100%200%
Жамбыл ауданы әкімі аппаратының
ақпараттық порталы

    Жамбыл ауылдық округі әкімі аппараты

    Жамбыл ауылдық округі бойынша

    жергілікті қоғамдастық кеңесінің

    29.08.2019 ж. №5 хаттамасымен

    бекітілген

     

            Келісілді

    Жамбыл ауылдық округінің

    жергілікті қоғамдастық кеңесінің төрағасы

    Е.Асанкулов___________

            Бекітемін

    Жамбыл ауылдық округінің

    әкімі

    Б.Садырбаев __________

     

     

     

     

     

     

    ЖЕРГІЛІКТІ ҚОҒАМДАСТЫҚТЫ ДАМЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫ

    «Жамбыл ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ-сі

    (аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің атауы)

    «Жамбыл ауданы Жамбыл облысы»

    (аудан және облыс атауы)

    2019-2021 жылдарға

     

    Әзірлеуші: «Жамбыл ауылдық

    округі әкімінің аппараты» КММ-сі

    ЖАЛПЫ СИПАТТАМА

    Бағдарламаның атауы 2019 жылға арналған Жамбыл облысы, Жамбыл ауданы, Жамбыл ауылдық округін 2019-2021 жылдарға дамыту бағдарламасы.
    Аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің негізгі сипаттамалары –       ауылдық округтің құрылу кезеңі – 1999 жыл;

    –       халық саны – 7310;

    –       ауылдық округтің құрамына кіретін ауылдардың саны – 2, Шайқорық Бесжылдык Қапал ст.Шайқорық Танта;

    –       аумағы – 9780 га;

    –       жергілікті қоғамдастық жиналысының құрылған күні 08.01.2014 жыл

    –       жергілікті қоғамдастық жиналысы мүшелерінің саны-14:

     

    ІІ. АҒЫМДАҒЫ ЖАҒДАЙДЫ ТАЛДАУ

     

    2.1 Жамбыл ауылдық округін 2019 жылы дамыту

     

              2019-2021 жылдарға арналған жергілікті қоғамдастықты дамыту бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) ауыл халқы мен жақын маңдағы елді мекендердің тұрғындары үшін қолайлы жағдайларды қамтамасыз ету үшін көзделген.

    2019 жылғы 1 қаңтардағы халық саны 7310 адамды құрайды, отбасы саны 1293. Зейнеткерлер саны – 867, оқушылар саны – 1401, жұмыс істейтіндер саны – 3558, өз бетінше жұмыс істейтіндер саны – 1784.

    Округтегі 2 ауыл да орталық су жүйесімен қамтамасыз етілген. Жамбыл ауылында аудандық пошта бөлімшесі орналасқан. Округ телефон байланысымен және мобильдік те кабельдік де ғаламтор желісімен қамтамасыз етілген. Ауыл ішіндегі жолдардың ұзындығы 31,630 км, оның ішінде асфальтті төсемдісі 13,330 км, шағал төсемді 18,300 км. Округтегі 6 ауыл да электр жүйелерімен қамтылған, Жамбыл ауылдық округі табиғи газбен және кәріз жүйесі мен ағынды суды биологиялық тазарту жүйесімен қамтылған.

    Ауылдық округ аумағында 2 орта мектеп, 2 бастауыш мектебі, 2 мини центр, 1 мемлекеттік бала бақша, 1 Амбулатория, 3 медециналық пункт 1 мәдениет үйі, 1 спорт комплексі, 1 кітапхана, 1 мал дәрігерлік пункт, 4 мешіт, 2 стадион, 3 кіші футбол алаңы.

    Жұмыссыздықты азайту және мал шаруашылығын дамыту барысында «Жұмыспен қамту – 2020» бағдарламасы аясында 2019 жылы 11 адамға 26300,0 мың тенге көлемінде несие берілді.       Ауылдық округ бойынша 10-ЖШС, 215-ШҚ, 24- жеке кәсіпкер тіркелген. Ауылдық округте ауыл шаруашылығына арналған жердің көлемі 7488,53 га, оның ішінде егістік алқаптары – 3244,32 га, шабындық – 162 га, жайылымдық жерлер 3560,86 га. Егілген дақылдардың көлемі, арпа – 942га, мақсары – 134 га, бақша 108 га, мал азықтық дақылдар 2003 тонна, көкөніс – 502га, қант қызылшасы 13 га.

    Мал шаруашылығы – шаруа қожалықтары қызметінің негізгі түрі.

    2019 жылдың басындағы жағдай бойынша мал саны, мүйізді ірі қара – 3445 бас, жылқы – 923 бас, қой-ешкі – 15400 бас, үй құстары – 6090 бас.

    Ағымдағы жағдайды талдай келе 2019 жылы Жамбыл ауылдық округі аумағында жасалуы тиіс жұмыстар:

    • Қоңыртөбе ауылы Күлтөбе көшесін жарықтандыру;
    • Жамбыл ауылдық округіндегі көше жарықтандыру нысандарына қызмет көрсету;
    • Қураған және құлауы ықтимал тал дарақтарды, бұтақтарды қырқу;
    • Жабайы қоқыс орындарын тазалау;
    • Ауылдық округті абаттандыру мақсатында әк, бояу сатып алу;
    • Көше аншлагтарын әзірлеу, орнату;
    • Автокөлік жолдардың қауіпсіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету мақсатында қыс мезгілінде қардан тазарту, жаз мезгілінде жолдарды жуу жұмыстары;
    • Бұқаралық спортты дамыту мақсатында Қоңыртөбе ауылына кіші футбол алаңын орнату;
    • Бесжылдық ауылы Ж.Жайшыбек көшесінің автокөлік жолын орташа жөндеу;

    2020 жылы келесідей жұмыстар жүргізіледі деп болжануда:

    • Қоңыртөбе ауылына балалар ойын алаңын орнату;
    • Шайқорық ауылы Телеу, Ташметов, Д.Қонаев, Ынтымақ, Абай, Желтоқсан, Алатау көшесінің автокөлік жолын орташа жөндеу;
    • Қапал ауылы У.Қайназаров көшесінің автокөлік жолын орташа жөндеу;
    • Қоңыртөбе ауылы Күлтөбе көшесінің автокөлік жолын орташа жөндеу;
    • Шайқорық ст ауылы  Аққайнар көшесінің автокөлік жолын орташа жөндеу;
    • Бесжылдық ауылы М.Сыздықұлы, О.Керімбек көшесінің автокөлік жолын орташа жөндеу;
    • Қоғамдық қоқыс урналарын көбейту;
    • Шайқорық ауылындағы «Ақбота» бөбек жайының ағымды жөндеу;

    2021 жылы келесідей жұмыстар жасалуы тиіс:

    • Көшелерді жарықтандыру жұмыстары;
    • Жамбыл ауылдық округіне қарасты Қапал,Бесжылдық, Шайқорық, ст Шайқорық, Танта, Қоңыртөбе ауылдарын абаттандыру және көгалдандыру;

     

    2.2 Проблемалық мәселелер мен тәуекелдер

     

    • Жамбыл ауылдық округі бойынша өзіндік қосалқы шаруашылығын жүргізу (жеке тұрғын үй құрылысы) үшін кезекте тұрған азаматтарға жер телімін беру мәселелері;

    © 2015 Информационный портал аппарата акима Жамбылского района