100%200%
Жамбыл ауданы әкімі аппаратының
ақпараттық порталы

    Қызылқайнар ауылдық округі әкімі аппараты

    Қызылқайнар ауылдық округі бойынша қоғамдастық кеңесінің   «12» тамыз 2019 ж.

    № 6 хаттамасымен

    бекітілген

     

     

                  Келісілді                                                            Бекітемін

    Қызылқайнар ауылдық округінің                    Қызылқайнар ауылдық округі

    жергілікті қоғамдастық                                     әкімі К.Амирбеков

    кеңесінің төрағасы                                            ________________

    Б.Сқақов____________

     

     

     

     

    ЖЕРГІЛІКТІ ҚОҒАМДАСТЫҚТЫ ДАМЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫ

    «Жамбыл облысы Жамбыл ауданы Қызылқайнар ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

    (аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің атауы)

    Жамбыл ауданы, Жамбыл облысы

    (аудан және облыс атауы)

     2019-2021 жылдарға

     

     

    Әзірлеуші: «Қызылқайнар ауылдық

    округі әкімінің аппараты» КММ-сі

    ЖАЛПЫ СИПАТТАМА

    Бағдарламаның атауы 2019-2021 жылдарға арналған Жамбыл облысы Жамбыл ауданы Қызылқайнар ауылдық округін дамыту бағдарламасы
    Аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің негізгі сипаттамалары – ауылдық округтің құрылу кезеңі;

    Жамбыл облыстық атқару комитетінің ұсынысымен Қазақ ССР Жоғары Кеңесі Президиумының қаулысымен 1975 жылдың 17 тамызында Гродеково селолық Кеңесінің  құрамынан шығып «Жасөркен» және «Қызылқайнар» ауылдары негізінде Қызылқайнар ауылдық Кеңесі құрылды.

     

    – халық саны;

    5 168 адам.

     

    – ауылдық округтің құрамына кіретін ауылдардың саны мен атауы;

    2 ауыл, Қызылқайнар және Жасөркен ауылдары.

     

    – аумақ;

    20 644 га.

     

    – жергілікті қоғамдастық жиналысының құрылған күні және оларға өкілеттік берілген мерзім;

    09.07.2015 жыл, 4 жылға тағайындалды.

     

    – жергілікті қоғамдастық жиналысы мүшелерінің саны – 13 адам.

     

     

    1. АҒЫМДАҒЫ ЖАҒДАЙДЫ ТАЛДАУ

     

    2.1 Қызылқайнар ауылдық округін 2019 жылы дамыту

     

    2019 – 2021 жылдарға арналған жергілікті қоғамдастықты дамыту бағдарламасы (бұдан әрі – ДБ) ауыл тұрғындарының және маңайдағы елді мекендерінің тұрғындарына қолайлы жағдайларды қамтамасыз ету үшін жасалды.

    Қызылқайнар ауылы аудан орталығынан 45 шақырымда, облыс орталығы Тараз қаласымен және көршілес Қырғызстан Республикасымен шекаралас орналасқан. 2019 жылғы 1 қаңтардағы халық саны – 5 168 адамды құрайды, отбасы саны – 922. Зейнеткерлер саны – 453, оқушылар саны -1 160, жұмыс істейтіндер саны -1 216, өз бетінше жұмыс істейтіндер -1155.

    Округ аумағындағы 2 ауылға электр жүйелері және табиғи газ жүйесі жүргізілген. Округ телефон байланысымен қамтамасыз етілген. Қызылқайнар ауылы орталық ауыз су жүйесімен қамтамасыз етілген. Ауыл ішіндегі жолдардың ұзындығы -17,96 км, оның ішінде асфальттанғаны – 9,36 км.

     

    Ауылдық округ аумағында 2 орта мектеп (балалар шағын орталығымен), 2 шағын орталық, 1 бөбекжай, 1 жеке меншік бөбекжай балабақшасы, 1 емхана, 1 фельдшерлік-акушерлік пункт, 2 кітапхана, 1 пошта байланыс бөлімшесі бар.

    Жұмыссыздықты азайту және малшаруашылығын дамыту барысында «Жұмыспен қамту – 2020» бағдарламасы аясында 2018 жылы 15 адамға 52 800 мың теңге көлемінде несие берілді. 2019 жылы аудандық жұмыспен қамту бөліміне 90 отбасының атаулы әлеуметтік көмек алуға құжаттары беріліп, 7 200 мың теңге атаулы әлеуметтік көмек алушыларға төленді.

    Жалпы, ауылдық округі бойынша 1 ЖСШ, 51 ШҚ және 56 жеке  кәсіпкерлер тіркелген. Шаруа қожалықтарының негізгі қызметі ауыл шаруашылығымен айналысу. Ауылдық округте ауылшаруашылығына арналған жердің көлемі – 6 058 га. Оның ішінде егістік алқаптары – 1 985 га, жайылым жері – 17 605 га, шабындық – 144 га..

    2019 жылдың басында мал саны: ірі қара -2 357, жылқы -755, 12 500 бас қой-ешкі, 4134 бас құс тіркелген.

    Ағымдағы жағдайды талдай келе 2019 жылы Қызылқайнар ауылдық округі аумағында жасалуы тиіс жұмыстар:

    – Елді-мекендердегі автомобиль жолдарын күрделі жөндеуден өткізу (Жасөркен ауылындағы Т.Терлікбаев және Б.Абдуллаев көшелеріне күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу).

    – Қызылқайнар ауылдық округі әкімшілік ғимаратына ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу.

