз ортаны ұйымдастыру есебінен жағдай жасауды қамтамасыз ету;

    – мектеп оқушыларының республикалық, халықаралық пәндік олимпиадалар мен ғылыми жобалар байқауларына (ғылыми жарыстарға) қатысуын қамтамасыз ету;

    – инклюзивті білім беруді іске асырып жатқан жалпы білім беретін мектептердің педагогтары үшін оқыту әдістемелік семинарларын, біліктілікті арттыру курстарын ұйымдастыруды қамтамасыз ету;

    – электрондық оқытуды енгізуді, мектептердің кең жолақты интернет желісіне қосылуын және компьютерлермен жабдықталуын қамтамасыз ету;

    – жаңа модификациялы пәндік кабинеттермен жабдықталған мектептер санын арттыру;

    – педагогтардың шығармашылық белсенділігін ынталандыру, педагог кәсібінің беделін көтеру, талантты педагогтарды анықтау, облыстағы жалпы білім беретін мектептер мен қосымша білім беретін ұйымдардағы  үздік педагогтардың тәжірибесін тарату;

    – қосымша білім беретін педагогтар мен іргелес мамандық бойынша педагог-ұйымдастырушыларды даярлау бағдарламаларын жетілдіру;

    – кедергісіз аймақтармен білім беру мекемелерінің санын арттыру бойынша жергілікті атқарушы органдарымен бірге жұмыс жасау;

    – білім және денсаулық сақтау саласы мамандарын ауылға тарту, ауылды жерлерге жұмысқа орналасқан жас мамандарға қосымша көтерме қаражат төлеу.

    Қоғамның және өңір экономикасының индустриялықинновациялық даму сұраныстарына сәйкес ТжКБ жүйесін жаңғырту:

    – ТжКБ оқу орнын өндірістік оқуөндірістік  шеберханаларын, лабораторияларын жабдықтау үшін заманауи оқуөндірістік жабдықтар сатып алу;

    – дуалдық оқыту жүйесін дамыту;

    – химия өнеркәсібі мен агроөнеркәсіп кешеніне қажет мамандықтар бойынша мемлекеттік тапсырысты үлғайту;

    – ТжКБ білім беру мекемесінің түлектерін жұмысқа орналастыру мақсатында әлеуметтік әріптестікті дамыту;

    – кең жолақты интернет желісіне қосылу және электронды оқыту жүйесін дамыту;

    – колледж ғимаратына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу;

    – инженер-педагог кадрларының біліктілігін жетілдіруге ынталандыру;

    – еңбек нарығының қажеттілігіне сәйкес ТжКБ мекемесін бейімдеу;

    – бәсекеге қабілетті кадрларды сапалы даярлау үшін жағдай жасау;

    – типтік жастағы (14-24 жас) жастардың  техникалық және кәсіптік біліммен қамтылу үлесін арттыру.

      

    3.2.6.2. Мақсат:  Жастарға жағдай жасау және оларды қолдауды қамтамасыз ету. 

    р/н

    Нысаналы индикаторлар Өлшем бірлігі 2014 ж. нақты 2015 ж. нақты Жоспар Ақпарат көзі
    2016 ж. нақты 2017 ж. 2018 ж. 2019 ж. 2020 ж.
    1 14 жастан 29 жасқа дейінгі тұрғындардың мемлекеттік жастар саясатының орындалуына қанағаттанушылық деңгейі % 71,0 72,5 74,0 75,0 76,0 77,0 78,0 ЖАО әлеуметтік зерттеу қорытындылары
    Қол жеткізуге жауаптылар:  Жамбыл ауданы әкімдігінің білім және ішкі саясат бөлімдері

     

    Қол жеткізу жолдары:

    2016-2020 жылдары жастардың бойындағы патриоттық, діни сауаттылық, ұлттық құндылықтарды құрметтеуге тәрбиелеу арқылы оқыту семинарларын, акциялар, форумдар, лагерьлер және жастарға қатысты мемлекеттік саясатқа қанағаттану деңгейін арттыруға бағытталған түрлі шаралар өткізу жолымен көрсеткішке қол жеткізу жоспарлануда. Тұрғындардың қанағаттану деңгейін арттыру мақсатында төмендегілер қарастырылады:

