100%200%
Жамбыл ауданы әкімі аппаратының
ақпараттық порталы

    Қарасу ауылдық округі әкімінің аппараты

    Қарасу ауылдық округі бойынша

    жергілікті қоғамдастық кеңесініҢ

    12.03.2019 ж. №2 хатамасымен

    бекітілген

     

                             КЕЛІСІЛДІ                                                                                   БЕКІМЕТІН

    Қарасу ауылдық округінің                                                           Қарасу ауылдық округінің

    жергілікті қоғамдастық                                                               әкімі_________С.Селеубаев

    кеңесінің төрағасы

    _________ Л.Узенбаев

     

     

     

     

    ЖЕРГІЛІКТІ ҚОҒАМДАСТЫҚТЫ ДАМЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫ

    «Қарасу ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ

    (аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтың атауы)

    Жамбыл ауданы, Жамбыл облысы

    (аудан және облыс атауы)

    2019-2021 жылдарға

    Әзірлеуші: «Қарасу ауылдық

    округі әкімі аппараты» КММ

     

    ЖАЛПЫ СИПАТТАМА

    Бағдарламаның атауы 2019 жылға арналған Жамбыл облысы, Жамбыл ауданы, Қарасу ауылдық округін 2019-2021 жылдарға дамыту бағдарламасы
    Аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің негізгі сипаттамалары – ауылдық округтің құрылу кезеңі – 2002 жыл;

    – халық саны 2119;

    – ауылдық округтің құрамына кіретін ауылдардың саны – 2: Ащыбұлақ, Шайдана және Көделі мал жайылымы

    – аумағы – 31116 га

    – жергілікті қоғамдастық жиналысының құрылған күні 01.02.2019 жылғы 4 жылға тағайындалды.

    – жергілікті қоғамдастық жиналысы мүшелерінің саны – 33;

    ІІ. Ағымдағы жағдайды талдау

    2.1 Қарасу ауылдық округін 2019 жылы дамыту

    2019-2021 жылдарға арналған жергілікті қоғамдастықты дамыту бағдарламасы (бұдан әрі-Бағдарлама) ауыл халқы жақын маңдағы елдімекендердің тұрғындары үшін қолайлы жағдайларды қамтамасыз ету үшін көзделген.

    2019 жылғы 1 қаңтардағы хылық саны – 2119 адамды құрайды, отбасы саны – 488.Зейнекерлер саны – 162, оқушылар саны – 478, жұмыс істейтіндер саны – 1239, өз бетінше жұмыс істейтіндер саны – 205.

    Ащыбұлақ, Шайдана елдімекендері орталық ауыз су жүйесімен қамтамасыз етілген. Ащыбұлақ ауылында ауылдық пошта торабы орналасқан. Ауылдық округ телефон байланысымен қамтамасыз етілген. Ауыл ішіндегі жолдардың ұзындығы – 10 км. 445 метр, оның ішінде асфальтталғаны – 9 км.  200 м. Округ аумағындағы 2 елдімекенге электр желілері таратылған.

    Ауылдық округ аумағында 1 орта мектеп, 1 бастауыш мектеп,                            1 бөбекжай, 1 шағын орталық, 1 дәрігерлік амбулатория, 1 медициналық пункт, 2 ауылдық клуб, 2 ауылдық кітапхана, және 1 ауылдық пошта торабы орналасқан.

    2018 жылы жұмыссыздықты азайту және малшаруашылығын дамыту барысында «Жұмыспен қамту – 2020» бағдарламасы аясында 2018 жылы          13 азаматқа 63 млн. 300 мың теңге көлемінде несие берілсе, 2019 жылдың                 6-айында осы бағытта 2 азаматқа мемлекет тарапынан 6 млн. 800 мың теңге көлемінде несие берілді.

    2019 жылы аудан әкімдігінің жұмыспен қамту орталығына 74 отбасы атаулы әлеуметтік көмек алуға құжаттарын өткізіп, 74 млн. 920 мың 775 теңге атаулы әлеуметтік көмек алушыларға тағайындалды.

    Ауылдық округ бойынша 1 өндірістік кооператив, 67 шаруа қожалық және 53 жеке кәсіпкерлер тіркелген.Ауылдық округте ауылшаруашылығына арналған жер көлемі 31116 га.Оның ішінде егістік алқаптары 2135 га, жайылымдық жері 25260 га, шабындық 1706, елді мекен жері 2015.