    – елді мекен көшелерін жарықтандыруға трансформатор сатып алу.;

    – елді-мекендердің санитариясын қамтамасыз ету және абаттандыру мен көгалдандыру (жолдарды  қардан тазарту, күл-қоқыс шығару, көшеттер мен жасыл желектер отырғызу, әктеу, сырлау округ аумағындағы елді-мекендерде басқа да тазалық жұмыстарын ұйымдастырып атқару).

    – Жасыл белдеу бағдарламасы аясында отырғызылған тал-дарақтарды баптау, суару;

    – Қызылқайнар ауылдық округін абаттандыру мен когалдандыру мақсатында Қызылқайнар және Жасөркен ауылдарының кіре берістеріне аркалар орнату;

    – адам өміріне қауіпті талдарды қырқу;

    – үйлерге, ғимараттарға жаңа үлгідегі аншлагтарды ілу;

    – Жасөркен ауылындағы Т.Терлікбаев көшесіне көше жарығын орнату;

    – Қызылқайнар ауылына шағын спорт алаңын орнату;

    – Қызылқайнар және Жасөркен ауылдарына ауыз су жүйелерін орнату;

    – «Ақжар» каналын механикалық тазалау жұмыстарын жүргізу;

    – «Талас» өзенінің арнасын тазалау.

     

     

    2020 жылы келесідей жұмыстар жасалады деп болжануда:

    – Жасөркен ауылындағы Қазақстанның 10 жылдығы көшесіне шағал төсеп, электр бағандарын ауыстыру;

    – Жасөркен ауылындағы шағын футбол алаңының қоршауын жөндеу;

    – адам өміріне қауіпті талдарды қырқу;

    – үйлерге, ғимараттарға жаңа үлгідегі аншлагтарды ілу;

    – елді-мекендердің санитариясын қамтамасыз ету және абаттандыру мен көгалдандыру (жолдарды  қардан тазарту, күл-қоқыс шығару, көшеттер мен жасыл желектер отырғызу, әктеу, сырлау округ аумағындағы елді-мекендерде басқа да тазалық жұмыстарын ұйымдастырып атқару).

    – Жасыл белдеу бағдарламасы аясында отырғызылған тал-дарақтарды баптау, суару;

     

     

    2021 жылы келесідей жұмыстар жасалады деп болжануда:

    – адам өміріне қауіпті талдарды қырқу;

    – үйлерге, ғимараттарға жаңа үлгідегі аншлагтарды ілу;

    – елді-мекендердің санитариясын қамтамасыз ету және абаттандыру мен көгалдандыру (жолдарды  қардан тазарту, күл-қоқыс шығару, көшеттер мен жасыл желектер отырғызу, әктеу, сырлау округ аумағындағы елді-мекендерде басқа да тазалық жұмыстарын ұйымдастырып атқару).

    – Жасыл белдеу бағдарламасы аясында отырғызылған тал-дарақтарды баптау, суару;

     

    2.2. Проблемалық мәселелер мен тәуекелдер

     

    Келесі мәселелерге қатысты болуы мүмкін проблемалар мен тәуекелдердің қысқаша сипаттамасы: Басты мәселе-бюджет тапшылығы.

    – дене шынықтыру-сауықтыру және спорттық іс-шараларды өткізу;

    – көшелерді жарықтандыру (Жасөркен ауылындағы Б.Абдуллаев, С.Тұралиев, Набережная, Талас және Қазақстанның 10 жылдығы, Қызылқайнар ауылындағы Мир, Ақжар, Тараз, Жаңа құрылыс, Қарасай, Тәуелсіздік, С.Есжанов, С.Орманов және Қызылқайнар көшелері);

    – абаттандыру және көгалдандыру – жекеменшік малдардың егілген жасыл желектерді құртуы;

    – елді мекендердің санитариясын қамтамасыз ету – халықтың экологиялық сауаттылығының жоқтығы, тұрғындардың мал қиы мен қоқыстарды рұқсат етілмеген жерлерге тастауы, арықтардың қоқыспен бітелуі;

    – Қызылқайнар ауылын ағын сумен толық қамтамасыз етуді ұйымдастыру.

     

    ІІІ. Қызылқайнар ауылдық округі бойынша жергілікті қоғамдастықты дамыту бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары

    Іс-шараның атауы Аяқтау нысаны Қаржыландыру көлемі (мың теңге) Қаржыландыру көзі Іске асыру мерзімдері
    1 2 3 4 5 6
    І. Білім беру
    1.1 Мектепке дейінгі тәрбие беру, оқыту және тәрбиелеу Аудан әкімдігіне ақпарат 59 182,0 Аудандық және жергілікті бюджет 2019 жылдың аяғы
    ІІ. Әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамсыздандыру
    2.1        
    ІІІ. Денсаулық сақтау
    3.1        
    ІV. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық
    4.1.1 Елді-мекендерді жарықтандыру Аудан әкімдігіне ақпарат 18 869,0 Аудандық және жергілікті бюджет 2019 жылдың аяғы
    4.2.1 Елді-мекендердің санитариясын қамтамасыз ету Аудан әкімдігіне ақпарат 120,0 Аудандық және жергілікті бюджет 2019 жылдың аяғы
    4.3.1 Елді-мекендерді абаттандыру мен көгалдандыру Аудан әкімдігіне ақпарат 2 650,0 Аудандық және жергілікті бюджет 2019 жылдың аяғы
    V. Мәдениет, спорт, туризм
    5.1        
    VІ. Көлік және коммуникация
    6.1        
    VІІ. Басқалар
    7.1        

     

    Ескертпе: Жоғарыда көрсетілген іс-шараларды іске асыруға «Жамбыл облысы Жамбыл ауданы Қызылқайнар ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі жауапты болып табылады.

     

     

     

     

    © 2015 Информационный портал аппарата акима Жамбылского района