    – жастар акциясын және ғылыми практикалық конференция ұйымдастыру, әскери-спорттық ойындар және әскер қатарына шақырылатын жастағы жастар акциясы, жастар саясатының мақсаттарын насихаттайтын және түсіндіретін  форумдар мен конкурстар ұйымдастыру;

    – жастар орталығындағы қызметкерлерге және жастарға семинарлар, тренинг ұйымдастыру;

    – мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде әлеуметтік-маңызы бар жобаларды конкурстық негізде жүзеге асыру;

    – мемлекеттік жастар саясатына ақпараттық қолдау көрсетуді қамтамасыз ету;

    – жастарды патриоттық тәрбиелеуге бағытталған іс-шаралар өткізу;

    – мемлекеттік жастар саясатын насихаттауға және алға жылжытуға бағытталған іс-шаралар ұйымдастыру және өткізу;

    – жастардың мемлекеттік жастар саясатына қатысты қанағаттану деңгейін арттыруға бағытталған оқыту семинарлары, акция, форум, лагерь, әртүрлі іс-шаралар ұйымдастыру және өткізу;

     

     

    3.2.7. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау

    3.2.7.1. Мақсат: Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу. Халықты әлеуметтік қорғау және халықтың әлсіз тобына көрсетілетін әлеуметтік қызметтердің сапасын арттыру. Мүгедектерге қолжетімділігі қамтамасыз етілген инфрақұрылымды дамыту.   

    р/н

    Нысаналы индикаторлар Өлшем бірлігі 2014 ж. нақты 2015 ж. нақты Жоспар Ақпарат көзі
    2016 ж. нақты 2017 ж. 2018 ж. 2019 ж. 2020 ж.
    1 Жұмысқа орналастыру мәселесі бойынша жүгінген адамдардың ішінен жұмысқа орналастырылғандардың үлесі % 82,4 84,0 80,0 79,1 79,4 79,9 80,1 Ведомстволық есептер
    2 Жүгінген нысаналы топтардың ішінен тұрақты жұмысқа орналастырылғандардың үлесі % 99,5 65,9 66,4 66,9 67,4 Ведомстволық есептер
    3 Жұмыспен қамту мекемесіне жәрдем сұрап жүгінген, еңбекке жарамды жастағы жұмысқа орналастырылған мүгедектер саны адам 21 44 45 37 40 41 42 Ведомстволық есептер
    Қол жеткізуге жауапты: Жамбыл ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

     

     Қол жеткізу жолдары:

    – жұмыспен қамту органдары ықпалымен азаматтарды жұмысқа орналастыру;

    – кадрларға деген қажеттілік болжамына мониторинг жүргізу, еңбек нарығы сұранысына сәйкес кәсіптік оқытуды ұйымдастыру;

    – өз бетінше жұмыспен айналысатындарды, аз қамтылғандарды, жұмыссыз және ішінара жұмыспен қамтылған жалдамалы жұмысшыларды даярлау және қайта даярлау, біліктілігін арттыру;

    – әлеуметтік жұмыс орындарын құру;

    – кәсіпкерлікті дамыту;

    – инфрақұрылымды дамыту есебінен жұмысқа орналастыруға ықпал ету;

    – нысаналы топқа жататын азаматтарды әлеуметтік жұмыс орындары мен жастар практикасына жұмысқа орналастыру.

    Жұмыспен қамтуға ықпал етудің әдістері мен тәсілдерін дамыту, оның ішінде еңбек нарығына бейімдеудің арнайы шараларын қажет ететін азаматтардың жеке санаттары үшін (жастар, мүмкіндігі шектеулі азаматтар (мүгедектер) және басқалар үшін):

    – аудан кәсіпорындары мен ұйымдарында жастар практикасы бағдарламасын ұйымдастыру мен кеңейту;

    – халықты жұмыспен қамтуға ықпал етудің кешенді жоспарының орындалуын қамтамасыз ету;

    – еңбек нарығы сұранысына сәйкес біліктілігін өзгерту жұмыстарын жүргізу;