    Мал шаруашылығы шаруа қожалықтары қызметінің негізгі түрі.

    2019 жылдың басында мал саны: МІҚ – 2232, жылқы – 1931, қой – 15857, ешкі – 1394 және құс – 1132 бар.

    Ағымдағы жағдайды талдай келе, 2019 жылы Қарасу ауылдық округі аумағында жасалуы тиіс жұмыстар.

    • Ащыбұлақ ауылынан ауылдық округ әкімі аппаратының ғимаратын салу.
    • Ащыбұлақ, Шайдана ауылдарындағы футбол алаңдарына жасанды төсеніш төсеу;
    • Ащыбұлақ, Шайдана ауылдарына «street workout» орнату.
    • Күнделікті Ащыбұлақ және Шайдана елдімекендеріндегі көшелерді тазалап, арнайы орындарға шығару;
    • Көше жарығын ағымды жөндеуден өткізу;
    • Сметалық жобалау құжаттарын дайындау.
    • Адам өміріне қауіпті талдарды кесу;.
    • Талдарды суғару;

    Ағымдағы жағдайды талдай келе, 2020 жылы Қарасу ауылдық округі аумағында жасалуы тиіс жұмыстар.

    • Ащыбұлақ және Шайдана елдімекендеріне табиғи газ құбырын тарту;
    • Ащыбұлақ ауылындағы Қапал көшесіне асфальт жол салу;
    • Шайдана ауылындағы Ә.Нұрбаев және Ә.Жылқыбайұлы көшелеріне орта жөндеу жұмыстарын жүргізу;
    • Ащыбұлақ ауылынан саябақ салу;
    • Адам өміріне қауіпті талдарды кесу;.
    • Талдарды суғару;
    • Күнделікті Ащыбұлақ және Шайдана елдімекендеріндегі көшелерді тазалап, арнайы орындарға шығару;
    • Көше жарығын ағымды жөндеуден өткізу;
    • Сметалық жобалау құжаттарын дайындау.
    • Елдімекендердегі көшелерге қоқыс тастайтын арнайы жәшік орналастыру.

     

    Ағымдағы жағдайды талдай келе, 2021 жылы Қарасу ауылдық округі аумағында жасалуы тиіс жұмыстар.

    • Ащыбұлақ және Шайдана елдімекендеріне табиғи газ құбырын тарту;
    • Ащыбұлақ ауылындағы Қапал көшесіне асфальт жол салу;
    • Ащыбұлақ ауылындағы И.Елубаев көшесіне орта жөндеу жұмыстарын жүргізу;
    • Шайдана ауылындағы С.Көпбергенов көшесіне орта жөндеу жұмыстарын жүргізу;
    • Ащыбұлақ ауылынан саябақ салу;
    • Адам өміріне қауіпті талдарды кесу;.
    • Талдарды суғару;
    • Күнделікті Ащыбұлақ және Шайдана елдімекендеріндегі көшелерді тазалап, арнайы орындарға шығару;
    • Көше жарығын ағымды жөндеуден өткізу;
    • Сметалық жобалау құжаттарын дайындау.
    • Елдімекендердегі көшелерге қоқыс тастайтын арнайы жәшік орналастыру.

     

    2.2. Проблемалық мәселелер мен тәуекелдер

     

    Келесі мәселелерге қатысты болуы мүмкін проблемалар мен тәуекелдердің қысқаша сипаттамасы: Басты мәселе бюджет тапшылығы.

    – көшелерді жарықтандыру – сапасыз электр шамдар, жиі-жиі шамдарды ауыстыруға тура келеді;

    – абаттандыру және көгалдандыру жекеменшік малдардың жасыл желектерді құртуы;

    – елдімекендердің санитарлық тазалығын қамтамасыз ету, халықтың экологиялық сауаттылығының жоқтығы, тұрғындар жиі рұқсат етілмеген жерлерге қоқыстар тастауы, дренаж каналдарын қоқыспен бітелуі;

    – ауылдық округ тұрғындарының бау-бақша, егістеріне ағын су жеткізу жолдарын қарастыру;

    – ауылдық округ тұрғындарының жеке малдарын жаятын жайылымдық жердің тарылуы

    ІІІ. ҚАРАСУ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ БОЙЫНША ЖЕРГІЛІКТІ ҚОҒАМДАСТЫҚТЫ ДАМЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫН ІСКЕ АСЫРУ ЖӨНІНДЕГІ ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫ.