    – нәтижесіз өз бетімен жұмыспен қамтылған халықты нәтижелі өз бетімен қамтылғандар санатына ауыстыру;

    – бос орындар жәрмеңкесін тұрақты түрде өткізу;

    – халықты еңбек нарығы жағдайы туралы хабардар ету;

    – еңбек нарығында ақпараттық технологияларды дамыту;

    – жеке кәсіпорындар, инвестициялық жобалар, салалар деңгейінде кадрлармен қамтамасыз ету мәселелері бойынша ведомствоаралық қатынасты ұйымдастыру;

    – мүмкіндігі және физикалық қозғалысы шектеулі тұлғаларды еңбек әрекетіне, оның ішінде жұмыспен қамтудың икемді түрлерін дамыту есебінен  интеграциялау.

    – уәкiлеттi орган бекiткен тiзiмге сәйкес өңiрлiк еңбек нарығында сұранысқа ие техникалық және кәсiби бiлiм мамандықтары бойынша азаматтарды кәсiптiк даярлау, қайта даярлау, бiлiктiлiгiн арттыру;

    – қосымша жұмыс орындарын құру.

     

    3.2.7.2. Мақсат: Халықты әлеуметтік қорғау және халықтың әлсіз тобына көрсетілетін әлеуметтік қызметтердің сапасын арттыру. Мүгедектерге қолжетімділігі қамтамасыз етілген инфрақұрылымды дамыту.   

    р/н

    Нысаналы индикаторлар Өлшем бірлігі 2014 ж. нақты 2015 ж. нақты Жоспар Ақпарат көзі
    2016 ж. нақты 2017 ж. 2018 ж. 2019 ж. 2020 ж.
    1 Атаулы әлеуметтік көмек алушылардың ішіндегі еңбекке жарамды адамдардың үлесі % 27,69 25,2 26,9 26,74 26,02 25,39 Ведомстволық есептер
    2 Арнайы әлеуметтік қызметтермен қамтылған адамдардың үлес салмағы (оларды алуға мұқтаж адамдардың жалпы санынан) % 100 100 100 100 100 100 100 Ведомстволық есептер
    3 Жеке сектор субъектілерімен ұсынылатын арнайы әлеуметтік қызметтермен қамтылған адамдардың үлес салмағы (оның ішінде үкіметтік емес ұйымдармен) % 28,2 27,4 28,0 27,6 27,3 Ведомстволық есептер
    4 Әлеуметтік, көлік инфрақұрылымының паспортталған нысандарының жалпы санынан мүгедектерге қолжетімділігі қамтамасыз етілген әлеуметтік инфрақұрылым нысандарының үлесі % 10 48 50,0 70,0 80,0 90,0 100 Ведомстволық есептер
    Қол жеткізуге жауапты: Жамбыл ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

     

    Қол жеткізу жолдары:

    – жұмыспен қамтуға ықпал ету және әлеуметтік бейімдеу бағдарламаларына қатысқан жағдайда жұмысқа жарамды табысы төмен азаматтарға  атаулы әлеуметтік көмек ұсыну;

    – кәсіби даярлауға және қайта даярлауға жолдау арқылы халықтың нысаналы топтарының  еңбек нарығындағы бәсекеге қабілеттілігін арттыруға ықпал ету;

    – денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт салаларының мамандарына отын сатып алуға әлеуметтік көмек көрсету;

    – жергілікті уәкілетті органдар шешімі бойынша кейбір санаттағы мұқтаж азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету;

    – шартты ақшалай көмек бере отырып әлеуметтік қолдаудың белсенді түрлеріне тарту.

    – ҮЕҰ мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге, оның ішінде мүгедектерді әлеуметтік инфрақұрылым нысандарына тасымалдауға тарту;

    – ҮЕҰ арқылы арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету бойынша қызметті күшейту;

    – әлеуметтік-маңызды нысандарды толығымен бейімдеуге бөлінетін қаражатты  ұлғайту;

    – сапалы арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету;

    – жеке оңалту бағдарламаларын орындау;

    – мүмкіндігі шектеулі балаларды оңалту және бейімдеу орталықтары желісін кеңейту қарастырылады.

    – мүмкіндігі  шектеулі жандарға қажетті әлеуметтік және көлік инфрақұрылымы нысандарын бейімдеу.

     

     3.2.8. Мәдениет

    3.2.8.1. Мақсат: Мәдениет мекемелеріне келушілер санының артуы   

    р/н

    Нысаналы индикаторлар Өлшем бірлігі 2014 ж. нақты 2015 ж. нақты Жоспар Ақпарат көзі
    2016 ж. нақты 2017 ж. 2018 ж. 2019 ж. 2020 ж.
    1 1000 адамға шаққандағы мәдениет ұйымдарына келушілердің орташа саны: адам               Ресми статистикалық деректер
    2 кітапханаға 218,8 225,5 226,7 227,5 228,5 229,5 230,5
    Қол жеткізуге жауапты: Жамбыл ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі

     

    Қол жеткізу жолдары:        

    – жаңа кітапханалар ашу, кітапхана жүйесіне жаңа ақпараттық технологияларды енгізу, электронды мәліметтер базасын құру, компьютермен қамтамасыз ету, ауылдық кітапханаларды Интернет желісіне қосу, танымдық және шығармашылық мақсаттарда электрондық құралдарды пайдалану, кітап қорын толықтыру,  жаңа кітапханалық жобаларға жастарды тарту, конференциялар, дөңгелек үстелдер, әдеби кештер және т.б. іс-шаралар ұйымдастыру және өткізу;

    – мәдениет мекемелерінің аясын кеңейту және материалдық-техникалық базасын күшейту;

    – ауылды жерлерге мәдениет саласының білікті мамандарын тарту.

     

     3.2.9. Дене шынықтыру және спорт

    3.2.9.1. Мақсат: Халықты дене шынықтырумен және спортпен қамтуды арттыру   

    р/н

    Нысаналы индикаторлар Өлшем бірлігі 2014 ж. нақты 2015 ж. нақты Жоспар Ақпарат көзі
    2016 ж. нақты 2017 ж. 2018 ж. 2019 ж. 2020 ж.
    1 Дене шынықтырумен және спортпен жүйелі түрде айналысатын барлық жастағы тұрғындарды қамту

     

    % 23,2 25,0 26,4 27,0 28,0 29,0 30,0 Ведомстволық есептер
    2 Балалар мен жасөспірімдердің жалпы санынан балалар спорт мектептерінде және клубтарындағы дене шынықтырумен және спортпен айналысатын 7 мен 18 жас аралығындағы балалар мен жасөспірімдерді қамту % 11,1 12,0 13,1 11,2 15,1 16,1 17,0 Ведомстволық есептер
    Қол жеткізуге жауапты: Жамбыл ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі

     

    Қол жеткізу жолдары:        

    – спорт және дене шынықтыру-сауықтыру, кешендер, жасанды төсеніштері бар шағын футбол, баскетбол, волейбол алаңшаларының құрылыстары.

    – дене шынықтырумен және спортпен шұғылданатындар санын өсіру;

    – ауылды округтердегі спорт жөніндегі әдіскер-нұсқаушылар санын арттыру;

    – халықтың барлық жастағы топтар арасында өткізілген түрлі бұқаралық-спорт шараларының санын арттыру;

    –  халықтың дене шынықтыру мен спортқа қызығушылығын арттыру;

    – жоғары кәсіби кадрлар мен жоғары класстағы спортшыларды спорт резервіне лайықты тәрбиелеу;

    – ауылдық инфрақұрылымдарда спортпен айналысуға мүмкіндік жасау:  тұрғын үйлердің аулаларында, демалыс  саябақтарында және т.б. жалпы қолданыстағы қоғамдық орындарда қарапайым спорт нысандарының құрылысы.