     

    Іс-шараның атауы Аяқтау нысаны Қаржыландыру көлемі (мың.тг) Қаржылан

    дыру көзі

    Іске асыру мерзімдері
    1 2 3 4 5 6
    І. БІЛІМ БЕРУ

     

    1.1 Мектепке дейінгі тәрбие беру, оқыту және тәрбиелеу Аудан әкімдігіне ақпарат 38934,0 МБ 2019 жылдың соңына дейін
    1.2 Мектепке дейінгі тәрбие беру, оқыту және тәрбиелеу Аудан әкімдігіне ақпарат 38934,0 МБ 2020 жылдың соңына дейін
    1.3 Мектепке дейінгі тәрбие беру, оқыту және тәрбиелеу Аудан әкімдігіне ақпарат 38934,0 МБ 2021 жылдың соңына дейін
    2.1 Оқушыларды тегін тасмалдауды ұйымдастыру Аудан әкімдігіне ақпарат 2347,0 МБ 2019 жылдың соңына дейін
    2.2 Оқушыларды тегін тасмалдауды ұйымдастыру Аудан әкімдігіне ақпарат 2347,0 МБ 2020 жылдың соңына дейін
    2.3 Оқушыларды тегін тасмалдауды ұйымдастыру Аудан әкімдігіне ақпарат 2347,0 МБ 2021 жылдың соңына дейін
    ІІ. ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ҚАМСЫЗДАНДЫРУ
    3.1
    ІІІ. ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ
    4.1
    ІҮ. ТҰРҒЫН-ҮЙ КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҚ
    5.1.1 Елдімекендердегі көшелерді жарықтандыру Аудан әкімдігіне ақпарат 930,0 МБ 2019 жылдың соңына дейін
    5.1.2 Елдімекендердегі көшелерді жарықтандыру Аудан әкімдігіне ақпарат 930,0 МБ 2020 жылдың соңына дейін
    5.1.3 Елдімекендердегі көшелерді жарықтандыру Аудан әкімдігіне ақпарат 930,0 МБ 2021 жылдың соңына дейін
    5.2.1 Елдімекеннің санитариясын қамтамасыз ету Аудан әкімдігіне ақпарат 200,0 МБ 2019 жылдың соңына дейін
    5.2.2 Елдімекеннің санитариясын қамтамасыз ету Аудан әкімдігіне ақпарат 200,0 МБ 2020 жылдың соңына дейін
    5.2.3 Елдімекеннің санитариясын қамтамасыз ету Аудан әкімдігіне ақпарат 200,0 МБ 2021 жылдың соңына дейін
    5.3 Елдімекенді абаттандыру мен көгалдандыру Аудан әкімдігіне ақпарат 3369,0 МБ 2019 жылдың соңына дейін
    5.3.2 Елдімекенді абаттандыру мен көгалдандыру Аудан әкімдігіне ақпарат 3469,0 МБ 2020 жылдың соңына дейін
    5.3.3 Елдімекенді абаттандыру мен көгалдандыру Аудан әкімдігіне ақпарат 3500,0 МБ 2021 жылдың соңына дейін
    Ү. МӘДЕНИЕТ, СПОРТ, ТУРИЗМ
    6.1
    ҮІ. КӨЛІК ЖӘНЕ КОММУНИКАЦИЯ
    7.1
    ҮІІ. БАСҚАЛАР
    8.1 Өңірлерді дамыту-2020 бағдарламасының аясында Аудан әкімдігіне ақпарат 3130,0 МБ 2019 жылдың соңына дейін
    8.2 Өңірлерді дамыту-2020 бағдарламасының аясында Аудан әкімдігіне ақпарат 3000,0 МБ 2020 жылдың соңына дейін
    8.3 Өңірлерді дамыту-2020 бағдарламасының аясында Аудан әкімдігіне ақпарат 3000,0 МБ 2021 жылдың соңына дейін

     

    ЕСКЕРТПЕ; Жоғарыда көрсетілген іс-шарарды іске асыруға Жамбыл ауданы                       «Қарасу ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ-сі жауапты болып табылады.

    © 2015 Информационный портал аппарата акима Жамбылского района