      

    3.2.10. Туризм

    3.2.10.1. Мақсат: Орналастыру орындарымен қызмет көрсетілген келушілер санын арттыру  

    р/н

    Нысаналы индикаторлар Өлшем бірлігі 2014 ж. нақты 2015 ж. нақты Жоспар Ақпарат көзі
    2016 ж. нақты 2017 ж. 2018 ж. 2019 ж. 2020 ж.
    1 Өткен жылмен салыстырғанда ішкі туризм бойынша (резиденттер) орналастыру орындарымен қызмет көрсетілген келушілер санын арттыру % 100,0 100,0 100,0 100,0 Ресми статистикалық деректер
    2 Өткен жылмен салыстырғанда сыртқа шығу туризмі бойынша (резиденттер емес) орналастыру орындарымен қызмет көрсетілген келушілер санын арттыру % 100,0 100,0 100,0 100,0 Ресми статистикалық деректер
    3 Өткен жылмен салыстырғанда ұсынылған төсек-тәулік орындарының санын ұлғайту % 100,0 100,0 100,0 100,0 Ресми статистикалық деректер
    Қол жеткізуге жауапты: Жамбыл ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі

     

    Қол жеткізу жолдары:        

    Аудан көлемінде орналасқан трихи ескерткіштер облыстық туристтік кластерге кіреді. Қазіргі таңда ауданда тіркелген қонақ үйлер, демалыс үйлері мен санаторлық-курорттық мекемелер жоқ. Алдағы жылдары бұл саланы дамытуға қажетті инвесторлар іздестіру бойынша жұмыстар атқарылатын болады.

     

    3.2.11. Үш тілдікті дамыту

    3.2.11.1. Мақсат: Мемлекеттік тілді дамыту, орыс тілін сақтау және ағылшын тілін меңгеру

    р/н

    Нысаналы индикаторлар Өлшем бірлігі 2014 ж. нақты 2015 ж. нақты Жоспар Ақпарат көзі
    2016 ж. нақты 2017 ж. 2018 ж. 2019 ж. 2020 ж.
    1 Мемлекеттік тілді меңгерген ересек тұрғындардың үлесі % 93,8 94,8 95,8 96,8 97,8 99,0 100,0 Ведомстволық есептер
    2 Ағылшын тілін меңгерген ересек тұрғындардың үлесі % 7 7,3 14,5 15,3 15,4 15,4 17,5 Ведомстволық есептер
    3 Үш тілді меңгерген ересек тұрғындардың үлесі (мемлекеттік, орыс және ағылшын) % 7 7,2 12,3 12,5 12,6 13,5 14,3 Ведомстволық есептер
    Қол жеткізуге жауапты: Жамбыл ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі

     

     Қол жеткізу жолдары:

    – мемлекеттік қызметтегі өзге ұлт өкілдеріне – мемлекеттік тілді;

    – ауданның ересек тұрғындарға – қазақ, орыс және ағылшын тілдерін  үйрету бойынша жұмыс жалғастырылады.

    Тілдерді дамыту  мақсатында келесі шаралар өткізіледі:

    – мемлекеттік тілдің және Қазақстан халқының басқа да тілдерін дамыту мәселелері бойынша тренингтер мен талдау зерттеулерін жүргізу;

    қоғамдық өмірдің әр түрлі салаларында мемлекеттік тілді дамыту және қолдану, сондай-ақ Қазақстан халқының басқа да тілдерін дамыту бойынша  жыл сайынғы семинар-кеңестер, ғылыми-тәжирибелік конференциялар, фестивальдар, «дөңгелек үстел» отырыстарын өткізу;

    – Қазақстан халқы тілдері республикалық фестивалі шеңберінде жыл сайынғы тілдер апталығын өткізу;

    – іс-қағаздарды жүргізуде әдістемелік көмек көрсету мақсатында семинарлар өткізу;

    – ауданның  жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мекеме қызметкерлеріне мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерін тегін оқыту.

     

    Бағыт: Қоғамдық қауіпсіздік және құқықтық тәртіп

    3.2.12. Қоғамдық қауіпсіздік және құқықтық тәртіп 

    3.2.12.1. Мақсат: Қоғамдық тәртіпті күшейту және жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Апаттардың алдын-алу және жоюды ұйымдастыру.

    р/н

    Нысаналы индикаторлар Өлшем бірлігі 2014 ж. нақты 2015 ж. нақты Жоспар Ақпарат көзі
    2016 ж. нақты 2017 ж. 2018 ж. 2019 ж. 2020 ж.
    1 Көшелерде жасалған қылмыстардың үлес салмағы % 6,0 5,0 4,6 7,8 4,9 4,8 4,7 Ведомстволық есептер
    2 Жол-көлік оқиғаларында 100 зардап шеккендерге шаққанда қайтыс болғандардың санын азайту % 13,4 16,4 6,9 16,2 16,1 16,0 15,9 Ведомстволық есептер
    3 Кәмелетке толмағандармен жасалған қылмыстардың үлес салмағы % 5,6 4,6 2,9 4,2 4,0 3,8 3,7 Ведомстволық есептер
    4 Бұрын қылмыс жасағандармен жасалған  қылмыстардың үлес салмағы % 2,8 1,2 23,9 26,2 5,5 5,4 5,3 Ведомстволық есептер
    5 Төтенше жағдайларға қарсы іс-қимыл инфрақұрылымының қамтамасыз етілу деңгейі % 35,0 37,0 39,0 40,0 40,6 41,6 42,3 Ведомстволық есептер
    Қол жеткізуге жауапты: Жамбыл ІІБ жергілікті полиция қызметі және төтенше жағдайлар бөлімі

     

     Қол жеткізу жолдары:

    Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін келесідей  іс-шаралар  іске асырылатын болады:

    – жол қозғалысы қауіпсіздігіне шынайы қауіп төндіретін құқық бұзушылықтарды ескерту мен алдын алу;

    – жол қозғалысына қатысушыларды, әсіресе жолаушылар көлігінің жүргізушілерінің  тәртібін нығайту;

    – көлік құралдарының, жол жағдайларының қауіпсіздігі мен жай-күйіне және жүргізушілердің кәсіби дайындықтарына жол-патрульдік полициясының әсер ету тиімділігін арттыру;

    – көлік құралдарының тіркелу процесін жетілдіру;

    – жол қозғалысы ережесін бұзушылықты бақылау мен түсірудің техникалық құралдарын  жер-жерлерге енгізу;

    – жол-патрульдік полициясының саптық бөлімшелерінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру және  халықтың құрметі мен сенімін иелену;

    – көшелер мен басқа да қоғамдық орындарда құқық тәртібін қорғау тетіктерін жетілдіру;

    – құқық қорғау бағытындағы қоғамдық құрылымдар желісін жетілдіру;

    – ауылдық мектептерге бекітілген кәмелетке толмағандар істері бойынша инспектор қызметін енгізу;

    – кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта көңіл көтеретін орындарда болуына, сондай-ақ  кәмелетке толмағандармен алкогольді ішімдік және темекі өнімдерін сатуға тыйым салу туралы заңнама талаптарының орындалуын бақылау бойынша рейдтік тексерістер ұйымдастыру және жиі өткізу;

    – есептегі тұлғалармен алдын алу жұмыстарының деңгейін арттыру, құқықбұзушылық жасауға бейім тұлғаларды уақытылы анықтау мақсатында УПИ-ның қоғамдық көмекшілермен бірге пәтерлер мен аулаларды тексеруді ұйымдастыру, бұл үнемі қызмет көрсету орнында болуға, бірінші кезекте есепте тұрған тұлғалармен алдын алу жұмыстарын іске асыруға мүмкіндік береді;

    – әкімшілік қадағалауда тұрған бұрын сотты болған тұлғаларға бақылауды күшейту мақсатында облыстық жедел-алдын алу іс-шараларын өткізуді ұйымдастыру;

    – ай сайын ҚР ІІМ ҚАЖКБ аумақтық бөлімшелерімен бас бостандығынан айыру орындарынан шыққан адамдарға салыстырулар жүргізуді ұйымдастыру. ІІБ есебінен жалтарған тұлғаларды анықтау бойынша бірлескен алдын-алу іс-шараларын жүргізу.

    Төтенше жағдайлардың алдын-алу және жою бойынша:

    Сейсмикалық тұрақты ғимараттар салу, қолданыстағы ғимараттарды күшейту арқылы жер сілкіністері салдарынан туындауы мүмкін шығындарды азайту бойынша кешенді іс-шаралар жүзеге асырылады. Гидротехникалық қорғайтын ғиммараттардың тұрақтылығын асыру, өзендер, су айдындар, тоғандардың су тасу қауіпі бар жер телімдерінде тасқын суға қарсы, жағалауды күшейту және түбін тереңдету жұмыстарын жүргізу.

    Аудан орталығынан 50 шақырым алыста орналасқан елді мекендерде ерікті өртке қарсы жасақтарды (ЕӨҚЖ) құру және жеке құрамды жеткізу үшін жүріп өту мүмкіндігі жоғары автокөліктермен, суды тасымалдау техникасымен (су шашатын машина, әмбебап өрт тіркемелері және т.б.), арнайы жабдықтармен және құралдармен жасақтау.

    Алыстағы елді мекендерде кезең-кезеңмен өрт сөндіру бекеттерін құру, оның ішінде шығарылатын өрт техникасын және жабдықтарын, тұрмыстық және орманды дала өрттерді сөндіру үшін арнайы жауынгерлік киімдер мен құралдарды және  сатып алу, апаттан құтқару жұмыстарын жүргізу.

    Мемлекеттік өртке қарсы қызмет бөлімшелері үшін өрт сөндіру және апаттан құтқару техникасын және жабдықтарды сатып алу.

    Бағыт: Инфрақұрылым

    3.2.13. Байланыс және коммуникация

    3.2.13.1. Мақсат: Цифрлық сауаттылық деңгейін арттыру және байланысты дамыту

    р/н

    Нысаналы индикаторлар Өлшем бірлігі 2014 ж. нақты 2015 ж. нақты Жоспар Ақпарат көзі
    2016 ж. нақты 2017 ж. 2018 ж. 2019 ж. 2020 ж.
    1 100 тұрғынға шаққанда телефон байланысының тіркелген желісінің тығыздығы бірлік 4,8 5,7 4,7 4,6 4,5 4,4 Ведомстволық есептер
    2 Интернет пайдаланушылар үлесі % 2,3 4,6 2,4 2,5 2,5 2,6 Ведомстволық есептер
    3 Халықтың цифрлық сауаттылық деңгейі * % 56 56,0 60,0 61,0 62,0 63,0 65,0 Ведомстволық есептер
    4 Адам саны 1000 және одан да көп елді мекендерді мобильді байланыс қызметімен қамтамасыз ету % 100 100 100 100 100 100 100 Ведомстволық есептер
    Қол жеткізуге жауапты: Жамбыл аудандық телекоммуникациялар торабы

     * 2014, 2015 жылдарға – компьютерлік сауаттылық деңгейі

     Қол жеткізу жолдары:

    – халықты байланыс қызметімен жалпылай қамту;

    – жоғарғы жылдамдықпен деректерді беру инфрақұрылымына үй шаруашылықтарын қол жеткізуге қамтамасыз ету;

    – базалық станцияларды енгізу.

    Халықты цифрлық сауаттылық деңгейін көтеру үшін цифрлық сауаттылық курстары жүргізілетін болады, білім бөлімінің ұйымдастыруымен 6-дан 15 жасқа дейін санаттағы адамдарға цифрлық сауаттылық деңгейін арттыру үшін жалпы білім берудің стандарттарына сәйкес оқу орындарында, сонымен қатар 16-дан 74 жасқа дейін санаттағы адамдар үшін цифрлық сауаттылық курстарын жалпы білім беретін мектептер негізінде компьютерлік сыныптарда жүргізілетін болады.

     

    3.2.14. Құрылыс

    3.2.14.1. Мақсат: Тұрғын үй құрылысын дамыту

    р/н

    Нысаналы индикаторлар Өлшем бірлігі 2014 ж. нақты 2015 ж. нақты Жоспар Ақпарат көзі
    2016 ж. нақты 2017 ж. 2018 ж. 2019 ж. 2020 ж.
    1 Құрылыс жұмыстарының нақты көлем индексі % 70,3 87,8 74,1 100 100 100 100 Ресми статистикалық деректер
    2 Пайдалануға берілген тұрғын жайлардың жалпы көлемі мың шаршы метр 23,19 24,7 32,00 29,00 30,00 31,00 32,00 Ресми статистикалық деректер
    Қол жеткізуге жауапты: Жамбыл ауданы әкімдігінің сәулет, қала құрылыс және құрылыс бөлімі

     

     

    Қол жеткізу жолдары:

    – кезекте тұрғандарға және жас отбасыларға арналған жалға берілетін тұрғын үй құрылысы;

    – инженерлік–коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту және жайластыру.

     

    3.2.15. Жолдар және көлік

    3.2.15.1. Мақсат: Автомобиль жолдарын және елді мекендер арасындағы автокөлік қатынасын дамыту

    р/н

    Нысаналы индикаторлар Өлшем бірлігі 2014 ж. нақты 2015 ж. нақты Жоспар Ақпарат көзі
    2016 ж. нақты 2017 ж. 2018 ж. 2019 ж. 2020 ж.
    1 Жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының үлесі % 62,0 66,0 71,7 73,3 77,1 80,9 82,0 Ведомстволық есептер
    2 Жолаушылар автокөлігі қатынасымен қамтылмаған елді мекендер үлесі % 0,3 0,3 0,3 0 0 0 0 Ведомстволық есептер
    Қол жеткізуге жауапты: Жамбыл ауданы әкімдігінің тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі

     

     

    Қол жеткізу жолдары:

    – облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын күрделі және орташа жөндеу;

    – көпірлерді, көпір және жол өткелдерін салу, қайта жаңғырту;

    – аудандағы елді мекендер көшелерін күрделі және орташа жөндеу;

    – ауданаралық және ауданішілік жаңа маршруттарды ашу (елді мекендер арасында).

     

     3.2.16. Тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық

    3.2.16.1. Мақсат: Тұрғын үй – коммуналдық саланы дамыту және жаңғырту

    р/н

    Нысаналы индикаторлар Өлшем бірлігі 2014 ж. нақты 2015 ж. нақты Жоспар Ақпарат көзі
    2016 ж. нақты 2017 ж. 2018 ж. 2019 ж. 2020 ж.
    1 Ауылдық елді мекендердегі орталықтандырылған сумен жабдықтауға қолжетімділігі бар халықтың үлесі % 35,1 37,5 39,5 39,5 41,8 44,1 Ведомстволық есептер
    Қол жеткізуге жауапты: Жамбыл ауданы әкімдігінің тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі

     

    Қол жеткізу жолдары:

    – республикалық және жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын сумен қамтамасыз ету және су бұру нысандарын салу бойынша инвестициялық жобаларды іске асыруға жүйелі түрде мониторинг жүргізу.

     

     

    Бағыт: Экология және жер ресурстары  

    3.2.17. Экология және жер ресурстары

    3.2.17.1. Мақсат: Орман қорын дамыту және ауданның жер қорын пайдалануда тиімділікті арттыру

    р/н

    Нысаналы индикаторлар Өлшем бірлігі 2014 ж. нақты 2015 ж. нақты Жоспар Ақпарат көзі
    2016 ж. нақты 2017 ж. 2018 ж. 2019 ж. 2020 ж.
    1 Жергілікті атқарушы органдардың қарамағындағы мемлекеттік орман қорының аумағындағы орманды алқаптардың көлемі мың га 46,080 46,120 46,160 46,220 46,320 Ведомстволық есептер
    2 Жергілікті атқарушы органдардың қарамағындағы мемлекеттік орман қорының аумағында бір орман өртінің орташа көлемі мың га 0 0 0 0 0 0 0 Ведомстволық есептер
    3 Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жердің ауыл шаруашылығы айналымына тартылған үлесін ұлғайту % 1,6 0,9 0,9 0,9 0,9 0,9 0,9 Ведомстволық есептер
    4 Жыртылған жер құрамындағы ауыспалы егіс үлесі (ауыспалы егіс алқабы) % 20 21,3 30,0 24,5 24,7 25,1 25,3 Ведомстволық есептер
    5 Табиғи жайылымдық жерлердің құрамындағы жайылымдық ауыспалы егістің үлесі (азықтық ауыспалы егіс) % 9,5 9,5 9,5 9,5 9,5 9,5 9,5 Ведомстволық есептер
    6 Тұрмыстық қатты қалдықтардың түзілуіне байланысты оларды кәдеге жарату үлесі % 4,0 Ведомстволық ес